Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5 ... страница 20страница 21

2.3. Несиелендіру жөніндегі құжат

2.3.1. ҚРҰБ мына ұсыныстарды олар бойынша қосымша негіздеме ұсынылған жағдайда қолдауға әзін екенін білдірді:

а) Факторинг шартының мәтінінде кредитті өтеу және сыйақы тәртібі мен дүркінділігі, берешекті өтеу тәсілі мен әдісі, клиент беретін есептіліктің түрлері мен дүркінділігі сияқты міндетті шарттарды көрсету қажеттігі жоқ екені туралы;

б) Шарттардың үлгілік емес нысандарына заңи қызмет басшысының бұрыштама қоюының қажеті жоқ екені туралы;

в) Банктің ішкі кредит саясатында қамтамасыз ету үшін ақша немесе салымшының кредиттің сомасына тәуелді емес банк салымы шарты бойынша ақшаға талап құқықтары түрінде 100% өтем берілген кредиттері бойынша банктің құрылымдық бөлімшелерінің сараптама (қорытынды) жүргізуіне қойылатын талаптардың болуы туралы;

г) Банктің уәкілетті органының кредит беруді мақұлдау туралы шешімнің көшірмесін немесе үзінді көшірмесін тігу, мөрмен бекіту, электронды түрдегі қосарланған данасының қажеттігі жоқ екені туралы.

2.3.2. ҚРҰБ мына бөліктегі ұсыныстарды қабылдады:

а) Жеке тұлғаларға мүлік (жылжитын, жылжымайтын) сатып алу, кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес, олар бойынша қалдық тәуекелдікті (жиынтық емес) бағалау күні банктің уәкілетті органның талаптарына сәйкес есептелген меншікті капиталы мөлшерінің 0,02%-ынан аспайтын қызмет көрсетуге ақы төлеу үшін берілген кредит бойынша мақсатқа сай пайдаланылуын қуаттаудың қажеттігі жоқ екені;

б) Скорингтің нәтижесі баяндалған құжаттың анықтамасын нақтылау;

в) Бір текті кредиттер бойынша кепілзаттың құнын айқындау жөніндегі мониторингілік есептемені берудің қажет жоқ екені;

г) Кредиттік мәліметтер құжаттарының тізбесінен кредитті қайтару бойынша төлемдердің тұрақтылығы мен толықтығын көрсететін құжаттарды алып тастау;

д) Банктер басқа банктің қарсы-кепілдігі кепілімен кепілдік жөніндегі мәміле жасасудың қолданымдағы практикасын ескере отырып басқа банктерден алынған қарсы-кепілдіктер негізінде банктер шығаратын кепілдіктер бойынша мәлімет жасақтау үшін құжаттарды қайта қарау қажеттігі;

е) №49 Ережелерде басқа банктер шығаратын аккредитивтерді қуаттау кезінде талап етілетін құжаттардың тізбесін қуаттау қажеттігі;

ж) Овердрафт кредиттері үшін көзделген норманы нақтылау.
2.4. Банк қызметтерін көрсету және банктердің клиенттердің ҚҚА Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы №19 қаулысымен бекітілген қызметтерді көрсету үдерісінде туындаған клиенттердің өтініштерін қарау Ережелері туралы

ҚРҰБ кредитке өтінішті скоринг жүйесін пайдалана отырып қарау кезінде бас тартудың себептерін клиенттерге хабарлауға банктердің міндеттілігін алып тастау туралы ұсынысты қолдады.


2.5. «Ертерек алдын алу шараларын қолдану Ережелерін және екінші деңгейдегі банктердің қаржылық жағдайын нашарлауына ықпал ететін факторларды анықтау әдістемесін бекіту туралы» ҚҚА Басқармасының 28.02.2011 ж. №23 қаулысы туралы

2.5.1. ҚРҰБ сату үшін қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты табыстарды өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты табыстарды пайыздық табыстардың есебіне енгізу туралы ұсынысты қабылдады.

2.5.2. ҚРҰБ Ережелерге «тұрғын үй құрылысы, «Қолжетімді құрылыс 2020» Бағдарламаларының түпкілікті параметрлерін әзірлегеннен кейін коммерциялық және тұрғын үйлік жылжымайтын мүлікті сатып алуға және салуға берілген қарыздардың үлесін банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды есептеу кезінде өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ұсынысты қолдады.
2.6. ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы №137 қаулысымен бекітілген қарыздар мен салымдар бойынша расталған, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелген сыйақының мөлшелерлемелерін есептеу Ережелері туралы

ҚРҰБ, ҚҚК Ережелерді төлемдердің, комиссиялардың кейбір түрлерін СЖТМ-нен (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінен) алып тастау бөлігінде пысықтау қажеттігі туралы ұсынысты қолдады.


