Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 15страница 16страница 17страница 18страница 19страница 20страница 21

4.2. Бейрезиденттермен репо мәмілелері туралы

Жобаға бейрезиденттермен шетел валютасымен репо мәмілелерін жасауға мүмкіндік беретін жаңа тармақ қосу.


5. Банктер мәмілелер жасай алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтинг туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
Банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын облигациялар үшін рейтингілік агенттіктерді және талап етілетін ең төмен рейтингіні, сондай-ақ банктер мемлекеттік бағалы қағаздарымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру кезінде мәмілелер жасауы мүмкін елдің талап етілетін ең төмен рейтингіні белгілеу туралы» ҚҚА Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі №128 қаулысына (бұдан әрі - №128 Қаулы) сәйкес банктер «ВВ-»-дан төмен емес рейтингі («S&P;» және «Fitch»-дан) немесе «Ва3»-тен төмен емес («Moody's Investors Service»-ден) не жоғарыда аталған рейтингілік агенттіктердің ұлттық шәкілі бойынша «kzBBB»-дан төмен емес рейтингілік бағалауы бар ҚР эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алады.
5.1. Банктердегі ең төмен рейтингі жоқ облигациялар туралы

5.1.1. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «БТА-Ипотека» АҚ, «Батыс Транзит» АҚ облигацияларының және кредиттік тәуекелдігі жеткілікті дәрежеде төмен басқа да эмитенттер облигацияларының, ұлттық компаниялардың облигацияларын қоса, халықаралық рейтингілік агенттіктердің ең төмен рейтингі жоқ, мұның өзі №128 Қаулының 2-тармағына сай келмейді.

5.1.2. Банктер бұл облигацияларды №128 Қаулы күшіне енгізілгенге дейін сатып алған. Енді №128 Қаулының 3-тармағына сәйкес осы облигацияларды сатуға тиіс.

5.1.3. Қазіргі кезде банктердің мынадай себептермен аталмыш облигацияларды сату мерзімін шұғыл ұзартуы қажеттігі туып отыр:

а) Осы облигацияларды сатып алуға мүмкіндігі бар нарыққа қатысушылар бейнарықтық шарттарды ұсынып, банктердің шарасыз жағдайымен айла-шарғы жасауда;

б) Нарық банктерден өткізілуге тиіс облигациялардың бүкіл көлемін сатып алуға дәрменсіз;

в) Облигацияларды мерзімінен бұрын өткізудің салдарынан нақты сценарий кезінде болмашы үлесті ғана залалмен сата алуы, ал қалдықтарды да залалмен провизияларға жатқызуы жағдайын ескеретін болсақ, банктердің елеулі залал шегуіне тура келеді;

г) №128 Қаулыға сәйкес өткізу мерзімі өткеннен кейін, яғни 01.06.2012 жылға дейін банктердің қоржынында осы облигациялар сақталған жағдайда банктер облигациялар түріндегі жайғасымның бүкіл көлемінде 100% мөлшерінде провизиялар жасауға міндетті болады.

Банктердің жоғарыда аталған баламалардың кез келгеніне орай әрекет етуі нәтижесінде банктер залал шегеді не капиталды облигациялар түріндегі жайғасымның бүкіл көлеміне ауырлатады.
5.2. Ең төмен рейтингіге қойылатын талаптар туралы

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның облигацияларын орналастыру кезінде қазақстандық бірқатар банктер оларға қызығушылық танытты, алайда сатып алудан тартынды. Кейбір банктердің пікірінше, «Қазкоммерцбанк» АҚ бондарының күтілген рейтингі №128 Қаулымен белгіленген ең төмен рауалы рейтингілерден төмен болады. Мұндай жағдай белгілі бір дәрежеде оғаш көрінеді. Қазақстандық банктер банк аралық кредиттермен депозиттер нарығында контрагентке ашылған лимиттер болғанда бірін-бірі заңды негізде несиелендіре алады, бірақ банктердің жеткілікті рейтингі жоқ осы облигацияларын сатып алуға мүмкіндігі жоқ.


