Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3 ... страница 5страница 6

1. 2. Ресей және ТМД елдеріндегі терроризм

Этника арасындағы қарулы конфликттер және ресми өкімет пен террористер арасындағы конфликттер бүрынғы КСРО аймақтарында жағдайды ушықтыруға тиімді тәсіл болып табылады. Ресейде қаламайтындар бұл мүмкіндікті ресей ішіндегі оқиғаларды ушықтыруға шебер пайдаланды, бүрыңғы Кеңес өкіметінің кеңістігінде саяси процестерге ықпал етті. Осы негізде терроризмді Батыс саясатының өз тәртібін орнатуға үмтылған құралы деп қарауға болады. Осы себептен Европа Шешеңстанда антитеррористік операциялардың сәтті дамуына қобалжиды, өйткені Батыс үшін террористік шешен режимі Кавказ аймағында тұрақсыздықты үстап түратын фактор болып табылады.

ОБСЕ Стамбул саммитінің алдында және 1999 жылы 18-19 қарашада өткен осы кездесу кезінде шешен мәселесі бойынша Ресейге көрсеткен қысым АҚШ пен оның батыстық одақтастарының геосаяси, геоэкономикалық мақсаттарын айқындайды. АҚШ президенті Б. Клинтонның Стамбулда Ресейді қолдап сөйлеген сөзі жақсы дайындалған спектакльдің бір көрінісі болып табылады. Шешен республикасының территориясында болып жатқан оқиғаларға американың және батыстың қаншалықты араласқанын анықтау өте қиын. Осы жерде Збигнев Бжезинскийдің геосаяси мақсатында Ресейдің жеңіске жетуіне жол бермеу керек, олай болған жагдайда Москва қайтадан Батыстың қуатты бәсекелесіне айналады деген сөзінде үлкен мән жатыр (19). Әртүрлі зоналарда диверсиялық-террористік ұйымдардың болуы мен әрекеті белең алып түр.Мысалы, Грузияда "Орман ағайындылары" мен "Ақ бүркіт" атты террористік ұйымдардың әрекеті грузин — абхаз қақтығысын саяси реттеуге ешқандай жол бермеуге бағытталған. Ислам экстремистерінің "Хамас", "Хесболлах" сияқты ұйымдары Палестина проблемасын бейбіт шешуді жалғастыруға және палестиндіктер мен израильдіктер арасындағы келіссөздерге қарсы шығады. Осындай процесстер Тәжікстанда және басқа елдерде де байқалады (20).

Ресейде терроризм проблемасы өте шиеленісіп кетті. XX ғасырдың соңында Ресей үрынған саяси, әлеуметтік, экономикалык проблемалармен қатар терроризм ең қауіпті факторларға айналды. Бүл қүбылыс Ресей үшін осы ғасырда ғана пайда болған емес. Ресей терроризмінің түп тамырлары ғасырлардың қойнауына кетеді. XIX ғасырдың соңында орыс интеллигенциясы өздерінің бостандығы мен демократиясын терроризм формасы ғана қорғай алады деп есептеді. Терроризмге самодержавияға қарсы күресе алатын құрал, сол ғана тарихты жылжыта алады деп қаралды. Орыс революционерлерінің тарихында үш жүзден астам террорлық актілер жасалған. Күрес ұйымдарының мүшелері полиция бөлімшелерінде жарылыс ұйымдастырды, жандарм тыңшыларын өлтірді, революция мүддесі үшін мүліктерді алды, царизмнің ең жексұрын өкілдерін қүртты.

Бүгіндері терроризм Ресей қоғамының күнделікті өміріне енді, елдің ұлттық қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірді. Адамдарды ұрлау, аманаттарды ұстау, самолеттерді айдап кету (1991-1992 жылдары 70 рет самолетті айдап кетуге әрекеттенген), темір жолдарға, қоғамдық орындарға бомбы қою, этникалық-конфессиональдык конфликтерде зорлау актілері, саяси қарсыластарды ұрып-жығу, өкіметтің әртүрлі саладағы өкілдеріне шабуыл жасау әдеттегі жағдайға айналды. Терроризмнің бір ғана формасы бойынша мысал келтірсек те, оның қаншалықгы қауіпті екендігі айқын көрінеді: 1994 жылы мемлекеттік өкімет пен басқармалардың әртүрлі органдарына 200-ден астам адамдардың өміріне қауіп төніп тұр, жарылыс жасалғалы жатыр деген сияқты хабарлаулар түскен. Бұл хабарлар саны 1991-1992 жылдардағыдан үш есе асқан. Москва мен Волгодонскідегі террорлық актілер серияларынан кейін, 1999 жылдың күзінен бастап осындай қоңырау соғу қайтадан өсті (21).

Терроризм ең маңызды обьектілерге нақты қауіп төндіреді. 1993 жылы темір жол бойларында ондаған жарылыстар болған. Осы жылдың қыркүйек-қазан айларында атом өнеркөсібі мен энергетика обьектілеріне үш рет қауіп болған. Ядролық материалдарды үрлағандары мәлім болды. 1993 жылы бір ғана кәсіпорында ЮОкг уран жетпеген.

1999 жылы қазанда Ресей МВД-сы транспорт обьектілерінде "Вихрь-Антитеррор" операциясын жүргізді. Оның мәліметі терроризмнің қаншалықты қанат жайғанын, қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Бірнеше күндер арасында заңсыз жолмен иемденген 200-дей ататын қару, 38 мыңнан астам оқ-дәрі, 50 жарылғыш зат, 100 кг-нан астам наркотик алынды. Астананың Ярославль вокзалында операция барысында үйретілген иттің көмегімен 37-інші артиллериялық жарылатын снаряд табылды. Минералды Су УВД қызметкерлері акционерлік қоғам арендаға алған үйден 2 тонна жарылғыш заттар қоймасын тапқан. Ол үйді Минаральды Су түрғыны арендаға берсе керек.

Ресей территориясында істелінген қылмыстар мен оларды болдырмау жолындағы олардың іс-әрекетеріне көз жүгіртсек, мынандай көріністерді байқауға болады. Ульяновск станциясының вокзалында қай жерде түратыны белгісіз азамат ұсталды, одан қолдан жасалған жарылғыш зат табылған. Красноуфимск станциясында өнеркәсіп өндірісі шығарған жаратын машинасы мен 150гр. аммоналы бар жергілікті азамат ұсталынған. Волгоград-1 станциясының вокзалында 5 жарылғыш папкасы мен әртүрлі калибрлі 80 патроны бар сол жерде түратын әйел тұтқындалған. "ФР-Оповещение" системасын қолдану арқылы транспорт обьектісінде федеральдық және жергілікті іздеуде жүрген 300 қылмыскер ұсталған. "Санкт-Петербург - Новосибирск" поездынан Москвадағы өлім серияларына айыпты Грозныйдың екі азаматы-шешен тұтқындалған. Баскд жолдармен келген мәлімметтерге қарағанда Тамбов облысының Котова жанындағы орманда жарылғыш заттар қоймасы табылған. Ресйдің астанасы Москваның өзінде бірнеше жерден теракті жасауға дайындалған тонналаған жарылғыштар табьшған.

