Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-07/01

ПП КГМУ 4/01

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы

Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

2 Кредит
Тақырыбы: Менингококцемия.



Пән: Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алу

Мамандығы 0511025, «Қоғамдық денсаулықсақтау»

Курсы: III

Аударған: Асанова А.М.

Қарағанды 2011

Кафедра отырысында

талқыланған және бекітілген

11_Хаттама _25.04. 2011 _ж.

Кафедра мең., профессор

________________ Р.Х. Бегайдарова.




  • Тақырыбы: Менингококцемия.

  • Мақсаты:

Менингококцемия диагнозы бар науқастарды қарау және ауру тарихтарын талдау негізінде, олар болмаған жағдайда мұрағаттық ауру тарихтарын қолдана отырып, осы мәселе бойынша білім мен іскерлікті дамыту: этипатогенезін білуді, балалардағы менингококцемияның негізгі клиникалық белгілерін диагноздеуді үйрету, жіктеу принциптеріне үйрету, қазіргі лабораторлы диагностика әдістеріне үйрету, шұғыл жағдайлар кезінде біріншілік дәрігерлік көмек көрсету және инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді ұйымдастыру іскерлігін дамыту.

  • Оқыту міндеттері:

- менингококцемия кезіндегі алдын-алу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыруды үйрету;

- менингококцемияның алдын-алуда мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің координациясына және санитарлы-эпидемиологиялық қызметті ұйымдастыруға қатысуды үйрету.




  • Жүргізу формасы: оқытушының бақылауымен бөлімшедегі жұмыс.

1. Науқас баладан немесе оның анасынан шағымдарын, аурудың симптомдары (температура, басының ауруы, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, құрысу, есінен тану) мен басталған күніне назар аудара отырып ауру анамнезін сұрастыру, құсудың болуы мен жиілігін, тамағының ауыра бастағанын, бөртпенің пайда болу мерзімдерін, оның сипатын (дақ, папула, везикула, қабық), орналасу басымдылығын анықтау. Мед.көмекке қаралу күнін белгілеу, госпитальді этапқа дейін жүргізілген емдеу және тексеру көлемін анықтау.

2. Толық эпидемиологиялық анамнез жинау - жұқпалы аурулармен, сондай-ақ басқа инфекциялармен жанұяда және балалар ұжымында қатынастың болуын анықтау, балалар ұжымына соңғы рет барған күнін анықтау.

3. Өмір анамнезінен бұрын ауырған инфекциялық және соматикалық аурулары туралы, олардың ағым ерекшелігі туралы, алдын-алу егулері туралы мәлімет алу. Аллергологиялық анамнезді анықтау. Бала невропатологта «Д-есепте» тұруын анықтау.

4. Баланы қарау: интоксикация симптомдарының болуын анықтау (Т жоғарлауы, құрысудың болуы, мазасыздық, есінің бұзылуы, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, құсу реттілігі).

5. Баланы тексеру жоспарын, жанұя мен балалар ұжымындағы эпидемияға қарсы шаралар құрастырыңыз.

6. Жанұяда және ұйымдасқан ұжымда алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар жоспарын құрастыру.



  • Тарату материалы:

балалар мекемелерінде санитарлы-эпидемиологиялық тәртіпті бақылау, эпидемияға қарсы және алдын-алу шараларын жүргізу және ұйымдастыру электронды тасымалдағыштарда.
Әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

1 Кузмичева А.Т., Шарлай И.Т.- Детские инфекционные болезни, М. Медицина, 1984г. 26 экз.



  1. Нисевич Н. И., Учайкин В.Ф. Инфекционные болезни у детей. М, Медицина, 1990. 83 экз.

  2. Носов С. Д. - Детские инфекционные болезни, М. 1982г. 270 экз.

  3. Под ред. Ю. Ю.Елисеева.- Справочник семейного доктора/ М.: Эксмо,2006.-1040с.

  4. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Бшм, 2005.- 318 с.

Қосымша:

  1. Бегайдарова Р.Х., Стариков Ю.Г., Алшынбекова Г.К., Константиниди Т.А., Дюсембаева А.Е., Девдариани Х.Г., Ефимова О.Н., Золотарева О.А «Диагностика и дифференциальная диагностика инфекционных заболеваний у детей», учебно-методическое пособие, Караганда.- 2006.- 74 с. -80 экз.

  2. Бегайдарова Р.Х. Нейроинфекции у детей. Учебно-методические рекомендации. 1997.

