Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

«ҚазАгроИнновация»

«Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-і

БИОАГЕНТТЕРДІ (ЭНТОМОФАГТАР)

ӨСІРУДІ ІС ЖҮЗІНЕ АСЫРАТЫН ТИПТІК БИОЗЕРТХАНАЛАР МЕН БИОФАБРИКАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Алматы – 2012


Бұл талаптарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты” ЖШС-і дайындаған


© “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ҒЗИ” ЖШС-і, 2012


МАЗМҰНЫ





Анықтаулар, белгілеулер және қысқартулар................................................

3

1

Кіріспе..................................................................................................................

4

2

Қолданылу саласы.............................................................................................

5

3

Жалпы ережелер.................................................................................................

5

4

Биозертханалар мен биофабрикалар құрылысына арналған алаңдарды таңдауға және олардың бас жобасын жобалау талаптары.............................

5

5

Биофабрикалар мен биозертханалар ғимараттарына және үй-жайларына арналған талаптар..............................................................................................

6

6

Биофабрикалар мен биозертханаларды жабдықтармен және зертханалық керек-жарақтармен қамтамасыз етуге арналған талаптар.............................

8

7

Адамдардың тіршілік қарекетінің қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға арналған талаптар..............................................................................

14

8

Биофабрикалар мен биозертханалардың штаттық нормативіне арналған талаптар..............................................................................................................

14




Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................

16


Анықтаулар, белгілеулер және қысқартулар
Алтынкөз (кәдімгі) – Chrysopa carnea денесінің ұзындығы 20 мм-ге дейінгі және қанат өрісі 15–30 мм-ге жететін, хризопид (Chrysopidae) туыстасының торқанаттылар (Neuroptera) отрядына жататын бунақденелілер. Энтомофаг зиянды бунақденелілер мен денесінің үстіңгі беті жұмсақ (дамуының түрлі кезеңдерінде) кенелер жиынтығының жыртқышы болып табылады. Алтынкөз жасанды жағдайда жаппай көбеюге бейім және биологиялық күрес агенті ретінде пайдаланылады.

Биагент (биологиялық күрес агенті) – зиянкес организмдермен биологиялық күресте (мәселен, бунақденелілермен күресте – энтомофаг) пайдаланылатын пайдалы организм.

БраконBracon hebetor браконид (Braconidae) тұқымдасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын мөлшері 4 мм-ге дейінгі ересек бунақденелілер. Бұл энтомофаг өсімдікті қабыршаққанатты зиянкестерден биологиялық қорғауға қолданылады және жұлдызқұртардың сыртқы тоғышары болып табылады.

Биоагенттерді (энтомофагтерді) жаппай өсіру – энтомофагтерді жасанды жағдайда көп мөлшерде өсіру. Жаппай өсіру деп (зертханалық өсіруден өзгеше) бунақденелілерді баға мен таза пайданың бір генерацияда өсірілген бір аналық ұрпағының сан мөлшерін 10 мың – 1 млн. есе асып түсетін көлемде қабылдауға тұрарлық арақатынасында өсімдікті биологиялық қорғау үшін өсіруді айтамыз. Жаппай өсірудің мақсаты – қысқа мерзімде шағын алаңда, еңбек шығыны мен қаржыны аз жұмсай отырып, өсімтал аналықтардың мүмкін болатын аса көп мөлшерін өсіру. Бір-бірімен тығыз байланысты және маңыздылығы бірдей үш үдеріс мынандай: өсімдік-ие көбейтіледі немесе энтомофаг дамитын бунақденелі-иені ұстау үшін жасанды қоректік орта дайындау; зиянды түрлерден еркін (аналық дақыл), бунақденелі-ие мен энтомофагтің тиісті қорын жасау және сақтау; пайдалы түрді биологиялық қорғаудың белгіленген бағдарламасы үшін керекті мөлшерде үздіксіз өсіру.

СанПин – санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормалар.

СНиП – құрылыс нормалары мен ережелері.

Трихограмма – трихограмматид (Trichogrammatidae) туыстасының жарғаққанаттылар (Hymenoptera) отрядына жататын мөлшері 1 мм-ге дейінгі ұсақ бунақденелілер. Трихограммалардың әр түрлі отряд бунақденелілерінің жұмыртқаларында тоғашырлық еткенмен мақта қозасында, жүгеріде, көкөніс дақылдарында, бақтар мен орман көшеттерінде қабыршаққанаттылар (Lepidoptera) отрядының жұмыртқаларында тоғышарлық етуге өте әуес.

Шартты гектар – ауыл шаруашылығы дақылдарының энтомофагтер екі және одан да астам шығарылған плантация телімі. Мысалы, мақта егістігінің 1 физикалық гектарына трихограмма бір маусымда 9 рет жіберілсе, онда шартты гектар 9-ға тең.

Шығару (энтомофагті) реттілігі – қорғалатын дақылға бір маусымда энтомофагтер (оларды маусымдық шоғырландыру тәсілі пайдаланылғанда) шығарудың жалпы саны. Сондай-ақ энтомофагтерді мақсаттық зиянкестің нақты ұрпағына қарсы шығару реттілігін айыра білу керек. Мәселен, трихограммаларды мақта көбелігінің бір ұрпағына қарсы 3 рет шығарылады, ал бір маусымда мақта көбелегінің үш ұрпағына қарсы жалпы шығару сан мөлшері – 9.