Ішкі істер линиясының органдарына күдікті заттар табылғаны жөнінде 1425 сигнал түскен, ол бойынша тексеру жүргізілді. 25 қазан 1999 жылы Воря өзенінен өтетін көпірден РГД-ның 4 гранатасы табылып, зақымсызданған. Жоғарыда келтірілген фактілердің бәрі терактілер жасалынатын құралдырдың бір бөлігі ғана. Негізгісі осы бизнеспен айналысатындардың қолында.

Қазіргі кезде ең қауіптісі коммерциялық терроризм болып отыр. Бір ғана 1993 жылы 100 рет тапсырыспен өлтіру жүзеге асқан. Ал 1995 жылы әртүрлі кәсіпкерлерді өлтіруге 500 тапсырыс берілген. 1994 жылы Москва территориясында жаратын құрылым мен жарылғыш заттарды қолданумен 107-і қылмыс жасалған. 1995 жылы бұл цифр 30 пайызға өскен. Көп жағдайларда бәсекелестік негізінде туындаған финанстық немесе экономикалық "разборкалар" болып табылады. Оларды сату арқылы пайда табу мақсатында Москвада 300 адам аманатта ұсталынған.

Дегенмен масштабы мен көрініс беру аймағына байланысты азаттық күресі, ұлтшылдық, діни экстремизм туы астында әрекет ететін сепаратизм жетекші орында. Оның көрінісі 1995 жылғы Буденновкадағы және 1996 жылғы қаңтардағы Дағыстандағы оқиғалар болып табылады. Ресейде өзгеше ситуация қалыптасқан: Федерацияның бір бөлігінде, Шешенстанда қарулы бандалар орнығып, криминальды жағдай қалыптасқан. Олардың бірнеше терактілерінің нәтижесінде Ресей біржарым мыңдай адамынан айрылды.

Мамандардың анықтауынша Ресейдегі терроризмнің терең себептері мынада: 1. экстремизм бағытындағы Ресей қоғамының табиғатына тән тарихи қалыптасқан әлеуметтік-психолгиялык дамумен байланысты; 2. Ресейде жақсы ұйымдасқан, күпияланған, тармақталған және жаппай терроризмнің тарихи традициясы бар.( "Халық еркі", эсерлер, большевиктер париясының күрескер ұйымдары,, Бакунин, Кропоткиндер іс-әрекеттері). 3. Ресей — жартылай этникалық, және жартылай конфессиональды мемлекет. Оған тән сипат ұлтаралық қатынастардың болуы. 4. Ресейде 20 миллиондай мұсылмандар тұрады, оның біразы күштеу мен қатігездікті қолдайтын ваххабистік дінді мойындайды. Мұны қазір шешен террористері іс жүзінде көрсетуде. Кавказда тұратын халықтар мен этникалық топтар туындаған проблемаларды күш, экстремизм, террор методтары арқылы шешуге тырысады. Терактіні жасаған адамдардың көпшілігінің Кавказ республикасынан болып шығып жататындығы осыдан болса керек. Ал аймақтың өзі қанды қақтығыс пен шиеленістің орталығына айналып отыр. 5. Ресейде азаматтык қоғам традициясы жеткілікті дамымаған (22).

Ресейде терроризмнің шиеленісуінің сыртқы факторларының бірі дүниежүзінде оның санының жалпы өсе түсуі болып отыр. Ресей терроризмінің өсуінің базалық сыртқы стимулы Ресейдің көлеңкелі әсерлерден ещқандай қорғалмауы, оның барынша ашық болғандығы. Батыстық қоғам ресейлік территорияда шетелдік және халықаралық терроризмге "полигон" жасау қаупін тудырып отыр. Сондықтан Батыстың арнайы қызмет органдары Ресейдегі тұрақсыздық пен сепаратизмді барынша қолдайды.

Ресейде терроризмнің базалық себептері анық және нақты көрінеді. Өйткені ол күнделікті өмір сұрудің бөлінбес бір бөлігі, әлеуметтік-экономикалық тамырдан өсіп шығады. Кайыршылық, жоқшылық, жұмыссыздық, шарасыздық және көптеген топтардың традициялық өмір сүру ортасынан ажырауы, халықтың түсіретін пайдасына қарай жіктелуі, халықтың әлеуметтік профилін түбегейлі өзгертті. Осы жылжу процесстерінің барысында туындайтын шиенеліс экстремистік сипатта қоғамға қарсы көріністе жүзеге асады. Әлеуметтік-экономикалық себептер мен халықгың өмір сүру деңгейінің төмен болуы өзінен-өзі терроризмді тудыратын себеп болып табылмайтындығын атап көрсету қажет. Ресейдегі жалпы әлеуметтік-психологиялық климат көптеген адамдардың ертеңгі күнге сенімінің жоғалғандығын көрсетеді.

Саяси жағдай да терроризмнің еркін сайрандауына мүмкіндік береді. Ол жағдай Кеңес өкіметі қүлағанан кейін қалыптасқан еді. Федерализм іргесінің шайқалуы, мемлекеттік нұсқалар мен институттардың босаңсуы, қоғамның саяси құрылымының бұзылуы, мінез-қүлықтың деформациялануы, заңсыздық пен коррупция осының бәрі сол 90-жылдары қоғамда орын алған жағдайлар еді.

Ресейде терроризмнің өсуі мен жағдайының жасалуына көптеген факторлар әсер етеді: саяси шексіздік, қоғамды бей-берекетке, беймазалыққа түсіру мақсатындағы партия, қозғалыс, майдан және ұйым әрекеттер; мемлекеттің ел экономикасы мен финанс ресурстарына, қару айналымына бақылауын жоғалтуы; соғыс обьектілері - қару көздерін қорғау системасының әлсіреуі; құқықтык нигилизмнің тарауы мен қылмыстық жағдайдың ушығуы; жалдамалы және мамандандырылған өлтіруші дайындау институтының пайда болуы; МО, МВД, ФСБ құрамынан көптеген профессиональдардың қылмысты құрылымға өтуі; Ресейге шетелдік экстремистік террорлық ұйымдардың әрекеттерінің енуі; олардың енуіне шекараның ашық болуы тағы басқа сол сияқтылар, Соңғы кезде ТМД елдерінен Ресейге 3,5 миллионнан астам мигранттар келген. Көпшілік ақпарат құралдарының зорлықты насихаттауы халыққа, әсіресе соның ішінде жастарға кері ықпал етуде.

