Перейти на главную страницу
11 қыркүйек 2001 жыл дүниежүзі жасалған террористік операцшілардан селк етті. Әлемді дүр сілкіндірген террористік операциялар аяусыздығымен, зұлымдығымен, ұйымдастырылуымен соның нәтижесінде қүрбандардың көп болуымен ерекшеленген еді. Ислам террорист-фанатиктері жүргізген үш самолет АҚШ-тағы Халықаралық сауда орталығы мен Пентагонның әкімшілік үйлерін қопарды. Террористер басқарған төртінші самолет пассажирлердің қимылдары арқасында Ақ үйдің қасындағы атом станциясына соғылмай аман қалды. Егер ол соғылғанда адамзат баласы қандай сұмдыққа ұшырайтындығын айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Ең қауіпсіз деп есептелінетін елде орын алған қыркүйек трагедиясының құрбандарының саны бірден анықталмады. Ақ үйдің мәліметтеріне сүйенген Рейтер агентігінің хабарлауынша құрбан болғандардың саны - 5422 адам, 62 мемлекеттің азаматтары зардап шеккен. Бұл Усамы Бен Ладеннің "Мұхаммед жерінен барлык әскерлер кеткенше, американдықтар ешқашанда өздерін қауіпсізбіз деп ойлай алмайды" деген мақсатының алғашқы жүзеге асуы еді. Жалпы алғанда 11 қыркүйектегі терактілердің нәтижесінде 19 террористті қосқанда 3 мыңнан астам адам құрбан болған.(З).
Әлем болып жатқан оқиғаны теледидардан бақылады. Дүниежүзінің бейбітшіл халқы амрикандықтардың қайғысына ортақтасты, палестиндіктердің АҚШ-тағы ислам орталықтарын және мешіттерді талқандағанын көзбен көрді, палестин лидері Ясир Арафаттың террор құрбандарына арнап қан бергенін қадағалады. Осының бәрі қандай болса да терроризмді еш ақтауға болмайтындығын дәлелдеді.
Дүниежүзінің ең алып, қуатты елінің жүрегіне берілген соққы дүниежүзілік тәртіпте қалыптасқан халықаралық қатынастардағы қайшылықгардың бетін ашып көрсетті. Барлық мемлекетердің басшыларының ресми позициясы, оның ішінде ислам мемлекеттері де бар, террорды толық айыптады. Дүниежүзілік қауымдастықгың қарсылығы және саяси ережелер мен традицияларды, цивилизациялық нормаларды түсінудегі кардинальды айырмашылықтарды айқындады. Америкадағы болған терактіге байланысты Солтүстік атлант кеңесі Солтүстік атлант келісімінің 5 бапы күшіне енді деп хабарлады. Ол бойынша АҚШ-қа жасалған терактілер НАТО мүшелері мемлекеттерінің бәріне жасалған деп есептелініп, АҚШ-қа барынша көмек көрсетуге дайынбыз деп мәлімдеді.
Сонымен қатар Бас Ассамблея мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі ешқандай дауыс бермей-ақ АҚШ-та болған теактілерді айыптады және өзіне мүше мемлекеттерді «осындай сұмдық терактілерді ұйымдасуырушыларды, спонсорларды, жүзеге асырушы қылмыскерлерді" құқық қорғау органдарына жазалауға беру үшін күш біріктіруге шақырды. (4). Қазіргі кезеңде дүниежүзінің барлық адамдарын ойландырмай қоймайтын, тынышын алатын террорлық ұйымдар баршылық еді. Олардың кейбіреулері мемлекет деңгейінде күресуді қажет етеді, сондай террорлық бағыттағы ұйымдар қатарына жататындар:
- Ұлттық Азат ету армиясы: американдық бағыттағы (өсіресе мұнай) бизнесті блокаладау.
Тупак Амару революциялық қозғалысы: марксистік режим орнату.
2001 жылдың соңына қарай жасалған видео жазудың бірінде Усама бен Ладен қыркүйектегі терактілер «американ экономикасының жүрегін тереңдеп жаралап кетті" деп мәлімдеді. Бұл күні АҚШ экономикасы көгеріп қалды, ұрылды-соғылды, бірақ американ экономикасы бұрынғысынша бірқалыпты жұмыс істеп тұрды.
