Перейти на главную страницу
(әдістемелік кеңес)
Бәсекеге қабілетті экономиканы құруда заманауи кітапханалардың рөлі мен алар орны қандай? ҮИИДМБ-сын жүзеге асыруда кітапханаларымыздың қандай көмегі болады? Кітапханалар миссиясы – біліммен қамтамасыз ету және оны тарату, пайдаланушыларға өзекті ақпараттарды дер кезінде ұсыну болып табылады. Егер ҮИИДМБ-ның алдына қойып отырған міндеттеріне зер салсақ, басты мақсат мемлекеттің күш-жігерін экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі; келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі; машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм. Ендеше еліміздің кітапханаларының алдында тұрған міндет те осы экономиканың басты секторларын дамытуға ақпараттық жағынан қолдау көрсету болмақ, яғни ғылыммен айналысам деушілерге толыққанды ақпараттар беру, халықтың, бизнес өкілдерінің ақпараттық-мәдениетінің қалыптасуына жәрдемдесу.
Ол қалай жүзеге аспақ? Ол экономиканың басым секторлары бойынша кітапхананың ақпараттық қорларын барынша толықтыру, анықтамалық-библиографиялық жұмыстарын бағыттау, көпшілік жұмыстарының аясын кеңейту, кітапхана қызметкерлерінің үздіксіз білімін жетілдіру арқылы жүзеге аспақ. Мақсат елге бағдарламаның алға қойған міндеттерін жеткізу, түсіндіру, озық технология жаңалықтарын ғалымдарымызға, кәсіпкерлерге, өндіріс саласы мен ауыл шаруашылық қызметкерлеріне ұсыну. Ақпарат алуда жәрдемдесу, сұраныстарын толық қанағаттандыру. Кітапхана – жаңа индустриялық саясатты насихаттау құралы болмақ.
Акпараттық ресурстар.
Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған елдің экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту бағытында кітапхана қорын белсенді түрде жаңғырту керек. Еліміздің кітапханалар қорларын аймақтарды индустриялық-инновациялық дамыту тақырыбы бойынша қалыптастыру. Кітап қорын толықтыруда соңғы шыққан заманауи кітаптарды алуға, қашықтағы дерекқорларға жазылуға, әрбір ғылым саласы бойынша мерзімдік басылымдардың сапалысын жаздыртып алуға кеңес береміз. Әсіресе бағдарламада айтылған мұнай-газ секторы, мұнай химиясы, кен металлургиясы саласы бойынша, химия, атом өнеркәсібі бойынша, ішкі сұраныс негізінде салаларды дамыту және басқа да салалар бойынша кітап қорын толықтыру қажет. Ғылым салалары бойынша еліміздің баспаларынан шығатын кітаптар әлі де жұтаң, аз таралыммен басылады. Сондықтан ақпараттар толыққанды болу мақсатында мерзімдік басылымдарды: «Ақиқат», «Аnalytic», «Индустрия Казахстана», «Промышленность Казахстана», «Казахстан спектр», «Саясат-Policу», «Вестник КазНУ» (барлық серияларын), «Экономика и статистика», «Курсив», «Экономика», «Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана» және тағы басқаларын жаздыртып алуды және ондағы мақалаларды электрондық каталогқа дер уақытында құйып отыруға кеңес береміз.
Кітапханалардың әлемдік электрондық ресурстар жүйесіне қолы жетуін ұйымдастыру қажет. Бағдарламада қойылған міндеттер - өндіріс пен өнеркәсіпке аса мән беру, ғылыми технологияны дамыту болып отыр. Әлемдік тәжірибеге назар аударып, ғаламдық рынокты жаулаудың жолдарын үйрену қазақстандық азаматтардың басты міндеті. Бұл орайда кітапхананың атқарар рөлі ақпараттық әлеуетін үнемі дамыту арқылы, шағын бизнес, шикізат өңдеу және өндіріс технологиясы бойынша қазіргі заманғы кітаптарды алғаннан өзге толықмәтінді дерекқорларға жазылып, ірі отандық және шетелдік кітапханалармен бірлесіп қызмет атқару, Интернеттің ғаламдық кеңістігін игеру.
