Перейти на главную страницу
Хеджерлеу және (немесе) инвестициялық табыс алу мақсатында қаржы құралдарын ЖЗҚ-ның сатып алуы мүмкіндігін кеңейту үшін НҚА-ге өзгерістер енгізу.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес ЖЗҚ: а) зейнетақы активтерін табысы төмен қаржы құралдарын инвестициялайды; б) қоржында бар қаржы құралдарын олардың рейтингілік бағасының төмендеуі себепті тәуекелдігі жоғары құралдар ретінде сыныптап, бағалайды.
Кейбір ЖЗҚ-да Жобада көзделген талаптарға сай келмейтін активтер бар. Әлемдегі қалыптасқан макроэкономикалық жағдайға байланысты ағымдағы сәт талаптарға сай келмейтін активтерді өткізу үшін ең тартымды сәт емес.
Жобада ЖЗҚ-ның кәдуілгі азаматтық-құқықтық мәмілелер жасауға, мысалы, мынадай азаматтық-құқықтық шарттар жасасуға: сақтандыру, брокерлік қызмет көрсету, банк қызметін көрсету, жалға алу, жалдау, мүлікті тегін пайдалану, сатып алу-сату шарттарын жасасуға мүмкіндігі жоқ. Бір мезгілде зейнетақы активтерін дербес инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ЖЗҚ болып табылатын ЗАИБҰ үшін үлестес жеке тұлғалармен жасасылатын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарттар да тыйымға ұшырауы мүмкін.
ҚҚҚ-ның Жоба бойынша сараптамалық қорытындысы шеңберінде ҚРҰБ-ға мынадай мүмкіндікке қатысты мынадай ұсыныстар енгізілді:
Қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда берілсін:
«2. ЗАИБҰ мен ЖЗҚ осы қаулы қабылданғаннан кейін үш айдың ішінде өзінің қызметін, төменде көрсетілгенді және меншікті активтерін инвестициялау тәртібін айқындайтын ішкі құжаттарды қоспағанда, осы қаулыға сәйкес келтіруі және бір жылдың ішінде өзінің қызметін меншікті активтердің есебінен инвестициялық қоржынның құрылымының сай келуі бөлігінде осы қаулыға сәйкестендіруі».
4.4. Үлестес тұлғалармен меншікті капиталдың есебінен жасалған мәмілелердің тізбесі туралы
Жобаға ЖЗҚ (ЗАИБҰ) меншікті активтер есебінен үлестес тұлғалармен жасай алатын мәмілелердің нақты тізбесін енгізу.
5.1.1. ЖЗҚ қоржынындағы қаржы құралдарын бағалаудың қолданыстағы Ережелері ЖЗҚ мен ЗАИБҰ-ның инвестициялық қызметінің тиімділігіне жәрдемдеспейді. Кейбір қырлары бойынша олар ҚЕХС-мен қарама-қайшы келеді;
5.1.2. Өтімсіз қаржы құралдарының құнын бағалау проблемасы орын алып отыр. Белгілі бір өтімсіз қаржы құралының ЖЗҚ қоржынында мүлде әртүрлі құны болуы мүмкін. Мұның өзі белгілі бір ЖЗҚ-ның әділ табыстылығын айтарлықтай бұрмалайды;
5.1.3. МБҚ-ды «сату үшін қолда бар қаржы құралдары» есептік санатқа жатқызылған сәттен бастап зейнетақы активтерінің бұл бөлігінің өзгергіштігі жоғарылап кетті. МБҚ-ның ағымдағы өзгергіштігінің жоғары болуы ЖЗҚ салымшылары тарабынан әсіресе зейнетақы төлеу немесе көшірімдер бойынша хабарлау сәтінде көптеген шағымдар мен қынжылыстар туғызуда;
5.1.4. Бағалы қағаздарды бағалаудың қолданыстағы әдістемесі шеңберінде МБҚ, ЖЗҚ бөлігінде екінші топқа кіретін МБҚ-ны қайта бағалаудың болашақтағы нарықтық бағасын болжау қиын;
5.1.5. KASE3де және халықаралық нарықтарда бағаланатын еуробондылардың әділ құнын бағалау KASE-нің деректері бойынша жүзеге асырылады және халықаралық нарықтардағы мәмілелер, сондай-ақ олар бойынша сұраныс пен ұсыныстың параметрлері есептелмейді. Нәтижесінде, мұндай құралдардың бағасы субъективті болып табылады және қаржы құралдарының нақты нарықтық құнын көрсетпейді.