Шығыс терроризміне, яғни атап айтқанда араб, ирандықтарға, Үндістандағы тамильге тән акция - камикадзе. Осындай террористік актілердің нәтижесінде Үндістанда Индира Гандидің баласы көрнекті премьер-министр Раджив Ганди өлтірілді. Ол өз күзетіндегі сикх террористінің қолынан қаза тапқан. Курд қозғалысында 500-дей жігіт пен қыз камикадзе. Олар түрік үстемдігінен Курдистан тәуелсіздігі үшін жандарын қиюға дайын (22).

Қазіргі кездегі Ресей терроризмінің көзге түсетін ерекшеліктері: әртүрлі бағытта және түсте (ұлтшылдық, діни, солшыл, оңшыл, неофашистік және т.б.) террористік ұйымдардың кең ауқымды болуы. Онымен күресуге кұқық қорғау күштерінің дайын болмауы; терроризмге әртүрлі баға берілуі және террористердің аймақтар мен федерация субъектісіне тәуелді болуы; терроризмнің "таза" типін ажырата алмаушылық және терроризммен күресетін Ресей заңының жетілмегендігі. Ресейде терроризм мен ұйымдастырылған қылмыстың интеграциялануы. Ресей террористік топтарының өздеріне үқсас халықаралық дәрежедегі ұйымдармен бірігіп әрекет етуі білінуде. Мысалы Шешенстан территориясында УНА-УНСО күресушілерінің оқытылуы, "Сұр қасқырлар" атты түрік террористік ұйымы күрескерлерінің Солтүстік Кавказдағы әскери қимылдарға қатысуы, Шешенстан территориясындағы Хаттабаның оқу лагерлері (23).

Терроризммен күрес барысында оның ұлтшылдық және діни-фундаменталистік формасында бүрынғы белгілеген болжамды, профилактиканы жүзеге асыру қиынға түсетінін естен шығармау керек. Ресей Федерациясы президентінің 1996 жылғы 7 наурыздағы №338-ші "Терроризммен күресті күшейту шаралары туралы" жарлығында құқық қорғау органдарының назарын Ресейдегі терроризммен күресті күшейтуге аударады. 1996 жылы наурызда өткен қүқық қорғау органдарының басшыларының үйлестіру мәжілісінде қабылданған қаулыда терроризммен күресті күшейту шаралары әлі де келісілмеген жақтарының көп екенін көрсетеді. Қүқық қорғау органдарының арасында бір-бірімен хабарласуының жеткілікті болмауы, техникалық жабдықгаудың нашар болуы және дайындықгың ұйымдаспаушылығы атап көрсетілді. Қаульща проблемаларды, терроризм тенденциясын, мәнін, формасын, методтарын талдауды және олармен тиімді күрес құралдарын анықтау басы айтылды

Адамдардың тобын, түрғын үйлерді жойып жіберетін қылмыскерлердің әрекеті терроризм деп террористік ұйымдар немесе жекелеген адам жасаса ғана саналады. Алайда мүндай түсінік мемлекеттік терроризм үғымында ғана қолданылады. Осы жағдайда шешен күрескерлерінің әрекеті есептелінеді.

Терроризмнің соғыстық-техникалық аспекті. Бакунин мен Кропоткин уақытынан бері террористердің арсеналы қазіргі кезде өте өскен. Терроризмнің жандануы, масштабының әртүрлілігі, формасы және оның пайда болу аймағы соңғы онжылдықта кеңейді. Мамандардың пікірі бойынша терроризм әртүрлі формада тарайды. Соның бірі әуе терроризмі: әртүрлі кластағы ракеталарды пайдалану; тамақ азық-түліктерін, су көздерін, дәрі препараттарын уландыру; химиялық және биологиялық қаруларды пайдалану; ядролық шантаж және радиоактивтік заттар мен ядролық қаруды иемденіп қорқыту; ядролық объектілерге, АЭС зардап келтіру; плотиналарды бұзу және үлкен егіс алқабына су тасқыны; экологиялық апат. Сондай-ақ соңғы кезде "компьютерлік" терроризм (интернеттің "I Іоуе уои" вирусы) және информациялық терроризм пайда болды. Ресей азаматтары информациялық терроризмнің "кұдіретін" күніге сезіп отыр.

Терроризмнің моральдық-психологиялық аспекті: адамшылыққа жатпайтындықгың ең жоғарғы түрі, ешнәрсе талдамайтындығы, басқаруға әл бермейтіндігі. Терроризм адамның негізгі құқын - өмір сүру құқын жоққа шығарады. Шабуыл тәсілін, уақтысын, жерді таңдауды қаламайды. Бұл жағдайда жасы, жынысы, қүрбан болатынның потенциалдық ерекшелігі ескерілмейді. Шабуыл жасау объектісі балалар, әйелдер, қариялар, ауруханалар, мектептер, әйелдер босанатын үй, балалар бақшасы, түрғын үй, қоғамдық қызмет көрсету мекемелері болуы мүмкін. Ең бастысы - қорқынышты эффект беру, психологиялық қысым көрсету, алдына қойған мақсатына жету. Оның мысалдары Буденновска, Буйнакска, Москва, Волгодонска. Осы жерлерде болған оқиғалар қазіргі террористердің өз мақсаттарына жету үшін варварлық әрекеттерге баруға дайын екенін көрсетті.

Терроризм азаттық және ұлт-азаттық күрестен алшақ. Терроризм жаппай сипатта болмайды, ол томаға түйық, демократияға қарсы. Басқа жағынан алып қарағанда азаттық күресі ешқандай кінәсі жок бейбіт түрғындарды, әйелдерді, балаларды өлтіруге негізделген болса, онда оның терроризмнен ешқандай айырмашылығы болмайды. Терроризмнің революция, соғыс, партизан соғысынан айырмашылығы тактиканы, тәртіпсіздікті, шексіз зорлауды немесе қорқытуды пайдалануы болып табылады. Террористер ашық қақгығыстан қашады. Террористерді қоғамның белгілі бір бөлігі саналы түрде қолдау көрсетпейді.

Терроризмнің келесі критерийі - оның күштік сипаты болып табылады. Ресейлік терроризмге тән белгісі оның мақсаты - қоғамдык қауіпсіздікті бүзу, түрғындарды қорқыту, өкімет органдарының жағымсыз шешім қабылдануына ықпал ету. Осы мақсатты құрайтын мотивтер әртүрлі. Ресейдің қылмыстық кодексі бойынша терроризм -екі объектілі қылмыс: бір жағынан - қоғамдық қауіпсіздікке қарсы, екінші жағынан - құрылымның конституциялық негізі мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қарсы (24).

Осылай деп қарау МВД мен ФСБ күштерін ажыратып көрсетеді. Терроризмді соғыстан, азаттық күрестен, бандитизмнен ажырататын мынандай белгілерді көрсетуге болады: өз мақсаттарына жету үшін үкімет күштерімен қарулы конфронтациямен байланысты емес зорлау әрекеттерінің системасы. Криминалдық немесе экономикалык терроризм деп аталатын террорлық акциялардың түрлері гибридтік (араласып кеткен) сипат алады: террористік форма және қылмыстык мотивация. Кейде террористік мотивация негізіне жеке немесе саяси мақсат жатпайды, өзін-өзі орнықтыру немесе өзін-өзі қанағаттандыру жатады. Терроризмнің криминальдық белгісіне төн сипаттың бірі сияқгиятты жоспарлау және терактіні жүзеге асыру болып табылады. Сондықтанда терактілерді дайындауға бірнеше ай, немесе бір жылдай уақыт кетеді.

