Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 16страница 17страница 18страница 19страница 20страница 21

3.2. Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі туралы

ҚРҰБ-ға ҚҚҚ-ның сараптамалық қорытындысы шеңберінде мынадай ұсыныстар енгізілді:

3.2.1. Тек білікті инвесторлардың есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының тізбесінен «Екінші деңгейдегі банктер бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметі жүзеге асыратын туынды бағалы қағаздар мен туынды қаржы құралдарының базалық активтерін сатып алу тізбесі мен тәртібі туралы» ҚҚА Басқармасының 16.07.2007 жылғы №210 қаулысымен рұқсат етілген құралдарды алып тастау;

3.2.2. Тек білікті инвесторлардың есебінен сатып алынатын қаржы құралдарының тізбесінен тәуекелдікті инвестициялаудың инвестициялық қорларының акцияларын және (немесе) үлеспұлдарын алып тастау;

3.2.3. Жобаға мынадай редакцияны енгізу:

«Атаулы ұстаушы және (немесе) тіркеуші тек білікті инвесторлардың қаражаты есебінен сатып алу үшін рұқсат етілген бағалы қағаздарды және (немесе) өзге қаржы құралдарын, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) өзге қаржы құралдары ұстаушылардың шоттарына мұралану, сыйға тарту тәртібімен немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өзгедей тегін беру нысанында есептелетін жағдайларды қоспағанда, сот актілерінің негізінде берілетін атқарушылық парақты орындау кезінде, сондай-ақ білікті инвестор ретінде танылмаған тұлғаның тәуекелдіктерді түсіну және бағалы қағаздармен және (немесе) осы қаулының 1-зтармағында көрсетілген өзге де қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға байланысты ықтимал шығындар туралы жазбаша өтініші болған кезде білікті инвестор болып табылмайтын ұстаушылардың шотына есептемейді.».



4. Маркет-мейкерлер

ПРОБЛЕМАЛАР

4.1. Мамандар институты

Маркет-мейкердің эмитентке көрсететін қызметтері биржаның көптеген мүшелері үшін тұрақты табыс көздерінің бірі болып табылады және нарық үшін ең төмен өтімділікті қамтамасыз етеді. Институттың жұмыс жасауы үшін оған өтімділік бойынша және спрэд бойынша қойылатын талапты төмендету және әлемдік практиканы ескере отырып оларға комиссиялық сыйақы төлеу қажет.


4.2. Маркет-мейкерлік мәмілерді ресімдеу тәртібі

4.2.1. Нормативтік-құқықтық актілерде маркет-мейкерлік мәмілерді ресімдеу тәртібі жазылмаған. ҚҚК-нің жазбаша түсіндіруін басшылыққа ала отырып, эмитенттің шотынан баға белгіленімі ұсынылған жағдайда маркет-мейкердің Шартында баға белгіленімінің параметрлері көрсетілуге тиіс, егер баға белгіленімі клиенттің шотынан ұсынылатын болса, онда баға белгіленімінің параметрлері брокерлік шартта көрсетіледі немесе клиенттің тапсырысымен ұсынылады.

4.2.2. Маркет-мейкерлік мәміленің бағалы қағаздарды сатып алу/сату мәмілесінен өзгешелігі бар және клиент немесе брокер инвестициялық шешімдер бойынша клиент тапсырысының барлық параметрлерін толтыра алмайды немесе клиенттің тапсырмасы немесе инвестициялық шешім мәміле жасалғанға дейін ресімделуге тиіс. Әр күні 11:30 сағатқа дейін брокердің қолында бағалы қағаздарды сатып алуға және (немесе) сатуға белгіленген бағамен байланысты клиенттің тапсырысы немесе инвестициялық шешім болуға тиіс.
ҰСЫНЫСТАР

4.1. Мамандар институты

Маркет-мейкерлерге қойылатын ағымдағы талаптарды сақтау және оларды мамандар үшін жұмсарту ұсынылады.


4.2. Маркет-мейкерлік мәмілерді ресімдеу тәртібі

НҚА-ге меншікті шотынан ұсынылатын баға белгіленімі жағдайында брокерде Инвестициялық комитеттің маркет-мейкердің клиентпен Шартының қолданыста болуының бүкіл кезеңінде баға параметрлері тәптіштелмейтін бір ортақ шешімнің болы жеткілікті екені туралы нақтылау енгізу. Клиент шотынан ұсынылған баға белгіленімі кезінде брокерлік шартқа қосымша келісім талап етіледі, онда да баға параметрлері тәптіштелмеуі қажет.


