Перейти на главную страницу
25. Қазақ тілі мен Әдебиеті журналы 47-49 бет ., 2004 жыл
оңытудың әдістемесі».
Орындаған : ПО-01-4К1 тобы студенті Тойшыбекова Ацбала
Сөз тіркестері құрамындағы өзгерістер олардың құрылымдық еркешеліктерінен, яғни, байланысу формасынан, байланысу амалдары мен құрылымдық түрлерінен көрінеді.Сөз тіркесінің байланысу формалары мен тәсілдеріндегі өзгерістер, шындап келгенде, морфологиялық, яғни әрбір сөз тобы қүрамында кейін пайда болған қүбылыстармен тығыз байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесіндегі өзгерістер, түптеп келгенде, әрбір сөз табының тарихи дамуымен тығыз байланысып жатады.
Диплом жұмысында сөз тіркесін меңгертуде қолданылған жұмыстардың барлығы оқушыға сөз тіркесі синтаксисінен жан-жақты, терең білім беруге септігін тигізеді. Сөз тіркесі, сөйлем қүрау дағдыларын жетілдіреді. Сауатты сөйлем қүрау дағдыларын жетілдіріп, шешендікке баулиды. Жаттығулар, көрнекіліктер, рөлдік ойындар, тест үлгілері арқылы сөз тіркесін етән қасиеттерді меңгертіп, оқушылардың ойлау жүйесін дамытады. Түрақты тіркестер мен сөз тіркестерінің өзіндік белгілерін анықтап. оларды ауызекі сөйлеу жән ежазба тілінде орынды кірістіріп, қолдана алуға септігін тигізеді. Тіл фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіруге, адамгершілікке, ұлтжандыққа тәрбиелеуге, таным белсенділігін күшейтуге көмектеседі. Оқушышын сауаттылығын арттырды. Әрбір тілдік бөлшектердіңжалпы тіл жүйесіндегі орнын, маңызы мен ерекшеліктерін ажырата білуіне қажетті іскерлік дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан диплом жұмысы өте жақсы жазылған. Диплом жұмысын қорғауға болады.
п.ғ.к., аға оқытушы ^гУ^^Г" * М. Ермекбаев
Әрбір сөзді жан-жақты тану да оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік қасиеттері негізгі белгі болумен қатар, оның синтаксистік қызметі, оның ішінде де тіркесу қабілеті, оын басқа сөздерден (немесе оның сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуға тиіс. Дұрысында әрбір сөздің синтаксистік қызметі көбіне сөйлем мүшесі ретінде функциялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілетін оның синтаксистік белгілерінің басты түрі деп қаралуға тиіс. Кез келген екі сөз қалай болса солай тіркесе бермейтіні белгелі. Сөздердің сондай негізгі, басты белгілері болатынына төмендегі фактілерді келтіруге болады. Сондай фактінің бірі үнемі есімдермен ғана тіркесуге қабілетті сын есім, сан есімдер енді етістікпен де тіркесе алатын дәрежеге ие болуы. Соның нәтижесінде, сөз тіркестері қүрамында сын есім, сан есімдердің етістікпен тіркесі өз алдына сала болып қалыптасты. Мұның өзі, біріншіден, сөз тіркесі қүрамында жаңа пікірлердің қалыптасуына алып келсе, екіншіден, пысықтауыш деп аталатын сөйлем мүшесінің қүрылымында жаңа түрдің қалыптасуына алып келеді. Дипломант диплом жұмысында осы мәселені дұрыс айқындаған.
Білім мазмұнының жаңаруына байланысты оқыту үстінде көзделген басты мақсат - білім берудің ұлттық моделін жасау. Осы бағытта іріктелетін оқу материалы - қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін танытатын тақырыптық мәтіндер. Диплом жұмысында атап айтқанда, Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты мәтіндер, қазақ халқының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері, ғылымынан хабардар ететін танымдық, тәрбиелік маңызы бар материалдар қамтылған. Диплом ғылыми стилде жазылған, тараулары бірін- бірі толықтырады, сондықтан тараулары арасында логикалық байланыс бар. Диплом жұмысы жақсы жазылған.
