АИТВ –жұқпасы және оның алдын алу
АИТВ-жұқпасы, өрт тәрізді қазіргі кезде барлық құрылықты шарпуда. Өте қысқа мерзім ішінде ол медицина үшін нөмірі бірінші проблемаға айналды.
Негізгі ұғымдар:
АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) – АИТВ-жұқпасы мен ЖИТС қоздырушы.
АИТВ-жұқпасы –себебі АИТВ , ал түбінде ЖИТС болып табылатын, жұқпалы ауру.
ЖИТС – жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – бұл адамның иммун жүйесінің инфекцияның кез келген түріне қарсы тұруға қабілетсізге айналып зақымданатын, АИТВ-жұқпасының соңғы сатысы. Тіпті ең жеңіл деген кез- келген инфекция, ауыр ауруға және кісі өліміне әкелуге қабілетті.
1982 жылы ЖИТС диагнозы қалыптасты, алайда оның пайда болу себебі анықталмады.1983 жылы алғаш рет АИТВ ауру адамның жасушасының нәрінен бөліп алынды. 1984 жылы АИТВ ЖИТС себебі болып табылатындығы анықталды. 1985 жылы қандағы АИТВ-ға дене қарсылығын анықтайтын, иммунды ферментті талдаудың көмегімен (ИФТ) АИТВ-жұқпасын диагностикасысының әдісі әзірленді. 1987 жылы Қазақстанда АИТВ-жұқпасының алғашқы жағдайы тіркелді.
Адамның иммун тапшылығы вирусы.
Жұқтырған кезінен бастап аурудың алғашқы белгілері мен оның үстіне ЖИТС дауына дейінгі пайда болуы едәуір уақытта, кейде бірнеше жыл кезеңінде жүреді.АИТВ-жұқтырғандардың жартысында симптомсыз кезеңі 10 жылдай құрайд.
АИТВ қанға түскен кезде иммунитетке жауапты қан жасушаларына таңдап барып бекінеді, бұл - осы жасушалардың үстіңгі бетінде, АИТВ танитын CD 4 ерекшелік молекуласының болуына байланысты. Осынау жасушалардың ішінде АИТВ көбейеді және әлде –бір иммунды жауап қалыптасқанға дейін-ақ, бүкіл ағза бойынша жылдам таралады. Бірінші кезекте лимфо торабын зақымдайды, себебі осы иммунды жасушалардың көптеген мөлшерінен тұрады.
АИТВ ауруының жылдам өрістеуі кезінде CD 4 жасуша – лимфоциттердің барған сайын көп мөлшерінің зақымдануына әкеліп, оның мөлшері бірте-бірте азаяды, соңғы нәтижесінде сындық санға жетеді, мұны ЖИТС-тің бастауы деп санауға болады.
АИТВ-жұқпасын қалай жұқтыруға болады?
1. Жыныстық қатынас кезінде.
Жыныстық жол – дүние жүзінде ең кең таралған АИТВ –жұқпасының берілу жолы. Ұрықта АИТВ көп мөлшері болады. Жыныс жолымен берілетін леспелі жұқпалар кезінде АИТВ берілу тәуекелдігі ұлғаяды. АИТВ сонымен бірге қынап пен аналық бездің мойнында табылады.
Гомосексуалистер неге жиі ауырады?
Аналды жыныс қатынасы кезінде тік ішектің жұқа сілемейлі қабығы арқылы вирустың берілу тәуекелі жоғары. Бұдан басқа, аналды секс кезінде сілемейлі тік ішекті жарақаттау, яғни қанмен тікелей байланыстың пайда болу тәуекелі артады.
2. Егілетін шашақорлар арасында бір шприцті не инені пайдалану кезінде.
3. Қан мен оның құрауыштарын құю кезінде.
АИТВ донорлық қан препараттарында, жаңа қатырылған плазмада, тромбоцитарлы массада, жою факторлары препараттарында болуы мүмкін. Жұқтырылған қанды құюдың 90-100% жағдайы жұқтыруға әкеледі.
4. Анадан балаға. Ұрыққа жұғу жүктілік кезінде өтуі мүмкін – вирус плацент арқылы, сондай-ақ туу кезінде өтуге қабілетті. Тәуекелі жүктілік кезінде ананың медициналық бақылау сапасы мен емделуіне, ана денсаулығының жай-күйіне және АИТВ-жұқпасының сатына тәуелді.
Бұдан басқа, емшекпен емізу кезінде жұқтырудың айқын тәуекелі болады. Вирус АИТВ-жұқтырған ананың емшегі мен емшек сүтінде анықталған. Сондықтан АИТВ-жұқпасы емшекпен емізу үшін қарсы көрсеткішті болып табылады.
5. Аурудан медициналық персоналға және кері қарай. Өткір затпен жарақаттанған кезде АИТВ- жұқпасымен ластанған қанды жұқтыру тәуекелдігі шамамен 0,3% құрайды. Қан жұқтырған сілемейлі және жарақаттанған теріге түсуі кезіндегі тәуекелдік бұдан да төмен.
АИТВ-жұқпасын қалай жұқтырмауға болады.
Егер өз ортаңызда АИТВ- жұқтырған адам бар болса, АИТВ жұқтыруға мыналар кезінде болмайтындығын есте ұстау қажет:
- жөтелген және түшкірген;
- амандасқан;
- құшақтасқан және сүйіскен;
- ортақ тамақты не сусынды ішкен;
- бассейндерде, моншада, саунада;
- қансорғыш жәндіктер мен жануарлардың шағып алуы арқылы, себебі АИТВ – бұл адамның ғана вирусы;
- сілекейде және басқа да биологиялық сұйықтарда, жұқтыруға әкелуге қабілетсіз өте аз мөлшердегі вирус болады. Егер биологиялық сұйықтарда (сілекей, тер, көз жасы, кіші дәрект, үлкен дәрет) қан болса, жұқтыру тәуекелдігі орын алады.
АИТВ алдын алу.
Өкінішке қарай, қазіргі уақытқа АИТВ-ға қарсы тиімді вакцина әзірленбеген. Әзірге АИТВ жұқтырудың алдын алу бар болғаны алдын алудың жалпы шарасымен ғана шектелуде:
1. Қауіпсіз секс. Презервативті пайдалану жұқтыруды болдырмауға көмектеседі, алайда презервативті дұрыс пайдаланғанның өзінде, ол ешқашан 100% қорғай алмайды.
2. Адалдығын сақтайтын бір ғана жыныстық серіктесің болуы керек. Егер жыныстық серіктесің жұқтыру тәуекелінің болмауына сенімді болғысы келсе, олардың екеуі де АИТВ –ға тексерілуге тиіс.
3. Есірткі тұтынудан бас тарту. Егер осыған құштарлығын қоя алмаса, тек қана жаңа бір жолғы инені пайдалануы керек және ортақ ине мен шприцтерді ешқашан пайдаланбауы керек.
4. АИТВ –жұқтырған ана емшекпен емізуді болдырмауы керек.
Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығының (ЖИТС МОО) эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісіющий А. Кұдайбергенов.