ҰСЫНЫСТАР
5.1. Банктердегі ең төмен рейтингі жоқ облигациялар туралы

ҚРҰБ-ға осы мәселені шешудің мынадай нұсқаларын іске асыру жөнінде ұсыныстар енгізілді:

5.1.1. №128 Қаулыда банктердің осы облигацияларды иелену мүмкіндігі үшін банктердің облигацияларды кейіннен сатып алуына салынған тыйымды сақтай отырып алып тастауды қарастыру;

5.1.2. №128 Қаулыда осы облигацияларды №128 Қаулы күшіне енгізілгенге дейін сатып алған банктер үшін осы облигацияларды банктердің сатып алуы мүмкіндігі үшін алып тастауды қарастыру;

5.1.3. №128 Қаулының талаптарына сай келмейтін облигацияларды тиісті шығарылымы өтелген күнге дейін не басқа бір баламалы мерзімге дейін осы бағалы қағаздардың деректері бойынша кредиттік тәуекелдік деңгейін ескере отырып, өткізу мерзімін ұзарту.
5.2. Ең төмен рейтингіге қойылатын талаптар туралы

5.2.1. ҚРҰБ-ға «ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңына және (немесе) №128 Қаулыға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізілді:

5.2.2. Банктер сатып алатын облигациялар үшін ең төмен рауалы рейтингіні «В-»-ға дейін («S&P;» және «Fitch» рейтингілік агенттіктерінің сыныптамасы бойынша) немесе «В3»-дан төмен емес деңгейге («Moody's Investors Service» рейтингілік агенттігінің сыныптамасы бойынша) төмендету және (немесе)

5.2.3. Банктерге басқа банктер шығарға облигацияларды эмитентте бірінші санаттағы KASE листингі акциялары болғанда сатып алуына (рейтинг бойынша шектеусіз) рұқсат ету және (немесе)

5.2.4. Банктерге KazPrime индикаторын жасақтау туралы Келісімге қатысушылар болып табылатын эмитенттер шығарған облигацияларды сатып алуына рұқсат ету. Бүгін таңда «Қазкоммерцбанк» АҚ, «RBS Kazakhstan» АҚ, «HSBC Банк Қазақстан» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ келісімге қатысушылар болып табылады. Келісімге қатысушылар Республиканың банк аралық ақша нарығына белсене қатысушылар болып табылатын, ондағы беделі мен кредиттік сапасы жоғары, басқа қатысушыларды қанағаттандыра алатын қазақстандық коммерциялық банктер Келісімге қатысушы бола алады. Қатысушылардың саны 5-тен кем болмауға және 10-нан көп болмауға тиіс. Банктің Келісімге қатысуға қосылуы қазіргі Қатысушылардың жалпы санының кемінде 2/3-нің келісуімен жүзеге асырылады. Келісімге қатысушыда нарықтың басқа қатысушылары таныған кредиттік сапасының және несиелендірудің ашылған лимиттерінің болуы көзделеді.
6. Қаржы құралдарының әділ құны туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
6.1. Өтімді емес қаржы құралдарын бағалау

Бүгін таңда Қазақстанда құралдардың көп сыныбы бар, олар үшін әділ нарықтық құнды анықтау проблемалы шаруа. Мұндай мыналарды қамтиды: а) өтімді емес бағалы қағаздар және олармен байланысты ашық сауда-саттық жүргізілмейтін туынды бағалы қағаздар (бейнарықтық акциялар), листингіленбейтін және бағамы белгіленбейтін бағалы қағаз; б) өтімді емес бағалы қағаздар және олармен байланысты жарты және көп жыл бойына сауда-саттық жүргізілмеген туынды бағалы қағаздар; в) бағалы қағаздар және олармен байланысты делистингіге ұшыраған, өтімділігінен айрылуы, маркет-мейкерлерін жоғалтуы себепті (KASE-дегі аралық аймақ) ішінара делистингіге ұшыраған туынды қағаздар; г) құрылымдық борышқорлық құралдар, базалық активті бағалаудың мүмкін болмауы себепті ипотекадан пайда болған туынды қағаздар; д) эмитенті қайта құрылымдау үдерісінде тұрған қаржы құралдары.


