Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы
8сынып
Күні: 9.12.2010ж
Тақырып: Есеп шығару
Мақсаты:
Білімділік: Электр тізбегінің сипаттамаларын есептеу барысында сандық, сапалық, графиктік есептер шығару.
Дамытушылық: Күрделі есептерді қарапайым есептерге жіктеу арқылы сатылап шығару әдісін демонстрациялау, жаттығулар орындау;
Тәрбиелік: Оқушыларды өз жұмысын, уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге, өзіндік бақылау жасау білуге баулу;
Көрнекі құралдар: амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, шам, слайдтар, жеке карточкалар
Сабақ жоспары:
-
Ұйымдастыру кезеңі,үй жұмысын тексеру.
ІІ Экспресс-тест «Формулалар»
ІІІ. Есеп шығару.
IV. Жеке карточка бойынша өздік жұмыс
V . Қорытындылау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі , үй жұмысын тексеру.
ІІ Экспресс-тест «Формулалар»
557. Кедергісі 50 Ом электр шамына кедергісі 12 Ом резистор тізбектей жалғанған. Осы тізбектің сызбасын сызып, олардың қорытқы кедергісін анықтаңдар.
558. Бізге бір-біріне және реостатқа тізбектей жалғанған әркайсысының кедергілері 25 Ом-ға тең екі шам берілген. Тізбектің жалпы кедергісі 62 Ом. Реостаттың кедергісін есептеңдер.
559. Шамдағы кернеуді анықтаңдар. Жұмыс күйіндегі оның қыздырғыш қыл сымының кедергісін табыңдар (62-сурет).
560. Кедергілері 5 Ом, 6 Ом,12 Ом үш өткізгіш тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеудің түсуі 4,6 Β болса, амперметр қанша ток күшін көрсетеді және үшінші өткізгіштегі кернеудің түсуі неге тең?
561. Электр шамы жалғанған кернеуі 220 Β тізбекке реостат тізбектей жалғанғанда, ток күші 0,5 А-ден 0,2 А-ге өзгереді. Тізбектің сызбасын салыңдар және реостаттың кедергісін анықтаңдар.
570. Еш есептеу жүргізбей-ақ мына сұрақка жауап беріңдер: тізбектің жалпы кедергісі (65-сурет) 14 Ом, 10 Ом, 2 Ом болуы мүмкін бе?
571. Тізбек кедергілері 1,5 Ом және 10 Ом болатын параллель жалғанған өткізгіштерден тұрады. Оның жалпы кедергісін табыңдар.
572. Бір айырғышты қосканда — шам жанатын, екіншісін қосқанда — қоңырау шырылдайтын, үшіншісін қосканда — екеуі де қосылатын ток көзінен, шамнан, қоңыраудан және үш ажыратқыштан құрылған тізбектің сызбасын сызыңдар.
573. Егер R
3 резисторға одан кедергісі көп R
4 резисторын параллель жалғаса, тізбектегі аспаптардың көрсетулері (66-сурет) калай өзгереді?
574. Тұйық тізбектегі
V 2 вольтметрі 220 Β көрсетеді (67-сурет). Егер Онүктесінде тізбек үзілсе, оның көрсетуі қалай езгереді? Үзілгенге дейін тізбектегі
Vχ вольтметрдің көрсетуі кандай болған? Үзілгеннен кейін қандай болады?
Тест.
Электр тізбегіндегі ток күші 2 А тең. Электр шамының кедергісі 14 Ом, шамның кернеуі .A) 28 В. B) 7 В. C) 0,125 В. D) 16 В. E) 2,8 В.
{Дұрыс жауап} = А
Кернеуі 220 В желіге қосылған электр плитасының спиралінің кедергісі 55 Ом, спиральдегі ток күші ...
A) 0,25 А. B) 0,4 А. C) 2,5 А. D) 4 А. E) 40 А.
{Дұрыс жауап} = D
Шамның қылы арқылы өтетін ток күші 2 А. Шамдағы кернеу 10 В, ол шам қылының кедергісі ...
A) 0,2 Ом. B) 5 Ом. C) 2 Ом. D) 20 Ом. E) 0,5 Ом.
{Дұрыс жауап} = В
R=6 Ом кедергідегі кернеудің түсуін анықтаңдар, егер 10 с ішінде ол арқылы 3 Кл заряд тасымалданатын болса
A) 0,05 В. B) 1,8 В C) 18 В. D) 0,5 В. E) 0,25 В
{Дұрыс жауап} = В
Егер кедергісі 120 Ом резистор арқылы 6 А ток өтетін болса, параллель қосылған кедергісі 80 Ом резистор арқылы өтетін ток күші
A) 3 А. B) 6 А. C) 9 А. D) 18А. E) 30 А.
{Дұрыс жауап} = С
Егер кедергіні екі рет азайтқанда ток күші 3 есе артса тізбек бөлігіндегі кернеудің өзгерісі
A) 6 есе артты B) 6 есе кеміді C) 1,5 есе артты D) 1,5 есе кеміді E) өзгермеді
{Дұрыс жауап} = С
Ток күші 5А , 110 В кернеуге арналған қыздырғыш элементтің кедергісі.
A) 0,22 Ом. B) 22 Ом. C) 550 Ом. D) 0,045 Ом. E) 0,55 Ом.
{Дұрыс жауап} = В
Үй жұмысы : §38, № 538,539
IV. Қорытындылау
Кафедра меңгерушісі Ескендирова Т.Н