Ф КГМУ 4/3-08/01
ПП КГМУ 4/01
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Ортопедиялық стоматология курсы
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
Тақырыбы: Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмассадан, биокерамикадан жасалған жасанды сауытпен емдеуге арналған көрсетілімдер. Клиникалық кезеңдердің ерекшеліктері.
Пән ОSР 4303 «Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы»
Мамандығы 051302 «Стоматология»
Курс: 4
Құрастырған: Сакенов Т.С.
Қарағанды 2010
Курс отырыснда талқыланып бекітілді
«25»___06___2010ж. Хаттама № 12
Стоматология пәндер кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент _______ С.Т.Тулеутаева
ТАҚЫРЫБЫ. Тістің қатты тіндерінің патологиясын пластмассадан, биокерамикадан жасалған жасанды сауытпен емдеуге көрсеткіштер. Клиникалық кезеңдерінің ерекшеліктері.
МАҚСАТЫ: Жасанды штампталған қаптаманы шақтап көру әдісін білу, пластмассалық қаптаманың дайындау көрсеткітері. Пластмассадан, алтыннан, күміс – паллади құймаларынан жасанды қаптамалардың астына тістерді егелеу реттілігі, егелеу сапасы.
ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ: Жасанды қаптамалармен тістердің қатты тіндерін емдеу әдістерін білу ортопедиялық стоматолгия клиникасында маңызды орын алады. Емдеу әдістерін білу, тіс протездерінің түрлерін білу, олардың емдеу және профилактикалық маңыздылығын білу ортопедиялық стоматология клиникасында маңызды орын алады. Жасанды қаптамалармен емдеу көрсеткштерін білу болып табылады. Жасанды қаптамалармен емдеу көрсеткіштерін білу өзекті мәселе болып табылады.
ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:
1. Жасанды қаптамамен емдеу көрсеткіші.
2. Металл қаптаманың астына тісті егелеу әдісі.
3. Штампталған қаптама дайындауға арналған материалдар.
4. Тістің тіс қызыл иек қалташасының құрлысы және функциясы.
5. Франтальды тіс топтарының морфо функциональды құрылысы.
6. Тіс сауытының қай аурулары эстетиканың бұзылуына алып келеді.
7. Тіс жиегісінен тыс тістің қатты тіңдерінің ауруларын атандар.
8. Тістің қатты тіңдерінің тіс жиегісі бұзылуының диагностикасы және клиникасы.
9. Пластмассадан, биокерамикадан, алтыннан жасалған жасанды сауыттың астына тісті дұрыс егелеудің критериі.
САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ЖҰМЫС:
Тісжарақтық зертханада тікбұрышты бағандар ғаныштан дайындалады және жоғарғы және төменгі жақтардың орталық, бүйір күрек тістерін (оң және сол жақ) ғаныштан модельдейді. Студенттер ғаныштан модельденген тіс сауыттарын көрсетеді. Жіберілген қателіктерді талқылау және түзету.
Тақырып мазмұны:
Кезеңдері.
|
Құрал – жабдықтар.
|
Өзін - өзі бақылау критериі .
|
Дайындық кезеңі.
|
Тіс техникалық орындық, құрал – жабдықтар.
|
|
Дайындалған жасанды қаптаманың технологиялық сапасын тексеру.
|
Ғаныштық бағанадағы жасанды қаптама.
|
Сапаның техникалық критериі: жасанды қаптама ағармаған, жылтыратылмаған, тістің анатомиялық түріне сай келеді, химиялық карандапен белгіленген клиникалық мойынды басып жатат, шайнау тістердің төмпешіктері жас ерекшеліктеріне байланысты сақтаған, экваторлық аймақ жақсы көрінеді.
|
Технологиялық қателіктерді қарау.
|
Зонд, пинцет.
|
Қаптаманың шайнау төмпешіктері мен кесу қырлары зондпен тексеріледі.
|
Дұрыс дайындалған жасанды қаптаманы тіске шақтап келтіру.
|
Эфир, спирт, сутегінің қос тотығы, стирильді тампон.
|
Жасанды қаптаманың штампиктен шешіп өндейді, науқастың ауызын шаяды, одан кейін ауызын ашып тұруды сұрайды.
|
А) Жасанды қаптаманы дәрі – дәрмектік өндеу; Егеленген тісті өндеу.
|
|
Жасанды қаптаманы тірек тіске шақтайды. Сапаның клиникалық критериі: жасанды қаптама тіске ептеп алынып салынады. Тістің мойынын толық қысып тіс қызыл иек қалташасына еніп тұрады. Көршілес тістермен жанасып тұрады, антогонист тістермен фиссуралы – төмпешікті жанасуды сақтайды.
|
Қателіктерді түзету.
|
Балға, карборунт тастары, наквалния.
|
Көп жағдайда жасанды қаптама өзінің клиникалық талаптарына тісті дұрыс егелемеу салдарынан жауап бермейді.
|
Жасанды қаптама жіңішке.
|
|
Жасанды қаптамалрды тіске шақтап келтіргенде ол тіске дұрыс кигізілмейді. Міндетті түрде қажет:
а) Тістің сауытын тағы егелеу немесе б) жасанды қаптаманың ұрт немесе ішкі бетін балғамен кеңейту.
|
Жасанды қаптама кең.