Энтомофаг – бунақденелілермен қоректелетін жыртқыш немесе бунақденелілер есебінен дамитын тоғышар (паразитоид). Өсімдіктерді биологиялық қорғау үшін жарғаққанаттылар, қаттықанаттылар, жартылай қаттықанаттылар, қосқанаттылар, торқанаттылар отрядтары бунақденелілерінің практикалық мәні зор.

Энтомофаг сапасы (жаппай өсірген кезде) – энтомофагті биологиялық күресте тиімді пайдалануға қажетті оның қасиеттер (физиологиялық, экологиялық, мінез-құлықтық) жиынтығы.

КІРІСПЕ

Әлемдік практикада өсімдікті биологиялық қорғау үшін ондаған энтомофагті жасанды жағдайда жаппай өсіреді. Белгілі бір энтомофагті және оның зертханалық иесін жаппай өсіру ерекшелігі бір-бірінен өзгешеленіп тұрады. Сондықтан да әрбір энтомофаг және оның зертханалық иесі үшін өсіруге қолайлы жеке жағдай жасап, тиісті жабдықтар жиынтығын пайдалану қажет. Соған байланысты бұл Талаптар үлгі ретінде трихограмма, бракон және алтынкөз тәрізді энтомофагтерді жаппай өсіруді іс жүзіне асыратын типтік биозертханалар мен биофабрикалардың талаптарына негізделеді.

Бұл талаптың негізгі “Биозертхана” және “Биофабрика” секілді ұғымдарға дәл анықтама берілгендігі болып табылады. Қазіргі сәтте әдебиет көздерінде дәл бұл ұғымдарға өсімдік зиянкестеріне қарсы биологиялық агент ретінде пайдаланылатын бунақденелілерді жаппай өсіретін өндірістік бірлік ретінде де, биоагенттер үшін азық ретінде де нақты анықтаулар жоқ. Кейбір әдебиет көздерінде бұл терминдер синоним ретінде пайдаланылса, енді бір сондай көздерде биозертханалармен салыстырғанда биофабрикалардың механикаландырылған тізбектермен және жетілдірілген инфрақұрылыммен анағұрлым заманауи жарақтандырылғанын көрсетеді. Бұл Талаптарда “Биозертханалар” мен “Биофабрика” терминдері үшін анықтаудың құрама нұсқасы келтіріледі:

Биозертхана – қысқаша айтқанда, биологиялық күрестің агенті (мысалы, трихограмма, бракон және алтынкөз) ретінде де, биоагенттің азығы (мысалы, дән күйесі мен балауыз күйесі) ретінде де пайдаланылатын бунақденелілерді жаппай өсіретін кіші көлемді өндірістік бірлік. Кіші көлемді биоагенттер өндірісі іс жүзіне аз жарақтандырылған жағдайда қолмен атқарылады. Оның биофабрикадан айырмашылығы да осы. Биозертханалар, әдеттегідей, маузымнан тыс кезде биоагенттер мен бунақденелілер-иелердің аналық материалдарын өзінде ұстамайды, оларды маусым алдында биофабрикалардан алады.

Биофабрика – қысқаша айтқанда, биологиялық күрестің агенті (мысалы, трихограмма, бракон және алтынкөз) ретінде де, биагенттің азығы (мысалы, дән күйесі мен балауыз күйесі) ретінде де пайдаланылатын бунақденелілерді жаппай өсіретін үлкен көлемді өндірістік бірлік.

Биофабрикалардың мынандай критерийлерге сай келуі тиіс:

1) Өндірілген биоматериалдарының көлемі биозертханалар қуатынан әлдеқайда асып түсетін биофабриканың негізгі өнеркәсіптік көбейтуге арналған механикаландырылған тізбек болып табылады.

2) Биофабрикаларда қыстыкүні биагенттердің алдағы жаппай атқарылатын істерге және ауыл шаруашылығы дақылдарын егу маусымында сатуға арналған аналық материалдарының белгілі бір көлемі белсенді жағдайда ұсталады.

3) Биофабрикаларда биоматериал (биагенттер мен олардың азықтары) өндірудің жылбойындық үдерісі ғылыми ізденістермен және биоматериалдардың сапасын қолдап отыру және көтеру, олардың сақталу мерзімін ұзарту және табиғи иелері арқылы биоагенттер популяциясын үнемі жаңарту үшін заманауи технологиялар енгізумен қоса жүреді.

4) Биофабрикаларда аналық материалдарды жаңарту және жинақтау жөніндегі жұмыстар биоагенттер түрлері мен олардың сапасының бағасын тұрақты таксономиялық бақылауда ұстап жүргізілуге тиіс.

5) Биофабриканың өзімен іргелес территориясында, биоагенттердің табиғи популяциясын жинақтауға арналған 0,5–1 га аналықтар телімі болуы керек. Бұл телімге жыл сайын түрлі мерзімде пісетін ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Оларға тоғышарлық ететін биоагенттердің (мысалы, трихограмма және бракон) табиғи иесі немесе жыртқыш энтомофагтердің (мысалы, алтынкөз) табиғи азығы болып табылатын фитофагтер жасанды түрде қоныстандырылады. Телімнің периметрі бойынша пайдалы бунақденелілерді қызықтырып тарту үшін, балшырынды өсімдіктер егіледі.

