Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қарағанды облысы

Сәтбаев қаласы

15 жалпы білім беретін орта мектептің



биология және химия пәндерінің мұғалімі

Козыбакова Салтанат Жарылкасыновна

Биология 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі, байланысы. Буындар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыру. Зертханалық жұмыс жасау барысында сүйек құрамында ағзалық және бейағзалық заттардың болатыннына көз жеткізу.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, жауапкершілікке, адамгершілікке, салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сүйектің құрылысы (бүктеме), адам қаңқасы (плакат), сұрақтар, тест, сәйкестендіру тесті, бас сүйек, қол сүйектері, жамбас белдеуі сүйектері (муляж).

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылардың сабаққа қатысуы;

  2. Оқушыларды топқа бөлу;(суреттер арқылы )

3.топ басшыларын сайлау, топтың аты мен мақсатын қояды,

4. шаттық шеңберін құру,күйге келтіру жаттығуы



Үй тапсырмасын пысықтау(тест)

  1. Бас сүйек қаңқасына жатады: (ми сауыты, бет бөлімдері)

  2. Ми сауыты бөлімі қандай сүйектермен байланысқан? (маңдай, төбе, самай, шүйде)

  3. Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімі қалай аталады? (еңбек)

  4. Бала неше жасқа келгенде сүйегі қатая бастайды(2жас)

  5. Бет бөліміне қандай сүйектер жатады ( үстіңгі ж/е астыңғы жақ сүйектер, бет мүрын, таңдай)

  6. Астыңғы жақсүйек самай сүйегімен қандай буын арқылы байланысады (шықшыт буыны)

  7. Қол қаңқасы қандай сүйектерден тұрады? (иық белдеуі,қол сүйектері)

  8. Иық белдеуіне жататын сүйектер. (2 бұғана, 2 жауырын)

  9. Қол сүйектеріне жататындар: (тоқпан жілік, кәрі жілік пен шынтақ, қолбасы сүйектері)

  10. Қол басы сүйектерін ата. (білезік, алақан, саусақ сүйектері)

  11. Білезікте қанша сүйек бар? (8)

  12. Алақан мен саусқта қанша сүйек бар? (5-14)

  13. Аяқ сүйектері: (ортан жілік, асықты жілік, шыбық сүйек, толарсақ, табан, башпай сүйектері)

  14. Жалпақ сүйектер: (жауырын, бас сүйектері, қабырға, төс, жамбас сүйектері

  15. Аяқ бұлшықеттерінің әлсіз даму әрекетінен, табан сүйектерінің жерге толық тиіп тұруы қалай аталады? (жалпақ табандылық).

Оқушыларға тесттің жауаптары (интербелсенді тақтада) беріледі. Оқушылар өз көршілерімен дәптерлерін алмастырып, тест жауаптарын салыстырып баға қояды. әр топ басшысы бағалау критерилері бар параққа әр оқушының бағасын қояды

Бүгінгі сабақты ұлы ойшыл Конфуцидің сөзімен бастағым келіп тұр



III. Мағынаны танып білу:

Біз өткен сабақта сүйектердің түрлерімен таныссақ бүгінгі сабақта сүйектің құрылысы, құрамы, өсуі байланысы. Буындар

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру

Оқушылардың мақсаты айтылады

Мәтінмен жұмыс

1 топ - Сүйектің құрылысы мен құрамы

2 топ - Сүйектің байланысы:

3 топ - Буындар



  1. Сүйектің құрылысы.

  2. Сүйек тығыз және борпылдақ дәнекер ұлпалардан түзіледі. Сыртында болатын сүйек қабы арқылы сүйек жуандап өседі, екі шетіндегі шеміршекті қабатындағы жасушаның бөлінуінен сүйек ұзарып өседі.

Сүйектің құрамында 50% су, 12,5% оссейн, 21,8% минералды заттар, 15,7% май болады, Не себептен циркке, баллетке, спортқа жастайынан баулитынын түсіндіру.

Сүйектің байланысы:

  1. Қозғалмайтын байланысқа - ми сауыты, сегізкөз сүйектері жатады.

  2. Жартылай қозғалмалы - шеміршектер арқылы омыртқалар жатады.

3. Қозғалмалы немесе буындық байланыстарға - аяқ-қол сүйектерінің байланысы жатады.

Буын - деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Буын қапшығындағы сұйықтықтың қызметімен оқушыларды таныстыру.

IV. Сабақтағы жаңа материалдарды оқушылардың қалай меңгергенін тексеруін арналған тапсырмалар.

1) Сүйектің құрылысы

Тығыз ұлпа Борпылдақ ұлпа

Сүйек қабы Шеміршекті қабаты

Жуандап өсуі Ұзарып өсуі



2) Сүйектің құрамы

Су оссейн минералды заттар май

серпімді иілгіштік морт сынғыштық
3) Сүйектердің байланысы

қозғалмалы жартылай қозғалмалы қозғалмайтын


аяқ-қол сүйектері омыртқалар ми сауыты, сегізкөз
4) Сандар нені білдіреді?

