Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Ф КГМУ 4/3-08/01

ПП КГМУ 4/01


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Ортопедиялық стоматология курсы

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Толық алмалы-салмалы протездің конструкциясын тексеру. Болуы мүмкін қатедер, дәрігердің оларды жөндеу барысында қолданатын тәсілі.
Пән ОSР 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Құрастырған: Сакенов Т.С.

Қарағанды 2010

Курс отырыснда талқыланып бекітілді


«25»___06___2010ж. Хаттама № 12


Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ. Толық алмалы-салмалы протездің конструкциясын тексеру. Болуы мүмкін қатедер, дәрігердің оларды жөндеу барысында қолданатын тәсілі.
МАҚСАТЫ: Жақтардың орталық арақатынасын анықтау бекіту ортопедиялық емнің нәтижесн арттырады. Толық тіссіз жақтары бар науқастарға жеке емдік араларын көрсету ортопедиялық емнің нәтижесін арттырады. Осы қателіктерді өз уақытында анықтау ортопедиялық емдеуді жақсартады.
ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Жақтардың орталық қатынасын дұрыс анықтау және бекіту ортопедиялық емнің нәтижесін жақсартады. Тіссіз науқастарды емдеуде әр қайссына жеке көніл аудару ортопедиялық емнің нәтижесін жақсартады.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Артикуляция, тістесу, түрлері, мінездемесі

  2. Жартылай тістер болмаған уақытта тіс жақ жүйесндегі морфо-функциональді өзгерістер

  3. Самай төменгі жақ буыны, құрылысы, тістесуге байланысты буынның қалыптасуы. Жастық ерекшелігі.

  4. Толық алынбалы пластиналы протезді дайындаудың клинико-зертханалық кезеңдерінің реттілігі

  5. Орталық тістесудің негізгі белгілері

  6. Альвиола аралық биіктікіт анықтау әдістері

  7. Протездің балауыз құрылымы қалыпқа қаныштау әдістері, қалыптау

  8. Окклюзия, артикуляция. Түрлері және олардың мінездемесі

САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС:

Тісжарақтық зертханада тікбұрышты бағандар ғаныштан дайындалады және жоғарғы және төменгі жақтардың орталық, бүйір күрек тістерін (оң және сол жақ) ғаныштан модельдейді. Студенттер ғаныштан модельденген тіс сауыттарын көрсетеді. Жіберілген қателіктерді талқылау және түзету.

Тіс қатары ақауларын қалпына келтіретін жасанды тістер ешқандай тітіркендіруші және жағымсыз қасиетке ие материалдан жасалғаны дұрыс. Бұл жалпы клиникалық талап. Тістер дұрыс анатомиялық пішінді әдемі және түрлі-түсті болады. Олар шайнау қысымынан бұзылмағаны жөн және мұқалмауы тиіс, негіз материалымен жақсы байланысқа түседі. Ең жақсысы тістердің негізбен біртұтас бірігуі. Бұл арнайы талаптар.

Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау функциясы қалпына келеді және эстетикалық нәтиже жақсарады. Эстетикалық қатынаста ең маңыздысы алдыңғы тістерді таңдау болып табылады. Олардың көлемінің пішініне және түсіне аса көп көңіл аударады. Адамның бет әлпетінің үш түрін анықтайды: төртбұрышты, сопақша және

Төртбұрышты бет әлпетімен тістердің бірінші түрі сәйкес келеді. Кесу қырынан бастап олардың жарты бөлігін немесе түгелдей жанасу беткейлеріндегі сызық параллель болып келеді. Бет әлпетінің екінші түріне жасанды тістердің екінші түрі сәйкес келеді.Тістердің жанасу беткейлерінде сызықтар қисайған сондықтан да олар жалғасқан уақытта тістердің түбір ұшында бір-бірімен қосылады. Бұл сызықтар тік, бірақ медиальді беті ішке кіріңкі, ал дистальді беті сыртқа шығыңқы болып келеді.

Сопақша пішінді бет әлпетіне тістердің үшінші түрі сәйкес келеді. Дитальді бетінде екі шығыңқы сызық, ал екй жағдайда ол медиальді бетінде де кездеседі. Бұл түрдегі тістердің барлық беткейлері мен бұрыштары дөңгелектенген.

