Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-08/01

ПП КГМУ 4/01


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсы

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Функциональдық бедерлемелер, әдістемесі. Гербст сынамалары.
Пән ОSР 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Құрастырған: Сакенов Т.С.

Қарағанды 2010

Курс отырыснда талқыланып бекітілді


«25»___06___2010ж. Хаттама № 12


Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ. Функциональдық бедерлемелер, әдістемесі. Гербст сынамалары.
МАҚСАТЫ: Доғалы протездің қаңқасын ауыз қуысында шақтап келтіру, протезге коррекция жасау, протездік күтіп киуі туралы кенес беру. Науқасты толық тіссіз жақта тексере білу диагноз қою. Тіссіз жақтардың жіктелуін білу (Оксман, Шреодер, Келлер және Курянский бойынша).

ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Ортопедиялық емдеу тек қана функционалды және эстетикалық ақауды толтырмайды, сонымен қатар психологиялық сезімді қалпына келтіреді. Науқаста толық тіссіз жақтың тіс жақ жүйесінің жеке ерекшеліктерін анықтау ортопедиялық емнің басты кезендерінің бірі болып табылады. Толық алынбалы протезді бекіту және орнықтыру емнің нәтижесін жақсартады.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:


  1. Протезді енгізу жолдары

  2. Доғалы протездің сапасын технологиялық критериі

  3. Стоматологиялық науқасты қосымша және негізді тексеру.

  4. Толық тіссіз жақтардың шырышты қабатын бағалау.

  5. Тіссіз жақтардың жіктелуі.

  6. Гаврилов бойынша үлгілердіің жіктелуі.

САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС:

Тісжарақтық зертханада тікбұрышты бағандар ғаныштан дайындалады және жоғарғы және төменгі жақтардың орталық, бүйір күрек тістерін (оң және сол жақ) ғаныштан модельдейді. Студенттер ғаныштан модельденген тіс сауыттарын көрсетеді. Жіберілген қателіктерді талқылау және түзету.
Протезді орналастыру

Дайын протезді орнықтырмас бұрын оның негізінің қалыңдығына, жиектеріне, беткейлеріне, өңдеу және жылтырату сапасына, ілмектердің орналасуына аса көп көңіл аударылады.Көп жағдайда тіс аралық кеңстікті өңдеу сапасына көңіл бөлінеді. Полимеризация әәр түрлі бұзылса немесе полимер мен монумер ара қатынастары дұрыс келмесе протез негізінде көпіршіктер пайда болады. Өңдеу барысында ол көпіршіктерде жылтыратқыш масса енеді де, протезге жағымсыз түс береді. Егерде көпіршіктер аз аймақта орналасса онда ол жерге тез қататын пластмассаны жағу арқылы орнына келтіруге болады. Ал егерде көпіршіктер протездің барлық беткейінде шашырап орналасса оны қайта жасау қажет. Кей жағдайларда пртездің жиектерінде тетікшелер кездесуі мүмкін, әсресе жоғарғы жақ төмпешіг аймағында. Ол тетікелерді протезд салмас бұрын алып тастағаны жөн және протездің жиектерін әрқашанда дөңгелектейді.

Ілмектерге де аса көп көңіл бөлген жөн. Әсіресе олардың ұтарына. Үшкір немесе тегістелмеген ілмектердің ұштары қатерлі болып келеді: олармен еріннің шырышты қабаттарын протезді алып-салғанда жарақаттап алу мүмкіндіг туады.

Протез қаншалықты дұрыс жасалса да, ол еқашанда протез орнына еркін орналаспайды. Оған кедергі туғызатын ең бірінші табиғи тістер. Протездің орнығуына кедергі туғызатын аймақтарды көірме қағаздың көмегімен оңай анықтайды оны протезбен табиғи тістердің арасына салу арқылы. Пластмассаның қалдықтарын науқас бірнеше келуінде ептеп-ептеп фрезаның көмегімен алып тастауға болады. Протезді ауыз қуысынан кіргізіп шығару дәрігердің көмегнсіз науқас өзі істей алуы қажет. Протезге кедергі туғызатын пластмасса қалдықтарын алу барысында протездің табиғи тістерге орналасу дұрыстығын бұзатын жағдайлар тууы мүмкін. Пайда болған саңылауларда тағам қалдықтары қалып қояды. Сол жерлерде орналасып, ол ауыз қуысының гигиенасын бұзады. Протездің негізі ырыты қабатта жатуы тиіс. Оның дұрыс жатуын айнаның көмегімен және күндізг жарықта анықтайды. Протез жиектері өтпелі қатпардың вестибулярлы және тіл бетінде, қаттытаңдайда ырышты қабатқа жанасып жатады. Егерде қаттытаңдайдың шырышты қабатымен протез арасында саңылау болса, ол оның тығыз жанаспауын көрсетед. Бұл жағдайда оның себебін тауып қателікті жойған дұрыс.

