Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

Академик О.А Жаутыков атындағы қазақ орта мектебінің

биология пәні мұғалімі Бакирова Гулмайра

Пәні биология 7а сынып өткізілген мерзімі 31.01.2013

Тақырыбы:

Ішекқуыстылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.



Мақсаты:

Білімділік : Ішекқуысты жәндіктердің құрлысы,

сан алуандығы, тіршілік жағдайы, ішекқуыстылардың

табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі туралы түсінік беру.

Дамытушылық::

Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамыта жетілдіру,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру



Тәрбиелік: Тұлғалық ізгілік қасиеттерге баулу,ұқыптылыққа,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО,түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:видео,интерактивті тақта,демонстрациялы материалдар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру

ІV.Жаңа сабақты бекіту

V.Оқушылар білімін бағалау

VІ.Үйге тапсырма беру
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: « Пирамида ойыны»



І.тапсырма: Бұл не?
1. Құрылысы, қызметі ұқсас жасушалар тобы.

2. Жойылған дене бөлігінің қалпына келуі.

3. Шаян мен бунақты денелердің сыртқы қаңқасы.

4. Өсімдікке, жануарларға ұқсас біржасушалы ағза.

5. Тірі ағзаларды жүйелеудегі негізгі өлшем бірлік.

ІІ.тапсырма: “Иә”, “Жоқ” ойыны

1. Ұлу – көпжасушалы жәндік.

2. Біржасушалардың денелері ұлпаларға бөлінген.

3. Кірпікшелі кебісше - көпжасушалы жәндік.

4. К.Линней “Табиғат жүйесі еңбегін” 1735 жылы жазды.

5. Губкалар жоғары сатыдағы көпжасушалылыр.




ІІІ.тапсырма: Артығын алып таста
1. Көпжасушалылардың тыныс алу мүшелері:

өкпе, жиырылғыш вакуоль, тері, желбезек, демтүтік.


ІV.тапсырма: Ретпен орналастыр

1.Мүше – ұлпа- жасуша-ағза- мүшелер жүйесі

2. Класс –тұқымдас-дүние тармағы – отряд-түр-туыс.
Қорытынды тапсырма:Венн-диаграммасына біржасушалылар мен көпжасушалы ағзаларды салыстырыңдар.



Жаңа сабақты түсіндіру:

Жоспар:

І.Ішек қуыстылардың жалпы ерекшеліктері



  • Гидратәріздестер класы

  • Табақташтәріздестер класы

  • Көпкармалауышты маржандар класы

ІІ.Ішек қуыстылардың маңызы:

Ішекқуыстылар типі.Типтің ішекқуыстылар деп аталу себебі:олар екі қабаттан тұрады;денесінде бір ғана қуыс болады.Ішек тәрізді қуысты екі қабат қаптайды.оның сыртқысы-эктодерма,ішкісі-энтодерма.Біраз бөлігі болмаса,ішекқуыстылардың көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді.Жалпы саны 9000 негізінен үш класка жіктеледі:гидроидтар,сцифоиддар,полиптер.

Ішекқуыстылар бір затқа бекініп немесе суда еркін жүзіп тіршілік етеді.Суда еркін жүзетін түрлерінде көру және тепе-теңдік мүшелері болады,ал отырықшы түрлерінің денесі сәулесі симметриялы.Дене қуысы қапшық тәрізді тұйық болғандықтан,артқы тесігі болмайды.Қорытылмаған қорек қалдығы ауызы арқылы шығарылады.Қорегін екі тәсілмен:жасуша ішінде және жасушадан тысқары дене қуысында қорытады.Сыртқы эктодермада атпа жасушалары қорғаныш қорегін аулау қызметін атқарады.Ең алғаш ішекқуыстыларда жүйке торы қалыптасқан.Ішекқуыстылардың көбісінде регенерация құбылысы дамыған.Ішекқуыстылар жыныссыз(бүршіктену)және жынысты жолмен көбейеді.Көбісі дара жынысты кейбіреуі ғана қос жынысты болып келеді.

Гидратәріздестер класы.Өкілі:гидра мен обелия.Тіршілік айналымы күрделі обелия шоғырлы отырықшы,жыныссыз жолмен көбейеді,ал жынысты жолмен көбеюі шағын денелі дара медуза арқылы жүзеге асады.Обелия өте көп бүршіктену арқылы шоғыр түзеді.Жынысты жолмен көбею кезінде аузымен қармалаушы жоқ бүршік түзіледі.Сол бүршіктен шағын денелі дарақ-медуза дамиды.Ол аналық ағзадан бөлініп еркін жүзеді де,ұрықтанған жұмыртқасын суға таратады.Жұмыртқадан дернәсіл планула түзіледі.Денесін кірпікше қаптаған планула суда бәраз жүзіп,су түбіне шөгіп,отырықшы обилияға айналады.

Табақшатәріздестер класы.Өкілдері:айқышты медуза,құлақты медуза(аурилия),цианеа.Мендузалардың денесінде табаны болмайды еркін жүзеді.

Көпқармалауышты маржанда класы.Өкілдері:қызыл маржан,теңіз қауырсыны,актиния.Актинияларды теңіз гүлі деп атайды,жеке өмір сүреді.Ұсақ жәндіктермен балық шабақтарымен,медузалармен қоректенеді.Сондықтан бұлар жыртқыш жәндіктер.Көпқармалауышты маржандардың әктен түзілген қаңқаларынан тропиктік теңіздерде үйінді пайда болады.Қаңқалар үйіндісінен жартас-риф және шеңберлі жартас-атолл түзіледі.Рифтерде түзілген қалың әкті қаңқа кемелердің жүзуіне кедергі келтіреді.Теңіздегі терең суларда ішекқуыстылардың жарық шығаратын түрлері де тіршілік етеді.Қызыл маржандардан әшекейлі моншақ,құрылыс материаларын алады.
Жаңа сабақты бекіту:

Берілген сандарға гидраның бөліктерін бегіле





Ішекқуыстылар типін құрайтын кластарды жазып,сызбаны толтыр.



Қандай жасушалар эктодерманы,ал қайсылары энтодерманы құрайтынын анықта.


Энтодерма

Эктодерма

































1)Атпа жасушалар;2)жүйке жасушалары;


3)аралық жасушалар; 4)бездіжасушалар;5)асқорыту жасушалары ;6)жыныстық жасушалар;
7) тері-бұлшықет жасушалары.

Үйге тапсырма:

Жеке тапсырма:



“Ішекқуыстылардың табиғаттағы ,адам өміріндегі маңызы” тақырыбына реферат жазу.

§ 41 оқу

Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамыта жетілдіру,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру

42.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының жаңа көшесiне Зәйкен Iңкәрбаевтың есiмiн беру туралы

Бiрлескен Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 62/01 қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 292 шешiмi. Қарағанды облысы Қа

38.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесiн бекiту туралы

Хliх сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы n 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда n 8-1-55 тiркелдi

452.56kb.

15 10 2014
3 стр.


Хабарландырудың мәтіні 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «Жезқазғансирекмет»
26.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы Әкімшілігі.Қарағанды қаласы білім бөлімі мм

Бүгінгі, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз сендермен бірнеше артикуляциялық жаттығуларды жасап алайық.Қане, кім қандай жаттығу біледі?

168.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

Сабақтың көрнекіліг: плакаттар, суреттер, интербелсенді тақта,тест, өлшеуіш,ізбесті су, стакан т б

33.29kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыр

71.38kb.

15 10 2014
1 стр.


Үшбұрыштардың түрлері 7 сынып Б. Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты) Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты

67.85kb.

25 12 2014
1 стр.