Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 5страница 6страница 7страница 8страница 9 ... страница 22страница 23

Кооперативтік емес іс-әрекет – бұл әрбір жеке олигополист-фирмалардың бәсекелестерінің ықтимал шешімдері мен реакцияларын ескере отырып, баға мен өнім көлемі туралы мәселелерді өз бетінше дербес шешуін сипаттайтын бірікпеген қимылдары.

Кооперативтік іс-әрекет – бұл саладағы олигополист-фирмалардың біртұ-тас монополия құру мақсатымен баға, өнім көлемі және ықтимал пайда туралы мәселелерді өзара бірігіп шешуін сипаттайтын қимылдары.
6.4 Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында баға мен өндіріс көлемін таңдау
Нарықтық құрылымның және бәсекелестіктің әртүрлі жағдайларында жұмыс істейтін кез-келген фирманың іс-әрекеті пайда табуға және оны арттыруға негізделеді. Ол мақсатқа жету үшін фирмалар оңтайлы баға мен өндірістің тиімді көлемін таңдау қажет. Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайында өндірілетін тауарлардың әртүрлі болуына байланысты фирмалар бағаны тағайындағанда оның өніміне деген сұраныс қисығымен әрдайым санасып отырады. Содан соң фирма пайдасын көтеретін өндірістің ең тиімді көлемін таңдауға ұмтылады.

Жетілген бәсеке жағдайында фирманың өніміне деген сұраныс абсолютті икемді болып табыла отырып, оның сұраныс қисығы шекті табыс қисығымен сәйкес келеді, бұл өз кезегінде фирманың нарықтық бағаны басшылыққа ала отырып шығарылым көлемі туралы шешім қабылдауға итермелейді. Фирма өз пайдасын шекті шығындар нарықтық бағаға тең болғандағы шығарылым көлемі кезінде максималдайды. Қысқа мерзімде жетілген бәсекелес фирманың ұсыныс қисығы өндірістің қысқа мерзімді шекті шығындарының орташа өзгермелі шығындармен қиылысуындағы жоғарғы кесіндісімен сәйкес келеді:

- өндірістің орташа шығындарынан жоғары баға кезінде фирма экономикалық пайда алады;

- бағаның өндірістің орташа шығындарына тең болуы кезінде фирма нөлдік пайда ала отырып, өзін-өзі өтеу жағдайында болады;

- фирма шығындарды ең аз деңгейге жеткізе отырып бағаның минималды орташа өзгермелі шығындарымен тең болғандағы шығарылым көлемін жүзеге асыруы қажет. Жетілген бәсекелестік жағдайында ұзақ мерзімді уақытта MC=MR=AC=P теңдігі сақталады. Тепе-теңдік жағдайында осы белгілі бәсекелестік саланың барлық фирмаларының шығындары бірдей болуы керек деген парадокс туындайды. Жетілген бәсеке нарығында салаға кіріп-шығу тосқауылдарының жоқ болуы ұзақ мерзімде нарықтық ұсыныстың ұлғаюы есебінен экономикалық пайданың жоғалуына себепші болып табылады. Жетілген бәсекелі фирманың және саланың ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік жағдайы нарықтық баға өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болған уақытта орындалады, яғни фирмалар нөлдік экономикалық пайданы ғана ала алады. Қысқа мерзімдегі нарықтық (салалық) ұсыныс бағаның әрбір жеке деңгейінде жекелеген фирманың қысқа мерзімдегі ұсыныс көлемдерін көлденеңінен қосу арқылы анықталады. Салалық ұсыныстың ұзақ мерзімдегі қисығы өндіріс факторларына деген бағалардың өзгеруіне байланысты қалыптасады және оның көлбеулігі мынадай болуы мүмкін: а) көлденең түзу сызықты, егер өндіріс факторларының бағалары салалық шығарылым көлемін кеңейту кезінде өзгеріссіз қалса; ә) жоғары бағытталған өспелі қисық түрінде, егер факторлардың бағалары өссе; б) төмен бағытталған кемімелі қисық түрінде болуы мүмкін, егер өндіріс факторларының бағалары төмендейтін болса. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етудің мынадай шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жетілген бәсеке жағдайындағы фирма баға шекті шығындарға және де өндірістің ұзақ мерзімдегі минималды орташа шығындарына тең болғандағы сату көлемін таңдайды. Жетілген бәсеке нарығы әрекет етуді қамтамасыз етудің аса тиімді әдісі болып табылады, яғни бұл жерде өндірістік ресурстарды аса ұтымды түрде пайдалану жүзеге асырылады және өндіріс үрдісі ең аз шығындармен және аса арзан тәсілдермен орындалады.



