Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1


ЖОБА
Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары туралы келісімге

1-қосымша



Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде

темір жол көлігі инфрақұрылымының қызметтеріне қол жеткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

1. Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда, темір жол көлігі қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы келісімнің (бұдан әрі – Қол жеткізу туралы келісім) 5-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағидалар тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының инфрақұрылым учаскелерінде инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсынуды бойынша қарым-қатынастарын реттейді

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген қатынастарды қоспағанда,бір Тарап мемлекетінің аумағы шекарасында инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну саласында тасымалдаушылар мен инфрақұрылым операторларының қатынастарын реттеу Тараптың мемлекетінің осы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:



поездардың қозғалыс кестесі – инфрақұрылым операторының инфрақұрылым учаскелерінде барлық санаттағы поездар қозғалысын ұйымдастыруды белгілейтін, шартты тәулікте масштабты торда поездардың жүруін графикалық түрде көрсететін, поездар қозғалысының нормативтік (жоспарлы жылға), нұсқалық (уақыттың жекелеген кезеңдерінде) және оперативтік (ағымдағы жоспарлы тәулікке) кестесі болып бөлінетін нормативтік-техникалық құжаты;

қосымша өтінімдер – поездардың қозғалыс нормативтік кестесі қолданыста болған кезеңде тасымалдаушылардан қосымша тасымалдауларға келіп түскен инфрақұрылымға қол жеткізуді ұсынуға арналған өтінімдер;

инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді шарт – инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушы арасында кемінде 5 (бес) жыл кезеңге жасалған инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт;

инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу – тасымалдарды жүзеге асыру үшін тасымалдаушылардың инфрақұрылым қызметтерін алу мүмкіндігі;

ұлттық (жалпы желілік) тасымалдаушы – жүктерді, жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі, соның ішінде арнаулы және әскери тасымалдар бойынша қызметті жүзеге асыратын және Тарап мемлекетінің бүкіл инфрақұрылымында поездарды қалыптастыру жоспарының іске асырылуын жүзеге асырушы тасымалдаушы. Ұлттық (жалпы желілік) тасымалдаушы мәртебесі Тарап мемлекетінің заңнамасында айқындалады;

кесте тіні – жөнелту, межелі және жүріп өту пункттері, жөнелту, келу, технологиялық тұрақтар уақыты, орташа жүріс уақыты, сондай-ақ поездың басқа да техникалық және технологиялық параметрлері көрсетілген поездың жүру маршрутының графикалық бейнеленуі;

инфрақұрылым операторы – инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес инфрақұрылымды иеленетін және инфрақұрылымды заңды негіздерде және (немесе) инфрақұрылым қызметтерін көрсететін темір жол көлігі ұйымы;

поездарды қалыптастыру жоспары – тасымалдаушылардың поездарды қалыптастыру жоспары жобаларының негізінде инфрақұрылым операторы бекіткен және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін және станциялардың өңдеу қабілетін ескере отырып, темір жол станцияларында қалыптастырылатын поездардың санаттары мен тағайындалуын белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;

инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті – инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктеріне, жылжымалы құрамға және түрлі санаттағы поездардың өткізілуін ескере отырып, поездардың қозғалу тәсілдеріне қарай есепті уақыт мерзімі ішінде инфрақұрылым учаскесі бойынша өткізілуі мүмкін поездардағы (поездар жұп тарындағы) қозғалыс мөлшерлері;

поездардың қозғалыс кестесі – поездардың қозғалыс графигінің негізінде белгілі күнтізбелік күндер бойынша поездар қозғалысы туралы ақпараты бар құжат;

қауіпсіздік сертификаты – тасымалдау процесіне қатысушының қауіпсіздікті басқару жүйесінің темір жол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына сәйкестігін растайтын, Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген құжат;

инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктері – осы Қағидаларға сәйкес инфрақұрылым операторы жасаған және бекіткен құжат;

уәкілетті орган – құзыретіне темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік реттеу және (немесе) басқару мәселелері кіретін, Тараптардың әр мемлекетінің заңнамасына сәйкес белгіленген Тараптар мемлекеттерінің атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органы;

инфрақұрылым учаскесі – бұл темір жол көлігі инфрақұрылымының инфрақұрылым операторы белгілеген локомотивтердің айналым учаскесі шегінде Тараптар мемлекеттерінің екі шектес инфрақұрылымының түйіспесіне іргелес бөлігі.