2 Қолданылу саласы
Бұл “Талаптар” биоагенттер (энтомофагтер) өсірілетін, ведомстволық иелікке және меншік хұқығына қатыссыз, жаңа биофабрикалар мен биозертханалар жобалауда, олардың жұмыс істеп тұрғандарын техникалық қайта жарақтандыруда және қайта салуда қолданылады. Биофабрикалар мен биозертханалардың ақырғы өнімі ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығында өсімдікті зиянды бунақденелілерден және кенелерден биологиялық қорғауда жаппай қолданылатын энтомофагтер.
3 Жалпы ережелер
1. Биофабрикалар мен биозертханалардың, сондай-ақ олардың инфрақұрылымына кіретін кейбір ғимараттар мен құрылыстардың жаңасын жобалағанда, жұмыс істеп тұрғандарын техникалық қайта жарақтандырғанда және қайта салғанда бұл “Талаптардан” басқа іс жүзіндегі құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНмЕ), санитарлық-гигиеналық ережелер мен нормаларды (СанЕжН) және басқа да белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтік құжаттарды басшылыққа алу керек.

2. Биозертханалар мен биофабрикалардың жаңасын жобалағанда, жұмыс істеп тұрғандарын техникалық қайта жарақтандырғанда және қайта салғанда отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді, биоагенттер сапасын арттыруды, өнімнің өзіндік құнын төмендетуді, күрделі қаржыны тиімді пайдалануды, еңбекке қолайлы жағдай жасап, айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы технологиялар мен техникалық шешімдерді қарастырған жөн.

3. Қопарылуға, қопарылуға-өртке және өртке қауіпті өндірістік категорияларды өндірістің қопарылуға, қопарылуға өртке және өртке қарсы салалық тізіміне сай қабылдау керек.
4 Биозертханалар мен биофабрикалар құрылысына арналған алаңдар таңдауға және олардың бас жобасын жобалау талаптары
1. Биозертханалар мен биофабрикалар құрылысына арналған алаңдарды таңдау, ал оларға ғимараттар мен құрылыстар салуды архитектуралық-жоспарлау, инженерлік-құрылыстық, санитарлық-гигиеналық және экономикалық жайттар мен талаптарды ескере, сондай-ақ Қазақстан Республикасының “Айналадағы ортаны қорғау туралы” 1997 жылдың 15-шілдесіндегі Заңының талаптарының сақтай отырып іс жүзіндегі ҚНиЕ және СанЕжН талаптарына сәйкес қарастыру керек.

2. Биозертханалар мен биофабрикаларды топырағы рұқсат етілгеннен (ауыр металлдар тұздары, радиоактивті қалдықтар өнімдері, азот қосылыстары, пестицидтер т.б. токсиканттар) асып кететін зиянды заттар шоғырымен ластанған жер телімдеріне; өзендер, көлдер мен су қоймаларының суы қорғалатын аймақтарға; сумен қамтамасыз ететін су көздерінің бірінші және екінші белдіктеріне салуға рұқсат етілмейді.

3. Биозертханалар мен биофабрикалардың айналадағы ортаға зиянды, жағымсыз иісті заттар, шаң шығаратын көздер болып табылатын, сондай-ақ негізгі өндіріске зиянкестер мен аурулар тарайтындықтан зиян келтіретін технологиялық үдерісті ғимараттары мен құрылыстарын желдің басым соғатын бағытын ескере отырып, санитарлық-қорғау аймағымен бөліп тастау керек.

4. Биозертханалар мен биофабрикаларға кіріп-шығатын жолдар мен ішкіалаңдық жолдарға қатты төсеніш төселуге тиіс. Ғимараттарға өтпе жолдар мен кірме жолдардың ені кемінде 3,5 м болып, бір-біріне қарсы келген автомобильдер жол айрықтары ғимарат пен құрылысқа жақын алаңдармен қамтамасыз етіледі.

5. Биозертханалар мен биофабрикалар, әдеттегідей биіктігі кем дегенде 1,6 м қоршаумен қоршалады.

6. Биозертханалар мен биофабрикалар жеріне жасыл қоршау үшін жағымсыз иісті кетіретін және фитонцидті қасиеті бар бұталар отырғызылып, олар шаң мен жағымсыз иісті заттарды сіңіреді және ауаны зарарсыздандырады.

7. Құрылысқа лайық жер бөлу ауданы жоспарланып отырған өндірістік қуаттылық есебінен тиісті жабдықтарды орналастыруға қажетті алаңдар ескеріле отырып анықталады.
5 Биофабрикалар мен биозертханалар ғимараттарына және

үй-жайларына арналған талаптар
5.1 Биофабрикалардың ғимараттары мен үй-жайларына арналған талаптар
1. Биофабрика ғимаратының тұрғын үйлерден, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” деген 2005 жылдың 8-шілдесіндегі №334 бұйрығының 31 тармағының 8 тармақшасына сай, кемінде 500 метр қашықтыққа салынуы тиіс.

2. Энтомофагтер өндірісінің бүкіл технологиялық үдерісін қамтамасыз ету үшін биофабрика үй-жайларына ауыспалы топтың (негізгі және резервтегі) 220V және 380V кернеулі ауытқуы 10–15 пайыздан аспайтын және 50 Герц жиілікті желісі, су, кәріз тартылуы керек.

3. Жабдықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін, орталық электрмен қамтамасыз етуден өшірілген жағдайда, биофабриканың бензинді немесе дизельді электргенераторы, сондай-ақ кернеу тұрақтандырғышы болуға тиіс.

4. Энтомофагтерді өндіру технологиясы технологиялық үдерістерде тірі бунақденелілер қолдануға негізделгендіктен ауру тудыратын микроорганизмдерден ауру жұқтырмас үшін өндірістік ғимараттың қабырғалары мен едендерінің күнделікті ылғалдап сүртуге және дезинфекцияға душар болатындықтан оған шыдамды жабыны болуы керек.