Терроризмнің келтірген экономикалық зияны орасан зор. Дегенмен 2001 жылы 11 қыркүйекте болған терактінің зияны БҰҰ -ның есептеуінше дүниежүзілік экономикаға 380 миллиардтан астам АҚШ долларымен бағаланады. Тек Нью-Йорктың өзіне ғана Дүниежүзілік сауда мекемелерін салу үшін 54 млрд. доллар қажет. АҚШ конгрессі террорризм мен терроризмге қарсы операцияларға 40 млрд. доллар бөлді. Ал жалпы терактілердің келтірген зияны 120 миллиард долларды қүрайды.(7) Бүл аз болғандай терактілер қауіпсіздікті күшейту қажеттілігін тудырды.Дүниежүзінің басқа мемлекеттері де қауіпсіздікті нығайту үшін қаржыларын аямауда. Бір сөзбен айтқанда қазіргі кезеңде террорризмге қарсы күрес орасан зор қаржыны әкетуде. Мүмкін ол триллионнан да асатын болар. Ол қаржы елді дамытуға, нашар дамыған елдерді дамытуға, кедейшілікпен күресуге жұмсалса көп пайда келтірген болар еді.
Терактілерді ұйымдастыруға да әжептәуір қаржы бөлінетінін де естен шығаруға болмайды. Терактілер қарапайым, жабайы болудан әлде қашан қалған. Қазіргі терактілер қарудың қымбат тұратын күрделі соңғы жаңалықтарымен қаруланып, информациялык технологиямен жабдықталған, жоғары ұйымдастырылған материальдық-техникалық базасы жасақталған және террорристерді дайындайтын лагерьлері құрылған негізде жүзеге асады. Дүниежүзіндегі террорлық тармақтар-дүниежүзілік экономиканың орасан зор ресурсын қамтитын сектор. Сондықтанда дүниежүзі елдерінің бейбітшілік маңайында күштерін жұмылдыру мен терроризмге қарсы күресі қауіпсіздік саласында жағымды алға басушылық қана болып қоймайды, дүниежүзілік экономика динамикасына позитивті ықпал етеді.
АҚШ-тағы терактілер дүниежүзілік финанс, валюттік, қор рыноктарына да едәуір ықпал етті. Сарапшылар 2000 жылдың күзінен бастап, дүниежүзілік экономика қарқынының бәсендегенін байқады. Әсіресе ол АҚШ-та, Батыс Европа елдері мен Азия- мұхит региондарында байқалған. Көптеген мәліметтер АҚШ экономикасының циклдық дағдарысқа ұшырай бастағанын көрсетеді. Терактіден кейін бірден дүниежүзілік қор рыноктарының индексі төмендегені білінді: АҚШ-тағы Доу Джонс және Насдак, Жапонияда-Никкей. Қазіргі кезде қор рыногы өте тұрақсыз. Дүниежүзінде саяси тұрақтылық орнағанша қор рыногында аумалы-төкпелі жағдай сақтала береді. Валюттік рынокта да оындай жағдай қалыптасқан. АҚШ доллары басқа дүниежүзілік валютаға қарағанда бірте-бірте төмендей береді. Осы себептен мұның алдын-алу шаралары жүргізілуде. Казақстан Республикасының Ұлттық банкі де долларды арзандатқан жоқ. Дегенмен амеркан экономикасы қалпына келді. Оның тұрақтылығының 3 себебі бар. Біріншіден, терактілерден кейін Федеральдық резервтік система үш рет пайыздық өсімін қысқартты. Екіншіден, 2001 жылы мамырда 1986 жылдан кейін бірінші рет салықтарды төмендету туралы бұйрыққа қол қойды. Үшіншіден, Конгресс 2002 жылдың басында кәсіпорындарда салықтарды қысқартуға байланысты ынталандыру жөнінде заң жобасына қол қойды(8).
