Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-03/02

ПП КГМУ 4/02

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы

СИЛЛАБУС


«Медицина тарихы» пәні бойынша
«Қоғамдық денсаулық сақтау» - 5В110200 мамандығы үшін
Оқу сағатының көлемі – 45, I кредит



II курс
IV семестр

Қарағанды 2012 ж.


Силлабус «Медицина тарихы» пән бойынша жұмыс бағадрламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» - 5В110200 мамандығы үшін 12.05. 2009. құрастырылған

Силлабус әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасының мәжілісінде қарастырылып және бекітілді 2012 Хаттама №




Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.К. Султанов


Оқытушылар туралы мәлімет
Султанов А.К. – кафедра меңгерушісі, доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 17 жыл, 2001 жылы «Арнайыландырылған балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың негізгі денсаулығы», 30 баспа жұмысы жарыққа шықты, докторлық диссертациялық тақырыбы «Пенитенциарлық мекемелердегі сотталған адамдардың гигиеналық денсаулығын бағалау».
Сайфулина Н.Ф. – аға оқытушы, педагогикалық жұмыс өтімі – 36 жыл, 50 жұмысы жарыққа шыққан. Ғылыми қызығушылығы – «Орталық Қазақстанда медицинаның дамуы».
Еремеев А.М. – доцент, педагогикалық жұмыс өтімі - 38 жыл, 1982 жылы «Әр түрлі оқу ұйымдарындағы оқушылардың жұмысқа қабілеттілік динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, 37 баспа жұмысы жарыққа шықты, ғылыми қызығушылығы – «Қазақстандағы тұрғындар денсаулығының жағдайы».
Тулекбаева К.Т. –оқытушы
Байланыс ақпараты: кафедра Гоголь көшесі 40, ауд. 306,307,323 орналасқан.

телефон 51 38 97, қосымша 121.




  • Пәннің саясаты:

Студент «Медицина тарихын» оқу кезінде барлық сабақтарға қатысу керек, сабаққа дайын болуы керек. Оқу үлгерімі әрбір сабақта ауызша және тест түрінде бағаланады. Егер студент сабақты босатса, онда ол аралық бақылауға дейін өтеуі тиіс. Пәнді оқуда СӨЖ тапсыру кестесіне сәйкес, өзіндік жұмысты орындауы керек.

Медицина тарихы студенттерінің білімі рейтингтік бал, әріптік жұйе бойынша бағаланады, «Студенттердің үлгерімі рейтинг жұйесіне» сәйкес болуы керек.

Оқу кезінде студенттер оқытушыға, бір-біріне сыпайы түрде қарауы керек. Өздерін болашақ дәрігер ретінде санап, тәртіптерін этикалық норма бойынша сақтау керек.

Кіріспе

Медицина тарихы – медициналық қызметтің және медициналық ілімнің пайда болуы, қоғамдық экономикалық формацияның ауысуымен, жаратылыстану мен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Ол барлық медициналық пәндерді оқытуда байланыстырушы бөлімі, медициналық ілімдерді біріктіруші ретінде алғашқы болып есептелінеді де, медицинада осыған дейінгі білімді негізге ала отырып оның нақ осы шағы мен ерекшелігін аңғаруға мүмкіндік береді. Медицина тарихын оқу қажет, өйткені ол медициналық білімнің интеграциясндағы алғашқы пән. Студенттерге медицинаның және денсаулық сақтаудың дамуының кешенді көрініс алуына мүмкіндік береді, медицина теориясына және қазіргі кездегі денсаулық сақтаудың дамуына дұрыс баға береді.



Медицина тарихын оқу ғылыми әлемдік көзқарастың дамуына, тарихи ойлау, болашақ мамандардың теориялық білімін жақсарту, интернационализм, гуманизм, патриотизм сезіміне тәрбиелеуге үлкен мән береді.
Пәннің мақсаттары:

  • Әлемдік және отандық медицинаны оқу негізінде кәсіби және мәдени маман болатын денсаулық сақтаудың болашақ маманын қалыптастыру




  • Оқыту міндеттері:

  • Бүкіл әлемдік медицинаның тарихи дамуының жалпы заңдылықтарын ашу;

  • Әлемдегі әртүрлі мемлекеттердің медициналық ғылым және тәжірибесін қалыптастыруын, интернационалдық фактор және ұлтаралық бірліктің өзара әрекеттесуін көрсету;

  • Адамзаттың әртүрлі даму кезеңінде адамның денсаулығы және ауруын медициналық , гигиеналық білімін нақты бағада аналитикалық жолда – тарихи уйрету


Оқытудың соңғы нәтижесі

Студент білу керек

  • қазақстанды қосқанда, бүкіл әлемдік медицина тарихының даму заңдылықтарын;