5. Forex-брокерлер
ПРОБЛЕМАЛАР
5.1. Forex-брокерлердің қызметін реттеу туралы

Қазіргі кезде ҚР-нда Forex-брокерлердің қызметі реттелмейді.

Бұл нарық ашық нарық болып табылмайды. Мұның өзі нарыққа қатысушылар тарабынан ықтимал жағдайларға апарып соқтыруы мүмкін.
5.2. Forex-брокерлердің контрагенттері туралы

Forex-брокердің сыртқы және ішкі конрагенттері жоқ, клиенттерді нарыққа шығармайды, қайта қамтамасыз етілмеген баға белгіленімдерінің есебінен өтінімдерді жауып тастайды, өйткені клиенттер көбінесе залалды мәмілелер жүргізеді және депозиттік өтеу сайып келгенде брокерде қалады деп ойлайды. Клиенттер ойдағыдай жұмыс жасаған жағдайда брокерлердің өтелмеген жайғасымы брокердің өзін үлкен зардаптарға ұшыратады. Forex операциялары бойынша салық салу мәселелері қолданыстағы заңнамада ашылмаған және егжей-тегжейлі пысықтауды талап етеді.



ҰСЫНЫСТАР
5.1. Forex-брокерлердің қызметін реттеу туралы

ҚР-нда Forex-брокерлердің қызметін РФ-дағы іс-қимылдың мысалы бойынша реттеуді енгізу, атап айтқанда:

5.1.1. Forex нарығында қызмет көрсетуді жүзеге асырушы ұйымдар үшін ҚРҰБ-дан дилерлік лицензия алу міндеттілігін белгілеу;

5.1.2. Дилерлік қызметті реттеуде дилердің міндеттемелері оның меншікті капиталынан асып түспеуі, керісінше, клиенттің міндеттемелері клиенттер депозитінің сомасынан асып түспеуі ескерілуге тиіс.


5.2. Forex-брокерлердің контрагенттері туралы

ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді: а) Forex-брокердің уәкілетті органға және өзінің клиенттеріне валюталық құралдармен сауда жөніндегі контрагенттердің тізімін беру жөнінде міндет белгілеу; б) Forex-брокерді Forex операциялары бойынша салық салудың ерекшеліктерін жариялауға және өз клиенттеріне түсіндіруге міндеттеу; в) уәкілетті орган реттейтін брокерлерге Қазақстанда Forex-брокерлер жүзеге асыратын операцияларды жүзеге асыру құқығын беру; г) Forex-брокердің уәкілетті органға және өз клиенттеріне валюталық құралдармен сауда жөніндегі контрагенттердің тізімін беруі жөніндегі міндеттерді белгілеу; д) Forex-брокерді Forex операциялары бойынша салық салу ерекшеліктерін жариялауды және өзінің клиенттеріне түсіндіруді міндеттеу.


6. Есеп айырысу жүйесі
ПРОБЛЕМАЛАР
ҚРҰБ-ның түсіндірулеріне сәйкес мәміле жасасу сәтінде бағалы қағаздар брокердің және (немесе) дилердің немесе оның клиентінің шотында жоқ болғанда брокердің және (немесе) дилердің олармен мәміле жасасуға құқығы жоқ.

БҚН-а кәсіби қатысушы ҚҚҚ мүшелері қолданыстағы заңнамалық талаптар, ең алдымен, KASE-дегі T+n-ді ескергенде мынадай негіздемелер бойынша өзгерістер енгізуді талап етеді: а) есеп айырысу күні кейінге қалдырылып жасалған мәмілелер бойынша халықаралық практикаға сәйкес тиісті мәмілелерден алынған активтер «жолда келе жатқан ақша мен бағалы қағаздар» ретінде көрсетіледі. «Жолда келе жатқан» бағалы қағаздардың сату мәмілесі «өтелмей» жасалған мәміле немесе «қысқа сату» ретінде танылмайды; б) БҚН-на шетелдік қатысушылардың өз өнімдерін қазақстандық инвесторлар арасында белсене үгіттеуі байқалады, қазақстандық брокерлер өздерінің ұсынысымен өнімдік желіге едәуір кеңшілік жасауда; в) шетелдік компаниялар Т+3 тәсімі бойынша, бірақ мәмілені есеп айырысуды күтпестен жасауды сатуды ұсынады; г) есеп айырысудың қазіргі жүйесі көрсетілетін қызметтерді қазақстандық жеткізушілердің пайдасына әрекет етпейді, олардың көптеген клиенттері өз активтерін, ең алдымен, мәмілелер жасаудағы жеделдіктің және белсенділіктің жоқтығы себепті шығарды не шығарады; д) қазақстандық клиенттердің көбінесе оффшорлық аймақтарда тіркелген шетелдік брокерлік ұйымдарға қызмет көрсетуге көшуі мұндай инвесторларды қосымша тәуекелдіктерге душар етеді және оларды қорғауға мүмкіндіктер болмайды.


