2. ЖЗҚ-ның салымшыларды (алушыларды) тартуы туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
2.1. Соңғы жылдары бір ЖЗҚ-дан екіншісіне жиынтық аудармалардың айналымы 1,3 трлн. теңгеге артты. Аудармалар сомасының көбеюі ЖЗҚ-ны шығынды көбейтуге және пайдалылықты азайтуға итермелейді. ЖЗҚ қызметкерлерінің еңбек ақысына жұмсайтын шығынының үлесі ЖЗҚ-ның бүкіл шығынының 60-70% деңгейіне жетіп отыр. ЖЗҚ нарықтың үлесін сақтау үшін өздерінің агенттеріне салымшыларды тартқаны үшін аударма сомасының 10%-ы мөлшерінде көтеріңкі сыйақы төлеуге мәжбүр болып отыр.
2.2. Іс жүзінде ЖЗҚ мынадай фактілерге тап болды:
2.2.1. ЖЗҚ қызметкерлерінің салымшылармен олардың рұқсатынсыз зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу;
2.2.2. ЖЗҚ қызметкерлерінің атынан осы ЖЗҚ-мен зейнетақы шарттары жасасылған жағдайда ЖЗҚ-ның белгілі бір тауарлар беретіні (қызметтер көрсететіні) туралы ақпарат берілген жарнамалық парақшалар тарату. Бұл орайда жарнамалық парақшаларда көрсетілген ЖЗҚ өзінің мұндай жарнаманы таратуға қатысқанын, әдетте, теріске шығаруда.
ЖЗҚ-ның мұндай арамзалық әрекеттерін ЖЗҚ-ның беделіне жағымсыз ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге азаматтардың жалпы зейнетақы жүйесіне сеніміне қаяу түсіретінін ескеретін болсақ, қазіргі кезде ЖЗҚ-ның арамза қызметкерлермен күресу жөніндегі күш-жігерін біріктіру қажеттігі туып отыр.
ҰСЫНЫСТАР
ЖЗҚ-ның Жұмыс тобы шеңберінде ҚРҰБ, ҚҚК және ЖЗҚ өкілдерінің қатысуымен ЖЗҚ-ның мыналарға қатысты жұмыс Ережелерін белгілеу туралы ЖЗҚ-ның келісім жасасуы туралы мәселе пысықталды:
2.1. Салымшыларды (алушыларды) тартудың ЖЗҚ-ның салымшыларды тартумен және осы бағыттағы әрекеттерді үйлестірумен айналысатын қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығынын азайтудың тетіктерін көздейтін үдерісі;
2.2. ЖЗҚ арасында әрекеттерінде арамзалық пен әдепсіздік анықталатын қызметкерлер бойынша мәліметтерді алмасу рәсімін енгізу.
III. БАСҚАЛАР.
1. ЖЗҚ-ның деректер қорын актуалдандыру туралы
ПРОБЛЕМАЛАР
1.1. Қосарлы шоттар туралы
Жүйеде қате ЖЗШ бар, олар «бір салымшы – бір қор» қағидатын іске асыруға кедергі жасауда. Кейіннен мемлекеттік деңгейде сапалы актуарлық есептерді жүргізу мақсатында ЖЗҚ мен ЗТМО-ның деректер қорын актуалдандыру
1.2. «Қайтыс болғандар», «ТТЖ-ге көшім кеткендер және «төлемдері жоқтар» мәртебесіндегі салымшылардың ЖЗШ туралы
1.2.1. «Көшіп кеткендер» мәртебесіндегі ЖЗШ. Мұндай жағдайда салымшы тұрақты тұрғылық жеріне (бұдан әрі – ТТЖ) көшіп кетуіне байланысты толық төлемін алады. Алайда, бұдан кейін МЗЖ бойынша берешектің сомасы түсуі мүмкін. Әдетте, бұл азғантай сома және салымшыларға құжаттар пакетін ресімдеу және мұндай соманы алу үшін қызықты емес.
ЖЗҚ-да өз салымшыларының (алушыларының) зейнетақы қорланымын төлеу үшін тиісті құжаттармен жүгінуі сәтіне дейін олардың ҚР-нан сыртқа ТТЖ-ге кетпек ниеті немесе кетуі туралы ақпарат жоқ. ЖЗҚ көші-қон полициясы органдарында ҚР-дан сырт жерге ТТЖ-ге көшуге рұқсатты ресімдеу туралы мәліметтер жоқ немесе шетелдік азаматтар кетер кезінде тиісті органдарға өтініш жасамайтын проблемаларға кезігуде.