5.2.1. «Өтеуге дейінгі» қоржынның үлесін бірте-бірте азайту «залалды бүркеу» жөніндегі саясатты болдырмау үшін тиімді.
Сонымен бірге, инвесторлық базаның шектеулілігі себепті корпоративтік бағалы қағаздарды өткізумен және ЖЗҚ қоржынындағы қағаздар көлемінің едәуір болуымен байланысты елеулі қиындықтар туындайды.
5.2.2. НҚА жобасына сәйкес 01.01.2013 жылдан бастап ұсталатын қаржы құралдары ретінде есептелетін қаржы құралдарының ағымдағы құны ҚРҚМ мен ҚРҰБ шығарған, ЖЗҚ қоржынында тұрған МБҚ-дан басқа қаржы құралдарының ағымдағы жиынтық құнының 15%-ынан аспайтын мөлшерді құрайды.
ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:
5.1.1. ЖЗҚ қоржынындағы қаржы құралдарын бағалау әдістемесін жетілдіру жөнінде іс-шаралар жүргізу;
5.1.2. қаржы құралдары өзінің қоржынына қарамастан құнсызданатын бірыңғай өлшемдер белгілеу. қаржы құралы құнсызданатын шәкіл базасы үшін ҚҚА Басқармасының 10.04.2009 жылғы №74 қаулысымен бекітілген бағалы қағаздардың құнсыздануын тану критерийлерін алу;
5.1.3. ЖЗҚ қоржынындағы қаржы құралдарының құнын тікелей қайта бағалауға stress-testing жүргізу;
5.1.4. Зейнетақы қорланымын негізсіз нарықтық ауытқулардан қорғау мақсатында МБҚ-ның есептік санатын өзгерту;
5.1.5. KASE-де және халықаралық нарықта мәмілелер жоқ болғанда бағаланатын еурооблигацияларды халықаралық нарықтарда қалыптасқан нарықтық баға бойынша апта сайын бағалауды Bloomberg немесе Reuters жүйелеріне сәйкес қарастыру.
5.2. «Өтеуге дейінгі» қоржын
ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:
5.2.1. Сатып алынуы «өтеуге дейінгі» қоржында мүмкін болатын қаржы құралдарына қойылатын талаптарды белгілеу;
5.2.2. Эмитенттер рейтингінің отандық шәкілін ұлттық рейтингілік агенттікпен бірге әзірлеу;
5.2.3. Қазақстандық шәкіл бойынша рейтингі алуды эмиссияның аңдатпаларын тіркеу кезінде эмитенттер үшін міндетті ету
5.2.4. Рейтингілердің көрсетілген шәкілін ұлттық рейтингіні алған компания шығарған «өтеуге дейінгі» қоржындағы қаржы құралдарын сатып алуға/табуға қолжетімдіктің критерийлері ретінде пайдалану;
5.2.5. МБҚ-ды «өтеуге дейінгі» санатқа:
1-ші нұсқа: 17.09.12 ж. жағдай бойынша;
2-ші нұсқа: ҚЕХС-на сәйкес ағымдағы баға бойынша көшіру
6. «Жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу Ережелерін бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
6.1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты ЖЗҚ-ның кеңсесінен тыс жерде жасасу туралы
Жоба зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты кеңседе жасасу үдерісін реттейді. Шартты кеңседен тыс жерде жасасуға қатысты мәселелер реттеу аясынан тыс қалған, атап айтқанда, салымшының шарттағы қойған қолын нотариустың куәландыруына қатысты мәселе тыс қалған
Графикалық файлдарды жеке-дара зейнетақы шоттарына тіркеу (бұдан әрі - ЖЗШ) қазіргі кезде мынадай себептермен қолайсыз:
а) Бұл атқарым шалғайдағы кеңселердің жұмысын қожыратады, өйткені шалғайдағы ЖЗҚ-да пайдаланылатын байланыс арналары үлкен көлемдегі деректерді беруге есептелмеген;
б) ЖЗҚ Деректерін өңдеу және сақтау Орталығының конфигурациясы мен қуаты бұл атқарымды қолдануға мүмкіндік бермейді. Ең аз дегенде, «деректер қоймасы» құрылымының элементі ретінде ұйымдастыру керек, мұның өзі капитал және уақыт шығынына апарып соқтырады;
в) ЖЗҚ-ның орталық деректер базасының бағдарламалық-ақпараттық кешенін жетілдіріп, жаңғырту, шарттарды сканирлейтін шет аймақтық жабдық сатып алу, сондай-ақ филиалдармен және өзгедей оқшаландырылған бөлімшелермен байланыс арналары елеулі түрде кеңейту ЖЗҚ-ның бюджеттік жоспарына едәуір түзету енгізуді талап етеді;
г) Кейбір ЖЗҚ барлық сатып алуды «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырады, бұл аталмыш іс-шараларды 2013 жылдан ерте іске асыруға мүмкіндік бермейді.