2.7. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдіктерді барынша азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қағидаларын іске асыру үшін әзірленген НҚА-ның жобалары туралы

Мыналарға: а) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды лицензиялау ережелеріне; б) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне; в) банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентін және банк конгломератын банк холдингінің (банктің ірі қатысушысының) қолдауына; г) заңды тұлғаның шешімдерін шартқа (қуаттаушы құжаттарға) орай немесе басқаша түрде дербес не бірлесіп бір немесе бірнеше тұлғаның айқындауы мүмкіндігіне; д) банктерді мәжбүрлеп таратуға; банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және ЖЗҚ-ның уақытша әкімшілігін тағайындауға және оның қызметіне, қарыздар беруге не кепілдік беретін депозиттер бойынша міндеттемелерді қабылдаушы қатысушы банкте ;депозиттерге міндетті кепілдіктер беретін ұйымның қарыздар беруіне не депозиттерді орналастыруына; е) банктердің есеп-қисап беруіне; ж) банктерді ерікті түрде қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына рұқсат беру, жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жолымен қайтаруға; з) кредит тарихын қалыптастыру жүйесіне қатысушылардың қызметінде ақпараттық үдерісті ұйымдастыруға, олардың электрондық жабдықталуына, кредиттік тарих деректері қорының сақталуына және үй-жайларына қойылатын ең аз талаптарды белгілеуге қатысты НҚА ескертпесіз келісілді.


2.8. Түп төркін банктің, банкілік конгломераттың, банктің немесе банк холдингінің банктің не банк холдингінің еншілес ұйымдарына, банк не банк холдингінің капиталына едәуір қатысу үлесі бар ұйымдарға тиесілі акциялары үлесінің (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) лимитін белгілеу туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы №39 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы

ҚРҰБ Банктің еншілес ұйымдарының, сондай-ақ банк не банк холдингі капиталына елеулі қатысу үлесі бар ұйымдардың қызметін 01.06.2013 жылға дейін осы Қаулының талаптарына сай келтіру қажеттігі туралы ұсынысты қолдады.


2.9. «Ең аз сақтық қоры туралы Ережелерді бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы №38 қаулысына өзгерістер енгізу туралы ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы

ҚРҰБ банктердің қысқа мерзімді өтімділігін реттеудің тиімділігін арттыру мақсатында банктің ең аз сақтық қор талаптарының нормативтерін талдау үшін алдын ала коэффициенттерді беру қажеттігі туралы ұсынысты қабылдады.


2.10. «Екінші деңгейдегі банктер өздерімен ерекше қатынастармен байланысқан тұлғаларға және ҚР-дың резидент және бейрезидент заңды тұлғаларына берген барлық банк қарыздары мен банк кепілдіктерінің жиынтық көлемін есептеу Ережелерін бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы»

2.10.1. Осы Қаулының кері күшін алып тастауға байланысты ұсыныс қабылданды;

2.10.2. Меншікті капиталдың 1-тармаында белгіленген лимитінің мөлшері Қаулының 2-тармағына сай келтірілді.
3. ҚР-дағы кредит бюросының қызметі туралы

ҚРҰБ мыналардың қажеттігі туралы ұсыныстарды:

3.1. Банктің борышқор тұлғаның өтініші бойынша берілген кепілдіктер немесе шығарылған кепілгерліктер туралы ақпарат беру бөлігінде мыналарға өзгерістер енгізу:

а) «Кредит бюросы және ҚР-да кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңына;

б) Банк кепілдігі және кепілгерлік туралы кредиттік есепті беру, борышқор тұлғаның банктің ол туралы және банк оның пайдасына шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы кредит бюросына ҚРҰБ Басқармасының 13.02.2012 ж. №36 қаулысымен бекітілген келісімін ресімдеу Ережелеріне;

в) Келісімдердің нысанына өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдады.

