Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ЖОБА
Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары туралы келісімге

2-қосымша



Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде

Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Қол жеткізу туралы келісім) 5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар тасымалдау қызметін жоспарлау, ұйымдастыру шеңберінде Қол жеткізу туралы келісімде және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымына қол жеткізу қағидаларында (бұдан әрі – Қол жеткізу қағидалары) белгіленген принциптерге негізделген инфрақұрылым учаскелерінің шекарасында қызмет көрсету тәртібі мен шарттарын, мұндай қызметтердің тізбесін, диспетчерлендіру және инфрақұрылымның өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай принциптерін, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарттардың елеулі талаптарын, инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

кезектен тыс поездар – қозғалыс кестесінде көзделмеген (қалпына келтіру және өрт сөндіру поездары, қар тазартқыштар, вагондары жоқ локомотивтер, арнайы өздігінен жүретін арнаулы жылжымалы құрам), поездар қозғалысының кедергілерін жоюға, көзделмеген жұмыстарды орындауға және көлік құралдарының тиісті орнын ауыстыруға арналған поездар (олардың жүру тәртібі инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында немесе инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленеді);

тасымалдау процесін диспетчерлендіру – жедел жағдайларда поездар қозғалысын және маневрлік жұмысты бақылау, басқару процесі;

маневрлік қозғалыстар – поездың құрамдылығын өзгерту жөніндегі операциялар, жылжымалы құрамды тіркеу (ағыту), құрамдарды қалыптастыру (тарату), құрамдардың орнын парктен паркке ауыстыру, локомотивтің қозғалуы және поездың құрамына (құрамынан) қою (алу), вагондарды кірме жолдарға (жолдардан) беру (алу) және басқасы);

штаттан тыс оқиға – инфрақұрылым объектілерінің ақаулары нәтижесінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін не болмаса поездарды өткізу үшін кедергі келтіретін жағдай;

тасымалдарды жоспарлау – қызмет көрсетуге жасалған шарттарға сәйкес уақыттың белгіленген кезеңіне (жыл, ай, тәулік) инфрақұрылым объектілерінде (учаскелерде және станцияларда) тасымалдау жоспарын әзірлеу;

инфрақұрылым операторы – инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес инфрақұрылымды иеленетін және инфрақұрылымды заңды негіздерде пайдаланатын және (немесе) инфрақұрылым қызметтерін көрсететін темір жол көлігі ұйымы;

поездар қозғалысының тәуліктік жоспары – тасымалдау процесін диспетчерлендіру және жоспарланып отырған тәулікте поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін инфрақұрылым операторы жасаған құжат;

техникалық жоспар – тасымалдаушылардың жиынтық тасымалдау жоспарының, техникалық жоспарларының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесі ақпаратының негізінде инфрақұрылым операторы жасайтын құжат.

4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа терминдер мен анықтамалар Қол жеткізу туралы келісімде, сондай-ақ Қол жеткізу қағидаларында белгіленген мағыналарда түсініледі.


3. Инфрақұрылым операторы көрсететін қызметтер

5. Инфрақұрылым қызметтерінің тізбесіне (осы Қағидаларға қосымша) тасымалдарды жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды пайдалануға байланысты негізгі қызметтер кіреді.

6. Инфрақұрылым қызметтерінің құрамына кіретін операциялардың (жұмыстардың) тізбесі тасымалдау процесінің технологиялық ерекшеліктерін және инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын есепке ала отырып белгіленеді.

7. Осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген инфрақұрылым қызметтері инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарын сақтай отырып көрсетіледі.

8. Тарап мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тасымалдаушымен келісу бойынша инфрақұрылым операторы осы Қағидаларға қосымшада көрсетілмеген өзге де қызметтерді көрсетуге құқылы.
4. Инфрақұрылым қызметтерін көрсету тәртібі

9. Инфрақұрылым қызметтерін көрсету тасымалдарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың мынадай процестерінің:

- технологиялық жоспарлау мен нормалау;

- тасымалдарды айлық және оперативтік жоспарлау;

- инфрақұрылым қызметтерін көрсету шартының шеңберінде тасымалдарды жүзеге асыру;

- инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында деректермен алмасу шеңберінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының өзара іс-қимылын көздейді.