Окклюзия бұл – тістердің барлық жағдайда түйісуі. Артикуляция дегеніміз шайнау бұлшық еттерінің көмегімен жүргізілетін төменгі жақтың жоғарғы жаққа қарағандағы әр түрлі қозғалысын айтады. Тістесудің 4 түрін анықтайды: орталық, алдыңғы және бүйірлі (оң және сол жақ)

Орталық окклюзия бұл – тістердің жанасу нүктелері санының максимальді түйісуін айтады. Бұл уақытта беттің орталық сызығы екі күрек тістер арасындағы сызықпен өтеді, төменгі жақтың буын басы буын төмпешігінің ылдиында орналасады. Бұл кезеңде бір уақытта және біркелкі төменгі жақты көтеруші бұлшық еттердің жиырылуы салдарынан болады.
Салыстырмалы физиологиялық тыныштық жағдайы

Шайнамағанда және сөйлемегенде тіс қатарлары әдетте ашық болады, өйткені төменгі жақ төмен түседі де, алдыңғы тістер арасында 1-6мм болатын кеңістік байқалады. Бұл уақытта бұлшық еттер созылады да, рецепторлардың тітіркенуі жүреді. Рецепторлардың тітіркенуі салдарынан бұлшық еттердің тонусының жиырылуы жүреді де, төменгі жақ сүйегін белгілі жағдайда ұстайды. Орталық күрек тістер арасындағвы саңылаудың ені төменгі жақтың физиологиялық тыныштық уақытында әр адамадпа жеке-жеке болады.


Қарама-қарсы тістер болғанда жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері

Жұмыс істеу кезеңдері

Құрал жабдықтар

Өзін-өзі бақылау критериі

1. Дайындақ кезеңі







2.Сапаны бағалау

А) ғанышты мүсіндерді

Б) балауыз негізін


Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері

Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды.

3. Жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту

А) Тсітесу біліктерін шақтап келтру және оларға коррекция жүргізу

Б) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту





1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен екі ориентир сызылады.

2. Төменгі жақтың тістесу біліктлігімен негіздік балауыз пластинкасының қалыңдығына сәйкес

Ыстық шпательдің көмегмен қалыптастырылады

3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады.

4. Тістесу біліктерн суытып ауызда қайтадан жақтардың орталық ара қатынасын тексереді.


4. Жақтардың орталық ара қатынасының бекітілу дұрысытығын тексеру.




Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады.

1. Тістесу біліктері қарама-қарсы жақтың тістерімен тығыз жанасады.

2. Беттің орталық сызығы күрек тістердің арасындағы сызыққа дәл келеді.



Қарама-қарсы тістері жоқ уақытында жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту әдістері

Жұмыс істеу кезеңдері

Құрал жабдықтар

Өзін-өзі бақылау критериі

1. Дайындақ кезеңі







2.Сапаны бағалау

А) ғанышты мүсіндерді

Б) балауыз негізін


Жақтардың ғаныштық мүсіндері, тістесу біліктері бар балауыз негіздері

Ғанышты мүсіндер протез орнын дәл қайталайды. Тістесу біліктері тығыз орналасқан, орнынан қозғалмайды.

3. Орталық ара қатынасты анықтау әдісін таңдауға әсер ететін факторларды оқу

4. Бекітілмеген тістесуде анатомо функциональді әдіспен тстесуді анықтау

А) Беттің төменг бөлігін физиологиялық тыныштық уақытында биіктігін анықтау

Б) Тістесу біліктерін шақтап келтіру және оларға коррекция жүргізу


В) жақтардың орталық ара қатынасын бекіту

5. Тістесу біліктеріне клиникалық орриентир сызықтарын жүргізу

6. Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығын тексеру





1. Жартылай тістер болмаған уақытта орталық окклюзияны және клиникалық белгілерді анықтау
Науқасқа онға дейін санауын сұрайды, санап біткеннен кейін төменгі жақ сүйегі физиологиялық тыныштық жағдайына келеді. Осы жағдайда ориентир белгілер арасын өлшейді.

Тістесу білігіне науқастың бетінде белгіленген ориентир нүктелерінен 2-3мм физиологиялық тынытық биіктігінен аз болады.

1. Жоғарғы жақтың тістесу білігіне шпательмен 2 сына тәрізді кертік жүргізеді

2. Төменгі жақтың тістесу білігінен балауыз негізінің қалыңдығындай етіп балауыз қабаты алына да, ыстық пательдің көмегмен ерітп қалыптастырады.

3. Тістесу біліктері бар балауыз негізін ауыз қуысына салады да, науасқа тілінің ұшымен қатты таңдайдың артқы бөлігіне тигізуін сұрайды да ауызды жабады.

Жақтардың орталық ара қатынасын бекіту дұрыстығы ауыз қуысында анықталады

1. Тістесу біліктері бір-бірімен және қалған тістермен тығыз тұрады.

2. Беттің орталық сызығы күрек тістер сызығымен сәйкес келеді

3. Еріндер қысымсыз түйіседі.

