Ф КГМУ 4/3-08/01
ПП КГМУ 4/01
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ортопедиялық стоматология курсы
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Металлкерамикалық сауытты тексеру, түзету ерекшеліктері. Жылтыратқаннан кейін салу, цементке бекіту.
Пән ОSР 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Құрастырған: Сакенов Т.С.
Қарағанды 2010
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
«25»___06___2010ж. Хаттама № 12
Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ. Металлкерамикалық сауытты тексеру, түзету ерекшеліктері. Жылтыратқаннан кейін салу, цементке бекіту.
МАҚСАТЫ: Металды керамикалық қаптамалармен емдеудің көрсеткіштерін және кері көрсеткіштерін білу, глазурьден кейін цементке бекіту әдістерін білу.
ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Клиникалық талаптарды білуіне сүйеене отырып металды кермикалық қаптаманы дұрыс жақтап келтіру-жасанды қаптаманы ұзақ уақыт жұмыс істеуіне және асқынулардың алдын-алуға септігін тигізеді.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
-
Протез құрылымын ауыз қуысында тексеру.
-
Металды керамикалық қаптамаға коррекция жүргізу.
-
Металды керамикалық қаптаманың сапасының технологиялық критерилері.
-
Металды керамикалық қаптаманы тапсыру.
САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС:
Тісжарақтық зертханада тікбұрышты бағандар ғаныштан дайындалады және жоғарғы және төменгі жақтардың орталық, бүйір күрек тістерін (оң және сол жақ) ғаныштан модельдейді. Студенттер ғаныштан модельденген тіс сауыттарын көрсетеді. Жіберілген қателіктерді талқылау және түзету.
Металды керамикалық қаптаманың сапасын тексеру.
-
Металды керамикалық қаптаманы ауыз қуысында тексеру алдында оның сапасын бағалайды: ақаулар мен көпіршікитердің болмауын, металды қаңқаның көрініп тұруы, керамикалық беткейлі қабаттың өте жұқа болуы әсіресе мойын аймағында, тіс техникалық зертханада керамикалық масса ұнтағының ластануы
-
Керамикалық беткейлі қабаттың сынуы болуы мүмкін:
А) қаңқа тым жұқа болғанда онда қысымның пайда болуы жүреді
Б) тстің дұрыс егеленбеуі және тіс асты кеңістіктің болуы
В) дайын протезде сымды ризинканы қатты басқанда металлдың аса қатты қызуынан, металлды бөліктің соңғы рет өңделуі, аппаратта ауа қысымының 40МПа және дөрекі құмның болуы.
Г) протезді қою цементпен бекіткенде және протезді салу барысында шамадан тыс күш жұмсау
Д) металлды қаңқа қысқа болғанда кесу қыры аймағында.
Беткейлі қабаттың түсуінің себептері:
-
Қаңқаны дұрыс пішндемеу
-
Шашумен өңдеу дұрыс болмағанда
-
Қаңқаның беткейі тым тегіс болғанда
-
Қаңқа ластанғанда
-
Грунтты қабатты жапқандағы қателіктер
-
Күйдіргенде және суытқанда болатын қателіктер
-
Күйдіру санының көп болуы
-
Окклюзиялық жанасудың біркелкі еместігі
Окклюзиялық жанасулардың біркелкі болмауы жайылмалы қысым салдарынан сынуға, протездеуші тістердң қаптаманың сынуына, қарама-қарсы тістердің мұқалуына және жедел пародонтитің дамуына алып келеді.
Металлды керамикалық қаптаманың жиектерін қалың етп жасағанда ол шеткері пародонтты және қызыл иек бүртігін қысып жиі қателіктер туғызады, соның салдарынан тірек аппаратының зақымдалуының қайтымсыз асқынуларына алып келеді
Металлды керамикалық қаптаманың бекітілуі беткейлі қабаты жаққаннан кейін жүргізіледі. Бұл жерде тісті егелеу керек емес, өйткені керамикалық беткейлі қабат бірге егеленеді. Беткейлі қабатынан айырылған керамика жоғарғы мұқалуға ие боладф да, ол қарама-қарсы жақтың тістеріне әсерін тигізеді. Қаптаманы бекіту алдында барлық жерлерін қарау қажет: беткейлі қабат біркелкі болу керек, кедір-бұдыр аймақтары болмағаны жөн және күйдірудің температуралық тәртібін сақтау. Металлды керамикалық қаптаманы цементке бекіту металлды қаптаманы бекту тәсілмен бірге жүргізіледі.