Диплом жұмысында бастауыш мектепте сөз тіркесін оқытудың әдіс-тәсілдері барынша анық, жан- жақты берілген. Бұл әр оқушының ізденуге , алдына қойған мақсаттарын орындауға үйретті, олардың теориялық материалдарды берік , саналы меңгерулеріне септігін тигізді. Диплом жұмысында сөз тіркесін меңгерту үшін мынадай әдіс- тәсілдер қолданылған: бірінші, сөз тіркесін оқытуда ең тиімді әдіс - кескінделген көрнекі кұралдарын пайдаланған.Бұларға: динамикалық, грамматикалық кестелер, сызбалар (схемалар), сурет, үлестірмелі кесте қағазы, перфокарта жатқызылды; екінші, сөз тіркесіне арналған мәтіндерді магниттаспасы арқылы талдау жасату да оқушы зейінін аударып, олардың белсенділігін артыруға себепші болды; үшіншіден, бір тақырыпты оқытуда грамматикалық ойын түрлері қолданылғащтөртіншіден, сөзжұмбақ, ребус, сөздік лото, жұмбақтар шешіліп, жанылтпаштар айқызылған; бесіншіден, оқушы білімін тест тапсырмалары арқылы тексеру. Бұл әдістің тиімділігі де орасан зор. Біріншіден, уақытты үнемдейді, сыныптағы әр оқушының теориялық білімін толық тексеруге мүмкіншілік жасайды. Ол арқылы оқушының ойлау қабілеті дамиды.
Қорыта айтқанда диплом жұмысы жан- жақты терң жазылған.
№ 47 тарихи-гуманитарлі
гимназия мектебінің директоры Ш§Ш^£* Қозбақова О
Кіріспе 3
I Сөз тіркесі синтаксисі туралы түсінік
5
II Қазақ тіл білімінде сөз тіркесінің зерттелу тарихына шолу
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 51
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тэжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл - оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдік жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: « Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы cap далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»
Демек, айтылғандардан шығатын қорытынды, тіл - адам қоғамның
рухани өмірінде объективуті тіршілік ететін, қарым - қатынас құралы Тіл негіздерін бастауыш мектепте бір- бірімен тығыз байланыста, тіл білімінң қайнар көзін сөйлесім қүралы ретінде оқытудың маңызы ерекше . Осындай оқыту процесі арқылы балалар өз сөздерін енкін құрастырып, өз ойын анық, дэл жеткізеді. Соңдықтан, бастауыш сыныптарда сөз тіркесі туралы ұғым беру арқылы біз оқушылардың сөз бен сөйлем туралы білімдерін дамытамыз. Қазіргі заман бастауыш мектепке арналған оқулықтарда сөз тіркесі туралы мағлұматтар аз берілген. Мү_ндай қүбылыс қазақ тіліне арналып шыққан соңғы екі ғасыр уақытқа тән. Оқулықтың сапасы оның методикалық негізіне байланысты, сондықтан оқулықтар алдыңғы қатарлы методикалық жетістіктерге сүйеніп жазылады. Біздің ойымызша сөз тіркесінің ерекшеліктерін анықтап, оны дұрыс тани біліп, сөз тіркесінің өзіне үқсас тілдік құбылыстарын ажыратып, оның басты қасиеттерін нақтылай түсіу қазақ тілі оқыту процесінде жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне, мазмүлына, тиімділігіне байланысты. Аталған тілдік қүбылысты игерту оқушының логикалық ойлау қабілетін, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытуда маңызды роль атқарады. Қазақ тілі сабағында орындалатын практикалық жұмыстар негізінде оқушылар грамматикаын, оның ішінде синтаксистік құбылыстарды игере отырып, оны сөйлеуде, әр түрлі сөйлеу жағдаяттарында қолдана білуге дағдыланады. Оқушы алдымен тілдік жаттығулар орындау арқылы синтаксистік ұғымдар мен
ережелерді, олардың тілде дұрыс қолдану ерекшеліктерін меңгереді. Осы тұрғыдан тақырып өзекті. Бұл тақырып жөнінде бүгінгі таңға дейін ғылыми зерттеу жұмыстары орындалмаған. Сондықтан аталған диплом жұмысы алғашқы жұмыстардың бірі.