Жобаға шарттарды кеңседен тыс жерде жасасуға қатысты қағидаларды енгізу;
6.2.1. Жобадан графикалық файлдарды ЖЗШ-на тіркеу жөніндегі талаптарды алып тастау;
6.2.2. Баламалы ұсыныстар ретінде мынадай мүмкіндікті қарастыру:
а) ЖЗҚ-ның өздерінің бағдарламалық қамтамасыз етулерін Жобаның осы талаптарына келтіру мақсатында бұл талаптарды енгізу мерзімін 2013 жылға ауыстыру;
б) Жоба талаптарының орындалуын тексеру кезінде 14, 15-тармақтарды бұрмалаушылық ретінде қарамау.
II. ИНФРАҚҰРЫЛЫМ.
1. ЖЗҚ-ны дамытудың тұжырымдамалық мәселелері
ПРОБЛЕМАЛАР
1.1. ЖЗҚ-ны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
1.1.1. ҚТК-нің бірнеше отырысында, сондай-ақ түрлі деңгейдегі бірқатар кеңестерде қазіргі қаржы жүйесін оның тиімсіздігіне байланысты реформалау қажеттігі мәселесі талқылады.
1.1.2. Кейбір мемлекеттік органда мынадай ұсыныстар енгізді: а) қолданыстағы ЖЗҚ-ның санын 3-4-ке дейін қысқарту; б) ЖЗҚ-ның фронт-офистерінің атқарымын әкімшілік жүргізуді және зейнетақы қорланымының есебін жүзеге асыратын бірыңғай құрылымға беру; в) ЖЗЖ-н мемлекет меншігіне айналдыру қажеттігі, т.б.
Қаржы нарығына қатысушылар мен ҚҰРБ жоғарыда аталған ұсыныстарға мына себептермен қарсылық білдірді:
1.1.3. Бұл шара тек меншіктенушіні ғана көздейді, жүйеге ақша қоспайды, демек, орнын басу коэффициентінің шамасын көбейтпейді;
1.1.4. Инвестор-монополистің пайда болуы зейнетақы нарығындағы бәсекенің негізін бірдей етеді және қазақстандық қор нарығының бірте-бірте азайтады;
1.1.5. ЖЗҚ-ның табыстылығын теріс бағалау қаржы дағдарысы және инфляцияның «өршуі» жағдайында орынсыз болып табылады;
1.1.6. Мемлекеттік басқару кезінде табыстылықтың қолданыстағы үлгі кезіндегіден гөрі неғұрлым жоғары болуы жөнсіз болып табылады;
1.1.7. Мемлекеттік басқару кезінде инвестициялау қолданыстағы үлгі кезіндегіден гөрі неғұрлым тиімді болуы жөнсіз болып табылады;
1.1.8. Қолданыстағы реттеу нормаларын ескере отырып мемлекеттік ЖЗҚ-ға әкімшілік жүргізуге және бюджеттен қаржы бөлуге (капиталдандыруға) жұмсалған мемлекеттік шығынды есептеу жоқ;
1.1.9. «Инвестицияларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстанның елдік жайғасымын төмендету түріндегі осы шаралардың елеулі келеңсіз салдарлары болуы ықтимал.
