Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені

бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығы

ҚР Әділет министрлігінде 2009 жылғы 23 ақпанда № 5562 тіркелді

 

 



 

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті:

осы бұйрықты облыс, Астана және Алматы қалаларының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының назарына жеткізсін;

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.  

         3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Г. А. Ділімбетоваға жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  

 

Министр                                                                       Б. Сапарбаев



 

 

 



 

                                                                     Қазақстан Республикасы

                                                            Еңбек және халықты әлеуметтік

                                                                       қорғау министрінің

                                          2009 жылғы «28» қаңтар №29-ө бұйрығымен бекітілген

 

 



Учаскелік комиссиялар туралы

үлгілік ереже

 

 



1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ереже (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.



2. Осы Үлгі ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қалалық, астаналық, аудандық (облыстық, аудандық маңызы бар қалалық) атқарушы  орган;

учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық  жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия.

3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі - Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарымен ұйымдастырады.

4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

 

 



2. Комиссиялардың міндеттері мен  функциялары

 

5. Комиссиялардың негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) көрсету, оның атаулылығын арттыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу болып табылады.



6. Комиссиялардың негізгі функцияларына:

1) атаулы әлеуметтік көмек  алуға өтініш берген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу (бұдан әрі – тексеру);

2) тексеру жүргізуге қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қажет болған кезде тиісті органдарға сұрау салу;

3) атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш берушінің) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;

4) ұсынылған құжаттардың және/немесе тексеру нәтижелерінің негізінде атаулы әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі, немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытындыны дайындау жатады.

 

 



4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

 

7. Комиссия өз қызметін  өтеусіз негізде жүзеге асырады.



8. Учаскелік комиссиялар туралы ереже осы Үлгі ереженің негізінде әзірленеді, жергілікті өкілетті органдармен келісіледі және облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдармен бекітіледі.

9. Уәкілетті орган, ал ауылды жерлерде – кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкімі учаскелік комиссияның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайды (отырыс өткізуге арналған жеке бөлме, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз ету) жасайды.

10. Комиссияның құрамы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, кооперативтердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері, халықтың, ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдерінен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылады.

Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы бес адамнан кем болмайды тиіс.

11. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Үлгі ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауаптылықта болады.

12. Комиссия отырысының өткізілетін күні туралы өтініш берушіні хабардар етуді, отырыстың күн тәртібі бойынша ұсыныстар даярлауды, Комиссия отырысына қажетті құжаттар, материалдар мен оны өткізгеннен кейін хаттаманы рәсімдеуді комиссияның хатшысы жүзеге асырады.

13. Өтініш беруші Комиссияның отырысына қатыса алады.

14. Комиссия уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімінде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.

15. Комиссияның шешімдері оның құрамы жалпы санының үштен екісі  болған кезде заңды  болады. 

16. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда,  Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.



17. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш беруші онымен танысып, қол қояды.

18. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануына болады.

Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы №29-ө бұйрығы

49.61kb.

25 12 2014
1 стр.


2013 жылғы 12 тмыздағы №30 Ұлан ауданының әкімдігінің қаулысы

Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 17 тармақшасына сәйкес, «Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы»

11.34kb.

12 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекіту туралы

Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негізгі принциптері туралы ережені бекіту туралы»

196.66kb.

12 10 2014
1 стр.


«Денсаулық сақтау саласы кадрларының даярлаудан, біліктілікті жоғарылатудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы №691 бұйрығының, «Резидентура туралы ережені бекіту туралы»

154.92kb.

15 12 2014
1 стр.


Инвестициялық стратегия Өзгерістер мен толықтырулар

Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерін басқарудың негіз

264.98kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекеттік қызмет көрсетулердің үлгілік стандартын бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

102.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Мемлекеттік орман иеленушінің ормандағы өрт сөндіру станциясы туралы ережені бекіту туралы

Азақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-13 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

698.83kb.

25 12 2014
4 стр.


Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»

«Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 қаулысына өзгерістер енгіз

432.29kb.

15 10 2014
3 стр.