Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
Маңғыстау облысының сотталғандар арасында

АИТВ/ЖИТС бойынша алдын алу іс-шаралары
АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай:

01.01.2013 жылға ҚР-да өсіңкі қорытындымен 19748 АИТВ-жұқтырылған тіркелген, 100 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 117,9 құрады. АИТВ –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ.. (100 мың халыққа 3943 - 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 125 жағдай – 20,6 құрайды.

ҚР-да АИТВ –жұқтырылғандар арасында басым болған адамдар 20-39 жастағылар - 77%. Еркектердің үлес салмағы 68,9%, әйелдер – 31,0%. Әлеуметтік кәсіптік мәртебесі бойынша: жұмыс жасамайтындар 68,9%, жұмысшылар 18,5%, шетелдіктер 7,1%.

Қазіргі кезде ҚР-да инъекциялық есірткі тұтыну кезінде, парентеральды жолмен берілуі басым болуда (62,6%), алайда, Маңғыстау облысын қоса алғанда, бірнеше облыста жыныстық жолмен берілуі басым болуда. 19748 АИТВ-жұқтырылғандар арасында МЛС-та өсіңкі қорытындымен 4916-24,9% анықталды.

Қазақстан Республикасының ҚАЖБ (СИ және ИУ) сотталғандар саны 01.01.2013 жылға составляет 49530 адам құрайды, оның ішінде АИТВ-мен (ЛЖВ) өмір сүретін 1703 адам 4,33% ұсталуда. Тұтас алғанда ҚР бойынша пенитенциярлы жүйеде АИТВ таралуы 3,55% -дан 3,44% дейін төмендеді; республикалық көрсеткіштен 5,1% едәуір асып түсуі тек қарағанды облысында, сондай-ақ республикалық деңгейден жоғары болуычается только в Карагандинской области 5,1%, Алматы облысында, ШҚО, СҚО, Жамбыл және Қостанай облыстарында байқалды.

Маңғыстау облысында бас бостандығынан айыру орындарында 1896 адам ұсталуда, оның ішінде 18 АИТВ-жұқтырылғандар, таралуы 0,95% құрайды. 2012 жылы облыстың МЛС жаңадан 4 жағдайы (СИ - 3, ИУ – 1) анықталды, 2011жылмен салыстырғанда өсім 4 жағдай. Тұтастай ҚР-да да, сонымен бірге облыста да МЛС-та АИТВ берілуінің негізгі жолы – есірткі заттарын ішіне тұтыну кезіндегі- парентеральды болып отыр.



МЛС-та АИТВ-инфекциясының алдын алу:

Облыста 4 пенитенциарлы мекеме (СИ және ИУ): 1500 адамдық тұтқындарға арналған ГМ 172/1 -колониясы, 1100 адамдық тұтқынға арналған ГМ 172/6 - колониясы, 150 адамдық ГМ 172/8 – қоныс колониясы, 360 адамдық ГМ 172/10, СИ 15 – тергеу изоляторы бар.

«АИТВ- инфекциясының болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша адамдарды медициналық тексеріп қарау Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 қаулысына сәйкес, барлық тергеудегілер мен сотталғандар, пенитенциарлы жүйеге келіп түскен кезде 6 ай сайын АИТВ-ға толық көлемде тексеріледі. АИТВ-ға тестіленгеннің барлығымен АИТВ проблемалары бойынша тестіге дейінгі және одан кейінгі психоәлеуметтік консультация өткізіледі..

АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу мақсатында, облыстың пенитенциарлы жүйесінде:

- өз мақсаты тұтқынның АИТВ, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін ирнфекциямен және «С» вирусты гепатитпен жұқтыру тәуекелін төмендетуге мінез-құлқын өзгертуді көздейтін, тәрбие жұмысы мен тренинг жүргізіледі;

- барлық пенитенциарлы мекемелердің қызметкерлері үшін ақпараттық білім беру іс-шаралары өткізіледі;

- тұтқындар қатарынан тең теңін оқытады әдісімен, 7 аутрич-қызметші даярланды. Аутрич-қызметшілерді даярлау жөніндегі жауапкершілік мекеменің отряд бастықтарына және медициналық бөлімінің бастықтарына жүктелген;

Ақпараттық-білім беру материалдары (буклеттер, брошюралар, парақшалар, плакаттар және басқалары) таратылады. АБМ отрядтарда, медициналық бөлімдерде, кітапханада, кездесу бөлмесінде жазасын өтеп жатқан әр сотталушыға қолжетімді;