Монополия жағдайында фирманың билік жүргізуінің көзі болып нарыққа бақылау жасай алуы табылады, ол нарықты бақылау арқылы өзінің өндіріс көлемін реттей отырып нарықтық бағаға әсер ете алады. Монополия жағдайында минималды орташа шығындармен өндіруге ынталандыратын нарықтық күштер болмағандықтан, монополист өндірістің кез-келген көлемін таңдай алады. Пайданы максимизациялау ережесіне жүгіне отырып, монополист шекті табыс өндірістің шекті шығындарына тең болғандағы өндіріс көлемін таңдайды. Бұл жағдайда, сұраныс қисығының көлбеулігін ескере отырып монополист бағаны бір өнімге кететін шекті шығындардан жоғары етіп тағайындайды, яғни осы баға оның өніміне деген сұраныс икемділігіне кері пропорционалды олып табылады. Монополисттің өндіріс көлемі туралы шешім қабылдауы шекті түсім қисығының сипатын анықтайтын сұраныс икемділігінің өзгеруіне байланысты болса, онда баға мен ұсыныс көлемі арасында арақатынас орын алмайды, сондықтанда монополия жағдайында ұсыныс қисығы болмайды. Әр түрлі тең жағдайларда монополистің ұсыныс көлемі жетілген бәсекелес фирмаға қарағанда төмен, ал бір өнімге деген монополиялық баға жетілген бәсекелес фирманың бағасына қарағанда жоғары болып табылады, осының салдарынан қоғамдың әл-ауқаты төмендейді.

Монополистік бәсеке жағдайында фирма пайданы максималдауды басшылыққа алатын болса, онда ол шығарылым көлемін өндірістің шекті шығындары оның шекті табысына тең болған кезде оңтайландыруы қажет. Монополистік бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирма өнімінің бағасы қысқа мерзімде оның орташа өзгермелі шығындарын және ұзақ мерзімді кезең үшін ұзақ мерзімді орташа шығындарды жауып отырғанша дейін шығарылым көлемін жүзеге асыра береді. Монополистік бәсеке жағдайында фирманың және саланың ұзақ мерзімдік тепе-теңдігі тауарды өндірістің ұзақ мерзімді орташа шығындарға тең болғандағы бағамен сатқанда орындалады, бұл салалық тосқауылдардың төмен болуына орай бәсекенің орын алуына себепші болып табылады. Сондықтанда, фирма ұзақ мерзімдік тепе-теңдік жағдайында бола отырып экономикалық пайда алу мүмкіндігінен айрылады. Монополистік бәсеке жағдайындағы фирмалар өз өніміне деген сұраныс қисықтарының көлбеулігімен санасады десек, онда олардың ұзақ мерзімдік тепе-теңдікке жетуі нарықтық бағалардың шекті шығындардан және өндірістің ұзақ мерзімді минималды орташа шығындарынан жоғары болуы кезінде қамтамасыз етіледі, ал бұл өз кезегінде артық өндіріс қуатының болуын сипаттайды.

