Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1 ... страница 2страница 3страница 4страница 5

IV. Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру негiзi:
нәтижелi мемлекеттiк сектор

      Қазақстанның 2020 жылға дейiнгi дамуының бес шешушi бағытын iске асыру үшiн тиiмдiлiгi жоғары мемлекеттiк аппарат негiз болып табылады.


      Стратегиялық жоспар-2010-ды iске асыру кезеңiнде басталған мемлекеттiк сектор реформаларына негiзделе отырып мемлекет корпоративтiк басқару, нәтижелiлiк, ашықтық пен қоғам алдындағы есептiлiк қағидаттары бойынша мемлекеттiк басқарудың сапалы да жаңа үлгiсiн құрады. Аталған үлгi 2015 жылға қарай толыққанды iске асырылатын болады, ал оның негiзгi элементтерi Стратегиялық жоспар-2010-ды iске асырудың алғашқы жылдарында енгiзiлетiн болады.
      Мемлекеттiк секторды реформалау негiзi бес бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1) мемлекеттiк органдардың, оның iшiнде мемлекеттiк басқарудың әр түрлi деңгейлерiнде, өкiлеттiк пен жауапкершiлiктiң нақты шеңберiн айқындау;
      2) мемлекеттiк қызметтi тиiмдi көрсетуге жәрдемдесетiн стандарттарды әзiрлеу жене үдерiстердi жетiлдiру арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту;
      3) мемлекеттiк қызмет реформасын жеделдету, оның iшiнде мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды жетiлдiру;
      4) нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуi үшiн қажеттi элементтердi енгiзу;
      5) әкiмшiлiк реформаларды басқаруды жақсарту және мемлекеттiк секторды реформалау үдерiсi үшiн жауапкершiлiктi күшейту.

Нақты өкiлеттiктер мен жауапкершiлiктi айқындау

      Мемлекеттiк сектордың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгiн арттыру үшiн есептiлiк пен ынталандыруды белгiлеу мақсатында мемлекеттiк басқару органдарының өкiлеттiктерi (рөлдерi) мен жауапкершiлiгi нақты айқындалады.


      2011 жылдан бастап жүйелi негiзде мемлекеттiк органдар қызметiнiң функционалдық шолулары жүргiзiледi, оның мақсаты — мемлекеттiк басқарудың тиiстi салаларында (аясында) саясаттың тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу болып табылады. Әрбiр нақты мемлекеттiк органда өкiлеттiктердiң оңтайлы көлемiн айқындау тұтастай алғанда мемлекеттiң жеке секторларда да, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың әртүрлi деңгейлерiнде де артық функцияларды жою, қайталайтын өкiлеттiктердi алып тастау, жеткiлiксiз функцияларды бекiту және нарықтық тетiктердi пайдалануды кеңейту арқылы тұтастай мемлекеттiң баламалы рөлiн белгiлеуге мүмкiндiк бередi.
      Осындай шолулар мемлекеттiк аппараттың тұтастығын және iске асырылып жатқан саясаттың дәйектiлiгiн қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру

      Мемлекеттiк аппарат жұмысының тиiмдiлiгi мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын жақсарту жолымен арттырылатын болады.


      2011 жылға қарай:
      "бiр терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының желiсi дамытылатын болады. Осы орталықтардың жұмысы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын бағалау мақсатыңда халықпен керi байланыс тетiгiн көздейтiн болады;
      мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмi кеңейтiледi және тiзiлiмге енгiзiлген мемлекеттiк қызметтердiң әрбiр түрi бойынша стандарттар әзiрленетiн болады;
      мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын бақылау (бекiтiлген стандарттарды сақтау) тұрақты негiзде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi кәсiбилендiру

      Мемлекеттiк қызметтi реформалау мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту жүйесiн жетiлдiру, мемлекеттiк қызметтiң тартымдылығын арттыру және мемлекеттiк қызметте адам ресурстарын басқаруды жетiлдiру арқылы мемлекеттiк қызметтi кәсiбилендiруге шоғырландырылатын болады.


