Перейти на главную страницу
С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Педагогика және психология институты
Бастауыш білім теория мен әдістеме кафедрасы
050102 Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығы үшін
Зоология және экология негіздері
ӨСКЕМЕН, 2005
Құрастырған: АХМАДИЕВА Ж.К. ОӘК кафедра отырысында
талқыланды
Аға оқытушы Хаттама № 7
2 ақпан 2005ж.
ОӘК институттың
әдістемелік комиссия
отырысында бекітілген Хаттама №3 17ақпан 2005ж.
ОӘК түйіндемесі Зоология жануарлар ағзаларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, мінез-құлқы, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді.
Жануартану және экология негіздері пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі студенттеріне арналады./ Қурастырушы Ахмадиева Ж.К.-
Өскемен: ШҚМУ Баспасы, 2005.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті,2005
1.1 Пәннің аты: Зоология және экология негіздері
2 Кафедра Бастауыш оқыту теория мен әдістеме кафедрасы
1.3 Оқытушының аты-жөні Ахмадиева Жанна Куанышевна
1.4 Қатыстық ақпарат: тел. 47-27-97, сабақ кестесі бойынша
1.5 Өткізу орны Бажов көщесі,7 ШҚМУ корпусы №2
1.6 Несиелер саны 1
1.7 Оқу жоспарынан көшірме
Оқу жоспарынан көшірме
Ку рс
|
Семе стр
|
Кре- дит
|
Лек-ция лар
|
Семи нар
|
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақы-лау түрі |
1 |
1 |
1 |
15 |
|
15 |
15 |
45 |
емти хан
|
1.8 Курстың алдында білуге қажетті мәліметтер: Студенттердің зоология пәніне қатысу үшін студент мектеп қабырғасынан жануарлар туралы білімдері болуы.
1.9 Курстың соңында білуге қажетті мәліметтер:“Зоология және экология негіздері” пәнінен алған білімдер кейін дүниетану оқыту әдістемесіне керек.
2.“Зоология және экология негіздері” курсының қысқаша сипаттамасы
2.1 Курстың мақсаты: жануарлардың көп түрлігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, тарихи даму заңдылықтарын, шығу тегін, дамуын, биосферадағы және адам өміріндегі орны, жануарлар әлеміндегі эволюциялық этаптарын қарастыру.
2.3 Курстың мазмұны: -жануарларды анықтау әдістерін, талдау;
- объектлердің морфологиясын зертеудің қарапайым тәсілдерін игеру;
-жануарларды лабораториялық жағдайда ұстау және көбейту;
№ |
Тапсырма түрі |
Тапсырма мақсаты мен міндеті |
Ұсынылатын әдебиеттер |
Орындалу мерзімі |
Бағалау балдары |
Тапсыру мерзімі |
Бақылау түрі |
1 |
Тақырып № 1,2,4,6,7,8 Реферат
|
Жеке тапсырмаларды орындауда өзбеттілігін қалыптастыру |
Ұсынылған әдебиеттерден таңдау жүргізу() |
2-3 апта |
5
|
6,14 аптада |
Қорғау |
2 |
СОӨЖ құрамында: Зертханалық тәжірибе сабақтары №2-14 |
Зертханалық сабақтарды жүргізу әдістемелерін игеру. Зертханалық жұмыстарын орындау талаптарымен танысу. |
1-24, әдістемелік нұсқау. |
Сабақ кестесіне сәйкес |
10 |
1-17 |
Орындалған тәжірибе жұмысының есебі, баяндама. |
3 |
Мини-бақылау жұмысы (тақырып №2,3,4,5,6,78,9,10,11,12,13,14,15) |
Лекцияны игеруді тексеруге арналған бақылау |
әдебиеттер мен дәрістік, өзінің талқылаудан өткізген сабаққа дайындық жазбалар мен жұмыс |
2-14 апта |
15 |
2-14 апта |
Жазбаша есеп беру |
4 |
Барлық СӨЖ тапсыпрмаларын орындау. |
Білім сапасын тексеру |
1-24 |
1-15 апта |
10 |
2-7 апта |
Қолжазба және баяндама жасау |
5 |
Аралық және кезеңдік бақылау |
Білім сапасын тексеру |
Дәрістік жазбалар және зертханалқ сабақтарға дайындалудағы өздік жазбалары |
7,13, апталар |
20 |
7,13, апталар |
Тест өткізу |
1. Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы.-Алматы: Қазақ университеті, 1-3 бөлім
6. Натали В.Ф. Зоология беспозвоночных. М,: Просвещение, 1975. 487 с.
7. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. М.: Просвещение, 1999.
10 Жизнь животных 1-6 т., м., 1968-1971.
11. Банников А.Г. Определитель земноводных и пресмыкающихся фауны СССР. М., 1977.
12 Мамаев Б.М. Определитель насекомых европейской части СССР. М., 1976.
Бақылау нысаны |
Балл |
СОӨЖ шегінде семинарлық, лабораториялық сабақтарды жұмыс |
10 |
Барлық СӨЖ тапсыпрмаларын орындау. |
10 |
Шағын тексеру жұмыстары (шағын тест, ауызша сұрау, бақылау жұмысы) |
15 |
Реферат, баяндама |
5 |
Аралық ( бақылауды тапсыру) |
20 |
Қорытынды (емтихан) |
40 |
БАРЛЫҒЫ |
100 |
1. реферат -5балл /әзірлеу-1 балл, мазмұны -3 балл, баяндау-1 балл/
2. СОӨЖ шегінде семинарлық, лабораториялық сабақтарда жұмыс -10 балл
3. Барлық СӨЖ тапсыпрмаларын орындау.-10 балл
4. Аралық ( бақылауды тапсыру) – 20 балл
4 Курстың саясаты:
- Сабаққа міндетті түрде қатысу (әрбір себепсіз қалдырылған сабақ бір балға кемиді).
- Сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.
- Сабақ барысында мұғалімнің сабақ өтуіне кедергі жасамау.
- Берілген тапсырмаларды өз мерзімінде орындау, кешігіп орындалған тапсырмалар (рефератпен бақылау жұмыстары) қабылданбайды.
2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 1 несие
Тақырыптардың атауы |
Дәріс |
СОӨЖ |
СӨЖ |
“Зоология”курсының кіріспесі.Негізгі міндеттері. |
1 |
1
|
1 |
Бірклеткалыларпатшалық асты.Қарапайымдылар типы |
1
|
1 |
1 |
Көпклеткалылар патшалық асты.Ішек құыстылар типі |
1 |
1 |
1 |
Жалпақ құрттар типі |
1 |
1 |
1 |
Жұмыр құрттар типы Буылтық құрттар типы |
1 |
1 |
1 |
Моллюскалар типы |
1 |
1 |
1 |
Буынаяқтылар типі Шаян тәрізділер класы |
1 |
1 |
1 |
Хелицералылар тип тармағы Бунақденелілер класы |
1 |
1 |
1 |
Хордалылыр типі. Балықтар класы |
1 |
1 |
1 |
Амфибиялар |
1 |
1 |
1 |
Бауырымен жорғалаушылар |
1
|
1 |
1 |
Құстар класы |
1 |
1 |
1 |
Құстардың экологиялық сипаттамасы |
1
|
1 |
1 |
Сүткөректілер |
1
|
1 |
1 |
Сүткөректілердің экологиялық сипаттамасы |
1
|
1 |
1 |
Барлығы |
15 |
15 |
15 |
Тақырып 1. “Зоология” курсның кіріспесі. Негізгі міндеттері мен әдістері. Бірклеткалылар патшалық асты. типы.
Жануарларды зерттейтін ғылым – зоология.
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму
заңдылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.
Жануарлар дүниесі Zoa екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa- көп клеткалыларға. Қарапайымдылар – бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т.б. Қызметтерді атқарады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,9,)
Қосымша әдебиеттер: (11,19,25,)
Тақырып 2. Бірклеткалыларпатшалық асты. Қарапайымдылар типы Қарапайымдылар – бір жасушалы, микроскоппен ғана көрінетін ағзалар. Қарапайымдылар жасушасы өз алдына бір тұтас ағза. Клетка органиодтарынан басқа (митохондрия, эндоплазмалық тор, Гольджи аппараты, ядро т.б.) қарапайымдылар денесінде қоректену, қозғалу, зәр шығару функциияларын атқарушы органеллалар кездеседі. Қарапайымдылар мұхиттар мен тұщы суларда, ылғал топырақта көптеп кездеседі. Қарапайымдылардың көпшілігі паразиттік жолмен тірішілк етеді. Олар адамның, жан-жануарлардың жұқпалы ауруларын тудырушылар ретінде белгілі. Колниямен тіршілік етуші қарапйымдылар көптеген дарақтардан тұрады. Көпшілік қарапайымдылар қолайсыз жағдай туғанда циста түзуге бейім болады. Қолайсыз жағдай туғанда олар қозғалыс органеллаларын тастап, домақталанып, қатты қабықшамен қамталады да, тыныштық күйге көшеді. Қарапайымдылар циста күйінде сыртқы ортаның кез келген өзгерістеріне төтеп беріп, өзінің тіршілік қабілетін жоймай, ұзақ уақыт сақталады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,9,10)
Қосымша әдебиеттер: (11,25,)
Ішек құыстылар-басым көпшілігі теңізде тіршілік ететін қарапайым құрылысты көпжасушалы жәндіктер. Олардың қос жынысты да, дара жынысты да болуы мүмкін. Дене құрылысы қапшыққа ұқсас, іші қуысты болғандықтан да бұл жәндіктер ішекқуыстылар деп аталады. Іішекқуыстылардың денесі екі қабаттан; сыртқы қабаты- эктодерма, ішікі қабаты- энтодермадан құралады. Іішекқуыстылардың көпшілігі сәулелі симметриялы болады. Іішекқуыстылар отырықшы және еркін жүзетін қалыпта тіршілік етеді. Аузының айналасында өте көп қармалауштары болғандықтан, оларды полиптер деп атайды. Іішекқуыстылар жыртқыш жәндіктер. Олар қорегін аулауға және қорғануға атпа жасушаларын пайдаланады. Арнайы зәршығару мүшесі болмайды, қорытылмаған қорек қалдығын аузы арқылышығарады. Іішекқуыстыларда регенерация күшті дамыған. Олар бүршіктену арқылы және жыныс тәсілімен көбейеді. Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы, сцифозоа және маржан полиптері. Гидроидтылар класс тармағына – гидра, теңіз гидроид полиптері, гидроид медузасы жатады. Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия ауританы алуға болады. Маржан полиптері ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы. Тек теңіздерде жеке
және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Маржан полиптері екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелі және алты сәулелі.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,9,10,)
Қосымша әдебиеттер:(11,25,)
Тақырып 4. Жалпақ құрттар типы.