5. Сапалы биоматериал алудың ең маңызды жағдайларының бірі өндірістің түрлі технологиялық үдерістерінде тұрақты гидротермиялық параметрлер (температура мен ылғалдылық) ұстау қажет. Ол үшін биофабриканың ауаны күшпен кондицияға сәйкестендіру жүйесі және тұрақты жылумен қамту көзі, сондай-ақ ауа температурасы мен ауа ылғалдылығының өзгерісін тіркеуге арналған құрылғылары болу керек.

6. Биофабриканың бөлек тұрған, жақсы желдетілетін, сыйымдылығы кемінде 10 тонналқ дән қоймасы болуы тиіс.

7. Биофабриканың қажетті әкімшілік және тұрмыстық үй-жайлары, шешінетін орны, шайынатын бөлмесі мен әжетханасы болу керек.

8. Биофабрика территориясына, инфекция таратпас үшін, бөгде кісілердің кіруіне мүлде тиым салынады. Соған байланысты зертханаға кіре беріске кіруге тиым салынатын құлақтандыру іліп қойылады.

9. Биофабрика шамдалдары шаңнан қорғалатындай етіліп құрылады.

10. Оңшауланған кеңістіктен, ұшып жүрген бунақденелілер кіріп кетпес үшін, қосу дәлізінен шағын бөлме – тамбур жасалады.

11. Жабдықтар қойылатын жайдың мөлшері энтомофагтер өндіретін (1-кесте) әрбір технологиялық үдерісті орындауға арналған жабдықтар қоюға мүмкіндік беретіндей болуы тиіс.
1-кесте. Типтік биофабриканың ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар құрамы


Рет нөмірі

Ғимарат, құрылыс, үй-жай

Алаңы, м2 (кемінде)

1.

Әкімшілік, тұрмыстық және зертханалық үй-жайлар

170

2.

Трихограмма өндіретін механикаландырылған тізбек орналастырылатын үй-жайлар (кемінде)

220


3.

Бракон өндіретін механикаландырылған тізбек орналастырылатын үй-жайлар (кемінде)

180

4.

Алтынкөз өндіретін механикаландырылған тізбек орналастырылатын үй-жайлар (кемінде)

200

5.

Қойма бағытындағы нысандар

Есеп бойынша

6.

Қазандық

Есеп бойынша

7.

Трансформаторлық шағын станция

Есеп бойынша

*Ескерту: биофабрикалар салу үшін 2 қабатты ғимараттар дұрыс болып табылады.

Энтомофагтар өндіретін түрлі технологиялық үдерісте пайдаланылатын жабдықтар жеке үй-жайда энтомофагтың әрбір түрін өнеркәсіптік өндірудің техникалық сипаттамасы мен пайдалану және тәсілдемелік нұсқауларға сәйкес өндірістің технологиялық тізбегі бойынша жайғастырылуы керек.


5.2 Биозертханалардың ғимараттары мен үй-жайларына арналған талаптар
1. Биозертхана ғимаратының тұрғын үйлерден, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің “Өндірістік нысандары жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар” деген 2005 жылдың 8-шілдесіндегі №334 бұйрығының 31 тармағының 8 тармақшасына сай, кемінде 500 метр қашықтыққа салынуы тиіс.

2. Энтомофагтар өндірісінің бүкіл технологиялық үдерісін сақтау үшін биозертхана ғимаратына ауыспалы токтың 220 V және 380 V кернеулі ауытқуы 10–15 пайыздан аспайтын және 50 Герц жиілікті желісі, сондай-ақ су, кәріз тартылуы керек.

3.Үй-жайлардың қабырғалары мен едендері ылғалдап сүртуге және дезинфекцияға шыдамда жабынды болуы тиіс.

4. Ғимараттың ауаны күшпен кондицияға сәйкестендіру жүйесі болу керек.

5. Биозертхананың бөлек тұрған, жақсы желдетілетін дән қоймасына арналған үй-жайы болуы тиіс.

6. Биозертханалардың энтомофагтарды және олардың зертханалық иелерін (2-кесте) бөлек-бөлек өсіруге арналған жеке үй-жайы болуы қажет.

7. Биозертхана ғимаратына, инфекция әкелмес үшін, бөгде кісілердің кіруіне мүлде тиым салынады. Оның есігіне кіре беріске ондай кісілер кіруге тиым салынатын құлақтандыру іліп қойылады.

8. Биозертхананың шамдалулары шаңнан қорғалатындай етіліп құрылады.


2-кесте. Типтік биозертхана ғимаратының үй-жайлар құрамы


Рет нөмірі

Ғимарат, құрылыс, үй-жай

Алаңы, м2 (кемінде)

1.

Тұрмыстық және шаруашылық үй-жайлары

30

2.

Дән күйесін көбейтетін үй-жай

25

3.

Балауыз күйесін көбейтетін үй-жай

25

4.

Трихограмманы көбейтетін үй-жай

20

5.

Браконды көбейтетін үй-жай

20

6.

Алтынкөзді көбейтетін үй-жай

20

7.

Автоклав бөлмесі

10

8.