      Мемлекеттiк қызметкерлер лауазымдарының жаңа жүйесi, мемлекеттiк қызметке алудың тиiмдi рәсiмдерi және мемлекеттiк басқарудың халықаралық iс-тәжiрибесiне негiзделген мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудың сапалы бағдарламасы кәсiби мемлекеттiк қызметтi қалыптастыру үшiн негiз болады.
      2012 жылға қарай:
      үш корпусқа: саяси мемлекеттiк қызметшiлер корпусы, әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң А (басқару) және Б (атқарушы) корпустарына негiзделген мемлекеттiк қызмет лауазымдарының тiзiлiмi енгiзiледi;
      мемлекеттiк қызметке орналасу рәсiмдерi және мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервiн қалыптастыру жақсарады;
      нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару жүйесiнiң қағидаттары мен құндылықтарына негiзделген мемлекеттiк қызметшiлердi оқытудың жаңартылған бағдарламасы енгiзiледi;
      нәтижелерге бағдарланған бiлiктiлiгi жоғары мемлекеттiк қызметшiлердi дайындау бойынша базалық оқыту орталығы қалыптастырылады;
      жауапты хатшы лауазымына тағайындалған жауапты адамның рөлi мен дәрежесi нақты айқындалды, оны тағайындаудың ашық, айқын, оның сiңiрген еңбегiне негiзделген тағайындау тетiктерi әзiрлендi.
      Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру мемлекеттiк қызметшiлердi сапалы дайындауды ғана емес, кәсiби даярлығы бар мемлекеттiк қызметшiлердi мемлекеттiк секторда ұстап қалуға ықпалын тигiзетiн, сондай-ақ Қазақстанның прогрессивтi жастарын мемлекеттiк қызметке тартатын ортаны қалыптастыруды да талап етедi. 2012 жылға қарай мемлекеттiк аппараттың сапасын арттыру үшiн мынаны қамтамасыз ету қажет:
      адами ресурстарды басқарудың таңдаулы қағидаттары мен әдiстерiнiң негiзiнде мемлекеттiк органдардың кадрлар қызметiнiң тиiмдi жұмысын;
      жауапкершiлiк, нәтижелiлiк және бiлiктiлiк қағидаттарына негiзделген өнiмi (өнiмдiлiгi) жоғары ықшам және тиiмдi мемлекеттiк аппаратты қалыптастыруға жәрдемдесетiн жеке сектордағы төлем деңгейiмен бәсекеге қабiлеттi мемлекеттiк секторда еңбекақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу.
      2012 жылға қарай мемлекеттiк қызметшiлердiң жаңа еңбекақы жүйесiн енгiзудi қолдау үшiн мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысының көлемi мен сапасын, жауапкершiлiк деңгейiн, кәсiбилiгiн арттыруды, Мемлекеттiк қызметшiлердiң Ар-намыс кодексiн сақтауды есепке алатын мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн бағалау жүйесi енгiзiлетiн болады.

Нәтижеге бағдарланған мемлекеттiк басқару

      Мемлекеттiк жоспарлауды сапалы өзгерту, мемлекеттiк басқарудың нәтижелiлiгi мен есептiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылға қарай:


      барлық мемлекеттiк органдар мемлекеттiк саясатты әзiрлеуге кешендi стратегиялық тәсiлдi қамтамасыз ету үшiн Стратегиялық жоспар-2020 негiзделген бес жылдық стратегиялық жоспарларды қабылдайды;
      барлық мемлекеттiк органдар әзiрленген бес жылдық стратегиялық жоспарларға негiзделген жыл сайынғы операциялық жоспарлар дайындайтын болады;
      барлық мемлекеттiк органдарда белгiленген стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға бейiлдiлiгiн сақтай отырып операциялық жоспарларды iске асыруда белгiлi бiр дербестiк болады;
      барлық мемлекеттiк органдарда iшкi мониторинг, бақылау және бағалау жүйесiн кезең-кезеңмен енгiзу басталатын болады.
      2012 жылға қарай тиiмдiлiк және нәтижелiлiк (нәтижеге бағдарланған бюджеттеу) индикаторларына негiзделген бюджеттi қалыптастыру және атқару жүйесi енгiзiлетiн болады. Сондай-ақ мемлекеттiк органдардың мониторингi мен олардың қызметiн бағалайтын кешендi жүйе енгiзiлетiн болады, ол стратегиялық мақсатқа қол жеткiзу деңгейiн, бизнес пен халыққа көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын, бюджет қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн талдауға мүмкiндiк бередi.

Мемлекеттiк сектор реформаларын басқару

      2011 жылға қарай әкiмшiлiк реформалар жүйесi мемлекеттiк секторда жүргiзiлетiн реформалардың iске асырылуына, мониторингi мен бағалауға жауапты жеке уәкiлеттi орган құру мүмкiндiгi қаралатын болады. Осындай өкiлеттiктер жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк органдардың бiрiне нақты бекiтiлуi де мүмкiн.


