Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМА 1-8-21/02

МУ «Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года» от 04.07.2007 г




Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастырудың доценттік курсы

Дәріс

Тақырыбы: Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының оқу көздері. Алғашқы қауым қоғамындағы медицинаның туындауы

Элективті пән «Медицина тарихы»
Мамандығы 051102- «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Курс - II


Уақыты-1 сағ

Қарағанды 2008 ж


Курстың әдістемелік жиналысында бекітілген

2008 Хаттама № ____

Курсқа жауапты доцент А.М. Еремеев

Тақырыбы: Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихы және денсаулық сақтаудың оқу көздері


  • Мақсаты: Медицина тарихына ғылым ретінде анықтама беру және пән ретінде өткізу.

Жоғарғы білім беру жүйесінде пәннің мәнін ашу. Медицинаның негізгі даму этаптарына сипаттама беру және дамумен, сондай-ақ әлеуметтік – экономикалық фармациямен алмасуының байланысын көрсету.

Медицина тарихы және денсаулық сақтауды зерттеудің көздерін табу. Медициналық алғашқы қауымдық құрылыстағы фармацияларының дамуына тоқталып өту.



  • Дәріс жоспары:

1.Медицина тарихы ғылым ретінде және өткізілетін пән ретінде. Жоғарғы білім беру жүйесіндегі медицина тарихының мәні.

2.Медицинаның дамуы және қоғамдық-экономикалық фармациямен алмасуының байланысына қарай, дамудың негізгі этаптары.

3.Медицина тарихы және денсаулық сақтауды зерттеудің көздері.

4.Медицина алғашқы қауымдық құрылыста.

1. Медицина тарихы ғылым және пән ретінде.

Медицина тарихының, жоғарғы білім беру жүйесіндегі мәні.

Медицина білімінің басқа аймақтары сияқты, басы құралмаған, мәңгілік шындықты көрсететін, ұзақ және қиын даму процессінің нәтижесі. Әрбір даму кезеңінде, әр кезеңнің дамуында, егер ол адамдардың денсаулығымен және ауруымен байланыста болса, медицина тарихын, оның тарихын дамуымен зерттеуіміз қажет. Өткенді зерттеу, нақ уақытта жақсы көмектеседі, болашақты болжайды.

Біздің уақытымыз барлық аймақтардың жылдам өсуімен сипатталады. Соның ішінде медицинада осыған байланысты ғылымның дайын нәтижелерін ұғыну төмендеуде: Әрбір маманның соның ішінде дәрігерлердің де өзіндік ғылыми ойлауы өсуде. Осыған байланысты ғылыми ойлаудың міндетті құрам бөлігі ретінде тарихи ойлауға қажеттілік өсуде. Тек тарихи біліммен, тарихи ойлаумен ғана дәрігер медицинадағы өзгерістерге дайын болады. Медицина тарихы-медициналық дамуды зерттейтін, медициналық білімнің дамуы және әлеуметтік-экономикалық фармациямен алмасуына байланысты халықтаудың жалпы тарихи мәдени деңгейінің жиынтығы. Медицина тарихының мәні, ол медицина ғылымының дамуындағы, отандық ғылымдардың жетістіктері, олардың әлемдік ғылыми прогресстегі орны. Ғалымдардың ғылым салаларына әсері және тәжірибелері денсаулық сақтаудың алдына қойылған негізгі мәнді шарты. Өз мамандығында оның тарихын білу қажеттілігі қазіргі уақытта орталық орын алады. Дірігердің жұмысы жан-жаққа кең бағытталған ,ең алдымен адам денсаулығына әсерін тигізетін қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық-экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағдйда сақтау. Әрбір медициналық пәнді оқу, оның тарихи дамуын сараптаумен басталады. Медицина ғылымының белгілерін және әртүрлі бағытталағн бөлімдерімен танысу және тәжірибеде оқылатын материалды толық ұғынуы, студенттің шығармашылық потенциалын шындайды.

2.Медицинаның дамуы және қоғамдық-экономикалық фармацияның алмасуының байланысына қарай, дамуының негізгі этаптары.

