Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1страница 2страница 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С.АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология және журналистика институты

Практикалық қазақ тілі кафедрасы



ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫ БОЙЫНША

050511 «Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит»,

050510 «Жергілікті және мемлекеттік басқару»

МАМАНДЫҚТАРЫНА АРНАЛҒАН

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Өскемен, 2005

Құрастырушы: Оқу -әдістемелік кешен

Шакенова А.М практикалық қазақ тілі

(оқытушы.) кафедрасының отырысында

талқыланды. 2 ақпан 2005 ж.

№7 хаттама

Оқу-әдістемелік кешен ФжЖ институтының әдістемелік кеңесінің отырысында бекітілген. 7 ақпан 2005ж.

№ 3 хаттама.

Оқу - әдістемелік кешенге түйіндеме. Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Экономика» мамандықтарына арналған. Бұл кешеннің негізгі мақсаты – практикалық қазақ тілі кафедрасында жинақталған озық тәжірибелерді, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін пайдалана отырып, студенттерге терең білім беру болып табылады.



Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған қазақ тілі курсы бойынша оқу-әдістемелік кешен. /Құрастырушы: Шакенова Айжан Мырзақанқызы. -Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2005 ж..- 34 б.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

2005
І. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)



І. Жалпы мәліметтер:

    1. Пәннің аты: қазақ тілі

    2. Практикалық қазақ тілі кафедрасы

    3. Оқытушының аты-жөні: Шакенова Айжан Мырзақанқызы.

    4. Байланыс ақпараты: 30-гвардиялық дивизия көшесі, 34-үй, практикалық қазақ тілі кафедрасы, 240-ауд., тел.:54-01-63, кесте бойынша.

    5. Өткізілетін орны: ШҚМУ-дың N9 корпусы

    6. Кредит (несие) саны: 3 кредит

    7. Оқу жоспарынан көшірме

      К

      у

      р



      с

      Се

      мес


      тр

      Кре дит

      Прак тика лық

      Студент

      тің оқыту

      шы басшы

      лығымен өз бетімен жұмысы



      Студент тің өз бетімен жұмы

      сы


      Бар

      лы


      ғы

      Бақы

      лау форма

      сы


      І

      І

      3

      45

      45

      45

      135

      Емти

      хан


    8. Курстың пререквизиттері (курсқа қатысуға алдын-ала қойылатын талаптар, білім жиынтығы, глоссарий).

Практикалық қазақ тілі пәні бойынша экономика мамандығында оқитын студенттерге мынандай талаптар қойылады:

  • студент себепсіз сабақ босатпауы керек.

  • студент себепсіз 2 сағат сабақ босатса, рейтинг балы төмендетіледі.

  • сабаққа себепсіз 15 минут кешіксе, сабаққа кіргізілмейді.

  • курс бойынша берілген материалдарды оқытушыға модуль сайын тапсырмайынша емтиханға кіргізілмейді.

  • әрбір қарастырылған тақырыптар төңірегінде сөйлеп, берілген сұрақтарға толық жауап беруі тиіс.

  • тіл үйрену – талап пен табандылықты қажет етеді. Сондықтан да әрбір студент мемлекеттік тілімізді құрметтеуге, осы пәннен сабақ беретін оқытушының жеке басын қадірлеуі тиіс.

- сабақты бірде-бір рет босатпаған студенттің әрбір рейтинг балына әр модульдің соңында 0,2 балла қосылады.

    1. Постреквизиттер

Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңынан. Барлық жоғары оқу орындарында қазақ тілі оқу бағдарламасының міндетті пәні болып табылады және оқу орнын бітіргені туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.

Сайып келгенде жоғары оқу орындарының түлектері қазақ тілін кәсіби міндеттерін орындау көлемінде білуі тиіс:


  • әрбір қарастырылған тақырыпқа байланысты кемінде 30 сөз жатқа білуі тиіс;

  • экономикаға байланысты мәтіндерді (110-120 сөз), сөздіктің көмегімен аудара білуі тиіс және мазмұндай білуге тиіс.

  • курс соңына дейін әрбір студент ҚР-сының рәміздерін, Отан тақырыбына байланысты –10 мақал-мәтел, өнер білімге байланысты-10 мақал-мәтел, денсаулыққа байланысты –10 мақал-мәтел, мамандыққа байланысты (қаржы-қаражат, есеп) –10 мақал-мәтелді жатқа білуі тиіс.