Жалпақ құрттар типіне екі жақты симметриялы, үш қабатты жануарлар жатады. Құрттардың денесі арқа-құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес).
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшеліктері - тері -бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып (сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш) эпителий астында жануардың денесін қаптайды.
Жалпақ құрттардың бәрі де – қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті дәнекер ткань паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ.. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткаларымен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ..
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар, дигенетикалық сорғыштар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар және цестодатәрізділер.
Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мкендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Денесі созыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы
жерлері жоқ. Өкілі – ақ планария.
Дигенетикалық сорғыштар класы – бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Басты өкілдері: бауыр сорғыш, ланцет тәрізді сорғыш, мысық немесе сібір қосезуі, қан қосесуі.
Таспа құрттар класының өкілдері паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етеді. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодос деп атайды. Таспа құрттардың өкілдері: өгіз солитері, шошқа солитері, эхинококк, қой мишығы т.б.
Негізгі әдебиетер: (1,2,3,4,5,6,9,10)
Қосымша әдебиеттер: (11,25,)
Тақырып 5 Жұмыр құрттар типі. Буылтық құрттар типі.
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттар типінің кірпікшелі құрттардан айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай. Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген; аналь тесігінің, кутикуланың болуы, жеке мүшелер құрамындағы клеткалар санының тұрақтылығы, сақина тәрізді бұлшықеттерінің жоқтығы, жұтқыншақ айнала нерв сақинасының болуы, айналмалы аппаратының, жұтқыншақтың шайнағыш – мастакс бөлімінің түзілуі.Зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе протонефри-
диальды; сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте қарапайым. Нағыз жұмыр құрттар немесе нематодтар класы түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы сипаты жағынан да ең жоғарғы тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін жері жоқ.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне қарамастан құрылыстары бірдей.Өкілдері: адам аскаридасы, жылқы аскаридисы, шошқа аскаридасы. Туғызатын аурулары – аскаридоз. Балалар острицасынан болған ауру энтеробиоз деп аталады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай-ақ соқыр ішекті қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады.
Буылтық құрттар типі – жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан – морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі сегментелген немесе метамерлерден құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целом қуысы пайда болуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ас қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен біткен артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді..
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар.
Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер және белдеулілер.
Белбеусіздер тип тармағына- теңіздерде тіршілік ететін, дара жынысты, жыныс сегменттерінде белдеулері болмайтын, дамуында трохофора деп аталатын личинкасы бар құрттар жатады. Бұларға бір класс жатады – көпқылтанақтылар – Polychaeta.
Полихеттердің 5000-нан астам түрі бар. Денелерінің ұзындығы бірнеше миллиметрден үш метрге дейін. Басым көпшілігі жүзіп, ал кейбіреулер бекініп немесе топырақты қазып тіршілік етеді, “үйшіктер”, түтікшелер жасайды. Паразиттік тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Өкілдері: нереис, палоло, құмқазар т.б. жатады.
Белдеулілер тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродитті жыныс сегментерінде белдеу аймағы бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа бөлінеді: азқылтанақтылар – Oligochaeta және сүліктер – Hirudinea. Олигохеттердің 3400-ге жуық түрлері бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродитті буылтық құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Олигохеттердің регенерациялық қабілеті күшті дамыған. Жауын құрттарының ауыл шаруашылығында алатын маңызы зор.
Сүліктер класы – теңіздерде, тұщы суларда және топырақта тіршілік ететін 400 түрі белгілі, еркін қозғалатын жыртқыштар немесе жануарлардың қанымен қоректенетін эктопаразиттер. Сүліктерде сегменттер саны тұрақты, параподиялары, қылтандары болмайды. Бас (простомиум) және аналь (пигидиум) бөлімдері жоқ. Денесінің алдыңғы және артқы жағында сорғыштары дамыған. Целом қуысы редукцияланып, лакунарлық жүйеге айналған. Ішкі мүшелерінің арасы паренхимаға толы. Көпшілігі гермафродиттер, тікелей дамиды.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4 5, 6,9,10)
Қосымша әдебиеттер: (11,25,)
Моллюскалар немесе былқылдақденелілер жануарлардың айқын шектелген типін жасап, буылтық құрттардан басталады. Былқылдақденелілерге негізінде, суда, кейде құрлықта тіршілік ететін жануарлар жатады.
Былқылдақденелілер билатералды- симметриялы жануарлар, бірақ кейбір былқылдақденелілердің мүшелерінің ерекше орын ауыстыруына байланысты денесі асимметриялы болады.
Былқылдақденелілер – екінші кезектегі дене қуысы бар жануарлар. Целомның метамерсіз қалдығы жүрек қабы (перикардий) мен гонадалар қуысы түрінде берілген.
Былқылдақденелілер денесі үш бөлімнен тұрады- бас, көкірек және аяқ. Көкірегі ішкі қапшық түрінде арқа жағына қарай үлкейіп өседі. Аяқ - дененің құрсақ қабырғасының бұлшықетті сыңар өсіндісі және қозғалту қызметін атқарады.
Көкіректің негізгі үлкен терілі қатпар – мантиямен қоршалған. Мантия мен дененің арасында мантия қуысы орналасады да ішінде желбезектер, кейбір сезім мүшелері жатады және артқы ішектің, бүйректер менжыныс аппаратының тесіктері ашылады. Бұл құрылымдар бүйректермен және жүрекпен бірге мүшелердің мантиялы жиынтығы деп аталады.