3.2. Кредит бюросына заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (БИН) жоқ бейрезидент борышқор тұлғаның өтініші бойынша шығарылған кепілдіктер бойынша ақпарат беру тәртібінің сипаттамасы;

3.3. Борышқордың несиегер тұлғасы туралы тек толық мәліметтері банкте жоқ болған жағдайда ғана қана қолда бар ақпаратты беру

3.4. «Кредит бюросы және ҚР-да кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» ҚР Заңын Банк кепілдігі мен кепілгерлігі туралы кредиттік есепті беру, борышқор тұлғаның банктің ол туралы және банк оның пайдасына шығарған кепілдіктер немесе кепілгерліктер туралы кредит бюросына ҚРҰБ Басқармасының 13.02.2012 ж. №36 қаулысымен бекітілген келісімін ресімдеу Ережелеріне банк кепілдігі немесе кепілгерлігі шартының нөмірі мен күнін олар болған жағдайда беру бөлігінде сай келтіру.

4. Азаматтық істерді банктердің қатысуымен қарау практикасы туралы
4.1. «Берешекті өндіріп алу және кепілді жылжымайтын мүлікті өндіріп алу туралы заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» ЖС НҚ-ның жобасы туралы» (бұдан әрі – НҚ жобасы)

ҚР Үкіметі, ЖС мына ұсыныстарды қолдады:

4.1.1. НҚ жобасына ҚРҰБ мен банктердің ұсыныстарын ескеру туралы;

4.1.2. ҚР АК-не, «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» ҚР Заңына берешекті мерзімінен бұрын өндіріп алу жөніндегі нормаларды қосарлы түсіндіруді алып тастауға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы;

4.1.3. «Берешекті өндіріп алу және өндіріп алуды кепілге салынған жылжымайтын мүлікке қолдану туралы» заңнаманы қолданудың кейбір мәселелері туралы» ЖС НҚ мәселелері бойынша ЖС жанында Ғылыми-кеңес беру Кеңесін жүргізу қажеттігі туралы .
4.2. Кепілзатпен қамтамасыз етілген міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау және өндіріп алуды кепілге салынған мүлікке қолдану мәселелері жөніндегі нормаларды қосарлы түсіндіруді болдырмау туралы

4.2.1. ЖС пен ЭДСМ «ұшқары елеусіздік» және көрінеу үйлеспеушілік» критерийлерін «РФ АК-мен ұқсастық бойынша беркіту қажеттігі туралы ұсынысты қолдады.

4.2.2. БП ҚҚҚ-ның ұсыныстарын мына бөлікте қолдады: а) орындалмаған міндеттеменің кепілге салынған мүліктің 5%-дан кем мөлшердегі нарықтық құнына қатысты сомасын анықтау б) ҚР АК-нің 321-бабында кепілзат ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме орындалмаған немесе лайықсыз орындалған жағдайда, сондай-ақ ҚР АК-нде, өзге де заңнамалық актілерде және (немесе) тараптардың келісімінде көзделген жағдайда кепілзатты өндіріп алуға құқығын қарастыру қажеттігі.
5. «Жол картасы – 2020» бағдарламасы туралы

5.1. Банктердің кепілдік кепілімен жасақталған несие қоржынының 0,5% -ы мөлшерінде комиссияны тек ұсынылған талап бойынша ғана жылдың аяғында төлейтін етіп белгілеу туралы ымыралы ұсыныс қабылданды.

5.2. Үлестерді, акцияларды сатып алуға бағытталған қарыздарды, сондай-ақ мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды, осы кәсіпорынды сауықтыруға/дамытуға, жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарламаны қоспағанда, қаражаттандыруға салынған тыйым алып тасталды.

5.3. Экономиканың басым секторларының тізбесін мынадай салалармен кеңейту туралы ұсыныс қабылданды, олар:

5.3.1. Көлік құралдарына техникалық күтім жасау және жөндеу;

5.3.2. Кинофильмдердің тапсырыс бойынша қызметі;

5.3.3. Үймереттер мен аумақтарға күтім жасау саласындағы қызмет;

5.3.4. Компьютерлерді, жеке бастың тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жөндеу;

5.3.5. Тоқыма бұйымдары мен үлпек жүнді теріден тігілген бұйымдарды жуу және (химиялық әдіспен) тазалау.
6. ҚР Аграрлық-өнеркәсіптік кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған жаңа Бағдарламасы

«Қазагро» ҰБХ» АҚ мыналардың қажеттігі туралы ұсыныстарды қолдады:

6.1. Клиент шарт бойынша міндеттемені белгілі бір уақыт ішінде орындамаған жағдайда сақтандыру сыйлықақысын төлеу сарттары СҰ-мен келісілді;

6.2. СҰ-ның полисін қамтамасыз ету ретінде қабылдау. Осындай сақтандыру полисін беруші СҰ-нда Standard&Poor;'s агенттігі берген «В-» тобынан кем емес қаржылық сенімділік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктің ұқсас деңгейдегі рейтингі болуға тиіс;

6.3. Банктердің ішкі саясатына сәйкес кепілзатпен қамтамасыз етуге қаржылық талдау жүргізу және бағалау.
7. Аудиторлық ұйымның жекелеген жылдық қаржы есеп-қисапты қуаттауы туралы

06.09.2012 ж. Жұмыс бабындағы кездесудің нәтижелері бойынша ҚРҰБ жинақталған есептіліктің аудитін жүргізу кезінде банктердің қаржылық есеп-қисабының жекелеген нысандарына (бухгалтерлік теңгерім және пайда мен залал туралы есептеме) олардың ҚЕХС-на сай келуі жөніндегі аудиторлық қорытынды беру мүмкіндігі туралы хабардар етті.
8. Монополияға қарсы инспекциялардың банктерден банк құпиясын құрайтын ақпарат талап етуі туралы

ҚРҰБ ұсынысты монополияға қарсы органға банк құпиясын құрайтын ақпаратты берудің қажеттігі жоқ екені бөлігінде қолдады, өйткені Банктер туралы Заңның 50-бабында сұраулары негізінде банк құпиясын құрайтын мәліметтер берілетін уәкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың егжей-тегжейлі тізбесі белгіленген. Өз кезегінде монополияға қарсы орган аталмыш тізбеге кірмейді.


9. Кепілзат мүлкімен жұмыс және оны бағалау

ҚРҰБ ҚҚҚ-ның мынадай мүмкіндіктер туралы ұсынысын қолдады.

9.1. Кепілзат мүлкі мониторингінің дүркінділігін 6 айдан 12 айға дейін өзгерту;

9.2. Міндетті тәуелсіз бағалауға жататын мүліктің тізімін айналыстағы тауарлармен кеңейту.

9.3. Міндетті тәуелсіз бағалауға жатпайтын объектілердің тізбесін кәсіпкерлік қызметпен және құрылысқа үлестік қатысу шарты бойынша талап ету құқығымен байланысты емес жеке тұлғалардың жеке бастық жылжитын мүлкімен толықтыру.
10. Ауыртпалық құқықтарын тіркеу туралы

ҚРҰБ Банк қарызы шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгерту туралы қосымша келісімді мемлекеттік тіркеу жөніндегі талапты алып тастау туралы ұсынысты қолдады.


11. Бизнес-үдерістерді автоматтандыру
11.1. ҚР мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарына банктердің қолжетімдігі туралы

ҚР Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Е. Қошановтың 17.07.2012 ж. №20-27/3537 тапсыруымен мемлекеттік органдарға, соның ішінде ҚР ҚМэне, ҚР ӘМ-не, ҚР ККМ-не ҚР ІІМ-не, ҚР БП-на ҚҚҚ-ның банктердің мемлекеттік органдарының ақпараттық ресурстарына қол жеткізуі мүмкіндігін беру туралы ұсынысын қарауды тапсырды.

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Қ.Н. Келімбетовтың 28.08.2012 ж. №20-27/3537 тапсырмасына сәйкес ҚҚҚ өкілдері мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелерін біріктіру мәселелер жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізілді.
11.2. Банктер арасындағы төлем талаптары – акцептеуді талап етпейтін тапсырмалар бойынша электрондық өзара іс-қимыл туралы

ҚРҰБ банктер арасында төлем талаптары – акцептеуді талап етпейтін тапсырмаларды беру және борышқор клиенттердің банк шоттарындағы нөмірлер туралы ақпарат алысу бойынша электрондық өзара іс-қимылға көшу қажеттігі туралы ұсынысты қолдады.


12. Банктер анықтаған қолдан жасу белгілері бар ақша таңбаларын алу туралы

ҚҚҚ-ның хатына сәйкес ЭҚСЖКА аумақтық Департаменттерге банктерде анықталған қолдан жасалған белгілері бар банкноттарды алуы фактілеріне қаржы полициясы органдары тарабынан жол беруге болмайтыны туралы нұсқау берілді. Мұндай фактілер қылмыстарды тиісті ұйымдастырылған тұжырымдармен байланысты есептен жасыру ретінде бағаланады.


