ҚАН САРЫСУЫНДАҒЫ СТАФИЛОКОККТЫҚ АНТИТОКСИНДІ АНЫҚТАУ.
Укбаева Т.Д., Нурмуханов А.А., Ахметов С.Б., Мұстафа Р.С.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы
«Астана қаласының Қан орталығы» МҚКК., Астана қаласы
Стафилококктық этиологияның көптеген аурулары, соның ішінде патологиялық көздерінің терең локализациясы (остеомиелиттер, септикопиемиялық процесстер) әрдайым көп көлемде стафилококктық антигеннің қан айналымына түсуіне, сонымен қоса стафилококктық токсиннің гемолитикалық қасиетін бейтараптайтын стафилококктық токсин болып табылатын спецификалық антидененің түзіленуіне түрткі болып келеді. Сау адамдарда, сонымен қатар стафилококктық инфекциямен немесі ірінді хирургиялық аурумен ауырған адамдарда стафилококктық антитоксин титрі 2 АБ ден аспайды. Қан сарысуындағы стафилококтық антитоксинді анықтау, септикопиемиялық процесстердің диагностикасы кезінде аса маңыздылықа ие болады, мысалы: ауру адамның өмірі қауіпті жағдайда болған кезде. Ал кең ауқымды антибиотикотерапия фонында жүргізілетін бактерилогиялық зерттеулер нәтижесіз болып қалады.
Құрамында 1мл-де 1AБ бар қан сарысуындағы антистафилолизинді анықтау.
1 мл қанда 1АБ ден төмен мөлшері бар қан сарысуын титрлеу үшін, стафилококктық токсиннің гемолитикалық қасиетін бейтараптайтын әдіс қолданылады - Lh (Limes haemolyticus). Lh гемолитикалық әсерінің лимиті болып, қоянның эритроциттерінің толық гемолизін тудыратын, 1AE стафилококктық антотоксинімен байланысты оның көлемі саналады.
Lh анықтау үшін, пробиркалар қатарына 0,08; 0,1; 0,12; 0,15; 0,18; 0,2; 0,22; 0,24; 0,26; 0,28; 0,3; 0,32; 0,35 дозада стафилококктық токсинді құяды, содан кейін жалпы көлемін 1 мл дейін изотоникалық ерітіндімен келтіреді, сосын әрбір пробиркаға 1 мл- де 1AБ бойынша стандартты антистафилококктық сарысуды қосады және қоспаны мұқият араластырғаннан кейін, 1 мл шайылған эритроцитке +2 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен араластырылған, қоянның эритроциттерін (0,05 мл) тамшы бойынша еңгізеді.
Бақылау жасау үшін бір пробиркаға осы эритроциттердің бір тамшысы қосылған 2 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін құяды. Пробиркаларды 1 сағат бойы 370С термостатта ұстайды, содай кейін 1 сағат бөлме температурасында ұстайды. Сосын реакция нәтижесін есептейді. 1АБ сарысуы бар қоспада токсиннің ең аз дозасы, эритроциттердің гемолизін береді және Lh токсині деп қабылдайды. Зерттеуге жататын иммунизерленген немесе аурулардан алынған қан сарысуының антистафилолизинінің титрін анықтау үшін шамамен 20 мин 560C температурада инактивация жасайды, ал содан кейін 5 рет бөліп араластырады (1 мл зерттелетін сарысуға +4 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін қосады).
Бірдей уақытта стафилококк токсиндерінің 4 араласын дайындайды: Lh/5, Lh/10, Lh/20, Lh/40. Мысалы: егер құжаттағы мәліметтер бойынша, этикеткада көрсетілгендей, Lh токсин 0,2 тең болса, онда:
Lh/5=0,2: 5=0,04
Lh/10=0,2: 10=0,02
Lh/20=0,2: 20=0,01
Lh/40=0,2: 40=0,005
Әрбір зерттелетін сарысуға 6 пробирка алынады. Оның 4-не 1 мл-ден зерттелетін араластырылған сарысуды құяды, оған 1 мл-ден токсиннің дайындалған араласын қосады және мұқият араластырылғаннан кейін әрбір пробиркаға 0,05 мл-ден (1 тамшыдан) 3 рет шайылған, 1:3 порциясында араластырылған қоянның эритроциттерін еңгізеді. Тәжірибелік пробиркалар қатарында екі бақылаушы алынады: құрамында 2 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі және 0,05 мл эритроциттердің қоспасы бар эритроциттің бақылаушысы (5-ші пробирка); құрамында 1 мл-ден астам стафилококктық токсинінің дозасы (Lh/5), 1 мл изотоникалық ерітінді және 0,05 мл эритроциттердің қоспасы бар токсиннің бақылаушысы (6-шы пробирка). Барлық ингредиенттін қоспасын мұқият араластырғаннан кейін 1 сағат термостатта 370C ұстайды және 1 сағат бөлме температурасында ұстайды, содай кейін нәтижені тіркеуге кіріседі. Бақылаудан бастап реакцияны тіркейді. Токсин бақылауы бар 6-шы пробиркада эритроциттердің толықтай еруі керек, 5-ші пробиркада – эритроциттердің бақылауы – гемолиздің толықтай тоқтауымен тіркеледі. Тәжірибеге алынған, минимальді токсин дозасы бар қоспада, сарысу көлемі гемолиздің толықтай жүрмеуін тудырады, немесе + және ++ пен бағаланатын әлсіз гемолизді береді және араласқан сарысудың титрі ретінде қабылдайды. Араласпаған сарысудың титрін анықтау үшін алынған мөлшерін сарысудың араластыру дәрежесіне көбейтеді: мысалы: егер 1 мл сарысу, 5 рет араласқан, Lh/40 токсинімен бейтарапталған, оның титрі мынаған тең: (1x5)/40=0,125 AБ.