Медицина тарихын оқуда ең маңызды талаптың бірі болып, кезеңді бөлу болып табылады. Анық бейнемен, бір-бірімен айырмашылықтары бар кезеңдермен сипатталады. Кезеңдеудің дұрыстығы-ғылыми, тарихи кезеңдермен негізделеді. Медицинаның дамуының деңгейі мен сипаты қоғамдық құрылыспен сипатталады, ал өндіргіш күштерінің жағдайы және өндіру қатынасы. Білімнің деңгейі, ғылымның аралас аймақтарымен айқындалады. Медицина тарихын зертей отырып, біз оның кезеңдерін жасай аламыз. Ол адамзат тарихының жалпы жолына жауап береді, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық формацияның деңгейінде қамтиды. Ондай формациялар: алғашқы қауымдық құрылыс, құлиеленуші құрылыс, феодалдық, капитплистік,социалистік. Әлеуметтік-экономикалық формацияның алмасуы медицинаның өзгеруіне, оның сол құрылыстағы қоғам өмірімен, бір-бірен тигізетін әсерімен байланысты екендігі айтпай – ақ түсінікті. Осы әрбір формацияда медицина өзінің ерекшеліктері мен бейнеленеді. Бірақ әрбір формация деңгейінде медицина тәжірибесімен ғылымы азда болса сол кезеңнің экономикасы, ғылымы, техникасына байланысты өзгеріске ұшырады. Нұсқалған кезеңділік, негізігі формациямен жалпы медицина тарихының байланыстығын бірге қарастырады. Медицина тарихы медицинадағы өзгерістерді, оның алға жылжуын, оның қоғам өмірімен байланысын көрсетеді.

Медицина тарихы және денсаулық сақтаудың зерттеу көздері.

Медицина тарихы өзінің пайда болып, оның дамуына өзінің негізгі көзднріне міндетті. Олар табиғи (физикалық, химиялық, биологиялық және т.б.) және қоғамдық (тарихи, философиялық және т.б.) тарихи көздер екіге бөлінеді. Біріншілк тарихи және екіншілік тарихи көздері. ХХ ғ 40 жылдары проф. М.Н.Тихомировтың ұсынған, ал проф. А.П.Пронштейннің бекіткен классификатциясы бойынша барлық тарихи көздер жеті негізгі топқа бөлінеді:жазбаша, заттай, этнографиялық, ауызша (фальклорлық) лингвистикалық, кинофото құжаттар, фоно құжаттар. Жазбаша көздері-ескінің естелігі, олар мазмұны қысқаша графикалық бейнелермен белгіленіп, жазбаша немесе сызба түріндегі қағаздағы болмаса папирустағы құжат. Заттай көздер әртүрлі формада болады. Олардың көп бөлігін археологиялық ескерткіштер құрайды. Олар жазбаша кезеңге дейінгі негізгі естеліктері. Заттай көзделген палеоантропологиялық материалдар жатады. Этнографиялық көздері мәдени және қоғамдық өмірі, өткен эпохалардағы адамзаттан мұраға қалған. Олар есте сақталынған және қазіргі уақытта жаңа формада жалғасуда. Олар сену, ырымшыл, салт пен дәстүрге бой ұру. Ауызша (фольклорлық) көздерін-халықтардан жасалынған және ауызша формада таралады. Бұл көздердің нақты фактіліері, дәл уақыты жасалған тұлға туралы мәліметтер жоқ. Лингвистикалық көздері-шынайы тарихи әрекет сөздік формада бейнеленеді. Кинофото құжаттар-бұл құжаттардың дамуы фото суретке және киномтографияға негізделген. Фоно құжаттар-тарихи фактіліердің дыбыстық жақтарын және фонограммасымен бірге сол болып өткен мезетте жасайды. Өтпелі топтардың көздері, заттықтан, жазбашаға өтудің шекарасында жасалынған кіші формадағы жасап шығару өнері-монеталар, медальдар, маркалар, открыткалар және т.б. Олар тарихи ғылымдар, нумизматика, филателия, филокартия т.б. көмекші топтары.

Филотелия-пошталық төлемдер және олардың коллекцияларының белгілері жайындағы ғылым. Медицина тақырыптары келесі бөлімдерден көрсетіледі. «Белгілі қызметкерлер», «дәрілік өсімдіктер» және т.б.

