Перейти на главную страницу
АИТВ бар адамның өмірін жеңілдетіп, ұзартуға болады.
ЖИТС - екінші инфекциялық және ісікті үрдістердің дамуына байланысты, организмнің иммунды жүйесі мен полиморфты клиника картинасын зақымдаумен сипатталатын вирусты ауру. Бұл иммунды жүйе функциялары мен әртүрлі клиникалық белгілері жинағының бұзылуымен сипатталатын, баяу өршитін инфекциялық ауру. ЖИТС вирусының ДНК-сы адамның геномында ең кемі үш жыл болуы мүмкін. АИТВ жасушалық элементтерінен айрылған, қан плазмаларында да өзінің тыныс-тіршілігін ұзақ уақыт сақтайды. Инфекцияның шприц арқылы берілу жолының ерекше «өнімділігі» осыған байланысты болуы ықтимал. ЖИТС 20 ғ. шамамен 50 жылдарында Орталық Африкада пайда болған, осы жерден Кариб өңіріндегі елдерге, Гаитиге және содан кейін АҚШ-қа және Еуропаға таралды деп есептелгеніне қарамастан, бұл ауру алғаш рет 1981 жылғы көктемде Калифорнияда (АҚШ) анықталды.
Дәрігерлер осыған дейін шала туған балалардан, туа біткен ақаулық ретінде ғана кездесетін, белгісіз ауруды анықтайды, бұл аурудан кезінде ересек адамдар иммун тапшылығынан зардап шегетін болған. Дәрігерлер осынау науқастарда иммунитетінің төмендеуі туа бітпеген, қайта жетілген жасында жұқтырылғанын анықтаған. Сондықтан да ауруды ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы деп атай бастаған. ЖИТС –тің вирусы ауру анықталған соң 2 жылдан кейін ғана анықталған және АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы деп атаған.
ЖИТС –тың вирустары, қайнатқан кезінде 1 минуттан кейін қырылады, күн сәулесі мен тоңазытуға төзімді келеді.
ЖИТС-ті жұқтырудың негізгі жолдары:
ЖИТС вирусының, жыныстық қатынас жасау кезінде, жұқтырылған қанды құю және қанмен жұқтырылған құрал-саймандар, заттар арқылы, анадан ұрыққа берілуі жүзеге асады.
Кейбір венериялық аурулар (мерез, генитальды ұшық), АИТВ-инфекциясын жұқтыру ықтималдығын елеулі түрде ұлғайта отырып, жыныс органдарында жараның пайда болуымен білінеді.
Басқадай венериялық аурулар жыныстық органдардың қабынуына (гонорей, трихомониаз, хламидиоз, цитомегаловирус) және организмнің қорғаныштық күшін төмендетуге ықпал етеді, бұл да жыныстық қатынас жасау кезінде АИТВ –ның берілу тәуекелдігін ұлғайтады. ЖИТС-ті жұқтырудың көтеріңкі тәуекелді топтары: гомосексуалистер, бисексуалистер, жезөкшелер, нашақорлар, венериялық ауруға шалдыққан аурулар.
ЖИТС-тің жасырын кезеңі 3 айдан 15-18 жылға дейін болады, оның үстіне жыныстық жұқтыру кезінде, әдетте қан құю кезіндегіден қысқа болады. АИТВ жұқтырған адамдардың 50% -де, жұқтырған кезінен бастап 2-4 аптадан соң-ақ, 2-10 күн ішінде, тамақ баспасының, лимфожүйесінің, бауырының, көкбауыр талағының ұлғаюымен, қалтырауымен сипатталатын, хал-жағдайы байқалатындығын бақылау жасау айғақтап отыр.
Жұқтырғаннан кейін бірінші айының соңына қарай қанында, иммуноферментті талдама әдісімен анықталатын, вирусқа дене қарсылығы анықталады. Бұл кейде жылдарға созылатын, жасырын кезеңмен алмасатын, манифесті хал-жағдайы. Аурудың осы сатысының бірден бір клиникалық білінуі, лимфожүйесінің ұлғаюынан болуы мүмкін. ДДҰ сарапшылары, 1,5 айға созылатын, лимфожүйенің бір жүйесіне (шап ауруынан басқа) қарағанда, 1 лимфожүйеден артық ұлғаюын АИТВ инфекциясына күдікті деп санайды.
