Ф КГМУ 4/3-08/01
ПП КГМУ 4/01
Қарағандымемлекеттік медицина университеті
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы
Студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Балалардағы вакцинациядан кейінгі асқынулары мен реакциялары.
Пән:
Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алу
Мамандығы 0511025, «Қоғамдық денсаулықсақтау»
Курсы:III
Аударған: Асанова А.М.
Қарағанды 2011
Кафедра отырысында
талқыланған және бекітілген
№ 11_Хаттама _25.04. 2011 _ж.
Кафедра мең., профессор
________________ Р.Х. Бегайдарова.
-
Тақырыбы: Балалардағы вакцинациядан кейінгі асқынулары мен реакциялары.
-
Мақсаты:
Тақырыпты оқу негізінде студенттерде балалардағы вакцинациядан кейінгі асқынулар мен реакциялар бойынша білім қалыптастыру. Егу кабинетінде жұмыс істеуді, вакциналы дәрілердің сипаттамасын білуді, егулердің енгізу техникасын білуді үйрету. Вакцинация және ревакцинация мерзімдерін білуді, Қазақстан республикасы бойынша жас аспектісіндегі егу күнтізбегін, сондай-ақ, поствакцинальді реакциялар мен асқынуларды анықтай білу іскерлігін, поствакцинальді патологияның алдын-алуын жүргізе білуді үйрету. Пассивті иммунизация жүргізуге көрсеткіштерді үйрету.
Тапсырма:
1. Өз бетінше қосымша әдебиетпен жұмыс істеу.
Орындау формасы: тақырыпты оқу және сөзжұмбақтар дайындау, баяндамалардың презентациясы.
Тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар: тақырыпты оқып, 2 парақта сөзжұмбақ әкелу: біріншісінде сөзжұмбақтың өзі (тігінен 6 сөз, көлденеңінен 6 сөз), екінші парақта – сөзжұмбаққа жауаптар.
Тапсыру мерзімдері: №3 кредит «Балалардағы иммунды алдын-алу» тәжірибелік сабақ тақырыбына.
• Бағалау критерийлер: 2010 ж. «студенттердің үлгерімін бағалау рейтингтік жүйесі туралы ереже».
• Әдебиеттер:
а) Кузмичева А.Т., Шарлай И.Т.- Детские инфекционные болезни, М. Медицина, 1984
б) Лебензон С. С- Избранные лекции по курсу детских инфекций. Новосибирск, 1992г.,
178с.
в) Нисевич Н. И., Учайкин В.Ф. Инфекционные болезни у детей. М., Медицина, 1990.
г) Носов С. Д. - Детские инфекционные болезни, М. 1982г.
д) Огай Е.А. Руководство по инфекционным болезням у детей 2000г.
е) Тимченко В.Н. и соавт. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение
детских инфекций (справочник) - СПб.: «ЭЛБИ-СПб», 2004, 384 с.
ж) Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшева О.В. Инфекционные болезни и
вакцинопрофилактика у детей, Учебник для ВУЗов. - М., ГЭОТАР - МЕДИА, 2006.
з) Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М: Москва.2004, 824с.
и) Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. - М., ГЭОТАР - МЕД,
2002 - 824 с.
к)F.F. Куттықужанова. Балалардың жұқпалы аурулары. 2001 ж
• Бақылау:
Сұрақтар:
1. Вакциналы үрдістің анықтамасы.
2. Белсенді және пассивті иммунизация түрлері.
3. Вакцинаның негізгі түрлері (тірі, өлі, анатоксиндер, химиялық, генді-инженерлі, ассоциирленген).
4. Қазақстан Республикасында белсенді иммунизация жүргізу кестесі.
5. Поствакциналы реакциялар – клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары.
6. Поствакциналы асқынулар – клиникасы, диагностикасы, алдын алу шаралары.
7. Белсенді иммунизация жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
8. Пассивті иммунизация жүргізуге көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер.
Тесттердің үлгілері:
1. Қызылшаға қарсы вакцина қандай топқа жатады:
-
тірі әлсіретілген
-
өлі
-
химиялық
-
анатоксиндер
-
адсорбирленген
2. АКДС алғашқы вакцинациясы неше айда жүргізіледі жүргізіледі:
-
1
-
2
-
3
-
4
-
6
3. Вакцинация жүргізгеннен кейін баланы қанша уақыт бойы бақылайды:
-
5
-
10
-
15
-
20
-
30
4. Вакцинация асқынуларының дамуы бойынша қандай балалар қауіп топтарына жатады:
-
аллергоздары бар
-
жүйке жүйесінің ауруыларымен ауырған
-
созылмалы аурулармен сырқаттанушылар
-
барлық аталғандар
-
сау балалар
5. Алдын алу егулерін жүргізеді:
-
жалпы тәжірибедегі дәрігер
-
анестезиолог
-
арнайы оқытылған медбике
-
дәрігер-инфекционист
-
реанимациялық медбике
Жағдайлы есептердің үлгілері:
№ 1 Есеп
Поллиноз бойынша аллергологта есепте тұрған 7 жастағы балаға қызылшаға қарсы ревакцинацияланған. 9 күннен кейін оның жағдайы нашарлаған: интоксикация симптомдары (субфебрилитет, анорексия, ұйқысының бұзылуы), катаральді көріністер (жөтеліңкіреу, мұрынның бітелуі, түшкіру) пайда болған. Сол күні бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында боз-қызғылт түсті, бірікпейтін, папуллезді-макуллезді бөртпе пайда болған. Ауыз қуысының шырышты қабаты таза, Филатов-Бельский дақтары жоқ.
№ 1 есепке сұрақ:
-
Сіздің диагнозыңыз.
-
Эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізу керек?