Перейти на главную страницу
Қазіргі кездегі терроризм адамзат баласына үрей мен қауіп төндіріп ғаламдық процесстердің біріне айналды. Қазіргі терроризм ұйымдастырылған құрылымы бар, өзінің қаржы жүйесі бар және бір қарағанда міндеті мен сақсаты мүлде басқаша болып көрінетін, көптеген террористік ұйымдардың қызметін үйлестіріп отыратын эксаумақтык штаб — пәтері бар бұқаралық сипат алып отыр. Терроризм мен экстремизм халықаралық интернационалдық сипат алып отырған жағдайда әлемдік қауымдастықтың аймақтық және ғаламдык қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырған осы құбылыспен күресте тек қана халықаралық үйлестірім тиімді болып табылады.
Терроризммен күресті үйлестіру жұмыстары халықаралық деңгейде көптен бері жүргізіліп келеді және бұл ретте, дүниежүзінде бүгінгі таңда терроризмге қарсы әрекет ететін айтарлықтай тәжірибе жинақталған. Осынау бай да, сонымен бірге пайдалы да тәжірибеден Террористік Интернационалмен дүниежүзілік қауымдастықгың антиттеррористік күресінен бірнеше өзекті-өзекті стратегияларды саралап шығаруға болады. Бүгінгі таңда ғаламдық ауқымда терроризмнің қауіп-қатеріне қарсы әрекет ететін институттың ең тиімдісі Антитеррористік коалиция болып отыр.
Дүниені селт еткізген Америка Құрама Штаттарында болған террорлық актіден кейін дүние жүзі бұл алапатқа қарсы әрекеттерді жүргізуге белсене кіріскен еді. 2002 жылдың наурыз-сәуір айларында Құрама Штаттары өздеріне қолдау білдірген 46 көпжақты декларациялар алды. Соның ішінде мұндай декларациялар Біріккен Ұлттар Ұйымы, НАТО, ОАГ, АНЗЮС тарапынан да болды.(і)
АҚШ-тың орталық командаваниесіндегі жауапкершілік аймағына 17 мемлекет 16500-ден астам әскери қызметкерін жіберді. 136 мемлекет түрлі формада әскери көмектерін ұсынды. 142 мемлекет террористерді қолдайды деп күдіктенген ұйымдардың активтерін тұқырту туралы жарлықгар мен заңдар шығарылды. 190 мемлекет мұндай шараны жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді. 11 қыркүйектен бастап 60-тан астам елден "Әл-Кайданың" 1000-ға жуық агенті тұтқындалды.(2)
Антитеррористік коалицияның әскери тактикасы сайып келгенде, Ауғанстандағы операцияларды жүзеге асыру барысында террористер базасына ракета - бомбамен аса дәлдікпен соққылар беруге ден қойды. Бүл жерде, американдықгардың негізгі тактикасы созылмалы да індеткен соғыс науқанына үрынбау болатын. Бүл ретте, барлық мақсат мейлінше мұқият ойластырылған аз мерзімді шалт қимыл операциясына негізделді.
НАТО-ның әскери күші жұрттың күткеніндей, антитеррористік коалицияның жауынгерлік өзегі болды. Кезінде, 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террористер шабуылы тұтастай альянсқа әскери шабуыл ретінде бағаланған болатын. Тарихта түңғыш рет 1949 жылғы ұжымдык қауіпсіздік туралы келісімнің ережесіндегі 5-бапқа жүгінім жасалды, онда НАТО-ның бір мүшесіне шабуыл жасалса, агрессор елдерге қарсы шара қолдану үшін альянсқа қатысушыларды міндеттеу көзделген болатын.(З)
Альянсқа қатысушылардың нақтылы әрекеті НАТО әуе күштеріне қарсы қорғанысы бақылауының 7 жүйесін, Шығыс Жерорта теңізіндегі НАТО-ның әскери-теңіз топтарын жандандыру және НАТО одақтастары мен серіктестерін талибтерге қарсы жүргізілетін әскери әрекеттерге жұмылдыру, сондай-ақ Ауғанстанның шаруашылығы мен қауіпсіздігін қалпына келтіру тұрғысында көрініс тапты.
