Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5страница 6

2. Мұсылман дүниесі және Ауғаныстан.

Алайда дүниежүзі 11 қыркүйекте селк еткенде, американ трагедиясының алғашқы сәтінде-ақ американ және европа шолушылары, журналистері, саясаткерлері ешқандай қолдарында дәлелдері жоқ болса да, бірден кінәні мұсылман мен палестина ұйымдарына, Усамы Бен Ладенге жаба салды. Онан бері бір жылдан бері уақыт өтсе де, Батыс бұл ойынан әлі дайныған жоқ. Бұл жорамалды жоққа шығарайық деп отырғанымыз жоқ, дегенмен әр нәрсенің нақты дәлелі болу керек. Әсіресе әлемді қорқынышқа ұшыратқан осы мәселе де.

Терактінің екінші күні-ақ оны жүзеге асырғандардың аты-жөні, мәлім болған соң барып, араб екендері айқындалды. Дүниежүзінің журналистері мен мамандары, шетелдік мемлекеттердің басшылары ислам діні зорлыққа, күш көрсетуге шақырмайтынын жақсы түсінсе де, алғашқы келген ойдан бірден айныған жоқ. Солай болса бола тұрса да жасалған терактінің негізін ислам дінінен іздеуге болмайды. Дегенмен ислам тарихына көз жүгіртіп көрейік. Исламның екі тармағы бар: суннизм және шиизм. Сунниттерден шииттердің айырмашылығы олар Мүхаммед пайғамбардың заңды мұрагері оның туысқан інісі және күйеу баласы Али ибн Аби Талиб, сондай-ақ оның ұрпақғары. Сунниттер 4 халифті —Абу Бакр, Омар, Осман, Алиді заңды мұрагерлер деп есептейді. Сунниттер Алла ғана табынады, Мұхамедті оның пайғамбары деп есептейді. Сунниттер мұсылманның 5 парызын мойындайды. Шииттер осыған қоса-джихад пен уалия-берілгендікті қосады. Исламның қай тармағы болса да күш қолдануды уағыздамайды, керісінше адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелейді.

Мұсылман әлемін, яғни Африка, Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, тыс және Орталық Азия елдерін Англия, Франция, Италия; ресей сияқты европалық державалар отарлаған болатын. Европалык империялар отарланған жерлерді аяусыз тонады. Олардың ғасырларға созылған экономикалық және рухани артта қалушылығы наразылык пен қарсылықты тудырмай қоймады. Бірақ оны христиандық пен исламның қарама қарсылығы деп ұғынуға болмайды.

Қазіргі кезеңде мұсылман дүниесінің басым көпшілігі, оның ішінде араб дүниесі де бар, цивилизациялы мемлекет болып табылады. Олар дүниежүзілік кұндылықты өсіруге және қауіпсіз, әділетті дүние құруға ат салысуда. Әлемге аты жайылған Нигерия жазушысы, Нобельдік сыйлықгың лауреаты Воле Соинка былай деп:" Адам баласының құқына әртүрлі қатынас жоқ, ол универальды. Оны түсіну мен жетудің әр түрлі жолдары ғана бар" дүниежүзілік қауымдастықга ой тастаған еді.

Мұсылман дүниесі осы бағытта дамиды. Оның дәлелдері Адам қүқының Азиялық хартиясы, Адам қүқының Араб хартиясы, ислам дүниесіндегі адам құқының Каир хартиясы. Әрине бұған мұсылман дүниесі өздерінің тарихи және мәдени традицияларына сәйкес өзінің ерекшелігін енгізеді. Алайда адамзат құқының Жалпы декларациясының негізгі принциптерін мойындайды. Оны дүниежүзінің 200 мемлекеті таныды.

Күрделі проблемалары болса да Иордания, Египет, Тунис, Туркия террорристік ұйымдар дайындамайды. Елде экономикалык қиын жағдай болса да, жаппай сауатсыздық пен аштықты жоюдың күрделі проблемаларын шешуде Индия мен Шри Ланка самолеттерді, елшіліктерді, офистерді құртуға террактілерді пайдаланбайды. Оңтүстік Азияның, Африканың, Латин Америкасының көп мемлекеттері Батыстың дамыған мемлекеттерімен бірге тығырықган бейбіт шығу жолдарын іздейді.

Азуын айға білеп, астамсынған АҚШ аптығын басып, барлык мұсылман дүниесін кінәлауын қойып, тәубасына көп ұзамай-ақ келе бастады. Әу баста исламдық терроршылардың ұясын талқандап, серкесін ұстап, құбылаға қаратып шалмақ болып өршеленген АҚШ райынан қайтты.Оны мұсылман мемлекеттерінің бір-бірімен ымыраласа бастауы есін жиғызды. Енді Буш: "Мұсылман дүниесі арасында достарымыз көп, біз тек қана терроршыларымен соғысамыз," -деп әуелгі пікірінен аунап түсті.(20). Ал АҚШ-тың жортуылдас серігі Ұлыбритания осыдан бір-екі жыл бұрын қантөгіске ұласуға шақ қалған православиеліктер мен католиктерді әзер "жуасытып" болған еді. Бұл дінмен, халықтың сана-сезім, рухымен ойнаудың өте қауіпті екендігін тағы бір дәлелдеп береді.

