Перейти на главную страницу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
Бастауыш білім теория мен әдістеме кафедрасы
050102 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы үшін
ӨСКЕМЕН, 2005
Құрастырған: ОӘК кафедра
талқыланды
ОӘК институттың
әдістемелік комиссия
отырысында бекітілген Хаттама №3 17ақпан 2005ж.
ОӘК түйіндемесі
Ботаника өсімдік ағзаларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді. Бұл пән жануарлар және адамдар физиологиясы , гистология және цитология, жеке даму биологиясы мен салыстырмалы эмбриология, өсімдіктер географиясы және генетика пәндерін оқуға негіз болады.
Ботаникадан оқу-әдістемелік кешен педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі студенттеріне арналады./ Қурастырушы Ахмадиева Ж.К.-Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2005.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті,2005
1.1 Пәннің аты: _Ботаника және экология негіздері
1.2 Кафедра Бастауыш оқыту теория мен әдістеме кафедрасы
1.3 Оқытушының аты-жөні Ахмадиева Жанна Куанышевна
1.4 Қатыстық ақпарат: тел. 47-27-97, сабақ кестесі бойынша
1.5 Өткізу орны Бажов көщесі,7 ШҚМУ корпусы №2
1.6 Несиелер саны 1
1.7 Оқу жоспарынан көшірме
Оқу жоспарынан көшірме
Ку рс
|
Семе стр
|
Кре- дит
|
Лек-ция лар
|
Семи нар
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақы-лау түрі |
1 |
1 |
1 |
15 |
|
15 |
15 |
45 |
емти хан
|
-студенттерді өсімдік мүшесін құрайтын элементтермен, атқаратын қызметтеріне сәйкес вегетативті және генеративті мүшелердің ішкі құрлысымен таныстыру;
- ботаниканың қазіргі жетістіктеріне сай өсімдіктердің құрылысы, дамуы және өсу ерекшеліктерімен таныстыру;
- өсімдік морфологиясы эволюциясының негізгі бағыттарымен таныстыру;
- көбеюдің биологиялық мәнімен таныстыру;
- өсімдіктердің мерзімдік өзгерістерімен таныстыру.
№ |
Жұмыс түрлері |
Тапсырманың мақсаты мен мазмұны |
Ұсынылған әдебиеттер |
Орындалу ұзақтығы |
Балл |
Өткізу мерзімі |
Бақылау |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
Реферат |
Жеке тапсырмаларды орындауда өз бетімен жұмыс жасауды қалыптастыру |
Ұсынылған әдебиеттерден материалды жинақтау |
2-3 жұма |
15 |
5,6,7 жұмада |
Қорғау |
2. |
Зертхана лық сабақ |
Білім тексеруге бағытталған ағымдағы бақылау |
Ұсынылған әдебиеттер мен дәрістен материалды жинақтау |
Күнделікті |
5 |
Кесте бойынша |
Баяндама |
3. |
Бақылау жұмысы |
Дәріс материалдарын ұғуын тексеруге бағытталған бақылау. |
Ұсынылған әдебиеттер мен дәрістен материалды жинақтау |
1 жұма |
10 |
7 жұма да 14 жұмада |
Жазбаша есеп |
4 |
Аралық рубеждік бақылау |
Білім сапасын анықтау |
Дәріс пен зертханалық жұмыстарда жазған қорытындылар |
Дәріс жазбалары мен әдебиет терді үнемі оқу |
15 |
8,9 жұма да
|
Коллоквиум (ауызша сұрау) |
Негізгі әдебиеттер;
1. Ағелеуов Е., Дөненбаева К., Агитова К., Иманкулова С. Ботаника. өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы. Санат. 1998.
2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. Алматы, 2000.
3. Мухитдинов Н.М.,Бегенов А.Б.,АйдосоваС.С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. Алматы, 2001.
4. Мәкенова М. Ботаника курсының практикумы. Алматы, 2000.
5. Сыбанбеков К.Ж., Игісінова Ж.Т., Шаріпханова А.С. Өсімдіктер анатомиясы.ШҚМУ,2004.
6. Васильев А.Е. Ботаника. Морфология и анатомия растений.М:Просвещение, 1988.
7. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений.М., 1972.
Қосымша әдебиеттер:
8. Кудряшова З.И., Зубкевич Г.И. Курс лабораторнвх занятий по морфологии растений. Минск, 1970.
9. Курсанов Л.И. и др. Ботаника. Т.1,М., 1966.
10. Барыкина Р.П. и Др. Практикум по анатомии растений. М.,1978.
11. Тутаюк Х.А.Анатомия и морфология растений. М., 1972.
12. Лабораторные занятия по анатомии и морфологии растений. Новгород, 1992.
13. Бавтуто Г.А. Лабораторный практикум по анатомии и морфологии растений. Минск, Высш. школа, 1985.
15. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники, М., 1982.
16. Хржановский В.Г., Пономоренко С.Ф. Ботаника. М.,1972.
17. Рейвн П.И. и др. Современная ботаника. М., 1990.
18. Грин Н и др. Биология. М., 1990.
19. Киселева Н.С., Шелухин Н.В. Атлас по анатомии растений. Минск, 1969.
20. Федоров А.А., Артющенко В.Г. Атлас по описательной морфологии высших растений.М.,1975.
21. Серебряков И.Г. Экологическая морфология растений. М.,1957
22.Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высших растений. М., 1972.
23. Эзау К. Анатомия семенных растений. Т.1,2. М., Мир, 1980.