  • әрбір студент бағдарламада берілген тақырыптар төңірегінде әңгімелей білу дәрежесіне жетуі керек.

  1. Курстың қысқаша сипаты.

2.1 Курстың мақсаты

Қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге иеленіп, мәртебесінің көтерілуіне байланысты практикалық қазақ тілі курсына үлкен талап қойылып отыр.

Ұсынылып отырған оқу бағдарламасының басты мақсаты-республикамыздағы және университеттің практикалық қазақ тілі кафедрасында жинақталған озық тәжірибені, жаңа технологияларды тиімді, ұтымды оқыту әдістерін (интенсив, компьютерлік оқыту және т.б) пайдалана отырып, студенттерге қазақ тілінен тиянақты да терең білім беру.

-грамматикалық материалдарды меңгеру арқылы қазақ тілінде сөйлеуге үйрету;

-студенттердің қазақ тілінен алған білімін тереңдетіп тілдік дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіру;

-қазақ тіліндегі мәтіндердің мазмұнын еркін түсіну;

-алған білімдерін ауызекі сөйлеу жағдайында күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде пайдалануға дағдыландыру.

2.2 Курстың мамандыққа қатысты қолданылу міндеті.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруде, мемлекеттік тілді экономика мамандығында оқитын студенттерге үйрету бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі студент ертеңгі маман, қызметкер. Студенттерді өз мамандығы көлемінде мемлекеттік тілде сөйлесе алуға, жаза білуге және экономиканың әр саласына байланысты экономикалық терминдерді қолдана отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуіміз қажет.

2.3 Курстың мазмұны:

Курстың негізгі мазмұны-экономикаға байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық материалдардан тұрады. Лексикалық тақырыптар негізінен бір мақсатты жүйемен сабақ мазмұнының сабақтастығын сақтайды. Әрбір лексикалық тақырып тіл үйренушінің қазақ тілінде ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, еркін пікір алмасуына ықпал етеді. Грамматикалық тақырыптарды үйретуде қазақ тілі мен орыс тілін салыстыра отырып, тілдегі ерекшеліктерді ескере отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуына, сауатты жаза білуіне дағдыландырады. Курс соңында тіл үйренуші курстың мазмұны бойынша қарастырылған тақырыптарды меңгере отырып, ауызекі сөйлей білуі, сауатты жаза білуі, экономикаға қатысты терминдерді қажеттілігіне сай қолдана білуі қажет.



  1. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі



Жұ-мыс түр-лері

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны

Ұсыны-латын әдебиет-тер

Орында-лу мерзімінің ұзақ-тығы

Балл

Бақылау түрі

Ор-ын-далу мерзімі

не-гізгі

қосымша

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Маз мұн-дау

Мәтіннің ма-ғынасын түсі-не білу және мазмұндау дағдысын қалыптастыру

2,4

3,78,2

1, 5, 9, 12, 13 апта

1, 0,7 0,5

ауызша

2,610, 14 ап-та

2

Рөл-дік ойын

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту

4,1

7,32,8

2, 4, 6,7

1

ауызша

3,68

3

Сөз-дік жұмысы

Лексикалық қорын байыту

4,21

6,57,8

2,58,11,13

0,50,3

Бақ.жұм. тек-ру.

2,46,912,14

4

Ара-лық бақылау

Грамматика-лық білімдерін тексеру










30

(10х3)








5

Сұх-бат

Өз ойын ауызекі тілде дұрыс жеткізе білу дағдысын қалыптастыру

1,23,4

8,27,9

3,6, 8

3

ауызша

4,79

6

Жат-тығу жұ-мыс

Жазба тілін дамыту

3,4

12116,5

4,

6,8


1, 0,5

Бақ.жұм.тек-ру

3,57,913

7

Сая-хат-са-бақ

Тақырып бойынша әңгімелей білу дағдысын жетілдіру

2

6,

1112


8-9 апта

1

ауызша

10

8

Пікірталас

Өз ой-пікірін түсінікті жеткізе білу қабілетін қалыптастыру

2-4

1112,1314

11-12

1,

ауызша

13 ап-та

9

Реферат

Тақырып бо-йынша беріл-ген әде-биеттермен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру

Реферат тақырыбы-на байла-нысты

бағдарла-мада бе-рілген әде-биеттерді пайдаланыңыз



6-9

5

ауызша

9-10

10

Мәтінмен жұ-мыс

Сөздік қорын молайту, ауызекі сөй-леу тілін дамыту.