АҚШ басшылық еткен Антитеррористік коалиция күштерінің Ауғанстандағы әскери акциясы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарында БҰҰ Жарғысының сай келетін шара ретінде бағаланды. Бұл кұжаттың 51-бабына сәйкес, егер БҰҰ-ның мүшесіне қарулы шабуыл жасалатын болса, әрбір мемлекеттің жеке-жеке немесе ұжымдық қорғаныс жасауына құқығы бар.
2001 жылдың қыркүйегі мен желтоқсаны аралығында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі БҰҰ-ның антитеррористік саясатындағы кейбір бағыттарды нақтылай түскен тағы да екі қарар қабылдады. Осыған орай, 2001 жылдьщ 28 қыркүйегінде БҰҰ террористік актілерді жүзеге асыруға бағытталған қаржы көздеріне немесе осындай қадамдарға дем беретін кез келген қызмет түрлеріне тосқауыл қоюға мемлекеттерді мүмкіндігінше шара қолдануға міндеттеді. Бұл қарарының жүзеге асуын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бақылап отыру үшін арнайы контртеррористік комитет құрылды.(4)
Қазіргі кезде адамзат баласының өміріне барынша қауіп төндіретін терроризмнің бір түрі ядролық терроризммен күрес туралы Конвенция қабылдауға дайындық жүргізілуде. Бүгінгі таңда терроризммен күресті жалғастыруда халықаралық және өңірлік ынтымақтастықты тереңдете түсу қажеттігін ОБСЕ басым бағыт ретінде қарастырып отырғанын атап өткен жөн.
Мәселен, осындай нәтижелі істердің бірі жаңағыдай ынтымақтартықгы тұрақгы түрде үйлестіріп отыратын формалды емес форум құру туралы келісім болды. ОБСЕ 2002 жылдың соңында-ақ алда атқарылар іс ретінде Терроризммен күрес Хартиясын қабылдауды жоспарлап, қабылдады. Сонымен континенталды қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететін құрылым ретінде ОБСЕ-нің қалыптасу тәжірибесін атап өтуге болады, оны Азия аймағында да үлгі тұту керек. Алматыда 2002 жылдың маусымында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөнінде өткен бірінші саммитте Кеңестің мөн-маңызы, ондағы ұйымдық шаралардың өзінше бедерлену жайы, бұл өңірге айрықща ден қоюдың қажеттігі туралы ой бөлісті.(5) Қазақстанда өтісізілген біріщиі АӨІСШК Саммиті азиялық континентте терроризмге қарсы әрекет етудің тиімді жүйесін қүру жолында айтарлықтай алымды қадам болғанын атап. көрсетуге болады. Бұл іс халықаралық астармен астасқанда тіптен айрықша мән-мағынаға ие болды.
АӨІСПІК Саммиті терроризмге қарсы евразиялық коалиция қалыптастырудың актісі болды. Азиялық елдер, осындай жоғары сенім деңгейінде, терроризмге қарсы күрес принципінің жолын ұстанатындықтарын тағы да дәлелдеді. Мәселен, Саммиттің қорытынды мақсаты- Алматы актісінде — АӨІСШК-нің мүше-мемлекеттері терроризмнің кез келген түрі мен көрінісін шүбәсіз және жалтақсыз айыптайтыныу сондай-ақ оны қолдау мен іштей мойындау да терроризмді тікелей әшкерелеуге дәрменсіздік ретінде айыпталатыны айтылды.(б)
Алматы Саммитінде қабылданған қорытынды актіге сәйкес, терроризммен күрес ішінара немесе кемсітушілік түрғыда емес, өзінің жаһандық білім-деңгейі жөнінен жан-жақгы да жүйелі жүргізілуге тиіс. Осы орайда, халықаралық терроризм бойынша бәрін қамтитын конвенцияның дайындалуына қолдау көрсетілуі игілікті іс. Осыған байланысты басқа да жағымды нәтижелерді атапетудің мәні бар. Атап айтқанда, АӨІСШК Саммиті Үндістан мен Пәкістан арасындағы қарым-қатынасқа орай Оңтүстік Азиядағы аөуалдың күрт ушыққан кезінде өткізілді және Алматыдағы кездесуден кейін Пәкістан президенті мен Үндістанның премьер-министрі "өздерінің жауынгерлік шешендіктерін" айтарлықтай бәсеңдеткенін бүкіл әлем байқады.
