Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Тексерілді»

______________

Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Зақымдану ошақтарын барлау.

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зақымдану ошақтарын барлаудың негізгі міндеттерімен таныстыру.

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, БӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы.

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Құтқару жұмысына нелер жатады?

  • Жедел қалпына келтіру жұмысына нелер жатады?

  • Қираған ғимараттардағы зақымданушыларды құтқару қалай жүзеге асырылады?

  • Зақымданушыларға көрсетілетін медициналық жәрдемнің ұйымдастырылуы туралы айтыңдар.


б) Негізгі бөлім – 23 мин.

Зақымдану ошақтарын барлау.
Барлау АҚ күштерінің табысты әрекеттерін қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады.

Ол үздіксіз және белсенді жүргізіледі, оның мәліметтері нақты болуы керек.

Барланған мәліметтердің нақтылығы басқа деректерден алынған мәліметтермен салыстыру және жинақтау, мұқият зерделеу жолдары арқылы анықталады. Қайшы мәліметтер болған жағдайда ең бірінші кезекте радиациялық, химиялық, өрт, инженерлік, медициналық едәуір қиын ахуалды аудандарда қайта тексеру және қайта барлау жұмыстары ұйымдастырылады.

Барлау алға қойылған міндеттердің сипатына байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

Жалпы барлауды әскери бөлімдердің барлаушы бөлімшелері, байқау және лабораториялық бақылау пункттері, барлау ұшақтары мен тікұшақтары, өзен (теңіз) барлауының барлаушы буындары, темір жол көлігі, аудан, қала және халық шаруашылық объектілерінің барлаушы топтары жүргізеді.

Арнаулы барлауды радиациялық, химиялық, өрт сөндіру, инженерлік, медициналық және эпидемиологиялық барлау топтары жүргізеді.

Мәліметтерді іздеп табу тәсілдеріне байланысты барлау әуеден, өзеннен (теңізден) және жер үстінен барлау болып бөлінеді.

Барлаудың негізгі міндеттері:



  • жаппай және жай зақымданудың, табиғи апаттың, апаттар мен опаттардың пайда болу зардаптарына шалдыққан аудандарды, қалалар мен объектілерді анықтау;


  • бүліну, өрт шығу сипатын және жаппай зақымдану ошақтары мен оған жақын аудандардағы залалдану дәрежесін анықтау;

  • жылжу маршрутын, халық шаруашылығы объектілерінің жағдайын, қорғаныш құрылыстары мен зақымдану ошақтарындағы зақымданушыларға дәрігерлік көмек көрсету мүмкіндігін анықтау;

  • ауаның, судың, топырақтың мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерінің радиоактивті улағыш және бактериялық заттармен зақымдалуына лабораториялық бақылау мен тексеру жүргізу.

Барлау құрамалары өз міндеттерін бақылау және аспаптар көмегімен объектілерді тікелей байқау арқылы орындайды.

Түрлі өнеркәсіп объектілері, мекемелер, шаруа қожалықтары мүддесіндегі міндеттерді шешу үшін барлау топтары мен радиациялық және химиялық бақылау постары құралады. Олар объектінің барлаушы құрамаларын құрайды.

Барлаушы топтар қаланың сыртқы аймағындағы объект құрамалары орналасқан ауданда, қозғалыс жасау маршруттарында және зақымдану ошақтарындағы өз объектілерінде барлау жүргізеді. Сондай-ақ ол адамдардың, техника мен мүліктердің, азық-түлік пен ауыз судың радиоактивті және улағыш заттармен зақымдануын бақылау үшін тартылуы мүмкін.

Барлаушы топтың барлаушы буыны командир, барлаушы-дозиметрист, барлаушы-химиктен тұрады. Ол сүзгіш және оқшаулағыш газтұмылдырықпен, теріні қорғау құралдарымен, радиациялық және химиялық аспаптармен, дозиметриялық бақылау, қозғалыс жасау, байланыс құралдарымен, зақымданған учаске белгілерімен және басқа да қажетті мүліктермен қамтамасыз етіледі.

Радиациялық және химиялық бақылау постары объекті аумағы мен оған жақын жерлердегі әуе және жер үсті ахуалдарының өзгеріп отыруына, сондай-ақ қаланың сыртқы аймағында жұмысшылар мен қызметшілердің орналастыру орындарын да қадағалап отырады. Сонымен бірге, постарға зілзала апаттары болған аудандарда, ірі өндірістік апаттар мен опаттар болған орындардағы жағдайдың өзгеріп отыруына бақылау жасау жүктеледі.

Пост үш адамнан тұрады:



  • пост бастығы;

  • барлаушы-дозиметрист;

  • барлаушы-химик.

Пост сүзгіш газтұмылдырықпен, жеке қорғаныш құралдарымен, радиациялық және химиялық барлау, сәулеленуді дозиметриялық бақылау аспаптарымен, компас, сағаттармен жабдықталады. Бұдан басқа поста: бақылау журналы, бағдарлар сызбасы, хабарлау белгілерінің кестесі, дүрбі, хабарлау белгілерін беру, байланыс құралдары және басқа да қажетті мүліктер болуы қажет.
в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Барлауға қандай талаптар қойылады?

  • Барлау түрлері мен оны жүргізу тәсілдерін атаңдар.

  • Барлаудың негізгі міндеттері қандай?

  • Радиациялық және химиялық бақылау постарын тағайындау туралы, оның құрамы, міндеттері мен жабдықталуы туралы не білесіңдер?



Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________

Уақыты: 45 мин. Өткізілетін орны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зақымдану ошақтарын барлаудың негізгі міндеттерімен таныстыру

43.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Уақыты: 45 минут. Өткізілетін орны

Сабақтың тақырыбы: Сатық тұрыс. «Саптал», «Түзел», «Тіктел», «Еркін тұр», «Жинақтал» пәрмендерін орындау

24.27kb.

09 10 2014
1 стр.


Уақыты: 45 минут. Өткізілетін орны

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру

31.76kb.

15 10 2014
1 стр.


Такбир: Аллаху Акбар!

Аллахумма инни а’узу бикя мин азаби джаханнама уа мин ’азабиль къабр уа мин фитнатиль махйа уаль мамати уа мин шарри фитнати-ль-масихи-дадджаль

78.95kb.

08 10 2014
1 стр.


Қалалық байқауын өткізу жөнінде ереже өткізілетін уақыты

Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Астана қаласының жалпы білім беретін мектептер, гимназия, лицей, техникалық және кәсіптік лицей оқушыларының арасында Ұлттық Дель

52.38kb.

14 12 2014
1 стр.


Уақыты: басталуы 10. 30. Журналистерді тіркеу уақыты
24.7kb.

25 12 2014
1 стр.


Сценарийі өтетін орны: спорт зал Өтетін уақыты: 20 наурыз, сағат 11 30 1-жүргізуші: Губашев Ерик

Жүргізуші саны төртеу «Төртеу түгел болса төбедегі келеді» пайым ұстанымы бойынша

115.69kb.

16 12 2014
1 стр.


Күні: 16 наурыз 310 кабинет Уақыты: 9: 45 Өткізілетін сыныбы: 6 а жауапты мұғалім

Міне, бүгін сыныбымызда қалалық ашық сабақ өткізгелі отырмыз. Ашық сабаққа жақсы дайындықпен келіп, өз білім нәтижелеріңді көрсеткендерің, жақсы жауап бергендерің 10-күндікке қосқа

87.3kb.

17 12 2014
1 стр.