Зат қоятын бөлме (қойма)

15


6 Биофабрикалар мен биозертханалардың жабдықтары мен зертхана құрал-саймандарының жинақталуына арналған талаптар
6.1 Биофабрикаларды жабдықтармен және зертханалық құрал-саймандармен жинақтауға арналған талаптар
Энтомофагтардың үш түрін (трихограмма, бракон, алтынкөз) өндіру үдерісін ұйымдастыру үшін биофабриканың 3-кестеде келтірілген тізімге сай жабдықтары мен зертханалық құрал-саймандары болуға тиіс.
3-кесте. Типтік биофабрикаларды трихограмма, бракон және алтынкөз өндіруге арналған жабдықтармен және зертханалық құрал-саймандармен жинақтау


Рет нөмірі

Атаулары

Сан мөлшері

1.

Трихограмма өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек

2 жиынтық

2.

Бракон өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек

1 жиынтық

3.

Алтынкөз өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек

1 жиынтық

4.

Кондиционерлер

5 дана

5.

тоңазытқыштар

3 дана

6.

Термостат

1 дана

7.

Автоклав

1 дана

8.

Электрокалорифер

3 дана

9.

Ауа ылғалдандырғыш

3 дана

11.

Кір жуатын машина

1 дана

12.

Шаңсорғыш

2 дана

13.

Бинокуляр

1 дана

14.

Тұрмыстық таразы

1 дана

15.

Зертханалық-сараптамалық таразы

2 дана

16.

Эксикаторы

9 дана

17.

Электронды термогигрометр

9 дана

18.

Пробирки (П-16, П-21)

600 дана

19.

Әйнектен жасалған Петри табақшалары (диам. 10 см)

300 дана

20.

Леген (20 л)

10 дана

21.

шелек (10 л)

10 дана

22.

Щетка

5 дана

23.

«Белка» бояу жаққышы

10 дана

24.

Пинцет (іскек)

10 дана

25.

Қайшы

5 дана

26.

Энтомологиялық үлткейткіш шыны

6 дана

27.

Үш литрлік шыны банка

5000 дана

28.

Екі литрлік шыны банка

2000 дана

29.

2 РВМ, ТУ 25-07.1473-80 уақыт релесі

5 дана

30.

РПУ-2 -064203, 220 В, 50 Гц релесі

3 дана



Трихограмма өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек
Трихограмманы жаппай өндіруге арналған технологиялық жабдықтар “Трихограммалар өндіру жөніндегі Tsh 64-14883345-001:2007 механикаландырылған тізбек” (4 және 5-кестелер) техникалық жағдайларына сәйкес келуі керек. Механикаландырылған тізбек өндірімділігі бір маусымда 22 кг тауарлы трихограмма. Ол 1 к/га (фабрикалық алаң) орналастыру нормасымен мақта көбелегінің 3 ұрпағына қарсы 3 рет қайталағанда – 9 г/га (шартты алаң). Бұл мақта егістігінің 2500 га-дай физикалық алаңын қорғауға жеткілікті. Биофабрика жаппай трихограмма өсіретін екі тізбекпен жинақталатындықтан, екі тізбек мақта егістігінің 5000 га физикалық алаңын немесе 4500 га шартты алаңын биоматериалмен қамтамасыз етеді.
4-кесте. Трихограмма өндіретін тізбектің негізгі құрамдас бөліктері

Рет нөмірі

Қондырғылардың атаулары


Тізбекке кіретін қондырғылар сан мөлшері

1.

Дәнді тазартуға және беруге арналған қондырғы

1

2.

Дәнді үздіксіз зарарсыздандыру қондырғысы

1

3.

Дәнді залалдауға арналған сөре

5

4.

Бокстар блоктары

5

5.

Дән күйесінің жұмыртқасын жинауға арналған қондырғы

2

6.

Пневматикалық сепаратор

1

7.

Трихограммаға арналған виварий

2

8.

Трихограмма сақтауға арналған қондырғы

1


5-кесте. Жабдықтардың құрамдас бөліктерінің негізгі функциялық көрсеткіштері мен міндеттері


Рет нөмірі

Қондырғының атауы

Функциялық міндеттері

Негізгі көрсеткіштері

1.

Дәнді тазартуға және беруге арналған қондырғы

Дәнді қоспалардан механикалық тазартуға арналған

Қондырғының өндірімділігі сағатына 105–110 кг дән.

2.

Дәнді үздіксіз зарарсыздандыру қондырғысы

Дәнді дән күйесін (ситотрога) өндіру үшін пайдаланар алдында зарарсыздандыруға арналған

Өндірімділігі сағатына 110–120 кг дән


3.

Дәнді залалдауға арналған сөре

Дәнді ситотрога жұмыртқаларымен залалдау үдерісінде жайғастыруға арналған

Сөрелердегі жырашықтардың сан мөлшері – 65 дана. Бір жырашықтың сыйымдылығы – 15 кг.

4.

Бокстар блоктары

Залалданған дәнді, дән күйесінің имагосын жинау үдерісінде ұстай тұруға арналған


Блоктағы бокстардың сан мөлшері – 10 дана. Кассетердің сан мөлшері – 100 дана. Бір кассеттің сыйымдылығы – 12-13 кг. Блоктың соммалық сыйымдылығы – 1200–1300 кг

5.

Дән күйесінің жұмыртқаларын жинауға арналған қондырғы

Дән күйесінің, оны жәндікханада ұстаған кезде, жұмыртқаларын жинауға арналған


Бір қондырғыдағы жәндікханалар сан мөлшері – 28 дана. Имаго ұстау температурасы – 20-24 градус.

6.