24.Одум Ю. Экология. 1986
25. Чернова Н.И. Экология. М. 1998.
26. Жуковский П.М. Ботаника. М.,1964.
27.Мұсақұлов Т. Ботаника. Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы. Алматы, 1975.
Бақылау нысаны |
Балл |
(дәрістерде және СОӨЖ шегіндегі сабақтарда жұмыс істеу) |
20 |
СОӨЖ шегінде семинарлық, лабораториялық сабақтарды жұмыс |
15 |
Шағын тексеру жұмыстары (шағын тест, ауызша сұрау, бақылау жұмысы) |
10 |
Реферат, баяндама |
5 |
Аралық (межелік бақылауды тапсыру) |
10 |
Қорытынды (емтихан) |
40 |
БАРЛЫҒЫ |
100 |
1.экспресс-отчет– 10 балл
2. Тест контроль – 10 балл
3 диктант, ауызша сұрау – 10балл
4 Реферат – 5 балл /әзірлеу-1 балл, мазмұны- 3 балл, баяндау-1 балл /
5 семинарлық, лабораториялық сабақтарды жұмыс 15 балл
- Сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.
- Сабақ барысында мұғалімнің сабақ өтуіне кедергі жасамау.
- Берілген тапсырмаларды өз мерзімінде орындау, кешігіп орындалған тапсырмалар (рефератпен бақылау жұмыстары) қабылданбайды.
Тақырып атауы |
лекциялар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
«Ботаника» курсына кіріспе.Курстың пәні, негізгі бөлімдері. |
1 |
1 |
1 |
Өсімдік жасушасы құрылымының жалпы белгілері. Ұлпаның жалпы сипаттамасы.Классификациясы. |
1 |
1 |
1 |
Тамыр және тамыр жүйесі. |
1 |
1 |
1 |
Өркен. Өркен жүйесі. |
1 |
1 |
1 |
Сабақ – өркен өсі, оныңфункциясы және құрылысы. Жапырақ |
1 |
1 |
1 |
Гүлдің құрылысы, шығу тегі, түрлері. |
1 |
1 |
1 |
Гүлшоғыры. |
1 |
1 |
1 |
Жемістің құрылысы мен классификациясы. |
1 |
1 |
1 |
Көбею. Көбею түрлері. Ұрықтану және тұқымның дамуы. Ұрық пен өскін. |
2 |
2 |
2 |
Өсімдіктің тіршілік формалары мен экологиялық топтары. |
5 |
5 |
5 |
Барлығы |
15 |
15 |
15 |
Тақырып 1. «Ботаника» курсына кіріспе. Пәні мен ботаника бөлімдері.
Курстың пәні, әдістері мен міндеттері. Ботаниканың даму тарихы. Ботаника бөлімдері. Ботаниканың басқа фундаменталды ғылымдармен байланысы.
Тақырып 2. Өсімдік жасушасының негізгі белгілері. Ұлпаның жалпы сипаттамасы және классификациясы Өсімдік жасушасы құралған қатты қабықшадан, протопласт және жасуша шырынына толы вакуольден тұрады. Протопласт құрамында мембранасыз, бір және қос мембраналы оргоноидтар болады. Жарықтың көмегімен көрсететін микроскоп арқылы жасушаның ядроны және пластидтерді анық көруге болады. Пластидтер өсімдік жасушаларында белсенді зат алмасу процесіне қатынасатын оргонелла болып саналады. Атқаратын қызметіне және түсіне қарай үшке бөлінеді: хлоропластар (жасыл түсті), хромопластар (сары-қызыл түсті), лейкопластар (түссіз). Пластидтер табиғатта бір-біріне айналып отыратындықтан, генетикалық тығыз байланыста болады.
Өсімдік жасушасының құрылымы, Биологиялық маңызы. Жасуша қабықшасы, функциясы мен маңызы. Жасуша аралық қуыстар. Шұрықтар. Жасуша қабықшасының жасалуы мен өсуі. Жасуша онтогенезі.
Түпкілікті ұлпаларды жасап, өсімдіктің өсуін қамтамасыз ететін жасушалар тобын түзуші ұлпа деп атайды. Түзуші ұлпа жасушалары ұсақ, төртбұрышты немесе, изодиаметрлі, тығыз орналасқан. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы қоймалжың. Вакуольдері аз болғандықтан, ядро жасушаларының ортаңғы бөлігінде орналасқан. Түзуші ұлпа өсімдікте орналасуы мен атқаратын қызметіне байланысты төбе, бүйір, қыстырма, жарақат меристемасы деп бөлінеді. Төбе меристемасы өркен мен тамырдың ұшында орналасып, мүшелердің ұзарып өсуін қамтамасыз етеді. Бүйір меристема қызметінің арқасында сабақ жуандайды. Қыстырма меристема буында орналасқан, буын арқылы өсіреді. Жарақат меристемасы өсімдіктің жарақат алған жерінде негізгі ұлпадан пайда болады. Жарақат меристемасының қызметінің негізінде жарақат жазылады.
Жабындық ұлпаның негізгі қызметі өсімдік мүшелерін сыртқы ортаның әсерлерінен қорғау. Шыгу тегіне байланысты алғашқы және соңғы жабындық ұлпалар кездеседі. Алғашқы жабындық ұлпа үлпекқабат деп аталады. Оның құрамында құрылысы, атқаратын қызметі әртүрлі лептесін, түктер және трихомдар, жұптасқан жасушалар, төмпешіктер, қозғаушы жасушалар кездесетіндіктен, үлпекқабат өте күрделі ұлпалар қатарына жатады. Олар алғашқы меристема- протодермадан жасалады.