Ежелден өзіндегі мұсылман халқы мүддесімен санаса бермейтін Ресей де ежелден белгілі тарих сабағымен қайта есептесе бастады. Президент В.Путин Ресей Федерациясындағы мұсылман халықтарының үлес салмағын енді байқағандай оларға "жылы қабақ" танытуға кірісті. "Ислам экстремистері" деген сөз тіркесі лексиконнан шығып қалды.

БҰҰ, әсіресе 15 мүшеден тұратын (оның 5-і тұрақгы АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Ресей (Қауіпсіздік Кеңесі халықаралық қақтығыстарды шешуде едәуір роль атқарады. Қауіпсіздік Кеңесі тұрақты мүшенің ешқайсысы вето қоймайтын шешімдер қабылдайды. Кейде ол қабылдаған шешімдер осалдык көрсетіп жатады. Күннен-күнге дүние жүзі бір-бірімен тығыз байланысты, қорғаныссыз бола түсуде. Сондықтанда Жапониядан Австралияға, Қытайдан Канадаға Ресей және ТМД-ның басқа мемлекеттері Батыс, Орталық, Шығыс Европаның барлық үлкенді-кішілі мемлекеттері әр түрлі формада болса да халықаралык терроризммен күресуі қажет болып отыр.

Терроризм қандай формада әрекет етпесін қазіргі кезеңдегі ең барып тұрған сорақы да, күрделі проблемалардың бірі, әрі қоғамның іріп-шірігенін көрсететін айқын көрініс болып табылады. Қөп жағдайда бұл тенденциялар дүниежүзілік қатынастарды ғаламдану процессімен тығыз байланысты. Бүгінгі дүние бір-бірімен қайшылықгары топтасып, шатасып жатқан күрделі дүние.

Батыстың этностың қалыптасқан этномәдениеттік нормалары мен ерекшеліктеріне қайшы келетін агрессиялық әрекеттері әртүрлі формадағы қарсылықтарды туғызады. Қарсылықтың -сипаты мен формалары әлеуметтік-экономикалық процесстердің даму деңгейіңе байланысты. Казіргі кезеңде қарсылықтың радикальді формаларының туындауы мынандай жағдайлардан болуы мүмкін:

1.Традиционализм (антимодернизм (Батыстың экономикалық .және идеялық экспансиясына реакция. Бұл жағдайда традициялық діни нормаларды өзгертпей, шығыс қоғамын оқшаулауға ұмтылу болып табылады. Былайша айтқанда, Батыс енгізген жаңалықтардың бәрі бұрынғы құндылықпен қарсы келеді де, олардың мәдениеті мен традициясын бұзушы ретінде қабылданады.

2.Ұлтаралық қақтығыстар. Келеңсіз тендиялардың дамушы анықтайтын факторлардың бірі-ойланбай бөлінген шекаралар мемлекетаралық шекарлардың реттелмеуі, этникалық қауымдардың өзін-өзі басқаруының толық аяқгалмауы сияқты ішкі факторлар. Ұлттық мемлекеттердің дамуы мен олардың шекараларының анықталуы отаршылдықтың күйреуінің нәтижесі болды да, оның барысында жергілікті географиялық, әлеуметтік-экономюқалық және этноконфессиональдық жағдайға онша көңіл аударылмады, қарағанда бір жағына ислам дүниесінің күш бірлігін бұзу тиімді болған, осылайша батыстың талпынысына, жаңа блеясада қалыптастыруды ойластырған да болар. Көптеген қайшылықтарды талдау қалыптасқан ситуацияның ірі державалар үшін геосаяси бағыттарда өздерінің саяси Осының салдарынан шекаралык қақтығыстар орын алып келеді.

3.Саяси экстремизм. Саяси бірлестіктер арасындағы аралық және топтың ішіндегі қақтығыстардың көрінісі. Жоғарғы мемлекеттік деңгейдегі мемлекеттік органдардағы басқарушы топтың геосаяси және геоэкономикалық лобизимінің салдарынан туындайды. Бұл жағдай мемлекетаралық қарама-қарсылықтан көрші мемлекеттегі тұрақсыздықты қолдау немесе террор арқылы біреулердің мүддесіне жету, саяси мақсаттарына жету жолында шантаж немесе қорқытуды қолдану болып табылады. Мұндай жағдайда терроризм орныққан күш арасалмағын бұзуға бағытталады, дағдарысты тереңдетіп одан саяси және экономикалық пайда табу үшін қолданатын шара деп есептелінеді. (21)