Қалай .дегенмен де, терроризммен күрес жөніндегі халықаралык ұмтылыстар өңірлік деңгейдегі күш қосулар мен антитеррорлық щараларсыз толық та, жеткілікті болмас еді. Бұл орайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Шанхай Ынтымақгастық Ұйымының (ШЫҮ) және Ұжымдық қауіпсіздік келісім Ұйымының қызметтерін баса көрсету қажет. Қазақстан тікелей қатысатын бұл ұйымдардың әрқайсысы қазіргі кезде толық дәрежеде халықаралық институттар бола қоймағанына қарамастан, өңірлік нығаюға ыкпал ететін ұйымдар ретінде әсер қалдырып отырғандарына қарамастан бүгінгі таңда бұл құрылымдар антитеррорлық статусын күшейту жолында мәнді де нақты қадамдар жасап отыр.(7)
Терроризм проблемасы- ТМД елдері ынтымақтастығының негізгі бағыттарының- бірі. 2000 жылы маусымда, Достастық елдер басшыларының Москва Саммитінде 2003 жылға дейінгі кезеңде халықаралық терроризммен және басқа да экстремистік көріністермен күрес жөнінде ТМД қатысушыларының Мемлекеттер бағдарламасы бекітілді, сондай-ақ Антитеррористік орталық құру жөнінде Шешім қабылданды.
ТМД-ның Антитеррористік орталығын (АТО) Достастық аясындағы нақгылы әрекет ететін антитеррористік институтқа айналдыру көзделді. Қазіргі кезде ол өзінің негізгі күшін талдамалы міндеттерді орындауға шоғырландыруда. Орталықтың басшылығымен нақгылы шаралар жүргізіліп жатқанымен, әзірше оның ұйымдастырушылық практикалық ахуалы жүйеленген тұлға таныта қойған жоқ.
Терроризммен күресте Достастық елдерінің қызметін ширататын "Біріккен антитеррорлық шараларды ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумағында ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы Ереженің" қабылдануы болмақ. ТМД-ның АТО-сы бұл қүжаттың жобасын әзірледі, қазір бұл жоба ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің эксперттері деңгейінде саралануда.
АҚШ пеи НАТО-дағы одақтастары және Антитеррорлык коалиция күштері Ауғанстандағы талибтерді басып-жаншыған соң, ШЫҰ-ның болашағына деген кәдімгідей шұбаланушылық байқалады. Алайда оған қарамастан, Санк-Петербургтегі 2002 жылы маусымда өткен кездесу ШЫҰ-ның болашағына қатысты пессимизмді сейілтті. (8) Осы саммиттің алдында ғана Ресейдегі Үндістан елшісінің ШЫҰ-ға кірудің болашағы зор екендігі жөнінде пікір білдіргендігін атап көрсетуге болады. Егер мұндай жағдай жүзеге асып, Үндістан бұл ұйымға қосылушылардың қатарын толықтыратын болса, онда ШЫҰ-ның евразиялық континентте аса қуатты қауіпсіздік құрылым болатынына күманданудың қисыны жоқ. Мұның өзі АСЕАН елдерімен қарым-қатынасты реттеуде жарқын болашағы белгі беріп отырған Оңтүстік-Шығыс Азияға қарай ШЫҰ-ның айтарлықтай қадам басуы болып табылады.
АҚШ-тағы 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық актіні айыптаған ең алғашқы болып Ресей болды: теракті жасалған соң бір сағаттан кейін тікелей эфирден елдің президенті Владимир Путин:" Нью-Йоркте болған жағдай ұлттық шеңберден шығып кетті, бұл бүкіл адамзат баласына, әсіресе цивилизациялық дүниеге тасталған шақыру (вызов) болып табылады"деп мәлімдеді(9)
Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев американ халқына көңіл айтты, терроризммен күрес қажет екенін атап көрсетті және АҚШ-тың терроризмге қарсы күресіне көмектесуте дайын екенін білдірді(Ю). Осы оқиғадан кейін Егемеді Қазақстан да өркениетті елдер қатарында терроризммен күресудің нақты шараларын белгіледі. Атап айтқанда, Қазақстанда "Қазақстан Республикасында терроризммен жөне басқа да экстремизм мен сепаратизм көріністерімен күрес жөнінде 2002-2003 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама" (Ю) қабылдады. Осыған сәйкес халықаралык терроризммен және экстремизммен күрес бойынша жақын және алыс шетелдермен өзара ықпалдасу жұмыстары жүргізілуде, біріккен ескерту шаралары қабылдануда. Алматы қаласында 2002 жылы сәуірде оперативті-тактикалық "Оңтүстік-антитеррор — 2002 жыл жаттығуының екінші кезеңі өткізілді. Сонымен қатар, 2002 жылы мамыр айында Астана қаласында ШЫҮ-ның "Бішкек тобының" отырысы болып, онда ШЫҮ-ның Аймақтық антитеррорлык құрылымын (ААТК) ұру келісілді.