10. Тасымалдарды жоспарлау, тасымалдау көлемін және поездардың қозғалыс кестесін нормалау және түзету осы Қағидаларға, Қол жеткізу қағидаларына, инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

11. Оперативтік жоспарлау кезінде инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар поездар қозғалысының бекітілген тәуліктік жоспарын (поездардың қозғалыс кестесі және келісілген техникалық жоспар, соның ішінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен белгіленген мемлекетаралық түйісу пункттері бойынша поездармен, вагондармен алмасу жоспары) орындайды.

12. Тасымалдауды жүзеге асыру инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылардың ұйымдастырушылық және технологиялық өзара байланысты операциялар жиынтығы болып табылады және осы Қағидаларға, инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына және инфрақұрылым операторының актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

13. Инфрақұрылымды пайдалану осы Қағидалардың, талаптарына сәйкес, қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын қоса алғанда, инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында, сондай-ақ инфрақұрылым операторы актілерінде белгіленген нормаларды сақтай отырып жүзеге асырылады.

14. Инфрақұрылымды ұстау инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Тасымалдау процесін диспетчерлендірудің және өткізу қабілетін бөлудің бірыңғай принциптері:

1) инфрақұрылымның қызмет көрсетілетін учаскелерінде поездар қозғалысын бір диспетчермен басқару;

2) поездардың қозғалыс кестесіндегі технологиялық нормалар мен нормативтерді, пайдалану жұмысының технологиялық процестері мен техникалық нормаларын орындау;

3) поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және қызметкерлердің еңбегін қорғауды қамтамасыз ету;

4)  диспетчердің қозғалыс басымдылығын беруі болып табылады.

16. Поездардың инфрақұрылымы бойынша қауіпсіз өткізілуін қамтамасыз ету мақсатында тасымалдау процесін диспетчерлендіруді инфрақұрылым операторы немесе ол уәкілеттік беретін тұлға жүзеге асырады.

Тасымалдау процесін диспетчерлендіру поездардың қозғалыс графигіне, поездар қозғалысының бекітілген тәуліктік жоспарына сәйкес жүзеге асырылады инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында және (немесе) инфрақұрылым операторы актілерінде бекітілген техникалық пайдалану қағидаларында, поездар қозғалысы және стансалардағы маневрлік жұмыс жөніндегі, сигнализация және байланыс жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

17. Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, инфрақұрылымда пайдаланылатын кез келген көлік құралының (жылжымалы құрамның) немесе өздігінен жүретін техниканың маневрлік қозғалулары процестерін инфрақұрылым операторы реттейді.

Аталған процестерге, соның ішінде поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қозғалыс кестесінің нормативтеріне, инфрақұрылымның желілік бөлімшелері жұмысының технологиялық процестеріне қатысты инфрақұрылым операторының өкімдері (нұсқаулары) тасымалдау процесіне барлық қатысушылар үшін міндетті болып табылады.

18. Тасымалдау процесін жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген көлемде ақпаратпен (деректермен) алмасу үшін инфрақұрылым операторының ақпараттық жүйелерін қолданады.

19. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға қосымша ақпаратты жеке шарттар негізінде береді.

20. Инфрақұрылым операторы инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт болған кезде келесі жағдайларда:

1) тасымалдар тоқтаған немесе шектелгенде, соның ішінде инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасының талаптарына сәйкес жүктерді, багажды және жүк-багажды әкелу және (немесе) әкету шектелгенде;

2) штаттан тыс жағдайлардың пайда болуы салдарынан инфрақұрылым қызметтерін көрсету мүмкін болмағанда;

3) тасымалдарды кезектен тыс поездармен жүзеге асырғанда;

4) ұлттық қауіпсіздікке қатер төнгенде немесе төтенше жағдайлар, еңсерілмейтін күштің жағдайлары, әскери іс-қимылдар, блокада, эпидемия немесе инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін, инфрақұрылым операторына және тасымалдаушыларға тәуелді емес өзге жағдайлар туындағанда;

5) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті Үкіметінің шешімі бойынша уәкілетті орган инфрақұрылым қызметтерін көрсетудің өзге тәртібін белгілегенде;

6) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген өзге жағдайларда тасымалдаушыға инфрақұрылым қызметтерін көрсетуден бас тартуы мүмкін.

21. Осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген жағдайларда тасымалдаушыға инфрақұрылым қызметтерін көрсетуден бас тартқан кезде инфрақұрылым операторы инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шартта көзделген тәртіппен міндеттемелерді орындау мүмкін еместігі туралы тасымалдаушыға хабарлайды.

22. Инфрақұрылым операторы поездардың қозғалыс кестесінен ауытқып келе жатқан не болмаса поездардың қозғалыс кестесінде көзделмеген поездардың өткізілуін ұйымдастыру бойынша қажетті шараларды қолданады.

23. Инфрақұрылым операторының инфрақұрылым қызметтерін көрсету фактісі және олардың іс жүзіндегі көлемі нысандары инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына және (немесе) инфрақұрылым операторы актілеріне сәйкес бекітілетін құжаттармен расталады.


5. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт

және оның маңызды шарттары

24. Инфрақұрылым қызметтері инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында қарапайым жазбаша нысанда жасалатын инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – Шарт) негізінде көрсетіледі.

25. Шартта Қол жеткізу туралы келісімде, Қол жеткізу қағидасында, осы Қағидада, инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген принциптерге қайшы келетін нормалар болмауы тиіс.

26. Шарт қолданылған кезеңде тасымалдаушы берген Қол жеткізу қағидаларының 17-тармағында көрсетілген ақпараттың (болжамды көрсеткіштерді қоспағанда) дұрыс еместігі анықталған жағдайда инфрақұрылым операторы оны біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

27. Осы Қағиданың 28-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарттан туындайтын тасымалдаушының талап ету құқығын беруге тыйым салынады.

28. Шарттан туындайтын құқықтарды пайдалану мүмкін болмаған кезде тасымалдаушы инфрақұрылым операторының келісуі бойынша бұл құқықты Шартта көзделген шарттармен басқа тасымалдаушыға соңғысында жасалған Шарт болған жағдайда бере алады.

29. Шартта мынадай маңызды шарттар болуы тиіс:

1) Шарттың мәні:

- қызметтер көлемі;

- инфрақұрылымның өткізу қабілетінің үлесі (кесте желілерінің саны);

- инфрақұрылым учаскелері;

2) инфрақұрылым қызметтерін көрсету шарттары мен мерзімдері;

3)  қызметтердің құны (тарифтер, бағалар, алымдардың ставкалары) немесе оны анықтау тәртібі;

4) қызметтер үшін төлем жасау тәртібі мен шарттары:

- есеп айырысу тәртібі;

- төлем жасау тәсілдері;

- төлем валютасы;

5) тараптардың Шарт бойынша жауапкершілігі:

- залал келтіру үшін;

- Шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау үшін (тұрақсыздық төлемдері, айыппұлдар, залалдарды өтеу);

6) форс-мажорлық жағдайлар (еңсерілмейтін күш жағдайлары);

7) Шарттың қолданылу мерзімі, шарттың қолданылуын тоқтату негіздемелері мен тәртібі:

- шарттың қолданылуын тоқтату (бұзу) тәртібі;

- шарттың қолданылуын тоқтату (бұзу) шарттары.

30. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында жасалған Шарт (не болмаса Шартқа қосымша келісім) болған кезде қосымша тасымалдауға қосымша өтінім болған кезде біржолғы шарт жасалуы мүмкін.
6. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушының

құқықтары мен міндеттері

31. Тасымалдаушының:

1) инфрақұрылым операторына тасымалдарды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жіберуге;

2) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын, оның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарының, сондай-ақ мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді немесе таралуы шектеулі мәліметтерді ашу бойынша белгіленген шектеулер бөлігіндегі талаптарын міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидаларға және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдарды ұйымдастыру үшін қажетті ақпараттың көлемін алуға;

3) инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін инфрақұрылым қызметтерін, соның ішінде Шарт талаптарына сәйкес поезд жол жүріп келе жатқанда, алуға;

4) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында және (немесе) жасалған шарттарда белгіленген өзге құқықтары бар.