Мысалы, 27 желтоқсан 1985 жылы Абу Нидальдің палестиналык террорлық ұйымының екі тобы Рим мен Венадағы "Эль- Ал" компаниясының пасажирлер кассасына бір мезгілде шабуыл жасаған. 6 қыркүйек 1986 жылы Абу Нидальдің шииттер мен палстиндіктерден кұрылғдн тобы Стамбул синагогында қанды қырғын ұйымдастырған. Осы екі акцияның мақсаты араб-израйль қақтығысын бейбіт жолмен реттеуге жол бермеу болып табылады. Шабуыл Арафаттың басшылыққа үмтыуын қолдайты екі европалық елде және Иордания мен БҰҰ арасында Батыс жағалаудың қатысуы жөніндегі келісім жүріп, шешілер сәтке жеткен кезде жүзеге асырылған.(22)

Әртүрлі діни конфессиялар мен олардың өкілдері арасындағы қайшылықгар әлі күнге дейін жойылмай келеді. Тарихи дамудың барысында исламның орталықгануының бөлінуі прцессінде тәуелсіз автономды орталықгар құрылды, бұл системаның ішінде еретиктік бағытағы белгілі бір түсініктер, қайшылықтар туғызды. Мәселен, XIX ғасырда Аравияда ваххабистер суфийлердің практикасын исламның іліміне қайшы келеді деп, Марокканың сұлтаны Мулай Слиманның (1792-1822 ( феодальдық-тайпалық бытыраңқылық кезеңде мемлекетті орталықгандыруға бағытталған шараларын марабуттардың сепаратистік тенденцияларын бір-бірімен қағыстырды деп айыптады.

Исламда шииттер, суниттер және суниттік ұйымдар арасындағы қайшылық өте терең. Ресми дін мен діни маргинальды элементтер арасында да қарама-қарсылық бар. Осы қайшылықтар кей жағдайларда сепаратизм мен экстремизмді тудырып отырады. Бүгінгі танда саясатшылар экстремизмнің бірнеше түрін анықтайды:



  1. Антисистемный экстремизм. Экстермизмнің ең көп тараған тірі болып табылады. Саяси күштердің діни ұйымдастырушылық статусын мойындамау, қазір бұл жағдай Алжирде орын алып отыр, оппозиция мен өкіметтің қақтығысуы. Бұл жағдайда өкіметтегі ресми дін өкілдері радикальды ислам элементтеріне исламдық сипатта емес деп қарсы тұрады. Мұнда сайланған немесе таңдалған дін тобының позициясы басты роль атқарады. Ол қалыптасқан саяси күрылысқа қандай; қатынаста болады, қолдай ма, әлде оппозиция ма, немесе мемлекеттің жүргізіп отырған саясатын жалғастыра ма. Мәселенің түйіні осында жатыр.

  2. Әтникалық экстремизм. Басымдық көрсететін титульдық этностың яғни титульдың әрекеті, оларға әжептәуір жеңілдіктер беріледі.Мүндай кертартпа әрекеттер ұлт-азаттық соғыс формасында көрінеді немесе саяси топтар ұйымдастырған ұзаққа созылған қозғалысқа айналады. Оның дәлелі СУАР, Индонезиядағы, Шешенстандағы жағдайлар. Азаттық қозғалысының халықтық сипатының күшеюі оған сөзсіз діни-традициялық сипат береді. Кавказдағы Шамил көтерілісі, Абдель Қадыр бастаған Алжирдегі француз отаршылдарына қарсы қозғалыс. Индонезиядағы Дипонегоро бастаған көтеріліс, голлад отаршылдарына қарсы салафизм туы астындағы суматрадағы бас көтерулер, палестиндіктердің Израйльдің сионистік саясатына қарсылығы, Солтүстік Индиядағы Сеийда Ахмед Барлеви бастаған ваххабистердің, кейін оның ізбасарлары жалғастырған Ситан, Пенджаб, Кашмирдегі толқулар, Солтүстік Ирландиядағы радикальдық элементтердің әрекеттері осыны дәлелдейді.

3.Сектанттық экстремизм. Діни экстремизмнің ең қауіпті формасы. Оның қауіпті болатындығы күтпеген жерден елде орын алған экономикалық-әлеуметтік жағдайларға байланысты бұрқ ете қалады, бақылаудан шығып кетеді. Бұл экстремизмнің әрекеті де ерекше, өзгеше болып табалады.

4.Діни экстремизм (антиконфессионализм). Қоғамда діни құндылықгарды күшпен орнықтыру салдарынан, шайырлы мемлекеттің діни ұйымдарға қысым кезде жасалды. Стамбулдағы қырғын Израйль мен Египет үкімет басшыларының Таба анклаваларының тағдыры туралы келіссөзін болдырмау үшін жасалды.(23)

Қазіргі кезеңдегі оқиғаларға байланысты Нью-Йорк пен Вашингтонда жасалған терактілер әртүрлі ойыншылардың қатысуымен осындай сценариймен жүзеге асуы да мүмкін. Жарылыстың ауқымына позициясын анықгау үшін тиімді болғанын көрсетеді.