Казақстан президенті Н. Назарбаев терроризммен күрес мемлекеттің халықаралық саладағы жүргізетін мәселелерінің негізгісіне айналғандығын атап көрсетеді. 2002 жылдың маусымында Атырау қаласында әуе терроризмі актілерінің алдын-алу шаралары бойынша кең қарымды "Дабыл" жаттығуы өткізілсе, шілде айында қазақстан-американдық біріккен "Баланс-Барыс" жаттығуы Капшағайда өтті. Бұған қоса, қазақстандық және ресейлік әскерилермен бірігіп Маңғыстау облысында өткізген Каспийдегі "Бейбітшілік- теңізі-2002 кең қарымды әскери жаттығуды атап етуге болады."(П)
Қазақстан Республикасында 1999 жылдың 13 шілдесінде Қазақстан Республикасында терроризмнің павйда болуына қарсы әрекетінің құқықтық және ұйымдастырушылық негізін анықтап берген "Терроризммен күрес туралы" заң қабылданды. Каазақстан аумағында терроризмнің пайда болуына қарсы әрекет тетігі арнайы заңнан басқа да заңдарға арқа сүйейді. Ол-Қылмыстық Кодекс заңы. 2002 жылдық -ақпанында еліміздегі Қылмыстық Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, онда террористік актілер мен ондай әрекеттерді жүргізгені үшін жауапкершілік күшейтілді.
Шекаралық аймақтардағы ахуалды түрақгандыруда Казақстанның көрші елдермен мемлекеттік шекараны делимитациялау процесінің мәні зор, Қазақстан мен көрші мемлекеттер арасындағы шекараны делимитациялау процесі 2002жылы толық аяқталды деп айтуға болады. Мемлекеттік шекараны жедел шептеу шаралары жүзеге асырылды. Мәселен, оңтүстіктегі шекаралық учаскеге қосымша бөлімшелер мен ҰҚҚ-нің Шекаралық қызметіндегі бөлімшелері, екі шекаралық отряд орналастырылып, оннан астам жаңа бақылау-өткізу пункттері,сондай-ақ қосымша блокпостылар қойылды.(12)
Ұлттық қауіпсіздіктің 2002-2005 жылдар аралығындағы шараларын жүзеге асыру Жоспарына сәйкес, халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы әрекет ету мақсатында шекаралық өңірлердегі таулы жөне шөлейт өңірлерде өзара әрекеттесуді үйлестіру үшін ҰҚҚ-нің Шекаралық қызметінің, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нің ішкі әскер бөлімшелерінің біріккен тактикалық жаттығулары түрақгы түрде өткізіліп түратын болды.
Осылайша терроризм проблемасы мен оны туындатушы органдар тарапынан айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Бүгінгі таңда Қазастанда терроризмге қарсы әрекет ететін түгас кешенді шаралар жасалып отыр деп сеніммен айтуға болады. Казіргі тарихтың кестесі мейлінше тығыз. Бұрындары жүзжьшдықгыр мен онжылдық тарға созылатын іс- бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір-бірімен ешқашанда кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Ал қазіргі кезеңде жаңа мемлекеттер мен одақтастар ай сайын бой көтереді. Олардың беделді болып орнығуы үшін санаулы-ақ жылдар қажет. Бұрынғысы бар,кейінгісі бар әлемнің барлық мемлекеттері халықаралык терроризммен бірігіп қимылдаса ғана жеңетініміз сөзсіз. Халықаралық қауымдастық ғаламдық терроризмнің төндірген қаупін, кең көлемді халықаралық коалиция қүрумен қарсы алды. Бүл терроризмге. қарсы кұресте үкіметтің барлық құралдарын, жоғарғы деңгейдегі дипломатияны, құқық қорғау органдарының барлык желісін қолданады, финанстықтергеу жүргізеді, соғыс қимылдарына дейін барады, қайырымдылық көмек те көрсетеді. Әйтеуір адамзат баласын терроризмнен, үрейден аман сақтаса болғаны.