Механикалық ұлпа жасушаларының ерекшелігі – жасуша қабықшасының сүректеніп, қалыңдауы. Жасушалардың пішініне, қабықшаның қалыңдау ерекшелігіне және орналасуына қарай колленхима, склеренхима, склереид деп бөлінеді. Колленхима - өсімдік мүшелерін үлпекқабатты астарлай орналасатын, жасуша қабықшасы әр келкі қалыңдаған тірі жасушалар. Көп жағдайда оның құралында хлоропластар болғандықтан зат алмасу үрдісіне активті қатынасады. Жасуша қабықшасының қалыңдауына қарай бұрыштық, тақталы, борпылдақ колленхима кездеседі. Қоректік заттарды өсімдік денесіне тарататын жасушалар тобын өткізгіш ұлпа деп атайды. Атқаратын қызметіне, жасушалардың құрылысына сәйкес флоэма және ксилема деп бөлінеді. Ксилема (сүрек) өсімдік тамырларына жер бетіндегі өркен бөлімдеріне жеткізетіндіктен жоғарғы ағыс жолы деп атайды. Ксилема трахея мен трахеидтерден тұрады. ксилеманы немесе ксилема бөлімі флоэманы қоршай орналасады. Радиалды шоқтың ксилема және флоэма бөлімдері кезектесіп, сәуле түзеді.
Негізгі әдебиет (1, 2, 3, 4,9,10, 19,20, 21)
Тақырып 3. Тамыр. Тамыр жүйесі. Тамырдың алғашқы құрылысын сору аймағынан айқын көруге болады. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысында сыртын қоршап жатқан ризодерма (эпиблема) қаптап жатады. Оның астында алғашқы қабық, орталық цилиндр орналасқан. Алғашқы қабық экзодерма, мезодерма, эндодерма қабаттарынан тұрады. Көптеген өсімдіктерде экзодерма бір қабатты, радиалды бағытта созылыңқы орналасқан. Мезодерма – дөңгелек пішінді, ірі және тірі паренхималық жасушалардың экзодерма мен эндодерма арасындағы көп жасушалы қабат. Оның жасушалары шеттен орталыққа қарай іріленіп, борпылдақтанып эндодермаға жақындағанда қайта кішірейіп, тығыздала түседі. Эндодерма – алғашқы қабықтың ең ішкі қабаты. Эндодерманың жасушаларының радиальды және көлденең қабырғасы белбеу тәрізді қалыңдаған, ол жасушаларды Каспар белдемшелі жасушалар деп атайды. Олардың арасында қалыңдамаған өткізгіш жасушалар болады. Өткізгіш жасушалар арқылы орталық цилиндрге қоректік заттар өтеді. Орталық цилиндрдің алғашқы қабаты – перицикл жасушалары. Орталық цилиндрде ксилема және флоэма кезектесіп радиальды шоқ құрайды.
Тамырдың соңғы анатомиялық құрылысы орталық цилиндрде камбий түзілуден басталады. Камбий ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларынан және ксилема мен флоэма арасындағы паренхима жасушаларынан жасалады. Олар радиалды және тангенталды бағытта бөліне келіп, екі аймақ бір-бірімен қосылады да ирек камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп ксилема мен флоэма арасындағы паренхималық жасушалардың ығыстыруының салдарынан радиалды шоқ ашық коллатералды шоққа айналады.
Орталық цилиндрдегі өзгерістермен бір мезгілде ксилема сәулесінің қарсысындағы перицикл жасушаларын феллоген түзіледі. Феллоген қызметінің нәтижесінде перидерма жасалып, алғашқы қабық орталық цилиндрмен байланысын жоғалтады. Алғашқы қабықтың өлген жасушалары жаңадан түзілген жас ұлпалар қысымынан айырылып, түлеп түседі. Тамырдың метаморфозы.
Негізгі әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,6,19,20,)
Тақырып 4. Өркен және өркен жүйесі. Жапырақ
Өркеннің жалпы сипаттамасы. Өркен элементі. Ұзарған және қысқарған өркен. Жапырақтың орналасуы. Өркеннің бұтақтануы. .
Жоғары сатыдағы өсімдіктер жапырағының анатомиялық құрылысы негізгі үш бөліктен тұрады. Олар: 1) жапырақ тақтасын үстіңгі және астыңғы бет жағынан қоршап жататын жабындық ұлпа үлпекқабат (эпидерма); 2) ассимиляциялаушы ұлпадан тұратын негізгі бөлігі – мезофилл; 3) мезофилл бөлігінде орналасқан өткізгіш шоқтар. Дорсовентральды жапырақтың үстіңгі бетінің үлпекқабат жасушалары астыңғы бетіне қарағанда ірі, түзу төрт бұрышты болады. Жапырақ тақтасының үстіңгі беті жарыққа бағытталған жағдайда лептестіктер негізінен астыңғы бетінде орналасады. Жапырақ тік бағытта өсіп, жарық екі бетіне бірдей түскен жағдайда лептесік екі бетінде болады. Қалқып жүретін су өсімдіктерінде лептесік жапырақ тақтасының тек үстіңгі бетінде кездеседі. Мезофилл бағаналы және борпылдақ ұлпадан тұрады. Жапырақтары өткізгіш шоқтар әдетте тұйық коллатералды. Қылқан жапырақтың үлпекқабаты өте қалыңдап, оның астында жабындық ұлпаның бір түрі – гиподерма бар. Мезофилл гиподерманың ішкі жағында орналасады. Жасушалары біркелкі және қабықшалары қатпарлы болады. Қылқанның ортаңғы бөлігінде өткізгіш шоқ мезофиллден эндодерма арқылы бөлініп жатады.