Олигополия жағдайында фирмалар салалық пайда максималды болатындай шығарылым көлемін қамтамасыз етуді өз алдына мақсат етіп қояды. Өзара әрекеттесудің өзі кооперативтік стратегия формасында жүзеге асуы мүмкін, яғни бұл жағдайда бірігу фирмалардың баға мен өндіріс көлемі туралы өзара келісімге келуі арқылы қол жеткізіледі, және де әрекет ету кооперативтік емес стратегияны қолдану кезінде орын алуы мүмкін, яғни бұл жағдайдағы координация бәсекелік әдістер жолымен жүзеге асырылады. Кооперативтік іс-әрекеттер кезінде фирмалар біртұтас монополия ретінде мінез-құлық танытып, бағаны жоғары белгілейді және өнім көлемін де тым шектейді. Ал кооперативтік емес іс-әрекет кезінде фирмалардың мінез-құлқы жетілген бәсекеге ұқсас болып келеді және олардың пайдасы да кооперативтікке қарағанда төмен болады.
6.5 Бәсекені қорғау және монополияны шектеу. Антимонополиялық саясат
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:

1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.

2. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей және жанама).



3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.

Сонымен, монополиялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу салалық ұсынысты ұлғайту мақсатында жүзеге асырылады және ол монополиялық әрекеттерді жоюға бағытталған құқықтық нормалар, монополияның нарықтық билікті жүзеге асыру мүмкіндіктерін шектейтін экономикалық іс-шаралар сияқты әдістер арқылы жүргізіледі.


Әдебиеттер тізімі


  1. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров. Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. - 464 б.

  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Ө.Қ. Шеденов, Е.Н. Сағындықов, Б.А. Жүнісов, Ү.С. Байжомартов, Б.И. Комягин. /Жалпы редакциясын басқарған Ө.Қ. Шеденов – Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 – 455 бет.

  3. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, т.б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, «Санат», 1998. – 479 бет.

  4. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория: оқу-әдістемелік кешен. – Астана: 2006., 248 б.

  5. Нарматов С.Р., Нарматова А.С. Экономикалық теория. Лекциялар курсы. (Оқу құралы). – Алматы: «Эверо», 2009. – 516 бет.

  6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 – 832 с.

  7. Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория: Учебник для вузов. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Норма, 2005. – 672 .

  8. Крымова В. Экономикалық теория: Кестелі оқу құралы. Алматы: Аркаим, 2009. – 196 б.

  9. Женсхан Д.Ж. Экономикалық теория. Экономикалық емес мамандықтарға арналған қысқаша курс. Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ., 2008. – 147 б.

  10. Шеденов Ө.Қ. Экономикалық ілімдер тарихы: оқулық. - Ақтөбе: А - Полиграфия, 2006. – 316 б.

  11. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты», 2012 ж. 28 қаңтар.

  12. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз», 2011 ж. 28 қаңтар.

  13. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері», 2010 ж. 30 қаңтар.

  14. ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға». 2009 ж. 7 наурыз.

  15. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан - 2030: «Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы», Алматы – 1998 ж.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Бәсекелестіктің түрлері қандай?

  2. Нарықтық құрылымдар және оларды анықтайтын факторлар қандай?

  3. Жетілген бәсекенің шарттары қандай?

  4. Жетілген бәсеке жағдайында баға мен өнім көлемін таңдаудың ерекшеліктері қандай?

  5. Жетілмеген бәсекенің түрлері қандай?

  6. Монополияның түрлері қандай?

  7. Монополияның шарттары қандай?

  8. Олигополия жағдайында шешім қабылдаудың ерекшеліктері қандай?

  9. Монополистік бәсеке жағдайында өнімді ерекшелендіру мен жарнамалау қалай орын алады?

  10. Антимонополиялық саясаттың негізгі бағыттары қандай?


Студенттің өзіндік жұмыстары


  1. Тақырып бойынша экономикалық сөздік жасау (глоссарий).

  2. Тақырып бойынша логикалық схемалар құрастыру.

  3. Мына сұрақтарға жауап беріңіз (конспект):

1) Монопсония және екі жақты монополия.

2) Дуополия, дуопсония, олигопсония үлгілері.




  1. Тест тапсырмалары:

  1. Таза бәсеке - бұл:

A) Баға арқылы жүргізілетін бәсеке.

B) Көптеген сатып алушылар мен сатушылардың бәсекелістігі.

C) Даулы мәселелер бойынша келісім.

D) Кәсіпорындар арасындағы бәсеке.

Е) Жалғыз сатып алушының сауда жүргізуі.


