№ 15 мектеп-лицейінің қазақ тілі пән мұғалімі
Оқушылар қолдарынан ұстап шеңбер құрып бастайды және Отанымызға, елімізге, туған жерімізге, халқымызға қатысты жақсы сөздерді естеріне алады.
1.«Мен орыспын - Астанада тұрғаныма мақтан етемін»
2.«Астана – менің сүйікті қалам»,
3.«Астана – жас қала»,
4. «Менің ұлттым – украин - Қазақстанның елордасы - Астанада тұрамын»,
5. «Астана – арман қала»,
6. «Астана – болашақты қала»,
7. «Мен чеченмін. Астанада көптеген ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді »,
8. «Астана – жаңа қала»,
9. «Астана – ғажап қала»,
10. «Астана – елімнің жүрегі»,
11. «Астана – әлем таныған, болашақты қала »,
12. «Астана- ғасыр қаласы»,
13. «Астана – жастардың қаласы»,
14. «Астана - елдің құт береке дарыған Ақордасы»,
15.« Мен кәріспін – Астана - келісім, бейбітшілік қаласы»,
16 «Мен азербайжанмын. Астана – менің туған жерім»
17 «Астана - қазақтың жүрегі»,
18 «Болашақ Астанадан басталады»
19 «Астана – әсем, сәулетті қала»,
20 «Астана – ару қала»,
21 «Астана - әлемдегі дара қала», «Астана – әсем, сәнді - қала »
22 «Астана қазір- Еуразия жүрегіне айналған қала»,
23 «Астана - Қазақстанның еңселі Елордасы»,
24 «Мен қазақпын. Астана –менің туғам қалам. Астана барда Қазақ елі бар».
Қазақ халқы «Астанаға қарап елін таниды» дейді. Әлем таныған туған қаламыздың тарихына қысқаша шолу жасайық.
Астана алғашында Есілдің оң жағалауында, Қараөткел бекініс ретінде бой көтерген. Бірнеше ғасыр бойы Қараөткел сауда-айырбас орталығы болған. Ал одан бұрын бұл жерде ғалымдардың есептеуінше, Шығыс Еуразияның ірі діни-мәдени орталығы және Ұлы Жібек жолының ошағы Бозоқ шаһары бір болған. Жыл сайын ұйымдастырылатын көктемгі жәрмеңкеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Ресейден, Орта Азиядан, тіпті Қытай мен Үндістаннан да саудагерлер жиналатын.
Уақыт өте келе Қараөткел Ақмола мекеніне айналды.
1961 жылы Ақмола қаласының аты Целиноград болып өзгертілді және ол республикамыздың бірнеше ірі облыстары кірген Тың өлкесінің орталығына айналды.
1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1997 жылы бұрынғы тыңның астанасы Ақмола қаласы Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның елордасы болып ресми жарияланды. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.
1997 жылғы 10 желтоқсанда Астананы ресми көшіруі жүзеге асты.
1998 жылы астана Ақмола қаласы Астана болып аталды.
Сол жылдан бастап, Астана әлемдегі саяси маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айнала бастады. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау - Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.
Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді.
Бүгінгі Астана - саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы, жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атты кітабының «Жаңа дәуірдің жаңа астанасы» деп аталатын бөлімінде: «Астана Еуропа мәдениетінен – прагматизмді, ал Шығыстан рухани дәлдікті мұра етіп алады. Таяу болашақта Астана Қазақстан Республикасының ірі саяси, мәдени және іскерлік орталығы, осы заманғы қаласы болады» - деген.
Астана - Қазақстанның маңызды мәдени және ғылыми орталығы.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың - Астана келбеті - ұлт келбеті екенін, Астанамыз қай жағынан қарағанда да кісі қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналсын, оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді. Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты, қайталанбас бейнесі бар қала туды.
Әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы.
Теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығы.
Бейбітшілік пен келісім сарайы
Әлем –
Әлі көрген жоқ,
Сөйтіп, барша қазақтың арманы орындалып, Қазақстанның тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи шешімімен Сарыарқа төсіне қонған, ХХІ ғасырға жаңа атаумен енген Астана дүниежүзіндегі сәулетті қалалардың біріне айналып келеді. Бүгінде қаламызда жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық – Қазақстанды және жаңа Астананы құрудың негізі. Біздің осы ерекше қасиетімізге Рим папасы назар аударған.