1-5

7,9

10,12


1,59,

12,13


1,

0,7


0,5

ауызша

2,610,14

3.6 Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. А.Мусинов Қазақ тілі. /А.Мусинов, М.Мұхаметқалиева, С.Құдайбергенов. –Алматы: Қайнар, 1995.

2. З.Күзекова, Г.Қарақұсова. Қазақ тілі.-Алматы «Қаржы-қаражат», 1997.-172б

3. М.Хусаинова, А.Айтқазина, М.Мұқаметқали. Тіл ұстарту. Оқу құралы-Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2004. -122б

4. Жылқыбаева А.Ш., Хусаинова М.Ж., Айтказина А.А., Сейфолданова Ж.А., Қырықбаева Б.А. Қазақ тілі. Оқу құралы. – Өскемен: ШҚМУ баспасы, 2003.-187 б

Қосымша әдебиеттер:

5. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі для начинающих: –Алматы, 1994.

6. О.Күлкенева Тіл ұстарту. Алматы: Қазақ университеті.,1992.-96б.

7. А.Бектұрова, Ш.Бектұров Қазақ тілінің қалталық оқулығы –Алматы: 1997.

8. М.Аққозин «Қазақстанның мақал-мәтелдері» -Алматы:Қазақстан, 1990.

9. Қ.Бектаев. Сөздік. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы: Алтын қазына,2001. -704б.

10.М.Хусаинова, Н.Қарымбаева, А.Шакенова қазақша-орысша, орысша-қазақша экономикалық сөздік. Өскемен:ШҚМУ баспасы, 2002.-127 б.

11. Ш. Бектұров, А.Бектұрова. Қазақ тілі. Ана тілі деңгейінде үйрету құралы. –Алматы: Әділет,1998. -288 б.

12. А.Мұса, І.Төленов, Е.Құдайбергенов. Қазақ тілінің практикалық курсы Алматы. 1998. Экономика баспасы -271 б.

13. //Қаржы-Қаражат. Журнал 2004ж.

14. // Егемен Қазақстан 19.02.05.


  1. «Қазақтар» көпшілікке арналған 9 томдық анықтамалық. –Алматы: Қазақстан даму институты: 3-8 том. 1998.-480 б.

3.7 Рейтинг-шкала

Бақылаудың түрі

Балл

Ағымдағы

30

Аралық

30

Қорытынды (емтихан)

40

Барлығы

100

3.8 Әр түрлі жұмыс түрлерінің бағалану критерилері және шкаласы.

  1. Практикалық сабақтар -10 балл

  2. Мәтінмен жұмыс (мәтінді мәнерлеп оқу, ерекше дыбыстарды айту - 1,5 балл, мазмұндау – 4 балл, сұхбат құрастыру - 3 балл, мәтінге сұрақ құрастыру - 1,5 балл)

  3. Сөздікпен – 5 (жаңа сөздерді есте сақтау - 2б., сөз тіркестерімен сөйлем құрастыру-2б., сөздің баламасын білу-1б.).

  4. Жаттығулармен жұмыс – 5 (жалғау, жұрнақтарды қолдана білу - 2 балл, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс жаза білу -1 б., сөздердің сөйлемдегі орын тәртібін дұрыс қолдана білу – 2 б.).

  5. СЖЖ – 10 (мәтін құрастыру -3 балл, сұхбат құрастыру - 2 балл, сөздік жұмысы - 1 балл, грамматикалық тапсырмаларды орындау - 2 балл, мақал-мәтелдерді жаттау - 2 балл)

  6. Реферат – 5 (тақырыптың ашылуы - 4 балл, сұрақтарға жауап - 0,5 балл, безендірілуі - 0,5 балл)

  7. Аралық бақылау – 15 (тест). (1 қате - 2 б., 2 қате -1,5 б., 3 қате -1 б., 4 қате - 0,5 б, 5 қатеден көп болса - 0 б.)