СУАР –Ауғаныстан –Иран –Ирак -Парсы шығанағы -Ливия осі бойынша орын алған қақтығыстар 50-жылдардан кейін антиамерикандық геосаяси бағытты бұзуға бағытталды. Терроризм геосаяси мүдделерді жүзеге асырудың инструменті болып табылады. Мысалы, қырғи қабақ соғыс пен КСРО құлағанға дейінгі кезеңде, геосаяси бәсекелестік жағдайда, бүкіл дүниежүзінде идеялық-таптық сипаттағы күрес жүрді, мұндай жағдайда экстремистік ұйымдар ішкі қайшьілықтарды пайдалана отырып, геосаяси мүдделерді жүзеге асырудың құралы болды.

Бұл саясатта елдер арасындағы мемлекетаралық қатынастардағы шиеленіс едәуір фактор болды. Бір мемлекет қақтығысқы тартылса, екінші мемлекетте тұрақсыздық қолдау тапты, бұл бағыттарда этникалық және конфессиональдық факторлар пайдаланылды. Мәселен, мемлекетаралық қатынастардағы шиеленіс Пакистан мен Қытайдың Солтүстік-Шығыс Индиядағы нага мен мизо сепаратизмін қолдатты. Иран мен Ирак осындай жолмен курд көтерілісшілеріне көмектесті, оларды азаттық жолындағы қозғалысын мемлекет арасындағы ойыншыққа айналдырды. Діни экстремизм экстремизмнің эволюциясы болып табылады, бүл жолда исламның тарихи преценденттерін, ішкі қайшылықтарды пайдаланады.

Ислам факторына назар аударғанда барлық дүниежүзілік діндер сияқты оның да бейбіт сипатта екенін естен шығармау керек. Мұндай жағдайда саяси экстремизм халықтардың ойынша елеңбеген, бүзылған құндылықгарға сүйенеді. Іріткі салуға дінді пайдалану саяси экстремизмнің мүддесіне ғана жауап береді. Қазіргі кезеңдегі шайырлы құндылықтар қалыптасқан діни құндылықгармен бәсекелестікке түсе алмайды, осы себептен келіп ситуация күрделене түседі. Ислам көп жағдайда белгілі бір саяси мақсатқа жету методы ретінде қолданылады: өмір сүріп тұрған системаға қарсы көңіл-күй тудыру үшін кейбір этникалық топтардың сепаратистік тенденцияларын пайдалану - түпкі мақсаты - өкімет басына жаңа саяси топтың келуін қамтамасыз ету болып табылады.

Казіргі кезеңде ғаламдану процессінің дамуы өлеуметтік қатынастар системасының толық бұзылуына әкеліп соғуда. Тероризм бұл жағдайда глобализация процессінің бір бөлігіне айналды, ол товарларды еркін орналастыру үшін, әсіресе наркобизнеске кең жол ашу үшін, террористік ұйымдар тармағын қүрады. Көптеген қайшылықгарды талдап көргенде олардың шығу себебі экономикалық болғаны байқалады.

Ислам факторының негізгі түйіні оның негізін түсінудің әртүрлілігінде болып отыр. Оның классикалық мысалы Осман империясындағы исламның қызметі мен оның одан әрі даму эволюциясы немесе Сауд Аравиясындағы исламның рөлі болып табылады. Бұл тенденцияның маңызды түстарының бірі саяси процесстердегі дін адамдарының ролі, яғни олардың мемлекеттің саяси құрылымына араласуы, саяси-қүқықтық мектепте басшылык атқаруы болып табылады. Өкімет системасына дін адамдарының саяси топтары, өздеріне моральдық және тәрбиелік функцияларды алып, көптеп араласса мемлекеттің мүддесін жүргізушіге айналады да, исламның нормаларының мемлекетке қажеттілігі онша қажет болмайтындығын тарих дәлелдеді. Соның бір дәлелі бүгінгі Египет. Мұнда XX ғасырдың 50-жылдарында ресми діни адамдар " Мұсылман-ағайындылар" қозғалысының экстремистік қанатынан бөлініп, "аль-Джихад", "ат-Такфир уа-ль хиджра" және "Хизбут-тахрир" сияқты саяси топтары оны сынады.(24)

"Аль-Джихад" ағымының идеологтарының бірі Фарадждың "Ұмытылған борыш" кітабы жөнінде сөйлеген сөзінде Египеттің үлы муфтийі бүл кітап еретикалық, хариджит бағытына жатады, Аллаға сену жолында үлкен күнә жасасада,ең бастысы адамның Аллаға шын берілуі деген пікір айтты. Осындай қорытындыны "Мұсылман-ағайындылар" партиясының теоретигі Мұхаммед аль-Газали де жасады.(25) Дегенмен региондардың өзіндік ерешеліктеріне байланысты әр елде исламның ықпалы әр түрлі екендігін естен шығармау керек.