  1. Мына көрсетілген салалардың қайсысында монополиялық әрекеттер тиімді түрде жүзеге асырылуы мүмкін?

A) Жеңіл өнеркәсіпте. B) Тамақ өнеркәсібінде.

C) Жылумен қамтамасыз ету орталықтарында.

D) Жиһаз дайындау цехтарында. E) Көтерме сауда нүктелерінде.


  1. Нарықтық ортада монополиялық билік болу үшін:

A) Жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алуы керек. B) Жеке өндіруші нарықтық бағаның өзгеруіне ықпал ете алмайды. C) Жеке өндіруші өнім көлемін қысқартуы қажет.

D) Жеке өндіруші өнім көлемін өсіруі қажет.

E) Өндірушілер арасында бәсекелестк болмауы қажет.


  1. Олигополиялық бәсеке жағдайында:

A) Бірнеше ірі фирмалар жұмыс істейді.

B) Бірнеше сатып алушылар жұмыс істейді.

C) Көптеген сатушылар нарықта орын алады.

D) Әділетсіз бәсекенің формасы көп кездеседі.

E) Тек бағалық емес бәсеке орын алады.


  1. Біртекті немесе әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін бірнеше ірі өндірушілері бар нарықтық модель қалай аталады?

A) Олигопсония. B) Олигополия. C) Монополистік бәсеке.

D) Монопсония. E) Монополистік олигополия.



  1. Монополияның әрекеттері лицензиялаумен байланысты, өйткені:

A) Нарықта ерекше өнім өндіріледі. B) Әртүрлі өнімдер өндіріледі.

C) Біртекті тауарлар өндіріледі. D) Фирмаға қажетті өнімдер шығарылады . E) Адамға қауіпті өнімдер өндіріледі.



  1. Монополистік бәсеке нарығында фирма немен сипатталады:

A) Әр түрлі өнім шығарады. B) Бірнеше фирма қатысады. C) Нарыққа еркін кіріп шыға алмайды. D) Нарық туралы толық мәлімет болмайды. E) Жалғыз сатушының болуы.

  1. Монополия жағдайында салаға кіру:

A) Тосқауылдармен шектелген. B) Қиындатылған. C) Еркін.

D) Ашық. E) Кез келген фирмаға мүмкін.



  1. Монополист дегеніміз кім?

A) Жалғыз ғана сатып алушы. B) Биржаларда келісім жасаушы тұлға. C) Ұйымның басшысы. D) Жалғыз ғана сатушы. E) Банккке ақша салушы адам.

  1. Дуополиялық бәсеке қандай белгімен анықталады?

A) Өнімді жалғыз фирманың өндіруі.

B) Нарықта көптеген сатушылардың жұмыс істеуі.

C) Нарықта өнімнің белгілі бір түрін екі кәсіпорынның өндіруі.

D) Өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың өндіруі.

E) Нақты екі ғана ірі сатып алушының үстемдік жүргізуі.


  1. Сұраныс пен ұсыныс бағаның реттеушілік рөлін сипаттау үшін қандай нарықтарда қолданылады?

A) Тауарлар мен қызметтер нарығында. B) Валюта нарығында.

C) Бағалы қағаздар нарығында. D) Ресурстар нарығында. E) Кез келген нарықтарда.



  1. Монополистік бәсеке нарығында фирма:

A) Стандартты және сараланған тауарлар шығырады.

B) Сапалы тауарлар шығарады.

C) Ерекше тауарлар шығарады.

D) Әртүрлі тауарлар өндіреді.

E) Біртекті тауарлар өндіреді.


  1. Біртектес тауарларды әртүрлі тұтынушыларға әртүрлі бағамен сатуды не деп атаймыз?

A) Ғылыми техникалық қақтығысу. B) Бағалық дискриминация.

C) Бағалық емес дискриминация. D) Өндірістік қақтығысу.

E) Бәсекелік дискриминация.


  1. Мына көрсетілген салалардың қайсысында монополиялық әрекеттер тиімді түрде жүзеге асырылуы мүмкін?