1.2. ЖЗЖ-нің дамуына кедергі жасайтын негізгі кемшіліктері
1.2.1. МЖӘ шеңберінде мемлекеттік кепілгерлік тетігінің реттелмегендігі;
1.2.2. Пруденциялық реттеу талаптарын орындай мақсатында ЖЗҚ зейнетақы активтерін табыстылығы төмен қаржы құралдарына инвестициялауға мәжбүр болып отыр, ал инвестициялар қоржынында бар қаржы құралдары рейтингілік бағаның төмендігі себепті тәуекелдігі жоғары қаржы құралдары ретінде сыныпталып, бағаланады және рейтингілік бағалаудың белгіленген өлшемдеріне сай келмейді;
1.2.3. МБҚ-на инвестициялау лимиттері белгіленді, бұл орайда МБҚ бойынша табыстылық өте аз;
1.2.4. Облигацияларды ұстаушылар және облигацияларды ұстаушыларды қорғаудың өзге де құралдарын ұстаушылар өкілінің уәждемесі, құзыреті және жауапкершілігі мәселелері реттелмеген;
1.2.5. ЖЗЖ-нің ғаламдық параметрлерін – өмірдің ұзақтығын ескере отырып салымшылар мен алушылардың ұзақ мерзімді кезеңдегі болжалды санын, олардың зейнетақы қорланымының жеткіліктілігін және жарналардың мөлшерін және басқа маңызды параметрлерді айқындау мүмкін емес;
1.2.6. Экономикалық, қаржылық, әлеуметтік салалардағы серпінді өзгерістерді және олармен байланысты тәуекелдіктерді ескере отырып, оның ағымдағы сәтте де, ұзақ мерзімді келешектегі де дамуының барлық базалық параметрлерінің негіздерін қамтамасыз ететін актуарлық есеп жоқ;
1.2.7. Заңнаманың қолданыстағы нормалары ерікті жарналарды тартуға ынталандырмайды, ерікті кәсіби жарналардың сомасы тым аз. Ауыр дене жұмыстарында, зиянды, қауіпті (ерекше қауіпті) еңбек жағдайында істейтін жұмыскерлердің оларға зейнетақымен қамсыздандыру саласында ерекше жағдайлар белгілеу үшін санаттарға заңнамалық жолмен бөліп көрсету қажеттігі орын алып отыр;
1.2.8. Зейнетақылық төлемдерге салық салудың белгіленген деңгейі алынатын зейнетақының мөлшерін едәуір төмендетеді. Іс-жүзінде ЖЗҚ өз салымшылары үшін тапқан бүкіл инвестициялық табыс зейнеткердің емес мемлекеттің табысына айналады.
1.2.9. ЖЗҚ арасындағы арамы бәсеке фактілерін реттеудің қолданыстағы айқын тәртібі жоқ.
1.3.1.ЖЗҚ-ны реттеудің тарихи негізінде банктерді бақылауға қойылатын тәсілдер жатыр. Тұрақты түрде өзгеріп отыратын нарық жағдайында қарсы кезеңдік реттеу қағидаттарын пайдалану қажет. Іскерлік цикл кезеңін ескеру қажет, не тұрақты бақылау әдістерін, серпінді бақылау әдістерін осы кезеңге қарай пайдалан қажет.
Бұл проблемаға кешенді көзқарас болмайынша, жекелеген ЖЗҚ-ға жай ғана түзетулер енгізумен қажетті нәтижеге қол жеткізе алмайсың.
1.3.2. Эмитенттердің рейтингі бойынша көріністі жедел қарқынмен өзгертуге, рейтингілік бағалауға байланысты заңнаманы жетілдіру жүйелі сипатта болуы керек, контрагенттердің сенімділігін бағалауға көзқарасты өзгерту қажет.
Кеден одағын, ЕЭК, ЕурАзЭО құру серіктес-елдердің заңнамасын, ЕЭК шеңберіндегі елдердің дамуының экономикалық басымдықтарын ескере отырып, ЖЗҚ мен БҚН-н реттеу, олардың заңнамасы мәселелерін кешенді түрде қарауды талап етеді.
1.3.3. ЖЗЖ өзінің биік мақсатынан, бір жағынан, зейнетақы қорланымының сақталуы, екінші жағынан, оның көбейтілуі мақсатынан ауытқыды. Бір жағынан, ЖЗҚ жеткілікті деңгейдегі инвестициялық табысты алмайды, Екінші жағынан, ЖЗҚ тәуекелдіктерге байланысты өзінің қызметінен инвестициялардың едәуір бөлігін алып тастады. Кез келген құралды сатып алу, ҚР МБҚ-н қоспағанда, меншікті капиталмен дереу өтеуді талап етеді.