Тақырып 5 Сабақ, оның құрылысы
Сабақтың анатомиялық алғашқы құрылысында зерттелген кезде қос жарнақты өсімдіктер сабағында үш бөлімді айқын көруге болады: алғашқы қабық, орталық цилиндр, өзек. Алғашқы қабық бөлімінде колленхима, паренхима және эндодерма болады. Сабақтың сыртын өң (эпидерма) қаптап жатыр. Эндодермада крахмал жинақталатындықтан, оны крахмал қынабы деп те атайды. Дара жарнақты өсімдіктерде эндодерма анық көрінбейді. Өң астын қаптарлай склеренхима қабаты орналасқан. Орталық цилиндірдің алғашқы қабаты – перицикл жасушалары. Қос жарнақты өсімдіктерде сосуд-талшық шоқтары шеңбер бойымен орналасса, дара жарнақтыларда сабақ бойында түзу спираль түзе орналасады. Өң қабатынан өзекке қарай шоқ көлемі үлкейтіп, саны азая түседі. Өзек бірыңғай паренхима жасушаларынан тұрады. Қос жарнақты өсімдік сабағында камбий жасушаларының қызметі нәтижесінде соңғы құрылыс түзіледі. Орталық цилиндірде камбий шоқ ішілік және шоқ аралық прокамбийден пайда болып, бөліне келіп бір-бірімен қосылып, камбий сақинасын түзеді. Сөйтіп, сабақтың алғашқы анатомиялық құрылысындағы түйық коллатералды шоқ ашық коллатералды шоққа айналады. Орталық цилиндірдегі өзгерістермен бір мезгілде алғашқы қабықтың эпидермис астындағы паренхима жасушаларынан феллоген түзіліп, оның қызметінің нәтижесінде тоз, феллоген, феллодерма қабаттарынан тұратын соңғы қабақ – перидерма жасалады. Алғашқы қабық өліп, түлеп түседі. Ағаш тектес көп жылдық өсімдіктер сабағы жай көзге анық көрінетін үш бөлімнен – қабық, сүрек, өзектен тұрады. Камбийдің ұзақ мерзімге созылған қызметінің нәтижесінде жылдық сақиналардың түзілуі, өткізгіш элементтерінің сүректенуі және соңғы жабындық ұлпалардың пайда болуы көп жылдық сүректі өсімдіктердің сабағын қалыптастырады. Көп жылдық сабақ перидермасын қалың қабатты қыртыс (ритидом) алмастырады. Сабақтың негізін ксилема элементтері мен сүрек талшығынан (либриформ) тұратын сүрек бөлімі құрайды. Қылқан жапырақты өсімдіктердің сүрегі біртекті, су өткізумен қатар механикалық қызмет атқаратын трахеидтер мен паренхима жасушаларынан тұрады. Сабақтың жалпы сипаттамасы, құрылысы мен функциясы. Сабақ морфологиясы.Сабақтыңалғашқы және соңғы анатомиялық құрылысы. Қос жарнақты ағаш өсімдіктері мен қылқан жапырақты ағаштардың сабағының құрылысы. Специализациялану мен өркен метаморфозы.
Әдебиет (1, 2, 3, 4, 19,20,21)
Тақырып 6. Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі.
Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі. Морфологиялық әртүрлілігі. Гүл қоршауы,оның құрылысы мен биологиялық маңызы. Гүл симметриясы,Гүлде аталықтың орналасу ерекшелігі, оның құрылысы. Аталықтың шығу тегі мен дамуы. Микроспорогенез. Тозаңның морфологиясы..
Аналықтың құрылысы, шығу тегі. Гинецей, гинецей түрлері. Мегаспорогенез, ұрық қалтасының дамуы.
Тозаңдану. әртүрлі тозаңдануға бейімделу. Ұрықтану және тұқымның дамуы. Қосарлы ұрықтану. Ұрық пен эндоспермнің дамуы. Тұқымның құрылысы. Тұқым түрлері. Тұқымның өнуі. Дара және қос жарнақты өсімдіктердің өскіні.
Әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,6,7,10,14,16,18)
Тақырып 7. Гүлшоғыры
Гүлшоғырының жалпы сипаттамасы. Классификациясы және биологиялық маңызы.
Әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,6,7,10,14,16,18)
Тақырып 8 Жемістің құрылысы мен классификациясы.
Жемістің құрылысы мен биологиялық маңызы. Жемісті классификациялау ерекшеліктері. Жемістің таралуы.
Әдебиет (1, 2, 3, 4, 10,13,16,11,13, 21)
Тақырып 9. Көбею. Өсімдіктердің көбею әдістері.
Көбею туралы жалпы мағлұмат. Көбею түрлері. Вегететивті көбею әдістері. Спора арқылы көбею. Жынысты көбею. Ұрпақ алмасуы мен ядро фазаларының ауысуы туралы түсінік. Тұқым арқылы көбею.
Әдебиет(1, 2, 3, 4, 19,20, 24, 27, 26, 28)
Тақырып 10. Өсімдіктің тіршілік формалары мен экологиялық топтары.
Өсімдіктердің экологиялық топтары.Раункиердің тіршілік формалары. Шөптесін өсімдіктердің Серебряков ұсынған тіршілік формалары. Мерзімдік және жастық өзгерістер.