Ең артқы, бұғана астындық, шынтақтық, қолтықтық лимфожүйелердің жай-күйіне ерекше назар аударылады.
Жасырын кезеңі, әсіресе түні бойына, қатты терлеу, денелік белсенділігінің күрт кемуі аясында, лимфожүйесінің алмасып отыратын ұлғаюымен не үздіксіз қалтырауымен (температурасы 38- 40 °С ) белгісіз этиологияда аяқталуы мүмкін. Науқаста дене салмағын жоғалтуы (бір айдың ішінде 10 кг және одан да көп),сондай-ақ алмасып отыратын не үздіксіз диарея (іш өту) жиі өршиді.
Демігуі, жөтелуі, терінің қабынуы, қылшықты фолликулдің қабынуы, микоздың таралған түрлері, шашының теңбілді түсуі және басқалары болуы мүмкін. Осы кезеңде қанында (ЖИТС-тің - алдында деп аталатын) организмді инфекциядан қорғауға жауапты, құрауыштардың құрамы өзгереді.
АИТВ-нің өзі, организмнің иммундық жүйесінің жетімсіздігі ретінде білінетін, ауыр инфекциямен не жаңадан пайда болып өршуімен көрініс беруі мүмкін. ЖИТС-пен ауыратын адамдарда көбінесе әдеттен өзге қоздырғыштардан туындайтын, өкпенің қабынуы (пневмония) (50-60% дейін) жиі кездеседі, бұл ауру бұрыннан бар емдеу әдісіне төзімді келеді және өте тез өлімге әкеліп ұшыратады. ЖИТС-пен ауыратын адамдардың әрқайсысына жуығында менингит, энцефалит, бас миының ісігі, өте тез өршитін ақыл-есінің кемдігі түрінде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Науқастардың 30% жуығында әдеттен өзгеше қоршауында қалатын (басы, беті, мойыны денесі, ауыз қуысы, перианальды тұсы) Капоша саркомы түрінде (терісі мен ішкі ағзаларында қан тамырларын жалғастыратын ұлпалардың ісігі) терісі мен сілекейлі қабықшасының зақымдануы мен лимфатикалық жүйелер мен ішкі ағзалар үрдісіне тарту және агрессивті түрде өтуі байқалады.
Жекелеген науқастарда ЖИТС-тің симптомдары кең таралған кандидоз не криптококкоз, басқа да вирусты зақымдауларды, мысалы, терінің кәдімгі ұшығының, сілекейлі қабықшасының, өкпенің, ішек жолдарының созылмалы вируспен зақымдануы анықталады.
АИТВ-1 жұқтырған кезден бастап өлімге ұшырағанға дейінгі сырқаттанудың орташа ұзақтығы орта есеппен 13-15 жыл құрайды. Кейбір науқастар мезгілінен едәуір ерте өледі, жекелеген пациенттер 20 жылдан астам өмір сүреді. АИТВ-2 жұқтырған кезінде ауру едәуір баяу өршиді.
ЖИТС-тің симптомдары:
Ерекшелік түрде дене қарсылығын анықтауға қан талдамасын тапсыруы қажет. ЖИТС анықтаудың негізгі критерийлері, лимфоциттер санын 210к/мл деңгейге дейін азайту болып табылады.
Емдеудің ерекше түрдегі әдістері әзірленіп жасалмаған, оппортунистік инфекциялар мен Капоша саркомын емдеу жүргізіледі.
ЖИТС –ті емдеудің қолданылатын препараттары мен тәсілдерінің жеткілікті санына қарамастан, АИТВ терапиясының нәтижелері, қазіргі уақытта толықтай сауалып кетуіне әкелмеуде. Емдеу әдістерінің барлық кешені сауалып кетуін қамтамасыз етпеуде, тек қана клиникалық көрісіпен білдірілуін бәсеңдетуге, науқастың өмірін ұзартуға ғана қол жеткізілуде.