XX ғасырдың 50-80 жылдары Египетте системаға қарсы экстремизм қанат жайды. Исламның "тотальдық" принципіне система ретінде негізделінген "Мұсылман-ағайындылардың" идеялык платформасы нанымды ғана емес, әлеуметтік тәртіп нормаларын, ішкі және сыртқы саясатты жүргізуді өздеріне алуға тырысты. олардан кейін "Туыстықтың" радикалды қанаты патриоттык ұйым" Ерікті офицерлермен" күресті және одан кейін басқарушы режимді системаға қарсы бағытта қалыптасқан деп А. Садаттың Кемп-Дэвид келісімін құптамады.

Түркиядағы исламның ерекшелігі туралы айтқанда елдің саяси ситуациясына ықпал ететін кейбір мығым элементтері туралы айтпай кетуге болмайды. Ол жекелеген радикалды элеметтердің лаицизм саясатына қарсы шығуы мен суфийлік фактордың абыржытушылығынан көрінеді. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченко лаицизм жақгаушылары мен исламистер арасындағы күрес шайырлы Түркияның саяси өмірінің бөлінбейтін бқлігіне айналды деп атап көрсетеді.(26)

Ал көрнекті түрколог К. Карпат түріктің саяси өмірінде үнемі саяси дағдарыстар жөнінде тезис енгізеді. Ол ел, ұлттық мәдениет және идеялық негіздер басқарылатын сырттан әкелінетін конституциялық модельдердің тез трансформациялануы мен заңдардың сәйкес келмеуі салдарынан елде тұқрақсыздық туындап отырады деген тұжырым жасайды. Түркияда қоғамның әртүрлігіне байланысты суфийзмнің факторы өте мығым. Әсіресе жас Түрік Республикасы қалыптасу жылдарында шейх, дервиш,мюрид титулдарын алып тастаған кезде өршіді.(27).

Тез қабылданған шешімдер мен радикалды шаралар кей бір жағдайларда кері нәтижелер берді: Соның бір көрінісі 1967 жылы Сулейман Хильми Тухиах қүрған сандчылар мен сулименчилер сектасы аса құрметтелетіндігі болып табылады. Туркияда көптеген әртүрлі бағыттағы ресми жөне ресми емес партиялар мен қозғалыстар әрекет етеді. Олар: "Үлы ислам майданы", "Исламдық жарылқау партиясы", "Исламдық тәртіп ошағы","Рефах (Благоденствие (","Сұр қасқырлар" партиясы, "Орташығыстық түрік одағы". Түркиядағы суфи орденінің саны 5 милионнан асады.(28). Қазіргі Түркиядағы жағдайға талдау жасайтын болсақ үш бірдей күшті тенденцияларға назар аударуға болады. Ол дамудың үш дәуіріне байланысты туындаған: османдық, ерте республикандық және соғыстан кейінгі кезең. Барлық кезеңде, исламның қоғамдағы роліне барынша қайшылықгы баға берсекте үш тенденцияда әрекет етуде.