Дененің арқа жағында мантия бөліп шығаратын қорғаныш бақалшағы болады, ол көбінесе тұтас, кейде қос жақтаулы немесе бірнеше тақталардан тұрады.
Көпшілік былқылдақденелілердің жұтқыншағында асты ұсататын ерекше аппарат радуланың болуы тән. Қан айналу жүйесі қарынша мен жүрекшелерден тұратын жүректің болуымен сипатталады; ол тұйық емес. Тыныс алу мүшелері – алғашқы желбезектер – ктенидиялар. Зәр шығару қызметін түрі өзгерген целомодуктылар – бүйректер атқарады.
Қарапайым түрлерінің жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан және төрт ұзын бағанадан тұрады, жоғарғы түрлерінің бағаналарында жүйке клеткаларының шоғырлануының нәтижесінде бірнеше жұп түйіндер жасалады. Осындай жүйе шашыранды – түйінді жүйке жүйесі деп аталады.
Дамуы көп қылтанды құрттарға өте ұқсас. Төменгі сатыдағы өкілдерінің жұмыртқасынан трохофора шығады, қалғандарында – түрі өзгерген трохофоралы дернәсіл – желкенше (велигер) пайда болады.
Бауыраяқтылардың басы денесінен айқын ажыратылған, аяғы жақсы дамыған және жорғалағыш табаны жалпақ, көкірегі жоғарғы жағында үлкен ішкі қапшық түрінде өсінді жасайды. Бақалшағы бір бөліктен тұрады, кейде жойылып кетуі мүмкін. Барлық бауыраяқтыларға тән белгі-құрылысының асимметриялылығы.
Бауыраяқты моллюскалардың асимметриялылығы біріншіден, мантия жиынтығының оң жақ мүшелерінің жойылып, олардың серіктерінің сол жақта күшті дамуынан және екіншіден ішкі қапшықтың спираль бұратылуынан байқалады- кейінгі ерекшелігі бақалшақтың сыртқы пішінінен айқын көрінеді.
Бауыраяқты моллюскалардың өкілдері: шалғын ұлуы, битиния, литорина, түтікмүйіздер, рапана, қырлыаяқтылар, кәдімгі тоспа ұлуы, кіші тоспа ұлуы, мүйізді катушка, янтарка, жүзім ұлуы.
Тақтажелбезектілер аз қозғалатын жануарлар, судың түбінде жартылай немесе толық құмға көміліп тіршілік етеді. Кейбіреулері жартастарға немесе балдырларға биссус жіпшелерімен бекінеді, яғни қозғалмай тіршілік етеді. Устрицалар мен мидиялар судың күшті табиғи биофильтраторлары.
Пайдалы маңызы – маржан мен інжудің көзі. Ең бағалы інжу теңіз меруертінен алынады.көптеген теңіз тақтажелбезектілері тамаққа қолданады. Ең бағалысы устрицалар, тарақша және мидиялар.
Басаяқтылар класы. Басаяқтылар 700-ге таяу теңіздерде тіршілік ететін күрделі құрылысты, өте ірі 18 м былқылдақденелілерді біріктіреді. Еркін жүзуші, өте сирек жорғалаушы қозғалғыш жыртқыштар, көбінесе жылы теңіздерде мекендейді. Денесі билатералды – симметриялы, басы мен көкірегі айқын бөлінген. Аяғы қармалауышқа немесе қолдарға айналған және екінші рет басқа ығысып, ауыз қуысына кіре берістегі құрсақ жағында жатқан оймыш түрінде берілген. Қарапайым түрлерінің бақалшағы сыртқы, көп камералы, жоғарғы сатыдағы өкілдерінде ішкі, көбінесе редукцияланға. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері өте жақсы жетілген.
Басаяқтылардың өкілдері: кальмар, каракатица, сегізаяқтар, аргонавт. Көпшілік басаяқтылардың кәсіптік маңызы бар. Каракатица, кальмар және сегізаяқтыларды тамаққа кепкен, консервіленген және жас күйінде қолдануға болады. Каракатица мен кальмарлардың сия қапшығының өнімі де қолданылады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,9,10)
Қосымша әдебиеттер: (11,25)
Буынақтылар типіне шаянтәрізділер, өрмекшітәрізділер, көпаяқтылар және насекомдар жатады. Бұлардың барлығына тән белгілерінің бірі – аяқтары бірнеше буындарға бөлінген, буынаяқтылар деп аталатыны да осыдан. Олар екі жақты симметриалы және гетерономды сегменттелген жануарлар. Денесі екі немесе үш бөлімге бөлінеді: баскеуде, құрсақ немесе бас, кеуде, құрсақ. Денесін хитинді кутикула жауып тұрады. Ол жануардың ішкі мүшелерін зақымданудан қорғайды және оның ішкі жағына бұлшықеттер бекінеді. Хитинді кутикула өспейтін, созылмайтын қосынды, сондықтан буынаяқтылардың өсуі түлеу арқылы өтеді.
Басы акроннан және төрт сегменттен құралады. Акронда сезім мүшелері:антенна немесе мұртшалары, күрделі фасеттік көздері және бірнеше қарапайым құрылысты көзшелері орналасқан, тек өрмекшітәрізділердің антеннасы жоқ. Акронға денесінің төрт сегменті қосылып бас бөлімін құрайды. Бас бөлімінің осылайша қалыптасуын цефализация (грекше kephale – бас) процесі деп атайды.