Соңғы жылдары террористік топтардың ұйымдасқан қылмыстык топтармен немесе қауымдастықпен тығыз байланыстылығы байқалады. Олар солардың мүддесіне қарай әрекет етеді. Кейбір ұлттар, саяси топтар, діни экстремистер жарылыстар,өртеу,саяси қайраткерлерді, соғыс қолбасшыларды, журналистерді өлтіру арқылы мемлекетті өз шешімдерін орындатуға, өздерінің ықпалына бағындыруға тырысады. Осындай жағдайлар соңғы кезеңде көптеген қайғылы оқиғаларға душар етті: Буденновск, Каспийск, Дагыстан, Москва метросындағы және тұрғын үйлердегі жарылыс, тағы басқа қалалардағы оқиғалар. Алайда террористік актілер Дагыстанда болғандай таза күйінде жүзеге аспайды, ол сирек. Терроризм наркобизнеспен, заңсыз қару сатумен, өтірік ақша жасаумен,күңгірт істермен байланысты. Егер бұл проблеманы Шешестандағы жағдаймен байланыстырып қарастырсақ, шешен терроризмінің сусындайтын каналы ислам ұйымдарының "қайырымдылық" деп аталатын қызметі. Әртүрлі қоғамдық және қайырымдылық ұйымдардың қаражаттары, көмектер. Оны қаржыландырудың көзі - рэкет. Кей кезде оны қаржыландыратын жолдарды анықтау қиын. Сол себептен арнайы қызметтер мен мемлекеттің халықаралық терроризммен күресетін ұйымдардың бір-бірімен бірлесіп әрекет етуі қажет, тығыз байланыста болуы керек.

Ресей үшін ең қауіптісі: экономикалық, криминальдық, сепаратистік-ұлтшылдық, діни-фундаменталистік терроризм. Соңғы кезде олардың қолданатын қарулары, тәсілдері, қаражаттары: ОМУ-ды пайдалану, топтап жарып жіберу, кәдімгі автомат қаруы, жақыннан соғысу қарулары, арнайы .құралдар, жарылғыштар, биологиялык вирустар, информация, паника, өкіметке сенбеу және т. б. Батыс пен Американың саяси басшылары терроризмге қарсы әрекетету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі деп қарайды. Осы саладағы шаралардың басты бағыттары қүқықтық базаларды жетілдіру, федеральдық осындай органдарының өзара бірігіп қимылдауын күшейту, федеральдық құрылым қызметкерлерінің санын көбейту және арнайы бөлімшелер қүру болып табылады. Терроризммен күрес маңызды шарты батылдық, келісімге келмеушілік, қарсы әрекеттерді қатыгездік, оқытылған, жаттықгырылған техникалық жағынан жақсы жабдықталған арнайы бөлімшелердің болуы болып табылады. Бұған қоса саяси ерік, елдің басшыларының батыл әрекеттер қажет. Соның бірі мысалы, Ресей басшыларының террористерді жазалауға саяси еріктерінің батыл болмауынан Бюденновскіде 150 тұрғынның өмірінінің жойылуына әкеп соқгы. Терроризмге соққы беру күтпеген жерден болды, сөйтіп ол Ресей құқық қорғау системасының онымен күресуге дайын еместігін көрсетті. Ресейде әлі күнге дейін мемлекеттік дәрежеде жеке адамды, қоғамды және мемлекетті қорғайтын тиімді саясат жасалған жоқ.

Қазіргі кезде дүниежүзінде мұсылмандық экстремистік "Мұсылман ағайындылары" (олардың штаб пәтері АРЕ мен Сауд Аравиясында) атты топтың әрекеті көзге түсуде. Оның Лондонда, Парижде, Венада, Боннда, барлық араб мемлекеттерінің астанасында, Пакистанда, Иранда, Ауғанстанда, Түркияда, Эритреяда, ТМД территориясында - Тәжікістанда, Ресейде - Шешенстанда, Дағыстанда, Кабардин-Балкарияда бөлімдері бар. 1929 жылы құрылғаннан бастап бүл ұйым исламның радикалдық ағымының кең тарауына бар күшін салады. Шайырлы режимдерді қарумен құлатуға тырысады. Олардың қолданатын методтары мен күрес формалары: өлтіру, тоңау азаматтық және соғыс объектілеріне шабуыл жасау, аманаттарды тұтқындау. Араб дүниесіндегі бүл ыкдалды топтың одақгастары "Ислам джихад" мен "Исламии джамаат" сияқты экстремистік топтар болып табылады.

Осы ұйымдардың бәрі Шешенстанда әрекет етеді. "Ағайындылардың" лидерлеріңің бірі дала командирі Э.Хаттабтың басшылығымен арнайы оку орны құрылған. Онда Таяу және Орта Шығыстан, Ресейдің мұсылман аймақтарынан және ТМД елдерінен жауынгерлер оқытылады. Күресетін аймақтары - Солтүстік Кавказ, Ресейдің мұсылмандар көп тұратын аймақтары, Орталық Азия мемлекеттері. Террористер топтары Косовада арнайы террористік акция жасауға дайындалады. "Ағайынды мұсылмандардың" шешендік филиалы әртүрлі елдер мен аймақтардағы экстремистік, сепаратистік қозғалыстарға соғыс көмегін жасайды. Ауған талибтері лидерлерімен және Пәкістан арнайы қызмет орындарымен өзара бірігіп қимылдайтын шешендік "ағайындылар" Талибан қозғалысы бақылайтын Ауғаныстан территориясын Шешенстан мен Солтүстік Кавказдың басқа аудандарында әрекет ететін банда құрылымдары мен диверсиялық-террористік топтар үшін қару мен оқ-дәрі рыногына айналдыруға бар күшін жүмсауда. Шешенстанда әрекет ететін радикальды мұсылмандық ұйым Сауд Аравиясы, Кувейт, ОАЭ, Катар, Египет, Йордания, Пәкістандағы өз ұйымдарынан қаржы алады. Спонсорлардың бірі сауд миллиардері - Усама бен Ладен. Шешенстандағы ислам ұйымдары қызметін УНА-УНСО ұйымдарының украиндық ұлтшылдары үнемі қолдап отырады (25).

