АИТВ және жүктілік
АИТВ - оң әйелдердің көпшілігі балалы болғысы келеді. Босанар алдында және босанған кезде медициналық араласудың қазіргі заманғы әдістері, АИТВ инфекциясының анадан балаға берілу тәуекелдігін іс жүзінде нөлге дейін азайтуға жәрдемдеседі. Соған қарамастан АИТВ –оң әйелдер осындай қадамға барудан бұрын «барлық «жақтайтынын» және «қарсылығын» саралап салмақтауы керек.
Жүктіліктің осындай белгілері жоқ әйелдерде АИТВ-инфекциясының өтуін тездетеді деген ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан да жүкті болғысы келетін АИТВ- оң әйелдер, қажетті ақпарат іздеуі және кеңестер алуға хабарласқаны жөн. Инфекцияның анадан балаға берілуі туралы білім алуы тез дамуда. АИТВ-инфекциясының ұрыққа берілу тәуекелдігін мейлінше азайту (алайда жою емес) үшін, кейбір жағдайлар, басқаларынан гөрі, ұрықтануына қолайлы екендігі айдай аныққа айналуда.
Кейбіреулерін (тіпті ол жұқтырмаған болса да) баланың (бала ата-анасының біреуі не екеуі де қайтыс болуынан) кәмелет жасқа толғанға дейін жетім қалады деген проблема тоғандырады. Анасының (егер осы маңызға ие болса, және оның серіктесі) оны медиктердің иығына жүктей салмай, өзі шешім қабылдауы маңызды. Қоспалы ем қабылдап жүрген АИТВ-оң әйелдер үшін, ұрықтану (не контрацепции) мәселесін медицина және басқа да мамандармен талқылауы маңызды. Мүмкіндігіне қарай, бұл талқылауды ұрықтанға дейін талқылаған жөн.
Кейбір әйелдер емделуді жүктілікке дейін не өзі жүкті екенін ұғынған кезде тоқтатқысы келеді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау керек. Әдеттегідей, әйелдің ем алу курсын жалғастыруы маңызды. Емделуді тоқтатқан жағдайда, вирусты жүктелімнің тез қалпына келу тәуекелдігі болады, және бұл тік тұрғыда беріледі деп аталатын, тәуекелдікті арттыруы мүмкін.Бүгінге жанама әрекеттің бірден бір айқын көрінісі, қосарлы не үштен терапия курсынан өтіп жүрген аналарда болып табылса да, ұрықтың қалыпсыз өсіп-жетілу тәуекелінен сақтандыру туындап отыр.
АИТВ-теріс ерден жүкті болуды қалайтын АИТВ-оң әйелдердің проблемалары
Қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде серіктес-еркектен жұқтырудың болмашы тәуекелдігі болады. Егер әйел дербес өзі ұрықтануға арналған жинағын пайдаланса, мұны болдырмауға болады. Осынау қарапайым емшара барысында әйел, өз серіктесінің залалсыздандырылған ыдысқа құйылған кездегі ұрығын жинап өзін ұрықтандырады. Әйел денсаулығы бойынша ауруханалар мен ұйымдардың көпшілігі консультациялар беруді және жабдықтаын ұсына алады.
АИТВ-оң ерден жүкті болуды қалайтын АИТВ- теріс әйелдердің проблемалары
Инфекцияның балаға берілуі, жұқтырған анадан вирус балаға жатырында, босанған не емшекпен емізген кезде беріледі. Егер әкесі АИТВ жұқтырған, ал анасы жұқтырмаған болса, балаға әкесінің ұрығы арқылы тікелей жұқпайды. Егер әйел ұрықтану кезінде жұқтырған болса, балаға инфекция берілуінің едәуір тәуекелдігі болады, себебі сероконверсия кезінде әйелдердің вирустық жүктелімі әрине, жоғары болады.