Пневматикалық сепаратор


Дән күйесі жұмыртқаларын қоспалардан тазартуға арналған

Жұмыртқа тазарту кезіндегі ауа легінің қуаттылығы – 75 см3. Жұмыртқа үлестерінің көлемі – 20 см3

7.

Трихограммаларға арналған виварий

Дән күйесінің жұмыртқаларын трихограммамен жаппай залалдауға арналған


Виварийдың бір боксының өндірімділігі бір өсіру циклында 260 г трихограмма немесе 12 бокстікі 3120 г трихограмма. Қоректену кернеуі – 220В.

8.

Трихограмма сақтауға арналған қондырғы

Трихограмма сақтауға арналған


Трихограмма сақтауға арналған сыйымдылығы 2520 г трихограмма

Технологиялық үдеріс ерекшеліктері және технологиялық үдерістің түрлі кезеңдеріндегі талап етілетін гидротермиялық жағдайлар ескеріле отырып, дән тазартатын және дезинфекциялайтын жабдықтар, сондай-ақ ситотрога және трихограмма өндірудің түрлі технологиялық үдерістеріне арналған жабдықтар жеке үй-жайға орналастырылады.


Бракон өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек
Бракондарды жаппай өндіруге арналған технологиялық жабдықтар “Бракон өндіру жөніндегі Tsh 46.190-001:2008 механикаландырылған тізбек (6-шы және 7-кестелер) техникалық жағдайларына сәйкес келуі керек. Жабдықтар жиынтығының өндірімділігі – бір маусымда 7 млн. Бракон, 1 гектар мақта егістігіне 1000 бракон жіберу нормасында оларды бір рет шығарғанда 7000 гектарды, екі рет шығарғанда 3500 га физикалық алаңды қорғауға жеткілікті.
6-кесте. Бракон өндіретін тізбектің негізгі құрамдас бөліктері


Рет нөмірі

Қондырғылардың атаулары

Тізбекке кіретін қондырғылар сан мөлшері

1.

Балауыз күйесін көбейтетін қондырғы

7

2.

Жұлдызқұрттарды жастары бойынша бөлетін қондырғы

1

3.

Бракон жинайтын және есептейтін қондырғы

1

4.

Қағаз кеңірдектейтін қондырғы

1

5.

Климаттық әмбебап шкаф

5

6.

Компьютер

1

7.

ПГС шағын наубайханасы

1



7-кесте. Жабдықтардың құрамдас бөліктерінің негізгі функциялық көрсеткіштері мен міндеттері


Рет нөмірі

Қондырғының атауы

Қондырғының функциялық міндеттері

Қондырғының негізгі көрсеткіштері

1.

Балауыз күйесін көбейтуге арналған қондырғы

Балауыз күйесін жұмыртқа кезеңінен ересек жастағы жұлдызқұрт кезеңіне дейін көбейтуге арналған

Қондырғыдағы жырашықтардың сан мөлшері – 5 дана;

Бір жырашықтан алынатын жұлдызқұрттардың сан мөлшері – 25 мың дана;

Қондырғының өндірімділігі – балауыз күйесінің 125 мың жұлдызқұрты


2.

Жұлдызқұрттарды жастары бойынша бөлуге арналған қондырғы

Жұлдызқұрттарды субстраттан, яғни қоректік ортадан бөлуге, сондай-ақ оларды жас топтары бойынша сепараторлау

Қондырғыға бір мезгілде салынатын жырашықтардың сан мөлшері – 2 дана.

Жұлдызқұрттарды бөлу операциясының ұзақтығы – 2 сағат



3.

Қағазды кеңірдектеуге арналған қондырғы

Кеңірдектелген қағаз парақтарын дайындауға арналған

Қондырғының өндірімділігі – 180 парақ/сағат

4.

Климаттық әмбебап шкаф

Бракон өсіруге және сақтауға арналған

Бір қондырғыға орналастырылатын 3 литрлік баллондардың сан мөлшері – 80 дана

5.

Бракон жинайтын және есептейтін қондырғы

Бракон жинауға және есептеуге арналған

Бір қондырғыға орнатылатын баллондардың сан мөлшері – 3 дана

Бракон өндірудің технологиялық үдерісінің ерекшеліктерін, балауыз күйесін (балауыз күйесін көбейтуге арналған қондырғы, жұлдызқұрттарды жастары бойынша бөлуге арналған қондырғы, қағаз кеңірдектеуге арналған қондырғы) өндіруге арналған және бракон өндіруге (климаттық әмбебап шкафы, бракон жинайтын және есептейтін қондырғы) арналған жабдықтардың жеке үй-жайға орналастырылуы керек. Бракон жинайтын және есептейтін қондырғы орналастырылған бөлменің терезелеріне қараңғылайтын қалың перде ілінеді.


Алтынкөз өндіру жөніндегі механикаландырылған тізбек
Алтынкөздерді жаппай өндіруге арналған технологиялық жабдықтар “Алтынкөз өндіру жөніндегі – Tsh 46.190-002:2008 механикаландырылған тізбек” (8- және 9-кестелер). Техникалық жағдайларына сәйкес келуі керек. Тізбек өндірімділігі – тәулігіне 500 мың алтынкөз жұмыртқасы немесе бір маусымда 45 млн жұмыртқа. Бұл орналастыру нормасы 1 гектарға 5 мың жұмыртқадан болғанда мақта егістігіне бір рет шығарылғанда 9000 гектарды, ал 3 рет шығарылғанда 3000 га физикалық алаңды қорғауға жеткілікті.