6.2. Қаржы құралдарының әділ құнын бағалау әдістемесі

6.2.1. Құралды ашық нарықтағы баға бойынша бағалау мүмкіндігінің жоқтығымен қатар мынадай қиындықтар да бар: а) шамалардың ықтимал ауқымын қолдану практикасы жоқ, олардың шегін әділ құнның шамасы болуы мүмкін; б) сараптамалық бағалауда басқалармен қатар бағалау әдістемесін зерделеуге және әдістемеге бағалау жүргізуге мәжбүр ететін үлкен шашыраңқылығы болуы мүмкін.

6.2.2. Бірдей инвестициялық қоржын кезінде қаржы институттарының инвестициялық бір-бірінен едәуір айырмашылықтары болуы мүмкін. Егжей-тегжейлі әдістеме болмаған жағдайда зейнетақы активтерімен айла-шарғы жасалуы ықтимал.

6.2.3. Сынақтама негізінде тозымпұлдық құнымен есептелетін активтерді қайта бағалау сатып алушылар нарығының жоқтығы және активтер құнының дағдарыстық құлдырауы жағдайында көп шегерім жасатуы және сақтық қор (провизиялар) жасауды көбейтуі мүмкін, мұның өзі қаржы құралдарының табыстылығы көрсеткішіне салқынын тигізеді.


ҰСЫНЫСТАР
6.1. Өтімсіз қаржы құралдарын бағалау

Өтімсіз және бейнарықтық қаржы құралдарын қайта бағалау жөніндегі проблемаларды шешу үшін мыналар ұсынылады: а) лайықты құрылымда – клирингілік палатада, тіркеушіде, депозитарийде, биржада, ҚҚК-нде осы құралдарды кешенді бағалаудың тәуелсіз бюросын құру. Яки қазіргі бағалау компанияларына бірыңғай, бұл арада бір орталықтан әзірленген айтылып отыр, құралдардың тұрпаттары үшін әртүрлі, есептер мен бастапқы деректерді рауалы қадағалап, бағалауға мүмкіндік беретін әдістемесі бар тиісті өкілеттік беру; б) ҚРҰБ-ның мүдделі ұйымдармен бірге қаржы құралдарын ҚЕХС-на сәйкес бағалау ережелерін әзірлеуі және қаржы ұйымдары үшін бухгалтерлік есептің ережелеріне тиісті өзгерістер енгізуі.


6.2. Қаржы құралдарының әділ құнын бағалау әдістемесі

Әділ құнды өлшеу жөніндегі басшылықтың қолданылуы үшін мыналар ұсынылды:

6.2.1. Әділ құнды өлшеу әдістерінің неғұрлым егжей-тегжейлі жүйелі негізін әзірлеу;

6.2.2. Әділ құнды өлшеу әдістерінің жүйелі негізін жасау бойынша дағдылары бар тәжірибелі мамандардың санын көбейту;

6.2.3. Реттеуші органдар тарабынан қаржы құралдарының құнын әділ бағалауға тапсырысты жүзеге асыру және ЖЗҚ пайдаланатын Ережелер мен Әдістемеге тиісті өзгерістер енгізу.
7. «Қаржы есеп-қисабы депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржы есеп-қисабын және аудиторлық есептемесін орналастыру Ережелерін бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
7.1. Биржаның және депозитарийдің интерннет-ресурсында ақпарат орналастырылатын күннен бұрын БАҚ-тың басқа көздерінде ақпарат орналастырудың мүмкін еместігі туралы

Жобаға сәйкес қаржы есеп-қисабы, аудиторлық есептеме және өзге ақпарат осы ақпаратты биржаның және депозитарийдің интерннет-ресурсында орналастырылатын күннен бұрын БАҚ-тың басқа көздері арқылы жариялануға (орналастырылуға) тиіс емес.

7.1.1. Компанияда қаржы есеп-қисабын және корпоративтік оқиға туралы ақпаратты жедел тәртіппен, биржа мен депозитарийге тәуелсіз түрде орналастыру мүмкіндігінің болуы принципті сәт болып табылады.