32. Тасымалдаушы:

1) инфрақұрылым операторына инфрақұрылым қызметтерін көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды беруге;

2) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында және инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген темір жол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарына жылжымалы құрамның сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында белгіленген темір жол көлігіндегі қауіпсіздік талаптарын бұзуға алып келетін (немесе алып келуі мүмкін) инциденттер мен жағдайлар туралы инфрақұрылым операторына хабарлауға, сондай-ақ оларды жою (болдырмау) бойынша шаралар қолдануға;

4) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында және инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген темір жол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі және пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

5) тасымалдаушыға мәлім болған инфрақұрылым операторының коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;

6) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасына сәйкес белгіленген тарифтер бойынша қызметтер үшін инфрақұрылым операторына төлем жасауға, сондай-ақ Шартта көзделген көлемде, мерзімдерде және шарттарда өзге де төленуі тиіс төлемдерді жүргізуге;

7) вагондардың (поездардың) көшірілуіне (орын ауыстыруына) және/немесе жеке шарттарда көзделмеген станцияларда тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының тоқтатып қойылуына байланысты инфрақұрылым операторы тартқан шығындар сомасының орнын толтыруға;

8) Шартта көзделген қызметтерді алудан бас тарту туралы инфрақұрылым операторына жазбаша нысанда инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабарлауға;

9) инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында көзделген тәртіппен жүктерді ерекше жағдайларда, габаритті емес жүктерді темір жолмен тасымалдау шарттарының келісуін және сақталуын қамтамасыз етуге;

10)  тасымалдардың келісілген көлемде болуын және теміржолдық тасымалының өзге параметрлерінің (шарттарының) темір жол көлігі инфрақұрылымы учаскелерінің тасу қабілетіне және (немесе) жүк өтетін маршрут бойынша темір жол станцияларының өңдеу қабілетіне сәйкестігін қамтамасыз етуге;

11) инфрақұрылым операторына және (немесе) үшінші адамдарға келтірілген залалды өтеуге;

12) Шартта және инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында белгіленген өзге міндеттемелерді орындауға міндетті.

33. Инфрақұрылым операторының:

1) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға, соның ішінде:

- инфрақұрылым учаскелерінде поездар қозғалысы жылдамдықтарының уақытша және тұрақты шектеулерін белгілеуге;

- автоматты және көзбен шолып бақылау құралдарымен техникалық ақаулықтар табылған және поезд жүріп келе жатқанда қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жылжымалы құрамның коммерциялық ақаулары анықталған жағдайда поездың қозғалысын тоқтатуға;

- инфрақұрылымның қалыпты жұмысын қалпына келтіру үшін поездар қозғалысына кедергі келтіретін жағдайлар туындаған кезде тасымалдаушының ресурстарын (жылжымалы құрамын, персоналын) пайдалануға;

- тасымалдаушыға поездардың қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын, қозғалыс кестесі нормативтерін, поездарды қалыптастыру жоспары мен тәртібін, инфрақұрылым станциялары (желілік бөлімшелері) жұмысының технологиялық процестерін қамтамасыз етуге қатысты өкімдер (бұйрықтар, ұйғарымдар, нұсқаулар, ескертулер және т.с.с.) беруге;

2) Шарт жасу кезеңінде тасымалдаушыдан темір жол көлігіндегі қауіпсіздік сертификатын, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде лицензиялауға жататын барлық қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензияларды талап етуге;

3) Шартты орындау кезеңінде тасымалдаушыдан темір жол көлігінің қауіпсіздік жүйесі талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды талап етуге;

4) тасымалдаушы өткізу қабілеттігін поездардың қозғалыс кестесінде белгіленген көлемнен толық емес көлемде пайдаланған жағдайда бөлінген өткізу қабілетінің үлесін (кесте желілерін) түзету бөлігінде Шартқа өзгерістер мен толықтыруларды бір жақты тәртіппен енгізуге;

5)  жылжымалы құрамның тоқтап тұруы үшін бос жол мүмкіндігі немесе тасымалдаушы Шарттың талаптарын бұзумен инфрақұрылымды пайдаланған жағдайда жергілікті инфрақұрылымы бар станциядағы тасымалдаушылардың жылжымалы құрамының орнын ауыстыру және тоқтатып қою бойынша шешімді қабылдайды.