Тақырып 1 Өсімдікпен жұмыс жасау ерекшеліктері. өсімдік жасушасының құрылысы.
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Микроскоп құрылысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау, жұмыс жасап жаттығу.
2.Пияздың жұқа қабықшасынан уақытша препарат жасап, кіші және үлкен ұлғайтқышпен объектіні қарау.
3.Қараған объектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жаз.
4.Қорытынды. Микроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.
Тақырып 2-3. Өсімдікпен жұмыс жасау ерекшеліктері. өсімдік жасушасының құрылысы. Ұлпаның құрылысы мен функциясы
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Микроскоп құрылысымен танысып, оның бөлімдерін есте сақтау, жұмыс жасап жаттығу.
2.Пияздың жұқа қабықшасынан уақытша препарат жасап, кіші және үлкен ұлғайтқышпен объектіні қарау.
3.Қараған объектілердің суретін салып, тиісті белгілерін жаз.
4.Қорытынды. Микроскоптың құрылысы мен жұмыс істеу тәртібін және уақытша препарат дайындау әдісін меңгеру.
5.Микроскоп арқылы дара және қосжарнақты өсімдіктердің (қазтамақ, құртқашаш) жапырағының үлпекқабатының тұрақты препараттарын зертте. Үлпекқабат жасушаларының ерекшеліктерін атап көрсет.
6.Жапырақтың көлденең кесіндісінен жасалған препараттан лептесік аппаратын қарастыр.
7.Қазтамақ және традесканция жапырақтарының үлпекқабатынан уақытша препарат дайындап, микроскоп арқылы лептесіктердің орналасу ерекшеліктері мен түктерінің құрылысын анықта.
қорытынды жаз.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 4. Тамыр морфологиясы мен анатомиясы. Тамыр жүйесі
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Теориялық материалды талдау.
2.Жас өскін тамырынан уақытша препарат дайындап, препараттан тамыр аймақтарын және жасушаның ерекшеліктерін қарастыр. Дайын микропрепаратпен салыстыр.
3.Құртқашаш тамырының дайын препаратын микроскоппен зерттеп, алғашқы құрылыстағы ұлпалар ерекшеліктерінің атқаратын қызметіне байланысын түсіндір.
4.Тамыр аймақтарының және тамырдың алғашқы құрылысының суретін сал.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 5. Өркен. Өркен жүйесі.
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Өсімдік өркенін зерттеп, элементтерін анықта.
2.Ұзарған және қысқарған өркен құрылысындағы ерекшеліктерді анықта.
3.Өркеннің бұтақтануын қарастыр.
4.Бүршіктің құрылысын қарастырып, сабақта орналасуын қарастыр.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 6-7 Жапырақ морфологиясы мен анатомиясы.
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Шайшөп жапырағының микроскоптың кіші және үлкен ұлғайтқыш арқылы зерттеп, ұлпалардың жапырақта орналасу ерекшелігін анықта. Үстіңгі және астыңғы үлпекқабат жасушаларынын салыстыр.
2.Кәдімгі қарағай қылқанының тұрақты препаратын кіші ұлғайтқыш арқылы зерттей келіп, жапырақ пен қылқан құрылысы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды анықта.
3.Шайшөп жапырағы мен қарағай қылқанының суретін салып, белгілерін қой.
4.Қорытынды.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 8 . Гүлдің құрылысы.
Зертханалық сабақ жоспары:
1.Өсімдік қаттамасынан гүлдің құрылысымен танысу.
2.Шынықтырылған әртүрлі өсімдік және бөлме өсімдіктерінің құрылысымен танысу.
3.Гүлдің құрылысының суретін сал.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 9. Гүлшоғырының құрылысы және классификациясы.
Зертханалық сабақ жоспары:
1. Өсімдік қаттамаларынан моноподиалды бұтақтанған ботрикалық гүлшоғырымен танысу.
2. Өсімдік қаттамаларынан цимозды гүлшоғырының ерекшеліктерімен танысу.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 10. Жемістің құрылысы мен классификациясы.
Зертханалық сабақ жоспары:
1. Табиғи материалдан жемістің құрылысымен танысып, төмендегі топтарға бөл: 1) қақырайтын құрғақ жеміс, 2) қақырамайтын құрғақ жеміс, 3) бір тұқымды шырынды жеміс, 4) көп тұқымды шырынды жеміс.
2. Жалған жеміс түрлерімен танысу.
3. Жеміс түрлерінің суретін салып, белгілеулерін қой.
Ұсынылған әдебиеттер 1,5,7,12
Тақырып 11. Көбею. Өсімдіктердің көбею әдістері.
1Көбею туралы жалпы мағлұмат.
2Көбею түрлері. Вегететивті көбею әдістері.
3 Спора арқылы көбею.
4Жынысты көбею. Ұрпақ алмасуы мен ядро фазаларының ауысуы туралы түсінік.
5Тұқым арқылы көбею.
Әдебиет(1, 2, 3, 4, 19,20, 24, 27, 26, 28)
1Өсімдіктердің экологиялық топтары.Раункиердің тіршілік формалары.
2Шөптесін өсімдіктердің Серебряков ұсынған тіршілік формалары. Мерзімдік және жастық өзгерістер.
Әдебиет (1, 2, 3, 4, 5,8,9,1,11,12,15,16,19,20,)
Зертханалық сабақтарды өткізуге арналған әдістемелік нұсқау:
Зертханалық сабақтарды өткізуге толық нұсқаулар ұсынылған әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас бұрын сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден теориалық материалмен танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде қорытынды жазып, суретіт салу керек. Оқулықтағы тақырып соңында берілген сұрақтарға жауап бер.