  • бүкіл әлемдік медицина тарихының кезеңі

  • медицина және экономикалық қоғам дамуындағы тиімділігі, медицина

дамуының жалпы сипатын;

  • медицина тарихының оқыту көздерін;

  • отандық және әлемдік медицинаның негізгі сипатын;

  • қоғамдық денсаулық сақтау дамуының кезеңдерін;

  • медицина ғылымының дамуына ғалымдардың қосқан үлесі

  • медик және дәрігерлер – ғалымдардың қызметтерінің батылдығын мысалға алу



Студент істей білу керек

  • қоғамдық-экономикалық фармациялардың ауысымымен байланысты соның iшiнде Қазақстанда, медицина дамуының тарихи ерекшелiктерiн түсiну,;

  • медицина тарихының тапсырмаларын қазіргі кезең бойынша анықтау;

  • тарихи көздерді іздеуде және жинауда зерттеудің негізгі әдістерін қолдану;

  • медицина тарихы бойынша мұрағаттық материалдарды қолдану;

  • медицина тарихының оқу көздерін салыстыру және сәйкестендіру;

  • медицина тархының зерттеу көздерін салыстыру;

  • тарихи көздерді іздеуде әдістемелік жұмысты-ұйымдастырып жүзеге асыру;

  • медицина тарихын оқуда көркем өнер әдебиетін, тарихи оқулықтар, басқа қолөнер туындыларын және басқа көздерді қолдану;

  • қазіргі ғылым деңгейінің талабына сай ұсыныстарды ұғыну және қайта мағыналауды қолдану;

  • тәжірибеде тарихи әдісті денсаулық сақтаудың құралы ретінде қабылдау;



  • Реквизитке дейінгі пәнде: Қазахстан тарихы, политология,

  • Реквизиттен кейінгі: негізгі және тектес пәндер




  • Пәннің қысқаша мазмұны

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының жоғарғы білім беру жүйесіндегі маңызы. Алғашқы қоғам дәуіріндегі медицина. Ежелгі Шығыс құлиеленушілік мемлекеттердегі медицина. Ежелгі Греция және Ежелгі Рим медицина. Гиппократ. Гален. Византиядағы медицинаның дамуы, Араб халифатындағы, Батыс Еуропадағы, Ежелгі Русь, Мәскеу мемлекетіндегі, феодализм дәуіріндегі Қазақстандағы медицинаның дамуы. Аль-Фараби, Авиценна. Капитализм дәуіріндегі Батыс Еуропадағы медицина. Ресейдегі медицина (XVІІІ – XXғғ). Әлемдік медицинаға қосқан үлесі Н.И. Пирогов, С.П. Боткин, Г.А. Захарьин, Н.Ф. Филатова, Ф.Ф.Эрисмана, А.П. Добрословина. Медицинаның Қазақстанда дамуы (XVІІІ - XXғғ). Тәуелсіз Қазақстандағы медицина және денсаулықсақтау.
Дәрістің тақырыптық жоспары



Дәріс тақырыптарының аталуы

Өткізілу түрі

Ұзақтығы

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының оқу көздері. Алғашқы қауым қоғамындағы медицинаның туындауы

мәселелі дәріс

1

2

Әлемдегі ежелгі елдер медицинасы

мәселелі дәріс

1

3

Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина

мәселелі дәріс

1

4

Кеш орта ғасырдағы медицина

мәселелі дәріс

1

5

Жаңа уақыт медицинасы


мәселелі дәріс

1

6

XX ғасырдағы медицина


мәселелі дәріс

1

7

XX ғасыр Қазахстандағы медицина


мәселелі дәріс

1




Барлығы




7



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Өткізілу түрі

Ұзақтығы

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының оқу көздері. Алғашқы қауым қоғамындағы медицинаның туындауы

Тәжірибелік сабақ

1

2

Ежелгі шығыс елдеріндегі медицина (Шумер, Вавилон, Ассирия, Египет, Үнді, Қытай)

Тәжірибелік сабақ

1

3

Ежелгі Грекия және Римде медицинаның дамуы

Тәжірибелік сабақ

1

4

Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина

ТВL (team based learning, командамен оқу)

1

5

Кеш орта ғасырдағы медицина

Тәжірибелік сабақ

1

6

Ресейде18-20 ғ. Медицинасының даму ерекшеліктері

Тәжірибелік сабақ

1

7

XX ғ. Қазақстандағы медицина

Тәжірибелік сабақ

1

8

Тәуелсіз Қазақстан медицинасы

Тәжірибелік сабақ

1




Барлығы




8



Кеңес беру уақыты:

Апта сайын кеңес беру жүргізіледі сейсенбіде сағат 16.00 сағаттан – 17.00 сағатқа дейін

Аралық бақылау уақыты:


Мамандық

Курс/ топ

Пән

Апта/күн

Уақыт

«Қоғамдық денсаулық сақтау»