Осы орайда кітапхана оқырман сұранысын толыққанды қанағаттандыруда жетекші ақпарат орталықтарымен, еліміздің және Ресейдің ірі және арнаулы кітапханаларымен тығыз байланыста болып, олардың электрондық кітапханалары мен мәліметтер базасын, онлайндық каталогтар мен электрондық журналдарын пайдалануға кеңес береміз. Олар: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – ҚазҰЭК порталы www.kazneb.kz, «Медикус» толық мәтінді мәліметтер базасы, Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпараттар институты (ВИНИТИ), Ресей Ұлттық кітапханасы (РНБ) – nlr.ru, Ресей мемлекеттік кітапхансының (РГБ) диссертациялар электрондық кітапханасы – diss.rsl.ru., East View Rublications мәліметтер базасы – www.ebiblioteka.ru, «Интегрум» мәліметтер базасы – svc.integrum.ru, SpringerLink электронды мәліметтер базасы және басқалары.
МЭКҚ-ҚазҰЭК қоры мазмұны жағынан әмбебап әрі оған кітапханалық сақтау нысаны болып табылатын (кітаптар, журналдар, диссертациялар, оқу-әдістемелік басылымдар және т.б) құжаттардың кез келген түрі енгізілген.
Сондықтан Қазақстанның кез келген нүктесінен МЭКҚ ҚазҰЭК электронды каталогынан іздестіру жүргізуге және Қазақстанда жарық көрген кітаптардың толықмәтінді электронды көшірмелерін қарау мүмкіншілігі бар. Пайдаланушы жеке электронды поштасы арқылы қажетті кітап үзіндісіне электронды тапсырыс бере алады.
Қазірде барлық облыс орталықтарындағы кітапханаларда құрылған «Виртуальды анықтамалық қызмет» елдің түкпір-түкпіріндегі оқырмандардың сұраныстарын қанағаттандырарлық дәрежеде болғаны жөн. Мысалы ҚР ҰАК-ның «Виртуальды анықтамалық қызметі» ([email protected]) тәулік бойы және тегін жұмыс істеп, оқырмандардың, оның ішінде алыс елдімекендерден, алыс және жақын шетелдерден хабарласқан оқырмандардың сұраныстарын 1-3 тәулік көлемінде орындайды, сондықтан күрделі сұрақтар туындағанда осы анықтаманың қызметіне жүгінуге болады.
ҮИИДМБ жүзеге асыру мақсатында мемлекетіміз жаңа заңдар («Ғылым туралы» жаңа заң, «Білім туралы» заң жобасы, басқа да өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған заң актілері) қабылдап жатыр. Осыған орай кәсіпкерлердің, ғалымдардың, білім саласы қызметкерлерінің, ауыл кәсіпкерлері, шағын және орта бизнес құрушылардың құқық мәселесі бойынша сұраныстарын қазірде барлық облыстарда жолға қойылған «Заң-Закон» құқықтық мәліметтер базасы арқылы толық қанағаттандыруды ұсынамыз. Осы бағытта Интернетпен жұмыс істеудің стандарттық бағдарламаларын қолдана отырып, оn-line режимде құқықтық ақпараттарға оқырмандардың еркін қол жетімділігін қамтамасыз етуді; құқықтық актілердің ресми мәтіндерін қабылдау және мәліметтер базасының сақталуын қамтамасыз етуді; өзіндегі ақпараттық-құқықтық мәліметтер базалары мен қорлардың есебінен ақпараттық ресурстарды толықтыруды; құқықтық ақпараттарды насихаттауға кеңес береміз.