Барлығы: 60 балл

4. Курстың саясаты.

Практикалық қазақ тілі пәні бойынша студенттерге мынандай талаптар қойылады:


  • студент себепсіз сабақ босатпауы керек;

  • студент себепсіз 2 сағаттан артық сабақ босатса, рейтинг балы төмендетіледі;

  • сабақты себепсіз босатқан студенттерге курс тапсырмаларын өтеуге қосымша уақыт берілмейді;

  • студент әрбір қарастырылған тақырыптарды түсініп, өз ойын айта білуге, қойылған сұрақтарға ауызекі тілде толық жауап бере білуі тиіс;

  • сабақты бірде-бір рет босатпаған студенттің әрбір рейтинг балына әр модульдің соңында 0,2 балл қосылады;

  • курс бойынша берілген тапсырмаларды әр модуль соңында тапсырмайынша студент емтиханға кіргізілмейді;

  • тіл үйрену – заман талабы. Ол талап пен табандылықты, ниеттілікті қажет етеді. Сондықтан да әрбір студент мемлекеттік тілді меңгеруге және оны құрметтеуге тиіс.

2. ПӘН БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тақырыптық жоспары. Барлығы (несие) 3



Сабақтың тақырыбы

Практика

лық


СОӨЖ

СӨЖ

І КРЕДИТ

1

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

4

4

4

2

Танысу. Өмірбаян.

6

6

6

3

Айналамен таныстыру

6

8

8




ІІ КРЕДИТ










4

Туған жерім- меніңҚазақстаным

5

6

6

5

Мен таңдаған мамандық

6

6

6

6

Экономиканы білу пайда

4

3

3




ІІІ КРЕДИТ










7

Теңге-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы.

8

6

6

8

Баспасөз материалдарымен жұмыс

6

6

6




БАРЛЫҒЫ

45

45

45

    1. Дәріс сабақтары- қарастырылмаған.

    2. Семинар сабақтарының жоспары-қарастырылмаған.

2.4 Практикалық сабақтың жоспарлары

І КРЕДИТ

1-тақырып: Қазақ тілі-мемлекеттік тіл. ҚР-сының Тіл туралы Заңы. Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері.

Сұрақтар:

1. Мемлекеттік тіл туралы түсінік. ҚР-сының «Тіл туралы Заңы»

2.Қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері. Қазақ тіліне тән

дыбыстар. Әліпби.

3.Үндестік заңы. Ілгерінді, кейінді ықпал.

4. Зат есімнің жалғаулары. Жіктік, тәуелдік, көптік жалғаулары.

5. Сөйлеу этикеті (сәлемдесу, қоштасу, кешірім).

6. Өзім туралы.



Тапсырмалар:

1.Қазақ тілі туралы. ҚР «Тіл туралы Заңы» 4-бабын оқу. ҚР Конституциясының 19-бабын оқу.

2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың әрқайсысына 5 сөзден мысал келтіріңіз.

3. Қазақ тілінің орыс тілінен ерекшеліктерін түсіндіріп, айтыңыз.

4. 13-жаттығуды орындаңыз. (Ш.Бектұров Қазақ тілі. 27 бет).

5. Сөйлеу этикеттерін пайдаланып, сұхбат құрастырыңыз



  • Көшеде құрбыңыздың әпкесін кезіктірдіңіз. Сәлемдесіп хал-жағдайын сұраңыз.

  • Кітапханада жерлесіңізді көрдіңіз. Сәлемдесіп, сөйлесіңіз.

6. 2-жаттығуды орындаңыз. А.Мусинов т.б. Қазақ тілі. 21б.

7. Мына сөздерді тәуелдеңіз: орындық, құжат, мектеп, әпке, жүрек, топ.

8. Курстасыңа өзің туралы әңгемелеп бер.

Әдебиеттер: 1, 4, 6, 7

Әдістемелік нұсқау: мемлекеттік тіл, оның қажеттілігі туралы түсінік беру.

2 - тақырып: Танысу. Өмірбаян.

Сұрақтар:


  1. Ілік септік, жатыс септік.

  2. Сан есім, оның түрлері.