7.1.2. Корпоративтік оқиғалар бойынша (акционерлердің облигацияларды ұстаушыларды жиналысы, несиегерлердің талаптары және өзгедей қырлар) есептеу мерзімінің басталуы ақпарат биржаның немесе депозитарийдің сайтында орналастырылуына тәуелді етіп қойылу тәуекелдігі орын алып отыр.

7.1.3. Ақпаратқа қойылатын критерийлерді ескеретін болсақ, компания үшін ақпарат ашу үдерісін қиындататын жаңа бюрократтық рәсімдер мен ресімдемелер жасау қатері орын алып отыр.

7.1.4. Ірі компаниялардың қағаздарды басқа ҚРҰБ талаптарына бағынбайтын басқа хұкімдегі биржаларға орналастыратынын қаперге алу қажет. Реттеушінің жоғарыда аталған нормасы практикада жанжал мен тоқайласпаушылық туғызуы мүмкін.


7.2. Мәліметтерді беру нысаны туралы

Жобаға сәйкес қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржы есеп-қисабы электронды түрде беріледі, мұнда берілетін деректердің құпиялығы мен түзетуге келмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныш құралдарымен, қор биржасының ережелерінде айқындалатын нысанда ақпаратты кепілдікті жеткізудің көлік жүйесі пайдаланылады.

7.2.1. Қазіргі кезде KASE ақпаратына сәйкес барлық құжаттар мен ақпарат қағаз тасығышпен де, көшірмелері AdobeAcrobatProfessional нысанында түсірілген (қол қойылып, мөр басылған), KASE-нің интернет-ресурсында орналастыратын электронды түрде де беріледі.

7.2.2. 01.07.2012 жылдан бастап сәйкес барлық құжаттар мен ақпарат бағалы қағаздардың эмитенттерімен жасалатын электронды құжат айналымы жүйесі арқылы осы нысандағы интернет-ресурста беріліп, орналастырылады (белсенді сынақтамалау жүргізілуде). KASE-ның негізгі жұмыстарының Жоспарына сәйкес қорғаныштың криптограммалық құралдарын 2013 жылы енгізу жоспарланып отыр.



ҰСЫНЫСТАР
ҚҚҚ-ның сараптамалық қорытындысы шеңберінде ҚРҰБ-ға мынадай мүмкіндікке қатысты мынадай ұсыныстар енгізілді:
7.1. Биржаның және депозитарийдің интерннет-ресурсында ақпарат орналастырылатын күннен бұрын БАҚ-тың басқа көздерінде ақпарат орналастырудың мүмкін еместігі туралы

Жобадан компанияларға ақпаратты әуелі корпоративтік сайтта, сонан соң барып депозитарий мен биржалардың сайтында ашу мүмкіндігін беру мақсатында кейбір талаптарды алып тастау.


7.2. Мәліметтер беру нысаны туралы

Жобаның 7-тармағын мынадай редакцияда беру:

«7. Қор биржасының интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс қаржы есеп-қисабы қор биржасының ережелеріне және листингілік шартқа сәйкес беріледі».
8. «Қор биржасына қаржы есеп-қисабын және өзге ақпаратты қор биржасы мүшелерінің беру тізбесі мен мерзімі туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы
ПРОБЛЕМАЛАРЫ
8.1. Қор биржасы мүшелерінің есеп-қисапты беру мерзімі туралы

Жобаға сәйкес қор биржасының мүшелері тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейін айдың 10 жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына тоқсан сайынғы қаржы есеп-қисабын (еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда – жинақталған және бөлек қаржы есеп-қисабын) береді, онда: бухгалтерлік теңгерім және пайда мен залал туралы есептеме мыналар қамтылады.

Тоқсан аяқталған бойда түптөркін ұйымы бар қаржы ұйымдары топтастыру үшін көптеген есептемелерді ресімдейді. Жобада белгіленген мерзім қаржы есеп-қисабын түзік және дұрыс беруі үшін жеткіліксіз.
8.2. Аудиттелген жинақталған есеп-қисап беру туралы

Жобаға сәйкес қор биржасының мүшелері жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 30 маусымына дейінгі мерзімде қор биржасына бухгалтерлік есеп пен қаржы есеп-қисабы туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған және аудиторлық ұйым қуаттаған жылдық қаржы есеп-қисабын (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда жинақталған және бөлек қаржы есеп-қисабын), сондай-ақ аудиторлық есептеме береді.