6) мұндай факторларды Шарт тараптарын бұзу фактілерін деп танымай инфрақұрылым операторына (иесіне) тәуелсіз себептер бойынша (көршілес (шекаралас) темір жол әкімшіліктерін және (немесе) жергілікті инфрақұрылым иелерін қоса алғанда, үшінші тұлғалардың кінәсынан) тасымалдаушыларға инфрақұрылымға қол жеткізуді беруден бас тартуға;

7) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген және тасымалдауға кедергі келтіретін өзге жағдайлар кезінде темір жол қатынасының белгілі бағыттарында тасымалдаумен байланысты қызметтерді көрсетуді уақытша тоқтату немесе қызметтерді толық емес көлемде көрсету туралы шешімді бір жақты тәртіппен қабылдауға;

8) штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін қажетті мерзімге кесте желілерін жою арқылы инфрақұрылымға қол жеткізуді шектеуге;

9) инфрақұрылымның, оның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасында және (немесе) жасасқан шарттарда белгіленген өзге құқықтары бар.

34. Инфрақұрылым операторы:

1) тасымалдаушылардың тасымалдарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын, сондай-ақ инфрақұрылым қызметтерін көрсету үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды қабылдауға және қарауға;

2)  инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын, соның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын және мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді, таралуы шектеулі мәліметтерді ашу бойынша белгіленген шектеулер бойынша талаптарды міндетті түрде сақтай отырып, осы Қағидалар және Қол жеткізу қағидаларына сәйкес тасымалдарды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат көлемін тасымалдаушыларға уақтылы беруге;

3) Қол жеткізу қағидаларына сәйкес инфрақұрылымның техникалық және технологиялық қабілеті шеңберінде инфрақұрылымның өткізу қабілеттігін бөлуге;

4) тасымалдаушыны келісілген мерзімдер мен шарттардың өзгеруіне әкелетін поездардың қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы Шартта белгілі мерзімдерде және тәртіппен хабардар етуге;

5) тасымалдаушыға инфрақұрылымдағы авариялар, зақымданулар және инфрақұрылымды пайдаланған кезде қызметін жүзеге асыру үшін тасымалдаушыға кедергі келтіруі мүмкін өзге жағдайлар туралы Шартта белгіленген шарттарда хабардар етуге;

6) инфрақұрылым қызметтерін көрсету барысында инфрақұрылым операторына мәлім болған тасымалдаушылардың коммерциялық (қызметтік) құпиясын құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;

7) қажетті техникалық құралдарды ақаулы жағдайда ұстауға және поездар қозғалысында табиғи немесе техногендік авариялармен байланысты пайда болған үзілістердің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қолдануға;

8) Шартта және инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген өзге міндеттері бар.


7. Дауларды шешу тәртібі

35. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде немесе қызметтерді көрсету барысында тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында пайда болған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

36. Тараптар келіссөздер арқылы өзара келісімге келе алмаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
__________________________________

Темір жол көлігі инфрақұрылымы

қызметтерін көрсету қағидаларына

қосымша


Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерінің тізбесі

Р/с №

Беларусь

Республикасы

Қазақстан Республикасы*

Ресей

Федерациясы**

1

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартымдық жылжымалы құрамын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, қозғалысты (жүріп өтуді) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және қозғалысты (жүріп өтуді) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартымдық жылжымалы құрамын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, қозғалысты (жүріп өтуді) жүзеге асыру үшін қажетті жұмыстарды орындау

2

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартымдық жылжымалы құрамын элетрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалулар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

Инфрақұрылымды беру және тасымалдаушының тартымдық жылжымалы құрамын электрмен жабдықтауды қоса алғанда, маневрлік қозғалыстар үшін қажетті жұмыстарды орындау

3

Поездардың қозғалыс қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің, багаждың және жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі қызметтер

---

Поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және коммерциялық бақылау жөніндегі қызметтер

* соның ішінде Ресей Федерациясының аумағындағы Қазақстан Республикасына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін

** соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы Ресей Федерациясына тиесілі инфрақұрылым учаскелері үшін



____________________________________


Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары

Кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда

169.38kb.

16 12 2014
1 стр.


Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымының қызметтеріне қол жеткізу қағидалары

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұ

164.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

959.53kb.

12 10 2014
6 стр.


Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

1053.83kb.

25 12 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №759 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

68.44kb.

01 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы №931 қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

130.62kb.

12 10 2014
1 стр.


Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусым №682 қаулысы

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

414.49kb.

13 10 2014
3 стр.


«Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Темір жол жылжымалы құрамын кепілін тіркеу»

Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi –Стандарт) сәйкес

137.04kb.

15 10 2014
1 стр.