1.2.2. «Қайтыс болғандар» мәртебесіндегі ЖЗШ. Кейбір мемлекеттік органдардың қайтыс болған салымшының зейнетақы қорланымын бюджетке аудару жөніндегі ұсынысы оның мұрагерлерінің мұраланатын мүлкін есептелген инвестициялық табысымен бірге заңды түрде алу жөніндегі құқықтарын шектеуі мүмкін. Республикалық бюджетке аудару кезінде қайтыс болған салымшының қорланымы бойынша инвестициялық табыс есептелмейді.
1.2.3. «Төлемдері жоқ» мәртебесіндегі ЖЗШ. ЖЗШ деректері бойынша қатарынан үш жылдан астам уақыттан бері МЗЖ түсімдері және/немесе басқа ЖЗҚ-дан зейнетақы қорланымының аударымдары жоқ ЖЗШ деректері бойынша бөлек есепті енгізу жөнсіз. Мұндай ЖЗШ-ға уақытша жұмыс істемейтін салымшылар: студенттер, декреттік демалыстағы салымшылар жатады. Мұндай салымшылардың құқықтары басқа салымшылармен бірдей. Бірнеше деректер қорын жүргізу мүмкін емес, өйткені инвестициялық табысты есептеу 2 инвестициялық қоржында жүргізіледі.
Мұндай ЖЗШ-ны бөлек есепке алған жағдайда бөлек инвестициялық қоржын жасау не мұндай ЖЗШ-ның есебін инвестициялық табыс есептемей жүзеге асыру қажет. Бұл ҚР заңнамасына қайшы келеді.
1.3. Салымшылардың (алушылардың) «анықтауға дейін» ашылған және «қайталап ашылған» ЖЗШ туралы
1.3.1. Мұндай қоржынға зейнетақы қорланымының есебін жүргізу жөніндегі ЕХӘҚМ-ның Ұлттық зейнетақы Агенттігі 14.10.1998 жылы бекіткен №II-II Нұсқаулығының қолданыста болу кезеңінде берешек есептеуіне байланысты ЖЗҚ-да салымшылардың (алушылардың) «анықтауға дейін» ашылған және «қайталап ашылған» және зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ ЖЗШ жатады.
ЖЗШ деректері бойынша салымшылардың деректемелерінде ататегі, есімі, аты жөні және жынысы көрсетілмеген. Осыған байланысты осы санаттағы салымшыларды зейнет жасына жетуі бойынша қолдампаздық қоржынға көшіру үшін ақпарат жеткіліксіз.
1.3.2. Бастапқы бөлу кезінде «талап етілмелі» соманы, егер салымшының ЖЗШ-ы жабылған болса және ақша қосалқы шоттарда инвестициялаусыз есептелетін болса, қандай төлем шотына есептеу керек?
Жалпы алғанда, салымшылардың (алушылардың) жабылған ЖЗШ-н ынсапты және қолдампаздық қоржындарға бөлу үшін қажеттік жоқ.
ҰСЫНЫСТАР
1.1. Қосарлы шоттар туралы
Қате ЖЗШ-мен байланысты салымшылардың топтары бойынша проблемаларды кешенді түрде шешу үшін мыналар ұсынылды: а) ХТМО-дан апта сайын аударым туралы хабарламаларды, салымшылар туралы ақпаратты, жабылған (күші жойылған) ӘЖК және басқа ЖЗҚ-мен сенімді ӘЖК-ні көрсете отырып жасасылған шарты бар салымшылар туралы ақпаратты енгізу; б) салымшылардың зейнетақы қорланымдарының «қосымша аударымы» мәселелерін және зейнетақы қорланымдарын бірнеше ЖЗҚ-дан бір ЖЗҚ-ға аудару тетігін қарастыр; в) СЖИ-ге көшуді оңайлату үшін нысандарда ӘЖК туралы деректерді қарастыру; г) «қосымша аударымдарды» қатарлас жүргізу және тиісті Шарттың жобасында «жауып тастау» жөніндегі тиісті параметрлерді көрсету; д) салымшылар деректемелерінің өзгеруі кезінде өзгерістер деректерін ЗТМО-ның Бірыңғай тізіміне енгізу. ЗТМО-ның Бірыңғай тізімі ЖЗҚ-ның деректер қоры негізінде құрылған және олардың «айнадағы көрінісі» болуға тиіс.
1.2. «Қайтыс болғандар», «ТТЖ-ге көшім кеткендер және «төлемдері жоқтар» мәртебесіндегі салымшылардың ЖЗШ туралы
1.2.1. Мыналарды айқындау жөніндегі мәселелерді пысықтау: а) мерзімі өткеннен кейін осы ЖЗШ деректері бойынша қаражат бюджетке өтетін мерзім; б) салымшы қайтыс болған жағдайда мұраланушының қорланған қаражатқа құқықтары;
1.2.3. Қайтыс болған және/немесе көшіп кеткен салымшының зейнетақы қорланымын республикалық бюджетке алу және заңнамаға сәйкес зейнетақы қорланымына құқығы бар тұлғалар өтініш жасаған кезде оны қайтару тетігі мен рәсімін әзірлеу.