Ресей мүдделеріне Ауғаныстандағы талибанның исламдық қозғалысының әрекеттері қауіп төндіреді. Талибтер Шешенстанды және басқа от шығып тұрған жерлерді қару мен әртүрлі қару- жарақгармен қамтамасыз етеді. Тәжікстан мен Өзбекстанда партизандық және диверсиялық күрес тәжірибесін меңгерген талиб жауынгерлері еніп кеткен. 1997 жылы маусымда "Перконкрусто" ұйымының мүшелері Риганы азат етушілер ескерткішіне жарылыс ұйымдастырған. Бүгінгі күні терроризммен күрес бұрынғыдан да актуальды болып отыр. 1902-1907 жылдары эсерлер және Россиядағы басқа террористер 5,5 мың террорлық актілерді жүзеге асырған. Оның барысында министрлер, Мемлекеттік Дума депутаттары, жандармдар, полицейлер, прокурор қызметкерлері өлтірілген. Ал тек 1991 жылы КСРО-да қанды қақатығыстардың салдарынан 1500 адам өлген, оның 100-і әскери және МВД қызметкерлері, 10 мыңнан астам азаматтар жараланған, 600 мыңнан астам адам босқындарға айналған. Соңғы жылдардың оқиғалары қүқық қорғау органдарының қызметіне көптеген жаңалықтар, ізденістер алып келді. XX ғасырдың 70-80 жылдарында КСРО бойынша 100-ге жуық "криминалдык жарылыстар" болды. Ол бейқамдықган, қауіпсіздік нормасын бүзудан, қылмысқа үмтылудан туды.

1990-1993 жылдары террористердің адамдары, қару-жарағы, әрекеттері өзгерді. Осыған байланысты МВД, ФСБ (КГБ-МБ-ФСК), прокуратура, армия және кәсіпорынның жеке қорғаушыларының қауіпсіздік қызметі мен органдары алдында жаңа міндеттер туындады. Егер де 70-80 жылдары террористер көп жағдайда жеке - фанатиктер, психологиялық кемістер болса, 90-жылдардың басына қарай қарулы күрес жсауға дайындалған ұйымдар, топтар пайда болды. Осыған байланысты 1990 жылы КСРО ОК бас секретары М.Горбачев "заңсыз әскерлеген құрылымдарды ерікті қарусыздандыру туралы" жарлык қабылдады. Бүрын террористердің қарулары қолдан жасалған немесе заводта істелінген атылатын қару, қолдан жасалған жарылғыштар (СВУ) болса, енді олар шетелдік немесе отандық өндіріс шығарған қарулармен жабдықталды. 1990-1993 жылдары Ресейге 1,5 млн-дай ок ататын қару әкелінген.

1992 жылдан бастап Ресейде мынандай қүбылыс алғаш рет дамыған: "тапсырыс" (киллерлік) беру арқылы кедергі келтірген адамды өлтіру. Бүл жерде Ресейде терроризмнің кең қанат жаюына жақын, таяу, шетелдік елдердің ықпалы үлкен. 1994 жылы желтоқсаннан кейін Ресей алғаш рет ислам дүниесімен ашык жауласты. Ислам дүниесінде фундаменталистер күштер "кәпірлерді" түгел жоюға бет алған. Оларды "Тәжікістанның қайта өркендеу ислам партиясы", "Аум сенрике" сияқты ұйымдар ұйымдық жағынан да, қаржылық жағынан да көмек көрсетті. Олардың бөлімшелері Москвада тіркелген, осы жерден олардың әрекеттері бағытталады және үйлестіріледі. Соңғы уақыттағы жағдайлар бүгінгі Ресейде терроризмнің дамуына ықпал ететін факторлардың молайғандығын көрсетілді.

Ақпарат құралдары, радио, телевидение, кино мен әдебиет халықтардың санасында "билікті винтовка туғызады" деген ұғымды сіңдіруге тырысып отыр. Осы ұғымның нығаюын шетелдің кейбіреулерінде болған оқиғалар көрсетеді. Мәні жағынан террористік, күштеу зорлау методтары арқылы өздерінің алдына қойған мақсатқа жету Ресей мен бүрынғы одақтас республикалардың қалың көпшілігі арасында "түсіністік" туғызады. Террористік әрекет "қызу шиеленіс" стратегиясын жүзеге асыру методтарының біріне айналу қаупі туып отыр. Соның бір дәлелі XX ғасырдың 70-жылдары Италияда саяси күштер өз мүдделеріне жету үшін террорлық актілерді қолданған.

Кейбір мемлекеттердің (нацистік Германия, Кампучия, Латын Америкасы) арнайы қызметтері мен олардың органдары "қолайсыз элементтермен" күресуде террористік методтарды қолданды. Италия, ФРГ, Израиль тәжірибелері көрсеткендей террроризм аз уақыт ғана өмір сұрсе де, құқық қорғау органдарына олардың субъектілеріне ойсырата соққы беру үшін 3-5 жыл белсенді күрес қажет екенін көрсетті. 1991-1994 жылдары террорлық әрекеттердің өсуі мен жандануы барысында құқық қорғау органдары мен армияның (КСРО-да КГБ МБВД-МБ-ФСК-ФСБ жүргізілген реформалар) системасындағы қайта құрулардың жеткілікті ойландырылмағандығы, рационалды емес екендігі көрінді. Жүргізілген қайта құрулар терроризмнің қоғамға қауіптілігін жете бағаламандығынан туған еді. Қазіргі терроризмге тән сипат елде қылмыстың шектен тыс асып кетуі еді, "ұйымдасқан" деп аталатын жүзеге асырылатын әрекеттер сырт көзге қарағанда терроризмге өте ұқсас. Олар да жарылыстар ұйымдастырады, аманаттарды тұтқындайды, бәсекелестерді құрту үшін қорқытады.

Осы әрекеттер "саяси мотиві" болмаған соң террористік деп аталмайды, ал шын мәнінде олар терактілерге жатады. Оларды нақты әйгілеу үшін "қылмыстық терроризм" деген түсінік қолданылады. Ресей 1992-1994 жылдары осы қүбылыспен күресті, Терроризм проблемасын зерттеуші В.В.Витюк оны "экономикалық терроризм" деп атайды. 1995 жылдың тоғыз айында Подмосковьеде 69 фермерлік шаруашылық өлтірілген, елде 469 кәсіпкерлер (210-ы Москвада) өлтірілген, 1500 адам басқыншылық қүрбаны болған (26).

Осы түрі "классикалық" саяси терроризммен өте ұқсас. Оның басты мақсаты - қоғамды абыржыту атмосферада қорқыныш тудыру, сенімсіздік үлкіту, қоғамдық ерікті басу-жаншу, өкімет пен құқык қорғау органдарының жұмысына наразылық, қоғамның демократиялық институттарын жою, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне қиындық келтіру болып табылады. Осыған байланысты "қылмысты" терроризммен күреске Ресейдің ФСБ ұйымы қатысуы керек. Оның органдары туралы 1995 жылы сәуірде қабылданған заң олардың қылмыспен күрес қызметінің басты бағыттарын анықтайды.