Мысалы, әлемдегі дамыған елдердегі өндірістік құрал-жабдықтар мен құрылғылардың жаңа түрлері дүниеге келіп жатады, шаруашылықты оңтайлы басқару тәжірибесі, өркениетке жету жолындағы маркетингтік, менеджментік тәсілдерін, капитал мен еңбек ресурстарын, жер мен жеке меншікті, өндіріс пен шикізатты қалай тиімді пайдаланады, міне, осындай ақпараттарды кітапханашы кітапхана веб-сайтында тақырыптық бөлімдерде (Мысалы: «Бизнес идея», «Инновация игілігі», «Бизнес-Ақпарат» «Бизнес-Информ» т.т.) жинақтап, пайдаланушылардың назарына ұсынуға болады. Мұндағы мақсат ақпараттарды бір жерде жинақтап, пайдаланушылардың сұранысын тез және сапалы қанағаттандыру. Мысалы ҚРҰАК барлық қазақстандық ғалымдар, экономистер, мемлекеттік қызметкерлер үшін ақпараттық даму қоры арқылы Дүниежүзілік банктің электронды кітапханасы мәліметтер базасына қолжетімділік жасай алады. Дүниежүзілік банк 4000-нан аса құжатын ұстайтын интерактивті, іздестіру үшін мүмкіндігі бар порталын ұсынады. Дүниежүзілік банктің электронды кітапханасы әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы жұмыстардың барынша толық жинағының бірі болып саналады.
Ғылыми ақпараттарды Интернеттен іздестіруге қолжетімділік ұйымдастырып, [email protected] электрондық поштасы арқылы консультативті көмек бере алады.
Пайдаланушыларға қашықтық қызметтің «Құжаттарды электронды түрде жеткізу», «Тізім жіберілімдер» түрлерін белсенді қолдануға кеңес береміз. Мысалы кітапханаға келе алмайтын оқырмандар үшін және кітапхана қорынан керекті ақпаратын таба алмаса «Құжаттарды электронды түрде жеткізу қызметін» пайдалану тиімді. Осы қызмет арқылы шетел кітапханаларының қорынан және мәлімет базаларынан құжаттарды іздестіріп, құжаттардың фрагменттерін көшіріп және электронды форматқа ауыстыруға болады.
Еліміздегі ірі кітапханалар мен шетел кітапханаларының электронды каталогтары мен библиографиялық мәліметтер базасын тәжірибеде қолдану аймақтық кітапханаларға ақпараттарды пайдаланушыларға толыққанды ұсынуда жәрдемі зор. Мысалы, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы – ҚазҰЭК [email protected], ҚР Ұлттық кітапханасы – nirk.kz, Қоғамдық ғылымдар бойынша ақпараттар институты (ИНИОН) – inion.ru, Орталық ғылыми медициналық кітапхана, Бүкілресейлік ғылыми-техникалық ақпараттар институты (ВИНИТИ), Ресей Ұлттық кітапханасы (РНБ) – nlr.ru, Ресей мемлекеттік кітапхансы (РГБ) – rsl.ru және басқаларының каталогтары мен библиографиялық дерек базаларын пайдалану оң нәтиже бермек.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынылатын мемлекеттік қызмет көрсетулерді кітапхана ақпаратты тиімді пайдалану мақсатында пайдаланушыларына ұсына алады. Кітапханашының міндеті пайдаланушыға тіркелу мен электрондық қызметтің тізіміндегі тармақтарға кілт сөзбен ене білуді үйрету. Бүгінде «Электрондық үкімет» дамуының игі нәтижесі ретінде, БҰҰ-ның рейтингіне сәйкес, Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің құрамына кіріп, мүмкін болатын 192-нің 46 –ы орында тұр.
ҮИИДМБ экономикалық басым секторларының бірі ауыл шаруашылық саласы. Еліміз бойынша ауылдық кітапханалардың саны 3366, олардың ішінде автоматтандырылғаны 1433. Ауыл шаруашылығын дамытуда бірден-бір көмек - кәсіпкерлерге ғылыми басылымдардың беттерінде жарияланып жатқан жаңалықтармен таныстыру, олардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру тағысын тағылар ауыл кітапханаларының басты міндеті.
