Перейти на главную страницу
1.1 Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
1.2 Экономикалық заңдар және экономикалық категориялар
1.3 Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
1.4 Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
Негізгі ұғымдар: экономия, саяси экономия, меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, марксизм, неоклассика-лық теория, маржинализм, кейнсиандық мектеп, монетаризм, институционализм, қоғамдық таңдау теориясы, экономикс, экономи-калық теория, экономикалық зерттеу пәні, экономикалық теорияның зерттеу аясы, экономикалық теорияның зерттеу объектісі мен субъек-тісі, экономикалық заңдар, эконоомикалық категориялар, экономика-лық теорияның әдістері, экономикалық саясат, позитивті талдау, нормативті талдау, т.б.
1.1 Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
«Экономика» ұғымы ежелгі грек сөзінен («ойкос» - үй, үй шаруашылығы, «номос» - заң, заңдылық) аударғанда үй шаруашылы-ғын жүргізу және басқару заңдылықтары дегенді білдіреді.
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат – ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат – адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
Экономикалық теория – бұл адамдардың шексіз қажеттілікте-рін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру, бөлу, айыр-бастау және тұтыну бойынша ғылым саласы.
Экономикалық теория – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Американ экономисі Пол Самуэльсон экономикалық теорияны барлық экономикалық ғылымдардың патшайымы деп атаған. Осы тұрғыда, экономикалық теорияны зерттеу шаруашылық өмірде адам-дардың экономикалық іс-әрекеттерін танып білуге және барлық уақытта экономикалық заңдардың мәнін түсінуге мүмкіндік береді.
Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні – бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы – бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі – бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі – бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.
Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтін-дігін түсіндіреді. Кез-келген басқа ғылымдар сияқты экономикалық теория қоршаған ортаны танып білудің және зерттеудің жалпы және ерекше әдістерін қолданады.
Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады:
1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.
3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету.
4. Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбы-лысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру.
Экономикалық теорияның ерекше әдістеріне мыналар жатады:
Экономикалық заңдардың объективтік сипаты – олар жекелеген индивидтердің, фирмалардың немесе мемлекеттің еркінен, санасынан және қалауынан тыс орын алады және әрекет етеді. Мұндай заңдарды экономикалық ғылымның көмегімен танып білуге болады, бірақ оларды сол экономикалық ғылыммен жасауға болмайды. Экономика-лық заңдарды анықтау экономикалық теорияның аса маңызды қызметтеріне жатады және олардың тәжірибелік маңызы зор болып табылады, себебі осындай заңдарды талдаудың негізінде тиімді экономикалық саясатты қалыптастыруға болады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, «экономика» термині ежелгі грек сөзі, оны алғаш рет грек жазушысы және тарихшы Ксенофонт (б.з.д. 430-355) қолданған. Шын мәнінде, бастапқы мағынасында «экономия» сөзі орын алған, ол үй шаруашылығын жүргізудің өнері туралы ғылым ретінде сипатталды. Алайда, уақыттың өзгеруіне байланысты экономикада жаңа ұғымдар пайда бола бастады. Мемлекеттер қалыптасып, қоғамдық еңбек бөлінісі мен айырбас қатынастары дами бастады. Осыған орай, біртұтас мемлекеттің халық шаруашылығын басқару қажеттілігі туындады. Осы кезде француз экономисі Антуан де Монкретьен (1575-1621) 1615 жылы «Саяси экономия трактаты» атты еңбегін жариялайды. Онда ол сауда қатынастарын жан-жақты дамыту арқылы экономикалық саясатты жүргізуді ұсынады. Сөйтіп, экономия сөзі саяси экономия деп аталатын сөз тіркесіне айналды. «Саяси экономия» - бұл кең мағынасында, халық шаруашылығын мемлекет тұрғысынан басқару туралы ғылым. Сол уақыттағы осы ғылым тұрғысында экономистер мемлекеттің ұлттық табысын арттыратын шешімдерді және шаруашылық жүргізудің негізгі мәселелерін алға тартты.
Неоклассиктердің жасаған негізгі талдау құралдары, бүгінде әлемдік экономикалық ғылымның «алтын қорына» жатады. Ол талдау құралдары мыналар болып табылады: шекті талдау, сұраныс икемділігі, нарықтардың өзара тәуелділігі, уақыт факторын ескеру арқылы қысқа және ұзақ мерзімдер арасындағы айырмашылықты көрсету, фирма теориясындағы өндіріс ауқымы тиімділігін талдау, т.б. Неоклассиктердің еркін бәсекелестікті жақтауы және мемлекеттің рөлін бағаламауы (ол тек «түнгі күзетші» қызметін атқарады) тұрғысынан экономикалық теория ХХ-ғасырдың соңына дейін бірнеше онжылдықтар бойы микроэкономикалық талдау шеңберінде дамып келді.
Неоклассиктер мен маржиналистер әрдайым нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеушілік сипатына мән бере отырып, еркін бәсекелестіктің бұзылған тепе-теңдікті автоматты түрде қалпына келтіре алу мүмкіндігіне ие екендігін және осы арқылы теңгерімді қарқынды, дағдарыссыз дамуды қамтамасыз ете алатындығын қолдады. Ғалымдар мемлекеттің экономикаға араласуына қарсы болды, шаруашылықты шектен тыс реттеудің қауіп-қатері бар екендігін ескертті.