Басына қосылған сегменттерінің буындалған аяқтары қорегін ұстау, майдалау, шайнау қызметтерін атқаруға бейімделіп ауыз мүшелеріне немесе ауыз аппаратына айналған, олар жұп үстіңгі жақ – мандибула және астыңғы жақ – максилла I-ші мен максилла II-ші. Максилла II-ні астыңғы ерін деп те атайды.
Буынаяқтылардың кеуде сегменттері өте жақсы дамыған, олардың жұп аяқтары жылжу, жүру, жүзу, яғни қозғалысқа бейімделген. Құрсақ аяқтары көпшілігінде редукцияға ұшырап, олардың қалдықтары құрсағының соңында әр түрлі өсінділер ретінде қалған, мысалы, құйрық жіпшелері, церкийлер, грифелькийлер, шаншарлар, жұмыртқа салғыштар, тек өзен шаянының аналықтарында құрсақ аяқтары ұрықтанған жұмыртқаларын жинап ұстауға, ал аталықтарында жыныс өнімін аяғына құйып сақтауға бейімделген.
Буынаяқтылардың дене қуысы аралас немесе миксоцель, оның қызметі – тірек, тасымалдау және қор жинау.
Зәр шығару жүйесі бір түрлерінде буылтық құрттардың түрі өзгерген метанефридиясына ұқсас болса, екіншісінде – Мальпиги түтігі түрінде болады. Олар антеннальды және максиллярлы (шаянтәрізділерде), коксальды бездер (өрмекшітәрізділерде), Мальпиги түтікшілері (насекомдарда, көпаяқтыларда, кейбір өрмекшітәрізділерде).
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу мүшелері желбезек, өкпе, трахея түрінде болады. Трахеялары хитинді кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады. Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар -трахеата тип тармағының негізгі кластары.
Буынаяқтылардың нерв жүйесі жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглия, жұтқыншақ маңындағы сақина коннективасы және ұзына бойлық ганглиялардан құралған құрсақ нерв тізбегінен тұрады. Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе миы үш бөлімнен тұрады: протоцеребрум -алдыңғы; дейтоцеребрум -ортаңғы; тритоцеребрум -артқы.
Буынаяқтылар – дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, шала түрленіп даму – гемиметоморфоз, толық түрленіп даму – голометаморфоз.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар – Branchiata, трилобиттәрізділер – Trilobitomorpha, хелицералылар – Chelicerata, кеңірдекпен тыныс алушылар – Tracheata.
Желбезектыныстылар суда тіршілік ететін, желбезектері арқылы тыныс алады. Бас бөлімінде екі жұп мұртшалары, яғни антеннулалары мен антенналары бар. Осы тип тармағына бір ғана шаянтәрізділер класы - Crustacea жатады.
Шаянтәрізділер класы – Crustacea. Шаянтәрізділердің 30000-ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған. Олардың арасында бентосты, планктонды, паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан. Аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден, оларда екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері – антеннулалары және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары – антенналары болады. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған.
Шаянтәрізділерге өзен шаяндары, крабтар, креветкалар, тақуа шаяндар, қарақшы шаяндар т.б. жатады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,9,10)
Қосымша әдебиеттер: (11,25,)
Тақырып 10. Хелицералылар. Бунақденелілер класы
Хелицералылардың 54000-ға жуық түрлері бар, басым көпшілігі құрлықта тіршілік етеді. Хелицералылардың денесі – баскеуде және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Баскеудеде 7 сегменттің қосылуынан түзілген, сондай-ақ 7-ші сегменті көп түрлерінде редуцияға ұшыраған. Баскеуде бөлімінде 6 жұп аяқтары бар. Олардың бірінші жұбы қоректі шайнау және ұнтақтау қызметін атқарып, хелицераға айналған тип тармақтың аталуы да осыдан, екінші жұбы педипальпалар – сезу, қармау, кейбір түрлерінде шағылысу қызметін атқарады, ал қалған төрт жұбы – жүру аяқтары.Хелицералылардың негізгі ерекшелігі – бас қалақшасындағы (акрондағы) мұртшасының немесе антеннуласының редукцияға ұшырауы.
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. Денелері – баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде баскеуде мен құрсақ бөлімі бірігіп кеткен. Баскеуде бөгінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 жұбы ауыздың артқы жағында
орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы – хелицералары қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы -пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады – бұлар педипальпалар, ал қалған 4 жұбы – жүргіш аяқтары. Денесінің артқы бөлігі – құрсақ – әдетте сегменттелген. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2-4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция барысында өрмекшілердің елеулі жетістігі – оларда өрмек бездерінің дамуы, осыдан өрмек сұйықтығы бөлініп шығады. Өрмек бездері ауадақататын кілегейлі, созылатын затты(өрмекті) бөліп шығарады. Өрмек жіпшелерінің көптеген түрлері болады: құрғақ, ылғалды, кілегейлі, гофрирленген және т.б. Олар ау торларын, жұмыртқа пілләсін жасауға арналған. Өрмекшітәрізділер класында оншақты отряд, 60000-нан астам түрлері бар.
Бунақденелілер класы үш жұп аяқтары бар барлық кеңірдектынысты буынаяқтыларды біріктіреді. Денесі бас, кеуде және құрсаққа айқын бөлінген, өкілдерінің көпшілігінің ұшу қабілеті барлық омыртқасыздардың ішіндегі жалғыз осы топқа ғана тән белгі.
Бунақденелілер класы басқа кластарға қарағанда өкілдер санына бай. Ересек бунақденелілердің денесі 3 бөлімге бөлінген: басы, кеудесі және құрсағы.