Расында да, Астана дегеніміз – ең алдымен адамдар. Астана өзінің тұрғындарымен асқақтайды. Біздің әлеуметтік мәселелері де өз шешімін табуда. Салауатты ғұмыр кешуі үшін жағдайлар жасалуда. Жаңа мектептер, емханалар, ауруханалар, бала-бақшалар, стадиондар ашылуда.
3 топ –
Астана қаласы қазіргі таңда ақиқатқа айналған арман қала, Тәуелсіз Қазақстанның киелі ордасы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тікелей бастамасымен бой көтерген жаңа ғасырдың сәулетті қаласы. Ірі ресми кездесулерді айтпағанда, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым саласындағы іс-шаралардың бәрі Астана қаласында өтеді. Сонымен қатар, әлем назарындағы Астанамыз алдағы уақытта бұдан да көркейе түсетініне сенеміз. Бұл қала келешекте де маңызды басқосулардың, ірі халықаралық шаралардың өтетін орталығы бола беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. Соның дәлелі 2017 жылы өтетін - ЕХРО –2017.
Париждегi Халықаралық Көрмелер Бюросының штаб-пәтерiнде Бас Ассамблеясында EXPO-2017 өткiзуге үмiткер қала ретiнде Астананың таныстырылымда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өз сөзінде: «Сан ғасырлық тарихы бар басқа қалалардан Астананың ерекшелігі, мұндағы барлық жетістіктер – жаңа және алғаш рет орын алып отыр», – деді. Астана Елбасының ерекше назарында», – деді. Көркейген, нұрланған Астананың одан әрі нығая, көркейе түсуіне аталмыш көрменің де ықпалы зор болмақ.
Астананың 20 бауырлас қаласы бар. Астанада барлық өкіметтік ұйымдар мен дипломатиялық елшіліктер, көптеген шет елдік мекемелер орналасқан. Соның ішінде Еуропа елінің – Француз елшілігі.
|
Тарихи деректерге сүйенсек қала Филлип Август королінің тұсында ғана өркендеп өсе бастаған. Қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған. Архитектуралық ансамбілдері ғасырлар бойы қалыптасты. Готика үлгісіндегі архитектуралық құрылыстардың дені Сита аралына шоғырланған. 13 ғ-да шіркеулер мен монастырьлар салына бастады. Нақ осы тұста атақты НотрДам де Пари қолға алынса керек. В.Гюго оны (Париж құдай аналарының соборы) деген атпен әлемге әйгілі етті.
Атақты Лувр 1204 жылы салына бастап, сол тұста 20 мың шәкірті бар Париж мектептері университет болып бірігеді, алғашқы университет 1629 жылы салынған.
Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени-гуманитарлық қатынастар соңғы жылдары ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан мен Франция арасында білім беру жөніндегі қатынастар да ойдағыдай дамып келеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қазақстанның көптеген жастары Францияның беделді жоғары оқу орындарында білім алып, қазіргі кезде ел экономикасының дамуына үлес қосып жатыр.
Астана Париж
Оқушылар екі жағына айырмашылықтарын, ал ортасына ортақ мәліметтерін жазып толтырады.
Сонымен көріп тұрсыздар:
- Астананың және Париждің символы бар - Бәйтерек пен Эйфель мұнарасы.
- Қаланың екеуі де өзен жағасында орналасқан, өзен сол және оң жағалауға бөліп жатыр.
- Астананың қала жоспары шуақты күн үлгісінде құрылған, Париждің қала жоспары шеңбер үлгісінде құрылған.
- Астана мен Париж әсем сәулетті қала.
- Астана – мешіттер. Париж - құдай аналарының соборы.
– Астана – жас қала, Париж – көне қала.
- Астананың климаты шұғыл континентті.
- Париж климаты қоңыржай, теңіздік.
Астанамыз сүйкімді,
«Жүректен жүрекке» - кезеңі. Әр оқушы өз аттарынан «Елімізде тыныштық болсын», «Әрқашанда бақытты болайық!» «Астанамыз гүлдене берсін!» «Астана жайнай берсін!», «Астана – арман, болашақты қалаға айналсын!», «Елбасымыз аман болсын!», «Астанам көркее берсін!», «Астана нұрлана берсін!», «Астана – әлемдік дәрежесіне өсе берсін!» деген сияқты тілектер білдіреді.
Біз Еуразияңың жүрегі - Астана қаласына саяхат жасадық. Астана жылдан-жылға көркейіп, асқақтай берсін! Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
15 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
14 10 2014
1 стр.
25 12 2014
1 стр.
17 12 2014
1 стр.