8-кесте. Алтынкөз өндіру жөніндегі тізбектің негізгі құрамдас бөліктері

Рет нөмірі

Қондырғылардың атауы


Тізбекке кіретін қондырғылардың сан мөлшері

1.

Азық дозалайтын қондырғы

1

2.

Алтынкөз пілләларын алатын қондырғы

1

3.

Гекселдер орналастыралатын сөрелер

4

4.

Термостатталатын бөлме

1


9-кесте. Жабдықтардың құрамдас бөліктерінің негізгі функциялық көрсеткіштері мен міндеттері


Рет нөмірі

Қондырғылардың атауы

Функциялық міндеттері

Негізгі көрсеткіштері


1.

Азық дозалайтын қондырғы

Азық дозалауға және алтынкөз жұмыртқаларын гексель ұяшықтарына дозалауға арналған

Қондырғының өндірімділігі – 5 минутта 1 гексель


2.

Алтынкөз пілләларын алатын қондырғы

Гексель ұяшығынан алтынкөз пілләларын алуға арналған

Өндірімділігі – 10 минутта 1 гексель


3.

Термостатталған бөлме

Гексельдер мен алтынкөз имаголарын өндіріс үдерісіне орналастыруға арналған

Температура=26±1°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы =70±5%, фотокезең= 10–18 сағат, Сөрелерге орнастырылған гексельдер сан мөлшері – 100 дана

Осы көрсетілген механикаландырылған тізбек техникалық сипаттамалары мен пайдалану нұсқауына сәйкес пайдаланылады.

Жабдықтардың техникалық жай-күйі олар пайдаланыла бастаған сәттен бастап тұрақты бақылауға алынады.

Электр жабдықтарының металл бөліктері жүйенің нөлдік сымына жерге қосылатын сыртқы контурмен жалғау жолымен жерге қосылады.

Электр жабдықтарының бүкіл металл құрылғылары табиғи және жасанды жерге қосылған, бейтарап қоректік жүйеге жалғанған тұсқа жапсырылған жалпы шинаға қосылады.

Электр жабдықтарын орналастыру, орын-орнына қою, ток жүретін және жерге қосу бөліктерін құрастыру “Электр қондырғылары құрылғыларының тәртіптерін” қанағаттандыруға және қауіпсіз де ыңғайлы құрастыруды, пайдалану мен жөндеуді қамтамасыз етуге тиіс.

Электр қорегіне қосулы тұрған жабдықтар бөліктерін ашуға тиым салынады.

Электр жабдықтарын жөндеу кезінде олар токтан толық ажыратылуы керек, ал қосып-ажырататын автоматқа “Қосуға болмайды, адамдар жұмыс істеп жатыр!” – деген құлақтандыру іліп қойылады.



Жоғарыда көрсетілген тізбектерде жұмыс істеуге пайдалану және қауіпсіздік техникасы тәртіптерінен арнайы нұсқау алған кісілерге ғана рұқсат етіледі.
6.2 Биозертханаларды жабдықтармен және зертханалық құрал-саймандармен жинақтауға арналған талаптар
Энтомофагтардың үш түрін (трихограмма, бракон, алтынкөз) жаппай сапалы өсіру үдерісін ұйымдастыру үшін типтік биозертханалардың 10-кестеде келтірілген тізімге сай жабдықтары мен зертханалық құрал-саймандары болуға тиіс.
10-кесте. Типтік биозертханаларды жабдықтармен және зертханалық құрал-саймандармен жинақтау


Рет нөмірі

Атаулары

Сан мөлшері

1.

Кондиционер

3 дана

2.

Тоңазытқыш

2 дана

3.

Автоклав

1 дана

4.

Электр калорифері

2 дана

5.

Ауа ылғалдандырғыш

2 дана

6.

Кір жуатын машина

1 дана

7.

Шаң сорғыш

1 дана

8.

Бинокуляр

1 дана

9.

Тұрмыстық таразы

1 дана

10.

Зертханалық-сараптамалық таразы

1 дана

11.

Дән күйесін өсіретін бокстар блогының жиынтығы

1 дана

12.

Дән залалдауға арналған сөрелер жиынтығы

2 дана

13.

Банкілерге арналған металл сөрелер (200х65х170 см)

15 дана

14.

Мырышталған металл астау (150х25х90 см)

20 дана

15.

Газ плитасы

1 дана

16.

Электр плитасы

1 дана

17.

Қазан (100-120 л)

1 дана

18.

Эксикаторлар

6 дана

19.

Электронды термогигрометр

3 дана

20.

Пробирка (П-16, П-21)

200 дана

21.

Әйнектен жасалған Петри табақшасы (диаметр 10 см)

30 дана

22.

Леген (20 л)

5 дана

23.

Шелек (10 л)

5 дана

24.

Щетка, бояу жаққыш

5 дана

25.

Эмальды ванна (азық дайындау үшін)

2 дана

26.

Пинцет (іскек)

5 дана

27.

Қайшы

5 дана

28.

Энтомологиялық үлткейткіш шыны

3 дана

29.

Үш литрлік шыны банка

3000 дана

30.

Екі литрлік шыны банка

1000 дана

31.

“Бөз” мақта-матасы (ақ және қара түсті)

300 м

32.

Енсіз жұқа тақтайша (20х2х0,7 см)

400 дана

*Ескерту. Биозертхананың осы келтірілген жиынтығы трихограмма, бракон, алтынкөздерді жаппай өсіруге арналған және оларды: трихограмма, бракон, алтынкөздерді тиісінше 9 ретке дейін, 3 рет шығару мақта егістігінің 1500 га физикалық алаңын қорғауға есептелінген.