Диплом жрысының мақсаты Бастауыш мектеп оқушыларына сөз тіркесі туралы ұғым беру, олардың сөйлеу тілін дамыту арқылы тілдік қабілеттерін жетілдіру. Диплом жрысының міндеттері:
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді. Диплом жұмысы мектеп мұғалімдеріне және қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеушілерге көмекші қүрал бола алады. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Синтаксистің объектісіне сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем және күрделі синтаксистік түтастық жатады. Соңғыны В.В.Виноградов «Завершающей частью грамматики» деп синтаксистің объектісіне жататын синтаксистік катёгориялардың барлық жиынтығын шоғырланған тобы деп берген болатын.*
Кейде осы күнге дёйінгі синтаксистік категорияларды осы ретпен берумен бірге, керісінше, күрделі синтаксистік түтастық, құрмалас сөйлем, жай сөйлем және сөз тіркесінің синтаксисі деп беру де кездеседі.
Әсіресе осы синтаксис салаларының ішіндегі соңғы кезде жан-жақты қолға алына бастаған синтаксистік объектінің бірі - сөз тіркесінің синтаксисі. Ш.Сарыбаевтың библиографиялық көрсеткіші бойынша сөз тіркесі синтаксисі жөнінде қазақ тілі және қазақ тілі мен басқа тілдерді салыстыру жайында 400-дей монография, оқулық және мақала жарық көріпті. Ол еңбектерде сөз тіркесінің теориялық мәселелері, сөз тіркесінің орыс тілі, ағылшын, неміс тілдерімен салыстырыла берілуі, тарихы сияқты мәселелер қамтылады. Бұл зерттеулерге қарағанда сөз тіркестерінің теориялық мәселелері жан-жақты зерттеу объектісі бола бастағанымен, сөз тіркестерін мектептерде оқу яғни оны оқытудың методикасы бірер мақаланың төңірегінде ғана сөз болып отыр. Сондықтан да сөз тіркесіне қатысты методикалық мәселелер жан-жақты қарауды күтіп отырған күрделі мәселе. Сөз тіркесінің теориясында, түркология еңбектерде бір ізге түспеген мәселелер баршылық..
Атап айтқанда, сөз тіркесі сөйлемде қолданыла ма, жоқ одан тыс категория ма, сөз тіркесінің номинативті не коммунакативті мәні, сөз тіркесіне салалас не сабақтас тіркестердің қатысы, олардың құрлысы, сөз тіркесінің сөйлемнен айырмашылығы сияқты мәселелері әлі де болса жан-жақты талдауды қажет етеді. Енді осылардың кейбіріне аздап тоқталуды жөн көрдік.
1. Сөз тіркесі сөйлемде немесе сөйлемнен тыс қолданыла ма? Деген мәселе төңірегінде де талас пікірлер кездеседі. Бұл мәселенің өзі тек түркологияда ғана емес, орыс тіл білімінде де онша шешімін таба қойған жоқ. Дегенмен, орыс тіл білімінде В.Виноградов, В.Н.Ярцева, Д.Ю.Корбин, К.Н.Абервух, түркологияда М.Балақаев, М.З.Закиев сөз тіркесі негізінде тек сөйлемде яғни сөйлемнің қүрылыс материялы ретінде қолданылады деп дэлелдейді.