ҚРҰБ-ның 17.01.12 ж. №24207/57 хатына сәйкес жинақталған және бөлек есеп-қисапты беру кезінде 01.01.2013 жылға дейін аудиторлық ұйымның қуаттауы тек жинақталған жылдық қаржы есеп-қисабы үшін ғана талап етіледі, 01.01.2013 жылдан бастап жинақталған жылдық есеп-қисап үшін де, бөлек жылдық есеп-қисап үшін де аудиторлық ұйымның қуаттауы талап етіледі.
ҰСЫНЫСТАР Жоба бойынша
Жоба бойынша ҚҚҚ-ның сараптамалық қорытындысы шеңберінде ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:
8.1. Қор биржасы мүшелерінің есеп-қисапты беру мерзімі туралы

қор биржасы мүшелерінің қаржы есеп-қисабын беруі үшін неғұрлым нақты мерзімді белгілеу.


8.2. Аудиттелген жинақталған есеп-қисап беру туралы

Жобаның еншілес ұйымдары бар банктердің аудиттелген жинақталған қаржы есеп-қисабымен қатар, аудиттелген жинақталмаған қаржы есеп-қисабын да беруі жөніндегі талаптарды алып тастау немесе 2013 жылға дейін көшіру.



II. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.

1. БҚН-н дамыту жөніндегі арнаулы кешенді мемлекеттік бағдарламасы туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
Отандық БҚН-нда бірқатар кемшіліктер бар, олар оның одан әрі тиімді дамуына кедергі жасайды. Атап айтқанда, елдің биржалық қор нарығын дамытудың кешенді мемлекеттік бағдарламасы жоқ, жеке-дара (бөлшек сауда) инвесторлар сауаттылығы деңгейінің жеткіліксіздігі, айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тану шарттары, т.б.

Бейрезидент-клиенттер үшін шектеулердің орын алуы: құжаттарды растау, құжаттарды шет тілдерден аудару жөніндегі талаптар, аударманы нотариалдық жолмен растау, т.б.
ҰСЫНЫСТАР
ҚРҰБ-ға БҚН-н дамытудың арнаулы кешенді мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігіне қатысты ұсыныстар енгізілді.

ҚРҰБ мыналар туралы хабарлады:

1.1. ҚҚҚ-ның кейбір ұсыныстарын ҚР-дың ұйымдастырылған БҚН-н дамытудың қор нарығын дамыту мәселелерін кешенді шешуге бағытталған, қазіргі кезде ҚРҰБ әзірлеп жатқан Тұжырымдамасына енгізу туралы;

1.2. БҚН-н дамытудың кешенді мемлекеттік бағдарламасын әзірлеудің орынсыздығы туралы.


2. Инвестициялық қорлар
ПРОБЛЕМАЛАР
2.1. Инвестициялық қорларды дамыту

2.1.1. Қалыптасқан әлемдік экономикалық жағдайды ескеретін болсақ, инвестициялық қорлардың тартымдылығы мен тұрақтылығын сақтау, соның ішінде олардың активтерін инвестициялау мүмкіндігін кеңейту және олардың қызметін ықшамдау арқылы кеңейту жөніндегі мәселе ерекше өзекті күйінде тұр.