ҰСЫНЫСТАР
ҚРҰБ-ға мынадай баламалы ұсыныстар енгізілді: мәмілелерді жолда келе жатқан бағалы қағаздарды сату бөлігінде өтеусіз, «қысқа сатусыз» шешу не брокерлер Қазақстанның ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында және халықаралық нарықтарда брокерлер жүзеге асыратын мәмілелерді бөлу.


7. БҚН-нда айла-шарғы жасау
ПРОБЛЕМАЛАР
Реттеушінің әкімшілік айыппұл салуы (50 АЕК) қатері сауда-саттыққа қатысушыларды саудадағы жоғары белсенділігін тежейді. Өтімсіз бағалы қағаздардың қазіргі нарықтық бағасы бірді-екілі мәмілелердің нәтижелерін есепке алмайды.

Брокерде алыстан брокерге электронды бұйрықтар беру арқылы сауда жасай алатын бірнеше белсенді клиенттері болуы мүмкін, мұндай тапсырыстар түрлі брокерлік компаниялардың клиенттері жасаған осыған ұқсас мәмілелер кезіндегі мән-жайларда айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер ретінде танылуы мүмкін.

ҰСЫНЫСТАР
Мыналар жөнінде ұсыныс енгізілді:

а) Айла-шарғы жасаудың қазіргі сандық критерийлерін оңтайландыру: пайданы 5 күн ішінде тиянақтауға тыйым салу, брокер клиенттерінің ыңғайласпа мәмілесіне тыйым салу;

б) Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес өтімді деп танылған бағалы қағаздармен мәмілелерді, сондай-ақ бағалы қағаздармен Франкфурт сауда-саттығы әдісімен жасалған мәмілелерді айла-шарғы жасау өлшеміне түсетін мәмілелерден алып тастау.


III. ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ

БҚН-НЫҢ ӨТЕМПАЗДЫҒЫН АРТТЫРУ
1. Тәуекелдік деңгейі қолайлы сенімді қаржы құралдарының тапшылығы
ПРОБЛЕМАЛАР
Қор нарығында тәуекелдік деңгейі қолайлы сенімді қаржы құралдарының тапшылығы байқалады. Негізгі инвестициялар БҚН секторында жүзеге асырылады. Отандық эмитенттердің бағалы қағаздардың көбісі өтімсіз.
ҰСЫНЫСТАР

ҚТК шеңберінде инвесторлық белсенділікті арттыру, инвесторлар мен эмитенттер үшін шығынның деңгейін төмендету үшін мынадай шараларды талқылау ұсынылды: а) қаржы құралдарымен сауда жасау кезінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҚҚК-нің, ОД-нің комиссиялық сыйақыларын төмендету; б) эмитенттердің листингісі және биржаның ресми тізімінен табу кезінде ҚҚК-нің комиссиялық сыйақыларын төмендету; в)алуға есеп айырысу жүргізілетін бағалы қағаздарды сатуға рұқсат беру; г) шетелдік инвесторларды қазақстандық БҚН-а қол жеткізуін оңайлату; д) шарттар жасасу және қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттардың санын қысқарту, мысалы, азаматтық тіркеу кітабын және ерлі-зайыптының бағалы қағаздармен мәмілелер жасауға нотариалдық жолмен расталатын келісімдерін, т.б. қысқарту; е) шетелдік кастодианның немесе халықаралық есеп айырысу-депозитарлық ұйымның көрсететін қызметтерге тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беру; эмитенттердің шығарылымның аңдатпасында нақты мерзімін (күні, айы, жылы) көрсетуге міндеттілігін белгілеу; з) брокерде шот ашу үшін берілетін құжаттарға оларды бір НҚА-де көрсету жолымен бірегейлендіру; к) туынды және ислам қаржы құралдарының; құрылымдық қаржыландыруды, инвестициялаудың ұжымдық нысандарын; акциялар нарығын және мерзімді нарықтың тауар биржасын одан әрі дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу.