  3. Белоусов Ю.Б. и др. Клиническая фармакология и фармакотерапия. Руководство для врачей. - М.: Медицина, 1997. - 360 с.

  4. Болезни органов дыхания у детей: Руководство для врачей. Под ред. Рачинского СВ. -М.: Медицина, 1988. - 456 с.

10. Дифференциально-диагностические таблицы по отдельным нозологиям, Г. А.
Тимофеева. Ленинград, 1978, методические указания для самостоятельной подготовки
студентов по инфекционным болезням у детей.Машковский М.Д.Лекарственные
средства.- М.:Новая волна, 2000.-570 с.

11. Доказательная медицина

12. Интенсивная терапия в педиатрии. Под ред. В.А.Михельсона. - М., ГЭОТАР - МЕД,
2003 - 552 с. 4 экз.


  1. Мазурин А.В. и др. Общий уход за детьми: Учебное пособие. - М.: Медицина, 1998. -200 с.

  2. Огай Е.А. Руководство по инфекционным болезням у детей 2000г. 15 экз.

15. Тимченко В.Н. и соавт. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение
детских инфекций (справочник) - СПб.: «ЭЛБИ-СПб», 2004, 384 с. - 1 экз.

16. Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшева О.В. Инфекционные болезни и


вакцинопрофилактика у детей, Учебник для ВУЗов. - М., ГЭОТАР - МЕДИА, 2006, . 83
экз.

  1. Учайкин В.Ф., Молочный В.П. Неотложные состояния в педиатрии. - М.: ГЭОТАР -Медиа, 2005, 256 с. 2 экз.

  2. Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М: Москва. 2004, 824 с. 3 экз.

Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Практические курсы по детским болезням. Под.ред. М. А. Алиякпарова. К. 1993 -2 т.-229 с. (қазақ тілінде)

  2. Б.Т. Тусшкалиева, А.У. Исмагулова. Балалар аурулары. Актебе. 1993.

  1. Хабижанов Б.Х. Хамзин С.Х. Педиатрия. Алматы, Бшм, 2005.

  2. Б.Х. Хабижанов Балалар аурулары. А.; 1987 ж.

Қосымша:

5. Бегайдарова Р.Х., Г.К.Алшынбекова и др. Балалардагы жукпалы аурулардын


диагностикасы жэне ажырату диагностикасы: Оку-яядстемелш курал/ КГМА, Караганды;
Б.и.,2007.-74с.-47д.

  1. Жукпалы аурулар кезшде пайда болатын бала денсаулыгына катерл1 жагдайларда корсетшетш дэр1герл1к комек. Неотложные состояния у детей при инфекционной патологии и методы экстренной терапии. Бегайдарова Р. X., Учебно-методические рекомендации, Караганда 1997.

Г.Г. Кугтыкржанова. Балалардьщ жукпалы аурулары. 2001 ж. - 30 дана.
Бақылау:

Сұрақтар:

1. Менингококты инфекцияға күдіктенген кезде қандай эпидемиологиялық ерекшеліктерді анықтау керек?

2. Бактериальді менингитке тән клиникалық симптомдарды атаңыз.

3. Менингококты менингитті салыстыруды қажет ететін негізгі ауруларды атаңыз.

4. Менингококты инфекция кезіндегі патогенездің негізгі фазаларын атаңыз.

5. Менингококты инфекция кезінде жүйке тінінде қандай негізгі патоморфологиялық өзгерістер анықталады.

6. Осы аурудың негізгі формаларын атаңыз.

7. Осы ауруға тән негізгі клиникалық белгілерді атаңыз.

8. Балалардағы жұлын-ми пункциясының техникасы.

9. Менингококты инфекцияның лабораторлы диагностикасының негізгі әдістері.

10. Инфекционды-токсикалық шок туралы түсінік.

11. Алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар (инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру, инфекция көздерін анықтау, СЭС-ке экстренді хабарлама толтыру, карантин қою, қатынаста болғандар шеңберін анықтау, олардың бактериологиялық тексеруін жүргізу).

12. Осы аурулар кезінде ауруханадан шығару шарттары.


Тесттердің үлгілері:

1. Менингококцемияны тағы қалай атайды?



