Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында
АИТВ-инфекциясының алдын алу
Дүние жүзінде АИТВ жұқтырғандардың дәл санын есептеу өте қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС бағдарламасының мамандары ЖИТС –тен 20 миллион адам өлген, ал АИТВ жұқтырғандар шамамен 40 миллион адам деген есепті келтіреді.
Инъекциялық есірткі тұтыну – бұл АИТВ инфекциясы берілуінің ең кең тараған жолы. Әр түрлі деректер бойынша, тек қана жаңадан жұқтырған жағдайлардың орта есеппен 50% инъекциялық есірткі тұтынудың үлесіне тиеді. Вирус , есірткі заттарын бірлестіре ішке енгізу үшін пайдаланатын, шприцтер, ыдыстар мен сүзгілер арқылы есірткіге келіп түседі. Сондай-ақ АИТВ есірткі саудагерлерінің тауар үшін «қаптама» ретінде ұсынатын шприцтерінде жиі ұшырасады. Есірткі белгілерін бірлесе пайдалану – АИТВ жұқтырудың негізгі тәсілі.
Нашақорлар АИТВ жұқтыруға басқа да жолдармен әсерін тигізуі мүмкін: кез келген есірткі тежеу тетігін басады, бұл жиі-жиі қауіпті секске әкелмек. Есірткімен масаңдану презервативті пайдалану үдерісін өте қиындатып жібереді. Сонымен бірге нашақорлар секс-бизнеспен тығыз байланысты, бұл вирус кең таралады деген сөз.
БҰҰ есірткі мен қылмыс бойынша Басқармасының Өңірлік офисімен (UNODC) және АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі Канада құқықтық желісі кеңес өткізді, онда елдерге, түпкілікті есебінде анықталған, төменде жазылған және басқа да салаларда, заңнамалық және саяси негіздемелерге өзгерістер енгізу кезінде техникалық қолдау көрсететін болады. Кеңеске Әзербайжаннан, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Тәжікстаннан және Өзбекстаннан елу сегіз адам қатысты. Кеңес аяқталған соң талқылау барысында есірткі тұтынушылар мен қамаудағы адамдар тәрізді тәуекелі жоғары топтарға бағытталған, өңірдегі одан арғы жұмысына арналған екі негізгі басымдылық бөлініп көрсетілді:
1) есірткіні жеке тұтынуы үшін сақтауға қатысты қылмыстық қудалауды қолдану ауқымы мен жазалау қатаңдығын жұмсарту. Бұл үшін елдер, есірткі тұтынушыларды қылмасты емес ету бойынша, атап айтқанда,сатып өткізу мақсатынсыз азғантай мөлшерін иеленушіні, заң бойынша жазаланбайтын болуы үшін, оны иелену, қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке әкелмейтіндей етіп, есірткі мөлшерін өте қатаң түрде айқындалған, қазіргі кездегі көзқарас тәсілін қайта қарау арқылы, реформаларды бастауы тиіс.
Бұдан басқа, есірткімен байланысты, күштеусіз қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдануды едәуір қысқарту керек; осы шара жұмыс істеуі үшін, баламалы түрмеге қамау жүйесін, осымен бір қабатта құру немесе нығайту, сондай-ақ қылмыстық әділ сот жүйесінен азаматтық сектордағы есірткі тәуелділігінен тиімді емделуге тез қолжетімділігін қамтамасыз ететін, қайта бағыттау жүйесін әзірлеу және енгізу қажет.
2)есірткі тәуелділігін тиімді емдеуге қолжетімділікті арттыру: елдер азаматтық секторда және түрмелерде, осымен бір мезгілде емдеуді ұсыну модальдылығын кеңіте және әртараптаныра отырып, опионға тәуелділікті емдеуге тиімді, ғылыми-негізделген тәсіл ретінде, ОЗТ кеңінен енгізуге жедел кірісуі керек.
Нашақорлар арасында АИТВ-инфекциясы таралуының алдын алу үшін мынадай негізгі іс-шаралар өткізіледі:
1. Ақпараттық жұмыс және білім беру.
2.Әлеуметтік қызметтер мен денсаулық сақтау қызметтерінің жеңіл қолжетімділігін қамтамасыз ету.
3. Инъекциялық жолмен есірткі енгізетін адамдар арасында белсенді жұмыс істеу.
4. Инъекциялық есірткі тұтынушыларды залалсыздандырылған инъекциялық құрал-саймандармен және залалсыздандыру материалдарымен қамтамасыз ету.
5. ИЕТ-терге алмастыру терапиясын алу мүмкіндігін беру.
Эпидемиолог дәрігердің көмекшісі Р.Боздақбаева