ЖИТС проблемасы өзін одан ары қарай зерттелуін қажет етеді.
ЖИТС-тен қорғану шаралары мынадай:
Тәуекелді топтарды (гомосексуалдар, жезөкшелер, венериялық аурулар, нашақорлар), сондай-ақ тұрғындардың жұқтырылу деңгейі жоғары елдерден елімізге оқуға не жұмысқа келген адамдарды ЖИТС-ке жүйелі түрде ұдайы тексеріп қарау ұйымдастырылды.
Ерекшелік түрдегі профилактика (ЖИТС-ке қарсы вакцина) әзірге әзірленген жоқ. Жеке дара алдын алу шараларының арасында сексуальды өмір сүруді реттеуге жетекші орын беріледі. Жұбайлардың адалдығы, кездейсоқ жыныстық қатынастан толық бас тарту – жыныстық жұқтырудан ең сенімді қорғанудың нұсқасы. Оның біреуі АИТВ жұқтырған, жұбайлардың бірлескен өміріне көп жылғы бақылау жасау, жалпыға бірдей қабылданған санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау және жыныстық қатынас жасау кезінде резеңкелі презервативтерді пайдалану, екінші жұбайының жұқтырудан жеткілікті түрде қорғануының тиімді құралы болғандығын көрсетіп отыр. Кез-келген күдіктенген адам ЖИТС-тегі өз еркімен тексеріліп қарау кабинетінде АИТВ –тасымалдаушысына тексеріле алады.
АИТВ бар әйелдің жүктілігін жоспарлау:
АИТВ жүкті болуына кедергі келтірмейді, алайда жоспарлау алдында барлығын да жақтауды және қарсыны, ұрыққа жұқтырудың ықтимал қауіптілігін және жүктілігі кезіндегі қиындықты саралауы керек. Дені сау баланы көтеру, тек қана дәрігердің тағайындауларын мүлтіксіз орындағанда ғана мүмкін болады.
АИТВ-инфекциясы диагнозы қойылған жүкті әйелдерге, ЖИТС-тің және инфекциялық аурулардың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі аумақтық Орталығының инфекционистерімен және акушер-гинекологтарымен бірлесіп бақылау жасалады. АИТВ жұқтырылған жүкті және босанған әйелдерді диспансерлік бақылау кезеңінде, терінің шырышты қабаттарының тұтастығы не ұрықтың ананың қанымен байланыс мүмкіндігінің ұлғаюы (амниоцентез, хорион ворсиндерінің және т.б. сынамасын алу) кезіндегі кез келген емшараны болдырмау ұсынылады.
Босанған кезінде ұзақ уақыт (4 сағаттан астам) сусыз кезеңнің болмағаны абзал, себебі зерттеулердің деректері бойынша, баланың жұқтыру тәуекелдігі 2 есеге ұлғаяды. Босануға түскен кезде (алғашқы қынаптық зерттеу) қынапты өңдеуге хлорлы гексидиннің (10 литр суға хлорлы гексидиннің 50 мл 0,25% ерітіндісі) 0,25% ерітіндісін пайдалану ұсынылады. Табиғи туғызу жолымен босандыруды жүргізу кезінде босануға түскен кезде (алғашқы қынаптық зерттеу) қынапты өңдеуге хлорлы гексидиннің 0,25% су ерітіндісін пайдалану ұсынылады, ал кольпит болдған жағдайда - әрбір осыдан кейінгі қынаптық зерттеу кезінде ұсынылады. Жаңа туған нәрестеге (10 литр суға хлорлы гексидиннің 50 мл 0,25% ерітіндісі) хлорлы гексидиннің 25% ерітіндісімен гигиеналық ванна жүргізіледі.
