Перейти на главную страницу
2020 жылға қарай |
қаржы ұйымдарының институционалдық базасы кеңейтiлдi және олардың инвестициялық мүмкiндiктерi ұлғаяды банк секторының сыртқы мiндеттемелерiнiң үлесi оның мiндеттемелерiнiң жиынтық көлемiнде 30%-дан аспайды қаржы нарығы қызметтердiң кең спектрiн ұсынады және инвесторлар мен қаржы қызметтерiн тұтынушылардың арасында сенiмге ие болады отандық қор нарығы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы мен Орталық Азия елдерiнiң iшiнде ислам банкингiнiң өңiрлiк орталығына айналады |
2015 жылға қарай |
халықтың жинақтарын тартудың баламалы көздерiн дамыту үшiн жағдайлар жасалады қарай халықтың қаржылық сауаттылығын және инвестициялық мәдениетiн көтеру жөнiндегi iс-шаралар сәттi iске асырылады мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк тетiктерiнiң рөлi мен маңыздылығын арттыру жөнiндегi шаралар кешенiнiң iске асырылуы қамтамасыз етiледi
|
Сенiмдi құқықтық ортаға заңның үстемдiк принципiнiң сөзсiз сақталуы арқылы қол жеткiзiледi және ол азаматтар мен кәсiпкерлiк субъектiлердiң өздерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сөзсiз қорғалуына деген сенiмдiлiгiн, бизнес жүргiзу кезiнде жеке қауiпсiздiгiн сезiнуiн, транзакциялық шығындардың төмен болуын қамтамасыз етедi, iшкi және сыртқы инвестицияларды ынталандырады.
Сот жүйесiн одан әрi реформалау соттардың шынайы тәуелсiздiгi, сот төрелiгiн атқаруға азаматтық қоғамның тиiмдi қоғамдық бақылауы, судьялардың кәсiбилiгi мен бейтараптығы, сот iсiн жүргiзудi оңайлату және тым артық регламенттеудi алып тастау принциптерiмен жүргiзiледi, осының нәтижесiнде қоғамның сот жүйесiне деген жоғарғы сенiмiне қол жеткiзiлiп, соттардың жұмыс iстеу тиiмдiлiгi артады. Сот төрелiгiн атқару кезiнде сот сатылап құрылуының барлық деңгейлерiнде және сатыларында судьялардың тәуелсiздiгiне ұйымдастырушылық-құқықтық кепiлдiктер қамтамасыз етiлетiн болады.
2020 жылға қарай |
Қазақстан Республикасының "соттардың төуелсiздiгi" көрсеткiшi бойынша Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексi рейтингiндегi орны жиырма позицияға жақсарады сот жүйесiнiң тәуелсiздiк және бейтараптық деңгейi Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйымының мiндеттемелерiне (адами өлшемдер саласында) сәйкес деп танылады |
2015 жылға қарай |
тергеу iс-қимылдарын соттық бақылау кеңейтiледi |
2013 жылға қарай |
жүгiну субъектiлерi iстерiнiң қолжетiмдiлiгiне, қарапайым әрi жедел шешiлуiне кепiлдiк беретiн сот жүйесi құрылады сотта қараудың толықтай жариялылығы мен ашықтығы, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жария дерек қорында соттардың қорытынды iс жүргiзу шешiмдерiнiң қарар бөлiгiн орналастыру жолымен қамтамасыз етiледi |
2012 жылға қарай |
судьяларға үмiткерлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары және судьяларға үмiткерлердi iрiктеу рәсiмдерiнiң транспаренттiлiгi (ашықтығы) артады үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерiн тарта отырып, сот процесiне қатысушылар мен кәсiпқой заңгерлер арасында жүргiзiлетiн, алынған нәтижелердiң жариялылығын және соттар мен судьялардың рейтингiлерiн құруды көздейтiн мерзiмдi әлеуметтiк зерттеулермен барлық соттарды барабар қамту қамтамасыз етiледi |
2011 жылға қарай |
соттардың мамандануы олардың өкiлеттiктерi нақты ажыратыла отырып кеңейтiлдi, оңайлатылған iс жүргiзу институттары дамуда жеке меншiк сот орындаушылар институтын енгiзе отырып, сот шешiмдерiн орындаудың аралас моделi енгiзiледi |
Мыналар заңнаманы және норма шығаруды жетiлдiрудiң негiзгi бағыттары болады:
2020 жылға қарай |
нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының сапасын бағалаудың халықаралық стандарттарына және оларды барлық тараптардың мүдделерiн теңдестiрiп ескеруге мүмкiндiк беретiн жария түрде талқылау рәсiмдерiне негiзделген заң шығарудың тиiмдi тетiктерi енгiзiледi |
2012 жылға қарай |