A) Бөлшек сауда. B) Бөлмені жинастыру. C) Су құбырларының желілері. D) Аяқ киім шығару . E) Сыртқы киімдер шығару.

  1. Жетілген бәсекелі фирманың өніміне деген сұраныс қисығының пішіні қандай болып келеді?

A) Оң көлбеулі болып келеді. B) Тік сызық формасында. C) Көлденең түрде. D) Теріс көлбеулі болып келеді. E) Бастапқыда көлденең түрінде болады да, содан кейін тік сызық формасына айналады.

  1. Әр түрлі тауар өндіретін фирмалардың саны көп нарықтық құрылым:

A) Монополия. B) Монополистік бәсеке. C) Олигополия. D) Таза бәсеке. E) Монопсония.

  1. Бағалық емес бәсекені жүргізудің түрлері қандай?

A) Жарнама. B) Жәрмеңкелер ұйымдастыру. C) Тауардың сапасын жақсарту. D) Сатудан кейінгі қызмет көрсету деңгейі. E) Осы аталғандардың барлығы.

  1. Мына факторлардың қайсысы монополияның қалыптасып жұмыс істеуіне әсер етпейді?

A) Авторлық құқықтар. B) Патенттер. C) Лицензиялар. D) Жақын алмастырушылары бар тауарларды өндіру және сату. E) Ресурстар мен шикізаттарға деген толық бақылау.

  1. Жетілген бәсекелі нарыққа сәйкес келмейтiн шартты таңдаңыз:

A) Тауар мен қызметтi жалғыз өндiрушiнiң болуы. B) Кез - келген шаруашылық, нарықтың қызметiне деген еркiндiктің болуы. C) Нарықтың ақпаратпен толық қамтамасыз етiлуi. D) Еркiн баға белгiлеудің болмауы. E) Сатып алушылар санының көп болуы.

  1. Белгілі бір өнімді бір ғана фирма сатып алатын экономикалық жағдай қалай аталады?

A) Монопсония. B) Олигополия. C) Монополия. D) Дуополия. E) Олигопсония.

  1. Монополистік бәсеке нарығында:

A) Жекелеген тұтынушы өнімнің бағасына әсер ете алады.

B) Тауарлар дизайны және сатылу шарттары бойынша ерекшеленеді. C) Бір сатушының әрекеті басқа сатушылардың әрекеттеріне әсер етпейді.

D) Жарнаманың рөлі мүлдем болмайды.

E) Бір-біріне алмастырылмайтын тауарлар өндіріледі.



7-ТАҚЫРЫП

Фирма теориясы.

Кәсіпкерлікті ұйымдастыру негіздері
Мақсаты: фирманың теориялық бағыттарын зерттеу және кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі нысандарын, сонымен қатар, Қаззақстандағы кәсіпкерліктің дамуын қарастыру.
Талқылау сұрақтары:

7.1 Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары

7.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

7.3 Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы айналым. Инвестициялар

7.4 Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы
Негізгі ұғымдар: фирма, кәсіпорын, бизнес, кәсіпкерлік, жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғам, капитал айналымы, ауыспалы айналым, толық айналым, инвестиция, амортизация, материалдық тозу, сапалық тозу, т.б.
7.1 Фирма немесе кәсіпорын: мәні және теориялық бағыттары
Экономикалық теория мен тәжірибеде «фирма» ұғымы коммерциялық қызметпен айналысатын шаруашылық құрылымдар-дың атауын белгілеу үшін қолданылады. Фирма деп өзінің мүліктік жауапкершілігімен коммерциялық іс-әрекетті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін белгілі бір мүлкі мен бекітілген құқықтары бар шаруашылық бірлікті айтады.

Экономикалық теорияда фирманың бірнеше теориялық бағыттары бар.



