Перейти на главную страницу
2020 жылға қарай |
денсаулық сақтауды қаржыландыру және медициналық қызметтерге ақы төлеудiң тиiмдi жүйесi құрылады денсаулық сақтауды басқарудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн, қазiргi заманғы және тиiмдi жүйесi құрылады азаматтардың өз денсаулығы үшiн ортақ жауапкершiлiктi арттырудың жаңа тетiктерi енгiзiледi
|
2015 жылға қарай |
дәрiгердi және медициналық ұйымды еркiн таңдау жүйесi енгiзiледi республика азаматтары үшiн тұратын мекен-жайынан тәуелсiз тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi (ТМККК) шеңберiнде медициналық қызметтердi алуда тең жағдайлар жасалады халықтың жеке бейресми төлемдерiнiң деңгейi төмендейдi және қолданыстағы ТМККК жүйесiмен катар тең төлеу тетiгi енгiзiледi денсаулыққа салынған инвестициялардың тиiмдiлiгiн бағалау жүйесi әзiрленедi тиiмдi тарифтiк саясат енгiзiледi
|
2013 жылға қарай |
Қазақстан Республикасында денсаулықты сақтаудың бiрыңғай ұлттық жүйесi қалыптастырылады |
2020 жылға қарай |
бастапқы медициналық-санитарлық көмекке (БМСК) жұмсалатын шығыстар деңгейi ТМККК-ге бөлiнген қаражаттың жалпы көлемiнiң 40 %-ға дейiн жеткiзiледi стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары жұмысының негiзгi көрсеткiштерi (төсек айналымы, болудың орташа ұзақтығы және т.б.) тиiмдiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес келедi |
2015 жылға қарай |
БМСК шеңберiнде медициналық қызметтердiң 30 %-ын жалпы практикасы бар дәрiгерлер көрсетедi стационарлық көмек негiзiнен көп бейiндi ауруханаларда көрсетiледi |
2020 жылға қарай |
ТМККК шеңберiнде дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етудiң тиiмдi жүйесi құрылады |
2015 жылға қарай |
ТМККК шеңберiнде қолданылатын дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қол-жетiмдiлiк, әсiресе ауылдық жерлерде арттырылады денсаулық сақтау мемлекеттiк ұйымдары сатып алатын дәрiлiк заттардың бағаларына мемлекеттiк реттеу енгiзiледi |
2020 жылға қарай |
қоғамда саламатты өмiр салтын қалыптастыру идеологиясы қалыптасады дене тәрбиесiмен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 30%-ға дейiн ұлғаяды дене тәрбиесiмен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспiрiмдердi қамту 15%-ға дейiн ұлғаяды
|
2015 жылға қарай |
дене тәрбиесiмен және спортпен айналысатын азаматтарды қамту 25%-ға дейiн ұлғаяды дене тәрбиесiмен және спортпен айналысатын балалар мен жасөспiрiмдердi қамту 12%-ға дейiн ұлғаяды халық арасында темекi тарту, нашақорлық және алкоголь iшiмдiктерiн iшу 15%-ға азаяды
|
Экономиканы әртараптандыру жөнiндегi жоспарларды iске асыру қажеттi дағдысы бар еңбек ресурстарын арттыруды талап етедi. Олардың ұзақ мерзiмдi өсуi халық санының өсуiмен қамтамасыз етiлетiн болады. Халықтың табиғи өсiмi мен көшi-қонның жағымды сальдосы демографиялық көрсеткiштердi жақсартады.
2020 жылға қарай |
Қазақстан халқы санының өсуi 10 %-дан кем емес көрсеткiштi құрайтын болады шетел жұмыс күшiн қатыстырудың мемлекеттiк квотасы шеңберiнде иммигранттар арасында бiлiктi мамандардың өсуi — 50 %-ға дейiн қамтамасыз етiледi еңбекке қабiлеттi жастағы этностық репатрианттардың 80 %-ын жұмысқа орналастыру үшiн жағдайлар жасалады
|
2015 жылға қарай |
шетел жұмыс күшiн қатыстыруға мемлекеттiк рұқсаттарды, оның iшiнде маусымдық рұқсаттарды берудiң икемдi жүйесi енгiзiледi еңбекке қабiлеттi жастағы этностық репатрианттардың 40 %-ын жұмысқа орналастыру үшiн жағдайлар жасалады |
Мемлекет азаматтардың мұқтаж санаттары үшiн тиiмдi әлеуметтiк қорғау жүйесiн құруды жалғастырады, сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметiнiң — электр энергиясы, жылыту, сумен қамтамасыз ету, су бөлу (канализация), газбен қамтамасыз етудiң қолжетiмдiлiгi мен сапасын арттыруды қамтамасыз етедi.
Әлеуметтiк тұрақтылықты нығайту мақсатында атаулылық пен тиiмдiлiкке негiзделген масылдықты ынталандырмайтын әлеуметтiк қорғау жүйесiн құру жалғастырылады.