Ливияда елдің қоғамдық-саяси климатын демократизациялауда лйвиялық басшылар, 1969 жылғы революциядан соң исламдык құқыктық-мемлекеттік доктринадан қоғамдық құрылым пен мемлекеттік құрылыста кейбір мәселелерде ауытқыды. Қоғамды қазіргі джамихирийлік системаға ыңғайлап, ливиялық басшылар жекелеген жағдайларда халифатты «енгізуге болады деп есептейтін хараджиттер позициясына жақындады. Ұлттық сана-сезімнің орнығу процессі діни исламдық рулық-тайпалық қүндылықтар негізінде қалыптасуда. (29). Ауғанстанда этникалық факторлармен қатар, конфессиональдың ішіндегі қақтығыстар едәуір роль атқарады. Ортодоксальдық емес бағыттағы Солтүстік альянсқа талибтер оппозиқия болуда. Талибтер консервативтік классикалык принциптерді қолдауда. Ресейлік шығыстанушы Л.Р.Полонская ауған мен үнді мұсылмандары арасындағы байланыстарды зерттей келіп, ХҮІІ ғасырда Индияның солтүстігінде Сеийд Ахмед Барлеви басшылығымен құрылған ваххабистер қозғалысының ауған мұсылмандарына үлкен ықпал еткенін дәлелдейді. Соңғы кезде Орталық Азия территорияларында "ваххабизм" қозғалысы әрекетінің жандануы өте қауіп тудырып отыр. Олар өз мақсаттарына жету үшін экстремизм мен террорды қолдануда. Орталық Азияда кең тараған көрініс— ваххабизм қалай дүниеге келді. Ваххабизмнің шығу тегі былай түсіндіріледі. Оның негізін салушы Мүхаммед Ибн Абдул-Ваххаб жас кезінде Мединада исламды окңған. Оның әкесі мен үлкен ағасы аты шыққан діни қайраткерлер болатын. Олар және оның басқа ұстаздары Ибн Абдул-Ваххабпен мұсылман шариғатының негізі туралы пікір алысты, Оған жас кезінен бастап сенімсіздікпен қарады. Ол ірі ислам қайраткерлерінің көзқарастарын жоққа шығаруға тырысты. Дін саласында ұстаздарына мұндай көзқарас барып тұрған айып болып табылады. Оның басқаларға Шындыққа барудың жеңіл жолын ұғындыруы көп адамдарды адастыруға ұшыратады. Ваххабистер сектасының негізін салушылардың үлкен қателіктерінің бірі мұсылман әулиелерін құрметтеуді олар пұтқа табынушылық деп есептеді. Джахилии уақытынан бері бедуин тайпаларының көпшілігінің пұтқа табынатындығын пайдаланып, ол өзінің уағыздауын солардың ішінде бастады. Бедуиндер Ибн Абдул-Ваххабтың ілімін қолдады. Ибн Абдул-Ваххаб қайта туындай бастаған ежелгі бедуиндық әскери традиция мен оған байланысты туындаған "Ардың әскери кодексіне" сүйенді. Бедуин тайпаларының арасында ислам пайда болғанға дейінгі қатынастарға сүйеніп, ол кез-келген саяси қарсыласты қүртып, мал-мүлкін тартып алу керек деп уағыздады. Сауатты мұсылмандар Исламның адамгершілік мәнін бұрмалауға жол бермей, Аравияда ваххабизмнің таралуымен күресті. Ибн Абдул-Ваххабтың тірі кезінде діни және саяси қайраткерлер бұл ағымның жеке мүддені көздейтінін түсінді.

Ваххабизмнің тамыры тереңде жатыр. Мүхаммед пайғамбардың тірі кезінде-ақ жалған пайғамбарлар пайда болған. Олар ер адам да, әйел адам да болды. Соның бірі Хунайф тайпасынан шыққан жалған пайғамбар Мусайлим Аль-Каззаб. Оның ізін куушы Мусайлим руынан шыққан принц Мухаммед Ибн-Сауд, онан кейін оның баласы Абдул-Азиз Ибн-Сауд. Олар "Исламды тазарту" идеясын қолдайды, ислам әулиелеріне және қасиетті пайғамбарға табынудан бас тартады.

Адамдардың сеніміне күмән келтіріп және олардың бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздікке үмітін жояды. Осылайша бұл ағым исламға қарсы ағым болып табылады. Оның үстіне бұл қозғалыс мұсылмандардың тура жолда ма, емес пе деген күдігін тудырады. Ибн Абдул-Ваххабтың үлкен ұстазы, Мұхаммед Ибн-Сүлейман өзінің оқушысына былай деп жазды: "Ибн Абдул-Ваххаб, мен саған Алла үшін өзінің көзқарастарыңды жиыстырып, мұсылмандарды масқараламауынды сұраймын. Басқа жолға түскен Алланың құдіретіне ілігеді. Егер ол Алланың іліміне қарсылық білдірсе, оны кәпір - деп барлық жақсылықтан айырады. Бірақ барлык мұсылмандарды бұлай атама, өйткені сенің өзің тура жолдан ауытқьдың. Тура жолға түс."(30). Бірақ бұл ақылды Ибн Абдул-Ваххаб құлағына ілген жоқ.

Ваххабизм тарихы осылайша исламды тазарту үшін күрес деген идеямен ХVП ғасырда дүниеге келген еді. Исламның бұл ағымы Сауд Аравиясының ауқатты бай семьялары қаржыландырып келді, ал ваххабист миссионерлері өз идеяларын насихаттау үшін дүниежүзінің барлық бөлігіне жіберілді. Алайда олар жергілікті жерлерде өкімет қолдаған ислам лидерлерінің қарсылығына ұшырады. Сондықтан да бұл ағымды тарату үлкен нәтиже бермеді. Жергілікті өкімет орындары ваххабист-радикалдардың әрекетін ішкі тұрақгылыққа қауіп төндіреді деп есептеді.Сауд Аравиясындағы ислам радикализмі басқарушы топтардың американдық ориентациясына байланысты туындап отыр. Атап айтқанда мұсылман топтары түбекте американ әскерилерінің болуын қаламайды, олар соған наразы. Осыған байланысты, 1994 жылы; қыркүйекте батысқа қарсы маргинальдық топтың лидерлері шейх Сальман аль-Ауд пен Сафар аль-Хавали тұтқындалды.