Металлды керамикалық қаптаманы шақтап келтіру барысында олардың қателіктері
1. Металлды керамикалық қаптаманың түсі табиғи тістердің түсіне сәйкес келмеуі:
а) жасанда жарық кезінде түсті таңдау;
б) тісті жеткіліксіз егелеу салдарынан керамикалық беткейлі қабаттың өте жұқа болуы, грунтты қабаттың номерінің дұрыс таңдалмауы
в) түсті өзгертетін металлды қаңқаның көрініп тұруы. Грунтты қабатты жқа қабатпен екі рет жағады: бірінші қабаты (өте жұқа) – мықты байланыс болуы үшін жүргізіледі, екінші қабат металлды қаңқаны жабу үшін және бірінші жұқа қабаттағы сынықшаларды жабады, түсті өзгертпеудің алдын алу үшін. Көбінесе ол тістің мойын аймағында болады. Қаптыманың жиегінде металлдың тотыққан қабаты пайда болады. Бұл асқынуды болдырмау үшін опокалы массаны артығымен салады да, беткейлі қабатты жапқаннан кейін оның артығын абайлап алып тастайды
г) тіс техникалық зертханаларда бөлмелердің шаң болуына байланысты керамикалық масса ұнтағының ластануы.
2. Қаптаманың окклюзиялы беткейінің пішінінің дұрыс болмауы қарама-қарсы жақ тістерінің окклюзиялық қатынастарын дұрыс пішінделмеуі салдарынан болады, окклюдаторсыз немесе окклюдаторға дұрыс емес ғаныштау салдарынан жүреді.
3. Керамикалық беткейлі қабатта сынықшалардың пайда болуы беткейлі қабаттағы көпіршіктер түріндегі ақаулар салдарынан болады. Олар металлды қаңқаның бетіне беткейдің барлық қабаттары арқылы өтеді. Бұл металлды қаңқаның бетін дұрыс өңдемегендіктен пайда болады. Қаңқаның беті бр жағынан екінші жағына өткенде бұрыштары тегіс көпіршіксіз, құм шашқыш аппаратпен өңдеуді жалғастыру қажет. Керамикалық беткейлі қабатты жақпай тұрып қаңқаның беті зарарсызданылады. Керамикалық беткейлі қабаттың сынуы кесу қыры аймағының сынуы және массаның едәуір бөлігінің сынып түсуі деп бөледі. Мойын аймағындағы сынықтар қаңқадағы қысымнан туады, ол жұқа қаңқаны дайындағанда және дайын протезде металлдың қызуынан болады. Қысым тістерді дұрыс егелемеу салдарынан болуы мүмкін. Қаптаманың мойын аймағындағы металлды қаңқасының мықтылығын жоғарлатуға болады, қаптаманың ішкі жақтарына қалыңдық жүргізе отырып (гирлянда). Металлды керамикалық қаптаманы беткейлі қабатты жақпай тұрып шақтап келтіру протездеудің жауапты кезеңдеріне жатқызылады. Өйткені ақырғы кезеңде ешқандай әрекеттер жасауға болмайды, беткейлі қабаттың біртұтастығын бұзбау үшін.
Металлды керамикалық қаптаманың жиегі тістің барлық периметрі бойынша сатыға тығыз жанасып жатқаны жөн. Қаптаманың сыртқы жиегі тістің қатты тіндерімен бір жазықтықта болғаны жөн, өйткені мойын аймағында тістің анатомиялық пішінін толығымен қалыптастырады. Металлдық керамикалық қаптаманың жиегі қалыңдығы бойынша сатының қалыңдығынан жұқа болмағаны жөн. Металлды қапатаманың окклюзиялық беткейн артикуляцияның барлық фазаларында өте нақты тексереді. Шамадан тыс көп кү түсіруге болмайды. Окклюзиялық жанасу нүктелері барлық жерде және барлық қозғалыстарда біркелкі және баяу болғаны жөн. Бұл мақсатта ең алдымен орталық окклюзия жағдайында қапатаманы қарама-қарсы тістермен қатынасын анықтайды. Егерде тістесу биіктесе немесе окклюзиялық беткейде тығыз жанасу нүктесі болса, оларды егелеу арқылы жояды одан кейін алдыңғы және бүйірлі окклюзияларға біркелкі емес жанасу нүктелерінің бар жоғын тексереді. Металлды қаптама мен тіс тұқылы қабырғасының арасындағы алдын ала жанасуларды анықтау үшін стомальгин, сиэласт-3 қолданылады, ол үшін үлгілік материалды қаптаманың ішіне салады да тіс тұқылына қайтып кіргізеді. Протезді алып шыққаннан кейін тығыз жанасқан аймақтар айқындалады, оларды цилиндр тәрізді ұштықтың көмегімен егелеп алып тастау қажет. Сынаманы үлгілік материалдың қалыңдығы біркелкі болғанша қайталайды. Бұл кезеңде тістің пішініне және оның түстеріне әртүрл аймақтарда түзетулер жүргізуге болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
-
Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.
-
Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
-
Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
-
Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
-
Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
-
Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
-
Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
-
В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
-
В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
Қосымша:
-
Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с
-
Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
-
Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
-
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
-
Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
-
Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
-
М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
Қорытынды сұрақтар:
-
Металды керамикалық қаптаманы қолдануды көрсеткіштері және кері көрсеткіштері.
-
Фарфорлы массаның құрамы мен қасиеті.
-
Металды керамикалық қаптаманың астына тісті егелегенде жансыздандару әдістері.