      2012 жылға қарай мемлекеттiк басқару саласында реформаларды iске асыру мониторингiнiң тиiмдi жүйесi жұмыс iстейтiн болады, оның шеңберiнде тоқсан сайынғы негiзде мемлекеттiк секторды реформалаудың ағымдағы жағдайы және нәтижелерi туралы есептер ел басшылығына ұсынылып отырады.

V. Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру мониторингi және
бағалау

      Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткiзудiң мониторингi мен бағалау оның табысты iске асырылуының қажеттi шарттары болып табылады.


      Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру жалпы ұлттық стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу жөнiндегi мемлекеттiк органдардың iс-қимылдарын үйлестiрудi, сондай-ақ аралық нысаналы индикаторлардың орындалуын талдау шеңберiнде стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзудiң тетiктерi мен құралдарын түзетудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
      Стратегиялық жоспар-2020-ны iске асыру мониторингi шеңберiнде елдiң азаматтарын оның нәтижелерiне қол жеткiзу үдерiсiне тартуды қамтамасыз ету қажет. Бұл үшiн ел азаматтарына мемлекет өзiне қандай мiндеттемелер алатынын, олардың бюджеттiк құны қандай екенiн, қашан және қалайша олар iске асырылатынын, оларды iске асыруға жауапты кiм болып табылатыны туралы ақпарат берiлетiн болады. Осылайша, ел азаматтары мемлекеттiк саясаттың тиiмдi iске асырылуын бағалау үшiн негiзге ие болады.
      Статистикалық деректердiң сенiмдi базасына негiзделген мониторинг және бағалау нәтижелерi Стратегиялық жоспар-2020 iске асырылуының барысы мен нәтижелерi туралы толық көрiнiстi мемлекетке және азаматтарға ұсынады.

Мониторинг және бағалау жүйесi

      Стратегиялық жоспар-2020 төменгi деңгейдегi бағдарламалық құжаттар арқылы жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтардың егжей-тегжейлi iске асырылуын көздейдi. Стратегиялық жоспар-2020-ның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары мемлекеттiк органдардың бес жылдық стратегиялық жоспарларын қалыптастыру үшiн негiз болады, онда жалпы ұлттық стратегиялық басымдықтарды iске асыру тетiктерi мен құралдары айқындалатын болады. Бұл ретте мемлекеттiк органдардың бюджеттiк бағдарламаларында олардың қызметiнiң тiкелей және өлшенетiн нәтижелерi де айқындалатын болады.


      Елдiң даму мақсаттарының осындай декомпозициясы мемлекеттiк жоспарлаудың нақты сызбасын, сондай-ақ мемлекеттiк саясаттың нәтижелiлiгiнiң мониторингi мен бағалаудың бiрыңғай жүйесiн түзуге мүмкiндiк бередi.
      Төменгi деңгейдегi мақсатқа қол жеткiзудiң тұрақты мониторингi жалпы ұлттық деңгейдегi стратегиялық мақсаттарға қол жеткiзу деңгейiн талдауға мүмкiндiк беретiнiн ескере отырып, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, оның iшiнде 2020-стратегиялық жоспарды iске асырудың мониторингi мен бағалаудың бiрыңғай кешендi жүйесiн түзу қажет. Бұл үшiн мемлекеттiк жоспарлау жүйесiн құратын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу, iске асыру, оларға мониторинг жүргiзу, бағалау және бақылау тәртiбi айқындалады.
      Белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган тұрақты негiзде және төменгi деңгейдегi бағдарламалық құжаттардың iске асырылуын бағалауды ескере отырып, 2020-стратегиялық жоспардың iске асырылуына кешендi мониторинг және бағалау жүргiзетiн болады.

Азаматтарды тарту

      Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингi мен бағалау үдерiсiнiң маңызды құраушысы азаматтардың қатысуы болып табылады.


      Мемлекеттiк сектор қандай функция атқаратыны туралы қоғамның ақпараттануы азаматтар мен мемлекеттiң сындарлы қатынастары үшiн шешушi негiз болып табылады.
      Стратегиялық жоспар-2020-ның орындалу мониторингi мен бағалау жүргiзу шеңберiнде азаматтарға Стратегиялық жоспар-2020-ның iске асырылу барысы және көрсеткiштерге қол жеткiзу нәтижелерi туралы жыл сайын есептер берiлетiн болады. Бұл азаматтардың мемлекеттiк сектордың жұмыс нәтижелiлiгiне қатысты пайымдауын бағалауға мүмкiндiк бередi.
      Азаматтарды тұтастай алғанда мемлекеттiк саясатты iске асыруды және мемлекеттiк органдардың қызметiн бағалау үдерiсiне тарту мақсатында азаматтар мен мемлекеттiк органдар арасында керi байланыс тетiгi енгiзiлетiн болады.