1.3.4. Қайта қарауды талап ететін негізгі нормалар: а) капиталдың жеткіліктілігі коэффициенті – зейнетақы активтерінің өсуіне байланған және бұл өсуді тек бизнестің тиімділігі есебінен ғана қолдауға қауқарсыз; б) зейнетақы активтерінің табыстылығы коэффициентті – тарихи түрде зейнетақы активтерінің түрлі есептік бағасы негізінде қалыптасты, ал ағымдағы сәтте орта мәннен ауытқығандықтан норматив бұзылған сәтке дейін меншікті капиталмен өтелуге тиіс; в) зейнетақы активтерді әртараптандыру үлгісі – нарықтық жағдайдың өзгеруі себепті ұдайы жаңартуды талап етеді.
ҰСЫНЫСТАР
1.1. ЖЗС-н одан әрі дамытудың негізгі бағыттары
Мынадай ұсыныстар енгізілді:
1.1.1. Қолданыстағы ЖЗЖ түбегейлі қайта қарауды қажет етпейді;
1.1.2. ЖЗЖ-нің міндеті азаматтарға зейнетақы төлеу жүктемесін мемлекеттік бюджетке толық аударуда емес, қайта оны елеулі түрде азайтуда болып отыр;
1.1.3. Зейнетақы қорланымының геометриялық үдеуіне байланысты мемлекеттің және нарыққа қатысушылардың зейнетақы активтерін мемлекет үшін де, ЖЗҚ салымшылары үшін де барынша тиімді пайдалану мәселесін пысықтауы қажет.
1.2. ЖЗЖ-нің дамуына кедергі жасайтын негізгі кемшіліктері
ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:
1.2.1. МЖС-нің тетігін бүгінгі таңда қолда бар тәжірибені ескере отырып жетілдіру жұмысын жалғастыру;
1.2.2. Эмитенттер өздеріне қабылдаған қаржылық, экономикалық, құқықтық және өзгедей ковенанттың бұзылуы жағдайында инвесторлар үшін бірыңғай борышқорлық бағалы қағаздарды кері сатып алудың тиісті тетіктері мен әдістемесін жасау;
1.2.3. Зейнетақы активтерінің 10%-ға дейінін биржадан тыс нарықта орналастыру;
1.2.4. Инвестициялаудың неғұрлым болжамдалған және нарықпен келісілген, қазіргі кезде уәкілетті орган МБҚ бойынша лимиттер арқылы да, қаржы құралдарын тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшемдеу арқылы да айқындайтын бағдарларын бірлесіп әзірлеу;
1.2.5. Орын басу коэффициентін әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізу (60-70%), ол зейнет жасына жеткенде алушының дағдылы өмір салтын сақтауына кепілдік беретін және мемлекеттен әлеуметтік жүктемені алып тастайтын мөлшерде төлем алуына мүмкіндік береді;
1.2.6. ҚР-нда зейнетақымен қамсыздандырудың қазіргі қаржылық-әлеуметтік тетігінің әдіснамалық негіздерін жаңғыртуды жүзеге асыру;
1.2.7. Елде актуарлық есептеулер мен зерттеулерді жүйелі түрде жүзеге асыру үшін құқықтық және экономикалық шарттарын жасау;
1.2.8. ИСО 9001 – 14000 бойынша салық жеңілдіктеріне ұқсастық бойынша ҚҚБ-ның ресми тізімдеріне кіретін ұйымдар үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін 30%-ға дейін төмендету бөлігінде салық пұрсаттылықтарын енгізу. мұның өзі Эмитенттердің листингіге кіру кезінде өздерінің шығынының орнын толтыруына мүмкіндік береді;
1.2.9. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлеу кезінде салық салудың нөлге тең мөлшерлемесін қолдану;
1.2.10. Зейнет жасына жеткенде зейнетақы қорланымын алушылар үшін кесте бойынша төлеу кезінде, жеткіліктілік шегінде салық жүктемесін төмендету мәселелерін пысықтау;
1.2.11. Барлық жұмыс берушілерге кәсіптердің тек Үкімет бекіткен шектеулі тізімі бойынша ғана емес - ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз жұмыскерлерінің пайдасына төлеуі үшін жағдай жасау керек;
1.2.12. Адамдар зейнетақы қорланымдарын белгілі бір жағдайда олардың жеткіліктілігі кезінде – кредит бойынша оқу, емделу, т.б. үшін қамтамасыз ету ретінде пайдалана алуы үшін ЖЗҚ-дан төлем төлеу тәртібін жетілдіру;
1.2.13. Қызметкерлерге ерікті зейнетақы жарналарын аударушы заңды тұлғаларға әлеуметтік салық бойынша ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарына салық салуға ұқсастық бойынша жеңілдік беруді қарастыру;
1.2.14. Зейнетақы төлемдерін өтеу деңгейін арттыру және зейнетақы қорланымының көлемін көбейту мақсатында міндетті зейнетақы жарналары ұсталуға тиісті ай сайынғы табысқа ең төмен жалақының 75 еселік мөлшерінен аспайтын шектеуді алып тастау;
1.2.15. Өз қызметкерлерінің қорды таңдауына мәжбүрлеуі үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін енгізу не төлемдердің құпиялығын алып тастау;
1.2.16. ЖЗҚ қызметінің тиімділігінің қосымша коэффициенттерін әзірлеп, енгізу;
1.2.17. Ынтымақты зейнетақы төлемдерінің жүйесін «профессорлар» аула сыпырушылармен бірдей зейнетақы алмайтындай етіп қайта әзірлеу, мұның өзі орнын басудың ағымдағы мөлшерлемені жасанды түрде төмендетеді.
