Ф КГМУ 4/3-07/02
ПП КГМУ 4/02
Қарағанды мемелекеттік медицина университеті
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Оқытушылардың басқаруымен студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік нұсқау № 8
Тақырыбы: Бөлім бойынша қорытынды сабақ (жүрек- қантамыр жүйесін зерттеу әдісі, пальпация маңызы, жүрек перкуссиясы және аускультациясы).
Кредит 1
Пәні : PVBSDT 2211 «Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі»
Мамандығы: 051101 «Мейірбике ісі»
Курс 2
Құрастырған: Сүлейменова Ш.Б.
Қарағанды 2011ж
Кафедраның отырысында талқыланған және бекітілген
№ 8 Хаттама. 25 наурыз 2011ж.
Ішкі аурулар пропедевтика каф. меңгерушісі ______________ Нұрсұлтанова С.Д.
Тақырыбы: Бөлім бойынша қорытынды сабақ (жүрек- қантамыр жүйесін зерттеу әдісі, пальпация маңызы, жүрек перкуссиясы және аускультациясы).
Мақсаты : студенттердің І кредит бойынша жүрек қантамыр тақырыбы жетістіктерін тексеру.
Оқыту тапсырмасы : өткен материалдарды бекіту және студенттердің білім сапасының жетістігін тесеру.
Жүргізілу түрі: жазу түріндегі тест
Тақырып бойынша тапсырма:
-
Жүрек қантамыр жүйесін физикалды зерттеу әдісі бойынша оқылған материалдарды қайталау.
-
Патологиядағы жүрек аускультациясы мен перкуссиясы, қараудың диагностикалық маңызы бойынша оқылған материалдарды қайталау
-
ОКО –да фантомында тренингті өзіндік өткізу, жүрек аускультациясы кезіндегі қосымша шу моделированиясының пайда болуындағы қолданылуы.
Үлестіру материалы: дәріс, қолданылатын әдебиеттер, I кредит бойынша О.Ә.К.
Әдебиет
негізгі
-
Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы : Оку қуралы / Айтбембет, Бегалы Нурманулы. - Алматы : Кітап, 2005. - 568 с
-
Пропедевтика внутренних болезней : учебник / Н. А. Мухин, В. С. Моисеев. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 848 с
-
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің клиникалық дәрістері : оқу құралы / Қ. Ж. Ахметов. - [б. м.], 2009. - 210 с
-
Терапиядағы мейірбике ісі – Астана «Фолиант», 2007
қосымша
-
Непосредственное исследование больного : Учеб.пос. [для практ.занятий] / Гребенев, Андрей Леонидович, Шептулин А.А. - М. : МЕДпресс-информ, 2005. - 170 с
-
Пропедевтика внутренних болезней : Учеб.пос.для медвузов / Полушкина, Надежда Николаевна, Клипина Т.Ю. - М. : ВЛАДОС, 2005. - 288 с. - (Конспекты лекций для медицинских вузов)
-
Ішкі аурулар клиникасында ауру тарихының жүргізілу үлгісі : студенттерге арналған оқу-әдістемелік құралы / [и др.] ; КГМУ. - Қарағанды, 2009. - 36 б.
-
Методика и техника обследования больных с заболеваниями сердечно-сосудистой системы: учебно-метод пособие. - Караганда.- 2010-44с.
-
Основы диагностики внутренних болезней : Учеб.пос.для вузов / Богатырев, Валерий Георгиевич. - Ростов н/Д : Феникс, 2005. - 190 с
Бақылау сұрақтары:
-
Артериальды қысымды және пульсті зерттеу. Клиникалық маңызы, пульс сипаттамасы.
-
Жүрек маңын қарау және пальпациялау.
-
Жүрек перкуссиясы (жүректің салыстырмалы және абсолюттік тұйықталу шекарасы).
-
Жүрек аускультациясы. Реті , ережесі.
-
Жүрек аускультациясы. Тондары және шуы, пайда болу механизмі.
-
Жүрек тонының өзгеруі (әлсіздік, күшею), (үшмүшелі ырғақ- «бөдене бытпылы» ырғағы, ат шабыс ырғағы).
-
Органикалық және функциональды шуы. Пайда болу механизмі, функциональды және органикалық шуылдардың салыстырмалы критериилері.