  3. Менің отбасым. Туыстық атаулар.

  4. Өмірбаян.

  5. Сын есім. Оның шырайлары.

  6. Дене мүшелері. Адамның сырт-бейнесі, мінез-құлқы

  7. Менің досым, құрбым.

Тапсырмалар:

  1. Көп нүктенің орнына ілік септігінің тиісті жалғауын қойыңыз. Нұрлан... ағасы. Әлім... әжесі. Бақыт... кітабы. Есет... дәптері. Омар... інісі. Әмір... баласы. Өзен... суы. Балық... майы. Бұғы... терісі.

  2. Төмендегі сөздерді жатыс септігіне қойып, сөйлем құрастырыңыз: дала. Абай даңғылы, зауыт, жұмыс, Қанат, саябақ.

3. Досыңызды туыстарыңызбен таныстырыңыз.

4. Туыстық атаулар туралы мақал-мәтел жазу.

5. 1-жаттығуды орындаңыз (А.Мусинов «Қазақ тілі» 84 б).

6. Өмірбаяныңызды жазыңыз.

7. Мына сөйлемдерді толықтырыңыз

А) Адамның дене мүшелеріне ..................

Ә) Адамның бас мүшесіне ........................

Б) Бұлардың бәрін көзбен көруге ...............

В) Адамдар баспен .....................

Г) Көзбен көруге болмайтын дене мүшелеріне ...............

8. 3,4-жаттығуларды орындаңыз (А.Мусинов «Қазақ тілі» 81 б).

9. Мәтінді оқыңыз, мазмұндаңыз, сұрақ қойыңыз («Менің досым» А.Мусинов. Қазақ тілі. 62-63 б)

10. Адамның мінез-құлқын, сырт-бейнесін сипаттайтын сын есімдерді пайдалан отырып, досыңыз туралы әңгімелеңіз.

Әдебиеттер: 5, 6, 7

Әдістемелік нұсқау: сұхбат құрастыруда сөйлеу этикетін пайдалана білуге үйрету. Адамның сырт-бейнесін, мінез-құлқын сипаттауға байланысты материалдармен таныстыру.


следующая страница>


Қазақ тілі курсы бойынша 050511 «Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит»

«Маркетинг», 050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит»

461.4kb.

16 12 2014
3 стр.


Пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттеріне арналған

118.82kb.

25 12 2014
1 стр.


Ф со пгу 18. 2/05 Әдістемелік нұсқау

«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 050511 «Маркетинг» мамандықтарының сырттай оқу түрінің студ

161.5kb.

12 10 2014
1 стр.


Методические указания Қазақстан Республикасының ғылым жєне білім министрлігі

«Экономика», 050507 «Менеджмент», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» 050511 «Маркетинг» мамандықтарының сырттай оқу түрінің студ

282.94kb.

12 10 2014
1 стр.


"Мәдениеттану" пәнінің оқу-әдістемелік кешені «Қаржы», «Экономика», «Жергілікті және мемлекеттік басқару», «Есеп және аудит», «Маркетинг», «Менеджмент» мамандықтарына арналған

Экономика, 050510 жергілікті және мемлекеттік басқару, 050508 Есеп және аудит, 050511 Маркетинг, 050507 Менеджмент мамандықттары үшін

610.14kb.

15 12 2014
3 стр.


Әдістемелік нұсқау Ұ сф пму 18. 2/06

«Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маркетинг», 050509 «Қаржы», 050508 «Есеп және аудит», 050506 «Экономика» мамандықтары студенттері үшін

104.9kb.

25 12 2014
1 стр.


«макроэкономика» ПҒніне арналѓан тест тапсырмалары маб ғлеуметтік ѓылым жғне бизнес Мамандықтар

Мамандықтар: 050506 Экономика, 050507 Менеджмент, 050508 – Eсеп және уадит, 050509 Қаржы, 050510 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 050511 Маркетинг, 050908 – Баға, 050904 – Т±

1726.88kb.

18 12 2014
7 стр.


Пму ұс н 18. 2/05 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Экономика», 050508 «Есеп және аудит», 050509 «Қаржы», 050506 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 050511 «Маргетинг» мамандығының студенттеріне арналған

170.06kb.

12 10 2014
1 стр.