Бас бунақтары бірігіп кеткен, кеуде мен құрсақ бунақтары жақсы ажыратылады. Басы акрон мен 4 бунақтан, кеудесі үнемі 3 тен, құрсағы 11 бунақтан және тельсоннан тұрады. Басында 4 жұп өсінділері орналасқан.
Оның жоғарғы жағынан акронның өсінділері – бір жұп антенна кетеді. Оларды мұртшалар деп атайды және бір қатар бунақтардан тұрады. Мұртшалары қылтанақ, жіп,ара, тарақша, қауырсын, бунақты және т.б. түрлі болады. Олар негізінде сипап сезу және иіс сезу мүшелері.
Қоректену әдістерінің әртүрлі болуына байланысты бунақденелілердің көпшілік топтары ауыз аппаратының құрлысы арқылы ажыратылады. Ауыз аппаратының негізгі міндеті – қорегін ұстау және ұсату.
Бунақденелілердің кеудесі алдыңғы, ортаңғы және артқы кеуде деп аталатын үш бунақтан тұрады. Кеуде бунақтарында стернит пен бүйір тақталарының арасында бекінетін үш жұп қозғалу аяқтары орналасқан.
Аяқтары әрқашанда бір қатар бунақтардан тұрады; 1) жамбасша жалпақ негізгі бунақ; 2) ұршық; 3) сан аяқтың ең жуан бунағы; 4) сирақ ең ұзын бунақ; 5) табан әртүрлі санды кішкене бунақтардан тұрады. Табанның ұшында екі тырнағы бар.
Бунақденелілерге тән ерекшелік-олардың ұшу қабілетінің болуы. Ұшуы қанаттардың көмегімен жүзеге асады. Қанаттары – дене қабырғасының күшті қатпарлары. Қанат жіңішке тұтас тақта түрінде болғанымен қос қабатты; үстіңгі және төменгі қабаттары дене қуысының жалғасы болып саналатын жіңішке саңылаумен бөлінген.
Құрсағы бунақденелінің ақырғы дене бөлімі. Оның құрамына кіретін бунақтардың саны кластың әр өкілдерінде әр түрлі. Құрсағында аяқтары болмайды.
Бунақденелілердің жабыны үш негізгі элементтерден- кутикула, гиподерма және базальды жарғақтан тұрады. Кутикуланы гиподерма клеткалары бөліп шығарады, ол үш қабатты. Кутикуланың үстінде әртүрлі, днемен қозғалмалы қосылған өсінділер – жіңішке түктер, қабыршақтар, қылтанақтар болады. Осындай ірі құрылым бір ірі гиподермалы клетканың шығарған өнімі. Түктердің пішіні мен құрылысы көп түрлі, сондықтан сезгіш, жабын қызметтерін атқарып, тіпті улы болуы да мүмкін.
Бунақденелілердің реңі көбінесе гиподермада немесе кутикулада болатын ерекше бояу заттары – пигменттерге байланысты. Бунақденелілердің жабынында
әртүрлі маңызы бар бар бір және көп клеткалы бездері бар, мысалы, қандалалардың кеудесіндегі сасық бездер, көпшілік жұлдызқұрттардағы қорғаныш бездері және т.б. Көбінесе түлеу бездері кездеседі. Түлеу кезінде шығарған өнімі жаңа жасалған кутикула қабатын қозғамай ескі кутикуланың ішкі қабатын ерітеді. Араның, қалқаншаның және кейбір басқа бунақденелілердің ерекше бездері балауыз шығарады.Бунақденеліле әр түрлі тітіркеністерді қабылдауға қабілетті – механикалық, дыбыс, химиялық, көру және басқа арнайы рецепторлары бар.
Қосымша әдебиеттер: (11,25).
Сүйек қанатты \лучеперые\ барлық балықтардың 90 процентiн бiрiктiредi. Кеу де және \канат\ кұрсақ жұп канаттары денесiмен салыстырғанда вертикаль \тiк\ орналасады. Қозғалыс мүшесi құйрық қанаты жақсы жетiлген. Денелерi сүйектi қабыршақпен қапталған, бүйiр сызығы болады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (11,25).
Қосмекендiлер-эвалюция процесi нәтижесiнде ертедегi балықтардан шыққан, жердi мекен еткенiмен сумен байланысын үзбеген ағзалар. Жұмыртқа клеткалары \уылдырық\ тек суда дамиды. Уылдырықтан шыққан итшабақ – нағыз су жануары \желбезегi, екi камералы жүрегi, бiр қан айналым шеңберi , жүру аяқтары жоқ, қозғалыс мүшесi – құйрық қанаты, бүйiр сызығы бар\.
Метаморфоздану \өзгерiске ұшырау\ кезiнде итшабақ суда да, жерде де мекен етуге мүмкiндiк беретiн қасиеттерге ие болады; жерде қозғалуға мүмкiндiк беретiн жұп қозғалыс мүшелерi, өқпесi пайда болады. Желбезектерi жойылып, қан айналу жүйесi өзгерiске түседi. Көзiнде қабақ пайда болады, есту жарғағы мен ортаңғы құлақ және есту сүйекшесi дамиды. \Құрғақта естудi қамтамасыз етушi\. Сонымен бiрге ересек азғаларда суда мекен етуге тән белгiлер де кездеседi. Терiсiнде кiлегейлi бездердiң болуы жүзу кезiнде судың кедергiсiн азайтады зәр шығару және жыныс мүшесi балықтарға ұқсас, ұрықтануы сыртта жүредi. Өкпелерi болуына қарамастан терiсiмен тыныс алу қасиетi қос мекендiлердiң ұзақ уақыт суда болуын қамтамасыз етедi. Дене жабынының жұқа болуы қос мекендiлердiң ұзақ уақыт ашық құрғақ ауада болуына мүмкiндiк бермейдi, сондықтан олар ылғал, сулы аймақтарда мекен етедi.