Жогарыда көрсетілген жағдайлар жалпы мемлекеттік деңгейде терроризммен күрес программасы мен шаралар сңстемасын жасауды қажет етеді. Ол программаны жасау мен жүзеге асыру мынандай мәселерді жүзеге асырған болар еді:

-террористік әрекеттің мазмұны (оның субъектілері, оның мақсаты, міндеті, құралы, әрекет методтары);

-елде террористік көріністің өсуіне әсер ететін факторлар;

-терраристік актілерді дайындау, оны ұйымдастырушылар, орындаушылар, айтақтаушыларды анықтау системасы;

-террористердің әрекет тактикасы;

-терроризммен күрестің отандық және шетелдік тәжірибесі; Отандық және шетелдік тәжірибелерді сараптау негізінде соңғы жылдары террористердің әрекетіне мыналарды жатқызуға болады: аманаттарды басып алу мен ұстау, оларға қастық жасау мен өлтіру, әртүрлі транспортты басып алу, әртүрлі обьектілерді -елшілікті, саяси партиялар мен ұйымдардың штаб-пәтерлерін, халықаралык және басқа қоғамдық-саяси акциялар жүргізетін орындарды, казармаларды, елді мекендерді, вокзалдарды басып алу, жарылыстар ұйымдастыру, адамдарды ұрлау, өртеу, мемлекеттік қызметкерлерге, қоғам қайраткерлеріне, сот, прокурор қызметкерлеріне зорлық жұмсай қысым көрсету т.т.б.б. Оның бәрі террористердің жоспарларына, мақсаттарына сәйкес болуы керек. Көптеген халықаралық – қүқықтык құжаттарда терроризм ресейлік қылмыстық-қүқықтық заңнан өзгеше осылай сипатталады.

Терроризмнің қаупі өсіп тұрған жағдайда оның құрамын анықтайтын зандық квалификация мөселелері нақты болуға тиіс, алайда қазіргі уақытта оны нақты анықтайтын зандар жоқ. Осы мақсатта РФ "терроризммен күрес туралы" атты федералдық заң қабылданған. Террористік әрекеттермен күрестің нәтижелі және тиімділігін арттыру үшін терроризмді қалыптастыратын әртүрлі әрекеттердің қатынасын, құрылымын барынша анықтап алу қажет. 1968-1970 жылдары дүниежүзінде жүзеге асқан террористік акциялардың 47% жарылыстар арқылы болған, 7,4% - жалдамаларды қолдаңу арқылы, 7,5% - құрбандарды ұрлау арқылы, 5,5%- қарулы шабуыл жасау арқылы болған (27).

1990-1995 жылдары Ресейде орын алған террорлық көріністердің динамикалық-статистикалық картинасын толық білмей-ақ, теріп алған талдауларға байланысты жасалған терактілердің көпшілігі жарылыс құрылымдарын пайдалану арқылы жасалғандығын дәлелдеуге болады. Олар күрделі дистанциондық басқаруды сирек қолданған. 1995 жылы маусымда Буденовскіде жүргізілген шешендік "командос" рейдіне терроризм құрбандары көбіне кездейсоқ адамдар болғанын анықгады. Бұндай терроризмді шашыраңқы терроризм деп атайды. Шашыраңқы терроризмге аманаттарды топ болып ұстау, қоғамдық және көп адамдар болатын жерде жарылыстар ұйымдастыру, таңдаған объектіге шабуыл жасау барысында кездейсок күрбандар жатады. Террордың басты объектісі - мемлекеттік шенеуніктер, кәсіпкерлер, банкирлер және басқалар - болса президенттің қауіпсіздік Қызметі (СБП), қорғаныстың Бас Басқармасы (РФ ГУО) тарапынан қорғайды. Халық МВД, ФСБ жағынан қорғаныс іздейді.

1990-1993 жылдары бағытталған, шашыраңқы терроризм көп болса ол жойылып кеткен жоқ. Олармен қоса осы жылдары жасырын, құпияланған терактілер көбейді. Бұл жағдайда террористер қоғамдық назарды өздеріне аудармауға тырысады. Қазіргі кезде Ресейде тармақталған террористік топ бар деп айта алмаймыз. Дегенмен ашық және жартылай ашық заңсыз қарулы, әскерленген құрылымдар бар екені анық.

Ресейде терроризмнің өсуіне әлеуметтік, ұлттық идеологиялық, психологиялық жағдайлар қалыптасқан. КСРО-ның құлауы, оның құқық қорғау органдар системасының бұзылуы, өкіметтің дұрыс жұмыс істемеуі шаруашылық-экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру қабілетінің нашарлауы, жұмыссыздық, қоғамдық қатынастар мен құрылым системасының тұрақсыздығы, көзқарас ориетациясының күйреуі, әртүрлі - саяси, әлеуметтік, ұлттық, діни қайшылықтардың шиеленісуі, мінез құлықгың нашарлауы, цинизм мен нигилизмнің салтанат құруы, қылмыстың өсуі - осының бәрі Ресейді сипаттайды. Терроризмді зерттеушілер оның туындау себебі өмір сүріп отырған құрылымға қарсы әлеуметтік қарсылық деп түсіндіреді. Мемлекет нағыз демократиялық құрылымда болса, саяси және әлеуметтік күрестің терроризм сияқты формасы болмайды.



Терроризмге қарсы әрекет етуді ұйымдастырудың тиімді болуы үшін оның идеялық-теориялық немесе бағытты болуы қажет. Батыс талдаушылары мен Ресей зерттеушілері терроризмді былай классификациялайды:

  • әлеуметтік терроризм (солшыл және оңшыл);

  • ұлтшыл терроризм (сепаратистік);

  • діни негіздегі терроризм (Азия. елдері мен Ислам дүниесінде);

Терроризммен күресу шаралар системасын жасауда Ресей территориясында оның жайылу факторларын анықтап алу өте қажет. Осы факторлар әрекетінің сипаты мен өзіндік қайнар көздеріне байланысты сыртқы және ішкі, объективті және субъективті деп бөлуге болады. Терроризмнің тарауына ықпал ететін сыртқы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

  • жақын және алыс шетелдерде террористік көріністер санының өсуі;

  • бұрынғы КСРО, Европа және Шығыс Азия елдерінің кейбіреуіндегі әлеуметтік-саяси, экономикалық тұрақсыздық;

  • бір-бірінің территориясына ұмтылу, онда қарулы қақтығыстардың орын алуы;

  • шетелдік арнайы қызмет пен халықаралық террористік ұйымдардың кейбір стратегиялық нұсқаулары;

  • Ресейден кететіндер мен келетіндерге нақты бақылаудың болмауы және оның шекараларының "ашық" болуы;

  • шекаралас мемлекеттердің кейбіреулерінде рынокта қарудың ашык сатылуы.