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 2000 жылы 19 желтоқсанда қабылданған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің N 1333 Резолюциясына сәйкес Талибаннан Усамы Бен Ладенді беруді талап етті. Бүл бойынша Талибанның террористерге қолдау көрсетуді мен баспана беруді тоқтатуын және Ладенді құқық қорғау органдарының қолына беруін талап еткен болатын. Америка президенті Буш Конгресстің екі палатасының біріккен мәжілісінде сөйлеген сөзінде халықаралык терроризммен күрес жөніндегі АҚШ-тың программасын баяндады. Ол 11 қыркүйекте болған терактінің басты кінәлісі «Аль-Кайда" және террористік топтар деп көрсетті. Президент Буш "Аль-Кайдаға" қолдау көрсететін және террористерді қаржыландыратын 27 ұйымның акцияларын тоқгатты.(9).
БҰҰ Бас Ассамблеясында халықаралық терроризм проблемасы бойынша көп дау-таластан кейін резолюция қабылданды. АҚШ "Аль-Кайданың" террористік ұйымдары мен Усамы бен Ладеннің терактіге қатысы бар екенін бұлжытпай дәлелдейтін қосымша фактілер тапты, сондықтан бар күшін, құралын "Аль-Кайдаға" қарсы күреске жұмсайтындығын білдірді, осыған дүниежүзілік қауымдастықты шақырды. Талибан Ладенді беруден тағы да бас тартқан соң, Ауғаныстан территориясындағы соғыс обьектілерін атқылауға АҚШ бастаған халықаралық коалиция шешім қабылдады. (10).
Талибандардың мақсаты: Шариатпен басқаруды Ауғанстанда күшейту; елден зұлымдық пен сенімсіздікті қуып шығу. Олар офицерлер емес, іс-әрекеттеріне қарағанда реформистерге жақындайды. Шариаттың басты ілімінің бірінде былай дейді: " Еш кінәсі жоқ адамға шабуыл жасау- батырлық емес; ешқандай мәні жоқ бұл әрекетті ешнәрсе де ақтай алмайды, ол Ақірет күні жазасын алады. Батырлық - азаттықты, батылдықты және өзін-өзі қорғағанды ғана ерлік, батылдық дейді."(Ш- Өз мақсаттарында шариатты күшейтуді көздеген талибандар өз мүдделеріне қарсы шықгы.
Осы жағдайды жеңілдету үшін "Талибан" ешнәрсе істеуге ұмтылмайды. Ол халықаралық қайырымдылық ұйымы бөлген ең қажетті азық-түлік пен медикаменттерді әкелуге барынша кедергі жасайды.
"Талибанның" ислам дүниесіне де өз қарасы бар. Ол исламды Ауғаныстанда этникалық тазарту жүргізу үшін пайдаланады. Сауд Аравиясының жазушысы Турки аль-Хамид елдің екінші Ауғаныстанға айнадып кету қаупі бар деп сақтандырып, былай деді: " ("Талибан" режимі тұсында( ислам халыққа қайырымдылық пен өркенниет әкелетін ғаламдық миссиясы бар дүниежүзілік діннен ұзын шашпен жүруге, кептер ұстауға, музыка тыңдауға, әуе шарларымен ойнауға тиым салатын талибан догмасына айналуда".(12).
"Талибан" ауған халқының ғасырлар бойы дамыған мәдениетінің шырқын бұзды. Ауған дәстүрін, традициясын және дінін өзінің саяси мүдделеріне сәйкестендірді. Ол ауған халқының мәдени және тарихи мұраларын тонады, құртты. Бұрын аймақтағы ең озық музейдің бірінен саналатын - Кабул музейі зардап шекті. Көп ғасырлар бойы тұрған Бамияндағы буддилік статуялар үгіндіге айналды.
Алайда мұның бәрі АҚШ-тың Ауғаныстанда соғыс қимылдарын жүргізуіне себеп болып табылмайды. АҚШ "Талибанға" бірнеше рет ескерту жасаса да, ол Усама бен Ладен мен "Аль-Кайда" террористеріне пана беруін тоқтатпады. Сол кездегі деректер "Талибанды" Ладен сатып алып қойған деп мәлімдейді. "Талибанды" террорризм қолдаған мемлекет деп айтудың орнына, оны терроризмді қолдаған мемлекет деп сипаттуға болады. "Аль-каеда" "Талибанды" кәсіби дайындықган өткізді, солдат, қарумен, ақшамен жабдықгады, ал ол оларды баспана және материалдық-техникалық инфраструктурамен қамтамасыз етті.