"электрондық үкiмет" инфрақұрылымы шеңберiнде және мемлекеттiк құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескерiп, нормативтiк құқықтық актiлердiң жүйелендiрiлген әрi түпкiлiктi деректер базасына жалпыға бiрдей тегiн қол жеткiзу қамтамасыз етiледi тәуелсiз сарапшыларды, үкiметтiк емес сектордың өкiлдерiн кеңiрек тарту, осы саладағы озық бiлiмдердi пайдалана отырып, салалық ғылыми сараптамаларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргiзу негiзiнде норма түзушiлiк сапасын арттыру жөнiндегi тетiктер енгiзiлдi; заң жобаларын әзiрлеу сапасының өлшемдерi әзiрленедi қылмыстық заңнаманы, оның iшiнде кiшiгiрiм және орта ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған адамдарға және әлеуметтiк осал азаматтарға қатысты, сондай-ақ кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыстарға жататын құқық бұзушылықтарды оларды әкiмшiлiк және азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк саласына өткiзу жолымен қылмыстық сипаттан арылту арқылы қылмыстық заңнаманы кешендi iзгiлендiру жүргiзiледi заңды тұлғалардың банкроттық тетiктерi жетiлдiрiледi |
2011 жылға қарай |
ескiрген және қайталайтын нормаларды алып тастауға, сондай-ақ құқықтық реттеудегi олқылықтарды жоюға мүмкiндiк беретiн заңнамалық актiлердiң құқықтық мониторингi енгiзiледi Қазақстанда мүдделiк қолдау институтының жұмыс iстеуi үшiн құқықтық негiз жасалады, корпоративтiк мүдделердi iлгерiлетудiң сыбайлас жемқорлық схемасын жоятын тетiктер регламенттеледi контрактация тәуекелдерiн тәуелсiз бағалау институттарын (рейтингтiк агенттiктердi, кредиттiк бюроларды) және корпоративтiк дауларды оңайлатылған шешу институттарын (аралық соттарды, коллекторлық агенттiктердi) одан әрi дамыту тұжырымдамасы әзiрленедi
|
Құқықтық мәдениеттiң жоғары болуы азаматтардың құқықтық бағдарлануын қамтамасыз етедi және кез келген заңдылық бұзушылықтарға, оның iшiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына төзбеуiн қалыптастырады. Ол, ең алдымен, халықтың құқықтық санасын дамыту деңгейiне байланысты.
2020 жылға қарай |
Қазақстанның әрбiр азаматы үшiн мүлiктiк жағдайына қарамастан бiлiктi заң көмегiн беру тетiктерiн жетiлдiру есебiнен бiлiктi заң көмегiне нақты қолжетiмдiлiгi қамтамасыз етiледi кәсiби заңгерлер мен адвокаттардың бiлiктiлiгi жоғары қызметтерi нарығы құрылады |
2013 жылға қарай |
Қазақстан Республикасы азаматтарының бiлiктi заң көмегiн алу тетiктерiн жетiлдiру жөнiндегi кешендi жоспар әзiрленедi |
2012 жылға қарай |
халықтың құқықтық мәдениетiн арттыру шеңберiнде азаматтық қоғам институттарының орнықты дамуы үшiн қажеттi құқықтық база қалыптасады Қазақстан азаматтарының құқықтық мәдениетiн, оның iшiнде құқықтық насихатты кеңейту және заң бiлiмiнiң сапасын арттыру арқылы көтеру жөнiндегi кешендi жоспар әзiрленедi |
Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру кезеңiнде үдемелi индустрияландыру жолымен экономиканы әртараптандыру жеделдетiледi.
Қолайлы экономикалық ортаға ұтымды макроэкономикалық саясатпен, тиiмсiз жобаларға қарсы iс-қимыл жүйесiн құрумен, ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастырумен, оның iшiнде ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жобалар (ҒЗТКЖ) жүйесiн жетiлдiрумен қолдау жасалады.
Қазақстан шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы ретiнде шикiзатты экспорттаудан түсетiн қаржыны пайдалану мен экономиканың барлық салаларында дамуға ықпал ететiн макроэкономикалық жағдайларды жасау арасыңдағы теңгерiмдi қамтамасыз етедi.
Экономиканы әртараптандыруды жеделдету үдерiсiнде мемлекет тиiмсiз жобалардың iске асырылуына қарсы тұрады. Әртараптандыруда мемлекеттiк қаржыны жұмсау үдерiсiнiң ашықтығы артады. Мемлекеттiк қаржыны алатын барлық жобалар үшiн қаржылық және экономикалық рентабельдiлiк стандарттары енгiзiледi. Шет елдердiң оң тәжiрибесiн ескере отырып мемлекет қаржыландыратын инвестициялық жобаларды бағалау күшейтiледi.
Шетелдiк тәжiрибенi талдау әлемнiң барлық үздiк инновациялық жүйелерi көп жағдайда елеулi мемлекеттiк қолдауға ие болатындығын айғақтайды.
Қазақстанды индустрияландыру мынадай қағидаттарға негiзделедi:
Бiрiншi сатыда (2010-2014 жылдар) отандық экономиканы үдемелi әртараптандыру, бiрiншi кезекте, жетi бағыт бойынша iске асырылады. Бұл — агроөнеркәсiптiк кешен және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу; құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi; мұнайды қайта өңдеу жене мұнай-газ саласының инфрақұрылымы; металлургия және дайын металл өнiмдерiн өндiру; химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсiбi; энергетика; көлiк жене телекоммуникациялар.
