Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Білім сапасы –мақсат пен нәтиженің ара қатынасы мақсатқа(нәтижеге) жетудің өлшемі.

Нығызбаева Г.Ж

КГУ №43 мектеп-гимназиясы

Интерактивті технологияны пайдаланып оқушылардың білім сапасын арттыру.

Қоғамның бүгінгі басты мақсаттарының бірі – білім беру үрдісін ақпараттандыру. Бұл бағыт ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтықтан оқыту, тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген, соның бірі – білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіл әлемдік коммуникация желісіне шығу

Білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын ажырата білу керек. Соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әртүрлі ойындар, т.б.. Оқыту үрдісінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін. Яғни, оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әртүрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктерімен қаруландырса, екінші бағыт бойынша компьютер оқытудың тиімділігін жоғарылататын, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі. «Мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде интерактивті үрдістері компьютерлік білімді тереңдетуге, оқу мерзімін қысқартуға ықпал етіп ,жағдай жасайды. Мұның нәтижесінде білімді, білікті, дағдыларды шығармашылықпен іске асыру, яғни тиісті ойлау ұстанымдарына тоқталсақ, оқытудың технологияларын, әдістерін және формаларын таңдау және қолдану жалпы дидактикалық ұстанымдарымен қатар басқа бірнеше ұстанымдарға негізделед.Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамда шешім қабылдаудың маңызы арта түсті.Осы бағытта оқушылардың белсендігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер-интерактивті деп аталады.
Мақсаты:.Интерактивті технологияны пайдалана отырып оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту арқылы білім сапасын арттыру.

Міндеттері:

- интерактивті технологияның білім сапасына әсері;

-оқыту барысында қоршаған орта ,пәнге деген қызығушылық тудыру;

- компьютерді тиімді және үнемі пайдалану;

- оқушылар өзіне қажетті материалдарды интернет жүйесінен таба білу.;

- электронды оқулықтарды тиімді пайдалану;

-компьютерлік желі электронды және телеконференцияларға қатысу;

Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

- өз ойын тиянақтап химиялық тілде сөйлей білу;

- химияның қоғамдағы маңызын,адамзат алдында тұрған сан-салалы мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлін арттыру;

- оқытудың өз бетімен білім алу, шығармашылық белсендігін дамыту;

- ғылым негіздерін,алған ақпараттарын сабақта тиімді пайдалана алу;

-ғылымда болып жатқан құбылыстарды оқып-үйрене отырып,өзінің ғылымға деген көзқарасын қалыптастыру.



Диагностикалық құралдар:бақылау,тест,жоболаржасау,топтық жұсау, талдау,реферат,болжам жасау .

Күтілетін нәтиже:

-пәнге деген қызығушылығын арттырып,мамандыққа баулу;

-кәсіптік қабілеттерін дамытуға ықпал ету;

-қосымша ақпараттармен танысуға мүмкіндік алады;

-таным белсендігі мен ізденіс дербестігін әрі қарай дамыту

Болжамы:Оқытудың интерактивті әдісін тиімді ұйымдастырса,оқушылардың таным белсенділігі артып-білім,ғылымға деген көзқарасы жоғары деңгейде қалыптасады

. Интерактив – ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді.Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздеріИнтерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойындай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекет дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады. Оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс оқушының жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оның бойында білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Сабақ мұғалім мен сынып тобы, шағын топтар мен жеке оқушы арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда мұалім хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады..

Сабақтың басы диагностика сәтінен басталады. Бұл сәтте оқушылар өздерінің жаңа тақырыпқа байланысты (мысалы,фосфор, көміртегі туралы) ойларын, пікірлерін, әдеби кітаптардан оқығандарын, теледидардан көргендерін, естігендерін, басқа пәндерден білетіндерін ортаға салады. Мұғалім азғантай уақыт ішінде алдында отырған оқушылардың осы тақырып төңірегінде не білетіндігін немесе білмейтіндігін аңғара алады. Одан кейін – ізденіс тенденциясы сәті. Мұнда балалар жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, тақырыпты тереңірек түсіну үшін өз беттерінше оқулықпен немесе басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді. 10-15 минуттан кейін тұсау кесер сәтінде әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жеткіліксіз жағдайлардан интерактивті тақта арқылы сызба,слаид,бейне роликтер,лабораториялық жұмыстарды көрсетіп ақпарат береді. Ал, жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір-сайыс, сияқты интерактивті әдістер арқылы сабақты бекітіп, пысықтауға болады. Нәтижесінде - 45 минуттың 5-7 минутын ғана алып, қалған уақытты оқушылардың ізденуіне, танымдарын арттыруына арнайды.Өзара интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлуОқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:өзіне деген сенiмге тәрбиелейдi; шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын); сыни ойлау дағдыларын дамытады;өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады; пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар үшiн қажет.Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті,қызығушылықты тудырады..Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан iсiнің мәнiне енедi. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезiнде танымдық белсендiлiк деңгейi күрт артады. әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын .Білім сапасының артуында азда болса өзгерістің болуын төмендегі мониторингтен көруге болады.

Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Бағалаудың көпшілікке белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы. Бұл бағалаудың рөлі білім сапасын көтеруде өте мәні зор. Бұл әдіспен оқушылар өз білімін өздері бағалауына да болады. оны алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады. Бағалаудың өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді.

Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік немесе жұптық бағалау: 1) менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары; 2) бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары; 3) бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары және т.б. Ал, топтың өзара бағалауында: 1) топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу стилі: төмен, орта, жоғары; 2) жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтар): төмен, орта, жоғары; 3) сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б.: төмен, орта, жоғары.

Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады. Бұл бақылау мен бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз күшіне сенуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б..

Аталған қасиеттерді игерген балада, әрине, пәнге деген қызығушылық,белсенділік, сүйіспеншілік артады. Нәтижесі сабақтың сапасының артуы. Сөзімнің айғағы ретінде келтірер мысалым:пәнге қызығушылық білдіріп оқушылардың ҰБТ-да таңдау пәнін химияны таңдауы,әртүрлі

Интерактивті тақтаның көмегімен әрбір жаңа тақырыпты пән аралық байланыспен өткізу жеңіл әрі тиімді болып табылады.

Интерактивті тақтаның ерекшелігі сабақта уақытты үнемдеуде және тесттік тапсырмаларды әр оқушы өздігінен орындап, білімінің қаншалықты екендігіне көз жеткізе алады.

Интерактивті тақтамен жұмыс оқушының пәнге қызығуын, түрлі сызбалар арқылы еркін сөйлеуін, тақтамен жұмыс істей алуын қалыптастырады.

Әрбір сабақ қызықты өту үшін тесттер, жұмбақ, сөзжұмбақ, сызбалар слайдта көрсетіледі. Кейбір зертханалық тәжірибелерді электронды оқулықтардан ашып, жүруін көруге болады.

«ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры» болып отыр. Интерактивті технологияны,тақтаны пайдалану бүгінгі күннің -тиімді әдісті бірі. .


ӘДЕБИЕТТЕР

1.Г.Н.Александрова. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой технологии учебной и педагогической деятельности. «Директор школы», 2002, №5.

2.О.Тілеукен,ов. Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу жолдары. «Мектеп директоры», №1, 2003.

3.Р.Жашиев. Қазақ мектебі ХХІ ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс. «Ұлт тағлымы», №4-5, 2001.

3.Т.В.Орлова. Перспективное планирование разивтия школы. Москва, «Сентябрь», 2000.

4.Г.Ю.Ксензова. Оценочная деятельность учителя. Москва, 2001.



5.В.В.Гузеев. Педагогическая техника в контексте образовательной технологии. Москва, 2001.

6.М. Қалиева. Білім беру итехнологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. Алматы, 2002

Білім сапасы –мақсат пен нәтиженің ара қатынасы мақсатқа(нәтижеге) жетудің өлшемі. Нығызбаева Г. Ж кгу №43 мектеп-гимназиясы Интерактивті технологияны пайдаланып оқушылардың білім сапасын арттыру

Білім сапасы –мақсат пен нәтиженің ара қатынасы мақсатқа(нәтижеге) жетудің өлшемі

82.67kb.

23 09 2014
1 стр.


«география сабақтарында білім берү Үрдісі субъектілерін дамытуда және білім сапасын жетілдірүде ақпараттық технологияның маңыздылығЫ»

Оқушылардың құзыреттілігін арттыруда инновациялық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын көтерү

79.19kb.

23 09 2014
1 стр.


Дипломдық жұмыстың

Жалпы білім беретін мектептерде білім сапасын арттыру, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқыту үрдісін жаңа сапалық денгейге көтеру мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерін арттыру сия

547.96kb.

14 12 2014
3 стр.


Білім берудегі жаңа технологияның ТҰЛҒА Қалыптастырудағы ролі

Жаңа педагогикалық технология оқушылардың білім сапасын арттыруға, ой-санасының дамуына мүмкіндік жасайды. Үнемі өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз

57.03kb.

13 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі №86 жалпы білім беретін орта мектеп

Бүгінде тек сауатты, белсенді, жақсы оқушыларды оқытып шығару жеткіліксіз. Мектеп қабырғасынан өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл – азаматтар шығару басты мақсат

42.87kb.

15 10 2014
1 стр.


34 орта мектебінің І тоқсандағы оқушылардың үлгерімі және білім сапасы 2010-2011 оқу жылы
317.38kb.

23 09 2014
5 стр.


Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру

ОҚушылардың математика сабағына танымдық Қызығушылықтарын дамыту және білім беру сапасын жетілдіру үшін өз бетімен жұмыс істеуді ұйымдастыру

71.54kb.

12 10 2014
1 стр.


«Бекітемін» Мектеп директоры: Қ. Тоқмұханбетов №142 орта мектептің 2010-2011 оқу жылына арналған айлық жоспары №1 Педагогикалық кеңесте қаралды

Сапалы білім, саналы тәрбие, сауықтыру және әлеуметтендіру біртұтас жүйесін қамтамасыз ететін, нәтижеге бағытталған мектеп моделін құру

475.06kb.

25 12 2014
3 стр.