ХХ-ХХІ ғасыр тоғысында терроризм дүниежүзілік тарихтың белгілі бір құбылысына айналды. Жоғарыда көрсеткеніміздей терроризм мен эстремизм ертеде-ақ пайда болған. Пайда болған күннен бастап-ақ әуел бастан бөлінген. Бірақ адамзат баласы өмірінің барлық жағына тигізетін ықпалы мен қатігездігі бүрын-соңды дәл кдзіргідей деңгейдей болған емес.
АҚШ-та 2001 жылы 11 қыркүйекте болған террорлық актілер дүниежүзінде күшті дүмпу тудырды, әрі оның салдары да адам естімеген жағдайға душар етті. Өйткені ол дүниежүзінің ең бай,ең демократиялы, ең өркениетті елінде жүзеге асты. Бүған қарағанда қүрбандығы, материалдық бүліншілігі аздау терактілер дүниежүзінің кез келген» - нүктесінде күн сайын болмаса да ай сайын жүзеге асып жатады. Қазіргі аумалы-төкпелі заманда терроризм күнделікті сұмдыққа айналып отырған жағдайда, онымен күрес көптеген мемлекеттердің ішкі және сыртқы саясатының негізгі проблемаларына айналып отыр.
Ішкі мемлекеттік және халықаралық деңгейде терроризммен күрес ұлттық үкіметтің, халықаралық органдар мен құрылымдардың басты назар аударатын мәселесіне айналуда. Бүл мәселенің маңыздылығы сонда көптеген халықаралық проблемаларды шешуде тероризмнің араласып кету факторының үдеп бара жатқандығы. Онсыз да күрделі саяси процестерді дүние жүзілік аренада шешуге тероризмнің араласуы қазіргі дүние жүзіндегі бүкіл саяси системаны абыржытады. Әрине кейбір саяси күштер тероризмді өз мақсатына пайдалануға тырысады. Әсіресе олар ғаламдық процесте пайдаланады, сондықтан дүние жүзі саяси процестің барлық жағына терроризм қауіп төндіреді.
Қазіргі кезде, бірқатар елдердің арнайы қызмет орындарының мәліметі бойынша, терроризм және экстремизммен айналысатын дүние жүзінде 100-ден асатын ірі террорлық ұйымдар бар. Жыл сайын жасалатын терактілердің саны жүздеп саналады, ал 2000 жылы олардың саны 1000-нан асқан(ІЗ). Оның үстіне соңғы кезде жасалынған терактілердің қатыгездігі, құрбанының көптігі көзге түседі.
Казіргі терроризм ұлт-азаттық қозғалыстың кейбір формаларымен байланысты. Сепаратистер де теракті жасауды жиі қолданады. Оның анық дәлелі-Солтүстік Ирландиядағы Ирландиялық республикандық армиясының (ИРА) және Испаниядағы ЭТА қызметі болып табылады(14).
Дүниежүзілік қауымдастық терроризммен және экстремизммен күресті үлкен тәжірибе жинақтаған. Бұл тәжірибе алуан түрлі, әр түрлі елдер мен аймақтарға тән өзіндік ерекшеліктері бар. Ол әртүрліліктер мемлекеттің құрылымының сипатына қарай, экономикалық, саяси және мәдени даму деңгейімен анықталады. Терроризмге қарсы әртүрлі елдер қолданатын тәсілдерге елдердің демократиялық даму деңгейі, ұлттық традициялар, оның тарихи тәжірибесі тікелей әсер етеді. Мемлекет терроризмге қалай жауап береді соған байланысты формасы мен төсілі анықталады.
Терроризммен күрестің аймақтық өзгешелігі бар. Таяу Шығыста, көптеген таяушығыс мемлекеттері зайырлы үкіметті құлатып, басқарудың исламдық формасын орнатуға тырысқан исламдық экстремизм мен терроризмге қарсы күреседі. Яғни бұл мемлекеттер халықтың басым көпшілігі мұсылман болса да өздерінің зайырлы жолмен дамуынан бас тартпайды. Сондықтан да бұл елдердегі Терроризммен күрес формалары европалық континеттегі формалардан мүлдем өзгеше.