Осы факторлардың системасы 1991 жылға дейін әрекет еткен системадан мүлдем бөлек екені бірден көзге түседі. Терроризмнің өсуінің ішкі факторларына жататындар:

  • елде жасырын қару "рыногының" болуы және оны алудың оңай болуы;

  • жаңа "Ресей диаспорасының" құрылуы (РФ азаматтарының өз елінен басқа жерлерде шашырап орналасуы);

  • Ауғаныстанда, Приднестровье, Сербия, Шешенстан, Тәжікістан және басқа "өрт орындарында" болып қайтқан контингенттің көп болуы;

  • әкімшілік-бақылау құқықтық режимдерінің болмауы немесе босан болуы;

  • экстремистік топтардың елде болуы;

  • қылмыстық ортаның топтасуы;

  • көптеген адамдардың идеологиялық және діни ориентирінің жоғалуы; .

  • әлеуметтік орнықпау сезімінің шиеленісуі және азаматтарының біразының қорғалмауы;

  • өкімет. пен заңдар беделінің түсуі, әлеуметтік ашынушылықтың өсуі;

  • қүқық қорғау және әлеуметтік, мемлекеттік қоғамдық органдардың азаматтардың құқын қорғау жұмыстарының әлсіреуі;

  • қоғамда саяси мәдениет дәрежесінің нашарлауы;

  • қатыгездік пен күшті (кино, телевидение, пресса, әдебиет) кең насихаттау.

Терроризммен күрес шараларының жалпы мемлекеттік программасы объективтік факторларды жоюға немесе әлсіретуге бағытталуға тиіс. 1994 жылдың жазында қабылданған қылмыспен күрестің федералдық програ ммасының маңызды құрылымы мынандай бөлімдерді немесе блоктарды ескеруге тиіс:

  • жалпы ескерту шаралары, оның ішінде қарулар рыногына бақылау қою және т.б.;

  • әкімшілік-режим шаралары;

  • террористік көріністерге ескертудің арнайы шаралары.

  • 1996-1997 жылдары Ресейдің Мемлекеттік Думасының қызметінің актуалды шараларының бірі терроризмге қарсы әрекет программасын жүзеге асыруға бақылау жасау болды. Мемлекеттік органдамен бірге қоғам да, қауымдастық та күресу қажет. Ақпарат құралдары, ғылыми конференциялар, қоғамдық-саяси партиялар, ұйымдар және қозғалыстар терроризммен күресте басты назар аударуға тиіс. Елде барлық заңсыз әскерленген құрылымдарды жою керек. Қоғамдык бедел қақгығыстарды тоқтатуға әсер етуі қажет. Дегенменде бүгінгі күні Ресейде әлеуметтік-саяси субъектілер терроризм мен экстремизмнің өсуіне бірігіп қарсы тұра алады деп айтуға болады. Ресей қоғамы адамдардың нағыз бірлігін сақтауға мүмкіндіктің бәрі бар.

Кешегі КСРО территориясында қайта құру басталғанға дейін терроризм белең алған жоқ, бірақ қылмыскерлер Батыстың ықпалымен саяси актілерді кейде жүзеге асыратын. Алайда террористер мемлекеттің өздерін ешқандай аямайтындығын түсінетін КСРО территориясында террорлық әрекеттердің пайда болуы Ауғанстандағы соғыспен байланысты. Соғыс кезінде арнайы соғысумен іс жүзінде танысқан "ауғандықтар" нашақорлык бизнеспен үйір болып көптеген террорлық құрылымдарды қал ыптастырды.

90-жылдардың бас кезіндегі өтпелі кезеңде мемлекеттің әлсіреуіне байланысты "демократтар" тоталитаризм мен централизм, әділетсіздік, елдің ұлттық-территориялық бөлінісінің дұрыс еместігі туралы мәселе көтерді. Бұл компаниялар батыс "дауысы", шетелдегі "отандастар" арқылы әрекет етті. Терроризм алғашқы кезеңде жергілікті қылмыстық топтың "ұлттық әділеттілікті қалпына келтіру" деген ұранмен ықпал аймағын бөлісу мақсатында жүргізілді. Осындай жағдай Наманганда, Ошта, Ферғанада, Жаңа Өзенде орын алды. Орта Азияда босқындардың көп болуы Ауғанстанның жақын орналасқандығынан болса керек.

Онан да зор көрініс тапқан саяси терроризм армян-азербайжан қақтығысы кезінде білінді. Сумгайтта армяндарды қыру, азербайжандардың абыржушылығы, Бакудегі бейберекеттік, Ереванда үкіметтің тұрақсыздығы және екі республикадағы ұлтшылдардың әрекеттері, Азербайжанда зорлықгың етек алуы, митингілер, тәртіпсіздіктер, әскердің Бакуге енгізілуі, Москвадағы үкіметтің тұрақсыздығы және тағы басқалар XX ғасырдың соңында кең қанат жайған, үлкен дайындықпен жасалған террорлық акциялардың көріністері болып табылады.

Бұған республикалық және москвалық саяси топтар, Түркия, Ұлыбритания, Иран, Франция, КСРО, АҚШ-тың арнайы қызмет орындары мен ірі жергілікті криминалдық топтар қатысқан. Соның арқасында осы оқиғалардың барлығы ірі саяси, экономикалық, арнайы террорлық нәтижелерге жетті:



  • бұрын бір қалыпты тыныш регион ешқандай нәтиже бермейтін соғыс жағдайына жетті;

  • екі республиканың өкіметінде де бірнеше топтар ауысты, бұл биліктің экономикалық потенциал мен күштің жаңа бөлінісіне әкеп соқты;

  • Одақтық Орталықтың беделін түбірімен құлатты, даулы мәселелерді шешуде оған үміт арту енді мүмкін болмады;

  • үлкен террорлық орта қалыптасты, құрылымы өзгерді, ашык жұмыс істеді;

  • криминалдық топ басшылары қуғынға ұшыраған мыңдаған босқындардың мүлкін иемденіп, өзінің экономикалық қуатын күрт көтерді;

  • әртүрлі елдердің барлаушы орындарының өзара қимылы мен күресі барысында бір мезгілде бірнеше арнайы қызметпен басқарылатын интернационалдық арнайы террорлық орта қалыптасты, ол Закавказьядан тыс жерде де әрекет ете алды.

Бұл жерде Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің ролі айрықша. Ол көп уақыт бойы армян жағының мүддесін қорғады. Енді ол Азербайжанның басшысы Гейдар Алиевтің ең жақын досы, "ғасыр жобасы" атанған Каспий мұнайының акционері, Бакуге бизнесінің жолын салушы. Осындай жолмен Оңтүстік Осетия, Абхазия, Приднестровье, Солтүстік Осетия және Ингушетиядағы қақтығыс кезінде арнайы террорлық орта қалыптастырылды(28).

Жергілікті жердің ерекшелігіне байланысты Вильнюстегі оқиғалар дамыды. Мұнан кейін Прибалтика Республикаларының тәуелсіздігі жарияланды. Мұнда номенклатуралық "либерал-реформаторлар" Молотов-Риббентров пактісін талқылау барысында КСРО Прибалтиканы оккупациялаған деген дау туғызды. Осы кезенде КГБ және МБД Москва акциясының құлауына ықпал етіп, оның жоспарын "Саюдис" штабына берді. КГБ мен МВД арнайы террорлық ойын жүргізді, литов террористерін жарылғыш бөтелкелер дайындауға үйретті, оны жастар көп жиналған жерлерге жеткізді.