Тақырып 1. «Ботаника» курсына кіріспе. Ботаника пәні, оның бөлімдері.
Сұрақтарды оқып, қысқаша жаз.
1. Қысқаша даму тарихы.
2. Ботаниканың басқа фундаментальды ғылымдармен байланысы.
3. Ботаниканың жеке бөлімдерінің дамуына үлес қосқан ірі ғалым – ботаниктер.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,16,19,20)
Тақырып 2. Өсімдік жасушасы құрылымының негізгі белгілері.
1. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысының ерекшеліктерін анықта, суретін сал.
2. Жасушалы құрылыстың биологиялық маңызы.
3. Жасушаның пішіні мен көлемі
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,8,9,10,11,12,15,16,19,20)
Тақырып 3. Ұлпа.
1.Бүршіктің сызбанұсқасын салып, онда бой конусын, жапырақ бастамасы мен қолтық бүршікбастамасын көрсет.
2. Қос және дара жарнаты өсімдіктің үлпекқабатының жасушаларының суретін салып, ерекшеліктерін көрсет.
3 Схеманы толтыр
өткізгіш ұлпа түрлері |
элементтері |
Жасуша құрылысындағы ерекшеліктер |
Атқаратын қызметі |
5. Органикалық заттарды қорға жинаушы ұлпа.
6.Колленхиманың бірнеше жасушаларының суретін салып, белгілеулерін қой.
7.Колленхиманың түрлерінің ерекшеліктерін анықта.
8.Сүрек талшығы мен склереиданың суретін сал.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,10,12,15,16)
Тақырып 4. Тамыр. Тамыр жүйесі.
Төмендегі сұрақтарға жауап бер:
1. Тамыр түрлері.
2. Дара жарнақты өсімдік тамырының құрылысы.
3. Қос жарнақты өсімдік тамыр жүйесі.
Қысқаша конспектілеп, тамыр түрөзгерістерінің суретін сал:
1.Тамыр түйнегі.
2.Ауа тамыр.
3.Бағана тамыр.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10)
Тақырып 5. Жапырақ - өркеннің бүйір мүшесі.
1Сұрақтарға жауп тауып, жай және күрделі жапырақтың суретін сал:
1. Жапырақ морфологиясы.
2. Жай және күрделі жапырақ.
3. Жапырақтың анатомиялық құрылысы.
4. Жапырақ онтогенезі.
5Жапырақ метаморфозымен танысып, суретін сал:
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10)
Тақырып 6. Өркен метаморфозы.
Жер үсті және жер асты метаморфоздарын салыстыр, суретін сал.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,10,12,15,16)
Тақырып 7. Шөптесін және ағаш өсімдіктерінің сабағының құрылысы.
Төмендегі сұрақтарға жауап бер:
1. Сабақ морфологиясы.
3. шөптесін және ағаш һсімдіктерінің сабақтарының құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тап. Жылдық сақина деген не?
Тақырып 8. Қылқан жапырақтылардың сабағының құрылысы.
Қылқан жапырақтылар мен ағаш өсімдіктерінің сабағының құрылысындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды туып, қысқашажаз.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,9,10,12,16,17)
Тақырып 9. Көбею. Көбею түрлері
Салыстырып, қорытындысын кестеге толтыр. Ауызша жауап беруге дайындал:
Көбею түрлері |
Ерекшелігі |
Көбеетін өкілдер |
Тақырып 10. Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі.
Сұрақтарға қысқаша жауап бер:
1. Гүлдің құрылысы, функциясы мен шығу тегі.
2. Гүлдің морфологиялық әртүрлігі.
3 Гүлқоршауы, оның құрылысы мен биологиялық маңызы.
4. Гүлдің симметриясы..
5.Аталықтың гүлде орналасуы және құрылысы.
6.Шығу тегі мен дамуы.
7Тозаң құрылысы.
9.Тозаңдануға бейімделу..
10. Жеміс жапырақшасының ерекшелігі мен шығу тегі.
11. Гинецейдің түрлері.
12.Тозаңдану түрлері.
13. Өсімдіктің тозаңдануға бейімделуі.
Ұсынылған әдебиет (1,2,3,4,5,6,7,8,10,12,15)
Тақырып 11. Тұқымның құрылысы. Өскін.
1. Тұқымның құрылысы.
2. Тұқым түрлері.
3. Тұқымның өнуі.
4. Дара жарнақты өсімдіктердің өскіні.
5. Қос жарнақты өсімдіктердің өскіні.
Теориялық материалмен танысып, суретін сал.
Ұсынылған әдебиет 1,2,3,4,5,6,7,10)
Тақырып 12. Гүлшоғыры - өркеннің ерекше бұтақтану түрі.
Сұрақ:
1. Гүлшоғырының жалпы сипаттамасы.
Теориялық материалмен танысып, суретін сал.
Тақырып 13.Жемістің құрылысы мен классификациясы.
Сұрақ:
1. Жемістің құрылысы мен биологиялық маңызы.
3. Тұқым мен жемістің таралуы.
Тақырып 14-15. Өсімдіктердің экологиялық топтары мен тіршілік формалары.
Сұрақ:
1.Өсімдітердің экологиялық топтары.
3. Серебряков ұсынған шөптесін өсімдіктердің тіршілік формасы.
4.Өсімдіктердің мерзімдік және жастық өзгерістері.