Америка Құрама Штаттарының соғыс кампаниясының мақсаты осы екеуі- Талибан мен "Аль-Каеда". АҚШ-тың көздегені осылар, ауған халқы емес. АҚШ БҰҰ-ның Ауғаныстанда тұрақгы, өкілетті үкімет құруына және ауған халқына гуманитарлық көмек беруін тоқтатпайтынын жариялады. Бірақ Талибан ауған халқын құрбандыққа шалды. АҚШ бастаған өркениет елдері терроризмді ауыздықтау үшін Ауғаныстанға Талибан бастаған террористік ұйымдарға соғыс ашты.
Әуе операциялары кезінде қаза тапқандар ешқандай ақтауға болмайтын трагедия. Ол болмас еді, егер "Талибан" мен "Аль-Каеда" қойылған талапты орындаған болса. АКТТТ террористер сияқты бейбіт халықгы нысанаға алмайды, ол керісінше оларды қорғайды. Ал "Талибан" мен "Аль-Кайда" азаматтарды өлтіру арқылы ұйымды қорғауды мақсат етеді. Олар кінәсіз халықты осы жолда аямайды. Дүниежүзінің бар назары ауған жеріне көз тігіп отырса да, "Талибан" мен "Аль-Каеда" өз әрекеттерін тоқтатар емес.
Қайырымдылық бағытта халықаралық коалиция құрамында жұмыс істейтін Құрама Штаттар және басқа мемлекеттер БҰҰ-ның азық:түлік программасы мен көмек көрсететін басқа халықаралык ұйымдармен бірге "Талибан" тудырған трагедияны тоқтату үшін барлық шараларды жүзеге асыруда. 11 қыркүйекке дейін де АҚШ ауған халқына 180 миллион долларға көмек көрсеткен болатын. Қыркүйектегі трагедиядан кейін де елдің президенті Джордж Буш Құрама Штаттар Ауғаныстанға 320 миллион долларға көмек көрсетеді деп мәлімдеді.(ІЗ). Зардап шегіп жатқан ауған халықтарына Америка самолеттері бір күндік азық-түлік лақгырды.
Америка Құрама Штаттары ауғандық дағдарыспен күресудің бес пункттен. түратын стратегиясын ұсынды. Ол мына жағдайларды көздейді:
1. Қыс түсер қарсаңда елді санитарлық қажеттіліктермен, одеял, жылы көрпе, азық-түлікпен жабдықтап, өлімді азайту;
2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейінгі 12 айда АҚШ үкіметі ауған халқына 180 миллион долларға қайырымдылық көмек көрсеткен.АҚШ әкімшілігінің мақсаты: елге тезарада көп мөлшерде азық-түлік, әсіресе Гиндукуш сияқты таулы аудандарына, жеткізу. Бұл деген елге берілетін көмекті екі есе арттыру, яғни ай сайын 29 мыңнан 52 мың тоннаға дейін арттыру дегенді білдіреді(іб).
Әкелініліп жатқан тамақтар ауған халқының традициясына сәйкес келе ме ол жағы белгісіз. Ауғандықтар көбіне бидай ұнынан жасалған. .қаттама жейді. Сондықган әкелініліп жатқан азық-түліктің 90 проценті бидай ұны, қалған онының жетеуі чечевица немесе бұршақ, үшеуі-сұйық май. Ет тағамдары әкелінген жоқ. Сондықган да өркенниетті елдер қандай елге, қандай жағдайда көмектессе де сол елдің дәстүрін естен шығармайды.
Ауғандықтарға көрсетілетін көмек қайдан алынады деген сұрақ та кез келген адамды толғандырмай қоймайды. Оны елге жеткізетін Дүниежүзілік азық-түлік программасы мен үкіметтік емес ұйымдар. Олар Ауғаныстанмен шектесетін —Иранды, солтүстікте Орталық Азия республикалары және Пәісістанды пайдаланады. Қыста ауа райына байланысты әуе жолдары арқылы тасымалданады. Тонау мен бүлдуді болдырмау үшін ірі партиялар күзешен жіберіледі. Ауғандықтар заттың американдық екенін әр пакеттің сыртындағы "Дар народа Соединенных Штатов" деген сөзден ажыратады. Ол пушту мен дари тілінде жазылған, оның үстіне әкелінген жүкте үлкен американ жалауы желбірейді. Онымен қоса АҚШ көмекті кім жібергенін ауған халқы білу информация кампаниясын кең ұйымдастырады. Бұл халык миграциялануын тоқтады, әрі көмекті әртүрлі мақсатта пайдалануға жол бермейді.
