6 сынып-музыка пәні
Пән мұғалімі:Шынғысова Ш.М.
Тақырыбы: XX ғасырдағы кәсіби музыка өнері.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды XX ғасырдағы кәсіби музыка өнерімен,кәсіби композиторларымен және олардың шығармаларымен таныстырып мәдениетін көтеру.
2.Дамытушылық: Өнерге деген сүйіспеншіліктерін ,диапазонын кеңейтіп,есте сақтау,көру,есту,тыңдау сияқты қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: Кәсіби музыка өнердің ажырамас бір бөлігі екенін бағалай білуге,эстетикалық талғамын қалыптастыруға тәрбиелеу,өнерге қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ түрі: аралас.
Көрнекіліктері: бейнетаспа,композиторлардың суреті,ән тексті,аспаптар.
Сабақ барысы:
І.Үйымдастыру кезеңі (2мин)
ІІ.Үй тапсырмасын сүрау (10мин)
ІІІ.Жаңа сабақ (10 мин)
ІV.Музыка тыңдау (6 мин)
V.Ән үйрету (10 мин)
VI.Қорытындылау (3 мин)
VII.Үйге тапсырма (2 мин)
«XX ғасырдағы кәсіби музыка өнері»
І.Үйімдастыру кезеңі.
ІІ.Үй тапсырмасы.
-Үй тапсырмасын еске түсірейік.
-Ансамбль.Акколада.
-Ансамбль дегеніміз не?
-Акколада дегеніміз не?
-Ансамбль неше адамнан құралады?
-Оркестрден айырмашылығы неде?
-Акколада сызығын бейнелейік
-Неше түрі бар?
(ән «Желсіз түнде жарық ай» Абай.)
-өткен тақырыптарға шолу жасайық .
(тақырыпқа байланысты үш қатарға тақтаға сұрақтарды ілемін)
-Аталған шығармалардың авторын ата:
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
1.Руслан мен Людмила. Великан. Үйқыдағы ару.
2.Есенинге. Золушка. Ромео мен Джулетто.
3.Евгений Онегин. Аққу көлі. Тас туралы аңыз.
4.Щелкунчик. Өлілер аралында. Франческо да Римини.
5.Камаринская. Иван Сусанин. Иван Грозный.
-Осы аталған шығармалар қай елдің,қандай шығармаларына жатады?
-Орыс халқының кәсіби музыкасы.
-Кәсіби музыка дегеніміз не?
-Қандай шығармалар кәсіби музыкаларға жатады?
Енді,мен өздеріңе екі шығарманы тыңдатамын ,ал сендер оны өздерің айра білулерің керек.
( «Руслан мен Людмила», «Щелкунчик»)
-Бұл шығармалардың авторын атаңдар.
-Не жәйлі?
ІІІ.-Ендеше,бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз да осы тақырыптың жалғасы десек те болады .
Жаңа тақырыптың мақсаты: XXғасырдағы кәсіби музыка өнерімен,кәсіби композиторларымен және олардың шығармаларымен таныстыру.
Кәсіби музыка жалпы классика өнерінің құндылығы.
XX ғасырдың бас кезінде кәсіби шығармашылықта жеңіл,тұрмыстық вальс,полька,галоп музыкаларыжиі жазыла басталса керек.Көңіл көтеруге арналған жеңіл эстрада музыкасы осы жүйеде өріс алды. Әр елдің ұлттық кәсіби музыка өнері қалыптасты. Композиторлардың қатары өсе түсті.
Европа,Орта Аэия елдері мен Қазақстанда да кәсіби музыкам өнері жедел дами бастады.Қазақстандағы кәсіби музыка өнерінің негізін қалаушы А.Жұбанов сонымен қатар Е.Брусиловский,М.Төлебаев т.б.