Тыныс алудың екi жақты болуы үлкен және кiшi қан айналу шеңберлерiнiң бөлiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Қос мекендiлердiң жүрегiнiң қарыншасы бiреу болғанымен өзiндiк ерекше құрылысты болуы, жүректен кететiн қан тамырларындағы қан ағысының араласуына мүмкiндiк бередi . Яғни жоғарғы вена тамырларында артерия артерия қаны араласқан. Артериальдық
конустық қарыншаның оң веналық жағынан кетуi терi мен өкпеге веналық қанның бағытталуын қамтамасыз етедi. Қосмекендiлер дене температурасы тұрақсыз пойкилотермдi. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 0,5градус – 1 градус – ғана жоғары. Осыған байланысты олардың активтiлiгi маусымға байланысты болады. Ауа температурасы 5-80 болады олар су түбiне тереңге тығылады.
Қосмекендiлер-эвалюция процесi нәтижесiнде ертедегi балықтардан шыққан, жердi мекен еткенiмен сумен байланысын үзбеген ағзалар. Жұмыртқа клеткалары \уылдырық\ тек суда дамиды. Уылдырықтан шыққан итшабақ – нағыз су жануары \желбезегi, екi камералы жүрегi, бiр қан айналым шеңберi , жүру аяқтары жоқ, қозғалыс мүшесi – құйрық қанаты, бүйiр сызығы бар\.
Метаморфоздану \өзгерiске ұшырау\ кезiнде итшабақ суда да, жерде де мекен етуге мүмкiндiк беретiн қасиеттерге ие болады; жерде қозғалуға мүмкiндiк беретiн жұп қозғалыс мүшелерi, өқпесi пайда болады. Желбезектерi жойылып, қан айналу жүйесi өзгерiске түседi. Көзiнде қабақ пайда болады, есту жарғағы мен ортаңғы құлақ және есту сүйекшесi дамиды. \Құрғақта естудi қамтамасыз етушi\. Сонымен бiрге ересек азғаларда суда мекен етуге тән белгiлер де кездеседi. Терiсiнде кiлегейлi бездердiң болуы жүзу кезiнде судың кедергiсiн азайтады зәр шығару және жыныс мүшесi балықтарға ұқсас, ұрықтануы сыртта жүредi. Өкпелерi болуына қарамастан терiсiмен тыныс алу қасиетi қос мекендiлердiң ұзақ уақыт суда болуын қамтамасыз етедi. Дене жабынының жұқа болуы қос мекендiлердiң ұзақ уақыт ашық құрғақ ауада болуына мүмкiндiк бермейдi, сондықтан олар ылғал, сулы аймақтарда мекен етедi.
Тыныс алудың екi жақты болуы үлкен және кiшi қан айналу шеңберлерiнiң бөлiнуiне мүмкiндiк бермейдi. Қос мекендiлердiң жүрегiнiң қарыншасы бiреу болғанымен өзiндiк ерекше құрылысты болуы, жүректен кететiн қан тамырларындағы қан ағысының араласуына мүмкiндiк бередi . Яғни жоғарғы вена тамырларында артерия артерия қаны араласқан. Артериальдық конустық қарыншаның оң веналық жағынан кетуi терi мен өкпеге веналық қанның бағытталуын қамтамасыз етедi. Қосмекендiлер дене температурасы тұрақсыз пойкилотермдi. Олардың дене температурасы қоршаған орта температурасынан 0,5градус – 1 градус – ғана жоғары. Осыған байланысты олардың активтiлiгi маусымға байланысты болады. Ауа температурасы 5-80 болады олар су түбiне тереңге тығылады.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (11,25).
Құстың қаңқасының ұшуға бейімделуін зерттеңдер. Қаңқа үсйектеріның жеңілденуі жалпақ сүйектерінің жұқаланып, түтік тәрізді сүйектердің ішінде ауаға толы қуыстардың пайда болуымен түсіндіріледі. Қаңқа сүйектерінің мықтылығы жеке сүйектерінің тұтасып бітіп кетуіне байланысты.(бас сүйек, омыртқа бөлімдері, күрделі құймышақ). Омыртқа жотасының мойын бөлігінен басқасы аз қозғалмалы болуы кеуде қуысына ерекше мықтылық береді. Мойын омыртқалары өте қозғалмалы (көпшілік құстардың мойнының бұрылу бұрығы 1800, жапалақта 2700). Құстардың төсінде киль (қыр) сүйегі болады. Киль сүйегінде қанатты көтеріп түсіретін кеуде бұлшық еттері орналасады. Құстардың күрделі құймышағының (сегізкөз бөлігі) болуы құстардың жерде жүруіне тек артқы аяқтың қатысатынын түсіндеріді. Құстардың алдыңғы аяғы қанатқа айналған.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (11,25).
Құстардың ас қорыту, қан айналу, тыныс алу жүйелерімен денелерінде зат алмасу процесінің интенсивті түруі, дене жабынының қауырсынды болып келуімен бірігіп, олардың жылы қанды болуына мүмкіндік береді. (ірі құстардың дене температурасы 38-400С, ал ұсақ құстарда 41-430С).