2.1.2. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, кастодиан-банк ҮИҚ-ды жабады. Бұл атқарым кастодиан-банктерге тән емес, өйткені олар ең алдымен активтердің сақталуы үшін жауап береді.
2.2. Тәуекелдікті инвестициялаудың инвестициялық қорлары

Қазіргі кезде тәуекелдікті инвестициялаудың инвестициялық қорлары мынадай себептермен баяу дамуда:

2.2.1. Тәуекелдікті инвестициялаудың инвестициялық қорларының қызметі басқа қорлардың қызметімен және брокерлік-дилерлік қызметпен салыстырғанда ешқандай айырмашылығы жоқ;

2.2.2. Сатып алынған активтің нарықтық құнын көбейту кезінде қор оны сатуды меншікті стратегиясына және нарықтық көрсеткіштердің қисынына сүйенбей, пруденциялық реттеуді басшылыққа алып жүзеге асырады;

2.2.3. Активтерді әртараптандыру кезінде активтердің ағымдағы құнын міндеттемелерге азайту түсініксіз;

2.2.4. ҚР заңнамасында орын алып отырған үлестестіктің өлшемдері басқарушы компания арқылы қордың барлық инвестицияларын бір-бірімен өздігінен үлестес етеді (тікелей инвестициялау). Үлестестікті ескере отырып лимитті өлшеу жөніндегі нормаларды енгізу мұндай қорлардың қызметін құқық аясынан тысқары етеді.


ҰСЫНЫСТАР
2.1. Инвестициялық қорларды дамыту

ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:

2.1.1. Акционерлік қорлардың шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында осы қорлардың шетел валютасы түріндегі акцияларын бейрезиденттердің сатып алуы мүмкіндігін белгілеу;

2.1.2. Заңды тұлғаларды таратуға ұқсас тарату комиссиясын құру және оған барлық қажетті өкілеттікті бере отырып, инвестициялық қорды тарату тәртібін айқындау;



2.1.3. Басқарушы компанияға өзі құрған үлеспұлдық инвестициялық қорлардың үлеспұлдарын сатып алу және олардың ұстаушысы болу мүмкіндігін, сондай-ақ басқарушы компанияның интервалдық және жабық қорларына оларды қолдау және осындай қорлар активтерінің құнының төмендеуіне жол бермеу үшін қатысу мүмкіндігін белгілеу;

2.1.4. Жұмыс тобының шеңберінде дамыған әлемдік экономикалардағы, атап айтқанда, Ұлыбритания, АҚШ және Австралиядағы тікелей инвестициялар секторының қызметін реттейтін, қолданыстағы заңнамаға «КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС дайындаған шолуды қарап шығу.


2.2. Тәуекелдікті инвестициялаудың инвестициялық қорлары

ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:

2.2.1. Тәуекелдікті инвестициялау қоларына қатысты әртараптандырудың заңнамалық жолмен белгіленген лимитін алып тастау;

2.2.2. Проблеманы шешудің баламалы нұсқасын пайдалану – әртараптандыру лимитін тек инвестициялау сәтінде ғана қолдану. Инвестицияларды бақылау тәуекелдіктерді басқару жүйесінің басқа құралдарын қолдану жолымен, мысалы, «stop-loss» және «take-profit» димиттерін қолдану жолымен жүзеге асырылуға тиіс;

2.2.3. Басқарушы компанияны және оның қор активтерін басқару органдарындағы өкілдерін әртараптандыру лимитін есептеу кезінде үлестестік өлшемінен алып тастау.
3. Білікті инвесторлар
ПРОБЛЕМАЛАР
3.1. БҚН-нда брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) жеке-дара және институттық инвесторлардың инвестициялық қоржынын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың білікті инвесторларды тануы Ережелері

Білікті инвесторларды тану Ережелерінің жобасын қарау сатысында ҚҚҚ мынадай проблемалық мәселелерді көрсетті:

3.1.1. Әлеуетті инвесторларды білікті және біліксіз инвесторларға бөлуді енгізу отандық қор биржасындағы өтімділікке келеңсіз әсерін тигізеді. Білікті инвестор дәрежесін алу үшін қажетті ең төмен талаптар әлеуетті инвесторларды үркітуі және клиенттерді батыстың Saxobank, IG markets сияқты қандай да болсын дәреженің болуы міндетті емес, сонымен қатар көптеген әлемдік сауда алаңдарына қолжетімдік беретін инвестициялық банктеріне кетуге арандатуы мүмкін.

3.1.2. Жобаның 19-тармағына сәйкес білікті инвестор деп танушы тұлға білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан талаптарға сай келуі тұлғаны білікті инвестор деп тану үшін қажетті талаптардың сақталуына қуаттаманы талап етуге және аталмыш талаптардың сақталуын тексеруге міндетті.