2/201,202,203

«Медицина тарихы»

33/11.04.2012

Оқудан тыс


ОЖСӨЖ тақырыптық жоспары




Тақырыптың аталуы

Өткізілу түрі

Ұзақтығы

1

Медицина тарихы ғылым ретінде. Медицина тарихының оқу көздері. Алғашқы қауым қоғамындағы медицинаның туындауы

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2


2


Ежелгі шығыс елдеріндегі медицина (Шумер, Вавилон, Ассирия, Египет, Үнді, Қытай)

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2


3

Ежелгі Грекия және Римде медицинаның дамуы

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2

4

Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2

5


Кеш орта ғасырдағы медицина

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2


6

Ресейде18-20 ғ. Медицинасының даму ерекшеліктері

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2

7

XX ғ. Қазақстандағы медицина

жеке тапсырма бойынша жұмыс

2

8

Тәуелсіз Қазақстан медицинасы

жеке тапсырма бойынша жұмыс

1




Барлығы

жеке тапсырма бойынша жұмыс

15



СӨЖ тақырыбының жоспары




Тақырыптың аталуы


Өткізілу түрі

Ұзақтығы



Ежелгі Грекия медицинасы.

Гиппократ. Гиппократ жинағы



әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2




Ежелгі Рим медицинасы. Асклепиад. Гален. Цельс

әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2



Әлемдік медицинаның таңбасы

әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2




Араб халифатындағы медицина . Абу Али ибн Сина (Авиценна) «Дәрігерлік ғылым қағидалары»

әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2




Ортағасырлық Қазақстан ғалымдары (Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, Ө.Тлеуқабылұлы)

әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2



Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы медицина

әдебиетпен жұмыс, тақырыпты игеру, проект дайындау

2



Қазақстанның халық медицинасы;ежелден қазіргі күндерге дейін




2



Қазақстанның қазіргі кезеңдегі медицинасы




1




Барлығы




15



«Медицина тарихы» пәні бойынша тапсырма орындау және тапсыру графигі

(СӨЖ)


Апта

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

СӨЖ бойынша тақырыптарының №
















I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII










  • Ескерту: СӨЖ бойынша тапсырма сабақта СӨЖ-дің тапсыру кестесі бойынша оқытушыға тапсырылады.




  • Пән бойынша әрбір сабақтың тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі, тақырыптық жоспармен келісілген



    Ұсынылатын әдебиеттер:

    Орыс тілінде:

    Негізгі

Основная

  1. Камалиев М.А. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана/ М.А. Камалиев, Р.К. Бигалиева, Т.Х. Хабиева.- Алматы, 2004.- 174 с.

  2. Лисицын Ю.П. История медицины/ Ю.П. Лисицын.- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2004. -400 с.

  3. Сайфулина Н.Ф. Курс лекций по истории медицины: Учебное пособие/ Н.Ф. Сайфулина. – Караганда, 2008.- 122 с.

  4. Сорокина Т.С. История медицины: Учебник для студ. высш. мед. учеб. заведений / Т.С. Сорокина. – 5-е изд., стер.- М.: «Академия»,2006.-560 с.


Дополнительная

  1. Бородулин В.И. История клинической медицины от истоков до середины 19-го века: лекции: учеб. пособие / В.И. Бородулин. – М. : Медицина, 2008. – 180 с.

  2. Войцехович Б.А. Общественное здоровье и здравоохранение / Б.А. Войцехович.- Ростов н/Д: Феникс, 2007.- 32-33 С.

  3. Даулетбакова М.И. К 55-летию Даулетбаковой Марьям Ильясовны / М.И. Даулетбакова. – 2008. - 44 с.

  4. Кодекс Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 18 сентября 2009 года №193 – IV. - Алматы, БИКО, 2009. – 128 с.

  5. Кулмагамбетов И.Р. Карагандинская государственная медицинская академия: страницы истории / Гл.ред. И.Р.Кулмагамбетов, К.А.Алиханова (отв.ред.).- Караганда, 2005.- 644 с.

  6. Мирский М.Б. История медицины и хирургии : учебник – М., 2010. – 528 с.

  7. Нурмухамбетулы А. «Исповедь» из глубины веков / А. Нурмухамбетулы. – Алматы, 2000

  8. Сейсембеков Т.З. Выпускники КГМИ – участники Великой Отечественной войны. Книга памяти. – Караганда. – 2010. – 55 с.

  9. Сейсембеков Т.З. Поспелов Петр Моисеевич : страницы истории / Т.З. Сейсембеков. – Караганда, 2010. 44 с.

  10. Сорокина Т.С. История медицины : учеб. для студ. высш. мед. заведений / Т.С. Сорокина. – 7 – е изд., испр. – М. : Академия, 2008. – 560 с.