Осы орайда мүмкіншіліктері мол облыстық кітапханалар ауылдық жерлерге библиокеруен ұйымдастыруларына кеңес береміз. Ондағы мақсат ауыл тұрғындарын бағдарламаның мақсат-міндеттерімен таныстыру, ауыл шаруашылығы салаларының кәсіби сайттарымен таныстыру, Интернет мүмкіндіктерінің шексіздігін паш ету, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыруға жәрдемдесу. Осы орайда кітапханаларға «Интернет-маркетолог», «Жаңа ақпараттық технология», «Алғашқы қадам», «Электронды пошта – заманауи байланыс құралы ретінде», «Интернетте жұмыс істеу қызметі» тақырыптарында тренингтер өткізу арқылы ауыл мамандарына БАҚ және Интернетке жарнама жариялауды, олардан ақпарат ала білуді, бір сөзбен айтқанда, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар білімін жетілдіруде көмектесуді ұсынамыз.
Ауыл шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесін терең зерделеп, еліміздің хал-ахуалына сәйкестендіріп қолдана білу қажет. Сондықтан ауыл шаруашылық өнім өндірушілер үшін еліміздің ғылыми басылымдарынан , таяу және алыс шетел кітапханалары электрондық дерек базаларынан тізбе-тізімдерді әр түрлі формада жасақтап ұсыну қажет. Мысалы мынадай тақырыптарда: «Шетелдегі ауыл шаруашылық тәжірибе», «Ауыл шаруашылық ғылымы», «Қолданбалы аграрлық зерттеулер», «Агроөнеркәсіп кешені», «Ауыл аймақты дамыту экономикасы». Сондай-ақ қашықтан қызмет түрлерін ұсынуға кеңес береміз. Бұл арада баса айта кететін мәселе, ауыл кітапханашылары осы бағдарламаға қандай ма үлес қосамыз десе жергілікті әкімдермен бірлесе жұмыс істесе, оң нәтижеге жетері сөзсіз. «Жалғыздың үні шықпас» деген халқымыз, кітапханашылар өздері ғана шабылмай, мектеп ұжымымен, қоғамдық бірлестіктермен, ауыл шаруашылық кәсіпкерлерімен бірлесе, кітапхана кеңістігін ұсына отырып, шебер ұйымдастыра білуі керек.
Көпшілік шаралар – ҮИИДМБ-н ақпараттық қолдауда басты құрал.
Егер Республикалық индустрияландыру картасына жете мән берсек, барлық аймақтарда да жаңа жобалар жоспарланған. Көпшілік кітапханалар өз аймақтарының басым бағыттарын зерттеп, инвестициялық жобаларға назар аударып, өңір экономикасын дамытуға қандай көмектерін бере алатындықтарын зерделегені жөн. Мемлекеттік жобаларға ақпараттық қолдау көрсетіп, бизнес-қоғамдастықтармен бірлесіп, халыққа жобаның стратегиялық мәні туралы түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізуді ұсынамыз. Үнемі қозғалыстағы кітапханалық көрмелер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, ақпараттық күндер, мамандар күнін, өнеркәсіп саласының мамандарымен кездесулер бір сөзбен айтқанда дәстүрлі және дәстүрлі емес формаларды қолдана отырып, маңызды шаралар ұйымдастыру уақыт талабы. Тақырыптары: «Өңір тынысы», «Кәсіпкерлікке қолдау», «Болашақтың бағдаршамы», «Аграрлық нарық», «Аграрлық салаға ақпараттық көмек» «Химиялық кластер» т.б. Мұндай шараларды кітапханалар өз ғимаратын ұсына отырып, мықты серіктестермен бірлесе ұйымдастырушы рөлінде атқарған жөн.
Кітапханалар серіктестер ретінде «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, оның тарамдары: «Біріккен химиялық компания» ЖШС, «СК Фармация»ЖШС, «Ғылым қоры» немесе «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» (Атырау облысында жаңадан құрылған), «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп ҰӘҚ» АҚ т.т. белді компанияларының аймақтардағы филиалдарымен бірлесе көпшілік жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Кітапханашы ұйымдастырушы, әрі дәнекерші, осы аты аталған мекемелермен мамандарды жүздестірсе-ақ өз миссиясын атқарды деуге толық болады. Мысалы: БАҚ өкілдерін шақыра отырып, сұхбаттар ұйымдастыру, басты секторлар мамандары үшін ашық дәрістер (жаңа формадағы лекциялар), көпшілік дәрістер өткізу көпшіліктің қызығушылығын тудыратынына сенім мол. Көпшілік шаралардың бір түрі «Самұрық-Қазына ҰӘК Күнін» немесе «Қазақ-мұнай газ Күнін» өткізуге болады, сондай-ақ жергілікті әкімдермен бірлесе отырып, экономикалық форумдар ұйымдастыруға, жаңа инновациялық жетістіктерді көпшіліктерге жеткізуде ғалым мамандармен кездесу кештерін өткізуге әбден болады. Осы шаралар аясында кітапханалар көрмелерді және ғылыми басылымдар презентацияларын жасақтауға кеңес береміз. Осындай шаралар арқылы өңір экономикасының дамуына біздер - кітапханашылар қауымы зор үлес қосарымыз сөзсіз.