13. Қарызгерлердің бірлестіктерімен өзара іс-қимыл туралы

ҚҚК-мен бірге ҚРҰБ және банктер «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Қаражанбасмұнай» АҰның жұмыстан босатылған қызметкерлерінің қатарынан шыққан қарызгерлермен банктердің өзара іс-қимылының бірыңғай форматын айқындау жөнінде жұмыс жүргізді.




Банк секторы бойынша жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелері

69

Банк секторы бойынша жүргізілген жұмыстың барлық нәтижелері

253


4.5.3. САҚТАНДЫРУ СЕКТОРЫ.

1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша тәуекелдіктерді барынша азайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қағидаларын іске асыру үшін әзірленген НҚА-ның жобалары туралы

Мыналарға: а) ертерек алдын алуға; б) СҰ есептілігіне; СҰ-ын ерікті түрде таратуға; г) СҰ-ның құрылтайшылық құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу ережелеріне; д) сақтандыру тобының түптөркін ұйымының, СҰ-ның немесе сақтандыру холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлесінің лимитін белгілеуге; е) СҰ-ның ірі қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдану ережелеріне; ж) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын немесе заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатып алуға қойылатын талаптарға; з) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйымды құруына немесе сатып алуына рұқсат беру ережелеріне; и) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде құруына рұқсат беру ережелеріне; к) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату ережелеріне; л) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде тарату ережелеріне; м) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылық құжаттарына енгізілетін өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды алдын ала келісуге; н) сақтандыру тобының түптөркін ұйымының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингінің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің лимитін белгілеуге; о) ірі қатысушының белгілерін иеленуші тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдануға қатысты НҚА ескертпесіз келісілді.



2. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерін есептеудің нормативтік мәндері және әдістемесі , пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептердің нысандары мен беру мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» ҚҚА Басқармасының 22.08.2008 ж. №131 қаулысы туралы

ҚРҰБ-мен мына бөлікте ымыралы шешімдерге қол жеткізілді:

2.1. «Standard&Poor;’s» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-дан «В»-ға дейін ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа бір рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас рейтингі немесе ұлттық шәкіл бойынша «В+»-ға дейін рейтингілік бағасы бар банктердегі салымдарға қолдану мерзімі бойынша шектеулерді алып тастау;

2.2. ОД-дегі ақшаны СҰ-ның пруденциялық нормативтерінің есебіне жатқызу;

2.3. Өзге ақшалай қаражатты, соның ішінде банктердегі ағымдағы шоттардағы өзге ақшаны белгіленген лимиттерге сәйкес СҰ-ның өтімділігі жоғары активтердің лимитіне жатқызу;

2.4. Халықаралық қор биржаларының индексіне енгізілген элементтерді өтімділігі жоғары активтер ретінде тану.


3. БСДБ-ның қызметі туралы

ҚРҰБ-мен мына бөлікте ымыралы шешімдерге қол жеткізілді

3.1. ҚРҰБ бекіткен СҰ есептілігін беру ережелеріне 31-қосымшасына сәйкес СҰ пайдаланатын экономикалық қызметі түрлерінің сыныптамасына және ИЖТМ-нің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің Ортақ сыныптауышына сәйкес келтіру бөлігінде;

3.2. БСДҚ-да сақтандырудың ерікті мүліктік есебіне қатысты кейінге қалдыру нормаларын 2014 жылдың 1 қаңтарға дейін енгізу туралы.


4. Сақтандырудың міндетті түрлерін жетілдіру туралы

ҚРҰБ-мен мына бөліктегі ымыралы шешімдерге қол жеткізілді:

4.1. СҰ мен жұмыс беруші арасындағы кәсіптік сырқат салдарынан туындаған зиянның орнын толтыруды бөлуді қайта қарауды, қызметкерлерге келтірілген еңбек қабілеттілігін жоғалтудың 3 және 4 дәрежелі зиянның орнын толтыру үшін жауапкершілікті соңғысына табыстауды қайта қарауға;

4.2. Сақтандыру омбудсманының өкілеттіліктерін ҚЖУМС (қызметкерлерді жазатайым уақиғалардан міндетті сақтандыру) бойынша туындайтын дауларды шешу бөлігінде кеңейтудің тиімділігіне қатысты;

4.3. ЕурАзЭС ішіндегі транс шекаралық сақтандыру шеңберінде автокөлік иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттігінде.