Филумения-шырпы этикеткаларын жинау. Бұл коллекцияланудың түрі ХІХ ғ 30 жылдары шықты.

Филокартия-открыткаларды коллекциялау. Открыткалардың көпшілігі медицина қызметкерлеріне арналады.

Экслибрис-латын тілінен аударғанда «кітаптан» деген сөзді білдіреді. Экслбриста медицина қызметкерлері, медициналық белгілер және атрибуттар бейнеленген.

Нумизматика-монета жайында ғылым. Нумизматикалық экспонаттарға жатады, медальдар және жетондар.

Бонистика-бұл тарихи пәннің көмекшісі, ол қағаз ақшалардың белгілерін зерттеумен айналысады. Әлемнің қырықтан аса дәрігерлері осы қағаз ақшаларды бейнеленуге лайықты болған.

Фалеристика-значоктарды коллекциялау. Қазір әрбір халықаралық съезд, конгрес, симпозиум, юбилейлерде значоктармен марапатталу өтеді. Осыған байланысты әрбір ғылым саласы сияқты, медицина тарихыда болашақ дәрігерді дайындауда үлкен рөл атқарады.. Ол ғылыми ойлауда және этиканың, жалпы мәдени және медициналық ойлау шеңберінің кеңеюіне, медицинаның ғылым ретінде қалыптасуына көп көмектеседі

Алғашқы қауымдық құрылыстағы медицинаның дамуы.

Алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасуы және дәрігерліктің пайда болуы.

(б.з.д. – 2 млн жыл бұрын-б.з.40 мың жылдары)

Адамзат тарихы, адамзаттың пайда боуымен, оның еңбек қабілетімен қалыптасуымен байланысты қалыптасады. Өзінің ұзақтығы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыстын тарихы, барлық адамзат тарихының 99 процентін алады. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейін, әлемдегі барлық халықтар қалыптаса бастады. Сондықтан адамзаттың бастапқы даму кезеңнің зерттеу, оның тарихи дамуының жолдарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Алғашқы адамдар тобыры ежелгі адамдардың қалыптасуының, ерте формасы. Ежелгі адамдар (архантроптар) тік жүретін болды.Олар көшпелі немесе жартылай көшпелі өмір сүрді. Архантроптардың еңбек әрекеттері, сөйлеудің, ойлаудың және есінің дамуына тікелей әсер етті. Алғашқы адамның есінің полеопсихологиясы 8ш сферасын анықтайды. 1)Эмперикалық тәжірибеде 2)Қарым-қатынастағы нәтиженің эмпирикалық тәжірибесінде 3)Абстрактілік ес. Біріншілік және екіншілік сфералар хронологияларда бөлінбейді және олар архантроптарда біріншілік ойлаумен бірге қалыптасқан. Естің үшінші сферасы-абстрактілі ойлау, архантроптарда толық дамымаған, сондықтанда антропогенездің ерте кезеңдерде өлгендерді көму және өртеу, религионезды және магиялық әрекеттер басқада алғашқы адамның өнері болмаған.

Ежелгі (палеоантроптар)- қазіргі адамның ата-бабасы. Тас индустриясын құрған. Терімшілікпен, балықшылықпен, аңшылықпен, отты қолданған, жануар терілерін киім үшін, тұрғын үйінлерін жылыту үшін пайдаланған. Алғаш өлгендерді көмген, осыдан олар біртіндеп адамдардың неандертальдық түріне айналған. (үңгірлерде ЛЕ-Мустье, Ла Ферраси, Франция территориясында; Киик-Коба Крымда) бұл абстрактілі естік пайда болуын көрсетеді.

Ежелгі адамдардың мың жылдық таныстығы. Олардың өсімдік қасиеттерін біліп, оның ішінен қажетті қоректенуге жарамды, ұлы және дәрілік түрлерін эмперикалық жолмен бөлуге көмектесті.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы дәрігерлік істің гүлденуі.

