Ф КГМУ 4/3-07/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Оқытушы басшылығымен жасалатын студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау № 4
Тақырыбы: Эндокринді жүйе ауруымен ауыратын науқастарды процедураға дайындау (глюкозаға толеранттылық тест сынамасы) және науқастарды дайындау мен техникасы.
Кредит 4
Пәні: PVBSDT 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы және терапиядағы мейірбикелік ісі»
Мамандығы: 051101
– «Мейірбике ісі»
КУРС: 2
Құрастырған: Мадиева Л.С
Қарағанды-2011ж.
Кафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
№ 10 Хаттама. 26 мамыр 2011ж.
Ішкі аурулар пропедевтика каф. меңгерушісі ______________ Нұрсұлтанова С.Д.
Тақырыбы: Эндокринді жүйе ауруымен ауыратын науқастарды процедураға дайындау (глюкозаға толеранттылық тест сынамасы) және науқастарды дайындау мен техникасы.
Мақсаты: студенттерге эндокринді жүйесі мүшелерінің ауруымен ауыратын науқастардың қалыпты және патология жағдайындағы фундаментальды және клиникалық пәндердің негізгі физиологиялық механизмдерін түсіндіріп, жұмыс жасау барысында және патофизиологиялық механизмдердің клиникалық синдромдарын бөліп қарастыру немесе науқастарды зерттеуге дайындау.
Оқытудың тәсілі: Алынған бөлім студенттерге берілген тақырыпты аша тұрып, негізделген әдебиеттермен жұмыс жасауды үйрету. Оқыту барысында өткізілген тақырыптың бастапқы білім деңгейін бағалап, қорытынды сабаққа сұрақтарды дайындап қарастыру. Студенттердің өзіндік жұмысы кітапханада жасалып, арнайы презентация дайындауда әдебиеттерді қолдана отырып саралау.
Өткізілу формасы: Науқастарды курациялау. Тапсырманы орындауда науқастарды дайындау.
Тақырып бойынша тапсырма: Курация жасалған науқастарға глюкозаға толеранттылық тест сынамасын жасап саралау және дайындау.
Әдебиеттер:
Соколова, Наталья Глебовна. Сестринское дело в педиатрии.Практикум: Учеб. пособие для медколледжей/Н.Г.Соколова,В.Д.Тульчинская; Под общ. ред Р.Ф.Морозовой.-Изд. 2-е.-Ростов н/Д:Феникс,2005..
-
Обуховец Т.П., Склярова Т.А.,Чернова О.В. Основы сестринского дела. Ростов на Дону.2003.2004.2005.
Яромич, Иван Васильевич. Сестринское дело:Учеб. пособие/И.В.Изд. 5-е,испр.-М.:ОНИКС 21 век,,2007.
Яромич, Иван Васильевич. Сестринское дело:Учеб. пособие/И.В. Яромич.- Изд. 5-е,испр.-М.:ОНИКС,2007.
Морозова, Г.И. Основы сестринского дела. Ситуационные задачи: Учеб. пособие для мед. училищ и колледжей/ Г. И. Морозова. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009.
Смолева, Эмма Владимировна. Сестринское дело в терапии с
курсом первичной медицинской помощи:Учеб.пос./Э.В.Смолева; Под ред В. Б. Карабухина.- Изд. 5- е.- Ростов н/Д:Феникс,2007.
Ослопов, Владимир Николаевич. Общий уход за больными в терапевтической клинике: Учеб.пос.для вузов/В.Н.Ослопов,О.В.Бого-явленский.- 2- е изд.испр.и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа, 2005.
Хамидова, Т. Р. Справочник медицинской сестры клинической практики/Т.Р.Хамидова.-Ростов н/Д:Феникс,2007.
Мостицкая, Раиса Михайловна. Медсестра врача общей (семейной практики/ Р.М.Мостицкая.-Ростов н/Д.:Феникс,2006.
