Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
«Маңғыстау облысының пенитенциарлық мекемелерінде АИТВ/ЖИТС –тің алдын алу іс-шаралары»

«Тұтқындағы адамдар, оларға алдын алу бағдарламалары шоғырлануға тиіс, тұрғындардың басымдықты тобы болып табылады. Қазақстандағы тіркеу құрылымында АИТВ –жұқпасы жағдайларын тіркеудің 28-30% жыл сайын тұтқындардың үлесіне тиеді. Пенитенциарлық жүйеде жағдайды қалыптастыру мақсатында, АИТВ-жұқпасының алдын алу жөніндегі іс-шаралар Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. ҚАЖКМ (қазіргі – Атқару Жүйесі Комитетінің департаменті) мен ЖИТС орталықтарының (азаматтық сектордың қатысуымен) бірлескен алдын алу іс-шаралардың кешенді жоспары әзірленуде, тұтқындарға АИТВ-жұқпасын анықтауға тестілеу мен АИТВ-жұқпасының мәселелері бойынша консультация берілуде, медицина қызметкерлерінің, дербес құрамның, тұтқындардың, волонтерлердің арасында АИТВ/ЖИТС бойынша ақпараттық-білім беру жұмысы өткізілуде, ақпараттық материалдар жұмысы мен оны таралымдау жүргізілуде, презервативтер мен залалсыздандыратын құралдарды пайдалануға қолжетімділік қамтамасыз етілуде, кәсіби бағдарламаларға мониторинг ұдайы жүруде, үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастық жүзеге асырылуда, АИТВ-жұқпасының жағдайлары мен таралуына эпидқадағалау жүргізілуде, ЖЖБЖ, АРВ-терапияны емдеу басқыншы инфекциялардың алдын алу берілуде». (БҰҰ ССГА арналған жұмыс барысы туралы» Ұлттық баяндамадан, 30.03.2012ж.).



АИТВ- жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай:

01.10.2012 жылға өсіңкі қорытындысымен ҚР-да 19330 АИТВ жұқтырғандар тіркелген, 100 мың тұрғынға көрсеткіш 115,4 құрайды. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралған көрсеткіші Алматы қ. (3870 жағдай – 100 мың тұрғынға 222,6), Павлодар облысында (1866- 188,2), Қарағанды облысында (3475- 163,7). Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш 118 жағдай - 19,4 құрайды.

ҚР-да АИТВ жұқтырғандар арасында 20-39 жастағы адамдар басым - 77%. Еркектердің үлес салмағы 69,1%, әйелдер – 30,9% құрайды. Әлеуметтік-кәсіптік мәртебесі бойынша: жұмыс істемейтіндер 70,4%, жұмысшылар 15,7%, шетелдіктер 6,1%, қызметшілер 2,5%, белгісіздер 1,6%, мектепке дейінгі жастағы жинақсыз 1,7%, АООО мен ЖОО оқушылары 1,0%, мектепке баратын балалар 0,4%, мектеп жасындағы жинақсыз балалар 0,1%, зейнеткерлер 0,3%, әскери қызметшілер 0,07%, мектепке дейінгі жастағы жинақсыз балалар 0,09%.

Қазіргі кезде ҚР-да инъекциялық есірткі тұтыну кезінде, парентеральды берілу жолы басым болуда (61,6%), алайда, Маңғыстау облысын қоса алғанда, бірнеше облыстарда қазірдің өзінде жыныс арқылы берілу басым болуда.

Қазақстан Республикасындағы ҚАЖК (АЖ және ТМ) жүйесінде АИТВ-жұқтырғандар анықталды: 2012 ж. қыркүйекте- 18 жағдай, 2012 ж. 9 айда- 172, 2012 ж. 1 қазанға- 4868 .

Маңғыстау облысында пенитенциарлық жүйеде қыркүйекте жаңадан жағдайы тіркелмеген, 2012 ж. 9 айында – 2, өсіңкі қорытындысымен 1.10.2012 жылға облыста АИТВ жұқтырудың – 35 жағдайы анықталды. Қазіргі уақытта облыстың МЕҚ 16 АИТВ жұқтырған адам ұсталуда, қалғандары басқа облыстарға этапталды. МЕҚ-та АИТВ таралуының негізгі берілу жолы- есірткі заттарын ішке тұтыну болуда.



МЕҚ-де АИТВ алдын алу:

Облыста 4 пенитенциарлы мекемеде (АЖ және ТМ) : ГМ 172/1 –

1500 адамға арналған тұтқындарға арналған колония , ГМ 172/6 - 1100 адамға арналған тұтқындарға арналған колония, ГМ 172/8 - 150 адамға арналған қоныстану колониясы , ГМ 172/10 ( СИ 15) –360 адамға арналған тергеу изоляторы бар.

«АИТВ-жұқпасы болуына клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша адамдарды медициналық тексеру Ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 03.11.2011 ж. № 1280 қаулысына сәйкес, барлық тергеудегілер мен сотталғандар пенитенциарлық жүйеге түскен кезінде және 6 айдан кейін, толық көлемде АИТВ-ға тексеріледі. АИТВ-ға тестіленетіннің барлығымен тестіге дейін және тестілеуден кейінгі АИТВ проблемалары бойынша психоәлеуметтік консультация беру жүргізіледі.