Фирманың неоклассикалық теориясы. Бұл теория бойынша фирма өз пайдасын максималдауды көздейтін және қызметі өндірістік функциямен анықталатын технологиялық бірлік ретінде қарастыры-лады. Фирманың басты міндеті болып өндіріс шығындарын минималды деңгейге жеткізетін өндірісі ауқымы мен ресурстардың оңтайлы үйлесімділігін таба білу және өндірістің тиімділігін анықтау табылады. Фирманың неоклассикалық тұжырымдамасы нарықтың тиімділігін, ондағы ақпараттың толықтылығын, бағаның автоматты реттеушілік рөлін, экономикалық субъектілердің ұтымды тәртіптерін фирмалар көлемі мен шығындар деңгейінің бірдей болуын есепке алады. Алайда, бұл жерде фирманың ішкі ұйымдасушылық ерекшеліктері мен шешім қабылдаудың балама нұсқалары ескерілмейді. Сондықтан, осы тұрғыда бұл теория тәжірибеде қатты сыналады. Сонымен қатар, ол фирманың нақты экономикалық субъект ретіндегі шығу тегі, оның өзгерісінің себептері мен тетіктері туралы сұрақтарға жауап бере алмайды.

Фирманың институционалдық теориясы. Бұл теория бойынша фирма нарықтық белгісіздік пен тәуекел жағдайында іс-әрекет жасайтын күрделі сатылы құрылым болып табылады. Фирманың нарықтағы тәртібі ақпараттық толық еместігі жүйесінде қарастырылады және басты назарға фирма табиғатының және оның дамуының алуан түрлілігінің себептері туралы мәселелер алынады. Фирма табиғатын талдаудың негізіне нарықтық белгісіздік жағдайында келісімдерді жүзеге асыруда туындайтын трансакциондық шығындардың1 орын алуы туралы алғышарттар қойылады. Фирма осындай шығындарды қысқарта отырып, нарықтық және әкімшіліктік жолдармен ресурстарды оңтайлы үйлестірудің неше түрлі әдістерін қолдана алуы тиіс. Нарықтық жол кезінде баға механизмі есепке алынады, ал әкімшіліктік жол кезінде баға механизмі ескерілмейді. Бұл жерде фирманың құрылымы ресурстарды нарықтық тұрғыдан үйлестірудің шығындары мен оларды әкімшіліктік басқару тұрғысынан бөлу шығындары арасындағы арақатынаспен анықталады. Нәтижесінде, фирманың өзі ресурстарды нарықтық әдіспен тиімді орналастырудың баламасы ретінде қарастырылады. Демек, нарық ресурстарды тиімді бөлудің жалғыз ғана әдісі деген белгісінен айырылады. Осындай бағыттың құндылығы фирманың қолданатын ресурсының ерекшелігіне байланысты дұрыс шешім қабылдауы нарықтың өзі қамтамасыз ете алмайтын өндірістік тиімді әдісті ұйымдастыра алу қабілеттілігін түсіндіруден анық көрінеді. Сондықтанда, фирманың пайда табудағы табиғаты трансакциондық және басқарушылық шығындарды салыстырудан ғана емес, оның ерекше ресурстарды қолдана алу қабілетіне де тәуелді болып табылады.

Фирма туралы аталған теориялардың ерекшеліктеріне қарамастан, олар пайда табу мақсатында ресурстарды тиімді бөлу тұрғысынан фирма қызметінің мәселелерін шешуді қарастырады. Басты айырмашылығы, бірінші жағдайда, фирманың өндірістік жағына көңіл бөлініп, нарықтың өзін-өзі реттейтін механизм ретінде қарастырылуы – бұл фирманың өндірістік теориясы, ал екінші жағдайда, фирманың өмір сүруі нарықтың жетілмегендігімен байланыстырылады және фирма қызметінің ұйымдастырушылық жағына көңіл бөлінуі қарастырылады – бұл фирманың келісімдік теориясы.

Сонымен, фирма ресурстар иелерінің арасындағы қатынастар жиынтығы ретіндегі күрделі иерархиялық ұйым болып табылады.

Фирма – бұл пайданы максималдау мақсатында өндіріс шығындарын төмендету қағидасы тұрғысынан өз қызметін жүзеге асыратын өндірістік бірлік.
7.2 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. «Кәсіпкерлік» терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон енгізді. Кәсіпкерлік ұғымына ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Кәсіпкерлік дегеніміз – бұл азаматтар мен бірлестіктердің мүлікті жауапкершілік пен тәуекел ету негізінде іске асырылатын, жоғары табыс алуға бағытталған шығармашылық, дербес іс-әрекеттері.