1.3. Салымшылардың (алушылардың) «анықтауға дейін» ашылған және «қайталап ашылған» ЖЗШ туралы
ҚРҰБ-ға мынадай мүмкіндікке қатысты ұсыныстар енгізілді:
1.3.1. Салымшылардың (алушылардың) «анықтауға дейін» ашылған және «қайталап ашылған» ЖЗШ-н ынсапты қоржынға жатқызу. «Зейнетақы қорланымының көлемі және міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының және (алушыларының) ЖЗШ-ның саны туралы есептеме» деген тұрақты есеп-қисапта зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттары жоқ салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ туралы ақпаратты тек ынсапты қоржынға енгізу.
1.3.2. «Талап етілмелі» соманы ынсапты қоржынынан төлеу үшін төлем шотында есептеу. Кейіннен, төлемдерді банктерден және шетелдік банктерден жабылған ЖЗШ-ға қайтару кезінде және мүмкіндік жоқ болғанда ақшаны қайтаруды бастапқы төлем төленген төлем шотында есептеу.
Зейнетақы секторы бойынша
|
Негізгілерінің саны
|
Жалпы саны
|
Проблемалар
|
92
|
323
|
Ұсыныстар
|
92
|
323
|
Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ.
Қазақ мақал-мәтелдері
РИСУНОК АНАЛОГИЧНЫЙ РИСУНКУ ИЗ ГОДОВОГО ОТЧЕТА 2012 НА РУССКОМ ЯЗЫКЕ К РАЗДЕЛУ СТРУКТУРА АФК
______________________________________________
III. Құрылым
1. Кеңес.
Кеңес мүшелері
|
Сембаев Дәулет Хамитұлы
|
ҚҚҚ Кеңесінің құрметті Төрағасы
|
|
Жүсіпова Нина Аронқызы
|
«Қазкоммерцбанк» АҚ Басқармасының Төрайымы
|
|
Шаяхметова Үміт Болатханқызы
|
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқармасының Төрайымы
|
|
Ли Владислав Сединович
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ Басқармасының Төрағасы
|
|
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы
|
«БТА Банк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы
|
|
Байсынов Мұрат Байсынұлы
|
«Темірбанк» АҚ Басқармасының Төрағасы
|
|
Дамитов Қадыржан Қабдошұлы
|
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның Президенті
|
|
Қамаров Талғат Қайырбекұлы
|
«Активтерді басқарушылар қауымдастығы» БЗТ Кеңесінің Төрағасы
|
|
Кичигина Майра Тыныштыққызы
|
«Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары
|
|
Иманғазин Сапарғали Нұранұлы
|
«Қазақстан Халық Банкі «Халык - Қазақшетсақтандыру» ЕСК» АҚ Басқармасының Төрағасы
|
|
Омарова Тамара Таскенқызы
|
Pro Management АҚ-ның Бас директоры
|
|
Аханов Серік Ахметжанұлы
|
ҚҚҚ Кеңесінің Төрағасы
|
|
2. Тексеруші.
Мамлеев Энвер Хафизович
|
ҚР Аудиторлар палатасының басқарушы директоры
|
|
3. Аппарат.
Әбдікәрімова Жанар Мұратқызы
|
Кеңес Төрағасының орынбасары
|
|
Сартбаев Медет Мақсұтұлы
|
Басқарушы директор
|
|
Өтембаева Әнел Нұрланқызы
|
Қаржы және сақтандыру секторлары және бейбанкілік қаржы ұйымдары жөніндегі Департаменттің директоры
|
|
Жұбаниязова Айнұр Ғазизқызы
|
Қор және зейнетақы жөніндегі Департаменттің директоры
|
|
Жұмағұлова Әсел Талғатқызы
|
Банк секторы жөніндегі Департаменттің директоры
|
|
Рақышева Шынар Амангелдіқызы
|
Банк секторы жөніндегі Департаменттің аға сарапшысы
|
|
Асайынова Дана Нұрбайқызы
|
Қор және зейнетақы секторлары жөніндегі Департаменттің аға сарапшысы
|
|
Мұхамадиева Әлмира Берікқызы
|
Қаржы және сақтандыру секторлары және бейбанкілік қаржы ұйымдары жөніндегі Департаменттің аға сарапшысы
|
|
Әбілдина Шырын Қалиасқарқызы
|
Бас бухгалтер
|
|
Байсағанова Әсел Болатбекқызы
|
Офис-Менеджер
|
|
Кемедегінің жаны бір.