(40 мың жыл бұрын-Х-V б.э.д мың жылдық)

Жоғарғы полеолиттің басында антропогенез процесі аяқталды және қазіргі заман адамы – Ното Sapiens қалыптасты. Гоминидтік үштік толығымен құрылды. Ойкумен айтарлықтай кеңейді. Қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына үйрену қазіргі замандақ типтердің (негроидтар, европооидтар, монголоидтар және австроидтар) қалыпта ұйымдасу, қару-жарақ техникасы, садақ және жебені ойлап табудың дамуы (XIV-VII ғ б.э.д.). Өндірістік күшті қалыптастыруға әкелді. Ертеректегі аңшылардың туыстық қоғамы, терішіоер және балықшылар, кейінірек егіншілер және малшылар қоғамы пайда болды.

Ерте туыстық қоғамдарда, рухани мәдениеттерінде бір –бірімен тығыз байланысқан рационалды және иррационалді көріністер көрініс берді. Рационалды әлемдік жетілудің нәтижесі білім және дәрігерлік қабылдаулар Австралия Аборигендері тас дәуірінен бастап өмір сүрді. Олар асқазан ауруларын емдеп, қан кетуді тоқтата білген, тері ауруларында зәрмен жуып, лай басқан, сынықтарда шиналар қойған, қан ағызуды жасай білген,өсімдік, жануар және минералдық заттардан дәрілік заттар жасап, қолданған. Дәстүрлі сүндеттеуді және кесір тілігін жасауды білген. Алғашқы хирургиялық инстументтері тастан және сүйектен жасалынған пышақтар болған.

Алғашқы адамдар қолданған заттардың көбін қазірде қолданамыз: Эфедраны емдік өсімдік ретінде Қытайда бес мың жыл бұрын білген. Хининдік ағаштың емдік қасиетін инкилар ашқан. Көктемдік тау гүлімен ісікті және ентігуді емдеген. Арнайы білім құрылып, кейін оның халық медицинасында қолдана бастады. Ландыштың емдік қасиеті, какаоның, сүліктің, оңқаның, минералды судың және басқада заттардың қасиеттерін, халық медицинасынан мұра ретінде алып отырмыз.

Алғашқы қауымдық құрылыстағы дәрігерлік істің ыдырауы

(б.э.д X-V мың жылдық)

Алғашқы қауымдық құрылыстың қалыптасуы екі формада; патриархаттық және кештеу матриархаттық. Кейін олар параллельді дамыды.

Патриархат кең таралды. Ол қоғамдық теңсіздіктегі, экономикалық және әлеуметтік басқарылуда ерлердің рөлі басты болған жерде дамыды.

Алғашқы қауымдық құрылыста матриархат сирек форма болды. Ол қоғамда теңсіздік кезінде экономикалық басқаруда әйелдердің рөлі басымдығымен көрінеді. Біздің планетамызда осы матриархат салтымен өмір сүрген тайпа бар (ирокездер, манангкабау және т.б.).

Алғашқы қауымдық құрылыста қолайлы экономикалықө аймақтарда қалыптасу процессі б.э.д. ІІІ-ІІ мың жылдықта аяқталды. (Месопатамия, Мысыр, Үнді бассені) Ал аз қолайлы аймақтар Мұхиттар, Австралия, Африкада ол біздің уақытымызға дейін жалғасты.

Осы кезеңнің соңында басты маңызды жаңалық ІV ғ б.э.д. иероглифтердің жазбаша жазылып қалдырылуы ең алдымен Шумерлерде және Мысырлықтарда, кейін Қытайлықтарда.

Дәрігерлік аймақта тәжірибені дамыту жалғасты, дәрілік заттардың шеңбері кеңейді, медициналық инструменттерді металдан жасау, аяқ-қолдың ампутатциясын өткізу қолданыста болды.

Алғашқы адамдарды тәжірибелер, табиғи заттарды емдік мақсатта қолдануға үйретті. Өсімдіктерді жинауды олардан, емдік дәрілер жасады басқа да жануарлардың мүшелерін емдік мақсатта қолданды. Көптеген медициналық тәсілдер және дәрілік заттар, халық медицинасының негізін қалады.

Жалпы алғашқы адам дәрілік заттарға және тәсілдерге кедей болды. Болашақ әлсіз жауларынан, қорғану үшін өзінің айналасынадғы өзгеше табиғат құрып, жердегі ең мықтыға айналды, күшпен өз әлемін құрды.