Кәсіпкерліктің негізгі белгілері:

• шаруашылық субъектілерінің дербестігі және тәуелсіздігі;

• экономикалық мүдделілігі;

• шаруашылық тәуекел етуі және жауапкершілігі;

• белсенді ізденуі;

• жаңалықтығы.

Кәсіпкерліктің субъектілері: мемлекет, жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, серіктестіктер, арендалық ұжымдар, акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялары, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің объектілері: шаруашылық қызметтің кез-келген түрлері, коммерциялық делдалдық, инновациялық, кеңес беру іс-әрекеттері, құнды қағаздармен операциялар.

Кәсіпкерліктің негізгі атқаратын қызметтері:

1. Новаторлық қызметі. Әрбір кәсіпкер өзінің мақсатына жету үшін кәсіпкерлікті ұйымдастырудың жаңа формаларын, жаңа технологияларды қолдануға мүдделі болады. Бұл қызмет өнімнің бәсекеге қабілеттілігін және сапасы туралы мәселелерді шешеді.

2. Ұйымдастыру қызметі. Әрбір кәсіпкер минималды шығын жұмсау және максималды пайда табу мақсатымен ең тиімді өндірісті таңдайды. Өндірісті ұйымдастыру кезінде кәсіпкер жер, еңбек, капитал ресурстарын бір процеске біріктіреді.

3. Басқару қызметі. Әрбір кәсіпкер шаруашылықты жүргізуде негізгі шешімдерді қабылдау инициативасын өз жауапкершілігіне алады: кадр мәселесі, өнімді сатып өткізу, банк жүйесімен байланысты мәселелерді шешеді.

4. Тәуекелге бару қызметі. Әрбір кәсіпкер тәуекелге бару үшін істелетін істің айқындылығын талдап, қорытындысына не болатынын білген жөн. Кәсіпкер тек қана өз уақыты, еңбегін, іс қабілеттілігін тәуекелге салмайды, сонымен бірге өндіріске кеткен өзінің серіктестіктерінің немесе акционерлерінің қаржыларын тәуекелге салады.


<предыдущая страница | следующая страница>


1-тақырып Қазіргі экономикалық теорияның

Мақсаты: экономикалық теория ғылымының зерттеу пәнін, аясын, объектісі мен суъектісін, зерттейтін негізгі мәселелерін, әдіс-терін, құрылымын, атқаратын қызметтерін және экономикалы

3564.5kb.

25 12 2014
23 стр.


1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып

2865.5kb.

13 10 2014
13 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім?

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

632.08kb.

06 10 2014
3 стр.


"Экономия" ұғымын алғаш ұсынған ойшыл кім? Аристотель

Байлық сыртқы сауда жасау нәтижесінде жинақталады” деп экономикалық теорияның қай даму кезеңінде айтылады?

631.06kb.

14 12 2014
3 стр.


Семинар сабақтарға арналған әдістемелік ұсыныс

Тақырып Хромосомалық аурулар. Адамның тұқымқуалайтын ауруларына диагноз қоюдың қазіргі кездегі әдістері. Адамның тұқымқуалайтын ауруларының алдын алудың қазіргі кездегі әдістері. М

54.39kb.

15 12 2014
1 стр.


Дәріс сабақтары 1- тақырып. Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері

Кіріспе. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері. Фонетика туралы түсінік

138.64kb.

14 12 2014
1 стр.


Пәнді оқыту бағдарламасын тақырып парағы

В012000- кәсіби оқыту мамандықтарының күндізгі коб негізінде оқитын студенттеріне Бағдарламалаудың қазіргі тілдері

197.82kb.

13 09 2014
1 стр.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өз бетінше

Тақырып 2: Дезинсекцияның қазіргі кездегі заттары және әдістері. Буынаяқтылармен күресуді ұйымдастыру. Энтомологиялық топтардың жұмысы

47.88kb.

25 12 2014
1 стр.