Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы «14» сәуіріндегі
№ 193 бұйрығымен бекітілген
Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі тұлғалардың іс-әрекеті мен негізгі функцияларын анықтайды:
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ);
-
Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО);
-
ҰБТ-ны өткізу пунктінің (бұдан әрі – ҰБТ ӨП) директоры мен жетекші маманы;
-
мектеп бойынша жауапты (бұдан әрі – жауапты хатшы);
-
Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілі (бұдан әрі – Министрлік өкілі);
-
Білім және ғылым министрлігінің программисі (бұдан әрі - Министрлік программисі);
-
апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері;
-
Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері (бұдан әрі – Республикалық комиссия);
-
аудитория бойынша кезекші (бұдан әрі – кезекші);
-
ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер (бұдан әрі - бітірушілер);
-
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілі (бұдан әрі – ҚР ҰҚК өкілі).
2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша жоғарыда көрсетілген тұлғалар өз қызметінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін (бұдан әрі – ереже), осы Нұсқаулықты, ҚР БҒМ нормативтік-құқықтық актілерін, ҰБТ-ның Технологиясын басшылыққа алады.
Ескерту: Осы нұсқаулықта қолданылған нысандар «ҰБТ негізгі нысандары мен актілері» құжатында келтірілген.
2. ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу тәртібі
3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыстар барлық қатысушылардың, яғни ҚР БҒМ, ҚР ҰҚК, БТМСҰО, ҰБТ ӨП қызметкерлері, Министрлік өкілдері мен программистері, апелляциялық комиссияның төрағасы мен мүшелері, жергілікті (облыстық) білім беруді басқару және ішкі істер басқармасының органдарының бірлесе отырып атқарған жұмыстарын қарастырады.
-
ҚР БҒМ нұсқаулықтарды, нормативтік құжаттарды және ережелерді әзірлейді және жетілдіреді. Министрлік өкілдері үшін оқыту семинарларын өткізеді.
-
БТМСҰО «ҰБТ ӨП базасы», «Бітіруші», «ҚР БҒМ», «Сертификат» автоматтандырылған жұмыс орындарын (бұдан әрі - АЖО) әзірлейді және оны электрондық тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі бойынша белгіленген мерзімде ҰБТӨП-ке жібереді.
6. БТМСҰО белгілеген мерзімде ҰБТӨП-те «ҰБТ ӨП базасы» АЖО-ны орнату мен толтыруды жүзеге асырады.
7. «ҰБТӨП базасында» құрылған мәліметтер телекоммуникациялық желі арқылы БТМСҰО-ға жіберіледі.
8. ҰБТӨП-те «Бітіруші» АЖО орнатылады және тестілеуге өтініштерді қабылдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылады.
9. Техникалық хатшы бітірушілерден өтініштерді қабылдауды жүзеге асырып, толтырылған бланкілерді сканерлеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізуді қамтамасыз етеді.
10. Ағымдағы жылғы мектеп бітірушілер ҰБТ-ға қатысу үшін белгіленген үлгідегі бланкіде өтініш береді.
11. ҰБТ ӨП-те «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) құру үшін «Тестілеуге қатысу өтініші» бланкілерін (бұдан әрі - өтініш бланкілері) сканерлеу жүргізіледі. Бланкілерді сканерлеу аяқталғаннан кейін техникалық хатшыға тіркеу жөніндегі анықтама беріледі.
12. ҰБТӨП-тердің бөлінісінде тестілеуге өтініштерді қабылдау жұмысы жөнінде статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы күн сайын сағат 17.00-де БТМСҰО-ға жіберуді жүзеге асырады. БТМСҰО-да тестілеуге өтініштерді қабылдаудың республика бойынша статистикалық мәліметтері құрылады.
13. Ережеде белгіленген мерзімде ҰБТӨП-те техникалық хатшымен бірлесіп, «Бітіруші» деректер базасын (бұдан әрі-ДБ) мен өтініштерді тіркеу журналын жабу жүргізіледі.
14. ДБ жабылғаннан кейін, бітірушілерді аудиториялар бойынша бөлу жүргізіледі, мектепте ресімделетін және бітірушілерге берілетін емтиханға рұқсаттамалар басылады.
15. Ережеде белгіленген мерзімде тестілеу қатысушылардың барлығымен бірлесіп ҰБТ-ы өткізіледі.
16. Тестілеу аяқталғаннан кейін бітірушілердің нәтижелерін өңдеу жүргізіледі және дұрыс жауаптар коды мен ҰБТ-ның емтихан ведомостарын ілу жүзеге асырылады.
17. Апелляцияға өтініштерді қабылдау жергілікті уақытпен келесі күнгі сағат 13-ке дейін қабылданады және тәулік бойына қарастырылады.
18. Апелляция аяқталғаннан кейін апелляцияның қорытындысы ескерілген ҰБТ-ның емтихан ведомосы беріледі.
19. Күн сайын БТМСҰО-ға мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберу жүзеге асырылады.
-
ҰБТ-ның қорытындысы бойынша сертификаттарды басу және беру жүргізіледі.
-
ҰБТ-ны ұйымдастырушылар БТМСҰО-ға атқарылған жұмыстары туралы есепті қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынады.
3. Негізгі функциялар
22. ҰБТ процесін ұйымдастырушылар мен атқарушылар бірлесіп қызмет атқаруына қарамай, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөнінде өз функцияларын орындайды.
4. ҚР БҒМ функциясы
23. Тестілеуді өткізуге қатысатын барлық қатысушыларды ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нормативтік, нұсқамалық құжаттармен қамтамасыз ету: «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі, ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулық.
24. Министрлік өкілдеріне ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі оқыту семинарларын өткізу.
-
Республика бойынша ҰБТ-ның өту процесін бақылау.
-
Республикалық комиссия төрағасы мен мүшелерін анықтау.
следующая страница>