Барлық пробиркада гемолиздің бейтараптануы болмаған кезде, зерттеуге алынған 1 мл сарысуды 0,125 AБ төмен титрі болатыны жайында, қорытынды береді.
Құрамында 1 мл –де 1АБ-тен астамы бар, сарысуды титрлеу әдісі.
Зерттелетін сарысудан 1 кесте бойынша, араластыру қатарын дайындайды. Сарысуды титрлеу кезінде қолданылатын стафилококктық токсин бірінші араласта – Lh/5 алынады. 1 мл зерттелетін сарысудың әрбір араласына 1 мл-ден араласқан Lh/5 стафилакокктық токсинің қосады. Мұқият араластырылғаннан кейін алынған қоспаға 0,05 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен шайылған және араласқан 1:3 пропорцияда қоян эритроциттерін қосады. Тәжірибеге екі бақылау қояды: эритроциттің бақылауы (2 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі және 1 тамшы эритроциттің қоспасы) және токсин бақылауы (тәжірибелік араласта 1 мл токсині, 1 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі және 0,05 мл эритроцитін).
Тәжірибелік және бақылаулық пробиркалары бар штативта 1 сағат термостатта және 1 сағат бөлме температурасында ұстайды, содай кейін реакция нәтижесін есептейді. Сарысудың максимальді араласуы, Lh/5 токсині бар қоспада гемолиз береді және құрамында 1/5 AБ болады. 1мл араласпаған сарысудың құрамында 5 есе көп антитоксикалық бірлік болады. Зерттелетін сарысуды әр түрлі араласта, олардың көлемін анықтау үшін ең ыңғайлысы кестеде келтірілген дайын мәліметті қолдану [14,15,17].
1 - кесте
Құрамында 1 ден 18АБ дейін стафилококктық антиктоксині бар сарысуды титрлеу кезінде алынған нәтижелерін есептеу және араластыру сызбасы.
Пробир ка №
|
Сарысу, мл
|
Натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, мл
|
Аралас-тыру
|
Саны, АБ
|
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
|
Араласпаған 0,6
1-ші пробиркадан 0,2
» 2-ші » 1,0
» 2-ші » 1,0
» 3-ші » 0,5
» 4-ші » 0,5
» 2-ші » 0,2
» 2-ші » 0,2
» 2-ші » 0,2
» 2-ші » 0,2
» 2-ші » 0,2
|
2,4
2,0
0,5
1,0
0,5
0,5
0,8
1,0
1,2
1,4
1,6
|
1:5
1:10
1:15
1:20
1:30
1:40
1:50
1:60
1:70
1:80
1:90
|
1
2
3
4 (0,5 алу)
6
8
10
12(0,2 алу)
14(0,4 алу)
16(0,6 алу)
18(0,8 алу)
|
Қолданылған әдебиеттер:
1. Укбаева Т.Д., Саулебекова Л.О. и др. Особ – и течения гнойно – восполительных заболеваний у новорожденных, вызванных токсигенными штаммами стафилококков. (Материалы (V сьезда) детских врачей РК.), г. Астана, 2002. – с – 119 – 120.
2. Бұлашев А. Қ. Иммунология – Астана: С. Сейфуллин атындағы ҚазАГТУ – нің баспаханасы. 2000.- Б. 77 – 88.
3. Дерябин П. Н., Каральник Б. В., Султанбаев Т. Ж. Иммунодиагностика гнойно – воспалительных и септических заболеваний – Алматы. –1993.–194с.
4. Дерябин П. Н., Ванеева Н. П., Ковалева М. А., и др. Сравнение эффективности различных серологических методов диагностики стафилококковой инфекции./Вопросы клинической иммунологии и иммунологической диагностики. Алма-Ата, 1988. – С. 22 – 24.
5. Каральник Б. В. – Варианты реакции агглютинации. Настоящее и будущее. // Ж.микробиол. 1999 - №8. – С.84 – 89.
6. Меньшиков В.В., Кадашева О.Г. Качество лабораторных исследований и современные подходы к его оценке. Клиническая лабораторная диагностика. №6. 2000.- С.25-32.
7. Митрохин С.Д., Сергеев С.А., Махсон А.Н. Обоснованость применения мупироцина в формулярах антибактериальной терапии и профилактики нозокомиальной инфекции в онкологической клинике.// Инфекции и антимикробная терапия. 2000; 2(6): С.181 – 184.
8. Науч. мед. справочник. Инфекционные болезни и токсикоинфекция – М.: Мед., 1990.- С.607 – 608.
9. Укбаева Т. Д. Комплексная лабораторная диагностика респираторных инфекций у детей с неспецифическими заболеваниями легких – Алматы, 1999.- 15с.
Шамардин В.А., Тугамбаев Т.Н. Диагностические сорбированные иммунореагенты. Алма – Ата, 1989.- 160 с.