  1. менингококты сепсис

  2. менингоэнцефалит

  3. вентрикулит

  4. мидың чсусынділенуі

  5. эпендиматит

2. Менингококкемияға тән бөртпе



  1. розеолезді

  2. геморрагиялық

  3. петехиальді

  4. папулезды

  5. везикулезді

3. Менингококты инфекцияның сирек формаларына жатпайды:



  1. менингококты иридоциклит

  2. жедел назофарингит

  3. менингококты эндокардит

  4. менингококты пневмония

  5. менингококты менингит

4. Менингококк бөледі:



  1. экзотоксин

  2. эндотоксин

  3. Дик токсині

  4. гиалуронидаза

  5. протеиназа

5. Жайылмалы менингококты менингит кезінде таңдау препараты болып табылады:




  1. гентамицин

  2. оксациллин

  3. пенициллин

  4. цефатоксин

  5. преднизолон


Жағдайлық есептердің үлгілері:

1 Есеп



Саша С., 2 жаста. Жедел ауырды. Температурасы – 38,5°С, мұрнымен тыныс алуы қиындады, күндіз бір рет құсқан, бас ауруы мазалайды. Ауруының екінші күні құсу қайталанған. Үйде – симптоматикалық ем алған, бірақ сәтсіз. Ауруының екінші күні кешке қарай алғаш рет дәрігерге қаралып, тұмау диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Дене температурасы - 38,8°С, бозарған, енжар, еш қатысусыз. Коньюктивит. Аңқасы гиперемияланған, бадамша бездері II мөлшерге дейін, жабындылар жоқ, жұтқыншақ арты фолликулдарының гиперплазиясы. Өкпеде қатқылдау тыныс, сырылдар жоқ. Оң симптомдар байқалады: шұйде бұлшықеттерінің тартылуы, Керниг симптомы, жоғарғы Брудзинский симптомы.

Жалпы қан анализінде:Эр - 4,0 1012/л, Нв - 124 г/л, т.к. - 0,8. СОЭ - 8мм/сағ, Л -12,0 109/л, Эоз - 3, Т.я. - 8, С.я. - 49, Лимф. - 30, Мон - 10.

  1. Сіздің диагнозыңыз?

  2. Ем тағайындаңыз?

  3. Алдын-алу шараларын жүргізіңіз?

Тақырыбы: Менингококцемия. Пән: Балалардағы жұқпалы аурулардың алдын-алу Мамандығы 0511025, «Қоғамдық денсаулықсақтау»

Студенттердің оқытушының жетегімен өзіндік жұмысына арналған әдістемелік ұсыныстар

83.2kb.

09 09 2014
1 стр.


Cтуденттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Зәр ұстамаған жағдайдағы күтім. Ойықтың алдын алу. Хәлі ауыр науқастардың гигиеналық күтімі. Пән gg3217- «Геронтология, гериатрия»

Мақсаты: Студенттерді егде және қарт жастағы науқастарда болатынзәрі тоқтамайтын жағдайдағы күтімін жүзеге асыру, ойық жараның алдын алу және гигиеналық шараларды жүзеге асыруға үй

54.41kb.

14 09 2014
1 стр.


Пән: Балалар аурулары Мамандығы:«051301- жалпы медицина» Курсы

Балалардағы секреторлы диареялардың клиникалық көріністері мен диагностикалау принциптері

69.28kb.

25 12 2014
1 стр.


Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Тақырып 1: Протозойлы аурулардың лабораториялық диагностикасы және алдын алу. Саркодтылар класы. Талшықтылар класы

160.4kb.

25 12 2014
1 стр.


Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., доцент А. К. Султанов

Силлабус «Медицина тарихы» пән бойынша жұмыс бағадрламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» 5В110200 мамандығы үшін 12. 05. 2009. құрастырылған

187.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Еңбек гигиенасы, кәсіптік аурулар, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы Элективтік пән «Өндірістік эргономика» Мамандығы: 051102-«Қоғамдық денсаулықты қорғау»
106.85kb.

18 12 2014
1 стр.


Пән: «Философия» Мамандығы: «5В110200 – Қоғамдық денсаулық сақту» Курс

Мақсаты: Студент өз жобасының, яғни тақырып бойынша материалдар (мағлұматтар, деректер, ақпараттар, кітаптар мен оқулықтар) іздестіру, жинау

28.06kb.

25 12 2014
1 стр.


Халықтың осал топтары арасындағы алдын алу жұмысы

Житс оо мамандарымен облыстағы жалпы халық пен тұрғындардың осал оптары арасында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде

18.25kb.

14 12 2014
1 стр.