Облыстың пенитенциарлы жүйесінде АИТВ/ЖИТС таралуының алдын алу мақсатында :

- өзінің мақсаты - тұтқынның АИТВ, сондай-ақ жыныс жолымен берілетін инфекцияларды және «С» вирусты гепатитті жұқтыру тәуекелдігін төмендету жағына қарай мінез-құлқын өзгертуді көздейтін, тәрбие жұмысы мен тренинг жүргізіледі. 2012 жылдың 9 айында 329 білім беру іс-шарасы өткізілді, оған тұтқындар қатарынан 1761адам қамтылды;

-барлық пенитенциарлы мекемелердің қызметкерлері үшін ақпараттық-білім беру іс-шаралары өткізіледі. 2012 жылдың 9 айында 57 іс-шара өткізілді, оған АЖ және ТМ дербес құрамы 157 адам қамтылды;

- тұтқындар қатарынан, «тең теңін үйретеді» деген әдіс бойынша 7 аутрич-қызметші даярланды. Аутрич-қызметшілерді даярлау жөніндегі жауаптылық отряд бастықтары мен мекеменің медицина бөлімдерінің бастықтарына жүктелген;

- ақпараттық-білім беру материалдары ( буклеттер, кітапшалар, парақшалар, плакаттар және басқалары) таратылуда. 9 айда АЖ және ТМ жүйесінде 1700 дана таратылды. АБМ жазасын өтеп жатқан әр сотталушы үшін қолжетімді: отрядтарда, медициналық бөлімдерде, кітапханада, жүздесуге арналған бөлмеде;

-жыныс жолымен берілетін АИТВ мен инфекцияларды болдырмауға арналған препараттар ( залалсыздандыру құралдары, презервативтер) таратылуда. 9 айда 10047 дана презерватив, 12707 таблеткеде залалсыздандыру құралы таратылды. Презервативтер пенитенциарлы мекеменің аумағындағы жүздесу бөлмелерінде, медициналық бөлімдерде, отрядтарда, дүкендерде қолжетімді. Залалсыздандыру құралдары, сотталғандардың күн сайынғы қажетінің орнын жабатын санда жеткілікті түрде әр отрядта болады, сантораптарда қолжетімді. Залалсыздандыру жөніндегі Нұсқаулықтар залалсыздандыру құралдары тұрған жерлерде орналасқан.



ПРОБЛЕМАЛАР:

-сектораралық ынтымақтастықтың жеткіліксіз деңгейі. Бас бостандығынан айыру орындарда тұрған, инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында жұмысты кеңейту қажет. Қазіргі уақытта МЕҚ АИТВ/ЖИТС бойынша санитарлық-ағарту жұмысы жүргізуде, презервативтерді үлестіру жүзеге асырылуда, алайда, шприцтер мен терапияны алмастыратын опионды айырбастау бағдарламасы жүргізілмейді, еліміздегі пенитенциарлық мекемелерінде толық көлемде зиянды төмендету бағдарламасын енгізу үшін, ең жоғары деңгейде адвокаттауды, келіссөздерді жалғастыру қажет. Ведомствоаралық, оның ішінде ҚАЖҚ-мен, туберкулезге қарсы және наркоқызметтермен өзара іс-әрекетті күшейту қажет;



-жедел қызметкерлердің, медқызметкерлердің, әлеуметтік қызметкерлердің/ психологтардың да, сонымен бірге МЕҚ-дегі АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша дипломалдындық және дипломнан кейінгі білім беру мекемелеріндегі оқытушылардың да әлеуетін арттыру қажет.

ЖИТС МОО-ның эпидемиолог-дәрігері Н.Синельникова.

«Маңғыстау облысының пенитенциарлық мекемелерінде аитв/житс –тің алдын алу іс-шаралары»
43.02kb.

09 10 2014
1 стр.


Маңғыстау облысының сотталғандар арасында аитв/житс бойынша алдын алу іс-шаралары аитв-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Аитв –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ (100 мың халыққа 3943 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғы

35.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында аитв-инфекциясының алдын алу

Дүние жүзінде аитв жұқтырғандардың дәл санын есептеу өте қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымының аитв/житс бағдарламасының мамандары житс –тен 20 миллион адам өлген, ал аитв жұқтырғандар ша

25.42kb.

12 10 2014
1 стр.


Психоәлеуметтік кеңес беру кабинетінің (ПӘК) алдын алу жұмысы

Житс-тің облыстық орталығында Психоәлеуметтік консультация беру кабинеті (ПӘК) жұмыс істейді, онда күн сайын хабарласқан клиентпен аитв/житс мәселелері бойынша консультация жүргізі

13.22kb.

25 12 2014
1 стр.


«житс тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» мкқК зертханасы Модель-680 био-рад иммуноферментті талдағышта әр түрлі жұқпалар бойынша зерттеу аясын барған сайын кеңейтке түсуде

Т3,Т4, анти-тг, хгч, афп, анти –тпо, пролактин, кортизол, краснуха вирусына G/M класының иммуноглобулиндерін анықтау құрайды. Аитв жұқпасымен өмір сүретін адамдар үшін кфк-3-да био

12.99kb.

15 10 2014
1 стр.


Мектеп директорларына 2012-2013 оқу жылдарда пайдалану мақсатында, Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу»

Сізге білім беру бөлімдерінде және жалпы білім беру мектептерінде «житс-тің мәселенері және оның алдын алу» білім беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған, іс-шараларды ұйымда

124.15kb.

25 12 2014
1 стр.


Аитв/житс және қоғам. Таңбалау және кемсіту

Жүкті әйелдің аитв оң мәртебесі кезінде ұрықтың жатыр ішіндегі жұқтыру ықтималдығы 50% аспайтынын, ал арнайы емдеу мен алдын алу шаралар кешені кезінде – 8-15% құрайтындығын білуі

22.84kb.

09 09 2014
1 стр.


«аитв-жұқпасы берілуінің гемотрансфузиондық жолының алдын алу»

Житс республикалық және аумақтық орталықтарымен донорлар мен қан құрауыштары реципиенттерін тексеру бойынша жағдайды мониторингтеу жүргізіледі, донорлар мен реципиенттердің биомате

56kb.

13 09 2014
1 стр.