Жоғарғы протездің дистальді бөлігін жұқартады, оның таңдай беткейімен байланысы жай болуы үшін. Шырышты қабаттың қозғалмалы қатпарларын босатады. Өйткені ол сөйлеу және күлген уақытта пртез жиектерімен жарақаттануы мүмкін.

Доғалы протезді шақтап келтіру барысында жоғарғы және төменгі жақтарда орналасқан доғаға көп көңіл аударылады. Доғамен шырышты қабат арасында бұрыштық сүңгі өтетіндей саңылау болғаны жөн. Егерде доға шырышты қабатқа тығыз жанасып жатса, әсіресе қатты таңдайда аз қозғалмалы шырышты қабат болғанда ойық жаралар пайда болуы мүмкін. Егерде доға жоғарғы жақта шырыты қабаттан көп алшақ тұрса, онда ол тағам қабылдағанда кедергі туғызады. Өйткені шайналған тағам тіл арқылы жоғарғы таңдаймен сырғи отырып жұтқыншаққа жетеді. Ал төменгі жақта доғаның альвеоляр өсіндісінің шырышты қабатынан едауір алшақ тұруы тілдің орналасуына кедергі тудырады. Ал доға керісінше тығыз жанасып жатса тіл үзбесін зақымдауы мүмікн.


Толық тіссіз жақтарда науқасты тексеру


Кезеңдері

Қажетті заттар

Бақылау критериі

1. Дайындық ке зеңі

2. Сұрау



МУС 3-курсты қарау

Шағымдары:

1. Тістердің болмауына және шайнау функциясының бұзылуына

2. Бұрын қолданып жүрген протездерінің сынуына, нашар бекітілуіне, протездің ескіруіне

3. Эпигастральді аймақта және СТЖБ аймқтарының ауруына



3. Бет піінін қарау

Визуальді

Бет әлпетінің төменгі бөлігінің қысқаруы

Мұрын, ерін және иек асты қатпарларының айқындалуы

Еріннің және ұрттың жұмсақ тіндерінің төмен түсуі, ауыз бұрышы терісінің қатпарлануы

Ауызды ашқан уақытта СТЖБ сықырдың пайда болуы

Ауыз саңылауын қоршаған ымдау бұлшық еттерінің төмендеуі


4. Ауыз қуысын тексеру

А) ауыз қуысының шырышты қабатын тексеру

Б) жақтардың альвеолярлы өсіндісін тексеру

В) таңдай күмбезі

Г) жоғарғы жақтың альвеолярлы бұдыры

Д) протез орны шырыты қабатының тпографиясы


Ж) протез орнының шырыты қабатының басымдылығын анықтау


5. Альвеолярлы өсінділердің қатынастарын анықтау түрі

6. Диагнозды қалыптастыру

7. Протездің құрылымын таңдау



Пальпация жасау, айнаның және қысқыштың көмегімен визуальді қарау

Визуальді, сипап-сезу арқылы


Визуальді

Сипап-сезу арқылы және визуальді

Визуальді


Тістер толығымен жоқ

Шырышты қабаттың түсі біркелкі қызғылт немесе ақшыл қызғылт, ылғалды, тегіс, жылтыр

- альвеолярлы өсіндінің сему дәрежесі: домалақ, айдарық тәрізді, алмұрт тәрізді, жедел.

- альвеорялы өсіндінің сему мінездемесі: біркелкі, біркелкі емес

- кейінгі жұлынған тістер аймағында үшкір сүйек бұдырларының болуы

- ішкі қиғаш сызықтың болуы

- таңдай күмбезінің айқындылығы (терең, орташа, жазықты)

- қатты таңдайда тонустың болуы (айқын, айқын емес)

- жоғарғы жақта альвеолярлы төмпешіктің айқындылығы (жақсы, орташа, нашар)

- қозғалмалы ырышты қабат өтпелі қатпар аймағында орналасады.және бұлшық еттер жиырылғында қысқарады.

- альвеолярлы өсіндінің сему деңгейіне байланысты қоғалмалы шырышты қабаттың бекітілмеуі альвеолярлы өсіндінің ұшына қарай жақындайды.