Ұсынылған әдебиет(1,2,3,4,5,10,19,20,21)
Өздік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау:Жұмысты орындарда ұсынылған әдебиеттерді мұқият оқып, теориялық материалмен таныс. Жұмыстарда берілген тапсырмаларды орында және суреттерді белгілеулерін қойып, қорытынды жаз.
1. Өсімдіктің биосферада және адамның іс - әрекетіндегі маңызы.
2. Төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің әралуандығы.
3. Ботаника салаларының дамуына үлес қосқан Қазақстандық ірі ғалымдар.
4. Пигменттердің физиологиялық және биологиялық маңызы.
5. Өсімдік жасушасында заттардың қорға жиналуы.
6. Жасуша қабықшасының құрылысы, түзілуі және құрамы.
7. Жасуша қабықшасының соңғы өзгерісі.
8. Құрлыққа шығуына байланысты жоғары сатыдағы өсімдіктердің ағзасының эволюциясы.
9. Вегетативті көбею ерекшеліктері, табиғи ортада таралуы мен адам өмірінде қолдану.
10. Жынысты көбеюдің биологиялық мәні.
11. Жапырақ пен қылқан құрылысын салыстыру.
19. Өсімдік пен адам өмірінде метаморфозданған құрылымдардың маңызы.
20. Бунақденелілермен қоректенетін өсімдіктердегі түрөзгерістер.
1. Сабақтан дамыған тамыр қалай аталады?
А) Жанама
В) Қосалқы
С) Негізгі
Д) Кіндік
Е) Ауа тамыр
2. Өркен неден түзіледі?
А) Бүйір бүршіктен
В) Төбе бүршіктен
С) Тұқымның ұрық бүршігінен
Д) Қосалқы бүршіктен
Е) Сабақтан
3. Үлпекқабат, бағаналы мезофилл, өткізгіш шоқ және лептесік өсімдіктің қай мүшесінде кездеседі?
А) Тамыр
В) Сабақ
Д) Гүл
4. Қай пластид күзде жапырақтың сары және қызыл түске боялуын туғызады?
А) Хлоропласт
В) Хромопласт
С) Амилопласт
Д) Лейкопласт
Е) Барлық пластидтер бірге
5. Өркеннің қай түр өзгерісі тамырға ұқсас?
А) Түйнек
В) Пиязшық
С) Түйнекпиязшық
Д) Столон
Е) Тамырсабақ
6. Қай ұлпа сабақтың ұзарып өсуін қамтамасыз етеді?
А) Бой конусының жасушалары
В) Камбий
С) Сүрек
Д) Тін
7. Жылдық сақина қандай өсімдіктің сабағына тән?
А) Шөптесін
В) Ағаш
Д) Астық тұқымдастары
Е) Бұршақ тұқымдастары
8. Тамырдың қабық бөлігіндегі ұлпаны ата
А) Эндосперм
В) Үлпекқабат
С) Экзодерма
Д) Өткізгіш ұлпа
Е) Камбий
9. Органикалық заттар қозғалатын ұлпаны тап
А) Ксилема
В) Камбий
С) Флоэма
Д) Феллоген
Е) Перидерма
10.Жұмыртқа жасушасы мен орталық жасуша болатын құрылым қалай аталады?
А) Гамета
В) Спора
Д) Ұрық қалтасы
Е) Микроспора
11.Ұрықтанғаннан кейін тұқым бүршігінен не дамиды?
А) Ұрық
В) Зигота
Д) Эндосперм
Е) Жеміс
12.Генеративті және вегетативті жаушалар ненің құрамында кездеседі?
А) Ұрық қалтасы
В) Жұмыртқа жасушасы
С) Спермий
Д) Аталық
Е) Тозаң
13.Гүлшоғырының биологиялық мәні?
А) Вегетативті көбеюді қамтамасыз етеді
В) Фотосинтезге қатысады
С) Тыныс лау
Д) Тозаңдану
Е) Қоректік заттар қозғалысқа түседі
14.Өркенде жапырақ түзілгенге дейін гүл пайда болатын өсімдік қалай тозаңданады?
А) Желмен
В) Бунақденелілермен
С) Құс арқылы
Д) Су арқылы
Е) Жануарлар арқылы
15.Пиязшықтың қысқарып, түрі өзгерген сабағы қалай аталады?
А) Столон
В) Бүршік
С) Түбіртек
Д) Тамырша
Е) Жапырақ
16.Дәнек ұрығын қоректендіретін мүшені ата
А) Тамыр
В) Тамырша
С) Қабық
Д) Қалқанша
Е) Эндосперм
17.Өркеннің бұтақтануын тап
А) Тура бұтақтану
В) Дихотомиялық
С) Шашырай
Д) Полярлы
Е) Концентрлі
18.Тамырдың алғашқы құрылысында орталық цилиндрде кездеседі...
А) Коллотеральды шоқ
В) Перидерма
С) Радиальды шоқ
Д) Перицикл
Е) Феллоген
19.Өркен элементін тап
А) Түктер
В) Трихом
С) Тамыр
Д) Бүршік
Е) Лептесік
20.Жылдық сақина дегеніміз не?
А) Перициклден түзілген жасушалар сақинасы
В) Өткізгіш ұлпа сақинасы
С) Флоэма элементі
Д) Бір вегетативті уақытта түзілген ксилеманың элементі
Е) Камбий
№ |
Жауап |
№ |
Жауап |
1 |
В |
11 |
С |
2 |
С |
12 |
Е |
3 |
С |
13 |
Д |
4 |
В |
14 |
А |
5 |
Е |
15 |
С |
6 |
А |
16 |
Д |
7 |
В |
17 |
В |
8 |
С |
18 |
С |
9 |
С |
19 |
Д |
10 |
Д |
20 |
Д |
1. Ботаниканың зертеу пәні мен объектісі.