Ми көлемінің ұлғаюы мен ми қыртысының түзілуі құстардың жүйке жүйесінің жоғары дәрежеде дамығанын көрсетеді: олардың туа пайда болған рефлекстердің (шартсыз) күрделі жүйесі болумен қатар шартты рефлекстер де жақсы қалыптасады.
Құс қауырсыныың құрылысын салып, пәрін, қаламын, бағанын белгілеп көрсетіңдер (47-сурет).
Құстың тыныс алу мүшесінің құрылысын салып, трахея, бронхалар, өкпе мен ауа қапшықтарын белгілеп көрсетіңдер.
Тақырып 14 Сүтқоректілер.
Сүт қоректілердің тыныс алу мүшесі өкпе күрделі, кеуекті құрылысты (өкпе ұлпасы көптеген өкпе көпіршіктері альвеолдардан тұратындықтан оның газ алмасу беті ұлғайып, ағзаның жалпы тіршілік әрекеті күрделенеді). Сүт қоректілердің тыныс алуы тек кеуде қуысының ұлғайып кішіреюімен ғана емес, көк еттің (диафграма) бір мезетте көтеріліп төмен түсуімен сипатталады (сүт қоректілердің басқа амниоттардан тыныс алуындағы айырмасы).
Ас қорыту жүйесі-тістерінің дифференциялануы (азу тіс, күрек тіс, клык) және ас қорыту жолының ащы ңшек, тоқ ішек, тік ішектен тұруы-сүт қоректілердің әр түрлі азық түлікті қолдануына және ас қорыту процесін жылдамдатуына мүмкіндік береді. Сүт қоректілер өсімдік текті азықпен қатар жануар текті азықты да қолданады.
Сүт қоректілердің миы күрделі құрылысты. Оны “сүт қоректілердің миы” деп аталатын таблица немесе макетті қолданып зерттеуге болады. Сүт қоректілердің алдыңғы миы үлкен, ми қыртысында иректер, қатпарлар бар, мишығы үлкен. Жүйке жүйесінің жақсы дамуы, сүт қоректілердің күрделі рефлекторлық іс- әрекетін, қоршаған ортаға басқа омыртқалылардың тез бейімделуін қамтамасыз етеді.
“Сүт қоректілердің ішкі құрылысы” препаратын ан ұрық дамып жетілетін жатырды тауып көрсетіңдер. Сүт қоректілердің ұрпағының ұзақ уақыт жатырда дамуы және олардың анасының сүтімен қоректенуі, жас ұрпақтың өлмей аман қалу мүмкіндігін жоғарлатады. Кеуде қуысының алдыңғы бөлігінде орналасқан жүректі көрсетңідер.
Омыртқасыздардың көптүрлілігін қарастыра келіп құрылысының күрделілік дәрежесіне байланысты оларды
бірнеше деңгейде орналастыруға болады. Осындай қабатты ярусты орналасу жануардың өткен эволюциялық жолына сәйкес келеді. Филогенетикалық ағаштағы ярустар бір-бірінен горизонтальды сызықтар арқылы бөлінген. Бір түрлі горизонтальдардың арасында орналасқан жануарлар тобының құрылысының күрделілігі шамамен бірдей (кесте).
Шежіре ағаштың бірінші қабаты бес типті біріктіретін Protozoa патшалық тармағынан құралған.
Төменгі сатыдағы Metazoa шежіре ағашының келесі қабаттарын құрады. Губкалар дамудың ең төменгі деңгейінде тұр, оған дәлелдеме нағыз тканьдердің және жүйке жүйесінің болмауы. Қалғанын кестеден қараңыз.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (11,20,34,33,35)
2.3 Семинар сабақтары жоқ
2.4Лабораториялық сабақтар 2,5 пункте /СОӨЖ/
Пәннің оқыту бағдарламасы (Syllabus) «Ғылыми зерттеулер негіздері» бойынша 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану»» мамандығының іштей оқитын студент
25 12 2014
3 стр.
ОӘк жаратылыстану ғылымы және экология институтының Ғылыми әдістемелік кеңесі отырысында бекітілген
14 12 2014
1 стр.
ОӘК түйіндемесі Зоология жануарлар ағзаларының құрылысы, тірішілік үрдістері, экология, мінез-құлқы, таралуы және әр алуандылығы туралы нақты материал береді
16 12 2014
2 стр.
Жертану және өлкетану курсында географиялың қабықта өтетін құбылыстардың алуан түрлілігі. олардың қасиеттері, табиғи обьектілер мен құбылыстар арасындағы өзара байланыстығы қарасты
16 12 2014
1 стр.
Студенттерге арналған пәннің бағдарламасы (силлабус) №671 (07. 08. 2004г. )мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына және типтік оқу бағдарламасына №200 (30. 03. 2005г.) сәйке
07 10 2014
4 стр.
«Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған
25 12 2014
1 стр.
Оқу бағдарламасы жалпы мемлекеттік білім беру стандартының негізінде, типтік оқу бағдарламасы бойынша және «құқық тану» мамандығына арналып бекітілген оқу жұмыс жоспарын басшылыққа
25 12 2014
1 стр.
Пму ұС 18. 3-10 сәйкес 2010-2011 оқу жылына 050901 «Тасымалдау, жол қозғалысын ұйымдасты-ру және көлікті пайдалану» маман-дық студенттеріне арналған «Патенттану» пәнінің оқу бағдар
25 09 2014
5 стр.