Мониторинг үшiн статистикалық деректер базасын құру

      Стратегиялық жоспар-2020-ның iске асырылуының кешендi мониторингi мен бағалау шеңберiнде Стратегиялық жоспар-2020-да көзделген стратегиялық мақсаттар мен мақсатты индикаторларға қол жеткiзудiң деңгейiн тiкелей көрсететiн статистикалық деректердi тұрақты түрде жинау жүйесi құрылатын болады.


      Стратегиялық жоспар-2020-ның мониторингiн жүргiзу және көрсеткiштерiне қол жеткiзудi бағалау үшiн статистикалық деректер қорын қалыптастыру жөнiндегi жұмыс кезең-кезеңмен жүргiзiлетiн болады:
      2011 жылға қарай — статистикалық мақсаттар мен нысаналы индикаторларға қол жеткiзудi бағалауға қажеттi статистикалық деректердiң тiзбесiн анықтау;
      2012 жылға қарай — Стратегиялық жоспар-2020-ның статистикалық мақсаттары мен нысаналы индикаторларына қол жеткiзу мониторингi үшiн бiрiншi жыл сайынғы деректердi жинау;
      2015 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның бес жылдық iске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргiзу;
      2020 жылы — Стратегиялық жоспар-2020-ның толық iске асыру қорытындылары бойынша бағалау жүргiзу.

Қорытынды

      XXI ғасырдың екiншi онжылдығының басы күрделi болады. Қазақстан әртүрлi үлгiлерге дайын болуға тиiс.


      Ағымдағы жаһандық дағдарысты еңсеру барысында ауқымды  өзгерiстер орын алады, жаңа әлемдiк тәртiптi құру басталады. Осындай жағдайларда қажеттi әкiмшiлiк, экономикалық, әлеуметтiк реформаларды жүзеге асыру үшiн дағдарыс берген мүмкiндiктердi пайдалана бiлген елдер барынша табысты болады.
      Стратегиялық жоспар-2020 уақыттың сын-тегеуiрiндерiне Қазақстанның жауабы болып табылады. Оны iске асыру қорытындылары бойынша Қазақстан дамушы нарықтық экономикасы бар елдердiң бiрiншi қатарында болып қалады.
      Стратегиялық жоспар-2020 мемлекеттiң жарқын болашаққа қол жеткiзу жөнiндегi Қазақстан азаматтарының алдындағы мiндеттемесi болып табылады. Оны орындау үшiн мемлекеттiң барлық деңгейлерi мен құрылымдарының белсендi қатысуы, сондай-ақ азаматтардың қолдауы талап етiледi.
      Стратегиялық жоспар-2020-ның табысты iске асырылуы Қазақстанды "Қазақстан-2030" стратегиясында айқындалған елдiң жарқын болашағына қол жеткiзудiң жолын бекем қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы


Президентiнiң   
2010 жылғы 1 ақпандағы
№ 922 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы Президентiнiң
кейбiр күшi жойылған жарлықтарының тiзбесi

      1. «Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 43-44, 532-құжат; 2003 ж., № 49, 557-құжат).


      2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 28 қарашадағы № 271 Жарлығының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 1252 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 5, 39-құжат; 2007 ж., № 12, 135-құжат; 2008 ж., № 27, 248-құжат) 5-тармағының 2) тармақшасы.
      4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2008 жылғы 15 мамырдағы № 593 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 27, 248-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы.

<предыдущая страница


Жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 10 қыркүйектегi №924 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қаза

1924.03kb.

16 12 2014
8 стр.


Жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»

Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола

1282.47kb.

14 12 2014
8 стр.


Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы

Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 2 ақпандағы №36-37 (25883), 2010 жылғы 12 ақпандағы №50-53 (25899); "Казахстанская правда" от 02. 02. 2010 г. №22 (26083), от 12. 02. 2010 г., №31-33 (

686.4kb.

25 12 2014
5 стр.


2011 жылғы 31 наурыздағы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы

614.12kb.

25 12 2014
2 стр.


Қазақстан Республикасы Президентінің

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің

1407.49kb.

12 10 2014
10 стр.


2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы

663.62kb.

25 12 2014
3 стр.


Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен

Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру м

340.96kb.

15 09 2014
1 стр.


ОҚо экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2009 жыл басынан бері атқарған жұмысы туралы

«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын»

203.88kb.

23 09 2014
1 стр.