Дегенменде, ХХ-ғасырдың бірінші жартысында батыс елдерінде өрши түскен дағдарыстық құбылыстар әлемдік экономикалық тоқырауға алып келді, ол тарихта 1929-1933 жылдары АҚШ-та орын «Ұлы депрессия» деген атпен белгілі болды. Бұл жерде шаруашылықтың дағдарысқа ұшырауымен қатар неоклассикалық бағыттың микроэкономикалық теориясы мен талдауы да күйзеліске ұшырады, яғни олар экономикалық дағдарыстың шығу себептерін және одан шығудың жолдарын түсіндіре алмады. Бұл жерде нарықтың өзін-өзі реттеушілік тетігі мен мемлекеттің экономикаға араласпауы туралы көзқарастар экономикалық теорияның осы тұстағы жаңа бір бағыты – кейнсиандық теориямен қатты сынға алынды. Енді осы бағытқа кеңірек тоқталамыз.
Кейнсиандық теория. Бұл бағыттың негізін қалаушы, ағылшынның көрнекті ғалым-экономисі Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Кейнс өзінің 1936 жылы шыққан «Жұмыспен қамтудың, ақшаның және пайыздың жалпы теориясы» деген басты еңбегінде экономикалық мәселелерді реттеудің макроэкономикалық негіздерін жасай отырып, микроэкономикалық талдау шеңберінде шешіле алмайтын көптеген сұрақтарға жауап бере алды. Осы теория негізінде экономикалық екінші құрамдас бөлігі – макроэкономика қалыптасты. Кейнстің бұл еңбегі оны және оның теориясын әйгілі етті.
Кейнс неоклассикалық ілімнің негізгі қағидаларынан бас тарта отырып нарық өзін-өзін реттей алмайтын тетік екенін дәлелдеді. Мұндағы Кейнстің басты идеясы болып экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі табылады. Өйткені, таза нарық жағдайында экономиканың күрделі мәселелері, атап айтсақ, жұмыссыздық, инфляция, экономиканың кезеңдік ауытқуы, әлеуметтік қамсыздандыру, халықтың әл-ауқаттылығын жақсарту сияқты күрделі мәселелер өздігінен шешілуі мүмкін емес, осыларды реттеу үшін мемлекет нарыққа міндетті түрде араласады. Кейнс ең алдымен, экономиканың қозғаушы күші деп ұсынысты емес, сұранысты бірінші орынға қояды, олай болса, ол жиынтық сұранысты көтеру және қолдау үшін мемлекеттің бюджет-салық және ақша-несие саясаттарын жүргізуді ұсынды. Кейнстің макроэкономикалық теориясын Элвин Хансен, Пол Самуэльсон, Джон Хикс, Евсей Домар және Рой Харрод сияқты ғалымдар әріқарай дамытып неокейнстік бағыттың негізін қалады.
Институционализм теориясынан негізгі екі бағыт тарайды: неоинституционализм және қоғамдық таңдау теориясы.
Неоинституционализм бағыты меншік құқығының экономика-лық теориясы деп аталады. Негізін салушы болып американдық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты Рональд Коуз (1911 жылы туылған) табылады. Бұл бағыт трансакциондық шығындар теориясына аса мән бере отырып, нарықтық қатынастарды дамытудағы меншік құқығының жаңа рөлін қалыптастырды және өндірісті нарықтық тұрғыдан тиімді үйлестірудің шығындарын анықтауды алға тартты.
Қоғамдық таңдау теориясы экономикалық және саяси құбылыстардың өзара байланысын зерттейді. Американдық экономистер, Нобель сыйлығының лауреаттары Джеймс Бьюкенен (1919 жылы туылған) мен Кэннет Эрроу (1921 жылы туылған) осы теорияның негізін қалаушылар болып табылады. Қоғамдық таңдау теориясы саясат қызметін экономикалық талдауды ұсынады. Саясат саласы ерекше нарық қарастырылады, бұл жерде саясат басындағы қоғамдық лауазымды тұлғалар жеке индивидтер мен фирмалар сияқты өздерінің жеке пайдасын басшылыққа ала отырып маңызды шешімдер қабылдайды. Сонымен қатар, атқарушы және заң шығарушы билік органдары басқару шешімдерін қабылдай отырып әл-ауқаттылықты арттыруға тырысады.
Соңында, экономикалық ғылымның әртүрлі бағыттары мен ілімдеріне және олардың ерекшеліктеріне қарай отырып, біз қазіргі экономикалық теорияның жай ғана заңдар мен нормалардың қалыптасқан жиыны емес екенін, оның әртүрлі экономикалық жүйелерді зерттеуде туындайтын сұрақтарға жауап бере алатын танып білудің икемді және үнемі жетілдіріліп отыратын құралы ретінде түсіне аламыз.
Бұдан басқа, экономикалық талдаудың позитивті (оң) талдау және нормативті (реттеушілік) талдау деген түрлері де бар:
Позитивті және нормативті талдаудың арасындағы айырмашылық оларда субъективтік бағалаулардың орын алуынан көрінеді. Бұл айырмашылықты дәлме-дәл көрсете білген ағылшын экономисі Джон Невилл Кейнс (Джон Мейнард Кейнстің әкесі) болды. Оның ойынша, позитивті экономикалық ғылым не бар деген сұраққа жауап береді. Ал нормативті экономикалық ғылым экономика қандай болуы керек және мақсаттарға жету үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздейді.
Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы
25 12 2014
23 стр.
Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып
13 10 2014
13 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
06 10 2014
3 стр.
Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?
14 12 2014
3 стр.
Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М
15 12 2014
1 стр.
Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік
14 12 2014
1 стр.
В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері
13 09 2014
1 стр.
Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы
25 12 2014
1 стр.