Flatik.ru

Перейти на главную страницу

Поиск по ключевым словам:

страница 1
АИТВ мен ЖИТС айырмашылығы қандай?
Адамдардың көпшілігі АИТВ/ЖИТС – бұл екеуі де бірдей деп ойлайды. Шын мәнінде бұл олай емес!

АИТВ – бұл иммунды жүйені зақымдайтын вирус.

АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – бұл ЖИТС (жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы) туғызатын вирус. АИТВ иммунды жүйені белгілі бір хал-жағдайға дейін нашарлатады, организмде оппортунистік деп аталатын ауру дами бастайды, оған әдетте сау иммунды жүйе қарсы тұра алады. АИТВ адам организміне түсіп, инфекцияға, Т-лимфоцитке және СD4 қарсы тұруға жұмылатын белгілі бір жасушаларға шабуыл жасап, иммун жүйесін нашарлатады. Уақыт өте келе АИТВ осынау жасушалардың едәуір санын бұзады. Осыдан кейін организм өзін қатерлі ісіктердің, вирустардың, бактериялардың, саңырауқұлақтардың немесе тоғышарлардың кейбір түрлерінен қорғай алмайды. Әдетте ЖИТС диагнозы, адамның бойында бір не бірнеше өте ауыр ауру дамыған кезде, АИТВ жұқтырғаннан кейін бірнеше жылдан соң қойылады.

Егер емделмесе, АИТВ-инфекциясы ЖИТС-ке әкелуі мүмкін.

АИТВ және ЖИТС – бұл екеуі екі түрлі. АИТВ – бұл иммун жүйесін жаншитын вирус, ал ЖИТС – АИТВ-оң адамның бойында төмендеген иммунитет аясында туындайтын аурулар кешені.

АИТВ немесе ЖИТС қалай пайда болады:

Бұл аурудың өзі қауіпті емес, пациенттер адамның иммун тапшылығы вирусынан өлмейді, қайта осы туғызған асқынудан өледі. Вирус иммун тапшылығы ауыр түрде асқына түсуін туғызып, иммун жүйесінің жұмысын бұзады. Бұл - иммунитеттің, қадімгі дені сау бала үшін, вирусты және бактериалды инфекциялары, шарты-патогенді флора және тіпті зиянсыз жай микроб – заттарынан қорғанудан бірте –бірте айырыла бастайды деген сөз. Лимфо жүйесі тобының баяу дами отырып ұлғаюы АИТВ белгілеріне айналады. Әр түрлі жерлерде нақты болмаса да, іргелес жатқан аймақтарда инфекция ошағы болуының себебінен, лимфо жүйесі тобының ұлғаюы тұрақты түрде пайда болады. Әдетте, дәстүр бойынша инфекцияға ден қоятын мойын және жақ астындық жүйелер зардап шегеді. АИТВ кезінде екі сан арасы, кеудеіші, қолтықтың лимо жүйесі, бас аясы және т.б. ісініп ұлғаяды. Бұл үдеріске бауыр мен талақ тартылады. Осылар иммунитетке шабуыл жасаған «арамтамақ» тобырын зиянсыз етуге талпынады, сондықтан да мөлшері үлкейеді, бұларды ішперде қабырғасы арқылы байқап көруге болады. Иммунитет жұмысының бұзылуынан, ішектерде ұзаққа созылатын іш өту басталады, ал обей қарсылығының төмендеуі есебінен, өткір салқын тию және басқа да инфекциялардың қайталап өтуімен тұрақты түрде ауру пайда болады. Вирусты және бактериалды аурулардан басқа, емшектен басталып әр түрлі саңырауқұлақтық пневмониямен және басқа да органдарды зақымдаумен аяқталатын саңырауқұлақты аурулар пайда болады.

Балалар ешқандай зияны жоқ микробпен, өкпені зақымдайтын және ауыр өтетін пневмония беретін, нормадағы пневмоцистке шалдығуы мүмкін. Оның үстіне, онкологиялық тәуекелділігі жоғары, жүйке жүйесі зақымданады. Мұндай балалар өсіп-жетілуі жағынан құрдастарынан артта қалады.

Анасынан туған кезінде АИТВ ауыратын балалар, алты айлық жасынан бастап-ақ ауыра бастауы мүмкін. Олардың едәуір бөлігі, ерте жасынан бастап 5 жасқа дейін өледі. Көптеген елдерде АИТВ жұқтырған балаларға ерекше қаржыландыруына және қарайтындығына байланысты, олардың өмір сүруі жоғары – көпшілігі 15-20 жасқа дейін өмір сүреді. Осыларға қазіргі заманға сай диагностика, дұрыс және жоспарлы түрде емдеу мен ерекше түрде қарау да көмектесуде. Олар басқалардың тарапынан жан-жақты қолдау мен түсіністігіне ие болуда.



ЖИТС МОО аға мейірбикесі Р.Меңдалиева.

Аитв – бұл иммунды жүйені зақымдайтын вирус. Аитв

Адамдардың көпшілігі аитв/житс – бұл екеуі де бірдей деп ойлайды. Шын мәнінде бұл олай емес!

24.47kb.

12 10 2014
1 стр.


Житс пен аитв – инфекциясының белгілері

Аитв –инфекциясы өте «сұрқия» деп есептеледі. Бұл адамның ағзасына иммун тапшылығы вирусының енуі мен оның көбеюі, көбінесе аитв-инфекциясының ешқандай белгілерін туғызбайтындығына

26.07kb.

25 12 2014
1 стр.


Аитв (адамның иммун тапшылығы вирусы) – аитв-жұқпасы мен житс қоздырушы аитв-жұқпасы

Аитв-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды

39.56kb.

15 10 2014
1 стр.


Аитв-инфекциясының таралуында жжбж рөлі

Аитв организмге оңай енеді. Екіншден, соз ауруы мен хламидиоз секілді инфекциялар, тіпті симптомдар болмағанның өзінде, аитв жұқтыру қаупін арттыруы мүмкін. Егер адамның бойында бі

17.05kb.

25 12 2014
1 стр.


Инъекциялық есірткі тұтынушылар арасында аитв-инфекциясының алдын алу

Дүние жүзінде аитв жұқтырғандардың дәл санын есептеу өте қиын. Біріккен Ұлттар Ұйымының аитв/житс бағдарламасының мамандары житс –тен 20 миллион адам өлген, ал аитв жұқтырғандар ша

25.42kb.

12 10 2014
1 стр.


Маңғыстау облысының сотталғандар арасында аитв/житс бойынша алдын алу іс-шаралары аитв-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Аитв –мен өмір сүретін адамдардың ең көп таралу көрсеткіші Ақматы қ (100 мың халыққа 3943 225,9), Павлодар облысында (1888-188,1), Қарағанды облысында (3544-166,7) байқалады. Маңғы

35.03kb.

25 12 2014
1 стр.


Аитв және жүктілік

Аитв инфекциясының анадан балаға берілу тәуекелдігін іс жүзінде нөлге дейін азайтуға жәрдемдеседі. Соған қарамастан аитв –оң әйелдер осындай қадамға барудан бұрын «барлық «жақтайты

60.79kb.

10 10 2014
1 стр.


Аитв-инфекциясының анадан балаға берілуінің алдын алу

Анандан балаға жүктілігі, босанған немесе емшекпен емізуі кезеңінде аитв –ның берілу жолы кең тараған күйінде қалуда

23.99kb.

25 12 2014
1 стр.