Осындай өркенниетке сай адамгершілік жасап отрырса да, АҚШ алған бетінен қайтқан жоқ. Төбеден төпелеп, жерден тықсырудан талибтер де ыққан жоқ. " АҚШ Бен Ладеннің айыпты екенін дәлелдеп нақты дәлелдеп берсін, сонда ғана ұстап береміз" деп талибтер де Американың дегенін істемей отыр. Джордж Буш идеологияның қандай роль атқаратынын қару екенін біледі.Сондықган ол ауған жеріне өз уағыздарын тарататын радио торабын жасақтауға кірісті. Дегенмен одан бірнәрсе шығады деп сенім артуға болмайды. Себебі бүгінгі хабар ертең ескіріп жатқан мына аласапыран дүниеде бірден мынандай болады деп айту асығыстық болар. Өйткені осы күндері бүл дүние былай болады деп болжам айтқьіш саясаткерлер көбейіп кетті. Германияның Бонн қаласында ауған ұйымдарының өкілдері 2001 жылдың 4 желтоқсанында жиналып, Ауғаныстан соғысқа ұрынғалы 23 жылдан кейін, талибан үкіметінен соң бүкіл халык қолдайтын өтпелі кезеңде көп этникалық,тұрақты үкімет құру туралы келісті. Мұны Кандагардан шыққан пуштун лидері Хамид Карзай басқаратын болды. Осылайша 22 желтоқсан 2001 жылы Ауғаныстанды басқару үшін әкімшілік — көп ұлтты орган құрылды. 21-22 қаңтар 2002 жылы АҚШ-тың Бас хатшысы Пауэлл АҚШ-тың Кабулдағы елшілігінің жұмысын ресми қайта ашады. Ол 1989 жылдан жабылып қалған болатын. Токиода Ауғаныстанға көмек беру проблемасы бойынша Халықаралық конференция өтті. АҚШ Ауғанстанды қалпына келтіру үшін 296 мил. доллар беретінін жария етті(17).
Дүниежүзілік қауымдастықтың, АҚШ-тың көмегі және ауған халқының өзінің ұмтылуы арқасында мектептер қайта ашылды, оған ұл балалармен қатар қыздар да баратын болды. Сонымен бірге АҚШ 10 млн. долларға пуштун тілінде жазылған окулықтар, оқуға қажетті заттарды берді.(29) Осындай жағдайда елден қуылған, бұрынғы режимнің сарқыншағы Захир Шах таққа отыру үмітімен елге оралды. Ел кімді дұрыс деп тапса сол болатыны айдан анық. Осы ойымызды дәлелдегендей жуырда ауған халқы өз елінің басшысы етіп, пуштун лидері Хамид Карзайды сайлады. Ол дүниежүзілік қауымдастықтың да, өз халқының сынынан да өтті. Хамид Карзай — Ауғаныстанның жаңа Исламдық өтпелі үкіметінің президенті.(18)
Қыркүйек терактісін ұмытпау үшін Пентагон қалпына келтіріліп жатқан батыс бөлікке мемориальдық капсула салды. Онда "11 қыркүйек 2001 жыл" деп жазылған. Бүл ұрпақ естен шығармауы үшін. Көп жылға созылған соғыс және оның зардаптарының "Талибан" басқаруымен ұштасуы, онан кейін болған құрғақшылык ауған жерін тоздырып жіберді. Ауған халқының тең жартысы , оның саны 26,8 миллион адам, ашаршылықта, қайыршылықта өмір сүруде. Ауғандықтар тойып тамақ ішпейді, ауғандықгардың 50%-нің жұмысы жоқ, 70%-і сауатсыз. XXI ғасыр басталған кезде, көптеген елдер өркениет дәуірінде өмір сүріп жатқан кезеңде, дүние жүзінің бір елінің терроризм құрбаны болуына дүниежүзілік қауымдастық жол бере алмайтыны сөзсіз. БҰҰ бастаған дүниежүзілік қауымдастық, АҚШ бастаған алдыңғы саптағы державалар мен әлемнің бейбітшілік сүйгіш бүкіл халқы өзара біріге қимылдап, терроризмді ауыздықтап, оларға ауған халқы сияқты басқалардың жем болуына ырык бермейтіні айқын, оған бүгінгі күннің даму қарқыны да жол бермейтіні де сөзсіз.