Қорытынды сұрақтар:
1. науқастарды глюкозаға толеранттылық тест сынамасын жасауға дайындау.
2. глюкозаға толеранттылық тест сынамасын жасаудың техникасы
3. глюкозаға толеранттылық тест сынамасын жасаудың көрсеткіштері.
Тестер:
1.
Қант диабеті кезіндегі кездесетін жиі симптом:
тәбеттің төмендеуі
семіру
шөлдеу (полидипсия)
олигурия
терлегіштік
2.
Бүйрек үсті безінің қыртысты бөліміндегі гормондар:
адреналин
норадреналин
допамин
кортизол
инсулин
3.
Қалқанша безінен синтезделетін гормондар:
Кортизон
Альдостерон
Андрогены
Паратгормон
Тироксин
4.
Кетоацидоздық кома кезіндегі төменде аталған көріністер тән?
-
тіндердің тургорының төмендеуі;
-
тері қабатының құрғауы;
-
аузынан ацетон иісінің шығуы;
-
тері қабатының ылғалдылығының жоғарлауы;
-
тырыспалар;
-
сирек және жоғары Куссмаул тынысы
5.
Гипогликемиялық комаға тән:
- тахикардия;
- тырыспалар;
- көз алмасы тургорының төмендеуі ;
- аузынан ацетон иісінің шығуы;
- тері қабатының ылғалдылығы;
- тері қабатының құрғауы.
6.
Тиреотоксикозға тән:
энофтальм
көз жылтырының жоғарлауы
миоз
қабақтың птозы
қабақтың витилигосы
7.
«Телеграф бағаны» симптомы науқастарда қандай патологияда кездеседі:
сіреспеде
гипокальциемияда
остеохондрозда
тиреотоксикозда
диабеттік энцефалопатияда
8.
Диффузды токсикалық жемсауда ұйқы артериясында систолалық шудың тыңдалуы тән:
митральды қақпақша жетіспеушілігі
тахикардия
артерияның жемсаумен басылуы
анемия
қолқалық стеноз
9.
Қант диабеті диагнозын нақты дәлелдейтін критерий:
глюкозурия
гипергликемия
гиперлипидемия
кетонурия
гипокалиемия
10.
Жемсау кезіндегі қалқанша безінінің пальпация әдісімен сезілуі тән:
I дәрежелі
II дәрежелі
III дәрежелі
IV дәрежелі
V дәрежелі
11.
Науқас қант диабетінің І типімен ауырады, кезеңді инсулин қабылдайды. Соңғы инъекция 1 сағат бұрын жасалған. Науқас бірден әлсіздікке, терінің ағуына шағымданып, кейін есінен танып қалды. Зерттеу барысында: беткейлі жиі тыныс, пульсі әлсіз толған. Осы жағдайдың дамуының себебі неде:
кетонемиялық диабеттік кома
аддисонды криз
гипогликемиялық кома
инсульт
анафилактикалық шок
12.
Науқас толық, 54 жаста жиі шөлдеуге, жиі және көп мөлшерде зәрінің бөлінуіне шағымданады. Бірінші мына жағдайдан күмәндану керек:
созылмалы пиелонефриттің өршуі
қант диабетінің 2 типі
созылмалы панкреатиттің өрші
гипотиреоз
қант диабетінің І типінің декомпенсациясы
13.
Науқас бірнеше жылдар бойы диффузды токсикалық жемсауға байланысты ем қабылдап жатыр. Емнің эффекті оң және тұрақсыз. Оған струмэктомия жасауға жолдама берілген. Қалқанша безінің субтотальды резекциясы ұсынылған. Науқасқа отаға дайындау және отадан кейінгі арнай бақылауда болумен қатар, оның асқынуын жоспарлайды.
біріншілік гипотиреоз
тиреотоксикалық криз
ларингеальды жүйкенің зақымдануы
жемсаулың өршуі
гипопаратиреоз