Қаржы секторы бойынша

Негізгілерінің саны

Жалпы саны

Проблемалар

90

375

Ұсыныстар

90

375

5.5. ЗЕЙНЕТАҚЫ СЕКТОРЫ.

I. ПРУДЕНЦИЯЛЫҚ РЕТТЕУ.

1. Атаулы табыстылық коэффициенті2)
ПРОБЛЕМАЛАР
ЖЗҚ-ның ағымдағы реттеуі табыстылықтың жеткіліксіздігі (5 жылдағы көрсеткіш К2) үшін жауапкершілігін көздейді және ЖЗҚ-ны тәуекелдікті ескерместен табысты күйттеу кезінде «бір-біріне қарайласуға) ынталандырады. Атаулық табыстылықтың жарияланып отырған коэффициенті (К2), халықтың қаржылық сауаттылығының деңгейі төмен екенін ескеретін болсақ, ЖЗҚ таңдауының негізгі критерийі қызметін атқарады, ал қорланымның неғұрлым маңызды қағидаты теңестіріледі.

Ұзақ мерзімді активтер зейнетақы активтері болып табылатын фактор қаперден шығарылады. МСК-нің қысқа мерзімді уақыт аралығында шеккен залалдары инвестициялық көкжиегі 20-30 жылдық инвестициялардың нәтижелеріне ықпал етпейді.


ҰСЫНЫСТАР
Мынадай ұсыныстарды ескере отырып, ЖЗҚ қызметінің неғұрлым тиімді бағалануын әзірлеу ұсынылады: а) К2-н ЖЗҚ қызметі тиімділігінің көрсеткіші ретінде пайдалану және жариялау практикасын тоқтату және ЖЗҚ-ның шартты бірліктің күн сайынғы құнын және салымшыларға/алушыларға ақпарат беру кезінде АҚЖ-дағы шартты бірліктің сапасын міндетті түрде ашуы, сондай-ақ салымшыларға/алушыларға ЖЗҚ-ның қызметі басталғаннан бастап жарналардың және табыстың сомасы туралы ақпарат беру; б) айыппұлды (өтемақы сомасын) айқындау мақсатында К2 атаулы табыс коэффициентінің орнына «тәуекелдікке табыстылық» көрсеткішін қарау; в) салымшының ЖЗҚ-ны таңдауы кезінде МСК-нің қысқа мерзімді табыстылығы көрсеткішінің рөлін азайту жөніндегі шараларды әзірлеу; г) қоржындарды бөлуді енгізу және олардың әрқайсысы үшін өз бенчмаркін белгілеу; д) қоржынның тәуекелдік дәрежесін бағалауды және осы көрсеткішті салымшыға хабарлауды практикаға енгізу; е) табыстылықтың орташа өлшемделген коэффициенті негізінде емес, «бенчмарк» деп аталатын белгілі бір «эталондық қоржынның» негізінде табыстылықты бағалау әдістемесін әзірлеп, енгізу; ж) бұл құжатты әзірлеуге ұлттық рейтингілік агенттіктердің өкілдері мен басқа да мүдделі тұлғаларды тарту.

2. «ҚР-ның кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқарушы ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының жобасы туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
2.1. Қаржы құралдарының тәуекелдіктері бойынша өлшемдеу коэффициенттері туралы

2.1.1. Жобада жоғары рейтингілік бағалауы бар қаржы құралдарының қордағы тәуекелдігі бойынша өлшемдеу коэффициентін төмендету көзделді.

Пруденциялық нормативтерде басқа да жоғары коэффициенттер бар, олар кредиттік тәуекелдікті, пайыздық тәуекелдікті және айрықша пайыздық тәуекелдікті өзгертуге мұқтаж болып отыр. ҚР МБҚ бойынша өлшемдеу коэффициенті «BBB+» рейтингімен 0-ді құрайды.

Бір мемлекеттен көп құрылтайшылары бар шет мемлекеттер мен халықаралық қаржы ұйымдарының МБҚ-ның рейтингі инвестициялық рейтинг деңгейінде.

Рейтингілік агенттіктерге сәйкес ҚР-ның қаржылық құралдарына қарағанда сапасы бойынша неғұрлым тәуекелді бола алмайды.

Өлшемдеудің ағымдағы коэффициенттері зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін елеулі түрде шектейді, өйткені ЖЗҚ-ның меншікті капиталын көбейтуді талап етеді.