АҚШ қыркүйектегі террорлық актіден кейін, жасы сексенге келгең. эмигрант Захир шахты билік басына қайта отырғызып, монархиялық құрылымды қайта жасақтауды қалады. Бұл "жаңалықты" бірден қолдаған, билік басындағылар жетерлік. Солтүстік Альянстан 60 адам мүше болып кірсе де, ондай биліктің орнауы неғайбыл. Ауғаныстанның 40 пайызын құрайтын пуштундар тәжік пен өзбекке тізгінін ұстатпайды. Осындай ойды санасына сіңіріп, құлақтарына қорғасын қып құйып отырған талибтердің айтақшыл жақтастары іргесіндегі Пәкістанда миллиондап саналады. Күштеп өкімет құрудың ұзаққа апармайтынын ауған тарихының өзі-ақ айғақтап берді. Бұл елдің бас билігін ымыралас Пәкістан мен Иранға ұстатып қоюдың аса қауіпті екендігін әлемдік саналы қауым сезіп те отыр. Егер онда шариғат жолын ұстаған талибтер сияқты "фанатик оқымыстылар" ел билесе, Орталық Азия елдеріне қауіп төнеді. Кеше ғана "өркениеттің" дәмін татқан ауғандық еркін азаматтар бұндай қоғамда ғұмыр кешуді қаламайды.
Ұлттар арасындағы кикілжіңдерге от тастап, тұтандыруға дайын отырған мемлекеттер де баршылық. Солай бола тұрса да, әскер күшімен шахты таққа мінгізіп кеткенмен, ішкі саяси ахуал түзеле қалады дегенге ешкімде сенбейді. Оның үстіне Захир шах егер сондай "бақытты күн" туа қалса, тақты өзі иеленбек емес, немересіне ұсынбақ сыңайлы. Европада тәрбиеленген, ауған халқына өзі тұрғай есімі де бейтаныс біреуді билік басына отыра қалып, елді билейді деудің өзі де ыңғайсыз болып табылады. АҚШ пен Ұлыбританияның әскері елден кеткен соң, елде тыныштық орнай қалады деп сенуге болмайды.
АҚШ-тың Ауғаныстанға жасаған шабуылының астарында терроршылдықпен күрес емес, басқа бір астар жатқан сияқты. Терроршылдықпен күрес жалғыз Ладенді өлтірумен бітпейді. Террорды құртудың алғышарты олардың қаржыландыру көзін жоюдан басталуы қажет. Терроршы мемлекет болмайды, терроршы адамдар, топтар балады. Ауғаныстанға қарсы жаппай қарулы сойқан салу — АҚШ-тың үлкен қателігі де болып қалуы мүмкін. Оны тарих таразылар. АҚШ мұнан кейін Ливия мен Иракты нысанаға алып отыр. Дәл қазір, яғни 2003 жылдың басында АҚШ әскерін жанталаса Ирак маңына төгуде.
Соғыстың аты соғыс. Қанша алпауыт болсада Америка Ауғаныстанда соғыс жүргізу үшін финанс шығынын қайта есептеуге мәжбүр болды. Осы "террорлық соғысқа" ол Австралияны да тартып отыр. НАТО-ға мүше елдерге де қаржылай да, әскери де салмақ салынбай қоймас. Түркия сияқты елдер бүл соғысқа белсене кірісуге ынталы емес. Ресей де АҚШ-қа бәз-баяғы сенімді одақтас ретінде қарамайды
Террорлық акті болған соң көп ұзамай-ақ Усама Бен Ладеннің үндеуі әлемге тарайтын ақпарат беттеріне жарияланды. Онда ол бұл соғысты орта ғасырда өткен "крест жорығына" теңеп, кәпірлерге қарсы ғазауат шабуылына шақырыпты. Айтқандай, осы "Аль-Каида" басшысының банктердегі ақша қорыны есебі жария болды. Оның сомасы дәл ме, дәл емес пе ол жағы белгісіз. Бірінші нөмірлі терроршының қаржылық базасы —5 миллиард АҚШ доллары көлемінде екен. Бұл ақшамен алапат террорлық әрекет жасау қиын: тек Қазақстанда өртеніп кеткен Балқаш қару-жарақ қоймасындай нысананы ғана қиратуға болады.