- АИТВ—ны және жыныстық жолмен берілетін, инфекцияларды болдырмауға арналған препараттар (залалсыздандыру заттар, презервативтер) таратылады. Презервативтер пенитенциарлы мекеменің аумағындағы кездесу бөлесінде, медициналық бөлімде, отрядтарда, дүкендерде қол жетімді. Залалсыздандыру заттары, сотталғандардың күнделікті қажетінің орнын жабатын, жеткілікті санда әр отрядта, сан жүйеде бар. Залалсыздандыру жөніндегі Нұсқаулықтар залалсыздандыру заттары тұрған жерде орналасқан.

Проблемалар:

- бас бостандығынан айыру орындарында отырған, инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында жұмысты өрістету керек. Қазіргі кезде МЛС-та АИТВ/ЖИТС бойынша санитарлық-ағарту жұмысы жүргізіледі, презервативтерді үлестіру жүзеге асырылады, алайда, шприцтер мен апиынды алмастыратын терапия бағдарламасы жүргізілмейді, еліміздің пенитенциарлы мекемелерінде толық көлемде зиянды төмендету бағдарламасын енгізу үшін жоғары деңгейдегі жұмысты жалғастыру керек. Ведомствоаралық, оның ішінде ҚАЖБ-мен, туберкулезге қарсы және наркология қызметімен өзара іс-әрекетті күшейту керек;



- МЛС-да АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша, пенитенциарлы жүйенің жедел қызметкерлерінің, медқызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлерінің/психологтарының да, сонымен бірге мекемелердегі диплом алдындық және дипломнан кейінгі оқытушылардың да әлеуетін көтеру қажет.

ЖИТС МОО эпидемиолог-дәрігері Н. Синельникова

Маңғыстау облысының сотталғандар арасында аитв/житс бойынша алдын алу іс-шаралары аитв-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Аитв –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ (100 мың халыққа 3943 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғы

35.03kb.

25 12 2014
1 стр.


«Маңғыстау облысының пенитенциарлық мекемелерінде аитв/житс –тің алдын алу іс-шаралары»
43.02kb.

09 10 2014
1 стр.


Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында аитв-инфекциясының алдын алу

Дүние жүзінде аитв жұқтырғандардың дәл санын есептеу өте қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымының аитв/житс бағдарламасының мамандары житс –тен 20 миллион адам өлген, ал аитв жұқтырғандар ша

25.42kb.

12 10 2014
1 стр.


Житс пен аитв – инфекциясының белгілері

Аитв –инфекциясы өте «сұрқия» деп есептеледі. Бұл адамның ағзасына иммун тапшылығы вирусының енуі мен оның көбеюі, көбінесе аитв-инфекциясының ешқандай белгілерін туғызбайтындығына

26.07kb.

25 12 2014
1 стр.


Психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің (ПӘК) алдын алу жұмысы

Житс-тің облыстық орталығында Психоәлеуметтік консультация беру кабинеті (ПӘК) жұмыс істейді, онда күн сайын хабарласқан клиентпен аитв/житс мәселелері бойынша консультация жүргізі

13.22kb.

25 12 2014
1 стр.


Аитв/житс және қоғам. Таңбалау және кемсіту

Жүкті әйелдің аитв оң мәртебесі кезінде ұрықтың жатыр ішіндегі жұқтыру ықтималдығы 50% аспайтынын, ал арнайы емдеу мен алдын алу шаралар кешені кезінде – 8-15% құрайтындығын білуі

22.84kb.

09 09 2014
1 стр.


Аитв (адамның иммун тапшылығы вирусы) – аитв-жұқпасы мен житс қоздырушы аитв-жұқпасы

Аитв-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды

39.56kb.

15 10 2014
1 стр.


2012 жылы Маңғыстау облысында халықтың осал топтары арасында шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды (ШЭҚ) ұйымдастыру Қр дм «ҚР –да шолғыншы эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және өткізу туралы»

Житс орталығы мен Қажб 03. 02. 2012ж. №27/15 бірлескен бұйрығы, «2012 жылы облыста аитв -инфекциясына шэқ ұйымдастыру және өткізу туралы» житс облыстық орталығының 10. 02. 2012 жыл

27.51kb.

25 12 2014
1 стр.