Европа саяси билікке ұмтылмайтын, бірақ елдің ішкі өмірінде қорқыныш, үрей тудыратын, болашаққа деген сенімге күмән келтіретін, - халықтың ішінде абыржушылық тудыратын терроризммен күреседі. Террористер мемлекеттік саяси жүйені өзгертуге, терроризм мүддесіне сай идеологияны өзгертуге қысым жасайды. Сепараистер Европада терроризмді ұлт-азаттық ұранымен қолданады. Осы жағдай Солтүстік Ирландия мен Испанияда орын алған. Бүл жағдайда терроризмен күрес мемлекеттің түтастығын сақгау үшін күреспен ұласады.
Испания ондаған жылдар бойы терроризммен күресіп келеді. ЭТА дүниежүзіңдегі белгілі террорлық ұйымға жатады. Ол франкистік режимге қарсы белсенді күреске Баск ұлттық партиясының жастар тарапынан шыққан. 1939 жылы елде республикандық үкімет қүлағанға дейін БНП Испаниядағы баскілер түратын територияда автономдық үкіметті басқарды. БНП Испанияда 1976 жылға дейін зор беделді еді. Онан кейін жағдай өзгерді. 1969 жылы құрылған ЭТА Испанияда жүргізілген саяси реформаларды қолдамады. 1976 жылдан бастап ЭТД испан қоғамымен қайшылықта болды(15).
Бүрын испан қоғамы Франко үкіметі мүшелері мен оның кабинетінің арнайы қызметтер өкілдерінің өлтірілуін диктаторамен күрес деп -түсінетін. Енді елдегі ықпалды шенеуніктерді үрлау мен өлтіруді қоғам терроризм деп бағалайды.
Испанияның терроризммен күрес тәжірибесі дүниежүзілік қауымдастықгы қызықтырады. 1982-1996 жылдары Испания үкіметі терроризммен күресетін арнайы топтар құрды. Олар ЭТА-ның лидерлерің ұрлады, өлтірді. Испания терроризммен күресетін халықаралық ынтымақтастықты үлкен тәжірибе жинақтаған. Әсіресе Европалық Одақ шеңберінде ынтымақтастық кең дамыған. Бүл салада Испания Франциямен бірге әрекет етеді. Екеуінің ынтымақтастығы кейде заңдылықгы бұзуға дейін барады. ЭТА-ның лидерлерін күштеп, ашық құрту-осы террорлык ұйыммен күрестің бір формасы болып табылады. Көбіне ЭТА-ның басқарушы тобының барлығын құрту туралы жарияланады. Алайда бүл кееңде ЭТА тыныштанады, сонан соң қайтадан белсенді әрекетке көшеді. Испанияның саяси күштері, атапа айтқанда Баскі ұлттык партиясы, ЭТА-ны саяси процеске тартуға ұмтылады. ЭТА-мен ымыраласудың тағы бір жолы ЭТА-ның кейбір талаптарын орындауға ұмтылыс жасалады.
ЭТА 1999 жылы қыста "уақытша мәмлеге келу" тоқтатылды деп жариялады.- Бүл Испанияда қоғамының көп тобы паника ұрынған. Мұнан кейін ЭТА екі бағытта әрекет етті: оның ашық қанаты Испания мен Франция территориясында баскілердің тәуелсіздігн алуды жариялады,ал ЭТА-ның террорлық топтары терактілерді жүзеге асыра берді. Испания мен Францияда Испанияның кейбір провинциялары, Францияның Корсика, Бретень сияқты территорияларда ЭТА-ның террорлық актілерін қолдаған өрекеттер орын алды. Осы елге көп қауіп төндірді.
ЭТА-ның соңғы он жылдықгағы әрекеиттері испан қоғамында өзінің жақгастарын жоғалта бастағанын көрсетеді. ЭТА "мәмілеге келуді" тоқтатқан соң ЭТА-ның жүргізген терактілеріне қарсы елде оны тоқгатуды талап еткен демонстрациялар, митингілер өтті. ЭТА бүған ешқандай реакция көрсеткен жоқ. Алайда испан қоғамының барлық күштерін біріктірген бұл демонстрацияны қоғамның өзіне қатты ыкдал етеді. ЭТА идеологиясынан қоғам алшақтайды.
Испаңиядағы тероризм баскілердің ұлтшылдық-сепаратистік идеясымен қаруланған "Баскілер елі" Мадридтегі үкіметтен қазіргінің өзінде автономды әрекет етеді, ал баскі ұлтшылдары толык тәуелсіздікті талап етеді. Осылайша Испания мысалында терроризмнің қайнар көздерінің бірі бір территорияда тығыз тұратын этностардың өзін-өзі билеуге толық ұмтылуы болып табылады.