Инвесторды білікті деп тану рәсімі бизнес шығынын көбейтеді.

3.1.3. Ағымдағы бағдарламалық жүйелерді пайдалану білікті инвесторлар бойынша тізілімді енгізу мақсаты үшін қаржы ұйымдарының уақыт пен шығын жұмсауын талап ететін пысықтап жетілдірмейінше мүмкін емес. Топтық талаптарға сәйкес қазіргі бағдарламалық қамтамасыз етуге өзгерістер енгізілгенге дейін топпен келісілуге тиіс және қамтамасыз етудің өзін кейіннен пысықтап, жетілдіру қажет, мұнда кезеңдердің әрқайсысы қосымша уақыт жұмсауды талап етеді.


3.2. Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі туралы

Жобаның кейбір редакциялары:



3.2.1. Банктердің корпоративтік клиенттерімен ТҚҚ жөніндегі бизнесті толық тоқтатуға арандатады. Мұның өзі тек банктердің қызметіне ғана жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен бірге хеджерлеу жолымен өздерінің тәуекелдіктерін басқаруға мүмкіндігі болмайтын ірі корпоративтік клиенттерге де теріс ықпалын тигізуі мүмкін.

3.2.2. Тәуекелдікті инвестициялау қорының дамуын тежейді;

3.2.3. ҚР хұкіметінен тыс біліксіз тұлғалардың білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана рұқсат етілген мәмілелерді жүзеге асыруы мүмкіндігін жоққа шығармайды. БҚН туралы Заңда білікті инвестор ретінде танылмаған тұлғаның мәмілелерді жүзеге асыруына тікелей тыйым жоқ;

3.2.4. Атаулы ұстаушыларға және тіркеушіге қаржы құралдарына меншік құқығының ауысуын тіркеуден бас тартатын, мысалы, сот шешімін орындамауы, себептердің тізбесін тіркеушінің өз деңгейінде айқындауына мүмкіндік беруі мүмкін.


ҰСЫНЫСТАР
3.1. БҚН-нда брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) жеке-дара және институттық инвесторлардың инвестициялық қоржынын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың білікті инвесторларды тануы Ережелері

ҚРҰБ-ға ҚҚҚ-ның сараптамалық қорытындысы шеңберінде мынадай ұсыныстар енгізілді:

3.1.1. Жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптардың бөлу және Жобада белгіленген білікті инвесторларға қойылатын ең аз талаптарды MiFID Markets in Financial Instruments Directive көздеген талаптарға сәйкес келтіру;

3.1.2. ҚР бейрезиденттерін білікті инвесторлар деп тану қажеттігін алып тастау;

3.1.3. Жобаның білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның міндетіне қатысты 19-тармағын алып тастау, білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан сай келуі тұлғаны білікті инвестор деп тану үшін қажет талаптардың сақталуының қуаттамасын талап ету. Балама ретінде білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан оның қаржылық жағдайы туралы талаптардың сақталуының қуаттамасын сирек дегенде жылына бір рет талап етеді;

3.1.4. Инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның тізілімді жүргізуі оның ішкі рәсімдеріне сәйкес электронды түрде жүзеге асырылатыны туралы талапты белгілеу.


<предыдущая страница | следующая страница>


«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» зтб

РҚМ-не, ехәҚМ-не, ҚРӘМ-не, эсдм-не, ижтм-не қаржы секторын дамытудың 2104 проблемасы жинақталған 2104 ұсыныс енгізілді. Жалпы қаржы секторы және оның сегменттері бойынша жұмыстың н

4497.12kb.

17 12 2014
21 стр.


Решением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»

«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдаст

45.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық, қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктерінің тізімі

«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалы»

109.41kb.

12 10 2014
1 стр.


Қмэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

Мэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

35.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ

25.6kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды

699.65kb.

15 10 2014
4 стр.


«Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

30.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Қабылданатын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»

Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас

10.46kb.

23 09 2014
1 стр.