Казір АҚШ теракті тағы да қайталанып қалуы мүмкін деп сескенуде. Ең маңызды мемлекеттік нысаналар — электр стансалары, әуежай, айлақтар түгел мықгы бақылауға алынды. Конгресс "Террор туралы" заңды жедел даярлап берді. Кейбір баспасөз құралдары арқылы саясатшылар "Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды" елді үрейлендіріп жіберді. Терең ойласақ, рас бүгін әлемде қарама-қайшылықгар асқынып тұр. Атом қаруы бар Пәкістаннан АҚШ-тың сырттай сыр білдірмесе де, сескеніп отырғаны сезіледі. Экономикалық эмбаргоны алып тастап, оның қарызын да кешті. Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир дауын өршітпеуге жанталасуда. Екінші майданнан сескенеді. Әжербайжандағы Гейдар Әлиевтің билігін құлату әрекетінің Ирандағы оппозиционер Махир Жабадов пен Ресейдегі "қашқын" Мамел Гулиев қолымен жасалуы осы елдер арасында араздық туғызды. Қос прокурордың "төңкерісі" сәтсіз аяқталды. Қазір Бакуды бауырына басып, қызғыштай қорып отырған Анкара болып отыр. Ал, Тбилисидегі жағдай әбден ушығуда. ТМД-ға өкпелі Э. Шеварднадзе Абхазиямен арасындағы қарулы қақтығыстар үшін Ресейді кінәлауда. Израиль-Палестина арасындағы жанжалға делдалдықгың қауқары жетпей отыр. Ясир Арафатты Израиль "Аса қауіпті терроршы"(19) деп атап көрсетті. Пәкістандағы Ауғаныстанды қолдап, жихадқа шығуға құлшынып отырғандарды Мүшарраф тек әскер күшімен әзер ауыздақгап тұр. Өзбекстан талибтердің қоқанлоққысынан үркіп қалды. Енді олар АҚШ өзіне қайтқан соң, халіміз қалай болады деп уайымдауда.
Орталық Азияға екпіндей еніп келе жатқан Ресей де Батыстан ішін тартып қалды. Ол Қырғызстанға "отау" тігіп, орналасып қалуға ұмтылуда. "Қару-жарақ қанша керек болса сонша жеткіземіз" деп Ресейдің Мемдумасының спикері Г. Селезнев Ақаевқа уәде берді. Бішкек жалақыны 20 пайызға өсірді, қару-жарақ қорын көбейтуге кірісті. Кәшкене елдің экономикалық куатының көрсеткішін олардың Қазақстан іскерлерінен инвестиция сұрай бастағанынан-ақ сезуге болады. ТМД елдері бір-біріне көмек беруге әзір.
Одан кейін өткен талай ғасырлық тайталас, теке тіресті есептемегенде осыдан бес-алты жыл қол бұлғап, қоштасып кеткен XX ғасыр түгел дерлік капитализм мен коммунизм идеялары туғызға
14 12 2014
6 стр.
«Conflict: Терроризм» локализованный фирмой «1С» action от компании Pivotal Games
09 10 2014
1 стр.
Охватывает Латинскую Америку и Азию. Складываются международные связи террористов. Кроме того, терроризм превращается в фактор межгосударственного противостояния
14 12 2014
129 стр.
Терроризм идеология насилия и практика воздействия на принятие решения органами государственной власти, органами местного самоуправления или международными организациями, связанные
13 10 2014
1 стр.
Прежде всего, необходимо отметить, что события 11 сентября 2001 года, по мнению ряда российских и зарубежных экспертов, показали, что международный терроризм, которые всегда было п
25 12 2014
1 стр.
13 10 2014
1 стр.
13 10 2014
1 стр.
15 12 2014
1 стр.