Исламның әртүрлі көріністерінде занды ықпал ететін екі тенденция міндетті түрде болады: ішкі және сыртқы. Онда исламның радикализациялануы және осы факторды ішкі, сыртқы күштердің саяси мүдделерінде пайдалануы болып табылады. Мұсылман қоғамында исламның күшті позициясының болуына байланысты діннің саяси топтарының позициясы, қоғамның децентризм мен корпоративтігі ретіндегі суфизм арасындағы және исламды реставрациялау мен исламды классикалық қалпында қалдыруды жақтаушылар арасындағы қарсылық ішкі фактор болып есетелінеді.

Сыртқы факторларға жататынның бірі елдің даму деңгейіне, әсіресе экономикалық дамуына байланысты. Ислам сыртқы агрессияға қарсы халықгы жұмылдыруға ыңғайлы механизм болып саналады. Ислам қандай формада көрінбесін өзінше уникальды, әр жағдайда бірінен бірі өзгеше, әрқайсысы бөлек-бөлек зерттеуді қажет етеді. Қазіргі кезеңде кейбір Батыс топтарының исламдык факторларды айыптауы жағдайды толық түсінбей, үстірт талдауынан, алып-қашты баға беруінен туындап жатыр.

Діни-саяси экстремизм аясында ислам фундаментализмі негізінде әрекет ететін экстремистік құрылым өте қауіпті болып есептелінеді. Қазіргі кезде террорлық құрылымдар системасында осы бағыттағы террористік ұйымдар басым, дүниежүзінің әр жерінде әрекет етеді. Ең белсенділері: "Мұсылман-ағайындылар" (Египет, Сирия, Сауд Аравиясы), "Хезболла"(Ливан), "Хамас" (Палестина, Израиль), "Қаруланған исламдық топ" (Алжир, Франция), "Аль-Джихад аль-ислам" (Иран), "Хизб-ут-Тахрир" (Ауғанстан, Сауд Аравиясы) және Усами Бен Ладен, Оджалан, Личо Джелли сияқты террористер.(ЗІ) Ресей террорлогы Ю. И. Авдеев: "Діни терроризм қазіргі кезде терроризмнің кең тараған түрі болып табылады, діни және ұлтшылдық ұрандарды пайдаланып,белгілі бір саяси мақсат қояды."-деп көрсетеді. Орталық Азия республикаларының заңдарында мемлекет алдында дініне қарамай азаматтардың бәрі тең қүқықты, барлық діни ұйымдар тең деп көрсетілген. Әсіресе соңғы кезеңде республикаларда көптеген діни бірлестіктер құрылуда, теологиялык оқу орындары ашылуда, қайырымдылық қызметтері кеңеюде. Дегенмен дінге бетбұрушылық қайшылықгарды да тудыруда. Ол әртүрлі дін тармақтарының өзіне адамдарды тартудағы іс-әрекеттерінен, шетелдік миссионерлердің өз қаржыларымен ықпал ететін аймақ үшін күресінен көрінеді. Шетелдік миссионерлердің әрекеті Орталық Азия мемлекеттерінің зандарына сәйкес келсе де, қоғамда келеңсіз орны бар.

Таяу және Орта Шығыстың бірқатар елдері Ресей мен ТМД елдерінің кейбіреулерінде орын алған азамат соғысын қолдайды, экстремистік бағыттағы ислам қозғалыстары оларға қаржылай көмектеседі. Информациялық көпшілік кұралдары (СМ) хабарлағандай традициялық емес христиан конфессия қызметтерінде радикалдық ислам идеясы тарай бастаған.

Атап айтқанда, Қазақстанда заңға қарсы ваххабизм идеясын таратуға әрекеттенген азаматтардың істеріне тоқтатылып, жолы кесілді және осы діни-саяси ағымның жолын куушылардың секта құруға ұмтылуына тиым салынды. Түркістанның 1500 жылдық мерей тойы қарсаңында оңтүстік аймақтарда экстремистик "Хизб-ут-Тахрир" ұйымының атынан әрекет еткен жасырын топ әйгіленді. Ары қарай тексеру барысында оның филиалдарының Кентау мен Тараз қалаларында бар екендігі айқындалды.(32). Олардан қару арсеналы, өздерінің мақсаттарын көрсететін листовкалар мен әдебиеттер табылған. Сонымен қатар осы мақсатты көздеген шетел миссионерлерінің әрекеттері де ашылды.

Соңғы жылдары ислам елдерінің халықаралық саясатта ықпалынық өскендігі байқалады, мұнымен ірі державалар амалсыздан келісуге мәжбүр. Әсіресе мына елдердің сыртқы саясаттағы амбициясы ерекше көзге түсуде: Пакистан, Иран, Сауд Аравиясы, Египет, Туркия және тағы басқалар. Өз қолдарына орасан зор қаржы жинақтаған олар әр түрлі бағыттағы ислам қозғалыстары мен басқа ислам мемлекеттеріне материальдық, қаржылай қолдау көрсетуде. Ол үшін мемлекеттік емес және қоғамдық қорлар, қайырымдылық (ұлттық пен халықаралық) ұйымдар қолданылады. Діни экстремистер үшін наркобизнес қаржы табудың кең тараған түрі, ол наркомафиямен байланыс орнатады.