|
|
Тіске жасанды қаптаманы шақтап келтіргенде ол ешқандай қысымсыз оңай кигізіледі, қаптаманың жиегі тіс қызыл иек қалташасына енбей тұрады, шырышты қабатқа тиіп, ауру сезімін тудырады. Егерде қаптама ептеп қана кең болса кампонды қысқыштардың көмегмен қаптаманың жиектерін жинаптіске шақтап келтіредіде зондтың көмегімен тексереді. Егерде қаптама өте үлкен болса тістен қайтадан үлгі алынып жасанды қаптама жаңадан жасалынады.
|
Жасанды қаптаманың шеті қысқа.
|
|
Тіске жасанды қаптаманы шақтап келтіргенде оның шеті қызылиек денгейінен 0,1-0,2 мм жетпей тұрғанда қаптаманың шеттерін балғаның және төстің көмегімен ұзартуға болады. Егерде қаптаманың жиегі 0,2 мм – ден қысқа болса қайтадан жасалынады қаптама.
|
Жасанды қаптаманың шеті ұзын.
|
|
Егерде тісті шақтап келтіргенде оның жиектері ұзын болса тіс қызылиек қалташасының айналмалы байламын басып тұрады да, аурушаң сезімін тудырады. Ал оны алғаннан кейін ептеп қанағыш байқалады. Мұндай қаптаманың жиегін бормашинада карборунд тастың көмегімен қысқартылады.
|
Тістесудің биік болуы.
|
|
Қаптаманы тістен шешіледі көшірме қағаздың көмегімен окклюзия аралық кеңістік тексеріледі. Егерде тістің егелеуі дұрыс жүргізілсе ал қаптама тіс мойының тығыз орналасса, тістесу биік болса ол қайтадан жөндеуге жіберіледі.
|
Тістесудің төмен болуы.
|
|
Жасанды қаптама кесу қырымен анатогонист тістерге тимей тұрады. Бұл жағдайда үлгі қайтадан алынады, қаптама жанадан жасалынады.
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
-
Аболмасов Н.Г. Ортопедическая стоматология : Руководство для врачей,студ. / [et al.]. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 496 с. : ил.
-
Аубакиров, С.Е., Кожабаев Н.К., Кожанова Р.Т. Ортопедиялық стоматология бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 56 с
-
Аубакиров С.Е., Ахмадишин И.М., Кубжасарова Г.У,. Тіс протезін жасаудын технологиясы бойынша дәрістер курсы : Оқу-әдістемелік құрал / - Карағанды, 2007. - 70 с
-
Багмутов, Вячеслав Петрович, Данилина Т.Ф. Основы сопротивления материалов в стоматологии : Учеб. пос. / - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 206 с. : ил. - (Медицина)
-
Поюровская, И.Я. Стоматологическое материаловедение : Учеб. пос. для студентов мед. вузов / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 186 с
-
Андреищев А.Р. Сочетанные зубочелюстно-лицевые аномалии и деформации / М. : ГЭОТАР-Медиа, 2008. - 224с : ил. - (Библиотека врача-специалиста : Общая врачебная практика)
-
Н. Г. Аболмасов. Ортопедическая стоматология : учебник для студентов / - 6-е изд. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 496 с. : ил.
-
В. Н. Трезубов, А. С. Щербаков, Л. М. Мишнев. Ортопедическая стоматология : пропедевтика и основы частного курса: учеб. для мед. вузов / - 3-е изд.,перераб. и доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2008. - 416 с. : ил.
-
В. А. Попков. Стоматологическое материаловедение : учеб. пособие / 2-е изд., доп. - М. : МЕДпресс-информ, 2009. - 400 с. : ил.
Қосымша:
-
Букаев Мурат Файзрахманович. Конструирование несъемных мостовидных протезов на основе изучения напряженно-деформированного состояния пародонта и альвеолярной кости: Учеб. пособие / - Владивосток : Б.и., 2005. - 76 с
-
Е. Н. Жулев. Частичные съемные протезы : теория, клиника и лабораторная техника: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 428 с. : ил.
-
Е. Н. Жулев Конструирование несъемных протезов с применением вкладок : учеб. пособие / - Нижний Новгород : Изд-во НГМА, 2005. - 116 с. : ил.
-
Н. Дж.А. Джепсон. Частичные съемные протезы : пер. с англ. / - М. : МЕДпресс-информ, 2006. - 168 с. : ил. - (Quintessentials = Протезирование зубов)
-
Е. Н. Жулев. Металлокерамические протезы: руководство / - 2-е изд. - Нижний Новгород: Изд-во НГМА, 2007. - 288 с. ил.
-
Моторкина Т.В. Классификации в ортопедической стоматологии : Учеб.пособие /- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 96 с. - (Медицина для вас)
-
М. Л. Миронова. Съемные протезы : учеб. пособие для мед. училищ и колледжей / - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 464 с
Қорытынды сұрақтар:
-
Клиникалық мойын және анатомиялық мойын туралы түсінік. Олардың тапографиялық орналасуы. Фронтальды топ тістердің морфо – функциональдық құрлысы.
-
Жасанды штампталған металл қаптамасының сапасының клиникалық критериі.
-
Штампталған металды қаптаманы шақтап келтіру қандай кезеңдерден тұрады?
-
Қандай аурулар тістің сауытты бөлігін эстетикалық бұзылуларына алып келеді?
-
Жасанды қаптаманың егелеуге арналған түрпілік құрал – жабдықтарға қандай талаптар қойылады?
-
Тісті цементке отырғызу барысында пайда болатын асқынулар. Олардың алдын – алу жолдары.