Орыс халқында С.Прокофьев,Д.Шостакович,Д.Кабалевский,Свиридов.Сонымен қатар армения елінің композиторы Хачатурян,Арутунян,азербайжан елінің-Гаджибеков,өзбек елінің- Ашрафи .Кәсіби музыканттар дегеніміз тағы бар.Олар скрипкашылар,пианистер,флейтистер,домбырашылар ж.т.б.
Кәсіби музыкалық шығармаларды көбіне филармонияда,театр сахналарында тыңдауға болады.Ал біз ,осы шығармаларды, бүгін сабақ үстінде тыңдағалы отырмыз.
ХХ ғасырдың ірі музыка қайраткері Арам Ильич Хачатурян ұлттық кәсіби композиторлардың бірі.Оның көптеген шығармалары бар.
Енді осы композитордың керемет бір шығармасын тыңдап көрелік.
(«Спартак» балетінен «Қылыш биі»)
-Бұл шығарманы не деп атар едіңдер?
-Көз алдарыңа не елестеді?
-Неше бөлімге бөлуге болады?
-Ендеше не жәйлі екеніне назар аударайық.Бұл шығарма Хачатурянның «Спартак» атты балетінен «Қылыш биі»атты үзінді.
-Спартак жәлі не білесіздер?Ежелгі дүние тарихынан Рим империясы жәйлі өттіңіздер.
Біздің дәуірімізге дейінгі Рим империясында 73-71жылдарындағы тарихи оқиға.Хачатурян Спартактың ерлігін көптен бері өз шығармасында көрсеткісі келген келген екен.Спартак ежелгі тарихымыздағы ең жағымды кейіпкер.
Спартак ер жүрегімен бостандық үшін құлдардың көтерілісін үйімдастырған. «Спартак көтерілісі» халық арасында кеңінен таралып кетеді.1950 жылдары көп ізденістен кейін Хачатурян үш жарім жылға созылған балетін аяқтайды.Бұл балет ең алғаш рет Мәскеу қаласының филармониясында орындалады.Өз тіл хатында Хачатурян былай дейді:«Некоторые были удивлены выбором мною этой темы, упрекали за уход в глубь истории. Но мне кажется, что тема Спартака и восстания рабов в древнем Риме имеет в наше время огромное значение и большое общественное звучание. <...> Нужно, чтобы народы знали и вспоминали имена тех, кто еще на заре человеческой истории смело подымался против поработителей за свою свободу и независимость».
-Хачатурян не себептен «Қылыш биі» деп атаған ?
-Себебі сол заманның қаруы болған .
Енді шығарманы тағы бір рет тыңдап көріп ,бөлімдерге бөліп әр бөлімге тақырып беріп көрелік.
(тыңдау)
( оқушылар шығарманы тыңдай отырып сурет арқылы ойын жеткізу керек)
-Жетінші мамыр қандай мереке?
І қатар
1.Руслан мен Людмила. увертюра
2.Есенинге.
3.Евгений Онегин.
4.Щелкунчик.
5.Камаринская.
ІІ қатар
1.Великан.
2.Золушка.
3.Аққу көлі.
4.Өлілер аралында.
5.Иван Сусанин.
ІІІ қатар
1.Үйқыдағы ару.
2.Ромео мен Джулетто.опера
3.Тас туралы аңыз
4.Франческо да Римини.опера
5.Иван Грозный.
Сабағымызды қорытындылай келіп бүгінгі өткен тақырыбымызды қайталап жіберсек.
Бүгінгі өткен тақырыбымыз қандай?
Қандай композитормен таныстық?
Қандай шығарма тыңдадық?
Шығарманың мазмұны қандай?
Қандай пән аралық байланыста болдық?
Ендеше, бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларымызды бағалап жіберсек.
Үйге тапсырма: ХХ ғасырдағы кәсіби музыка шеберлері жәйлі оқулықтан оқу және тақы осы ғасырдағы шебер композиторладың аттарын атап келу.
Сонымен қатар интернет арқылы Ахмет Жұбанов жәйлі деректер жинақтау.