2020 жылға қарай |
IЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi кемiнде 13%-ды құрайды жалпы экспорт көлемiндегi шикiзаттық емес экспорттың үлесi кемiнде 45%-ды құрайды шикiзаттық емес экспорттың көлемi өңдеу өнеркәсiбiнiң жиынтық өндiрiсiнiң кемiнде 50%-ын құрайды өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгi кем дегенде 2 есеге ұлғаяды агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 4 есеге ұлғаяды шикiзаттық емес сектордың өзiндiк құнындағы көлiктiк шығыстардың үлесi кемiнде 15%-ға қысқарады IЖӨ энергия сыйымдылығы кемiнде 25%-ға азаяды инновациялық белсендi кәсiпорындар үлесi 20%-ға дейiн ұлғаяды |
2015 жылға қарай |
IЖӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесi кемiнде 12,5%-ды құрайды жалпы экспорт көлемiндегi шикiзаттық емес экспорттың үлесi кемiнде 40%-ды құрайды шикiзаттық емес экспорттың көлемi өңдеу өнеркәсiбiнiң жиынтық өндiрiсiнiң кемiнде 43%-ын құрайды өңдеу өнеркәсiбiндегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 1,5 есеге ұлғаяды агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 2 есеге ұлғаяды шикiзаттық емес сектордың өзiндiк құнындағы көлiктiк шығыстардың үлесi кемiнде 8%-ға қысқарады IЖӨ энергия сыйымдылығы кемiнде 10%-ға азаяды инновациялық белсендi кәсiпорындар үлесi 10%-ға дейiн ұлғаяды |
Жер ресурстарына бай Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту жағынан ұзақ мерзiмдi салыстырмалы басымдығы бар. Ауыл шаруашылығының өнiмдiлiгiн арттыру және ауылшаруашылық қайта өңдеудегi қосылған құнды ұлғайту жөнiндегi жұмыс жалғасады. Ауыл шаруашылығында суды тиiмдi пайдаланудың артуымен қатар, өсiмдiк шаруашылығының жаһандық жылынуының ықтимал салдарларына бейiмделу шаралары iске асырылады.
2015 жылға қарай |
экспорттың жалпы көлемiнде аграрлық саланың экспорттық әлеуетi 8%-ға дейiн ұлғаяды агроөнеркәсiптiк кешендегi еңбек өнiмдiлiгi кемiнде 2 есеге ұлғаяды еттi қайта өңдеу 27%-ға дейiн, сүт — 40%-ға дейiн, жемiс және көкөнiс — 12%-ға дейiн ұлғаяды
|
Экономиканың өсуiмен құрылыс қызметтерi мен құрылыс материалдарына деген сұраныс артады. Құрылыс материалдарының 50 %-ы елге импортталатынын ескерсек, құрылыс индустриясының және құрылыс материалдары өндiрiсiнiң дамуына зор мүмкiндiктер бар.
2015 жылға қарай |
құрылыс материалдарының 80 %-ы ел iшiнде шығарылады, құрылыс және құрылыс материалдарының жалпы өндiрiсiнiң 20%-ы экспортталады |
Елдiң бай минералдық ресурстары мұнай мен газ экспортының өсуiне ғана мүмкiндiк туғызбайды. Жаңа құбыржолдарды салумен қатар мұнай және газды қайта өңдеу секторы, оның iшiнде интеграцияланған газ-химия кешенiн салу есебiнен дамитын болады.
2014 жылға қарай |
отандық мұнай өңдеу зауыттарымен елдiң отынға деген сұранысы толық қанағаттандырылады |
2012 жылға қарай |
Бейнеу—Бозой—Ақбұлақ газ құбыры елдiң оңтүстiгiн жылына 5 млрд. текше метр көлемде газбен қамтамасыз етедi |
Металл рудаларының зор қорларына ие бола отырып, Қазақстанда дайын металлургиялық өнiмдердiң отандық өндiрiсiн дамыту үшiн барлық мүмкiндiктер бар.
2015 жылға қарай |
металлургиялық өнiм өндiрiсi мен экспорты екi есе өседi |
Химия өндiрiсiн дамыту мақсатында 18 жоба iске асырылуда. Химия өнеркәсiбiн одан әрi дамыту органикалық химия мен полимерлер, органикалық емес химия, арнайы химикаттар мен тұтыну химиясының базалық өнiмдерi өндiрiсiмен байланысты болады. Фармацевтика өндiрiсi дамиды. Қорғаныс өнеркәсiбiнде елдiң Қорғаныс Күштерiн жаңарту бағдарламалары жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қаза
16 12 2014
8 стр.
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола
14 12 2014
8 стр.
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 2 ақпандағы №36-37 (25883), 2010 жылғы 12 ақпандағы №50-53 (25899); "Казахстанская правда" от 02. 02. 2010 г. №22 (26083), от 12. 02. 2010 г., №31-33 (
25 12 2014
5 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы
25 12 2014
2 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
12 10 2014
10 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы
25 12 2014
3 стр.
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру м
15 09 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын»
23 09 2014
1 стр.