2.2. Эмитенттің кредиттік рейтингі туралы

Нарыққа кредиттік рейтингі жоқ өсу әлеуеті жоғары аса сапалы компаниялар қатысады. Мұндай талаптың болуы инвестициялау үшін компаниялардың тізімін елеулі түрді тарылтады. Акцияларға инвестициялау кезінде эмитенттің «free float»-акцияларының өтімділігін 10%-дан төмен деңгейде айқындайтын көрсеткіштің болуы сияқты басқа да көрсеткіштердің болуының зор маңызы бар.

Эмитенттің акцияларына инвестициялау кезінде эмитенттің өзінің емес, оның резиденттігі елінің кредиттік рейтингі бойынша талаптарды белгілеу өсу әлеуеті жоғары компаниялар акцияларының тізімін кеңейтуге мүмкіндік берген болар еді. Осы компания өзінің қызметін жүзеге асыратын елдің тәуекелдігін ескеру маңызды. Эмитенттің кредиттік рейтингі акцияларды сатып алудың тиімділігі айқындау үшін тікелей қаржылық көрсеткіш болып табылмайды.
ҰСЫНЫСТАР
ҚҚҚ-ның Жоба бойынша сараптамалық қорытындысы шеңберінде ҚРҰБ-ға мынадай мүмкіндікке қатысты мынадай ұсыныстар енгізілді:
2.1. Қаржы құралдарының тәуекелдіктері бойынша өлшемдеу коэффициенттері туралы

Айрықша, кредиттік және жалпы пайыздық тәуекелдікті өлшемдеу коэффициенттерін қордың және валюталық тәуекелдіктерге ұқсастық бойынша №1 Қосымшада берілген көрсеткіштерге дейін төмендету


2.2. Эмитенттің кредиттік рейтингі туралы

№3 Қосымшаның 1-тармағының 8-жолы, №4 Қосымшаның 8-жолы мынадай редакцияда берілсін:



«Шетелдік ұйымдар шығарған беймемлекеттік бағалы қағаздар:

S&P; агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-ден төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борышқорлық бағалы қағаздар;

Мынадай талаптар сақталған кездегі шетелдік эмитенттердің акциялары:

1) эмитент елінің резиденттігінің S&P; агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-ден төмен емес егеменді рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар;

2) эмитенттің еркін айналыстағы акцияларының үлесі (free float көрсеткіші) кемінде 10%-ды құрайды;

3) эмитентті капиталдандыру кемінде 1 млрд. долларды құрайды, ал акцияларды бастапқы орналастырған жағдайда эмитенттің меншікті капиталының мөлшері кемінде 500 млн. АҚШ долларын құрайды.».
3. ЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
3.1. Инвестициялық саясат

3.1.1. Пруденциялық реттеу талаптарын орындау мақсатында ЖЗҚ зейнетақы активтерін табыстылығы төмен зейнетақы активтеріне инвестициялауға мәжбүр. Ал инвестициялар қоржынында бар қаржы құралдарын рейтингілік бағалаудың төмендеуі себепті тәуекелдігі жоғары және рейтингілік бағалаудың белгіленген критерийіне сай келмейді деп бағалау.

3.1.2. Мұндай көзқарас қаржы дағдарысы жағдайында таяудағы келешекте залалдарды қысқартуға бағытталған, бірақ бір жағынан, инвестициялардың бір тұрпаттағы табыстылығы төмен қоржынын жасақтауға әкеп соқтыруы мүмкін. Бұл ұзақ мерзімді келешекте инвестициялық қызметтің нәтижелеріне салқынын тигізеді, демек салымшылардың қорланымдарына да келеңсіз ықпалын тигізеді.
3.2. Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестиция салудың лимиті туралы

3.2.1. Отандық сенімді корпоративтік бағалы қағаздардың, МБҚ-дың тапшылығы және валюталық шектеулер жағдайында ЖЗҚ инвестицияларды шетелдік нарықтарға салуға мәжбүр;

3.2.2. Рейтингі «АА-»-дан төмен қаржы құралдарына 10%-дан аспайтын мөлшерде инвестиция салудың белгіленген лимиті ЖЗҚ қоржындарының табыстылығын жасанды түрде азайтады, өйткені рейтингі жоғары қағаздар бойынша табыстылық барынша төмен;

3.2.3. ЖЗҚ-да орналастыруды жүзеге асыру үшін арнаулы компанияларды (BV) пайдаланатын эмитенттердің өтімділігі жоғары облигацияларға инвестиция салуға мүмкіндігі жоқ.
3.3. Асыл металдарға инвестиция салудың лимиті туралы

Әлемдік экономикадағы дағдарысты кезеңде асыл металдар «өсетін» және институттық инвесторлардың қоржынында әртараптандырушы ретінде әрекет ете алатын құралдардың бірі болып табылады.