4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқада терминдер мен анықтамалар Қол жеткізу туралы келісімде, сондай-ақ Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидаларында (бұдан әрі - Қызмет көрсету қағидалары) анықталған мағыналарда түсініледі.


3. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізудің жалпы принциптері

5. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу инфрақұрылым учаскелерінде беріледі және мынадай принциптерге:

1) инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті шегінде техникалық және технологиялық мүмкіндіктерді ескере отырып, инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тасымалдаушыларға қойылатын талаптардың теңдігіне;

2) инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес инфрақұрылым қызметтері саласында тасымалдаушыларға қатысты бірыңғай баға (тариф) саясатын қолдануға;

3) инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін негізге ала отырып, инфрақұрылым қызметтерінің тізбесі, оларды көрсету тәртібі, осы қызметтердің тарифтері, төлемдері мен алымдары туралы ақпараттың қол жетімділігіне;

4) өткізу қабілетін тиімді пайдалану және тасымалдау процесінің үздіксіздігін, технологиялық процестердің тұтастығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылымды жөндеу, ұстау және оған қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың ұтымды жоспарлануына;

5) тасымалдау қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және инфрақұрылым қызметтерін көрсету кезінде мәлім болған коммерциялық немесе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтердің қорғалуына;

6) инфрақұрылымның шектеулі өткізу қабілеті жағдайында нормативтік графикке сәйкес тасымалдаушыларға инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсынудың басымдылығына (кезектілігіне) негізделеді.



6. Тасымалдаушыларға инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну басымдылығы (кезектілігі) принципі мынадай іріктеу кезеңдерінен тұрады:

1)  поездың санаты (поездар санаттарының басымдылығы инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында немесе инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленеді);

2) поезд санаты бірдей болғанда:

- тасымалдау көлемі бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуын ескере отырып, инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған ұзақ мерзімді (мерзімі кемінде 5 жыл) шарттардың болуына;

- өткізу қабілетін тасымалдаушының пайдалану қарқынына;

- инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарттың (бұдан әрі – шарт) болуына не болмаса оның ұзартылуына тәуелді;

3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийі бірдей болғанда:

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдер.
4. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну шарттары

7. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді инфрақұрылым операторы тасымалдаушыларда:

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген тасымалдау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия;

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен Тарап мемлекетінің уәкілетті органы берген қауіпсіздік сертификаттары;

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес олардың біліктілігі мен кәсіптік дайындығын растайтын тиісті құжаттары бар білікті қызметкерлері болғанда береді.

8. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу:

- инфрақұрылым учаскесі шегінде поездар қозғалысы мен маневрлік қозғалуларды ұйымдастыру үшін инфрақұрылымның техникалық және технологиялық мүмкіндіктерін;

- инфрақұрылымның қолда бар өткізу қабілетін және оны пайдалану жөніндегі тасымалдаушылардың ұсыныстарын және осы Қағидаларда белгіленген инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу принциптерінің негізінде инфрақұрылымның өткізу қабілетін инфрақұрылым операторының бөлуін;

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес темір жол тасымалын жүзеге асыруға кедергі келтіретін тыйым салулар мен шектеулердің болмауын;

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген жағдайларда тасымалдаушыда басқа органдармен және ұйымдармен келісулердің болуын;

- жүк поездарын қалыптастыру жоспарын және поездардың қозғалыс графигін негізге ала отырып беріледі.

9. Графиктің белгілі тіндері бойынша инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу құқығы тасымалдаушыларға, ұзақ мерзімді шарттардан туындайтын құқықтарды қоспағанда, поездардың қозғалыс кестесін қолданудың бір мерзімінен аспайтын уақытқа берілуі мүмкін.




5. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну

10. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын ескере отырып, жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерден тұрады:

1) инфрақұрылым операторының Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін әзірлеуі және жариялауы;

2) тасымалдаушының инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді алуға өтінім беруі;

3) инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді алуға арналған өтінімді инфрақұрылым операторының қарауы;

4) поездардың қозғалыс графигін және поездардың қозғалыс кестесін бекіту;

5) инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес шарт жасасу.