Ауғанстанда 20 жылдан астам соғыс жүріп келеді, оның ең басты салдарының бірі мемлекеттің инфрақұрылымын барынша бұзуы болып табылады. 1978 жылғы Сәуір революциясы елде барлык антагонистік қайшылықгардың шиеленісінің шешілуі еді. Ауғаныстандағы жағдай өте күрделі де, шиеленісті де. Бұл күрделілік пен қиындық елдегі революцияға қарсы ішкі күштің Ауғанстан Демократиялық Республикасына қарсы әрекет етуіне әкеліп соқты. Азияда ислам эстремизмін кең таратушы басты күш —Ауғанстандағы " Талибан". Ауғанстандағы Жоғарғы Кеңестің қолдауымен 1992 жылы пешевар лагерінде 3000 адамнан "Талибан" қозғалысы құрылды. Бүл адамдар Пакистан қорғаныс Министрлігі мен молла Омар ұйымдастырған орталықтарда дайындықган өткен. 1996 жылы қыркүйекте талибтар Кабулды алған соң, " Талибан" қозғалысының басшысы молла Мохаммад Омар өз қозғалысының мәнін былай түсіндіреді: " Талибан" ауғандық моджахедтердің бірлестігі. Олардың Ауғанстандағы Жоғарғы Кеңестің қолдауымен 1992 жылы пешевар лагерінде 3000 адамнан "Талибан" қозғалысы құрылды. Бүл адамдар Пакистан қорғаныс Министрлігі мен молла Омар ұйымдастырған орталықтарда дайындықтан өткен. 1996 жылы қыркүйекте талибтар Кабулды алған соң, "Талибан" қозғалысының басшысы молла Мохаммад Омар өз қозғалысының мәнін былай түсіндіреді: " Талибан" ауғандық моджахедтердің бірлестігі. Олардың мақсаты: Шариатпен басқаруды Ауғанстанда күшейту; елден зұлымдық пен сенімсіздікті қуып шығу. Олар офицерлер емес, іс-әрекеттеріне қарағанда реформистерге жақындайды.

Бірақ олардың жүргізген іс-әрекеттері шариатқа мүлдем қарсы келеді. Өйткені шариаттың басты ілімінің бірінде былай дейді: " Еш кінәсі жоқ адамға шабуыл жасау- батырлық емес; ешқандай мәні жок бұл әрекетті-.ешнәрсе де ақтай алмайды, ол Ақірет күні жазасын алады. Батырлық - азаттықты, батылдықты және өзін-өзі қорғағанды ғана ерлік, батылдық дейді." (33). Өз мақсаттарында шариатты күшейтуді көздейміз деп әйгілегенімен талибандар өз мүдделеріне қарсы шықты.

"Талибан" өкімет басына келгелі бері елдің басына түскен ауыртпалықгы дүниежүзі түсінген еді.


<предыдущая страница | следующая страница>


Терроризм: туындауы, түрлері Ресей және тмд елдеріндегі терроризм

Одан кейін өткен талай ғасырлық тайталас, теке тіресті есептемегенде осыдан бес-алты жыл қол бұлғап, қоштасып кеткен XX ғасыр түгел дерлік капитализм мен коммунизм идеялары туғызға

1329.34kb.

14 12 2014
6 стр.


Лекция игрушек «Conflict: Терроризм»

«Conflict: Терроризм» локализованный фирмой «1С» action от компании Pivotal Games

17.29kb.

09 10 2014
1 стр.


Учебно-методический комплекс «Современный терроризм: сущность, причины, модели и механизмы противодействия»

Охватывает Латинскую Америку и Азию. Складываются международные связи террористов. Кроме того, терроризм превращается в фактор межгосударственного противостояния

28807.82kb.

14 12 2014
129 стр.


Что такое терроризм?

Терроризм идеология насилия и практика воздействия на принятие решения органами государственной власти, органами местного самоуправления или международными организациями, связанные

39.65kb.

13 10 2014
1 стр.


Терроризм и исламский фактор в Африке

Прежде всего, необходимо отметить, что события 11 сентября 2001 года, по мнению ряда российских и зарубежных экспертов, показали, что международный терроризм, которые всегда было п

87.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Терроризм угроза обществу
58.7kb.

13 10 2014
1 стр.


«Исламский фундаментализм и международный терроризм»
109.46kb.

13 10 2014
1 стр.


Терроризм- глобальная проблема мира
85.94kb.

15 12 2014
1 стр.