Шынында да, сөз тіркесі де сөз тәрізді қолданылады. Жалпы сөз лексиканың, семасиологияның, морфология мен синтаксистің объектісі екені белгілі. Егер сөз сол тілдік салалардың барлығына да қатысты десек, сөз тіркесін құраудың да басты тірегі. Сөйлемде үнемі жекелеген сөздер ғана емес, тіпті түрақты тіркестер, (ТТ) күрделі терминдер (КТ) де сол сияқты өмір сүреді. Сондықтан да сөз де, ТТ, КТ де сөйлемде
қолданысы жағынан үқсас. Олай болса бұл топтар сөйлемге материал. Әрбір сөз сөйлемде өзара мағыналас сөздермен өзара сөз тіркесін құрайды, сол топтардың жиынтығы сөйлем құраудың негізгі материалы болып табылады. Сөз тіркесінің сөйлемде қүрылыс материалы өзі оның ажырамас бір бөлігі ретінде қолданылатынын, сөйлемнің ойды білдірудегі алғы шарты с0з тіркестері арқылы жүзегеасатынын көрсетсе керек. Мұның өзі сөз тіркесінің тексөйлемде жүмсалатындығының негізі шарты. Әрине мына нәрсені де еске алған жөн. Сөйлем үнемі бірнеше сөз тіркесінен құрала бермейді. Сөйлем жеке сөзді де, екі сөзді де бола береді. Әрине, ол сөйлемнің негізгі қүрылымдық ерекшелігінен туады, жалпы сөз де, сөз тіркесі де бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста келіп, тек сөйлем ішінде сөйлем қүрауға материал болады. Сонымен, сөйлемдегі сөз тіркесінің қалыптасуының өзі сол сөйлемді қү-райтын әрбір сөздің келесі бір сөздермен қарым-қатынасының, мағыналық бірлігінің айқындалса керек.
Сөйлемдегі сөздер дара-дара, дара сөз бен күрделі сөз немесе күрделі сөз бен күрделі сөз болып келеді. КТ мен ТТ де басқа сөздермен мағыналық байланысқа түсіп, сол тобымен бір ырғақты топ қүрай келіп, сөз тіркесінің де, сөйлемның де аясын кеңейтеді. Бүдан шығатын қортынды - сөйлем үнемі тек сөз тіркестерінен құрала бермейтін де жайттар бола береді.
А.Н.Гвоздев, Д.В.Фоменко сияқты ғалымдар, эсіресе, соңғы ғалым «Словосочетание является ли единицей языка?» деген арнайы мақала жазып, онда сөз тіркесі жалпы жеке қаралуға тиіс емес деген қорытындыға келді. Осы мақаланың төңірегінде де даулы мақалалар
жарияланды. Сол жарияланған мақалалардың негізгі сөз тіркесінің единица екеніне баса назар аударды.
Негізгі сөз тіркесінде синтаксисі, синтаксистің негізгі бір саласы. Ол дау тудырмаса керек. Өйткені, біріншіден, осы уақытқа дейінгі грамматикада орын алып келді, екіншіден, сөйлемнің де сөз жасалу жігі өзіндік тобы болатыны еске алынуы керек. Ондай топ негізінен тек сөз тіркесі арқылы көріне алады. Қалаға барды, жақсы оқушы өз алдына тұрғанда сөйлемде емес. Бірақ сол сөздер бір-бірімен тіркесу арқасында сөйлемнің аясын кеңейту, соны дамыту үшін жүмсалады. Соған материал болады. Сол материалдық топты өз алдына жеке объекті ретінде қарастыруға тура келеді. Бұл оның өзіндік тілдік единица екенін дэлелдесе керек.