  11. Телеуов М.К. Карагандинский Государственный Медицинский Университет / Под общей ред. М.К. Телеуова. – Караганда, 2010. – 268 с.

  12. Тульчинский Т.Х. Новое общественное здравоохранение: Введение в современную науку / Т.Х. Тульчинский, Е.А. Варавикова. – Иерусалим, 1999. – 1049 с.

  13. Шарманов Т.Ш. Мировое здравоохранение до и после великой Алма – Атинской конференции/Т.Ш. Шарманов. – Алматы, 2003. – 232 с.


На казахском языке:

Основная

  1. Биғалиева Р.Қ. Бүкіләлемдік медицина тарихы / Р.Қ. Биғалиева. - Алматы, 2004.- 390 б.

  2. Сұлтанов А.К. Медицина тарихы бойынша дәрістер жинағы: оқу құралы/ А.К. Сұлтанов.- Қарағанды, 2007.- 94 б.



Дополнительная

  1. Әлиев М.Ә. Қазақстан медицинасының тарихы/М.Ә. Әлиев, Р. Нұрмұханбетқызы. – Алматы, 2003. – 192 б.

  2. Қайып К. Жұбан әулие/ К. Қайып, С. Базарбаев// Денсаулық.-2006.-№5.-Б.24-25

  3. Рысбеков М.М. Әл – Фараби медицинасы және қазіргі көзқарас / М.М. Рысбеков, Е.С. Мырзақұлов // Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии.-2007.-№2. – Б. 68-70

  4. Шарманов Т.Ш. Ұлы Алматы конференциясында дейінгі және одан кейінгі кезеңдегі әлемдік денсаулық сақтау ісі / Т.Ш. Шарманов.-Алматы, 2003.- 211 б.




  • Оқу және оқыту әдістері:

  • Дәріс: мәселелі

  • Тәжірибелік сабақ: тарихикестелі материалдармен жұмыс, ауызша сұрау, тест тапсырмаларын шешу, кіші топтармен жұмыс, TBL (team – based learning, командалық бағытпен оқыту)

  • Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысы: оқытушының белсендi консультациясының арқасында студенттермен пәндi өзіндік үйрену

  • Студенттердің өзіндік жұмысы: түпдеректермен жұмыс, баяндама жасау, кеңес берiлген әдебиетпен жұмыс, глоссарий құрастыру, тақырыптық альбомдарды безендіру және т.б.




  • Білім бағасының ережесі және критериі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критериі (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиториялық, СӨЖ, ОЖСӨЖ*)

Баға шкаласы**

Таңбалау жүйесі бойынша бағалау


Бағаның сандық баламасы

Бағаның пайыздық мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

«Өте жақсы»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»



С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

Д+

1,33

55-59

Д

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»



Білім бағасының критериі**

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қателіктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып – үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданып, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Жақсы» білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75 % - дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулер болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми – зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктерді студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50 % игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, колоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелеген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдарды оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

* Ескерту: Кредиттік жүйеде білім алушылар үшін.



** Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізіндерінде құрастырылған.

  • Пән бойынша интегралды бағаны толтыру және рейтингті есептеу әдісі (ҚММУ ағымдық жылға бекітілген рейтинг жүйесіне сәйкес толтырылады).

Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., доцент А. К. Султанов

Силлабус «Медицина тарихы» пән бойынша жұмыс бағадрламасының негізінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» 5В110200 мамандығы үшін 12. 05. 2009. құрастырылған

187.71kb.

25 12 2014
1 стр.


Кафедра меңгерушісі, м.ғ. к., доцент А. К. Султанов

Силлабус «Медицина тарихы» пән бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде «Жалпы медицина» 5В130100 мамандығы үшін құрастырылған

176.23kb.

14 12 2014
1 стр.


Аға оқытушы Тоқбергенова А. А. Қорғауға жіберілді Кафедра меңгерушісі: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Тілеуқұлов Г
399.54kb.

14 12 2014
3 стр.


Ii курс ІІІ семестр Карағанды 2011ж

Кафедра меңгерушісі: Айкенова Рыскельды Айкеновна,педагогика ғылымының кандидаты, доцент педагогикалық жұмыс стажы – 29 жыл. Ғылыми қызығушылықтары: тілдерді оқытудың жаңа технолог

222.66kb.

12 10 2014
1 стр.


Докторской диссертации – «Гигиеническая оценка состояния здоровья осужденных, находящихся в пенитенциарных учреждениях»

Заведующий кафедрой социальной медицины и организации здравоохранения к м н., доцент: А. К. Султанов

190.96kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

101.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к, доцент С. Т. Тулеутаева

33.78kb.

25 12 2014
1 стр.


Ереже кафедра меңгерушісі лауазымына конкурстық тағайындау туралы Жалпы бөлімі
41.49kb.

12 10 2014
1 стр.