1.3. ЖЗҚ-ны реттеудегі тәсілдер туралы
1.3.1. ЖЗҚ үшін К1-ді сақтау жөніндегі талаптарды өтеуге арналған Резервті жасақтау мен қолдау жөніндегі талаппен ауыстыру (Чилидің – Encaje – сақтандыру резерві, Польшаның – резерв тәжірибесіне ұқсастық бойынша). Резерв ЖЗҚ-ның меншікті өтімді активтері есебінен (тек қаржы құралдары) зейнетақы активтерінің белгілі бір пайызынан кем емес мөлшерде жасақталады және кез келген уақытта осы мөлшерде қолдау табады. Резерв жекелеген ЖЗШ-дағы зейнетақы активтерінің құрылымында не кастодиан-банктегі жекелеген арнаулы шотта шектеулі пайдалану режимінде ескеріледі. бухгалтерлік есепте ол меншікті теңгерімде «актив» ретінде, зейнетақы теңгерімінде «міндеттеме» ретінде көрсетіледі. Резерв қаражаты есебінен орнын толтыру ұқсас кезеңдегі табыстылық бойынша бенчмарк деңгейімен салыстырғанда ЖЗҚ табыстылығының жеткіліксіздігі жағдайында (36 айдағы К2) жүзеге асырылады. Өтеу жүзеге асырылғаннан кейін резервті толықтыру есепті тоқсаннан кейінгі тоқсан ішінде жүзеге асырылады, оның қорытындылары бойынша ЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақысының қаражаты есебінен, қаражаттың жетіспеушілігі жағдайында – ЖЗҚ-ның не оның акционерлерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ертерек алдын алу шаралары ретінде меншікті капиталдың рентабельділігі деңгейі (ROE) бойынша белгілеу. Осы талапты жиынтығында комиссиялық сыйақы өндіріп алу жүйесімен қайта қарай отырып енгізу салымшыларды тартуға жұмсалатын әкімшілік шығынды төмендетуге жәрдемдеседі.
Өтеуге арналған Резервпен қатар «үстеме табыс» есебінен жасақталған зейнетақы активтерінде резерв жасақтау жөніндегі талаптарды енгізу, ал одан бенчмарк орындалмаған жағдайда өтеуді жүзеге асыруға болады (әуелі осы резервтің қаражаты есебінен, содан соң өтеуге арналған Резервтің қаражат есебінен, соңғы кезекте ЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен) Резервтің қаражаты есебінен өтеуді тоқсан сайын ҚҚК-нің ұсынысы) емес, жыл сайын жүзеге асыру керек.