Барлық акушерлік амалдар (емшаралар) қатаң негізделуге тиіс. Тірі ұрық болған кезде тууын қоздыру, тууын күшейту, перинео(эпизио)томия, акушерлік шприцтерді салу, ұрықтың вакуум-экстракциясына және т.б. ұсынылмайды. Осынау барлық емшаралар ұрықтың жұқтыру тәуекелдігін арттырады және осылар тек өмірдегі көрсеткіштері бойынша ғана тағайындалуы мүмкін.
Босандыру жұмысы басталғанға дейін жоспарлы жарып тіліп алу және ұрық төңірегіндегі суды ағызып алу (жүктіліктің 38 аптасына жеткенде) ұрықтың ана организмінің жұқтырылған секреттерімен байланысын болдырмайды және сондықтан да АИТВ –ның анадан балаға берілуінің алдын алудың әдісі болып табылады.
Химиялық профилактиканы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда жоспарлы жарып кесіп алу, босандыруда алдын алудың дербес әдісі ретінде қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге АИТВ-инфекциясы жарып кесіп алуға абсолютті көрсеткіш болып табылмайды.
Босандыруды шешудің тәсілі туралы шешім, операциядан кейін (патологиялық қан жоғалту және септикалық асқынудың дамуы) қиындықтың пайда болу тәуекелдігі бар, жарып кесіп алу операциясын жасау кезінде, баланың жұқтырылу тәуекелдігін ықтимал азайтудан нақты жағдайдағы пайданы салыстыра отырып, ана мен ұрықтың мүддесін ескеріп, жеке дара ретпен қабылданады. Бұдан басқа, соңғы жылдары босану кезінде АИТВ жұқтырылған анадан балаға берілу тәуекелін төмендетуге бағытталған, жүкті әйелдерді емдеудің профилактикалық курсы әзірленді. Бұл емдеу, ананың хал-жағдайын тұрақтандыруға, атап айтқанда ұрықты адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырудан қорғауға бағытталғандығын атап өтеміз. Осындай емдеу кезінде баланың жұқтыру тәуекелдігі шамамен 2/3 кемиді. Босанғаннан кейін емдеу тоқтатылады.
АИТВ –ның анадан балаға берілуінің кейбір тәуекелдері, баланы емшектен емізу кезінде болады, сондықтан да АИТВ жұқтырған анадан туған баланы, әдеттегідей, жасанды тамақтандыру ұсынылады.
Житс – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы, немесе аитв адамның иммун тапшылығы вирусы, онкологиялық аурудан кейінгі ең күрделі ауру және қазіргі уақыттағы кезге ем қонбайтын ауру
25 12 2014
1 стр.
Аитв-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды
15 10 2014
1 стр.
Аитв –инфекциясы өте «сұрқия» деп есептеледі. Бұл адамның ағзасына иммун тапшылығы вирусының енуі мен оның көбеюі, көбінесе аитв-инфекциясының ешқандай белгілерін туғызбайтындығына
25 12 2014
1 стр.
Житс-тен өлген. Күн сайын аитв 5000 –нан астам, адамға, басым көпшілігі жастарға жұғады, және шамамен осыдан 20 жыл бұрын басталған, осы жаһандық індет, ұлттық және жаһандық деңгей
16 12 2014
1 стр.
Дүние жүзінде аитв жұқтырғандардың дәл санын есептеу өте қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымының аитв/житс бағдарламасының мамандары житс –тен 20 миллион адам өлген, ал аитв жұқтырғандар ша
12 10 2014
1 стр.
Жүкті әйелдің аитв оң мәртебесі кезінде ұрықтың жатыр ішіндегі жұқтыру ықтималдығы 50% аспайтынын, ал арнайы емдеу мен алдын алу шаралар кешені кезінде – 8-15% құрайтындығын білуі
09 09 2014
1 стр.
Адамдардың көпшілігі аитв/житс – бұл екеуі де бірдей деп ойлайды. Шын мәнінде бұл олай емес!
12 10 2014
1 стр.
Жжбж (жыныстық жолмен берілетін жұқпалар) мен аитв ( адамның иммун тапшылығы вирусы) презервативсіз бір және сол жыныстық қатынас жасау нәтижесінде берілуі мүмкін
10 10 2014
1 стр.