2020 жылға қарай |
жұмыссыздық 5%-дан төмен деңгейде болады халық арасыңдағы жұмыспен қамтамасыз етiлген жоғары санаты бар жұмыс күшiнiң үлес салмағы 50%-ға дейiн өседi iрi және орта кәсiпорындардың ұжымдық-еңбек қатынастары жүйесi 90-95 пайызға қамтамасыз етiледi
|
2015 жылға қарай |
жұмыссыздық 5,5% деңгейiне дейiн қысқарады еңбек ресурстарын кәсiби дайындаудың үш сатылы жүйесi енгiзiледi жұмыспен қамту органдарына көмек сұрап келген адамдардың кем дегенде 70%-ы жұмысқа орналастырылады |
2020 жылға қарай |
зейнетақы жүйесiнiң барлық деңгейлерiнде зейнетақының барабар және әлеуметтiк әдiл деңгейi қамтамасыз етiледi жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен жалдамалы қызметкерлердi 100 пайыз және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдарды 40 пайыз қамтуға қол жеткiзiледi |
2015 жылға қарай |
базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi өмiр сүру деңгейiнiң ең төменгi мөлшерiне қарағанда 60% деңгейiне дейiн жеткiзiледi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi 2010 жылға қарағанда 1,2 есе ұлғаяды жинақтаушы зейнетақы қорларының оң нақты кiрiстiлiгi қамтамасыз етiледi
|
2020 жылға қарай |
табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi 8%-ға дейiн төмендейдi әлеуметтiк көмек көрсетудiң шектi деңгейi өмiр сүрудiң ең төменгi шамасына қарағанда 100%-ға дейiн ұлғаяды арнайы әлеуметтiк қызмет көрсетудiң мемлекеттiк стандарттары енгiзiледi |
2015 жылға қарай |
әлеуметтiк көмек көрсетудiң шектi деңгейi өмiр сүрудiң ең төменгi шамасына қарағанда 60%-ға дейiн ұлғаяды атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабiлеттi халықтың үлес салмағы 30%-ға дейiн төмендейдi мемлекет кепiлдiк берген арнайы әлеуметтiк қызметтер заңда белгiленген көлемде ұсынылады
|
Коммуналдық қызметтi сапалы қамтамасыз ету және тұрғын-үй қатынастарын тиiмдi реттеу тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында ынталандыратын оңтайлы нарықтық жағдайлар жасау және азаматтардың, тұрғын-үй коммуналдық қызметтердi көрсетушiлердiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың құқықтары мен жауапкершiлiгiн айқын бөле отырып тиiмдi үйлестiрiлуi мен ынтымақтастығы жолымен қамтамасыз етiледi.
2020 жылға қарай |
тұтынушыға тасымалдау кезiнде нормативтiк ысырап деңгейi жылу энергиясына — 17%, суға — 15% және электр энергиясына — 12% құрайды орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткiзу ауылдық жерлерде ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 50%-ын, шағын қалаларда — 100%-ын құрайды елдiң әр өңiрiндегi тұтынушылардың кемiнде 70%-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады
|
2015 жылға қарай |
тұтынушыға тасымалдау кезiнде нормативтiк ысырап деңгейi жылу энергиясына — 20%, суға — 19% және электр энергиясына — 15% құрайды орталықтан сумен жабдықтауға қол жеткiзу ауылдық жерлерде ауылдық елдi мекендердiң жалпы санының 35%-ын, шағын қалаларда — 70%-ын құрайды елдiң әр өңiрiндегi тұтынушылардың кемiнде 50%-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады кондоминиум объектiлерiн басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтiк пайдалануды дербес қамтамасыз етедi |
2011 жылға қарай |
жүргiзiлген түгендеу негiзiнде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымның жай-күйiнiң жаңартылатын тұрақты деректер базасы жасалады мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөнiндегi жобаларға нысаналы қарыздар бередi коммуналдық сектор кәсiпорындарында менеджменттiң осы заманғы әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз етiледi
|
Iшкi саяси орнықтылықты және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсiз егемен мемлекет ретiндегi дамуының аса маңызды шарты болып табылады. 2020 жылға дейiнгi кезеңде негiзгi күш-жiгер мемлекеттiң одан әрi нығаюы мен дамуына, ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн қатерлер мен қолайсыздықтарды бейтараптандыруға, қолайлы сыртқы ортаны қалыптастыруға шоғырландырылатын болады.
2020 жылға дейiн "Қазақстан-2030" Стратегиясының iшкi саяси тұрақтылық пен қоғамның бiрiктiрiлуiн қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзiмдi басымдықтарын iске асыру шеңберiнде саяси жүйенi одан әрi жаңғырту, этникалық және дiни дүрдараздықтың алдын алу, Қазақстанның барлық азаматтары үшiн тең мүмкiндiктерге негiзделген республика халқының бiрлiгiн нығайту бойынша жүйелi жұмыс жалғасатын болады.