Экономикада қолданылатын технологиялық және өзге де процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру үшін инновациялық гранттарды беретін инноватор, нақты алғанда кәсіпорын, өнертапқыш, ұтымды етуші, ғалым және ғылыми ұйымдар, технологиялық даму саласындағы мамандандырылған ұйымдармен бірлесіп, кітапханалар кездесуге кеңістіктерін ұсынып, отырыстарын ұйымдастыруда дәнекер болуына кеңес береміз. Осы шараларға дәстүрлі және дәстүрлі емес көрмелер ұйымдастыруға болады («Жаңа технология ізденіске бастайды», «Индустрия игілігі», «Тәуелсіз Қазақстанның ғылыми-инновациялық дамуының жаңа бағыттары», «Химия кластерінің көкжиегі», «Ұлттық биотехнологияның жетістіктері», т.б.). Кітапханалық көрмелер қозғалыссыз тұрмай, үнемі осы көрмедегі кітаптар мен мерзімдік басылымдар жаңартылып отырса, ақпараттар күнінде шолулар ұйымдастырылса құба-құп болар еді. Үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламаға қатысты іс-шаралардың барлығы осы көрмелердің жанында өткізілсе, көрмені жандандыра түсетіні сөзсіз.
Ауыл кітапханалары ауыл кәсіпкерлері үшін «Ақпараттар күнін» жоспарлы түрде өткізіп отыруы қажет. Бұл күні «Ауыл шаруашылығындағы инновациялар», «Ауыл шаруашылығы секторын дамытуға көмек» атты көрмелер ұйымдастырып, осы сала бойынша келіп түскен жаңа кітаптарға таныстырылым, тұсау кесер, жасақталған библиографиялық құралдарға шолу жасауға болады.
Индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасы аясында бірнеше бағдарламаларды жүзеге асыру міндеттері қарастырылған. Солардың біразына қысқаша түсініктеме бере кетуді жөн көрдік.
Қытайдың бір нақыл сөзінде: «Маған айтшы – мен ұмытып қаламын; маған көрсетші – менің есімде қалады; өзіме істетші – мен сонда түсінемін» делінген. Осы сөздерден интерактивті оқытудың мәні өз көрінісін табады.
Мұндай тренингтер кәсіпкерлерге Интернеттен ақпарат іздеуге, шетел кітапханаларының база деректерімен жұмыс жасауға, онлайн қызметінің мәнін түсінуге жол ашады.
Жұмыс істеп тұрған өндірістерді үдемелі жаңғырту және жаңаларын құру бағдарламасы – «Өнімділік – 2020». Кітапханашылар ақпараттық ресурстарымен өнімнің (қызметтің) нақты түрімен нарыққа кіру жөніндегі маркетингтік зерттеулеріне көмек қолын созу (тақырыптық көрмелер: «Технология тендері», «Дағдарысты инновациямен «емдейді»», «Өнеркәсіптік модернизацияның әлемдік тәжірибесі» т.т.).
Экспортты дамыту және жылжыту бағдарламасы – «Экспорт - 2020».
Бағдарламаны дамыту, өнімдерін экспортқа жылжытуды (брендинг) бағыттында ақпараттық көмек көрсету. Тауардың брендін жасауда мәліметтер жинап беру. Мысалы өзіміздің қымыз, қазы-карта, жал-жаямыз, шұбат немесе құрт-ірімшіктеріміз басқа елдер үшін таңсық тамақ, сондықтан бұл тағамдардың қадір-қасиетін арттыратын дәрежеде көпшілік шаралар ұйымдастыруға болады.
Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету бойынша ақпараттық-таныстыру іс-шараларын (бизнес-форумдар, роуд-шоу, баспа өнімдері, халықаралық БАҚ-дағы ақпараттық хабарлар) ұйымдастыруда кітапхананың ықпалы зор. Шетелдік инвесторларды кітапханаларға шақырып, өңірдің ерекшеліктерімен таныстыру. Танымдық саяхаттар ұйымдастыру, өлке тарихымен қауыштыру, халықтың әдеп-ғұрпы және ұлт мәдениетімен таныстыру. Ұлттық инвестициялық веб-сайтты және Елдің инвестициялық атласын әзірлеу және сүйемелдеуде жергілікті әкім аппараттарына ақпараттық көмек қолын созу.
Өңір экономикасының дамуына кітапхананың шетелдік мәдени орталықтарының (Америка мәдени орталығы, неміс ақпарат орталығы т.б.) пайдасы зор. Қазіргі таңда кітапханаға билік пен халықты байланыстырушы серіктес бола білу міндет.
Жаңа тұрпатты кітапханашы.
Елбасының «Өмір бойы білім алу» жөніндегі қағидасы біз үшін парыз болуға тиіс. Қазіргі кітапханашы өз білімін үздіксіз жетілдірмесе көштен қалатыны айдан анық. Бүгінгі кітапханашы - сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан-жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман. Елімізде қолға алынып жатқан, болашағымызды айқындайтын бағдаршамымыз –ҮИИДМБ-сын жүзеге асыруда кітапханашы ақпаратты пайдаланушыға жедел, әрі толыққанды жеткізіп бере алуы шарт. Сондықтан жергілікті жерлерде облыстық, аудандық кітапханаларда қызметкерлердің үздіксіз білім алу мен біліктілігін жоғарылату мақсатында түрлі тренингтерді, семинарларды жиі өткізіп, Интернеттің ғаламдық кеңістігін игеруге қолғабыс беруді ұсынамыз. Әсіресе ауыл кітапханашылары АТ игеруде шеберлік мектептерін ұйымдастыруға кеңес береміз. Сонымен қатар, кітапханашылардың экономика және әлеуметтік салалар бойынша білімін жетілдіруге кеңес береміз, өйткені олардың ақпарат іздеудегі біліктілігі пайдаланушыларға үлкен көмек.
Үдемелі индустриялық-инновациялық саясатты белсенді жүргізу отандық экономиканың тізбекті дағдарыстарға қатысты орнықтылығын жоғарылытады және қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырады.
Дмб ұлттық экономиканы әртараптандыру мен жаңғыртуға, инновация мен шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Өңірлерде жүзеге асатын бұл бағдарламаға тек қана қаржылық қана е
08 10 2014
1 стр.
Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011 жылға арналған тексеру жоспары
12 10 2014
26 стр.
Біз барлығымыз бірауыздан 140 этнос пен 17 конфессия өкілдері үшін Қазақстан Республикасы туған жер, киелі шаңырақ саналатындығын растаймыз
25 12 2014
1 стр.
Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қаулы етемін
25 12 2014
1 стр.
Біз 2005 жылы жеті жылға ипотекалық кредитпен пәтер сатып алдық. Осы кезең ішінде біз алынған соманың жартысынан көбін еселеп төлеп үлгердік. Егер пайызды төмендетсе, төлемеушілер
14 12 2014
1 стр.
«Эйр Астана» 27 халықаралық және 25 ішкі бағыттарда рейстерді орындайды және күніне 7000-нан астам жолаушыларды тасымалдайты. Компания әуепаркі қазіргі заманғы Боинг 767-300ER, 757
25 12 2014
1 стр.
«Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика» мамандығының күндізгі және сырттай оқу студенттері үшін
17 12 2014
1 стр.
Республикасының заңнамасына сәйкес Аппарат әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеу және Астана қаласы мәслихатының қарауына енгізу үшін Астана қаласының әкімдігі
17 12 2014
7 стр.