  • Көрнекті материал

Кестелер «Медицина тарихы мен денсаулық сақтаудың оқыту көздері.»

Біріншілік оқу көздері

Екіншілік оқу көздері.

Қолданылған әдебиеттер.

1. Арцишевский А. Этюды о врачевателях и фармацевтах /А. Арцишевский.-//Казахстанский фармацевтический вестник. - 2002. -N 1. -C 8-9; 2005.-

№ 16.- С 10-11.

2. Богоявленский Н.А. О значении данных археологии при изучении истории отечественной медицины /Н.А. Богоявленский.- //Из истории медицины: Сб. ст.- Рига, 1963.- С. 71-79.

3. Георгадзе В.И.Эмблемы медицины / В.И. Георгадзе, Э.Д. Грибанов.- Тбилиси, 1979. - 112с.

3. Заблудовский П.Е. История медицины: Избранные главы /П.Е. Заблудовский. - М.: Медгиз, 1953. – Вып. 1. - 88с.

4. История медицины / П.Е. Заблудовский, Г.Р. Крючок, М.К. Кузьмин, М.М. Левит. - М.: Медицина, 1987. - 352 с.



    5. Лисицын Ю.П.История медицины / Ю.П. Лисицын. - М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. -393 с.

6.Сайфулина Н.Ф. Курс лекций по истории медицины: Учебное пособие/ Н.Ф. Сайфулина. – Караганда, 2008.- 122 с.

7. Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. Древний мир/ Т.С. Сорокина. - М.: УДН, 1981.-160с.

8. Сорокина Т.С. История медицины: Учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений / Т.С. Сорокина. – 4-е изд., стер.- М.: «Академия»,2005.-560с.

9. Сорокина Т.С. Атлас истории медицины. Первобытное общество. Древний мир/ Т.С. Сорокина.- 2-е изд., перераб. и доп.- М.: УДН, 1987. - 170 с.



Бақылау сұрақтары.

  1. Медицина тарихы нені оқытады?

  2. Қандай қоғамдық- экономикалық формацияны сіз білесіз?

  3. Тарихи оқу көздерінің негізгі жеті тобын көрсетіңіз.

  4. Біріншілік оқу көзі дегеніміз не?

  5. Екіншілік оқу көзі дегеніміз не?

  6. Тарихи оқу көздерінің жіктелуінің авторы кім?

  7. Палеоантропологиялық материалдар қандай оқу көздеріне жатады.?

  8. Экслибрис дегеніміз не.?

  9. Қандай оқу көздерінің көмегімен өткен тарихты білуге болады.?

  10. Қандай жазба оқу көздерін қолдану арқылы Қазақстан медицинасын оқып білуге болады.?

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тайгулов Е. А., Қазақ мемлекеттік медицина академиясы, госпитальдық хирургия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор

1192.24kb.

16 12 2014
7 стр.


Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы р. К. Бегимбетова экономикалық теория негіздері

М.Қ. Елубаева Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

653.49kb.

14 12 2014
4 стр.


Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы д. Ж. Тайжанова, З. К. Гусеинова ішек аурулары

А. Алиханова Қарағанды мемелекеттік медицина академиясының дкбб және укжф отбасылық медицина және амбулаторлық-емханалық терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор

970.53kb.

16 12 2014
7 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тақырыбы: Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының оқу көздері. Алғашқы қауым қоғамындағы медицинаның туындауы

103.3kb.

23 09 2014
1 стр.


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 55 б

612.5kb.

16 12 2014
3 стр.


Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Тіс протезін жасаудың технологиясы бойынша дәрістер курсы (оқу әдістемелік құрал) Қарағанды: Қмма, 2007ж 73 б

882.97kb.

16 12 2014
5 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы Химия курсымен фармацевтикалық пәндер кафедрасы
69.26kb.

14 12 2014
1 стр.


Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы г. П. Аринова көз шарасының аурулары

Т. С. Телеуова Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының офтальмология кафедрасының м.ғ. д.,профессоры

654.97kb.

25 12 2014
3 стр.