20-25, 50%, 12,5%, 21,8%, 15,7%, 230.

Тақырып талданып болған соң әр топтағы оқушы өздері оқыған мәтін бойынша басқа топ оқушыларына сұрақтар қояды.

Есте сақтау қабілеттеріңізді тексерейік

Суреттер бойынша жұмыс. Интер белсенді тақтада сүйектің құрылысы, байланысы, буындарға байланысты суреттер беріледі. Сіздер сол суреттерде қандай бөлімдер бар екендігін жазасыздар

1 топ- сүйек байланысы

2 топ –буындар

3 топ сүйектің құрылысы




Зертханалық жұмыс жасау

1. әр топқа тауық жіліктері беріледі және сол жіліктерді иу созу ұсынылады не байқадыңыздар, неге созылмайды?

2. 1-2 күн бұрын тұз қышқылының 10проценттік ерітіндісіне салынған тауық жіліктерін иіп созып, байлайды. Кандай өзгешелік бар, не себепті сүйек иілімді болды? Есептету 5 гр шығады 100пр-50г/10пр-х

Не істелді?

Не байқалды?

Қорытынды









Сүйекті күйдіргенде бейорганикалық заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай сындыруға немесе үгуге болады. Сүйекті түз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек органикалық заттары қалады. Ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. Демек, сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы бейорганикалық затына байланысты.



V. Ой толғау.

  1. «Сөз сүйектен өтеді», «бес саусақ бірдей емес», «сүйек жаңғырту» деген сөздердің мағынасын қалай түсіндіресіңдер?

  2. Тақырыпқа байланысты қазақ халқының қандай мақал-мәтелдерін білесіңдер?

VI. Білгенің артық болмас!

Сүйектің мықтылығына жілік басындағы сүйек талшықтарының айқаса орналасуы беріктік қасиет береді. Бұл қасиет көпір, мұнара салуда қолданылады екен.



VII. Қорытынды.

Білемін

Білдім

Білгім келеді











Рефлексия сабақты толық түсінген- жасыл

Толық түсінбеген- сары

Мүлдем түсінбеген-қызыл

Бағалау 1.топ басшылары бағалау критерилері бойынша әр оқушыны

бағалайды.

2 әр топ бірін- бірі бағалайды

Бағалау критерилері.


Өткен тақырыпты түсінуі.

Жаңа тақырыпты аша білуі.

Сабақты практикамен ұштастыра білуі.

Белсенділігі


Тапсырманы орындай білуі

Топта жұмыс жасауы.



















Ұпай сандары 27-30 -5 сабақта белсенді топты мадақтау

23-26 -4

20-23 -3


Үйге тапсырма жұмыс дәптерлеріңнен №139, 141

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

Сабақтың көрнекіліг: плакаттар, суреттер, интербелсенді тақта,тест, өлшеуіш,ізбесті су, стакан т б

33.29kb.

15 10 2014
1 стр.


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімеи таныстыр

71.38kb.

15 10 2014
1 стр.


Үшбұрыштардың түрлері 7 сынып Б. Ж.Қалмекеева математика пәнінің мұғалімі (жоғары санатты) Қарағанды облысы,Сәтбаев қаласы

«Үшбұрыштардың түрлері» тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің терең де,тиянақты

67.85kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының жаңа көшесiне Зәйкен Iңкәрбаевтың есiмiн беру туралы

Бiрлескен Қарағанды қаласы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 62/01 қаулысы және Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 09 желтоқсандағы n 292 шешiмi. Қарағанды облысы Қа

38.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласының аумағында құрылыс салу Ережесiн бекiту туралы

Хliх сессиясының 2007 жылғы 16 мамырдағы n 14 шешiмi. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әдiлет басқармасында 2007 жылғы 27 маусымда n 8-1-55 тiркелдi

452.56kb.

15 10 2014
3 стр.


Хабарландырудың мәтіні 100600, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, «Жезқазғансирекмет»
26.84kb.

25 12 2014
1 стр.


Қарағанды қаласы Әкімшілігі.Қарағанды қаласы білім бөлімі мм

Бүгінгі, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын біз сендермен бірнеше артикуляциялық жаттығуларды жасап алайық.Қане, кім қандай жаттығу біледі?

168.22kb.

17 12 2014
1 стр.


Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы

Оқушылардың алған білімдерін жадында сақтау қабілетін дамыта жетілдіру,өз беттерінше ізденуін қалыптастыру

42.22kb.

17 12 2014
1 стр.