Сақтандыру секторы бойынша жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелері

10

Сақтандыру секторы бойынша жүргізілген жұмыстың барлық нәтижелері

105

4.5.4. ҚОР СЕКТОРЫ.

1. Ұйымдастырылған БҚН-н дамыту тұжырымдамасы туралы

ҚРҰБ Ұйымдастырылған БҚН-н дамыту тұжырымдамасың жобасына ҚҚҚ-ның мынадай ұсыныстарын енгізуге дайын екендігін білдірді:

1.1. Листингілік бағалы қағаздар бойынша форвардтық және опциондық мәмілелерді орындауға рұқсат ету;

1.2. Сатудан бұрын есептерді күту қажеттігі бойынша шектеулерді алып тастау;


1.3.Таза-есептер негізінде мәмілелерді жүзеге асыруға рұқсат;

1.4. Толық қамтамасыз етілетін мәмілелерден ішінара маржаланатын T+n-ге көшу;

1.5. Өкілдікті тізімдегі компаниялар бойынша маркет-мейкерлердің санын көбейту;

1.6. Клиенттерді несиелендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету (маржиналдық мәмілелер, т.б.);

1.7. Бағалы қағаздарды несиелендіру және қарызға алу мүмкіндігін белгілеу;

1.8. БҚН-нда айла-шарғы жасау мақсатымен жасалған мәміле тану критерийлерін қайта қарастыру;

1.9. Листингінің жоғары санатын құрайтын эмитенттерге қойылатын талаптардың күшейтілуін және төменгі – «баламалы тізімге» кіретін компаниялар үшін әлсіретуді қайта қарау;

1.10. Қазіргі сәтте ҚҚБ листингінің талаптарына сай келмейтін, бірақ қамтамасыз етілген облигациялар шығару үшін кепілзатпен қамтамасыз етуді иеленген резидент-эмитенттер үшін бөлек листингілік алаңша ұйымдастыру.


2. «БҚН-нда қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және лицензия негізінде БҚН-нда қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы

2.1. Бұл қаулыны енгізу мерзімі 01.07.2012 жылдан 01.01.2013 жылға дейін ауыстырылды;

2.2. БҚН-нда қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және БҚН-нда қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның жарғылық капиталын көбейту жөніндегі талаптардың саны азайтылды.
3. «БҚН-нда брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және жеке және институттық инвесторлардың инвестициялық қоржынын білікті инвесторлардың басқаруы жөніндегі қызметті жүзеге асырушы ұйымдарды тану Ережелерін бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасы қаулысының жобасы туралы

ҚҚҚ ұсынған ұсыныстардың нәтижелері бойынша ҚРҰБ жалпы алғанда БҚН-нда брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және жеке және институттық инвесторлардың инвестициялық қоржынын білікті инвесторлардың басқаруы жөніндегі қызметті жүзеге асырушы ұйымдарды тану критерийлерін қайта қарауды жоспарлап отыр.


<предыдущая страница | следующая страница>


«Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы» зтб

РҚМ-не, ехәҚМ-не, ҚРӘМ-не, эсдм-не, ижтм-не қаржы секторын дамытудың 2104 проблемасы жинақталған 2104 ұсыныс енгізілді. Жалпы қаржы секторы және оның сегменттері бойынша жұмыстың н

4497.12kb.

17 12 2014
21 стр.


Решением Общего Собрания оюл «Казахстанская Электроэнергетическая Ассоциация»

«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Құрметті энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы», «Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдаст

45.55kb.

25 12 2014
1 стр.


Облыстық, қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктерінің тізімі

«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан филиалы»

109.41kb.

12 10 2014
1 стр.


Қмэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

Мэби президенті және жаңадан құрылған Студенттердің Ата-Аналары Қауымдастығы Атқару комитетінің Студенттердің Ата-Аналарына Үндеуі

35.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республ

25.6kb.

25 12 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды

699.65kb.

15 10 2014
4 стр.


«Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламентін бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Қаулы етеді

30.32kb.

12 10 2014
1 стр.


Қабылданатын «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы»

Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас

10.46kb.

23 09 2014
1 стр.