Тесттік сұрақтары:
1. Пальпациямен келесі белгілерді анықтауға болады, содан басқа:
-
жүрек түрткісі
-
жүрек конфигурациясы өзгерісі
-
fremissiment cotaire
-
жүрек бүкірі
-
табанның, жіліншік артерияларында пульстың болмауы
2. Мынадан басқа төменде аталғандары дұрыс:
-
жүрек түрткісі оң қарыншаның дилятациясымен себептеледі
-
жүрек түрткісі жүрек абсолютті тұйықтығының аймағында айқын пульсациясымен анықталады
-
жүрек түрткісі көзге көрінеді
-
оң қарыншаның гипертрофиясы эпигастральды пульсацияның жалғыз себебі ғана болмайды
-
жүрек түрткісі ұшы түрткісінің синонимы болып табылады
3. Мынадан басқа төменде аталғандарды жүрек перкуссиясын жүргізгенде анықтау қажет:
-
салыстырмалы және абсолютті жүрек тұйықтығының оң жақ шекарасы
-
салыстырмалы және абсолютті жүрек тұйықтығының жоғарғы шекарасы
-
салыстырмалы және абсолютті жүрек тұйықтығының сол жақ шекарасы
-
салыстырмалы жүрек тұйықтығының төменгі шекарасы
-
жүрек конфигурациясы
4. Мынадан басқа төменде аталған тұжырымдар дұрыс:
-
тамырлық шоғыр ені 4,5 – 6 см тең
-
абсолютті жүрек тұйықтығының оң жақ шекарасы төс сүйегінің сол жақ қыры бойында орналасады
-
жүректің сол жақ контуры қолқамен, өкпе бағанасымен, сол жақ жүрекшенің құлақшасымен, сол жақ қарыншамен
-
қалыпта тамырлық шоғыр мен сол жақ қарынша арасында бұрышы бар
-
гиперстениктерде жүрек тік қалыпта болады
5. Мынадан басқа төменде аталған тұжырымдар дұрыс:
-
жүрек қуысы дилятациясында жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекаралары жылжиды
-
пневмоторакста жүрек шекаралары зақымданған жағына ығысады
-
перикардта сұйық жиналғанда абсолютті тұйықтығының ені азаяды
-
жүрек жоғары шекарасы сол жүрекше үлкейгенде ығысады
-
қолқаның кеңеюі тамырлық шоғырдың ұлғаюына әкеледі
6. Тахикардияны барлық аталған жағдайлар тудырады, содан басқа:
-
физикалық жүктеме
-
жүрек жеткіліксіздігі
-
ваготония
-
симпатикотония
-
тиреотоксикоз
7. Жүрек аускультациясында қалыпты бірінші үннің сипатына сәйкес келмейтін белгісі:
-
жүрек негізінде жақсы естіледі
-
ұзақ паузадан кейін жүреді
-
ұйқы артерияда пульспен сәйкес келеді
-
ұшы түрткісімен сәйкес келеді
-
ұзақ, төмен
8. Қалыпта мынадан басқа төменде аталған тұжырымдар дұрыс:
-
жүрек ұшы түрткісі V қабырғааралықта орналасады
-
тынышта ұшы түрткісінің тербелісінде жоғары амплитудасы болады
-
ұшы түрткісінің ені 2 шаршы см артық болмайды
-
күшейген ұшы түрткісі сол қарыншаның гипертрофиясымен себептеледі
-
қарауда ұшы түрткісін әрқашан көруге болмайды
9. Пальпацияда науқаста сол орта-бұғана сызық бойынша V қабырғааралықта жүрек ұшы түрткісі күшейген, көтеріңкі, концентрацияланған. Науқаста қандай синдромының белгілері пайда болады?
-
оң қарыншаның гипертрофиясы
-
сол қарыншаның гипертрофиясы
-
сол жүрекшенің дилатациясы
-
сол қарыншаның дилатациясы
-
оң қарыншалық жеткіліксіздік
10. Қарауда науқастың жағдайы ауыр, ортопное жағдайы, күшейген акроцианоз, табан және жіліңшік ісінген, асцит, бауыры ұлғаяды, науқаста қандай синдромның белгілері бар?
-
оң қарыншаның гипертрофиясы
-
сол қарыншаның гипертрофиясы
-
сол жүрекшенің дилатациясы
-
сол қарыншаның дилатациясы
-
оң қарыншалық жеткіліксіздік
11. Перкуссияда науқаста жүрек салыстырмалы тұйықтығының шекаралары: оң – төс шетінен оңға 1 см; сол – алдыңғы аксиллярлы сызығы бойынша; жоғарғы – III қабырғаның жоғарғы шеті. Науқаста қандай синдромдың белгілері болады?
-
оң қарыншаның гипертрофиясы
-
сол қарыншаның гипертрофиясы
-
сол жүрекшенің дилатациясы
-
сол қарыншаның дилатациясы
-
оң қарыншалық жеткіліксіздік
12. Эпигастральды пульсацияны қандай себептер тудырады?
-
сол қарыншаның гипертрофиясы
-
гепатомегалия
-
оң жүрекшенің гипертрофиясы
-
оң қарыншаның гипертрофиясы
-
құрсақ қолқасы
13. II тонды жақсы естілетін жері қайда:
-
төстің сол және оң шетінде II қабырғааралықта
-
V қабырғааралықта сол орта-бұғаналық сызығы бойынша
-
V межреберье оң орта-бұғаналық сызығы бойынша
-
семсе тәрізді өсіндісінің негізінде
-
төстің төменгі үштен бірінде
14. Аускультацияда I және II тонның айырмашылығы барлық аталғандары болады, содан басқа:
A. жақсы естілетін жері
B. жүрек паузасына қатынасы
C. ұшы түрткісімен, ұйқы артерияда пульсымен байланысы
D. жүрек шуларымен байланысы
E. ұзақтығы
15. Кеудеге митральды қақпақшаның шынайы проекциясы орналасады:
A. төстің оң шетіне V қабырғаның жабысқан жерінде
B. V қабырғааралықта орта-бұғаналық сызығы бойынша
C. төстің сол шетіне III қабырғаның жабысқан жерінде
D. семсертәрізді өсіндісінің негізі
E. II қабырғааралықта төстің сол шетінде
16. Ұйқы артерияның пульсымен жүрек қандай тоны сәйкес келеді?
-
I тон
-
II тон
-
III тон
-
IV тон
-
барлық аталғандары
17. I тонды жақсы естілетін жері қайда:
A. төстің оң шетінде II қабырғааралықта;
B. төстің сол шетінде II қабырғааралықта;
C. V қабырғааралықта сол орта-бұғаналық сызығы бойынша
D. Боткин нүктесі
E. семсертәрізді өсіндісінің негізі
18. Ұшында I тонның әлсіреуі төменгі аталғандарда болады, содан басқа:
A. митральды жеткіліксіздігінде
B. митральды стенозында
C. қолқа жеткіліксіздігінде
D. миокард қабынуында
E. кардиосклерозында