Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Бруцеллездің алдын алу.
Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 15 наурызынан 15 сәуірге дейін «Облыс тұрғындарын бруцеллезге шалдығудың алдын алу бойынша» айлық жүргізіледі. Қатонқарағай ауданында 2009-2012 ж.ж. бруцеллезге шалдықан адамдар тіркелмеген.

Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың, бруцелла – төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағзалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 5-6 айға , жерде – 3 айға, қойдың жүнінде 3-4 айға,сүтте – 20-70 күнге дейін сақталады. Қайнатқан кезде олар бірден өліп қалады.

Қалай жұқтыруға болады.

Қоздырғыш көзі ауыл шаруашылық малдары (ұсақ және ірі мүйізді жануарлар,шошқалар), кей жағдайда ит пен мысықтар. Жануарларда ауру белгілерсіз, жасырын өтеді, бірақ та бруцелла зәрмен, нәжіспен, сүтпен бөлініп шығады.

Адамдар осындай малдармен байланыста болғанда және зарарланған тамақ өнімдерін(сүт,ет,ірімшік,май т.б.) қолданғанда,тері бүлінуі арқылы (мал тудырғанда,мал сойғанда) жұқтырады.

Бруцеллезбен ауырған адам қоздырғыш көзі болып табылмайды.



Жіті бруцеллез қалай өтеді

Ауру жұқтырғаннан аурудың бірінші белгілері білінгенше 1-3 апта, кейде бірнеше ай, ауру біртіндеп басталады. Қызу 37-ден 39-40 –қа дейін көтеріліп 3-7 күн адам қалтырап, дірілдейді. Сонымен қатар, лимфа түйіндері ұлғаяды. Бұлшық ет және буындар ауырады.



Бруцеллездің салдары

Аурудан сауығу жіті және созылмалы түрден кейін де болады, бірақ бәрібір буын, омыртқа немесе ішкі мүшелердің өзгерістері болуы мүмкін. Жиі жағдайда ірі буындарда түрін және қызметін өзгертетін өзгерістер қалады.



Бруцеллезді қалай анықтауға болады

Бруцеллезге диагноз зертханалық және рентгендік зерттеуден соң қойылады. Қанды бактериологиялық зерттеуден өткізеді.

Бруцеллезбен ауырған адам айналасына қауіп төндірмейді.

Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллездің алдын алу – бұл ауылшаруашылығы малдардың бруцеллезімен күресу және оларды күтіп- баптаудың ережелерін сақтау. Бруцеллез ауруы қаупі бар адамдарды

(сауыншы, табыншы,ет комбинаты жұмысшылары) бруцеллезге қарсы егу.

Міндетті алдын алу шараларының бірі тамақты зарасыздандыру: сүтті қайнату, дайын ешкі ірімшігін 2 ай, қатты ірімшікті 3 ай ұстау.

Мал ұстайтын жай көңнен, түсік қалдықтарынан тазаланып, 20% хлор әгімен, 5% сабынкреозол қоспасымен, 2% формальдегид ерітіндісімен зарасыздандырылуы керек.

Бруцеллез болған малды күткен кезде барлық алдын алу шараларын қолдану керек (арнайы киім, халат, резиналы қолғап, етік, алжапқыш кию керек). Ауырған малдын етін лақтыруға және иттерге беруге болмайды. 2 метр шұңқыр қазып үстіне хлорлы әкті себіп көмү керек. Егер малда түсік болса жедел мал дәрігеріне хабарлап, ауру малды сау малдардан бөлектеу керек.

Ауыл тұрғындары өздерінің кінәләрінан жұқпалы аурудың ережелерін қатан сақтамаған үшін зардап шегеді. Малдың иесі қолын жұмай асқа отырып немесе баласымен ойнаса баласынада, өзінеде ауруды жұқтыруы мүмкін. Малмен жұмыс істеген кезде арнайы киім және резиналы қолғап кию керек. Мал қораны тазарту керек, себебі бруцелла қоздырғы көнде жарты жыл тұрады. Даладан сүт, кілегей,ірімшік сатып алуға болмайды.

Санитарлық тексеруден өткен ет пен сүтті қолдан.



Бруцеллез аурумен күрес үшін малға қарсы вакцина маңызды рөлін атқарады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бөлімінің бастығы А. Ибраева


СӨС қалыптастыру бөлімінің медбикесі Г. Әбдікерова

Бруцеллездің алдын алу. Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 15 наурызынан 15 сәуірге дейін «Облыс тұрғындарын бруцеллезге шалдығудың алдын алу бойынша»

Шығыс Қазақстан облысында 2013 жылғы 15 наурызынан 15 сәуірге дейін «Облыс тұрғындарын бруцеллезге шалдығудың алдын алу бойынша» айлық жүргізіледі. Қатонқарағай ауданында 2009-2012

22.16kb.

25 12 2014
1 стр.


Шығыс Қазақстан облысы аумақтарын аймақтарға бөлу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2013 жылғы 21 мамырдағы 02/733 хаты негізінде, аусылдың енуінің және таралуының алдын алу мақсатынд

22.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Маңғыстау облысының сотталғандар арасында аитв/житс бойынша алдын алу іс-шаралары аитв-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Аитв –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ (100 мың халыққа 3943 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғы

35.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Халықтың осал топтары арасындағы алдын алу жұмысы

Житс оо мамандарымен облыстағы жалпы халық пен тұрғындардың осал оптары арасында алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде

18.25kb.

14 12 2014
1 стр.


Байет жоббм мемлекеттік мекеме Өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша өткізілген іс- шаралар туралы ақпарат

Мақсаты: Жас ұрпаққа адам өмірінің қымбаттылығы, өмір сүру бағалы байлық және өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу туралы мағлұмат беру

15.07kb.

25 09 2014
1 стр.


Бруцеллездің алдын алу

Бруцеллез – бұл адамдар мен малдардың,бруцелла – төменгі температура мен дымқыл ортаға тұрақты ұсақ микроағазалармен жұғатын жұқпалы ауру. Көңде 75 күнге, жерде – 3 айға, қойдың жү

21.01kb.

04 09 2014
1 стр.


Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау

Заңы. Облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 8 шiлдедегi №205 “Қостанай облысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күресудiң 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы” ш

424.8kb.

25 12 2014
1 стр.


Cтуденттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау Тақырыбы: Зәр ұстамаған жағдайдағы күтім. Ойықтың алдын алу. Хәлі ауыр науқастардың гигиеналық күтімі. Пән gg3217- «Геронтология, гериатрия»

Мақсаты: Студенттерді егде және қарт жастағы науқастарда болатынзәрі тоқтамайтын жағдайдағы күтімін жүзеге асыру, ойық жараның алдын алу және гигиеналық шараларды жүзеге асыруға үй

54.41kb.

14 09 2014
1 стр.