4. Альвила аралық биіктік сақталған.




Қарама-қарсы тістер болғанда ТАПП балауыз крмпозициясын бағалаудың клиникалық және технологиялық критерилері


Кезеңдері

Құрал-жабдықтар

Өзін-өзі бақылау критерилері

Жақтардың мүсіндерін қарау.

Окклюдаторда ғаныталған жақтар мүсіндері. Протездің балауыз құрылымы. Суы бар ыдыс және техникалық шпатель.

Протез негізін дайындауға қажетті жұмысшы мүсіндерді жақсылап тексереді. Егерде протез орнында ақаулар немесе сынықтар кездессе оларды жарамсыз деп есептейді.

Окклюдаторда балауыз құрылымын тексеру.




Балауыз білігінің протез орнына тығыз жанасуына және протездің шекарасына дәл келуіне көңіл аударады.

Жасанды тістерді орналастыру дұрыстығы.




Тістердің түсіне, пішініне, көлеміне және олардың күрек тістер жабу көлеміне көңіл аударады. Айқын бұдырларды әсіресе ит тістерде егелейді, бүйірлі және алдыңғы қозғалыстарға кедергі тудырмау үшін. Жоғарғы жақтың алдыңғы тістерінің3/2 бөлігі альвеоляр өсіндісінің айдаршығынан сыртқа қарай жатады, ал 1/3 бөлігі ішке қарай жатады. Бүйір тістер альвеоляр өсіндісінің дәл ортасына орналасады. Тістесу жанасуларының тығыздығын бағалайды.

Протезде ілмектердің дұрыс орналасуы және дайындалуы

Протездің балауыз құрылымы бар ғаныштық мүсіндер.

Ілмектің иығы тірек тісті ерін және ұрт жақтарына тығыз қорап тұрады да, тістің экваторымен қызыл иек арасында орналасады. Ілмектіің иыы тісті максимальді көп нүктесіне жанасып тұрғаны жөн. Ілмектің өсіндсі жасанды тістер астында тіссіз альвеоляр айдаршығы бойымен орналасады. Ілмектің денесі тірек тістің экваторын астында жанасу бетіне қарай орналасады.

Клиникалық талаптарды бағалау

Құрал-жабдықтары бар ыдыс, тіс техникалық шпатель, ауыз қуысын шаятын КМnO4 ерітіндсі

Ауыз қуысынедағы протездің құрылымы:

1. Протез орнына тығыз жанасып орнынан ығыспағаны жөн

2. Орталық окклюзияда тістер түйіскенде шпатель кіретіндей саңылаудың болмауы

3. Тістесу биіктігі физиологиялық тыныштық биіктігінен 2-4мм кіші.

4. Сөйлеу сынамасында окклюзия аралық кеңістік 2-4мм құрайды.

5. Науқас күлген уақытта жасанды қызыл иек көрінбегені дұрыс

6. Жасанды тістер сақталған табиғи тстерге сәйкес келуі керек.

7. Науқастың субъективті сезімдерін қанағат еткені жөн.



Ілмектердің орналасуы.




Ілмектің иығы тірек тісті ерін және ұрт жақтарына тығыз қорап тұрады да, тістің экваторымен қызыл иек арасында орналасады. Ілмектіің иыы тісті максимальді көп нүктесіне жанасып тұрғаны жөн. Ілмектің иығы серпімді болады да, тыныштық қалпында тіске еқандай қысым түсірмегені жөн. Ілмектің иығы дөңгелектенген және жылтыратылған.

Протездің тығыз орналасуы




Айнаның көмегімен балауыз негізінің барлық екарасы бойынша протездің тығыз орналасуын ақарайды

Протезді бекіту және тұрақтандыру




Протездің дұрыс тұрақтануына ілмектік сызықтарды таңдау әсерін тинізеді. Жоғарғы жақта ілмектердің диагональді орналасуы жағымды, ал төменгі жақта трасферзальді орналасуы жағымды.

Орталық окклюзияны дұрыс анықтау.




Орталық тістесуді анатомо-физиологиялық және сөйлеу сынамасы арқылы тексереді.

Тістесу аралық жанасу тығыздығын анықтау




Тіс техникалық шпательдің және айнаның көмегімен тіс аралық жанасу тығыздығын анықтайды. Дәрігер түйіскен тістердің арасындағы саңылаудың бар-жоқтығын анықтап тексереді.

ТАПП негізінің көлемі сақталған тістердің санына, альвеоляр өсіндісінің сему дәрежесіне, қатты таңдайдың күмбезінің айқындылығына, шырышты қабаттың басымдылық мінезіне және қатты таңдайда торустың бар-жоқтығына байланысты болып келеді.