Бір мезгілде тасымалдаушы пайдалануға жоспарланып отырған инфрақұрылым операторы болған жағдайда, өтінім бері және шарт жасасу талап етілмейді.

11. Нормативтік поездардың қозғалыс графигінде көзделмеген қосымша тасымалдар бойынша инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді ұсыну осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қосымша өтінімдер негізінде жүзеге асырылады.
6. Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктері

12. Инфрақұрылым операторы жыл сайын, инфрақұрылым қызметтеріне өтінімдерді қабылдауды бастау күніне дейін кемінде 3 (үш) ай бұрын инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленген тәртіппен Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін жасайды, бекітеді әрі жариялайды.

13 Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде:

-  поездар қозғалысын және маневрлік қозғалыстарды ұйымдастыру үшін қажетті, инфрақұрылым учаскелері мен станциялардың инфрақұрылым учаскелерінің ұзақтығы мен тартым түрі, поездар құрамының салмағы мен ұзындығының нормалары, түрлі санаттағы поездардың қозғалыс жылдамдықтары көрсетілген техникалық сипаттамалары;

- халықаралық жолаушылар қатынасы үшін график тіндерінің жобалары;

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Темір жол көлігі жөніндегі кеңесінің шешімімен белгіленген әрбір мемлекетаралық түйісу пункті бойынша жүк поездарын қабылдап-тапсырудың (айырбастаудың) болжалды уақыты;

- инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес ұлттық (желілік) тасымалдаушыға тасымалдауларды орындау үшін қажетті инфрақұрылым объектілерінің өткізу қабілетін қоспағанда, инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілеті көрсетілуі тиіс.

14. Инфрақұрылым операторы Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерінде өзге де мәліметтерді және инфрақұрылым учаскелерінде тасымалдарды жоспарлау және поездар қозғалысын ұйымдастыруға арналған шарттарды көрсете алады.



7. Инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуді алуға арналған өтінімді беру және қарау

15. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

16. Өтінімдерді қабылдауды бастау және аяқтау, өтінімдерді қарау, поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын қалыптастыру мерзімдері, сондай-ақ осы Қағидалардың 24 және 26-тармақтарында көзделген ақпаратты беру мерзімдері инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында және/немесе инфрақұрылым операторының актілерінде белгіленеді.

17. Өтінімге:

- графиктің жоспарланып отырған тіндерінің жобасы;

- тасымалдардың жоспарланып отырған көлемдері туралы ақпарат (тоқсандар мен айлар бойынша және жүк түрлері бойынша бөліп);

- тасымалдауға жоспарланып отырған поездар саны туралы ақпарат;

- тасымалдарды қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы көздеген локомотивтердің үлгілері мен сипаттамалары туралы ақпарат;

- тасымалдаушының осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

18. Тасымалдаушы инфрақұрылым операторына қағаз тасығыштарда беретін өтінім мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар тігілуі, нөмірленуі және тасымалдаушының мөрімен, сондай-ақ оның басшысының не болмаса ол уәкілеттік берген тұлғаның қолымен расталуы тиіс;

- қоса берілетін құжаттар түпнұсқалар немесе олардың көшірмелері болуы тиіс, соңғы жағдайда өтінімге қол қойған басшы не болмаса ол уәкілеттік берген тұлға олардың анықтығын және толықтығын жазбаша растауы тиіс;

- өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар орыс тілінде не болмаса инфрақұрылым операторының заңды тіркелген жері бойынша мемлекет тілінде беріледі және оларда түзетулер немесе толықтырулар болмауы тиіс. Өзге тілде жасалған өтінім мен оған қоса берілетін құжаттармен бірге белгіленген тәртіппен расталған орыс тіліне аударылған мәтіні жіберілуі тиіс.

19. Электронды түрде берілетін өтінім осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес, электрондық құжат айналымының талаптарын ескере отырып берілуі және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылуы тиіс.

20. Өтінімді тасымалдаушыға өтінімнің тіркеу нөмірі, өтінімді қабылдау күні, қабылданған құжаттар тізбесі көрсетілген құжатты бере отырып, инфрақұрылым операторы тіркеуі тиіс.

21. Инфрақұрылым операторы келіп түскен өтінімдерді осы Қағидалардың 17-19-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.

22. Өтінім осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда инфрақұрылым операторы өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсетіп, өтінімді қарауға қабылдаудан бас тарту туралы тасымалдаушыны жазбаша нысанда хабардар етеді.