7 Адамдардың тіршілік қоректіктің қауіпсіздігіне және қоршаған ортаны қорғауға арналған талаптар
1. Биофабрикалар мен биозертханалар пайда болған өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық сулар, өсімдік қалдықтары жұмыс істейтін аймақ топырағын, су қоймаларын, атмосфералық ауаны ластау көзіне айналдырмас үшін міндетті түрде зарарсыздандыруға жатады.

2. Биофабрикалар мен биозертханалардағы шаруашылықтық-садыраны және жиналған суларды сіңіру құдықтарына жіберуге тиым салынады.

3. Пайдаланылған субстраттар мен өсімдік қалдықтарын елді мекендер күресініне төгуге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ пайдаланылған өсімдік шикізатын регенерациялауды және утильдеуді зиянсыздандыру орнын санэпидемиялық қызметтің территориялық мекемелерімен келісу керек.

4. Пайдаланылған өсімдік шикізатын жағып немесе қордаға жіберу қажет.



5. Биофабрикаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің тіршілік қарекетінің қауіпсіздігі үшін микроклиматтың орынды параметрлері (ауа температурасы, ылғалдылығы, жылжу жылдамдығы), ауа ортасының химиялық құрамы бойынша санитарлық нормада белгіленген гигиеналық нормативті қамтамасыз ету керек.
8 Биофабрикалар мен биозертханалардың штаттық нормативіне арналған талаптар
Штаттық норматив биофабрикалар мен биозертханаларда еңбекті, жұмыс үдерістерін дұрыс ұйымдастыру және өндіріс технологиясын жетілдіру үшін қажет (11- және 12-кестелер).
11-кесте. Трихограмма, бракон және алтынкөздерді жаппай өсіруге арналған механикаландырылған тізбекті типтік биофабрикалардың штаттық нормативтері


Қызметі (лауазымы)

Кісілердің сан мөлшері

Директор

1

Бухгалтер-экономист

1

Бас агроном-технолог (өндіріс меңгерушісі)

1

Оқымысты энтомолог

1

Қолдану жөніндегі агроном-технолог

1

Құрал-сайманжар мен жабдықтар пайдалану жөніндегі инженер

1

Техник-лаборант (әрі слесарь)

2

Шаруашылық меңгерушісі (қоймашы)

1

Жүргізуші

1

Лаборант (цех жұмысшысы)

9

Күзетші (әрі от жағушы)

3

Барлығы:

22



12-кесте. Трихограммаларды, бракондарды және алтынкөздерді маусымдық көбейтетін тпитік биозертханалардың штаттық нормативі


Қызметі (лауазымы)

Кісілердің сан мөлшері

Меңгеруші

1

Агроном-технолог

1

Лаборант (цех жұмысшысы)

6

Күзетші

1

Барлығы:

9



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Адашкевич Б.П. Биолаборатории и биофабрики// Ж. Хлопководство. №8, 1986. С.17-20.

  2. Закон Республики Казахстан «Об охране окружающей среды» от 15.07.1997.

  3. Ижевский С.С., Гулий В.В. Словарь по биологической защите растений// Россельхозиздат. 1986. С.224.

  4. Нормы технологического проектирования теплиц и тепличных комбинатов для выращивания овощей и рассады (НТП 10-95)// МСХиП РФ. Москва. 1999.

  5. Приказ Министерства здравоохранения РК «Санитарно - эпидемиологические требования к проектированию производственных объектов» от 08.07.2005 №334.

  6. Технические условия «Оборудование по производству трихограммы - Tsh 64-14883345-001:2007»// ОАО «Мехмаш», 2007. Узбекистан.

  7. Технические условия «Механизированная линия по производству бракона - Tsh 46.190-001:2008»// Узбекский НИИ защиты растений, 2008. Узбекистан.

  8. Технические условия «Механизированная линия по производству златоглазки - Tsh 46.190-002:2008»// Узбекский НИИ защиты растений, 2008. Узбекистан.



Биоагенттерді (энтомофагтар) Өсіруді іс жүзіне асыратын типтік биозертханалар мен биофабрикаларғА Қойылатын талаптар

Бұл талаптарды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша “Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты” жшс-і дайындаған

323.57kb.

16 12 2014
1 стр.


Жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Азақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының

960.43kb.

25 12 2014
6 стр.


«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары

«Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

2433.58kb.

25 12 2014
13 стр.


Аралық қаржылық есеп пәнінен аралық мемлекеттік тест сұрақтары

А ақша қаражаттарын, тауарлар мен қызметтерді алу үшін клиенттер мен басқа да тұлғаларға қойылатын талаптар

311.48kb.

16 12 2014
1 стр.


Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында

Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын тауар өндірушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар

101.56kb.

25 12 2014
1 стр.


Тапсырманы орындауға қойылатын талаптар

Мақсаты: Ұлттық сүт қышқылды өнімдерінің тамақтануындағы маңызы мен пайдалы қасиеті, дайындау технологиясын оқыту

21.31kb.

25 12 2014
1 стр.


Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 16 наурыздағы №90-93 (26495); "Казахстанская правда" от 06. 01. 2011 г., №2 (26423); Қазақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2011 ж., N 1, 3-құжат

566.19kb.

17 12 2014
4 стр.


Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар

Сүт және сүт өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар техникалық регламентiн бекiту туралы

619.46kb.

12 10 2014
5 стр.