2. Ғылыми жүйедегі ботаниканың орны.
3. Ботаниканың міндеттері..
4. Ботаниканың қысқаша даму тарихы.
5. Ботаниканың негізгі бөлімдері.
6. Өсімдік жасушасының құрылысының жалпы сипаттары.
7. Жасуша пішіндері мен көлемі.
8. Пластидтер, олардың структурасы, биологиялық маңызы.
9. Жасуша қабықшасы, функциясы мен маңызы.
10. Жасуша арлық қуыстар. Шұрықтар.
11. Жасуша қабықшасының соңғы қалыңдауы.
12. Ұлпаның жалпы сипаттамасы және классификациясы.
13. Түзуші ұлпа.
14. Жабындық ұлпа, классификациясы мен негізгі элементтері.
15. Сорып алушы ұлпа.
16. Механикалық ұлпа.
17. Ассимиляциялық ұлпа.
18. Ішкі және сыртқы бөліп шығаруы ұлпа.
19. Өткізгіш ұлпа, өткізгіш шоқ.
20. Ұрық және өскін.
21. Тамыр, оның функциясы, морфологиялық құрылысы. Тамыр жүйесі.
22. Тамырдың алғашқы анатомиялық құрылысы.
23. Тамырдың соңғы құрылысы.
25. Өркен және өркен жүйесі.
26. Өркеннің бұтақтануы.
27. Жапырақтың орналасуы.
28. Жапырақ морфологиясы мен классификациясы.
29. Жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысы.
30. Сабақ, оның құрылысы мен функциясы.
31. Сабақтың алғашқы құрылысы. Стелярлы теория.
32. Сабақтың соңғы құрылысына ауысу және камбий қызметі.
33. Көп жылдық ағаш тектес өсімдіктер сабағының құрылысы.
34.Өркен метаморфозы: каудекс, тамырсабақ, түйнек, пиязшық, мұртша, суккуленттер өркені..
35. Өсімдіктердің көбеюі.
36. Өсімдіктердің көбею түрлері.
37. Вегетативті көбею әдістері.
38. Спора арқылы көбею.
39. Жыныстық үрдіс және циклы.Ұрпақ алмасу мен ядро фазаларының ауысуы.
40. Өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі.
41. Гүлдің құрылысы, функциясы және шығу тегі.
42. Гүлдің бөліктері, олардың орналасуы және морфологиялық алуантүрлілік.
43. Гүлқоршауы, оның құрылысы мен биологиялық маңызы.
44. Андроцей. Аталықтың шығуы мен эволюциясы.
45. Тозаңның морфологиялық алуан түрлілігі.
46. Микроспорогенез, микроспора мен и аталық гаметафиттің түзілуі.
47. Гинецей. Гинецейдің түрлері.
48. Аналықтың жасалуы мен құрылысы. Тұқым бүршіктің құрылысы мен шығу тегі.
49. Мегаспорогенез, Аналық гаметафиттің құрылысы мен шығу тегі.
50. Гүл диаграммасы и формуласын құрастыру принциптері
51. Тозаңдану. Өсімдіктің әртүрлі тозаңдану әдістеріне бейімделу жолдары.
52. Ұрықтану және тұқымның түзілуі.Қосарлы ұрықтану.
53. Ұрық пен эндоспермнің дамуы.
54. Жемістің жалпы сипаттамасы, оның құрылысы мен биологиялық маңызы.
55. Жемісті классификациялау принципі.
56. Жеміс пен тұқымның таралуы.
57. Эвалюция үрдісінде вегетативті мүшелердің дамуы.
58. Фототрофты өсімдіктердің мофлологиялық эволюциясының ерекшеліктері.
59. Ылғалға, сустратқа және күн сәулесіне байланысты экологиялық топтары.
60. Раункиер, Серебряков ұсынған өсімдіктердің тіршілік формаларының классификациясы.
Бұл пән жануарлар және адамдар физиологиясы, гистология және цитология, жеке даму биологиясы мен салыстырмалы эмбриология, өсімдіктер географиясы және генетика пәндерін оқуға негіз
15 12 2014
1 стр.
Оқу бағдарламасы жалпы мемлекеттік білім беру стандартының негізінде, типтік оқу бағдарламасы бойынша және «құқық тану» мамандығына арналып бекітілген оқу жұмыс жоспарын басшылыққа
25 12 2014
1 стр.
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус) №671 (07. 08. 2004г. )мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламасына №200 (30. 03. 2005г.) сәйке
07 10 2014
4 стр.
Пәннің оқыту бағдарламасы (Syllabus) «Ғылыми зерттеулер негіздері» бойынша 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану»» мамандығының іштей оқитын студент
25 12 2014
3 стр.
ОӘк жаратылыстану ғылымы және экология институтының Ғылыми әдістемелік кеңесі отырысында бекітілген
14 12 2014
1 стр.
ОӘК түйіндемесі Зоология жануарлар ағзаларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, мінез-құлқы, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді
16 12 2014
2 стр.
Студенттерге арналған пән бағдарламасы пәннің жұмыс бағдарламасы негізінде әзірленген
05 09 2014
1 стр.
Жертану және өлкетану курсында географиялың қабықта өтетін құбылыстардың алуан түрлілігі. олардың қасиеттері, табиғи обьектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстығы қарасты
16 12 2014
1 стр.