Израиль мемлекет болғалы бері террорзиммен күресуде. Мұнда жағдай өте күрделі. Бір кезде Ұлыбританиямен соғыса отырып, израилдықгар террорлық актіні көп қолданған. Енді Израиль Палестинамен қақгығыс кезінде жасалған терроризмге бірін-бірі айыптайды. Израиль жағынан террормен күрес құралдары: террористерге күтпеген жерден соққы беру тәсілі; жасалған терактіге кек қайтару; Израильдің террористермен ешқандай келісімге келмеуі; келіссөз жүргізбеуі; заложниктерді ұстаған болса да.
Ұлыбританияның Солтүстік Ирландиядағы тәуелсіздікке ұмтылған- Ирландиялық Республикандық армия терроризмне қарсы күресте көп тәжірибесі бар. Лондон пайдаланатын саяси төсілдер ИРА-ның топтарын ыдыратуды және Солтүстік Ирландияда тәуелсіздікті жақтайтындарды ашық саяси процеске тартуды көздейді. Бүл жерде Лондон ме Мадрид бір-біріне өте үқсас тәсілдерді пайдаланады. Олардың айырмашылығы террористермен күресетін күштің түрлёріне ғана байланысты. Лондон көптеген терроризммен күресетін арнайы бөлімшелер ашты: халықаралық терроризммен күресетін бөлім; Скотланд-Ярд-тың артитеррористік бөлімі; МИ-5 жөне басқалар. Лондон терроризммен күреске жылына 200 млн. фунт стерлинг жұмсайды.(іб)
Италия мен Германияның терроризммен күресте үлкен тәжірибееі бар. Мүнда XX ғасырдың 70-жылдарында солшыл күштердің экстремистік топтарының әркеттері жанданған еді. Осы мемлкеттердің территориясында "Красная бригада" және басқа террористік топтар әкетет етті.
Таяу Шығыста Израйльдан басқа терроризм Египет пен Алжирде басым. Соңғы онжылдықта Египетте 1992 жылдан кейін исламдык экстремизмнің шарықтау шегі туды, сондықтан мемлекет ішкі терроризммен аяусыз күрес жүргізіп келеді. Қазіргі кезде Египет түрмелерінде терроризм үшін сотталған 12 мың адам отыр. Елде терактілерді дайындап, жүзеге асырғандарды жазалайтын заңдар қаылданған. Елде 1982 жылы А.Садат өлтірілген соң осы күнге дейін әсер ететін төтенше жағдай енгізілген. Құпия қымет агенттері көптеген экстремистік ұйымдарға білдіртпей еніп кеткен.
Египеттегі терроризммен күрес тәсілдері негізінен күштеу, зорлау, болып табылады. Египеттің өзіндегі террористерді дайындайтын лагерлер дүниежүзілік ақпарат құралдарының мәліметі бойынща күш көрсету құрылымынан түрады. Көрші елдер, әсіресе Судан Таяу Шығыс пен Египетке террористер дайындайды. Террористердің қолынан соңғы кезде он мыңнан астам адам қаза тапқан. Египеттегі экстремистердің мақсаты Египеттегі зайырлы басқару режимін құлату және оның орнына теократия-ислам республикасын орнатуды көздейді(17).
Алжир экстремизммен және терроризммен белсенді күреседі. Осы елде террористер армиялық сипатта, сондықтан үкімет әскері көп жағдайда террористермен үрыс жүргізеді. Үкімет 1992 жылы арнайы декрет қабылдады. Онда қаруланған исламистер заңнан тыс, мемлекет оларды заң түрінде қолдамайды деп көрсеткен. Алжирдегі террористер әрекетінің кеңейгені сонша, соңғы он жылда 30 мың адам құрбан болды(18).