- қозғалмайтын шырышты қабат таңдайдың альвеолярлы өсіндісін, альвеолярлы бұдырларды жауып тұрады да, сүйек негізіне қатысты горизантальді қозғлғыштыққа ие болмайды.

Басылу дәрежесіне байланысты шырышты қабаттың түрін анықтайды:

- А сызығыының орналасуын «А дыбысын» айту арқылы анықтайды.

- бұдырлардың шырышты қабатының жағдайы. Көлемі, тығыздығы және қозғалғыштығына байланысты осы аймақтарда төменгі протез негізінің шекаралары анықталады.

- тілді тексеру. Тілдің көлемі және оның констистенциясы анықталады.

Тілді шығарып қарама-қарсы жақтың ртына дейін жеткізу. Егерде протез орнынан қозғалмаса онда оның жиегін осы аймақты дистальды шекарасына дейін жеткізу.

Альвеолярлы өсіндінің қатынасы ортогнатиялық, тік, прогиниялық және пргнотиялық болып бөлінеді.

Тіс жақ жүйесі ауруларының нозологиялық түрлері көрсетіледі.

- тістердің толық болмауы тіссіз жақтардың Оксман бойынша жіктелуі және Суппле бойына шырыты қабаттың басымдылығын анықтау

Негіздің, жасанды тістердің материалдары таңдалынады, протез құрылымы көрсетіледі.

ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.

  2. Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с

  3. Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с

  4. Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)

  5. Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с

  6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)

  7. Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.

  8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.

  9. В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.

Қосымша:


  1. Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с

  2. Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.

  3. Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.

  4. Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)

  5. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.

  6. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)

  7. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с

Қорытынды сұрақтар:



  1. Доғалы протездің конструкциясын тексергендегіі қойылатын талаптар

  2. Доғалы протезді тапсыру

  3. Қолдану ережелері. Доғалы протезге үйрену.

  4. Науқастарды доғалы протезбен емдеу барысындағы пайда болатын асқынулар.

  5. Толық тіссіз науқастарды тексеру.

  6. Тіссіз жақтардың және шырышты қабатының тапографиялық құрлысы.

  7. Суппле бойынша шырышты қабаттың жіктелуі.

  8. Тіссіз жақтардың жіктелуі. (Оксман, Шреодер, Келлер және Курянский бойынша).

  9. Толық алынбалы протез дайындаудың клинико – лабораториялық кезендері.

  10. Герпс бойынша жақтарға дербес қасықты шақтап келтіру әдісі.

1. Есеп. Науқасқа доғалы протез дайындалды. Протезді тапсырғаннан кейін дәрігер протезді күту жөнінде кенес берді және келесі келуі бір күннен кейін деп тағайындалды.

Сұрақ:

1. Дәрігер қандай қателік жіберілді?



2. Қандай асқынулар болуы мүмкін?

2. Есеп. Толық алынбалы протез дайындаудың екінші клинкңалық этапында дәрігер жеке қасықты шақтап келтірді, төменгі жақтың қасығының жиектері балауызбен келтірді, Коррекциялаушы массасы бар қасықты ауыз қуысына енгізіп тілін жоғарғы таңдайға көтеруін сұрады, сақтап келтіру кезенің осымен бітірді.

Сұрақ:

1. Дәрігердің қателігі



2. Герпст сынамасын жүргізгенде қосымша әдістерді пайдалану.

«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

101.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к, доцент С. Т. Тулеутаева

33.78kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Металлкерамикалық сауытты тексеру, түзету ерекшеліктері. Жылтыратқаннан кейін салу, цементке бекіту

75.1kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Тістің қатты тіндерінің патологиясын металлсыз керамикадан жасалған сауытпен емдеуге арналған көрсетілімдер. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері

80.35kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмассадан, биокерамикадан жасалған жасанды сауытпен емдеуге арналған көрсетілімдер. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері

80.08kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Толық алмалы-салмалы протездің конструкциясын тексеру. Болуы мүмкін қатедер, дәрігердің оларды жөндеу барысында қолданатын тәсілі

125.27kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Ортопедиялық стоматология бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру. Ортопедиялық бөлімнің міндеттері. Дәрігер стоматолог-ортопедтің және медперсоналдың жұмыс орны. Медициналық мат

36.45kb.

25 12 2014
1 стр.


«Математика» мамандығының студенттеріне арналған Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010ж. № Хаттама

245kb.

12 10 2014
1 стр.