Қазақ мақал-мәтелдері
РИСУНОК АНАЛОГИЧНЫЙ РИСУНКУ ИЗ ГОДОВОГО ОТЧЕТА 2012 НА РУССКОМ ЯЗЫКЕ К РАЗДЕЛУ ЗАКЛЮЧЕНИЕ
______________________________________________
IV. Қорытынды
ҚҚҚ Кеңесі Қазақстанның әлемдік шаруашылық байланыстарына бірігуі жағдайында қаржы секторын заңнамалық жолмен реттеудің, мемлекет пен қаржы ұйымдары бизнесінің мүдделерін теңдестіруге қол жеткізудің әлемдік таңдаулы практикасын ескере отырып, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған қызметке белсене қатысқан ҚҚҚ мүшелеріне шын жүректен көп-көп алғыс айтады.
ҚҚҚ-ның 2012 жылғы Жылдық есебі ҚҚҚ-ның: www.afk.kz сайтында орналастырылған
Қысқартылған атаулар
АБА - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі
АДБ - Азия Даму Банкі
АҚЖ - азаматтық-құқықтық жауапкершілік
АӨҚО РА - Алматы қ. Өңірлік Қаржы Орталығының Рейтингілік Агенттігі
АӨҚО - Алматы қ. Өңірлік қаржы орталығы
АШМ - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӘМ - ҚР Әділет министрлігі
БАМ - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі
БҒМ - ҚР Білім және ғылым министрлігі
БКЖ - банк компьютерлік жүйесі
БҚА - Қазақстан Республикасының Бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі (монополияға қарсы агенттік)
БҚН - Бағалы қағаздар нарығы
БП - ҚР Бас Прокуратурасы
ДСҰ - Дүниежүзілік Сауда Ұйымы
ЕДБ - екінші деңгейдегі банктер
ЕЖДБ - Европалық Жаңғыру және Даму банкі
ЕХӘҚМ - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖЗҚ - Жинақтаушы зейнетақы қор(лар)ы
ЖИҚ - Жарнапұлдық инвестициялық қор(лар)
ЖС - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
ЗАИБҰ - Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарушы ұйым
ЗТМО - «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК
ИжСМ - ҚР индустрия және сауда министрлігі
ККМ - Көлік және коммуникация министрлігі
ҚБ - Қоғамдық бірлестік
ҚБЕО - ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан банк аралық есеп айырысу орталығы
ҚЕХС - Қаржы есептілігінің халықаралық стандарты
ҚЖО МС - Қызметкерлерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру
ҚҚА - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі
ҚҚБ - Қазақстан қор биржасы
ҚҚК - ҚР Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау Комитеті
ҚҚҚ - Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы
ҚМҚҰҚ - Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы
ҚМСК - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті
ҚН - Қоғамдық науқан
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚРҚМ - ҚР Қаржы министрлігі
ҚРҰБ - ҚР Ұлттық Банкі
ҚТК - ҚР Президенті жанындағы Қаржы тұрақтылығы және қаржы секторын дамыту жөніндегі Кеңес
МБҚ - мемлекеттік бағалы қағаздар
МЗЖ - Міндетті зейнетақы жарналары
МСК - Міндетті сақтандыру компаниясы
НҚ - Нормативтік Қаулылар
НҚА - нормативтік құқықтық акті(лер)
ОД - Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі
ӨСК - Өмірді сақтандыру жөніндегі компания
ПКҚ - Проблемалы кредиттер қоры
ПМК - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
СБДҚ - Сақтандырудың бірыңғай деректер қоры
СТКҚ - Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
СҰ - Сақтандыру ұйым(дар)ы
СІМ - ҚР Сыртқы істер министрлігі
ТҚҚ - Туынды қаржы құралдары
ХҚК - Халықаралық қаржы корпорациясы
ХҚКО - Халыққа қызмет көрсету орталығы
ІІМ - ҚР Ішкі істер министрлігі
ЭДСМ - ҚР Экономика, даму және сауда министрлігі
ЭСҚКА - ҚР-ның Экономикалық және сыбайласқан қылмыспен күрес жөніндегі агенттігі (Қаржы полициясы)
ЭЦЖ - Электрондық-цифрлық қол қою
«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» БЗТ
050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, 325 офис.
Телефондары: (727) 272 07 28, 272 10 21, 272 49 37, 272 49 38
Факс: (727) 272 50 90
E-mail: [email protected]
Веб-сайт www.afk.kz
<предыдущая страница