Протез негізі келесі максимальді шекараға ие. Төменгі және жоғарғы жақтың тіссіз альвеоляр өсіндсінде ерін және ұрт беткейінде шекара өтпелі қатпар бойымен қозғалмалы шырышты қабатты және үзбелерді айналып өтеді. Төменгі жақтан тіл бетінен жоқ және сақталған тістер аймағында протездің шекарасы өтпелі қатпармен аяқталады да, алдыңғы бөлігінде тіл үзбесін айналып өтеді. Жоғарғы жақта протез қатты таңдайдың «А» сызығына жетпейді, жоғарғы жақ төмпешіктері протезбен жабылып тұрады, бұл протездің тұрақтылығына жағдай туғызады.

Төменгі жвқтың алдыңғы бөлігінде протез негізі күрек тістер бұдырларын жауып тұрады. Жоғарғы жақта бұдырлар аық қалады да, протез тек қана тістер мойнына жанасады. Үлкен азу және кіші азу тістерде жоғарғы жақта негіз тістер экваторынан төмен, ал төменг жақта одан жоғарғы жақта орналасады.


ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі:


  1. Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.

  2. Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с

  3. Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с

  4. Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)

  5. Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с

  6. Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)

  7. Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.

  8. В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.

  9. В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.

Қосымша:


  1. Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с

  2. Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.

  3. Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.

  4. Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)

  5. Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.

  6. Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)

  7. М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с

Қорытынды сұрақтар:



  1. Физиологиялық тыныштық туралы түсінік

  2. Орталық окклюзияны анықтау және таңдауға әсер ететін факторлар

  3. Жақтардың орталық ара қатынасы туралы түсінік

  4. Қарама-қарсы тстер болған уақытта жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту кезеңдері.

  5. Қарам-қарсы тістер болмаған уақытта жақтардың орталық ара қатынасын анықтау және бекіту кезеңдері.

  6. Науқастың жасына, жынысына және түріне байланысты тістердің көлемін, түсін және пінін анықытау

  7. Тіс қатары ақауының топографиясына және жақтардың анатомиялық құрылысына байланысты толық алынбалы пластиналы протездің (ТАПП) шекаралары

  8. Протез құрылымын тексеру кезеңінде жіберілген қателіктер , олардың пайда болу себептері және белгілері

  9. Қателкітер түзету әдісі

1. Есеп. 68 жастағы науқас жоғарғы жақтың толық тіссіз болмауына және төменгі жақтың жартылай тіссіз болмауына шағымданады. Дәрігер жоғғарғы жаққа толық алынбалы протез, төменгі жаққа жартылай алынбалы протез тағайындалды. Анатомиялық үлгі алынды. Толық алынбалы протезді шақтап келтірп тапсырғаннан кейін протездің бекітілмейтні анықталды.

Сұрақтар:

1. Дәрігер қай кезенде қателік жіберді?

2. Қандай сынамалар қажет?

3. Дәрігердің әрі қарай іс - әрекеті қандай?

2. Есеп. Толық алынбалы протездің құрлымын ауыз қуысында тексеру барысында жоғарғы және төменгі жақтың тіс қатарлары тік тістесуде қабысады, орталық сызық беттің орталық сызығына сай келеді, сөйлеу сынамасын жүргізгенде жасанды тстер көрінбейді, жұмсақ тіндер төмен түскен.

Сұрақ:


Қандай қателік жіберілді және қай кезенде?

«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент С. Т. Тулеутаева

101.71kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к, доцент С. Т. Тулеутаева

33.78kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Металлкерамикалық сауытты тексеру, түзету ерекшеліктері. Жылтыратқаннан кейін салу, цементке бекіту

75.1kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Тістің қатты тіндерінің патологиясын металлсыз керамикадан жасалған сауытпен емдеуге арналған көрсетілімдер. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері

80.35kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмассадан, биокерамикадан жасалған жасанды сауытпен емдеуге арналған көрсетілімдер. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері

80.08kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Толық алмалы-салмалы протездің конструкциясын тексеру. Болуы мүмкін қатедер, дәрігердің оларды жөндеу барысында қолданатын тәсілі

125.27kb.

25 12 2014
1 стр.


«25» 06 2010ж. Хаттама №12

Тақырыбы: Ортопедиялық стоматология бөлімін (кабинетін) ұйымдастыру. Ортопедиялық бөлімнің міндеттері. Дәрігер стоматолог-ортопедтің және медперсоналдың жұмыс орны. Медициналық мат

36.45kb.

25 12 2014
1 стр.


«Математика» мамандығының студенттеріне арналған Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

Физика,математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2010ж. № Хаттама

245kb.

12 10 2014
1 стр.