23. Өтінімдерді қарау кезінде (бірақ өтінімдерді қарауды аяқтау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір ай бұрын) инфрақұрылым операторының қажет болған кезде тасымалдаушыдан поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастыру үшін қажетті қосымша мәліметтерді (деректерді) сұратуға құқығы бар.

Инфрақұрылым операторы сұратқан қосымша мәліметтерді (деректерді) тасымалдаушы инфрақұрылым операторынан сауал салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімді беру талаптарын сақтай отырып, беруі тиіс.

24. Поездар қозғалысының нормативтік графигінің бастапқы жобасын инфрақұрылым операторы қарауға қабылданған тасымалдаушылардың өтінімдерін және инфрақұрылым учаскелерінің өткізу қабілетін барынша пайдалануды ескере отырып дербес жасайды.

Инфрақұрылым операторы тасымалдаушыны оның өтінімін қарау нәтижелері туралы инфрақұрылым операторы белгілеген мерзімдерде хабардар етеді.

25. Тасымалдаушылар өтінімді қараудың бастапқы нәтижелерімен келіспеген жағдайда инфрақұрылым операторы келіссөздер жүргізу арқылы келісудің мүдделі тасымалдаушылар арасындағы келіспеушліктерді (қақтығыстарды) шешуге бағытталған үйлестіру рәсімдерін ұйымдастыра алады, келіссөздер барысында инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға өтінім берілгендерден ерекшеленетін графиктің басқада тіндерін ұсынуға құқылы.

26. Инфрақұрылым операторы осы бапта көзделген барлық рәсімдерді өткізген соң тасымалдаушы берген өтінімнің түзетулерін (болған жағдайда) ескере отырып, өтінімнің келісілгені (келісілмегені) туралы тасымалдаушыны хабардар етеді.
8. Поездар қозғалысының нормативтік графигі мен кестесін қалыптастыру, әзірлеу және бекіту

27. Поездар қозғалысының нормативтік графигі мен поездардың қозғалыс кестесін инфрақұрылым операторы тасымалдаушылардан қабылданған өтінімдерді және келісудің жүргізілген үйлестіру рәсімдерін ескере отырып, инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен бір жылдық кезеңге әзірлейді және бекітеді.

28. Поездар қозғалысының нормативтік графигін инфрақұрылым операторы:

- поездардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

- инфрақұрылым учаскелерінің өткізу және тасу қабілетін және темір жол станцияларының өңдеу қабілетін неғұрлым тиімді пайдалануды;

- инфрақұрылым учаскелерін ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажеттілігін ескере отырып, қалыптастырады.

29. Поездар қозғалысының нормативтік графигін әзірлеу басымдылық (кезектілігі) принципін ескере отырып, жүзеге асырылады.

30. Поездар қозғалысының нормативтік графигі күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінің 00 сағат 00 минутынан бастап күшіне енеді және мынадай күнтізбелік жылғы мамыр айының соңғы жексенбісінің 24 сағат 00 минутында күшін жояды.

31 Поездар қозғалысының нормативтік графигі мен поездардың қозғалыс кестесін жүк поездары үшін инфрақұрылым операторы белгілеген тәртіппен түзетілуі мүмкін.
9. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шартты жасау

32. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт тасымалдаушының өтінімін инфрақұрылым операторы келіскен соң, бірақ поездар қозғалысының нормативтік графигі күшіне енетін күнге дейін кемінде күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей жасалады.

33. Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт Қызметтері көрсету қағидаларында көзделген ережелерді ескере отырып, жасалады.

Қосымша өтінімдер бойынша Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік айдың басталуынан кемінде 1 (бір) айдан кешіктірмей жасалуы тиіс.

34. Инфрақұрылым операторы тасымалдаушыда инфрақұрылым операторы алдында көрсетілген инфрақұрылым қызметтері бойынша берешегі болғанда, сондай-ақ инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген өзгеде жағдайларда шарт жасаудан бас тартуға құқылы.

10. Нормативтік график қолданыста болған кезеңде инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуге арналған қосымша өтінімдер

35. Тасымалдаушының қосымша өтінімдері осы Қағидалардың 17-19-тармақтарының талаптарына сәйкес ресімделеді.