В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, В.В.Бабайцева, А.Н.Баскаков сөз тіркесиерінің номинативті мәнін айтса, В.Г.Адмони сөз тіркесінде номинативті мәнімен бірге коммуникативті мәні туралы да айтады.Ю.В.Фоменко сөз тіркесінің номинативті екенің жоққа шығарса, А.Моисеев, М.Балақаев сөз тіркесінің граматикалық жағына назар аударады. Жалпы номинативті мән сөзге тән, сондықтанда сөз заттың, қимылдың, санның, сынның атауы болатыны дау тудырмаса керек. Ал сөз тіркесінен номинативті мән іздеудэң ойға қона қонбайтынын мынадай жайттардан байқауға болады. Сөз заттың, қүбылыстың, сапаның атауы болса, сөз тіркесі сондай номинативті таулардан құралған синтаксистік топ. Сөз тіркесіндегі сөздер номинативтікте (атауышты) білдіру үшін емес, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш сияқты жаңа грамматикалық мағыналарды білдіру үшін тіркеседі. Олай болса, жақсы студент, екі бала, баланың кітабы деген сөз тіркестеріндегі әрбір бағыныңқы сөздердің әрқайсысының өзіндік номиативті мәні бар екені мэлім. Енді сол номинативті мәні бар сөздердің тіркесі арқылы тағы бір номинативті мән пайда болады деуге келе бермейді. Демек номинативті мән тек жеке сөздерге тән, кейде ондай мән сөз тәркестеріне формалық жағынан үқсас келетін күрделі сөзді терминдер мен күрделі атау, газет. Журнал, мақала, кітап аттары мен ТТ ғана болады.
КТ кемінде екі-үш сөзден құрала отырып, олардың әрқайсысының өзіндік жасалуы болады. Сол тобымен тілде номинативтікқызметте жұмсалады. Әрине сол КТ пен сол іспестес синтаксис тіркестер кейде бір-біріне ұқсас та бола береді. Мына мысалдарағ назар аударайық.
лкен
тау
қарлы
тау ^^
қарсыз
Бұлар тау сөзінің әр түрлі сындық қасиетін көрсетсе керек. Ондай сындар тау сөзінің әр түрлі қасиеттерін көрсетеді де, өзінің анықтайтын сөзімен синтаксистік сөз тіркесін құрайды. Сол сияқты Ардақ өзені бар да, сол өзеннің әр түрлі ерекшелігін білдіретін сөздер еркін синтаксистік топ қү-райтын болса, енді Кіші Ардақ эн аты арқылы белгілі бір атау ретінде де жүмсалады. Осы сияқты номинативтік мән сын есімді анықтауышты тұлғадағы сөздер арқылы ғана емес, «Біз may ңиялап журіп келеміз» немесе «Өзіміздің туган жерде еңбек қарқынын арттырудамыз» деген сөйлемдердегі асты сызылған зат есім мен көсемшенің, есімше мен зат есімнің тіркесі «Тау қиялап, Туған жер» атауыш тіркестердің қызметі мен мәні бірдей емес. Біріншісінде кэдімгі еркін тіркес ретінде жүмсалса, екіншісі эннің аты ретінде жүмсалған. Сол сияқты осы тұлғалық ерекшеліктерде «Қазақстан әйелдері», «Қазақстан мұғалімі», «Үгітші блокты» сияқты журнал аттары немесе Мешін жылы, Түнық су, Адамзатқа хат сияқты кітап аттары сол сияқты басқа да атаулар сол арнайы кітап, журнал беттерінде жазылған орнында ғана номинативтік мәнге ие де, егер тұнмқ судан іштім, мешін жылы туыппын сияқты айтылатын болса, әдеттегі анықтауыш анықталушы сөздер тобы болып шығады. Сол формада еркін тіркесте немесе осы сияқты күрделі атау ретінде жүмсала береді. Сонда күрделі атау, терминдер кемінде екі сөзден бірігіп жү-мсалғанымен, олар сол тобымен бір заттың атын білдіруі олардың еркін тіркестен негізгі айырмашылығы болып табылады.Сонымен кез келген екі немесе одан да көп сөзден келген сөздер тобының бәрі еркін тіркес ретінде жүмсалмай, атауыш қызметінде де жүмсалады. Ондай қызметте жүмсалатын сөз тіркестеріне газет, журнал, кітап аттары, КТ күрделі атаулар жатады.