1999 .жылдан бастап елдің басына президент болып А.Бутефлик келді. Сонан бері үкіметтің терроризмге қарсы күресінде принципиалды өзгерістер болды: күресушілерге амнистия жарияланды, "Исламды құтқару армиясы" мен "Исламды құтқару майданы" мүшелерін жазалауды жеңілдетті. Үкімет зорлык толқынының өсуінің бір себебі елдегі әлеуметтік -экономикалық жағдайдың қиындығы, әсіресе жастардың жұмыссыздығы деп көрсетті. Алжирдегі террормен күрестің бейбіт құралдары өзінің нәтижесін беруде: елдегі жағдай біршама тұрақтанды.(19)
Көп жыл болды Үндістан терроризмнен жапа шегіп келеді. XX ғасыр' 80 жылдары сидх терроризмі жанданды олар Пенджабқа дербестікті гберуді талап етті. Террористер ұшақтарды, поезддарлды, көпшілік орындарда жарылыс ұйымдастырды, саяси қайраткерлерді, бизнесмендерді ұрлады, өлтірді. Терактілердің көпшілігін мемлекеттік өкімет орындарымен байланысты сидхилер жасады. 90-шы жылдары сидхы терордемі бәсеңсіді, алайда Кашмир штатында, Пакистанмен шекарада террористік актілер күшейіп кетті.
Үндістан үкіметі терроризммен күштеу методымен күреседі. Индира Ганди мен Раджиб Ганди террористердің оларға қарсы аяусыз жаза қолдануының жауабы ретінде өлтірілді. Үндістанда терроризммен күрестін қиындауы оның "әулие" діни сипатта жүргізілуіне байланысты. Террористер проблемаларды шешуде саяси құралдарға ұмтылмайды. Сондықтан Үндістан үкіметі терроризммен күресте күштеу методтарын қолданады.
Терроризммен және экстремизммен күрестің формалары мен тәсілдері туралы көптеген мысалдар келтіруге болады. Дегенмен соның ішінде мынандай қорытындылар жасаймыз:
-бірініпіден, терроризмен күресте тек күштеу методтарын қолданып қоюға болмайды. Оны басып тастаған соң, терроризм қайтадан жанданады-;
-екіншіден, тәжірибе көрсеткендей, таза саяси методтарда жеткіліксіз, терористік ұйымдармен үкіметтің жүргізген бейбіт келісімдері үкіметті әлсіз етіп көрсетеді де, терорды күшейтеді;
-үшіншіден, қазіргі" терроризм интернационалдық, ол бір елдің шеңберійде түйықталмайды. Сондықтан онымен күрес халықаралык сипатта болуы керек*. Осы себептен халыққаралық тернроризммен күрестің комплексті сипаты құптарлық болып табылады.
Дүниежүзілік қауымдастық терроризммен күресті тиімді және жүйелі жүргізеді. "Қырғи қабақ соғыс" жылдарында қарама-қарыс екі жақ экстремистік және терористік топтарды қаржыландырды, қаруландырды. Ол қарсы түрудың қүрамды бір бөлігі болып табылды. Ол кезде саясаткерлер экстремизм мен терроризмді "солшыл", "оңшыл".деп табына қарай бөлді. Қазіргі кеде осының нәтижесінің салдарын екі жақга сезуде. АҚШ та, Ресей де терроризмнің жою күшіне.тап келді. Сондықтан осы елдер бірігіп қазіргі терроризммен күресуі ,қажет. 11 қыркүйек 2001 жылы АҚШ-та жасалған терактіден кейін терроризммен күресте күш арасалмағы өзгерді. Дүниежүзілік қауымдастық антитеррористік коалиция қүра алды. Оған ислам мемлекеттері де кірді. Қазіргі кезде дүние жүзінің барлык мемлекеттері терроризммен күресті негізгі прблема деп санап онымен күресуде.
Одан кейін өткен талай ғасырлық тайталас, теке тіресті есептемегенде осыдан бес-алты жыл қол бұлғап, қоштасып кеткен XX ғасыр түгел дерлік капитализм мен коммунизм идеялары туғызға
14 12 2014
6 стр.
«Conflict: Терроризм» локализованный фирмой «1С» action от компании Pivotal Games
09 10 2014
1 стр.
Охватывает Латинскую Америку и Азию. Складываются международные связи террористов. Кроме того, терроризм превращается в фактор межгосударственного противостояния
14 12 2014
129 стр.
Терроризм идеология насилия и практика воздействия на принятие решения органами государственной власти, органами местного самоуправления или международными организациями, связанные
13 10 2014
1 стр.
Прежде всего, необходимо отметить, что события 11 сентября 2001 года, по мнению ряда российских и зарубежных экспертов, показали, что международный терроризм, которые всегда было п
25 12 2014
1 стр.
13 10 2014
1 стр.
13 10 2014
1 стр.
15 12 2014
1 стр.