2020 жылға қарай |
дiни сенiм бостандығына құқықтарды одан әрi iске асыру, сондай-ақ Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениетi мен салт-дәстүрлерiнiң еркiн дамуы үшiн қолайлы жағдайлар жасалады тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарлама табысты iске асырылады этносаралық және конфессияаралық қақтығыстардың профилактикасы мен ерте алдын алудың тиiмдi жүйесi құралады |
2020 жылға қарай |
елдiң саяси жүйесiн жаңғырту аяқталады, оның табысты жұмыс iстеуi үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалады таңдаулы халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару және азаматтық қоғамның тиiмдi институттары құрылады заманауи, тиiмдi әрi ашық сайлау және партия жүйелерi қалыптастырылады, өкiлеттi билiктiң рөлi күшейедi мемлекет пен азаматтық қоғамның, билiк пен бизнестiң, билiк пен оппозицияның сындарлы диалогының тетiгi жолға қойылады Қазақстан Республикасы саяси элитасын қалыптастыру мен молықтырудың тиiмдi жүйесi құрылады, мемлекеттiк қызмет өз қатарында Қазақстан халқының таңдаулы өкiлдерiн шоғырландырады гендерлiк теңдiк нығайтылады
|
Ұлттық қауiпсiздiк жүйесi сындарлы және қауiпсiз сыртқы және iшкi ортаны қалыптастыру бойынша белсендi iс-қимылдарға, елдiң орнықты дамуы мен Қазақстанның мүдделерiн өңiрде және әлемде кешендi iлгерiлету үшiн қолда бар жене әлеуеттi мүмкiндiктердi пайдалануға бағдарланатын болады. Ұлттық қауiпсiздiк жүйесi туындайтын қауiптер мен проблемаларды алдын ала айқындауды қамтамасыз етуi тиiс.
2020 жылға қарай |
мемлекеттiң әлеуеттi қатерлерге барабар қарсы тұруға қабiлеттi сенiмдi қорғаныс қабiлетi қамтамасыз етiледi Қазақстан шекарасының бойында сыртқы қатерлер мен тәуекелдер барынша азайтылады, өңiрде аумақтық және шаруашылық даулардың негiзiнде қақтығыстардың туындау себептерi жойылады адам мен қоғамның қауiпсiздiгi, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтiксiз сақталуы қамтамасыз етiледi әлемдегi сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдiң экономикалық қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгi қамтамасыз етiледi, бәсекеге қабiлеттi отандық ақпараттық кеңiстiк құрылады экожүйелердi сақтау жене қалпына келтiру, тәуекелдердi азайту және техногендiк авариялардан, апаттардан дүлей зiлзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалады ұлттық қауiпсiздiктiң демократиялық және ашық доктринасы негiзiнде халықаралық қауiпсiздiк жүйесiмен бiрiктiрiлген (ұлттық мүдденi ескере отырып) ұлттық қауiпсiздiктiң тұтас және тиiмдi жүйесi қалыптастырылады
|
2020 жылға дейiнгi кезеңде Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасының қағидатты ережелерiне негiзделетiн болады. Қазақстан ұлттық мүдделердi, елдiң халықаралық беделiн арттыруды және ұлттық, өңiрлiк және жаһандық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған алдын ала белсендi, кешендi және теңгерiмдi сыртқы саясатты жүргiзуге ниеттенiп отыр.
2020 жылға қарай |
қолайлы халықаралық орта қалыптастырылады, барлық мемлекеттермен тең құқықты достық қатынастарға қолдау көрсетiледi ұлттық экономиканы әртараптандыру негiзiнде Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа және әлемдiк шаруашылық байланыстарға интеграциялануының жоғары деңгейiне қол жеткiзiледi өңiр мемлекеттерiнiң саяси және экономикалық интеграциясы үшiн жағдайлар мен алғышарттар қамтамасыз етiледi Қазақстан өңiрлiк қауiпсiздiктiң және саяси-экономикалық ынтымақтастықтың тиiмдi жүйесiнiң шешушi қатысушысы болып табылады Қазақстан жетекшi халықаралық әене өңiрлiк қаржылық және саяси құрылымдардың басшы органдарында өкiлдiк етедi Қазақстан халықаралық қатынастардың белсендi қатысушысы болып табылады және әлемдiк саясат үшiн маңызды мәнi бар шешiмдердi қабылдауға қатысады |
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын iске асыру мақсатында Қаза
16 12 2014
8 стр.
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола
14 12 2014
8 стр.
Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 2 ақпандағы №36-37 (25883), 2010 жылғы 12 ақпандағы №50-53 (25899); "Казахстанская правда" от 02. 02. 2010 г. №22 (26083), от 12. 02. 2010 г., №31-33 (
25 12 2014
5 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы
25 12 2014
2 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
12 10 2014
10 стр.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы
25 12 2014
3 стр.
Жолдауын және «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын іске асыру м
15 09 2014
1 стр.
«Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму Стратегиясын»
23 09 2014
1 стр.