Д.В.Фоменко номинативті мән туралы айта келіп: «номинативті мән анықтауыштық қатынастағы дара сөз тіркестеріне (белая березка), тән дей келіп, ал (редкая критика профорга за бездеятельность) күрделі және қүрама сөз тіркестерінде ойлану керек деген болатын. Шындында жай сөз тіркестерінен номинативті мәнді іздеуі автордың күрделі атау мен еркін сөз тіркестерін ажыратпаудан шығып отыр. Негізінде номинативті мән сөз тіркестерінің дара түріне тән, күрделі түрі жайлы ойлану керек деген пікіріне біз қосыла алмаймыз.Нгеізінде сөз тіркесін дара , күрделі, тіпті аралас түрлері жайында номинативті мәннен гөрі грамматикалық жағына назар аудару - негізгі принцип.
Сонымен сөз тіркестерінен номинативті мәннен гөрі олардың синтаксистік ерекшіліктерін айқындау орынды.
4. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Сөйлемдегі сөздер сабақтаса және салаласа байланысады. Жалпы тіл мамандарынның арасында сөздердің сабақтаса байланысын сөз тіркесіне жатқызу туралы пікір таласы болмаса керек. Сонғы кезде сабақтаса байланысқан топтен бірген салаласа байланысқан сөздең тобын да сөз тіркесіне жатқызу жағы көріне бастады.
Егер сабақтаса байланысқан сөз топтары қүрамындағы сөздердің бірене-бірі бағына байланысып, олардың синтаксистік қызметі мен мағыналық тобы, әр түрлі сөз таптарынан жасалуы сөз болып келсе, салаласа байланысқан сөздер тобын сөз тіркесіне дейін ғалымдар: олар тең дәрежеде әрі жалғаулы, әрі жалғаусыз болады деп, Асан мен Үсен, жазушы мен оқушы, жақсы мен жаман, әрі оқыдыі әрі жазды сияқты екі сынары да бір ғана сөз таптарынан жасалған топты жатқызады. Сөзтіркесі салаласа да байланысады деушілер сөз тіркенсін басқаша түсінеді. Here сөз тіркесіндегі сөз тек сабақтаса байланысады дейміз?
Мұғалім осындай амалдар арқылы оқушылардың өзіне деген сенімін нығайтып, өз ойын жасқанбай жеткізу біліктерін қалыптастырады. Бұл балалардың тілдік тұлғаларды орынды қолдануына
25 12 2014
30 стр.
«Қазақ тілі-шет тілі немесе екінші тіл ретінде» үздіксіз білім беру моделі арқылы кілтті тапсырмамен қазақ тілін оқытудың типтік оқу-әдістемелік кешенінің стандарт-технологиясын әз
01 10 2014
1 стр.
М.Әуезов атындағы ОҚму 0315-" педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі" мамандығын бітіруші Гүлнәр Полатованың "I сынып қазақ тілі оқулығын қатысымдық бағыт тұрғысының түзу әдіс-т
15 12 2014
10 стр.
Мектепке келдім. Сыныпта отырмыз. Қазақ тілі сабағы басталды. Өте жақсы баға алдым. Мен қазақ тілін өте жақсы білемін
25 12 2014
1 стр.
«Қазақ тілінің стилистикасы» пәні бойынша 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған
23 09 2014
1 стр.
«Қазақ тілінің семантикасы» пәнінен 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандықтарының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша
05 09 2014
1 стр.
Осы орайда «Мирас» мектебінде қазақ тілінің қызмет аясын кеңейту, бұл тілді оқыту мен үйретудің әдістемелерін жетілдіру, тіл оқытудың жаңа технологияларының озық үлгілерін білім бе
25 12 2014
1 стр.
«Қазіргі қазақ тілінің семантикасы» пәні бойынша 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері үшін
05 09 2014
1 стр.