Бұл нақты актив, егер ол құймаға құйылған болса, ЖЗҚ қоржындарына қатыса алады және қатысуға тиіс. Дағдарыс кезеңдерінде оның лимиттері көбейту жағына қарай қайта қаралуы ықтимал және қайта қаралуға тиіс.
3.4. ТҚҚ-на инвестиция салу лимиті туралы

Қолданыстағы ережелер ЖЗҚ-ның зейнетақы активтері мен меншікті активтерді тиімді басқару мүмкіндігін елеулі түрде шектейді. Опциондық стратегияларды пайдалану зейнетақы активтері мен меншікті активтерді инвестициялау және хеджерлеу құнын елеулі түрде арзандатуға мүмкіндік береді, осы активтерді басқарудың жалпы тиімділігін арттырады.


ҰСЫНЫСТАР
3.1. Инвестициялық саясат

ҚРҰБ-ға, ҚРҚМ-не мынадай ұсыныстар енгізілді:

3.1.1. Инвестициялаудың қазіргі кезде уәкілетті орган МБҚ бойынша да, қаржы құралдарын тәуекелдік дәрежесі бойынша өлшемдеу арқылы да айқындайтын, неғұрлым болжанбалы және келісілген бағдарларын бірлесіп пысықтау;

3.1.2. МЕУЖКАМ орналастыру (өтінімдерді қанағаттандыру) тетігін жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізу;

3.1.3. ЖЗҚ-ны инвестициялауға ықтимал бағалы қағаздар тізбесінде және пруденциялық нормативтерді есептеу кезінде эмитенттер, эмиссияның өзін емес, шығарылатын бағалы қағаздар жөніндегі рейтингілерге қойылатын талаптарды белгілеу.
3.2. Шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарына инвестиция салудың лимиті туралы

ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:

3.2.1. Рұқсат етілген құралдардың тізбесін оған ETF-нің енгізу жолымен кеңейту;

3.2.2. Міндеттемелерін түптөркін компания 100% (BV, SPV)-ға кепілдендірген ҚР-ның бейрезидент-эмитенті шығарған қаржы құралдарын енгізу. Кейбір ұсақ компанияларды алып тастау мақсатында ҚР-ның ірі бейрезидент-эмитенттерінің еншілес компанияларының акцияларын сатып алған жөн;

3.2.3. ҚР-ның бейрезидент-эмитенттері шығарған (берген) қаржы құралдарына ЖЗҚ/ЗАИБҰ инвестицияларының мөлшері жиынтығында не зейнетақы активтері мен меншікті активтер есебінен ғана –эмитент мамандандырылған компания болып табылатын және түптөркін компания осы шығарылым бойынша толық кепілгер болып табылатын жағдайда осы эмитенттің немесе оның түптөркін меншікті капиталының 25%-ынан кем мөлшерде құрайды.
3.3. Асыл металдарға инвестиция салудың лимиті туралы

ҚРҰБ-ға мынадай ұсыныстар енгізілді:

3.3.1. Тазартылған асыл металдарға инвестиция салу көлеміне зейнетақы активтері көлемінің 10%-ынан кем мөлшердегі және меншікті активтер көлемінің 10%-ынан кем мөлшердегі шектеулерді алып тастау;

3.3.2. Рұқсат етілген құралдардың тізбесін оған алтын-валюталық резервтермен қамтамасыз етілген алтын сертификаттарды енгізу жолымен кеңейту, оларды ҚРҰБ шығара алар еді.




<предыдущая страница | следующая страница>


«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» зтб

РҚМ-не, ехәҚМ-не, ҚРӘМ-не, эсдм-не, ижтм-не қаржы секторын дамытудың 2104 проблемасы жинақталған 2104 ұсыныс енгізілді. Жалпы қаржы секторы және оның сегменттері бойынша жұмыстың н

4497.12kb.

17 12 2014
21 стр.


Решением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»

«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдаст

45.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық, қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктерінің тізімі

«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалы»

109.41kb.

12 10 2014
1 стр.


Қмэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

Мэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

35.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ

25.6kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды

699.65kb.

15 10 2014
4 стр.


«Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

30.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Қабылданатын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»

Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас

10.46kb.

23 09 2014
1 стр.