1.3.2. ЖЗҚ-ның табыстылығы бойынша бенчмаркті таргеттелетін және нақты инфляцияға қатысты тұрғыда белгілеу. Бұл ұсынысты іске асыру үшін қажетті шарттар:
а) Шетелдік эмитенттер шығарған қаржы құралдарына инвестициялаудың лимиттерін көбейту;
б) ЖЗЖ-нің Қазақстанның ақша нарығындағы артық өтімділігіне жасалатын қысымды төмендетудің салдары ретінде капиталдың қазақстандық нарықтағы табыстылығы мөлшерлемесін арттыру;
в) Зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялауға арналған қаржы құралдарының тізбесін кеңейту (соның ішінде МЖС шеңберінде);
г) Валюталық тәуекелдіктерді тиімді хеджерлеудің тетіктерін жасау;
д) Зейнетақы активтерінің құрылымында актив және пассив бөліктерді бөліп көрсету жолымен ЖЗҚ-ның инвестициялық қызметін қойылатын талаптарды қайта қарау және уәкілетті орган тарабынан инвестициялық қоржынды құрайтын қаржы құралдары бойынша инвестициялық мағлұмдамаға сәйкес айқындалған табыстылықтың ең аз рауалы деңгейінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
ж) Өтеу сомасын есептеу үшін екі көрсеткіштен ең аз шаманы пайдалану: таргеттелетін инфляция және ҚРҚМ-нің МБҚ бойынша орташа өлшемделген мөлшерлемесінің 130%-ына тең шама, айналыс мерзімі 3 жыл;
1.3.3. ЖЗҚ-ның салымшылар (алушылар) алдындағы міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында зейнетақының өтімділік коэффициентін енгізу. Ол салымшыларға (алушыларға) төленетін төлемдер бойынша өтімді зейнетақы активтерінің жеткіліктілігін сипаттауға тиіс;
1.3.4. ЖЗҚ-ның құжаттар болып табылатын инвестициялық мағлұмдамасына қойылатын талаптарды өзгерту, оған сәйкес зейнетақы активтеріне инвестиция салынады, ал салымшылар инвестициялық қоржынды таңдайды:
а) ЖЗҚ-ның инвестициялық қызметін егжей-тегжейлі мағлұмдау. Инвестициялық мағлұмдамада ЖЗҚ қандай қаржы құралдарын, елдерді/өңірлерді, экономика салаларын инвестициялауды жоспарлап отырғаны, сондай-ақ осы инвестициялардан күтіліп отырған табыстылық деңгейі қандай екенін мұқият сипаттамасы берілуге тиіс;
б) ЖЗҚ мағлұмдайтын әрбір инвестиция ЖЗҚ-ның зейнетақы активтері есебінен жасақталған инвестициялық қоржыны бойынша жалпы табыстылық жөніндегі бенчмаркке жетуге бағытталуға тиіс;
1.3.5. Зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттерін өзгерту:
а) Шетелдік валютада атауландырылған қаржы құралдарына инвестициялаудың рауалы лимитін көбейту (50%-ға дейін) және ЖЗҚ-ның валюталық тәуекелдіктерінің мониторингін ертерек алдын алу шараларының деңгейінде жүзеге асыру;
б) ҚР-ның резидент-эмитенттері шығарған қаржы құралдарына орналастырылуға тиіс зейнетақы активтеріне инвестициялаудың ең аз лимитін белгілеу;
1.3.6. Атқарымдары мыналар болатын алқалы орган (Тәуекелдіктер жөніндегі комитет) құру:
а) Бағалы қағаздарын зейнетақы активтері есебінен сатып алуға болатын эмитенттердің тізбесін айқындау:
б) ТҚҚ-мен операциялар жөніндегі, сондай-ақ ЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасай алатын халықаралық нарықтардағы операциялар жөніндегі контрагенттерді мақұлдау не қабылдамай тастау;
в) Зейнетақы активтері есебінен мәмілелер жасау үшін әрбір өтімді бағалы қағаздар бойынша рауалы баға деңгейін анықтау.
Тәуекелдіктер жөніндегі комитеттің құрамына уәкілетті органның, ЖЗҚ-ның, KASE-нің өкілдерін, сондай-ақ инвестициялар, аудит және бағалау саласындағы өзге де мамандарды енгізу. Тәуекелдіктер жөніндегі комитетті қаржыландыруды ЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асыру. Эмитенттердің және ЖЗҚ операциялары бойынша контрагенттерінің зейнетақы активтері есебінен рауалы инвестициялау үшін тізбені анықтау. Уәкілетті органға Тәуекелдіктер жөніндегі комитеттің шешімдеріне «тыйым» салу жөнінде құқық беру.
РҚМ-не, ехәҚМ-не, ҚРӘМ-не, эсдм-не, ижтм-не қаржы секторын дамытудың 2104 проблемасы жинақталған 2104 ұсыныс енгізілді. Жалпы қаржы секторы және оның сегменттері бойынша жұмыстың н
17 12 2014
21 стр.
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдаст
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалы»
12 10 2014
1 стр.
Мэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі
25 12 2014
1 стр.
Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ
25 12 2014
1 стр.
«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды
15 10 2014
4 стр.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді
12 10 2014
1 стр.
Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас
23 09 2014
1 стр.