ТМД-ның барлық аймақтарында арнайы терроризм тез интернационаланды, жергілікті криминалды экономиканы қамтыды. ұйымдасқан қылмысты қолдады. Ауғанстан мен Пакистаннан Тәжікістан мен Қырғызстан арқылы есірткілер ағылды, оны ЦРУ мен КГБ-ның бұрынғы офицерлері бірігіп бақылады, қамтамасыз етті.

Қазіргі кезде Батыс басылымдары "Кайтселийте" сияқты әскери террорлық құрылымдардың біраз бөлігі наркобизнес, контрабанда, рэкетпен айналысатындығын ашық жазуда. Олардың Полыиа, Финляндия, Чехия, Германия және Латын Америкасы сияқты елдердегі криминалдық топтармен байланысты екендігі жария етілді. Орта Азия республикаларындағы наркотиктермен күресетін мамандар наркобандалардың жоспарын жақсы білетіндіктерін, олардың әрекеттеріне қарсы соққы бере алатындықтары туралы мәлімдейді. Яғни арнайы қызметтің наркотеррористер арасында агентурасы қызмет етеді. Осылайша бүгінгі күні Ресеймен ТМД басқа республикалары үшін арнайы терроризм "термин" емес, қатал шындық, бүдан бас тарта алмайсын. Бұл жау, мұны білуіміз керек.

Сыртқы жағдайлар әсер етпегенде "Ичкерия Республикасының" қалыптасуы мүмкін емес еді. КСРО-мен РСФСР-дың 90-жылдары әкімшілік-территориялық бөлінуін қайта құру нәтижесінде бұзылуы оған үлкен ықпал еткен еді. Чечня көптеген саяси "заңдылықкд" ие болды, нағыз "қарақшы корольдік" пен саяси және экономикалык терроризмнің дүние жүзілік масштабтағы плацдармына айналды.

"Ичкерияның" алғашқы қадамынан-ақ террор оның саясатының негізіне айналды. 1993 жылы жазда орнығып алған Дудаев парламент, сайлау комитеті мен конституциялық сотты таратты. Бұл Москвадағы оқиғаға "репетиция" болды. Республиканың құқық органдары террористермен орын ауыстырды. Олардың белсенділігі Ресейдің барлық жерлерінде "шешендер" ұйымдастырған қылмыспен байланысты өсті. Дудаев мемлекеті бірінші күннен-ақ террористер топтарының ұйымдастыру мен жабдықтау орталығына айналды. Террористердің өзін қамтамасыз етуін ұйымдастыру үшін "тәуелсіздік" пен "исламды қорғау" үшін күрес тууы астында экономика араластырылды. Идеологиялық символы қазіргі кездегі исламның ең барып тұрған радикалдық сектасы - Кадирийя болды. Идеологияның басты мақсаты Ресеймен күрес және "Ұлы вайнах халқын топтастыру". Осы мақсатта мынандай бағыттарда әрекет етіледі:



  • шешендер мен ингуштердің - "вайнахтардың" барлық басшыларын (всех кланов) біріктіруге ұмтылу;

  • Кавказдағы барлық ислам ұйымдарын біріктіруге ұмтылу;

  • Ресейге қарсы Солтүстік Кавказды айдап салу.

  • Бірінші міндетті жүзеге асыруға "пираттық королдіктің" өкімет құрылымы кедергі жасады. Өкімет қүрамындағы әртүрлі топтар басшылыққа ұмтылды, оларды бір-бірімен келістіріп отыру мүмкін емес. Жетекші топтың лидерінің бірі Лабазановтың басы алынса да өзара келіспеушілік тоқгамады. Кеңес өкіметі кезінде атеизмнің кең тарауына байланысты исламның әртүрлі ағымдары мен секталары қалыптасқан болатын. Сондықтан исламдар ортасында діни наным бірдей болған жоқ. Осыдан келіп екінші міндет те орындалмады. Антироссиялық бірлестікті құру міндеті дәстүрлі кавказдықтардың өз арасындағы қайшылықгардан шыға алмады. Шешен террористерінің дағыстан, адыгей, абхаздықгармен ешуақытта тоқгамайтын бәсекелестігі үшінші міндетті де жүзеге асырмады.

Сондықт да барлық үміт террорға артылды. Халықтың көпшілігі террорлық актілерге тартылды. Экономика қылмыстық экономикаға айналды Автотранспорт пен поездға шабуыл жасалды. Шешеннің арнайы терроры Шешенстанның бүкіл өндірістік күштерін өз бақылауына алды. Осыған сүйеніп, шешен терроризмі Ресейдің барлық жеріндегі финанстық және шаруашылық операцияларына араласты. Оған Москвамен ақылдаспай Шешенстанмен тікелей контакт жасай алатын региондардың "шаруашылық дербестігі" де ықпалын тигізді. Дудаевтықгар өз мемлекетінің атынан Ресей мен дүние жүзінің көптеген елдерімен ашық, құпия түрде байланыс орнатты. Бүлар банк сферасына кірді. Әсіресе оларға көп пайда түсірген мүнай мен мүнай өнімдерімен сауда жасау керек еді.

<предыдущая страница | следующая страница>


Терроризм: туындауы, түрлері Ресей және тмд елдеріндегі терроризм

Одан кейін өткен талай ғасырлық тайталас, теке тіресті есептемегенде осыдан бес-алты жыл қол бұлғап, қоштасып кеткен XX ғасыр түгел дерлік капитализм мен коммунизм идеялары туғызға

1329.34kb.

14 12 2014
6 стр.


Лекция игрушек «Conflict: Терроризм»

«Conflict: Терроризм» локализованный фирмой «1С» action от компании Pivotal Games

17.29kb.

09 10 2014
1 стр.


Учебно-методический комплекс «Современный терроризм: сущность, причины, модели и механизмы противодействия»

Охватывает Латинскую Америку и Азию. Складываются международные связи террористов. Кроме того, терроризм превращается в фактор межгосударственного противостояния

28807.82kb.

14 12 2014
129 стр.


Что такое терроризм?

Терроризм идеология насилия и практика воздействия на принятие решения органами государственной власти, органами местного самоуправления или международными организациями, связанные

39.65kb.

13 10 2014
1 стр.


Терроризм и исламский фактор в Африке

Прежде всего, необходимо отметить, что события 11 сентября 2001 года, по мнению ряда российских и зарубежных экспертов, показали, что международный терроризм, которые всегда было п

87.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Терроризм угроза обществу
58.7kb.

13 10 2014
1 стр.


«Исламский фундаментализм и международный терроризм»
109.46kb.

13 10 2014
1 стр.


Терроризм- глобальная проблема мира
85.94kb.

15 12 2014
1 стр.