36. Қосымша өтінімді инфрақұрылым операторы тасымалдаушыға өтінімнің реттік тіркеу нөмірі, қабылдану күні, қабылданған құжаттардың тізбесі көрсетілген құжатты бере отырып, тіркеуі тиіс.

37. Қосымша өтінімдер тасымалдар жүзеге асырылатын күнтізбелік ай басталғанға дейін кемінде 2 (екі) айдан кешіктірмей беріледі.

38. Қосымша өтінімдер олар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) ай ішінде осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қаралады, оларды қарау қорытындылары бойынша Инфрақұрылым қызметтерін көрсетуге арналған шарт жасалуы не болмаса жасалған шарттарға қосымша келісімдер жасалуы мүмкін.

39. Тасымалдаушының қосымша өтінімдері бойынша инфрақұрылым операторы графиктің қосымша тіндерін бөлу мүмкіндігін қарай алады.

40. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімнен кейін түскен өтінімдер поездар қозғалысының нормативтік графигін қалыптастырған кезде ескерілмейді және инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізуге арналған қосымша өтінімдер ретінде қаралады.

41. Қосымша өтінімдер бойынша график тіндерін бөлу инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

42. Қосымша өтінімдерді ішінара қанағаттандыру немесе қабылдамау тәуекелін тасымалдаушылар көтереді.
11. Ақпарат беру тәртібі

43. Инфрақұрылым операторы өзінің ресми сайтында Инфрақұрылым учаскелерінің техникалық ерекшеліктерін, нормативтік құқықтық актілері тізбесін, сондай-ақ инфрақұрылым соның аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын ескере отырып, инфрақұрылым операторының инфрақұрылым қызметтеріне қол жеткізу тәртібін регламенттейтін актілерін орналастырады.

44. Инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекеті заңнамасының талаптарын, соның ішінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік құпияға жататын мәліметтерді немесе таралуы шектеулі мәліметтерді ашу бойынша белгіленген шектеулер бөлігіндегі талаптарын сақтауы тиіс .
12. Дауларды шешу тәртібі

45. Осы Қағидаларды іске асыру кезінде тасымалдаушы мен инфрақұрылым операторы арасында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі.

46. Тараптар келіссөздер арқылы өзара келісімге келе алмаған жағдайда барлық даулар мен келіспеушіліктер инфрақұрылым аумағында орналасқан Тарап мемлекетінің заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.

_______________________________

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидаларына

қосымша


Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде

темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізуге арналған

өтінім

___ жылғы «__»_______ №_________


_________________ жыл мен __________________ жыл аралығындағы кезеңге.

Инфрақұрылым операторы _____________________________________________

____________________________________________________________________

(атауы, заңды, почталық мекен жайы)

Тасымалдаушы ____________________________________________________

(атауы, заңдық, почталық мекен-жайы)

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсетуге арналған шарттың нөмірі мен күні

(болған жағдайда) ____________________________________________________________________

Осымен өтінімге қоса беріліп отырған _______ парақтағы __ данадағы мынадай құжаттардың (ақпараттың)1 толықтығы мен анықтылығын растаймын:

1) ________;

2) ________;

…) ________.
__________________ _________________

Тасымалдаушының қолы Мөрге арналған орын



1 Ескертпе: Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидаларының 17-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.


Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымының қызметтеріне қол жеткізу қағидалары

Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтеріне қол жеткізу қағидалары және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде темір жол көлігі инфрақұ

164.87kb.

25 12 2014
1 стр.


Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары

Кеңістік шеңберінде Темір жол көлігі инфрақұрылымы қызметтерін көрсету қағидалары 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Тарифтік саясат негіздерін қоса алғанда

169.38kb.

16 12 2014
1 стр.


Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

1053.83kb.

25 12 2014
6 стр.


Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

959.53kb.

12 10 2014
6 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №759 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді

68.44kb.

01 10 2014
1 стр.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 тамыздағы №931 қаулысы «Темір жол көлігі туралы»

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 22 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

130.62kb.

12 10 2014
1 стр.


Темір жол көлігімен жүк тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 маусым №682 қаулысы

«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді

414.49kb.

13 10 2014
3 стр.


«Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Темір жол жылжымалы құрамын кепілін тіркеу»

Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы №1710 қаулысымен бекітілген «Темір жол жылжымалы құрамы кепілін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрi –Стандарт) сәйкес

137.04kb.

15 10 2014
1 стр.