АИТВ-оң еркектен әйелдің жүкті болуы және жұқтырмағаны жағдайлары болса да, қалайша бұлай болғанын түсіндіретін ешқандай сенімді ақпарат жоқ. Балалы болғысы келетін кейбір жұптар, жүкті болу мүмкіндігі жоғары және АИТВ жұқтыру мүмкіндігі төмен болатын, қорғалмаған секспен айналысатын әйелдердің жұқтыруын мейлінше азайтуға талаптанып көруге болады. Бұл әйелдерде ұрық құйылған кезде не оның серіктесінің вирустық жүктелімі анықталмаған кезде болады. Алайда, осы кезеңде АИТВ берілу тәуекелдігінің азаятындығы, әзірше дәлелденген жоқ.
АИТВ-оң мәртебесі анықталған жағдайда, жүктілікті жалғастыру проблемасы
Жүктілігі кезінде АИТВ жұқтырғанын білген әйел, мейлінше көптеген ақпаратты ойластыруға және өте тез маңызды шешім қабылдауға тиіс. Осынау шешімдерді қабылдауы үшін, әйелге жеткілікті мұрсат, дәл ақпарат пен жақсы қолдау, сондай-ақ барлық ықтимал нұсқаларын зерделеу мүмкіндігін беру маңызды. Олар қандай шешім қабылдаса да, осылардың нәтижелері оң да, сонымен қатар теріс те болуы мүмкін. Өзінің АИТВ мәртебесі туралы жүкті болғанға дейін білетін әйел, мынадай төмендегі мәселелерді зерделеуге тиіс.
Тік тұрғыда берілу тәуекелдігі
Қазіргі заманғы зерттеулер нәтижелерінің негізінде, бала жеті жағдайдың алтауында жағымсыз болып қалады (ол жеті жағдайдың біреуінде жағымды болады, және осы ықтималдықты, бала антивирусты терапияны, жарып алуды және жасанды емізуді алған жағдайда, бұдан да едәуір төмендетуге болады). Берілудің түйінді факторы анасының вирусты жүктелімі, CD4 жасушасының саны, сондай-ақ АИТВ –дан туындаған аурудың жалпы дамуы болып табылады.
АИТВ-ның 8 апта мерзімінде де ұрыққа берілуі мүмкіндігін зерттеу көрсетіп отыр, себебі ол абортталған ұрықта табылады. Алайда, зерттеушілер, вирустың берілуі, негізінен жүктіліктің кейінгі мерзімінде не босанатын мезгіл маңайында болатындығына сенімді. Осынау сенімділік, кейбір нәрестеде туған кезінде АИТВ-инфекциясының белгілері болмаған фактілеріне ішінара негізделеді, және бұл олардың туу алдында не босану үдерісінде тікелей жұқтырған деп болжамдауға болады.
Жұқтырған ананың баласына вирус беруі мүмкін, үш кезеңі бар.
Бала көтеру кезеңі
Ана жүктілігі кезінде, өз қан айналымынан плацента арқылы ұрыққа беруі мүмкін. Плацента – бұл жүктілік кезінде ана мен ұрықты байланыстыратын жатыр органы. Плацента ананың ағзасынан ұрықтың ағзасына қоректік заттардың түсуіне, және ана қанында болатын АИТВ секілді инфекциялық агенттерден ұрықты қалыпты түрде қорғауға мүмкіндік береді. Алайда, егер плаценттің менбранасы қабынса не зақымданса, ол вирустардың енуінен тиімді түрде қорғай алмайды. Бұл жағдайда АИТВ-инфекциясы анасынан ұрығына берілуі мүмкін. Бала көтеруі кезінде вирус берілуінің босанғанға дейінгі көтерілетін не өзгеретін факторлары:
- жоғары аналық вирусты титры (ана қанындағы вирус мөлшері);
- аналық бейтараптау дене қарсылығы (аналық дене қарсылығы ұрықта АИТВ өршітуі мүмкін);
- плацентарлы мембрананың қабынуы (бұл жағдайда ол вирустың енуіне қарсы оншалықты тиімді емес);
- ана қанының ұрыққа әсерін күшейтуге әкелетін, босану кезіндегі жағдай;
- плацентаның аналық безден ерте бөлінуі, нәресте терісінің зақымдануы (акушерлік щипцтен);
- есірткіге тәуелді кезінде: жүктілік кезінде есірткіні енгізу үшін ортақ инені пайдалану;
-басқа да инфекциялық аурулар (басқа да инфекциялар ананың иммундық жүйесін әлсіретеді, бұл баланың АИТВ жұқтыру тәуекелдігін арттырады).
Босану кезеңі
Бала көтеруі кезінде босанатын арна бойынша бала, жұқтырылған ананың қаны мен қынаптық безінің әсеріне шалдығады. Плацентаның аналық безден ерте бөлінуі, сонымен бірге осының бәрі бала терісінің сыртқы қабатын зақымдауға әкеледі (мысалы, акушер щипцін қолдану), бұл ана қанының балаға әсерін арттыруға әкелуі мүмкін.
Босанғаннан кейінгі кезең
Ана босанғаннан кейін вирусын, емшекпен емізу кезінде өз баласына беруі мүмкін. Бұған мынадай бірнеше алғы шарттар ықпал етпек:
- емшек сүті – нәрестенің негізгі қорегі, ол лейкоцитке, оның ішінде CD4 жасушаларға өте бай;
- нәрестенің асқазан –ішек жолы жетілмеген және альбуминды белсенді түрде жұтады;
- егер анасы емшегі ұшының төңірегі зақымданған болса, емшек емізу кезінде балаға қаны әсер етуі мүмкін.
Инфекцияның балаға берілуінің жоғарыда санамаланған тәуекелдігін азайтудың ықтимал тәсілдерінің өзі, ананың вирусты жүктелімін азайту және аналық бездің мойны не қынабынан секреторлы бөлініс, қан, емшек сүті секілді ананың жұқтырылған биологиялық сұйықтарымен баланың ықтимал байланысын ең аз мөлшерге келтіру мақсатын көздейді. Егер әйел абайлатудың осынау барлық шараларын қабылдайтын болса, тәуекелдікті едәуір дәрежеде азайтуға мүмкін болмақ. Алайда, бала үшін де, сонымен бірге ана үшін де АРТ өтуіне және жарып алуға байланысты тәуекелдік болады және ол талқылануға тиіс.
АИТВ-жағымсыз баланың күшті әсер ететін препараттарды қабылдауының ұзақ мерзімді салдары әлі күнге дейін белгісіз. Бұдан басқа, кейбір аналар үшін, көңіл-күй ауаны мен мәдени көзқарас тұрғысынан, емшекпен емізудің маңызын бағаламауға болмайды.
Жүктілікті үзу мүмкіндігі
Әйел өзінде ұйғарым жасау үшін қатаң белгілі бір уақыт бар екенін, және оның немен байланысты екенін ұғынуға тиіс. Мәселен, жүктілігін ерте және кеш мезгілде үзу арасында едәуір айырмашылық бар. Өкінішке қарай, әйелдер консультациясынан тестілеуден өтіп жатқан әйел, жүктілік мерзімі 14 аптаға жетпейінше, нәтижесін біле алмайды. Бұл жасанды босандыру көмегі кезінде жүктілігін кеш үзу дегенді білдіреді. Ал ол өзі, үзуі туралы не ойлайды? Осы ұйғарымына әсер ететін белгілі бір діни сенімі бар ма? Жүктілігін үзген жағдайда, қандай қолдау ала алады? Жүктілігін үзуді ұйғарған, АИТВ-оң әйелдер, ауқымды көмек пен консультация алуды қажет етеді.
Сонымен бірге жүктілігін жақында ғана үзген басқа да әйелдерге, оларға дереу залалсыздандырудан өтуді ұсынуға болмайды. Бұл шара контрацептивті, бұл туралы ұйғарғанда, кейіннен өкінуі айқын, сондықтан да оны, әсіресе ол жақында ғана анықталса, жүктілігін үзудің жарақаты және АИТВ мәртебесі туралы ақпаратпен келіскенге дейін, қарастырмау керек.
ЖИТС МОО акушер-гинеколог дәрігері Р. Ермекова.